Қаржы және инфляция
Қаржы
және инфляция.
Инфляцияның
табиғаты және оның
қаржымен өзара байланысы.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеп бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге райда борлды, әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
“Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналасына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азаиат соғысы жылдары (1861-1865 ж. ж) қағаз долларының (“гринбектердің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия иен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
Айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
Қолайсыз төлем балансы;
Үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бқл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын(себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік – саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдырысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көп факторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:
белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
мемлекеттік берешектік көлемі.
Нарықтық
экономика кезінде қаржы
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарынң көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден,
инфляция қаржы ресурстарын
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді ( 1 сызбаны қараңыз) қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейіне жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып,экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.
Төмен
инфляция немесе оның болмауы ұлттық
шаруашылықтың түрлі
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші – Ìб пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің (“нарық себеті”) белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталадщы. Ағымдағы жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі:
Iб1 – I б0
Инфляция қарқыны = —————* 100
Iб0
Қазақстанда тұтыну туарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды(есе):
1990-1; 1992-2,5; 1993-30,6;
1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07; 1999-1,08; 2000-1, 13.
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінді және одан жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992-1995 ж.ж. ішінде айтарлықтай асып түсті.
Инфляциялық
процестің қуаттылығын
бағалар өсуінің қарқаны бойынша:
баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның наминалдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталнуы өседі; әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; бағамен табыстардың
арасындағы алшақтық ұлғайа бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
теңдестірілген және теәдестірілмеген инфляция, теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде – олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;
болжаулық(болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:
күтілген, болжалды және күтілмеген;
шығу немесе пайда болу орнына қарай:
импортталған және экспортталған;
сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысының инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруғы болады: сұрану инфляциясы(тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы(өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранысның өсуінің салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тқтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуі талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді( 2 сызбаны қараңыз.)
Ңарықтық
экономиканың механизмі – бәсеке
мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші – кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтай бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарпынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгетіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірстің құлдырауына жеткізеді.
Жалпы инфляцияның себептері базистық қатынастардың карама-қайшылықтарына, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оының өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділіген болады.
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан араңдатылуы мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнынп ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операциялары және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиландырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғалыс салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы – елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – рыноктердегі үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айлан,ысқа шығарылады.
Инфляцияның көріну нысаны - ақшаның құнсыздануы мен өнімге, таураларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаналатын оны сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі*.
Инфляцияның
табиғаты – ақшаның онымен салыстырмалы
тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшаландырылған
қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.
Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын
осының бұл қасиеті оған өзінің арналымын
– тауар, төлем айналымына қызмет көрсетуге
отырып, тиімді орындауға, қорланым мен
құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік
береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет
белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен
оған қарсы тұратын құнын натуралдық –
заттай компонентерінің сәйкестігі жағдайында
көрінеді:
P x Q =M x V,
Мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын( М – ақша массасы, V – айналыс жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.
Қазіргі мемлекет қаржы – қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени – ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, жұмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.
Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару(эмиссия) болып табылады.
Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндеттіліктерімен қатар мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстырмалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъектілерге тура қаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруге банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттегідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады.
Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.
Инфляцияның классикалық көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%, 2001-6,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 млрд. теңгені( ЖІӨ-ге 0,12%) құраса, 2003 жылы ол 53,4 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.
Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына( бұрын – инвестициялық қор) , халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.
Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдалынатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызуды тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемакының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бғанын да өсуіне соқтырады.
Айтылған факторлар өндіріс шығындарын - өндірушілер инфляциясының арандатушы факторларға жатады.
Бағалардың
артуы жағдайында халықтың, әсіресе
жеке кәсіптік және әлеуметтік топтардың
әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін инфляцияның
даму факторы деп есептеуге болады.
Инфляцияға
қарсы саясат шаралары
Инфляцияның
өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік
қарама-қайшылықтарды
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;
бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;
компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерініздестіреді және т.с.с.
2)
инфляцияны төмендету басу
Инфляцияны жою ретіндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік – экономикалық, құқықтық, инстуционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік – экономикалық сфера болып табылады.
Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшермелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады . Бұл саясат экономиканы өсуін тежейді.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу щегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:
- Орталық банкті нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
- Барлық несие ресурстары қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
- Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
- Сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

- Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі
- Қаржы жоспарының жүйесі
- қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы жүйесі
- Қаржы валюта нарығы
- Қаржы валюта нарығы
- Қаржы валюта нарығы
- Қаржы валюта нарығы
- Қаржы валюта нарығы
- Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар
- Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер және қор биржасы