Қаржы жүйесі. 6
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
а)Қаржы жүйесінің ұғымы мен құрылымы
ә)Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылыды.
Өзінің тарихи дамуында
қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті.
Қаржылық қатынастардың пайда болуы
кезінде қаржы жүйесі, жалпыға
мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен
– мемлекеттік бюджетпен
Қаржы жүйесі дегеніміз – ерекше экономикалық қатынастардың негізінде құрылған ақшалай қорларды қалыптастыру мен жұмсалуын ұйымдастырушы органдардың жиынтығы.
Қаржы жүйесіне кіретіндер: 1) Мемлекеттік қаржы (мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру, зейнетақы жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру, министрлік және валюталық қорлар); 2) Шаруашылық жүйесінің қаржылары (мемлекеттік және мемлекеттік емес компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, бірлестіктер); 3) Кәсіпорын қаржылары; 4) Тұрғындардың қаржылары (банктерде сақталған салымдар, зейнетақы қордағы қаржылар);
Қаржы жүйесінің субъектілері: 1) мемлекет және оның институттары; 2) компаниялар, кәсіпорындар; 3) Үй шарушалығы.
Қаржы жүйесі әртүрлі белгілі сипаттамалары бойынша жіктеледі. Бұл жіктемелер арқылы жүйенің құрылымы мен мазмұнын көре аламыз.
Біріншіден қаржы жүйесі мәні мен табиғатына қарай 3-ке бөлінеді:
- қаржылық қатынастарының жиынтығы;
- қаржылық қорларының жиынтығы;
- қаржылық басқару аппараты.
Қаржылық қатынастарды жиынтығы дегеніміз – ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастар. Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде – ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады.
Қаржылық қатынастарға мыналарды жатқызамыз:
- Салықтық қатынастар;
- Бюджеттік қатынастар;
- Мемлекеттік кедендік қатынастар;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер қатынасы;
- Сақтық қатынастар;
- Үй шаруашылығының қаржылық қатынасы;
- Сыртқы экономикалық қатынастар.
Қаржылық қатынастар
- мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болаты
- кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.
Салық – мемлекет
бір жақты тәртіппен заң
Салықтар –
мемлекеттің тұрақты қаржы
Салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін айрықша белгілері бар, атап айтсақ:
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
- Салық – ақшалай нысанда төленеді;
- Салық –
қайтарылмайтын төлем болып
- Салық – баламасыз сипатта болады;
- Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Бюджет – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады.
Ақшалай қорлар дегеніміз – белгілі бір мақсатқа арнайы бөлінген қаржылық ресурстардың бөлігі. Ақша қорлары мемлекет пен кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының бөлігі болып табылады.
Қаржылық басқару – бұл кездесетін нәтижеге жету үшін басқарылатын объектіге қойылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Қаржылық басқарудың элементтеріне: ақпарат, қаржылық жоспарлау, қаржылық ұйымдастыру, қаржылық реттеу, қаржылық жоспарлардың орындалуын бақылау жатады.
Екіншіден қаржы жүйесі функционалдық сипаты бойынша базалық қосалқы жүйе мен қамтамасыз етуші қосалқы жүйеге бөлінеді. Базалық қосалқы жүйе өз кезегінде салықтық, бюджеттік және сыртқы экономикалық қатынастардан тұрады, ал қамтамасыз етуші қосалқы жүйе қаржыны жоспарлау, нормативтік заңнамалық қаматамсыз ету, қаржылық бақылау, қаржыны автоматтандырылған басқару және кадрлық қамтамасыз ету жатады
Қаржы жүйесі |
Қосалқы жүйелер |
салықтық |
бюджеттік |
Сыртқы экономи- қалық қатынастар |
Қаржы жоспары, есеп беру, статистика |
Нормативтік-заң- Намалық |
Қаржылық бақылау |
Қаржыны бас-қарудың авто-маттандырылған жүйесі |
Кадрлармен қам-тамсыз ету |
Базалық қосалқы жүйе |
Қамтамасыз етуші қосалқы жүйе |
Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Бюджет – ұлттық экономиканы басқарудың механизмдерінің бірі. Оған тән құндылықтар: бюджетті бөлу, бақылау құралы ретінде пайдалану.
