Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері
Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері
Понедельник, Ноябрь 14, 2011 13:46
Бөлімі: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық
Пікірлер жоқ
Еліміздің нарықтық мемлекетке айналуы, оның экспорттық-импорттық жүк тасымалының қарқыны, әлемдік сауда ұйымына кіру талпынысы көлік кешенін дамытуға, әсіресе оның ішінде теңіз көлігін дамыту маңыздылығы зерттелді және отандық теңіз көлік әлеуетінің халықаралық көлік дәліздеріндегі мүмкіндіктері анықталынды.
Қазақстанның
теңіз көлік әлеуетін дамытуда «Ақтау
халықаралық теңіз сауда порты»
республикалық мемлекеттік
Халықаралық көлік дәлізіндегі Ақтау портының транзиттік әлеуетін зерттеу кезінде келесі қолайлы жағдайлардың туындап отырғандығы сараланды. Олар: «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы Солтүстік, Орталық, және Батыс Европаға өте алады; Жүк тасымалдау мерзімі ескі Суэц каналы арқылы мерзімнен 15 сөткеге қысқарады; Үндінің, Пәкістанның, Иранның, Ресейдің Европа елдерінің ауқымды және көлемді рыногын ескеретін болсақ, бұл көлік дәлізі ыңғайлы болады.
Ақтау порты осы ауқымды нарықтың бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Өзінің параметрлері негізінде ТМД мемлекеттеріндегі порттармен (Астархань-Оля, Махачкала, Баку, Түркменбашы,) салыстырғанда бәсекелестік қабілеттілігі жоғары. Ақтау порты маңында Каспий қыс мезгілінде қатпайды, порт жыл бойы жұмыс істей алады, ал қызмет атқаратын мамандар мен порттың жабдығы тәулік бойы қызмет атқара алады. Бұл параметрлер бойынша Астархань және Оля порттарымен салыстырғанда біраз артықшылықтары бар. Бір ғана кемшілігі – теңіздің аптап желі мен үлкен толқындары 3 күннен 10 күнге дейін жыл мезгілінің кез келген уақытында пайда болып, келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін.
ТРАСЕКА дәлізі екі маршрутты қарастырады – Қазақстан аумағы арқылы өтетін солтүстік және Түркіменбашы портын пайдалана отырып, Өзбекстан және Түркменстан аумақтары бойынша өтетін оңтүстік. Тиімді өтпелі жағдайды пайдалана отырып ТРАСЕКА тек темір жол магистралін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің су әлеуетін қолдануға мүмкіндік береді.[47]
Теңіз көлік әлеуетінің халықаралық көлік дәліздердегі позитивті және негативті факторларға тәуелді екендігі сараланды. Позитивті факторлар қатарына: өнеркәсіп өндірісінің қолайлы даму үрдісі, Қазақстандағы және ТМД мемлекеттеріндегі мұнай өндірудің, жүк тасымалының қарқынды дамуы; Иран мен Қытай нарығының Ресей, Батыс Еуропа және т.б. елдерге жүк тасымалының белсенді бағытталуы.
Негативті факторлар қатарына: мұнайды құю мен тасымалдау көлемінің порт өндірісінен тәуелсіз және шектеп жатқан өндірістік инфрақұрылыммен байланысты болуы; экспортқа бағытталған кәсіпорындармен салыстырғанда географиялық орналасуы қолайлы бәсекелес порттардың көптігі; КТК мұнай құбырын пайдалануға ендіру және осы құбырға «ТШО» өндіретін мұнайды тасымалдау көлеменің ұлғаюы; тарифтік саясатты икемді жағдайда реттеу мүмкіндігінің шектеулігі.
Сонымен отандық теңіз көлігінің халықаралық көлік дәліздерінде тиімді орны ұйымдастырушылық сипатта зерттелді.
Ақтау халықаралық
теңіз сауда портының ресурстық
көздері бойынша талдау жұмыстары
отандық теңіз көлігінің
Ақтау портының
өндірістік әлеуетінің жағдайы 2001-2007 жылдары
қарқынды даму үрдісімен ерекшеленіп
отыр. Портағы жалпы тасымал 2007 жылы
10 млн. 971,0 мың тоннадан асып, 2001 жылдың
көрсеткішімен салыстырғанда 1,9 есеге
өскен. Мұнай тасымалының басқа жүк
түрлерімен салыстырғанда қарқынды дамуы
және көлемінің өсімі байқалады. 2007 жылы
порт арқылы 9 млн. 292,0 мың тоннадан астам
мұнай тасымалданған, сонымен қатар 2001
жылмен салыстырғанда 2,1 есе ұлғайған
(Кесте 3.4).
Кесте 3.4 – «АХТСП» РМК-ң 2001-2007 жылдардағы нақты өндірістік көрсеткіштері
| № | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | жылдар | |||||||
| 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2007ж.2001ж. шаққанда%- бен | |||
| 1 | Жалпы тасымал – соның ішінде: | мың тонна | 5701.8 | 3413.9 | 4905.7 | 6347.5 | 5430.3 | 8139.6 | 10971 | 1,9 есе |
| 1.1. | Мұнай | мың тонна | 4325.6 | 2016.6 | 3787.3 | 4920.8 | 3950.4 | 6596.0 | 9292,9 | 2,1 есе |
| 1.2. | Металл | мың тонна | 988.9 | 573.6 | 872.8 | 1011.5 | 1025.2 | 1028.5 | 1161,4 | 117,4 |
| 1.3. | Астық | мың тонна | 84.1 | 209.2 | 5.4 | 13.0 | 33.3 | 116.7 | 187,8 | 2,2 есе |
| 1.4. | Басқалар, соның ішінде контейнерлер | мың тонна | 32.8 | 19.6 | 31.8 | 57.5 | 71.3 | 87.8 | 91,3 | 2,8 есе |
| 1.5. | Паромдық тасымал | мың тонна | 270.4 | 594.9 | 245.6 | 344.7 | 350.1 | 310.6 | 237,6 | 0,88 |
| Ақпарат көзі: «АХТСП» РМК-ң 2008-2010 жылдарға арналған қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспары | ||||||||||
2007 жылы мұнай
тасымалының жалпы
3.4 Кестеде көрсетілгендей 2001-2007 жылдар аралығында Ақтау порты арқылы жалпы тасымалдау көлемінен мұнай тасымалының үлесі 76%-дан 84,7%-ға ұлғайған және басқа жүк түрлерінің үлесімен салыстырғанда басым бөлігіне ие. Металлдың 2001 жылдан 2005 жылдар аралығындағы үлесі 17,3%-дан 19%-ға өскендігі байқалса, 2005-2007 жылдары 19%-дан 12,64%-ға дейін төмендегені көрінеді.
Себебі, Ақтау порты арқылы тасымалданатын «Миттал Стил Темиртау» АҚ-ның және «Кастинг» ЖШС-тің меттал өнімдерінен басқа, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ресейдің «Уральская сталь» АҚ-ның және «ЗапСиб» АҚ-ның Никель-тау-Маңғышлақ бағытында транзитті металл өнімдерін тасымалдауға 0,8 төмендетілген коэффициентін ұсынған. Бірақ, ресейдің жүк жөнелтушілері бұл коэффициенттің мөлшерін аталған бағытқа 0,7-ге төмендетуді ұсынды. Бұл ұсыныстың «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мы үшін зардап әкелетіндіктен, төмендету коэффициентінің мәселесі ашық қалып отыр. Сондықтан, ресей тарапынан транзитті металл өнімдерін Қазақстан арқылы тасымалдау кейінге қалдырылып, сәйкесінше бұл жағдай Ақтау порты арқылы тасымалданатын металлдың үлесінің төмендеуіне әкеліп соғып отыр.
Астық тасымалының үлесі 2002 жылы басқа жылдармен салыстарғанда жоғары немесе 6,1%-ды құраған. Ал, 2007 жылға дейін жалпы жүк тасымалындағы астықтың үлесі 1,43%-ға дейін төмендеген. Себебі, Иран мемлекеті Қазақстанның астық экспортаушысы ретінде орын алып отырған. Бірақ, Иран мемлекеті өзінің азық-түлік бағдарламасын қабылдауы себебінен бұл көрсеткіштің төмендеуіне әсерін тигізген.
