Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні мен есебі

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………...................3

 

  Қаржылық    нәтижелер   қалыптасуы    есебінің    экономикалық    мәні 

мен есебі

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

 

 

 

                                        КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика одан әрі күшейе түсуде, онымен бірге  шаруашылық процесті реттеудің  негізгі механизмі ретінде  бәсекелестік те күш жинауда.

Қазіргі уақытта бәсекелестік ортада кәсіпорынның тіршілік етуі оның қаржылық тұрақтылығына тәуелді, оған  ресурстардың барлық түрлерін экономикалық қолдану, шығындарды азайту, өнімді (жұмыс, қызмет) өндіруді жоғарлататын резервтерді анықтау және пайданы ұлғайту негізінде өндірістің тиімділігін жоғарлату арқылы жетуге болады.

Табыс кәсіпорын қызметінің тиімділік критерийі және оның қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының негізгі ішкі қайнар көзі болып табылады.

Табыстың  көлемін экономикалық түбегейлі анықтау кәсіпорын үшін үлкен маңызы бар, оның қаржылық ресурстарын, бюджетке төлемдердің көлемін, өндірістің кеңею мүмкіншіліктерін және қызметкерлерді материалдық көтермелеуді дұрыс бағалауға әсер етеді.

Әрбір ұйымның қызметімен танысу үшін мүмкіндігінше оның көптеу жақтарын біліп алу керек, осы негізде коллектив жұмысындағы жағымды және жағымсыз жайлары туралы объективті ойды қалыптастыру керек. Осы кезде талданатын ұйымның шаруашылық қызметінің нәтижелерін бейнелейтін жұмыстың қаржылық нәтижелеріне  тікелей әсер ететін бірнеше маңызды көрсеткіштерді  пайдалану міндетті.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері көрсеткіштер жүйесінде өз көрінісін табады. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын Көрсеткіштердің көп саны оларды жүйелік қарастыруда әдістемелік қиыншылықтар тудырады. Көрсеткіштердің бағытталуындағы айырмашылық берілген кәсіпорынның нақты жағдайы туралы ақпарат қажеттілігін ең жоғары деңгейде қанағаттандыратын тауар алмасуға қатысушылардың әрқайсысына таңдауда қиындық түсіреді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігін түскен табыстың  көлемі мен  құрылымы,  оның көлеміне әсерін тигізетін факторлар  қызықтырады. Салық инспекциясы барлық қосылатын баланстық табысы, оның ішінде өнімді өткізуден түскен табыс, мүліктерді сатудан түскен табыс, негізгі емес қызметтерден алынған нәтижелер және т.б.  туралы шынайы ақпарат алуды қызығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қаржылық нәтижелер қалыптасуы  есебінің  экономикалық

мәні мен есебі

 

 

Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы  кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі, табыстар мен шығыстар арасындағы айырмашылықты білдіреді. Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығыс болып танылады.

Шығыстар – өнімді  өндіумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындар. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық қорлар, негізгі құралдар, т.б.). Зиян  экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

Табыстар – бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 2007 жылы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің 234 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13 бабында былай делінген: «Табыстар бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы». Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.

 «Шығыстар» түсінігі түрлі  маңызға ие және зерттеу мақсаттарына  және шешілетін экономикалық  міндеттердің сипатына байланысты  болады. Шығыстар экономикалық категория  ретінде жұмсалынуы өнімді (жұмыс, қызметті) өндіру процесімен байланысты материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстардың жиынтығы деп шешім жасауға болады.

Әдеттегі қызмет түрлерінен ұйымның қаржылық нәтижелерін қалыптастыру мақсаты үшін өткізілген тауарлар, өнімдер, жұмыс, қызметтердің өзіндік құны анықталады. Есепті кезеңде де, өткен кезеңдерде де танылған әдеттегі қызмет түрлері байланысты шығындар, және түзету есебімен өнім өндірісінің, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызмет, сонымен қатар сатылған (қайта сатылған) тауарлардың  ерекшеліктеріне тәуелді алдағы есепті кезеңдерде алынатын табыстарға  қатысы бар өтпелі шығындар негізінде өзіндік құн қалыптасады. Бұл кезде саудаға байланысты және басқарушылық шығыстар толықтай есепті жылдағы олардың әдеттегі қызмет түрінен болған шығыстар ретінде танылуы сатылған тауарлар, жұмыс, қызметтердің өзіндік құнында танылуы мүмкін.

