Қаржылық бақылау. 2
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық
бақылаудың болуы экономикалық категория
ретінде қаржыға бақылау
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен қатар салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс - әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процесстері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
- қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
- қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
- есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
- бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
- бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық - бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
- бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:
- ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
- қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы
жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық
тұрғыда олардың атқарылуы
Биліктің
заң шығарушы органдары мен басқарудың
мемлекеттік органдары бұл
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
- кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
- ресурстардың барлық түрлерін пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жұргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы
– шаруашылық қызметі бұл деңгейде
бақылаудың объектісі, ал қаржылық
көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік
құн, аударысдар, салықтар және басқалар)
оның предметі болып табылады. Қаржылық
бақылауды кәсіпорындардың
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.) жүргізілетін бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у | ||||||
М е м л е к е т т і к |
Қ о ғ а м д ы қ | |||||
|
Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы | |||||
А у д и т о р л ы қ б а қ ы л а у | ||||||
Мемлекеттік
қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) –
мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің
республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша
есепке алу мен есептемені жүргізу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің
гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік
берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген
қызметтерді) өткізуден түсетін
өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану
бөлігіндегі қызметінің Қазақстан
республикасының заңдарына
Мемлекеттік
қаржылық бақылау объектілері –
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік
қаржылық бақылау органдары –
Республикалық бюджеттің
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
- сәйкестікке бақылау жасау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау;
- қаржылық есептемені бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;
- тиімділікті бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағала
у.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадайтүрлерде жүзеге асырылады:
- кешенді бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
- тақырыптық бақылау – мемлекетт
ік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жа ппай әдіспен тексеру және бағалау;
- үстеме бақылау – мемлекеттік қ
аржылық бақылау объектісіне қатысты ақ парат алу қажеттігіне байланыс ты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байлан ысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялар, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Қаржылық бақылаудың әдістері
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:
- тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру);
- инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру);
- қадағалау (кәсіпорынның қаржы – қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу),
- тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру);
- қарап шығу;
- қаржы жоспарларының жобалары;
- өтінімдері;
- қаржы – шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау;
- баяндамаларды тыңдау;
- лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары.
Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.
Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.
Мемлекеттік
қаржылық бақылау органдары өзінің
жұмысын жоспарлап бойынша
Тексерулердің
тікелей предметі табыс, қосылған құнға
салынатын салық, пайдалылық, өзіндік
құн, айналыс шығындары, әр түрлі
мақсаттар мен қорларға аударылатын
аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер
болып табылады. Бұл көрсеткіштердің
жинақталмалы сипаты болады, сондықтан
олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын
бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың,
мекемелердің, өндірістік, шаруашылық
және коммерциялық қызметінің барлық
жақтарын, сондай-ақ қаржы – кредит
өзара байланыстарының
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас айырбас мәмілелері, т.б.) жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары:
- тексеру
- экономикалық талдау
- тексеріс ревизия.
Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық
тексеру – бұл бақылауға
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық – қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізіледі.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық
бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс
– кейінгі келесі бақылаудың кешенді
әдісі және өткен белгілі бір
кезендегі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің
барлық жақтары мен учаскелерін
мұқиат зерделеу, терең тексеру, оны
неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті
әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс
бұл органдардың жоспары
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезендегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі
тексеріс кезінде бақылау қаржы-
Тақырыптық
тексерістер бір үлгідегі бірнеше
кәсіпорындарда, мекемелерде немесе
бірнеше министрліктер мен
Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы, нормативтік және ыңғайласпа тексерулер.
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқиат әзірленуі тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижиелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезендерден тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.
Тексеріс
немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі
көбінесе жасалынған актінің сапасына
байланысты болады. Тексеріс актісі анықтамасы
– бұл қаржы-шаруашылық қызметінде
жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі
емес, бұл тексерілетін объект жұмысының
сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі
туралы дұрыс түйіндердің жинағы
болып табылатын құжат. Оның негізінде
ашылған бұзушылықты жою
Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі
Кәсіпорындарда
және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны
басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың
және мекемелердің қаржы бөлімдері
мен службалары, сондай-ақ сақталып
отырған министрліктер мен
Нарықтық
экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы
қаржыны басқару қаржы бойынша
басқару шешімдерін негіздеуді, бүтінде
нашар пайдаланып жүрген әдістерді
іске асыруды, басқару функцияларының
– реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру
әдістерінің бір элементі ретіндегі
қаржы ресурстарын есепбін
Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе
көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын
басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің
айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың
бастыларына мыналарды
Біріншіден,
өкіметтік операцияларды
Қазіргі кезде
өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі,
биліктің аймақтық және жергілікті органдарының
барлық операциялары Қаржы министрлігі
тарапынан болатын тиімді бақылаудан
тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл
толып жатқан бюджеттен тыс қорлардың
қаражаттарын, шетелдік субсидиялар
мен нәтижелерді пайдалану
Екіншіден, түсімдерді уақытылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлеенттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО
– да мемлекеттік бюджеттің
Дамыған нарықтық
экономикасы бар елдерде
Мемлекеттің
қаржысы мемлекеттің
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптасрып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатыаснтарын білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы) , бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық
өнімнің өсуімен салыстырғанда
мемлекеттің шығыстары
- экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолданудың қажеттігіне жеткізеді;
- техника мен технология дамуы капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
- көрсетілген қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікке күшейтеді.
Вагнердің заңы нарықтық
шаруашылықтың белгілі бір

- Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
- Қаржылық бақылау түсініг
- Қаржылық бақылау түсінігі
- Қаржылық есем берудің халықаралық стандарттары сәйкес қаржылық есеп берудің нысандары
- қаржылық есеп
- Қаржылық есеп
- Қаржылық есеп
- Қаржы құқығы негіздері
- Қаржы құқығы негіздері
- Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
- қаржыландыру
- Қаржыландыру көздері
- Қаржылардың ұғымы мен мәні
- Қаржылық бақылау