Ақтау теңіз сауда портының ресурстық әлеуетінің құрамы жоғарыда келтірілген жүк түрлерінің номенклатурасы бойынша сипатталынып отыр. Жалпы ресурстық көздері бойынша әлеует жағдайының үрдісін нақтылы талдау мақсатында негізгі жүк түрлеріне сипаттама береміз.
Металл. Ақтау портында өңделетін негізгі жүктер «Миттал Стил Теміртау» АҚ металл өнімдері болып келеді. Қазіргі кезде «Миттал Стил Теміртау» АҚ метал өнімдерін экспорттау бағытында Жаңа-ауыл- Ақтау- әрі қарай Иран порттарына айына шамамен 80 мың тонна тасымалданады. металл тасымалдаудың басым бөлігін, яғни жалпы көлемі 1 161 мың тонна тасымалданған металлдың 97,6%-ын немесе 1 133 мың тоннасын Иран мемлекеті құрап отыр.[28]
Астық. Қазақстанның
жалпы астық экспортының
Астық тасымалдайтын
жылжымалы құрамдардың
3.5 Кестелерде
аталған бағыттар бойынша
Кесте 3.5 Әзірбайжан, Грузия және РФ территориясы бойынша транзиттік теміржол
(Баға тоннасына АҚШ долларымен берілген)
| ||||||||||||||||||
3.5 кестеде көрсетілгендей
Қазақстан-Ресей-Грузия-
Ал, астық терминалының көмегімен Ақтау порты арқылы Баку- Поти поорттарына жеткізу шығыны тоннасына 91,21 АҚШ долларын құрап отыр. Осы бағыттағы жеңілдіктерді ескергенде жалпы шығынның мөлшері 85 АҚШ долларына, ал ТРАСЕКА дәлізіндегі Қазақстан Республикасы тарапынан қарастырылып отырған жеңілдіктерді ескергенде аталған шығын 74,7 АҚШ долларын құрайтынын көріп отырмыз (Кесте 3).
Сонымен қатар, құжаттарды рәсімдеу, Ақтау портында жүкті тиеп/түсіру шығындарының мөлшері және Қазақстан территориясы бойынша темір жол тарифі өзгеріссіз қалып отырғандығы байқалады. Осы орайда темір жол тарифінің бәсекеге қабілетсіз тариф ұстануы транзиттік жүк тасымалының қарқынына теріс әсерін тигізуі мүмкін деген тұжырым жасап отырмыз.
3.6 кестеден көргеніміздей теңіз жолымен астық тасымалдау әдісі арзанырақ және экономикалық тиімді болып табылады, сонымен қоса Ақтау және Баку порттарындағы астық терминалдарын жүктеуге мүмкіндік береді, ол сәйкесінше берілген жобаларды қамтиды, сонымен қатар, Қазақстандық экспортерлердің Ресей Федерациясының тарифтік саясатына тәуелділігін жояды.
Контейнерлер. Қазіргі уақытта контейнерлі жүк тасымалының Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемінің аздығы байқалып отыр. Ақтау порты арқылы 2008 жылғы контейнерлі жүк тасымалының көлемі 15 295 тонна құрады. Демек, біздің есебіміз бойынша контейнерлі жүктің бұл көлемі барлық тасымалданған құрғақ жүк көлеміндегі (1 451,4 мың тонна) үлесі 1% ғана құрап отыр.
Порт арқылы
тасымалданған жалпы
Ақтау порты арқылы контейнерлі жүк тасымалының шамалы ғана үлесі объективті факторлардың әсерінен туындап отырғандығын анықтау үшін контейнерлі нарықтағы жүктің қалыптасуына бірден бір ықпалын тигізетін баға факторына назар салу керек. Баға саясаты неғұрлым бәсекеге қабілетті және тұтынушы тарапынан қолайлы таңдауға ие болған жағдайда, бұл жүк түрін тартуға, яғни Ақтау порты арқылы контейнерлі жүктің әлеуетін көтеруге маңызды саясат болып табылады.
Мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеудің талдауы. Қазіргі кезде Қазақстанның экспорттық мұнай қорлары келесі бағыттарды пайдаланып тасымалданады: Каспий Құбырлық Концорциум (КҚК) жүйесі бойынша Новороссийск порты арқылы – Қазақстан мұнайын әлем нарығына тасымалдаудың негізгі пункті, Өзен-Атырау-Самара, Кеңқияқ- Орск, Құмкөл-Атасу- Алашанькоу-Душансы (ҚХР), Омск-Павлодар құбырлары бойынша және Ақтау- Махачкала – Новороссийск, Ақтау-Баку- Батуми, Ақтау –Баку- Новороссийск және Ақтау –Нека аралас теміржол-су – құбыр қатынасымен.
Ақтау порты арқылы мұнай тасымалының жалпы көлемі 9 292,9 мың тонна құрағаны белгілі. Соның ішінде 4 203, 3 мың тоннасы Ресейдің, 3 379,3 мың тоннасы Иранның, 1 710,3 мың тоннасы Грузияның үлесіне тиесілі.
Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін арттыру мақсатына жету үшін алдағы тарауларда Ақтау портының ресурстық көздері мен өндірістік факторлары бойынша талдау жүргізу нәтижесінде бірқатар шешілмей жатқан проблемалардың айқындалғандығы белгілі. Оның себебі, жүк тасымалдауға сәйкес ұйымдастыру шараларының жүзеге асырылмай жатқандығы, географиялық жағдай, тариф мәселесі және т.б. проблемалардың орын алып отырғандығымен сипатталынады.
Дипломдық зерттеу жұмысында Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуға тікелей әсерін тигізетін Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстарының ерекшелігі анықталынды. Бұл бағытта даму тек қана теңіз көлігінің дамуына әсерін тигізіп қана қоймай, Маңғыстау өңірінің әлеуеметтік-экономикалық жағдайының дамуына ықпалы зор. Нақтылай келетін болсақ, Ақтау портының солтүстік бағытқа кеңейтілуі төмендегі сипаты бар жағдайлардың дамуына негіз болады:
- экспортқа бағдарланған жүк қалыптастырушы салалардың дамуын ынталандырады және Ақтау порты арқылы өтетін транзитті жүктердің бағдарлануына мүмкіндік береді. Бұл порттың тасымалдау қуаттылығын ұлғайту нәтижесінде толық жүзеге асырылуы, теміржол мен авто көліктің тасымалдау көлеміне әсерін тигізуі мүмкін. Ол өз алдына халықаралық экономикалық байланыстардың нығаюына тікелей әсерін тигізеді.
- «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының дамуы инвестициялық ахуалдың жақсаруына маңызды себеп болады. Ол өз алдына қаржылық институттар мен жеке инвесторлардың капиталдарының тартылуына әсерін тигізеді.
- Теңіз көлік саласына және осы нарыққа тікелей қатысы бар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде көліктік-экспедиторлық қызметтердің жандануына ықпалы зор.
- Маңғыстау өңіріне қажетті қосымша инфрақұрылымдардың дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына септігін тиізеді.
Жоғарыда келтірілген факторларды ескеріп, Ақтау портының әлеуетінің дамуы Қазақстанның Каспий аумағында стратегиялық мақсатта орын алуына, халықаралық дәліздерде бәсекелестік қабілеті бар порт ретінде танылуына тікелей әсерін тигізеді.
Ақтау порты арқылы жүк түрлерін тасымалдау сипатына байланысты: экспорттық, импорттық және транзиттік жүктер болып бөлінеді.
Осыған сәйкес, Қазақстаннан экспортталатын астық өнімдерінің көлемін ұлғайту мақсатында келесі жобаларды жүзеге асыру қажет:
- Ақтау-Баку маршрутын іске қосу, Азербайжан, Иран және Грузия нарықтарына белгілі бір мөлшерде астық жеткізуді қамтамасыз ету;
- Ақтау және Баку порттарындағы терминалдардың өндірістік қуаттылығын кеңейту, Поти портында терминал құрылысын жүргізу.
Ақтау порты
арқылы тасымалданатын жүктердің әр
түрлілігін ескере отырып, мультимодалдық
тасымалдардың белсенділігін
Осыған байланысты бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды құру және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, Баку-Ақтау желісінде темір жолдық паромдық тасымалдарды дамытудың маңыздылығын айрықша атап өту керек.
