Аристотельдің психологиялық көзқарасындағы биологиялық бағдар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
«ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІ
«Психология» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: “Аристотельдің психологиялық көзқарасындағы биологиялық бағдар”
Орындаған: Сихымбаева М.З.
АСТАНА 2013
1. Аристотельдің таным теориясы туралы ілімі
2. Аристотельдің «Жан» туралы түсінігі
3. Аристотельдің «Адам тәрбиесі туралы» мәселесі
1. Аристотельдің ойлау процесінің мәселелерімен көп айналысқанын жақсы білеміз. Оның осы мәселеге арналған «Категориялар», «Бірінші аналитика», «Екінші аналитика», «Топика» тағы басқа да еңбектері бар.
Аристотель таным теориясына Платонға қарағанда әрі көбірек, әрі тереңірек көңіл аударды. Ол бұл мәселені Платоннан гөрі тым өзгеше, әрі түсінікті етіп баяндады. Ол Платонның мифке сүйенген таным теориясынан бас тартты. Егер Платон таным тек еске түсіру, сайып келгенде, үңгірге қамалған адамдардың дүниегі сырттан түскен сәулелер арқылы ғана, елес арқылы қабылдауы деп есептесе, Аристотель бұл теорияға басқаша мән берді. Ол бізге әлі жетпеген «Философия туралы» деген трактатында адамдардың танымын үнемі даму процесінде қарайды.
Аристотельдің таным теориясы сенсуализмнен (сенсуа – латын тілінде «түйсік») басталып. Рациолизмге («рацио» - латын тілінде «ақыл») келіп аяқталады.
Аристотель «Метафизика»
деген еңбегінде таным
Міне, жалпыға ұмтылатын білімнің бәрін ойлау процесі арқылы белгілі бір формаға түсіріп, зерттеу қажет. Сондықтан Аристотельдің форманы асыра дәріптегені ағат болғанымен, сол көне грек дәуірінде жаңа ғылымның, кейін орта ғасыр мен жаңа дәуірде ерекше рөл атқарған көптеген білімдердің сүйенер негізі болған формальды логиканы тудырды.
Аристотель жасаған осы ғылымның (формальды логиканың) атқарған маңызын айтып жеткізу қиын шығар. Оның таным теориясына да, дүниетанымға да тікелей қатысы болды. Ол өзі пайда болған дәуірден бастап, тек логика болып қана қалған жоқ, сонымен бірге ол әлемді, дүниені, табиғатты танудың әдісіне айнала бастады. Тек ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында классикалық неміс философиясында диалектикалық логика таным теориясы ретінде өмірге келген соң ғана бұл логика өзінің бұрынғы әмбебапы, жан-жақты тегіс қамтыған маңызынан айрыла бастады. Бірақ жаңа заманның математикалық логикасы, тіл біліміне қатысы бар, ілімдер – лингвистика мен семантикалық логикалары осы формальдық логикадан келіп шықты. Ендеше формальды логиканың қазіргі жаратылыстану саласы мен жекелеген ғылымдар үшін әлі де өте маңызы зор екенін есімізде ұстағанымыз дұрыс.
Бірақ, Аристотельдің таным теориясы мен формальды логикасы тек рациональды, идеалды болып шыққандықтан, олар адам туралы мәселеден бөлініп қалды ғой?! Әсіресе, формальды логикадағы силлогизмдер мен дәлелдемелер адамнан, оның ішкі дүниесінен қол үзіп кетті емес пе деген сауал да пайда болды.
Сауалға жауап: Аристотель осы білім мен ғылым арқылы адамды тануға жақындай түседі. Бірақ, бұл адамға қарай басталған жол өте ауыр, әрі қайшылыққа толы. Оның ойынша, ілім ақылды жанға ғана орналасқан. Ендеше, жанның бір түрі – ақылды жан тек адамға ғана тән. Ол денеден бөлек, оқшау өмір сүреді. Ойлау мәңгі.
Өйткені, ақыл ешуақытта да жойылмайды, әрі қирап талқандалмайды. Ол өте құдіретті әрі ештемеге бағынышты емес. Бұл теориялық ақыл1. Ал енді болмысты материя және форма деп екіге бөлуге байланысты Аристотель ақылды да екігі бөледі. Оның ойынша, әрі пайымдаушы, әрі енжар ақыл бар. Сондай-ақ, әрі белсенді, әрі жасампаз ақыл да өмір сүреді. Оның бірі – материяға тән, екіншісі – формаға сәйкес келеді. Ақылдың қандай түрі болмасын, сайып келгенде, ол құдайға келіп тіреледі.