Сыртқы экономикалық
қатынастар деп мемлекеттің,
Қаржылық бақылау дегеніміз – ақша қаражаттарының қандай бағытта, қандай мақсатта, қандай мөлшерде жұмсалып жатқаны қадағалануы.
Қаржыны автоматтандырылған басқару – қаржыны жалпы басқарудың бір түрі. Олар қаржыны басқаруға ендіру және үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр.
Нормативтік заңнамалықпен қамтамасыз ету- қоғамның тиісті дамуы кезіңдегі мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақшалай қорларды жасау,бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
Кадрлық қамтамасыз ету - кәсіпорын не ұйымның қызметтік өрлеуі үшін, уақытша не тұрақты қызметкерлерді іздеуге, бағалауға, жұмыс күші қатынастарын алдын ала қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет кешені.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің сызбасы
Қаржы жүйесін
сыныптаудың функциялық
1.Жалпымемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақшалай қатынастар.Ол орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекттік бюджетке, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік –мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын ақшалай қатынастармен көрінетін экономикалық категория, қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын құрудың эконмикалық нысаны және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет Республикалық және жергілікті бюджеттерден кіріктіреді.
Республикалық бюджет – бюджет жүйесінің дербес бөлігі; мемлекеттік бюджет жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы республикалық маңызы бар экономикалық, әлеуметтік және несиелік даму саласындағы шаралардың қаржыландырылуын қажет қаражатпен қамтамасыз етеді. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың ең аз нормативтер бойынша шығындарды өтеуге өз кірістері жеткіліксіз болған жағдайда олардың әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету мақсатымен қаржы ресурстарының бір бөлігі демеуқаржы түрінде республикалық бюджет арқылы олардың арасында қайта бөлінеді.
Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады.
Жергілікті бюджетке облыстардың бюджеттері және қалалық, аудандық бюджеттер кіреді.
Мемлекеттік кредит- мемлекттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредиттік қатынастардың жиынтығы.
Мемлекеттік кредит қаржы жүйесіне кіріктіріледі.Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталғандықтан бұл қосалқы буынды қаржы жүйесінде де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы
жүйесіне сақтандыруды да жиі
жатқызады, бірақ көптеген
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш – бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай –ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелег пайыздарды қоса).Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
А) Ішкі мемлекеттік борыш –Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекетттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.
Б) Сыртқы мемлекеттік борыш – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.Сондай –ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.
1)күрделі мемлекеттік борыш – мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын айтады.
2)ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
Қалыптасу көздері: арнаулы мақсатты салалар, қарыздар; бюджеттен берілетін субсидиялар; қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары; ерікті жарналар мен қайырымдылықтар.
Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры — белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңы тұлға; құрылтайшысы үкімет болып табылатын жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады.
1998 жылдан бастап зейнетақы реформасын жүргізумен байланысты бұрынғы Зейнетақы қорының - Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасу және пайдалану тәртібі өзгерді.
Инновациялық қор – иннрвациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыланлыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтің дамуына жәрдемдесетін заңи тұлға.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры дегеніміз – Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері.
Инвестициялық қор – компаниялардың құнды қағаздарды сатып алуға жұмсайтын қаржысы. Инвестициялық қор ашық және жабық нысанда болады. Ашық инвестициялық қорда компания жаңа акцияларды ұдайы сатады да, ескілерін сатып алады, одан түскен табыстарын басқа компаниялардың құнды қағаздарына сатып алуға жұмсайды. Жабық инвестициялық қорда компания дәл белгіленген мөлшерде капиталданады, тек ескі акциялардың негізінде ғана жұмыс істейді. Инвестициялық қордың жұмысына мемлекет лицензия береді.
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржылардың негізін құрайды. Бұл сфераның материалдық өндірісінде нақты өнім - қоғамның қаржы ресурстарының негізі көзі жасалатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.
Материалдық өндіріс сферасының барлық шаруашылық жргізуші субъектілерінің және рыноктық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық қызмет негізінде жүзеге асыратын қызметтер сферасының бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп- шаруашылық жүргізу әдісі, жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу болып табылады.
Өндірістік сфера қаржыларында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырудың мәселелері шешіледі. Бұл қаржы өндірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің өсуіне белсенді ықпалын тигізеді.