Сондықтан, теміржол көліктерінде, теңіз порттарында және теңізбен тасымалдауда қолданылатын жеңілдіктерді ескере отырып, тартымды тариф тәртібін әзірлеу қажет.
Қолданыстағы порт инфрақұрылымын жаңарту және жаңа порт инфрақұрылымын салу, көлік секторын дамытудың, соның ішінде теңізбен тасымалдауларды дамытудың маңызды элементі болып табылады. Ақтау порты базасында көліктік логистикалық орталықты салу бойынша жобаны іске асыру экспорттық – импорттық, транзиттік жүктердің қосымша көлемдерін тартуға мүмкіндік береді.
Бұл логистикалық орталықтар мен ақпараттық желілер жеке меншік жүк вагондар паркінің ұлғаюына, контейнерлік, автожолдық, мультимодальдік тасымалдаудың дамуына әсерін тигізеді.
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнайды барлау мен өңдеу жұмыстарының көлемінің қарқынды дамуына байланысты кемелер санының артуы ұлғаяды, сонымен қатар ол кемелерді техникалық қызметтен өткізу мәселесі туындап отыр. [27]
Каспий бассейіндегі кеме жөндеу базалары Ресей, Әзірбайжан және Иран мемлекеттерінде орналасқан. Аталған мемлекеттерде 20-дан аса кеме құрылысы мен кеме жөндеу кәсіпорындары қызмет атқарады. Ол кәсіпорындардың негізгі қызметі теңіздегі мұнай өңдеу жұмыстарының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі кластағы кемелердің құрылысы мен оны жөндеу болып табылады.
Қазігі күні Қазақстанда бір ғана кеме жөндейтін кәсіпорын бар, нақтылай келсек Атыраудағы «Кемежөндеуші» кәсіпорыны. Бұл кәсіпорынның өндірістік-экономикалық жағдайы төмен, жұмысшы күші аз (75адам) және жөндеу жұмыстарының жиі тоқтап тұруы кеме жөндеу жұмыстарының келешегін жоспарлауға мүмкіндігін шектеп отыр.
Маңғыстау өңірінде
«Ер-Сай Каспиан Контрактор»
Сондықтан кеме жөндеу жұмыстарының қажеттілігін ескерсек, осы кәсіпорындардың өндірістік қызметіне қосымша кеме жөндеу жұмыстарын енгізу қажет. Ақтау және Баутино порттарында 2006 жылдың 1 қаңтарына тіркелген кемелердің саны 100-ден асады (зерттеу кемелері, буксирлер, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, мұнай таситын танкерлер, құрғақ жүк таситын кемелер және жолаушы кемелері). Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнайды барлау мен өңдеу жұмыстарының көлемі ұлғайған жағдайда кемелердің саны артуы мүмкін.
Белгіленген нормативтерге сәйкес әр кемеге жоспарланған инспекция жүргізіліп және 5 жыл сайын жөндеу жұмыстарын іске асырып тұруы қажет.
Аталған жағдайларды назарға ала отырып Қазақстанда кеме жөндейтін зауыт салу қажеттілігі туындап отыр. Нақтылы мәліметтерге сүйенсек, кеме жөндеу кешенін салу үшін 4,8 млрд. теңге инвестиция жұмсалуы тиіс.
Қазақстанда кеме құрылысын мемлекет тарапынан қолдау шаралары келесідей болуы қажет:
- кеме құрылысына қатысатын инвесторлардың қызметіне салықтық, кедендік жеңілдіктер енгізу керек. Бұл шараны «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында қолдануға болады;
- кеме құрылысы мен кеме жөндеу өндірісін арттыру мақсатында ғылыми зерттеу жобаларын жүзеге асыру қажет. Ол шараны жүзеге асыру Қазақстанның даму институттарының тікелей араласуымен, инновациялы жобаларды конкурстар арқылы таңдау қажет;
- Қазақстандағы кеме жөндеу өндірісіне қажетті мамандардың даярлануы тиіс.
Дипломдық жұмыста контейнерлі жүк тасымалының Ақтау порты әлеуетінің дамуына ықпалы жөнінде зерттеу жүргізілді.