Аристотельдің ақылды құдайға әкеліп тіреуі форманы асыра дәріптеуімен тығыз байланысты екендігі өзінен өзі түсінікті. Өйткені, оның ойынша, формалардың формасы бар. Ал ол –құдай. Міне, орта ғасырдағы діннің шығуына негіз болған осы идея шығар. Сондай-ақ Батыстағы орта ғасырлық схоластиканың негізін қалаушы Фома Аквинский «Формалардың формасы құдай» деп ашықтан ашық айтқаны да осыдан келіп шығады.
Аристотельдің форманы асыра дәріптеуі құдай туралы ұғымды алып келді. Формалар үш негізде өмір сүреді екен. Құдайға – актуалды және материясыз, табиғатта – актуалды және материалды, жанда – потенциалды және материясыз. Міне, осыдан келіп Аристотель білім танымнан бұрын өмір сүрген деп есептейді. Мұндай пікірдің өзі ақылдың енжар, селқос болуымен қатар оның белсенді әрі жасампаз өмір сүретінін дәлелдейді. Сөйтіп, Аристотель білімді дамып отыратын процесс деген идеяны басқаша негізде жандандыра түсті.
2. Психиканы ақылға қонымды материалистік тұрғыдан бірінші болып түсіндірген Аристотель (б.з.д 384-322) болды, оның еңбектерінде психика онымен іштей ұқсас құбылыстар қатарында өз орнын алды. Біріншіден, Аристотель психиканы немесе «жанды» денеде бейне өзге материялық құрылымдармен қатар болатын бір заттық субстанция деп түсінуден үзілді – кесілді бас тартты. Ол «жан» ерекше элементтерден тұрады, өздігінен қозғала алады және т.т. деп санайтын Демокриттің және басқа философтардың идеяларын сынға алады.
Екіншіден, ол Платонның сезімдік
заттардан ажыратылған «
Аристотель сипаттағандай «жан»
Аристотель «жанның» бірнеше түрлерін немесе бөліктерін саралайды, олардың арасында организмнің қоректену және құрылу процестерін анықтайтын өсімдік бөлігі, адамда, жануарларда сондай-ақ өсімдіктерде болады. Ол былай деп жазды: «Тегінде өсімдіктердегі (тіршіліктің) бастауы – ол да бір жан болса керек: өйткені ол өсімдіктер мен жануарларға ортақ болатын жалғыз нәрсе және бұл бастау біздің түйсінуіміздің бастауынан ажыратуға тура келеді, бірақ оның ештеңеде түйсіну болмақ емес». «Жанның» басқа екі бөлігі – түйсіну және ақыл бөлігі - өсімдіктерде болмайды және бұл біздің «психика туралы түсініктерімізге сәйкес келеді. «Жанның» бұл бөліктері тірі организмдерде олардың ұйымдасуының күрделілігіне байланысты пайда болады және бірыңғай «жанның» - организмдержің тұтас форма қалыптастырушы белсенділігінің табиғи жалғасуы болып табылады»
Психиканы дененің табиғи іс - әрекетінің формасы деп түсіну – Маркске дейінгі бүкіл философиядағы ең озық түсіну. Сонымен қатар Аристотель, психиканы басқа органикалық белсенділік түрлерімен салыстырып қана қоймай, жанның мәнін әрбір құбылыста оның мәнін анықтайтын «энтелехияны» байқап, «жанның» мәнін кез келген заттың болу принципімен қатыстыра түсіндіруге тырысады. Мысалы, балта үшін мұндай «энтелехия» жару, яғни оның функциясы болып табылады. «Жан» дегеніміз балта сияқты дененің емес, өзінде тыныштық пен қозғалыстың бастауы бар табиғи дененің болмысының мәні мән формасы (Ljgoa)... Егер көз тірі тіршілік иесі болса, онда оның жаны көру болар еді. Өйткені көру дегеннің өзі көздің формасы ретінде оның мәні болады (ал көз көрудің материясы), көруден қалса, көз енді көз емес, тастан жасалған немесе сурет түрінде салынған көз сияқты аты ғана көз болады. Ал дененің бөлігі туралы айтылғанды бүкіл тірі денеге қатыстыру керек.
Әрбір зат өзінің негізінде «форма» мен «материяға» ие. Егер психика «жанның» жеке жағдайы болса, онда «жан» заттардың «формасының» бір түрі болады. Сондықтан да Аристотельдік әлем көрінісіндегі психиканың орнын неғұрлым анық түсіну үшін оның «форма» мен «материяның» арақатынасы туралы пайымдауларын келтіру керек. Аристотельдің «материя» мен «форманың» түсінуіне біз ерекше ден қоямыз, өйткені психиканы материяның жалпы белсенділігінің жеке жағдайы деп түсіну, материялық ұйымдасудың бастама формаларында психикалық процестердің пайда болуының алғы шарттарын көру біз үшін де маңызды.