Қызметтер көрсету сферасының қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс -әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады: бюджеттік қаражаттар; мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар; жаппай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткізуден түсетін түсім –ақша; түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келісімшарттарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткені үшін түсетін қаражаттық түсімдер; мүлікті жалға беруден түсетін түсім – ақша; халықтың қаражаттары; кадрларды дайындаудан түскен табыс және басқалары.
Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байданысымен айқындалады.
Өндірістік емес сферасының қаржыларына мыналар жатады: қоғамдық соның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржысы; саяси және қоғамдық қозғалыстардың қаржысы, арнаулы мақсатты қорлардың қаржысы; қайырымдылық қорлардың қаржысы.
Коммерциялық емес мекемелердің қаржылық – шаруашылық қызметі қаржы ресурстарын пайдаланудың үш әдісін үйлестіреді: өзін -өзі өтеушілік, бюджеттік қаржыландыру, шаруашылықты жүргізудің шаруашылық есеп әдісі.Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақшалай қорлардың қозғалысын орталықтандыратын ақшалай қатынастардың жиынтығын түсінеді.
Бюджеттік қаржыландыру –меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақшалай қаражаттар беру.Мұндай тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік басқару мен қорғаныстың органдары, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржыландырылады.
Шаруашылық жүргізудің шаруашылық – коммерциялық есебі шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады.Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, ойын –сауық орындары жатады.
Шығындардың өзін - өзі өтеу әдісі арқылы қызмет негізінде шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады.Бұл әдіс мәдени –ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында ақылы қызметтер көрсететін ұйымдарда қолданылады.(кәсіби машық, шет тілдері курстары және т.б.)
3.Халықтың (үй шаруашылығының ) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Сан алуан қатынастар халыққа еңбекақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай қаражаттардың аударымымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемелекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.Сонымен бірге азаматтардың жеке- дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржылық қатынастар пайда болады. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда орындарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорын мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б) тұтыну тауарлары мен қызметтерді қоспағанда, қаржылық қатынастар болып табылады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас болып келеді. Халық қаржысының өзіндік ерекшелігі қаржы жүйесінің екі сипатты бөліктерінің – қор нысаны мен сыртқы басқарудың өзгешелігінде болады.
Жеке меншіктің және мемлекеттің кәсіпорындардың қаржысы сферасының бастапқы табыстары, сондай –ақ азаматтардың табысы кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі құрамының негізін қалайтынын ескеру қажет.
Қаржылық қатынастар
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақшалай қорлардың қозғалысын орталықтандыратын ақшалай қатынастардың жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық ұйымдардың
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға бөлінеді. Қаржылық қатынастардың мемлекеттік бюджет, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит жалпымемлекеттік , яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі эконмика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, үй шаруашылықтарының қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Қаржы жүйесінің
функиялық құрылысы мынадай
- Қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақшалай қатынастардың аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» тән қасиет.
- Тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм. Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берген.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақшалай қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді.Жоғарғы органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналыстырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды,оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржылық дербестік неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржылық ресурстарды еркін иемденеді.
Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірледі дамытудың әлеуметтік жағынана қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.Қаржы жүйесін құрудағы көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-өңірлік құрылымына сай келуі.Әрбір облыста,ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар.Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады.Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржылық ресурстардың басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылыө көмек көрсету үшін қаражаттарды өнірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды эленменттерінің функциялық аранлым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешңп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.Бюджеттен тыс қорлардың мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғарғы органдар ( министрліңтер, ведомствалар, бірлестіктер) деңгейінде де, төменгі (фирмаларда, компанияларда) деңгейінде де қаржылық аппараттың тиісті құрылымын байланыстырады. Бұдан басқа, қаржылық аппаратты ұйымдастыруда акционерлік, аралас т.б ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетіледі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «Қаржы негіздері» С.Құлпыбаев, В.Д. Мельников
2. Уикипедия
3. «Қаржы» Блеутаева Г. Б.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Қаржы жүйесі

- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар
- Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер және қор биржасы
- Қаржы және инфляция
- Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі
- Қаржы жоспарының жүйесі
- қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі