Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Жоспар:
КІРІСПЕ
- Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
- Бюджет құқығы негіздері
- Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
- Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Қаржы құқығы мемлекеттің
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы, зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түрінде жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке және заңды тұлғалардың, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктіік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық іс-
Мемлекеттік емес
Мемлекеттің қаржылық іс-
Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшылай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысл ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамалайды. Бірақ, олар материалды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.
Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттін қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:
- бақылау субъектісі;
- бақылау объектісі;
- бақылау заты (тақырыбы);
- бақылаудың мақсаты;
- бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық
- мемлекеттік органдар;
- мемлекеттік заңды тұлғалар;
- мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
- азаматтар жатады.
Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).
Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау;
екіншіден,
кінәлілер мен айыптыларды
үшіншіден, қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарларын жою.
- Бюджеттік құқық негіздері
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілген қаржылық-құқықтық акті.
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығын бюджет жүйесін құрайды.
Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді:
- Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының біріңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде біріңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың біріңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету бағытталған бірлік қағидасы.
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеуге негізделген толықтық қағидасы.
- Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік қағидасы.
- Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпараттарды міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді дәйектейтін транспаренттілік қағидасы.
- Бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауын белгілейтін дәйектілік қағидасы.
- Бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз етуге негізделген тиімділік және нәтижелілік қағидасы.
- Бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру басымдық қағидасы.
- Бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарды бұзғаны үшін жауапқа тарту жауапкершілік қағидасы.
- Түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі бюджеттердің дербестік қағидасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының бюдж
- түзетілген бюджет;
- бекітілген бюджет;
- нақтыланған бюджет;
- мемлекеттік бюджет;
- жергілікті бюджеттер.
Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.
Бекітілген бюджет – тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
Мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджеттердің деңгейлеріне:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
- аудан (облыстық маңызы бар қала);
- төтенше мемлекеттік бюджет кіреді.
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және мемлекеттік орталық органдардың, оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Облыстық бюджеті – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғымен бекітіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарыныңғ аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Еліміздің тұрақты әлеуметтік-
Ұлттық қорды қалыптастыру мен
пайдалану дүниежүзілік және
ішкі тауар мен қаржы
Ұлттық қорды сенімгерлік
Бюджеттік құрылымы бюджеттің
түсімдері мен шығыстарынан
- кірістер;
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
- шығындар;
- операциялық сальдо;
- таза бюджеттік кредит беру (бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу);
- қаржы активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо (қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер);
- бюджет тапшылығы (профициті);
- бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану, қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу, бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы).
Республикалық бюджеттің
- Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Салық дегеніміз мемлекеттің біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтың түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектілерге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы, тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.
Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз кіреді. Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы осы сатылған тауардың құнының ішіне кіретіндіктен оны сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық төлеуші тауар сатушыдан, тауар сатып алушыға көшіп отыр.
Тікелей салық нақты және жеке болып екіге бөлінеді. Мүлікке, затқа салынатын салық нақты салық деп аталады. Мысалы көлік құралдары салығы мен мүлік салығын айтуға болады. Жеке салық деп салық төлеушінің тікелей табысына, пайдасына салынатын салықтарды айтуға болады. Мысалы, жеке табыс салығы.
Түрпішіндерінде байланысты салықтар заттай және ақшалай болып бөлінеді. Салықтың субъектілеріне байланысты салықтар заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді.
Аумақтық деңгейлерге байланысты салықтар республикалық (жалпымемлекеттік) және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік
реттеудің әдісі ретінде
Пайдаланылу сипатына байланысты салықтар жалпы бағыттағы және белгілі мақсаттағы болып бөлінеді. Жалпы бағыттағы салықтар бюджетке түскеннен кейін белгілі бір шараны жүзеге асыру мақсатында емес, басқа салықтармен араласып кетеді. Керісінше, мақсатты салықтар белгілі бір нақты шараларды іске асыру үшін пайдаланылады. Мысалы, әлеуметтік салықты айтуға болады.
Салықты
есептеп шығару тәсіліне
Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтың түрлері қолданылады:
- Корпорациялық табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Қосылған құн салығы;
- Акциздер; экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Көлік құралдары салығы;
- Мүлік салығы.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. Заңды тұлғалардың тапқан кірісінен оның шығыны шығарылып тасталып нәтижесінде түскен пайданың оннан отызға дейінгі пайызы корпоративті салық ретінде мемлекет бюджетіне төленеді.
Жеке табыс салығын төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар (резидент және резидент емес) болып табылады. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
- қызметкердің табысы;
- біржолғы төлемдерден алынған табыс;
- жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
- дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
- стипендиялар;
- жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Жеке
еңбек табысының көлеміне
Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды:
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
- балаларға және асырауындағы адамдарға алынатын алименттер;
- жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығы келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);
- жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
- мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар; пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлік инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивиденттер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегі осы қордың пайдалары бойынша табыстар; таза табысты бөлу кезінде алынған және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс;
- әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;
- лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
- тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде емлекеттік бюджет және гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіби оқуларға байланысты төлемдер;
- гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);
- тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін төлемдер;
- экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдер;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілген адамдардың, 1 және 2 топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің табыстары; 3 топтағы мүгедектердің бір жыл ішіндегі – айлық есептік көрсеткіштің 240 еселенген шегіндегі табысы;
- өткізілер күні қор биржасының «А» және «В» ресми тізімінде тұратын акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табысы;
- мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);
- салық жылы ішінде медициналық қызмет көрсетулердің (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшін, бала туған кезде, жерлеу үшін берілетін, құжатпен расталған, айлық есептік көрсеткіштің 70 еселенген шегіндегі төлемдер;
- қызметтік ісспарлар кезінде Салық Кодексінің 93-бабында белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер;
- қызметкер ұйымымен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегі жол жүруі, мүлкін көшіруі, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдері;
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;
- шет мемлекеттің мемлекеттік қызметінде жүрген шетелдік жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиіс ресми табыстары;
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;
- Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы төлемдері;
- жұмыс берушінің жиынтық жылдық табыст алуға байланысты емес және шегерімдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйақылар (мемлекеттің сыйақылары);
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушінің қызметкерлерді өздерінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған шығыстары;
- жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдарға өндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстің 93-бабына сәйкес белгіленген тәулікақы шегінде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде, жүкті болғанда және босанғанда берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырып алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік жәрдемақылар;
- білім бері ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін стипендиялар;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ-киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактиға арналған азық-түлік өнімдерінің құны;
- өздерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлікті, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерін қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;
- ізгілік, қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны; он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;
- еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
- осы Кодекстің 161-бабында көзделген табыстарды қоспағанда сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін, шарттың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерінің сомалары;
- өз қызметкерлерін міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс беруші төлейтін сақтандыру сыйақыларының сомалары;
- төлем көзінен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзінен салық салынған дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар сомасы;
- материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешімі бойынша тағайындалған сомалары;
- жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бюойынша жасасқан сақтандыру сыйақыларын (аннуитет) төлеу үшін өмірді сақтандыру жөнінде сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;
- сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары.

- қаржыландыру
- Қаржыландыру көздері
- Қаржылардың ұғымы мен мәні
- Қаржылық бақылау
- Қаржылық бақылау
- Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
- Қаржылық бақылау түсініг
- Қаржы жүйесінің құрамы
- Қаржы жүйесін ұйымдастыру
- Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
- Қаржы құқығы
- Қаржы құқығы негіздері
- Қаржы құқығы негіздері
- Қаржы құқығы негіздері