Материя қозғалысының жалпы формаларының байланыстырмайынша психиканы түсіну атаулының бәрінде жанды және жансыз табиғаттың арасындағы жаратылыстан тыс алшақтық элементі сақталады. «Жан» дегенді форма қалыптасудың жеке жағдайы деп түсіндіру арқылы психиканы дүниенің табиғи негізінен байланыстыруға ұмтылған Аристотель мұны анық түсінген еді.
«Материя» мен «форма» табиғаттың негізгі екі бастауы және олар әрбір затта міндетті түрде болады. «Форма» немесе аристотельдік мағынада заттардың белсенді форма қалыптастырушы бастауы «материядан» тыс бола алмайды және көрінбейді.
Тірі организмдерде форма
Аристотельдің бастапқыда
айналадағы заттарда болып, кейін заттың
нақты формасына өтетін «форма мүмкіндігі»
деген түсінігін жеке адамның
қалыптасуының әлеуметтік механизмдері
туралы қазіргі түсініктермен
Заттарды қабылдауымызда және олар туралы ұғымдарымызда біз «форманы» ғана бейнелейміз. Заттардың барлық белгілері, олардың «формасын» сипаттайтын болғандықтан, «материя» формадан тыс анықтама атаулыдан ада бірдеңе болып шығады. Тек осы себептен ғана біртұтас материя заттардың қаншалық алуан түрлі қасиеттері болатынына қарамастан кез келген заттың негізінде бола алады.
Заттардың негізі болғанынан басқа қасиеттерінің бәрінен ада «материяны» елестету қиын. Аристотель «материя» бейнесін құру үшін біздің түсінігіміздің тиянақсыз «бұлыңғыр ақтаңдағын» бақыланатын құбылыстардың көрнекі бейнелерімен ұштастыру әдісін қолданады. Мысалы, «материяны» ол мүсін мен мыстың, яғни мүсін содан құйылған мыстың қатынасының ұқсастығы бойынша сипаттайды. Мыс мүсінінің «материясы» іспеттес болып көрінеді, бірақ мүсіннің мыс материясында «формасы» болмайды және онымен анықталмайды. Мыстың өзі де белгілі бір қасиетке ие, яғни мүсіннен басқа өзінің формасына ие, ал нағыз «материя» мысты басқа заттардан ажырататын осы қасиеттерінен де айырылуы керек. Сөйтіп, «материя», «мыс», мүсін-материя, кез келген зат, немесе мүсін -> мыс -> материя векторымен деген қатынаста айтылуы мүмкін.
Субъектіде қабылдау бейнесінің пайда болуын Аристотель «форманың» бейнеленуінің басқа түрлерімен ұқсастығы бойынша форма қалыптастырудың жеке жағдайы ретінде қарастырды:
«Қандай сезім жөнінде жалпы былай деп білу керек: сезім дегеніміз түйсінілетін заттың формасын оның материясынсыз қабылдау қабілеті, мұның өзі», балауызға темірсіз-ақ немесе алтынсыз-ақ жүзіктің бедері түсетіні сияқты.
Қабылдауды ол да форманың бедерленуімен ұқсастығы бойынша түсінген Демокриттей емес, Аристотель психикалық бейнелеудің заттың «эйдалдарының» әсерінің енжар өнімі деп қарастырмайды, өте маңыздысы сол, форма қабылдауды танушы субъектінің белсенділігінің нәтижесі деп қарастырады, өйткені «жанның» белсенділігі болмайынша денеге жасалған әсердің ешқайсысы да денеде түйсіну туғызбайды деп санайды.
Материалистік психологияда қабылдау мен түйсінуді енжар реакция емес, белсенді акция деп, субъектінің іс - әрекеті деп түсінушілік ХХ ғасырға дейін жоғалып кетті. Аристотельден жиырма үш ғасырдан кейін психолог А.Н.Леонтьев «ұқсату гипотезасы» қайтадан көтірді. Бұл гипотеза бойында қабылдау қабылданатын құбылыстың формасын жаңғыртатын субъектінің белсенді әрекеттеріне негізделеді.
Аристотель бірінші болып бұрын белгілі болған түйсінулер мен ойлаудың арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын психикалық бейнелеудің ерекше түрі – елестетуді саралап көрсетті. Ол елестер бейнелерді байланыстыру жолымен құралады деп мөлшерлеп, біздің байқағанымыздай, «жан», «материя» туралы түсініктерді құрастыруға пайдаланып отырды.
Аристотельдің идеясынан көп кейін, елестер психикалық процестерді ассоциативті түсінудің негізі етіп, алынды және кең тараған психологиялық ағымдардың бірі – ассоционизмнің қалыптасуына ұйытқы болды. Бірақ өкінішке орай мұнда психиканы бүтіндей субъектінің белсенді іс - әрекеті деп түсіндіретін аристотельдік түсініктің ізі де қалған жоқ.
Аристотельдің концепциясында психиканың органикалық табиғатын түсіну үшін қажетті кейбір кезеңдер қамтылған. Ол заттардың мақсатқа сәйкестігі, табиғат қозғалысындағы «құдайдың» рөлі, органикалық қозғалыстың айналымы жайлы елестер еді. Айналым жайлы елес, психиканың құрылымы және оның механизмдерінің қалыптасуы жайлы біздің түсініктерімізде маңызды рөл атқарады.
Айналу процесі арқылы
Аристотель үздіксіз қозғалыс пен әлемдік
жүйенің орнықтылығы бір
Мәңгі және өзгермейтін әлем көрінісінен Аристотель бас тартып, әлемнің радиусын тұрақты деп санады.
Психиканы дененің форма қалыптастырушы белсенділігінің «энтелехиясы» деп түсіндіретін аристотельдік түсінік оның табиғаттың мақсатқа сәйкестігі туралы түсініктерімен байланысы. Ол «материя» мен «форманың» басқа заттардың пайда болуының негізі деп екі түрлі себепті әрекет етуші және мақсатты себептерді салыстырады.
Құрылым мен қозғалыстың мақсатқа сәйкестігі ең алдымен тірі организмдерде байқалады, бірақ Аристотель бұл қасиет аспан денелері мен бүкіл әлемде бар деп біледі, егер табиғатта бүтіннің мақсатқа сәйкестігі болмаса, онда ол оның жеке бөліктерінде де, яғни жеке бір организмдерде көрінуі мүмкін емес деп санайды.
Адамның заттарды пайдалануы олардың қозғалысының мақсатқа сәйкестігінің жеке бір жағдайы ғана және жалпы бұл заттардың мақсатқа сәйкестігін мүлдем анықтамайды, өйткені бар болудың мақсатқа сәйкестігі дегеніміз заттардың өзіне тән қасиеті, өз әрекетімізде ішінара ғана пайдаланамыз.
Аристотельдің мақсатқа сәйкестікті ұғынуы осы қасиетті бертінгі пайдаланушылардың діни – идеалистік тұрғыдан түсіндірулерінен едәуір өзгеше. Заттардың мақсатқа сәйкестігі туралы айтқанда Аристотель оларда жазмыштағы сыртқы мақсат бар деп немесе одан да бетер қайсыбір деп әсте есептеген емес.
Мақсатқа сәйкестік заттар мен организмдердің өздеріне тән құрылысымен анықталады, сол заттардың өздерінің қозғалысында «формамен» беріледі. Табиғат мақсатты жасампаздығын өзінің ішкі заңдары бойынша және ұғынусыз жүзеге асырып, отырады. Саналы жасампаздық тек адамда ғана болады, оның өзінде де барлық жағдайларда бірдей бар деуге келмейді.
Аристотельдің бұл маңызды қағидасы оның телеологиясының материалистік сипатын ашады. Аристотельдік мағынада «мақсатқа сәйкестік» туралы емес, заттар мен организмдердің құрылымының органикалық тұтастық құрамындағы функциясымен үйлесімділігі туралы және функциялық заттың бар болу шарттарымен үйлесімділігі туралы айтқан дұрыс болар еді.
Аристотель заттардың
өздігінен қозғалуын-адамның
Психиканы қозғалыс атрибутынан айырған Аристотель, әрине оның табиғи шеңберлі қозғалыс мүмкіндігі бар деп білуден де бас тартады.
Бірақ бұл ойын қуаттау үшін ол ойдың алғышарттардан нәтижеге қарай ілгерілейтін қозғалысы фактісіне кіреғар сілтеме жасайды да, ойдың нәтижелілігін мәңгі айналымға қарсы қояды. «Егерде осылайша, ойлау айналым болса, онда ақыл – шеңбер болып оның айналуы – ойлау болады.