Ақтау порты арқылы контейнерлердің транзиттік жүк тасқынын тартуға барлық алғышарттардың орын алып отырғандығы анықталынды.
Қазіргі таңда Қытай батыс өңірінің өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымын дамытуды бастады (ШҰАР). Болжам бойынша ШҰАР мен Европа арасындағы жүк айналымы 30 млн. тоннаға дейін жетуі ықтимал.
Сонымен қатар,
жүктерді контейнерлеу бойынша әлемдік
үрдісті ескеретін болсақ, келешекте
ТРАСЕКА дәлізі бойынша тасымалданатын
контейнерлердің жүк
Тарифтердің салыстырмалы талдауын назарға алсақ, қазіргі уақытта Ақтау порты арқылы контейнерлерді тасымалдау маршрутының бәсекелестігі төмен.
Қазіргі күні БАӘ-Ақтау-Алматы бағыты бойынша контейнерлерді тасымалдаудың қолданыстағы тарифі салыстырмалы түрде БАӘ-Серахс-Алматы бағытына қарағанда жоғары екендігін ескерсек, контейнерлі жүк тасымалында Ақтау порты арқылы тасымалдау бәсекеге қабілеті төмен, бірақ транзиттік әлеуеті бар. Себебі, Серахс өткелінің шектеулі өткізу мүмкіндігі бұл әлеуетті толықтай пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, Ақтау порты арқылы жүк тасымалының тағайындалған тарифтеріне шегерімдік коэффициенттерді қарастыру қажет немесе төмендету жағын ендіру керек.
Транзитті жүк тасымалын тарту мақсатында Азия және Тынық мұхит аймақтары мен Батыс Европа, ТМД мемлекеттері арасындағы жүк тасымалына бірыңғай деңгейдегі ставканы бекіту қажет. Ол ставка теңіз көлігі мен альтернативті темір жол маршруттарының ставкасына бәсекелестік қабілеті болуы керек.
Бұл шара контейнерлі жүк тасымалының порт арқылы транзитті жүктерді тасымалдау әлеуетін көтеруге ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, транзитті жүк тасымалын тарту мақсатында тек баға факторы орын алып қана қоймай, контейнерлі жүктерді өңдеудің сервистік технологиялық жабдықтарын енгізу қажет.
Дипломдық жұмыста халықаралық және отандық арнайы экономикалық аймақтарындағы теңіз көлік әлеуетін дамыту бағыттарын ұсыну кезінде, біздің пікірімізше, арнайы аймақтардың нақтылы мақсаттарының, ерекшеліктерінің белгілі болып жіктеліну сипатымен айқындалуы керек.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 9 инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның, сонымен қатар Батыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оңды ықпалын тигізеді. Ал, отандық теңіз көлік әлеуетін тікелей дамытуға бір ғана жоба, яғни Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу жобасы әсерін тигізеді. Басқа жобалардың отандық теңіз көлік әлеуетіне жанама әсер беретінін назарға салу керек. Себебі, арнайы экономикалық аймақта орын алып отырған жеңілдіктер Ақтау порты үшін толық енгізілмеген. Жеңілдіктер тек қана арнайы экономикалық аймаққа кіретін жабдықтарға, кеден, баж және қосымша құн салықтары алынбауымен шектелініп отыр. Басқа жеңілдіктер түрі, мысалы корпоративті табыс салығы, жер және мүлік салығы секілді салықтық жеңілдіктер орын алмайды.
Сондықтан, отандық теңіз көлік әлеуетін дамыту мақсатында Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу жобасына жоғарыда аталған 9 жобаға берілген барлық жеңілдіктері қолдану қажет. Ол өз алдына отандық порттың әлеуетін арттыруға мүміндік берді.

- Арналарды жиіліктік бөлуу
- Арнаулы киім және қроғаныс құралы
- Арнаулы салық режимінің жүргізілуі мен ресімделу тәртібі
- Арника горная
- Арним, Ахим фон
- Арнольда из Виллановы - представитель передовых медицинских школ средневековья
- Арнольд Джозеф Тойнби
- Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар
- Арнайы педагогика
- Арнайы салыстырмалық теорияның элементтері
- Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері
- Арнайы салыстырмалылық теориясы
- Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері
- Арнайы экономикалық аймақ