Сонда ақыл үнемі ойлай бере ме? Айналым мәңгі болса, ол да мәңгі ойлауы керек қой... Дәлел болса ол қандай да бір бастаудан ілгерілейді, ақыл –ой қорытындысында немесе қорытындыда оның өзінің аяқталуы бар, егер дәлелдеу аяғына дейін жетпесе де, онда тіпті болмағанда бастауға қайтадан оралмайды, ортаңғы және шеткі терминдерді қосып алып қашан да түзу жолмен жүреді».
Аристотель концепциясының қайшылықтары мен идеалистік қағидалары білімнің тарихи жеткіліксіздігімен және кейбір логикалық алғышарттардың қате болуымен байланысты. Алайда мұның өзі оның дүниенің принципінде материалистік көрінісі туралы айтқандарының және психиканың функциялық табиғатын ашқан данышпандық ұқсастықтарының маңызын жоққа шығармайды. Табиғаттың ұйымдастыруының функциялық принципін ғылыми материалистік тұрғыдан түсіндіріп, заттардың «энтелехиясы», «жаны» және «формасы» бейнелерінде көрсеткені бүгінгі күннің өзінде де теориялық ойлаудың маңызды міндеті болып отыр.
Ежелгі дүниеде «жанды» ұғынуда үш сала пікір қалыптасып, олар кейінгі замандарды психика жайлы пайымдаулардың бәріне әр түрлі нұсқада негіз болып отырды. Бұлар психиканы субстанция деп түсінудің екі түрі:
1) жұқа және қозғалғыш материя деп түсіну (Гераклит, Демокрит, Эпикур және т.б.).
2) белсенді әрі өз
бетінше бар болатын, бірақ
сезім мүшелерімен
3.Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша көңіл бөлгенін айта кетуіміз керек. Адамның жан – жақты мәдени және рухани дамуына ерекше ықпал етіп, айрықша рөл атқаратын ең алдымен - өнер. Ол адамдарды тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады.
Осы өнердің ішінен Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін барынша бағалады. Трагедия демосқа (демос – грек тілінде «халық») жақын тұрады. Өйткені, демос – бұл күш, саяси шындық, одан ешқайда кете алмайсың.
Афины мемлекетінде маңызды тәрбиелік рөл атқаратын өнердің тағы бір түрі бар. Ол – музыка. Оның әсері адамның сезімін жетілдіреді. Музыка адамның рухани дүниесіндегі жай-күйін қалыпқа келтіріп, әсем дыбыстар мен идеалды тербелістер арқылы объективті өмірдегі орын алатын сезімдік жайларды жете түсінуге көмектеседі.
Музыка, сонымен қатар
тек қана дыбыс пен шудың көрінісі
емес, ол тыңдаушыларын, әсіресе жастарды
адамгершілік пен парасат рухында
тәрбиелеуге айрықша көңіл
Аристотельдің философиясын өз заманымен шектеліп қалмай көптеген идеялары кейінгі ойшылдардың арасынан қолдау тауып, шығармашылықпен дамытылды.
Сөйтіп, Аристотель философиясы бір жағынан өзіне дейінгі философияның, ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік – саяси, экономикалық ілімдердің бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Оның қойған философиялық проблемаларының маңыздылығы сонша, олар келесі дәуірдегі ұрпақтардың игілігіне айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы – Алматы:
Қазақстан. 1996 ж.
2. Шабельников В. Психика -функциялық жүйе.
3. Ә.Нысанбаев., Т.Әбжанов. Қысқаша философия тарихы.
4. Ә.Х.Тұрғынбаев. «Философия».
5. Абрамов Г.С. Практическая психология. Москва 2001.
6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы «Қазақ университеті».
7. Битянова М. Практическая психология. Москва 1996.
8. Ж.Алтай., А.Мұханбетәли. «Философия тарихы». Алматы 2006ж.
9. Гоноболин Н. Психология. Алматы. «Мектеп» 1976.
10. Рубенштейн С.Л. «Основы общей психологии» Москва 1989.
11. Психология. 10 том. Бас.ред.И.Тасмағамбетов 2том.
Алматы. Таймас 2005
12. Петровский А., Ярошевский М. История психологии. М., 1994.

- Аристотельдің саяси ілімі
- Аристотельдің философиялық еңбектері
- Аристотельдің философиясына қысқа шолу
- Аристотельдың социологиялық ойлары
- Аристотель его вклад в развитие политической мысли
- Аристотель его вклад в развитие политической мысли
- Аристотель, его место и роль в истории философии
- Аристотель
- Аристотель
- Аристотель.
- Аристотель – вершина древней философии
- Аристотельдің жан туралы ілімі
- Аристотельдің өмірбаяны
- Аристотельдің өмірбаяны