   Бухгалтерлік есептің біртіндеп халықаралық стандарттарына көшуі одан әрі нақты түсініктемелердің анықталуын талап етеді. Мысалы, қазақстандық стандарттарда ең маңызды түсініктердің бірі болмай тұр: пайда.                   Бірақ табыстың бірнеше түрлері бар, оларға мыналар жатады:

- өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден  түскен табыс;

- жалпы табыс;

- негізгі қызметтен түскен табыс;

- негізгі емес қызметтен түскен  табыс;

- салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы;

- салық салынғаннан кейінгі  әдеттегі қызметінен алынған  табысы;

- төтенше жағдайдан алынған  табысы;

- таза табыс;

- кәсіпорын қызметінің қорытынды  қаржылық нәтижесі болатыны.

Халықаралық тәжірибеде мәні ашылған түсініктер қолданылады: өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім, жалпы табыс, пайда, рентабельділік, бөлінбеген кіріс. Қайсыбір түсініктеменің анықтамасына қандай мән салынғанынан  оның қолданылуы тәуелді болады.

Сонымен бірге қаржылық есептілікті пайдаланушылардың шатасу себебі  табыстың  негізінен ақшалай түрде түсетіндіктен, бұдан олар келесідей шешім жасай алады, есеп айырысу шотындағы қалдық (шығындарды алып тастағанда) – бұл есепті кезеңдегі кәсіпорынның сол қаржылық нәтижесі. Ақша қаражаттары – құралдар (актив),  табыстар – бұл активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы, ал пайда – кәсіпорын капиталының бөлігі және ол кәсіпорындағы бар ақша құралдарының сомасына тең емес.

Белгілі бір уақыт кезеңінде түскен  кіріс деп кәсіпорын өзінің қызметі нәтижесінде осы кезеңде капиталын қаншалықты өскен сомасын айтады.

Бөлінбеген кіріс – бұл дивидендтер түріндегі кіріс бөлігі акционерлерге төленгеннен кейінгі кәсіпорын қолдануына қалатын капитал. Кәсіпорын қызметі нәтижесінде алынған бөлінбеген кірістің өсуі - табыс, ал азаюы  шығыс  деп аталады.

Және табыс (зиян) – кәсіпорын қызметінің негізгі жалпылауыш көрсеткіші болып табылады. Кәсіпорынның баланстық пайдасы (залалы) – бұл өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс (зиян), материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, басқа да материалдық құндылықтарды, сондай-ақ оларға кеткен шығындар сомасына азайтылған өткізуден тыс операциялардан алынған табыстар сомасы.

Материалдық және өзге оларға теңескен шығындарды алып тастағанда өткізілген өнім, тауар, жұмыс және қызмет үшін түсімнен ұйым табысы құралады.

Өткізуден тыс табыстар мен зияндарға келесілер жатады:

    • валюттік шоттар мен шетел валютасындағы операциялар бойынша бағамдық айырмалар;
    • кәсіпорынға жататын  акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
    • бірлескен ұйымдардағы үлестік қатысуда мүліктерін жалға беруден алынған табыстар;
    • экономикалық санкциялардың бірнеше түрлері – айыппұлдар, өсімақылар;
    • кіріс көлемін арттыратын немесе кемітетін өнім (жұмыс, қызмет) өндірісімен және оны өткізумен тікелей байланысты емес операциялардан болатын табыстар (шығындар)».

Пайда сатылған өнімнің толық өзіндік құнын, еңбекақы шығындарын қоса есептегендегі,  өткізуден түскен түсімнен жасалады.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Ұйымның  қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтар қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор  А.Д.Шеремет 1 «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы тарту, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  қарсы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлеті үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуіне және оларды мақсатқа сай тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық өқарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.

 Шаруашылық субъектісінің қаржылық  жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие сипаттамасын) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз.

Қаржылық жағдайдың мәні және талдаудың мақсаты, қаржылық талдаудың мазмұнын айталық.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы ксіпорының белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтелуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайында қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен өзара қарым-қатынас үлкен әсер етедщі. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивидедтерді ұқыпты төлейтін қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондықтан да бұл жыл сайын өз облигацияларсы белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта  - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысады. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты, банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып, оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын тексереді.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалды анықтайды.

Қаржылық нәтиже ұйымның өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижесінде меншікті капиталдың белгілі бір кезеңдегі  өзгерісін көрсетеді.

Шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижесі календарлық жыл ішінде қалыптасқан кіріс пен зиян көрсеткіштерімен анықталады. Есепті жылдың қаржылық нәтиже қорытындысының қалыптасуы есепті жыл бойына 5610 «Жиынтық кіріс (жиынтық зиян)» шотында пайданы (шот кредиті бойынша) немесе залалды (шот дебеті бойынша) қалдық түрінде көрсететін жинақталу жолымен, яғни кумулятивтік әдіспен жүргізіледі. Бірінші тоқсанның аяқталуы кезінде 5610 шотында қаржылық нәтиженің бірінші тоқсанға аралық қорытындысы жасалады, екінші тоқсан аяқталарда – жартыжылдыққа, үшінші тоқсан соңында – есепті жылдың тоғыз айына және төртінші тоқсан аяқталғанда барлық есепті жылдың қорытынды қаржылық нәтижесі қалыптасады. 5610 шоты бойынша кредиттік және дебеттік  айналымдарын салыстыру есепті жылдың соңғы қаржылық нәтижесін анықтайды. Кредиттік айналымның дебеттіктен асып кетуі 5610 шотта сальдо кредиті бойынша көрінісін табады және ұйымның кіріс көлемін сипаттайды, ал дебеттік айналымның кредиттіктен артық болуы 5610 шоттағы  сальдо дебеті бойынша жазылады және ұйым зиянының көлемін сипаттайды. 5610-шы шоттың  сальдосы бір жақты болады.

Ұйымның соңғы қаржылық нәтижесі келесілердің әсерінен құралады:

а) өнім, тауар, (жұмыс, қызмет) сатудан алынатын, сонымен бірге ұйымның қызметін құрайтын шаруашылық операциялардан (негізгі құралдарды ақылы жалға беру, интеллектуалды меншік объектілерін қолдануға беру және басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарына салымдар салу) түсетін қаржылық нәтиже;

б) негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, материалдар мен өзге мүліктерді (операциялық табыс пен шығыс бөліктері) сатудан болатын қаржылық нәтиже;

в) операциондық табыстар мен шығыстар (мүліктерді сатудан алынған нәтижелерді алып тастағанда);

г) өткізуден тыс түсетін кіріс пен зиян;

д) төтенше жағдайлардан алынған табыстар мен шығыстар.

Есепті кезең бойынша ұйымның соңғы қаржылық нәтижесі ұйымның жиынтық табысынан экономикалық негізделген нәтижелерін алып тастағанда қалатын  бөлінбеген таза табыс түрінде бейнеленеді. Олар басымдылық күшінде ұйымның міндеттемелерін үшінші жақтардың (кредиторлар, бюджет, тапсырысшылар) алдында танылатын және орындалатын ұйымның қосымша шығындарын құрайтын міндеттемелер болып табылады:

    • салық органдарымен есептелген айыппұл мен өсімақылар;
    • келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы немесе дұрыс орындалмауынан сауда ұйымдары пайдасына айыппұл, өсімақылар;
    • несие келісім-шартын бұзуы үшін жоғарлатылған пайыздық төлем сомалары;
    • кепілдеме, сенімділік мәміле шарттары бойынша міндеттемелер;

Календарлы есепті жылдың аяқталуы бойынша есепті жылда ұйым алған бухгалтерлік табыстың фактілі сомасынан  ең бірінші қойылған ставка бойынша табыс салығының  бюджетке тиесілі сомасын есептеп шығарады. Ағымдағы есепті  жылдағы табыстың ұйымның қажеттіліктеріне табыс салығына аванстық төлемдерден және салықтық төлемақыларды өтеу мен оларға теңелген салық салудың салықтық ережелерін жабу үшін санкциялардан басқа аванстық қолданылуы қарастырылмаған.

5610 шоты бойынша аналитикалық  есебі табыстар мен шығындар  есептілігін құруға қажетті берілгендердің қалыптасуын қамтамасыз ету қажет.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаражаттарын толықтырудың негізгі көзі, яғни оның қызметінің негізгі мақсаты пайда табу болып табылады.Пайда ұйым қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі ретінде өндірістің тиімділігін, өндірілген өнімнің көлемі мен сапасын, еңбек өнімділігінің жағдайын, өзіндік құнның деңгейін көрсетеді. Кәсіпорын пайдасы оның қызметі тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып келеді.

 «Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының есебі және талдауы, пайданы бөлу» тақырыбын қорытындылай келе, өткізілген есеп пен талдау негізінде «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша келесі қадамдарды ұсынуға болады:

  1. автономия коэффициентін нормативті мән 0,5-ке дейін жоғарлату мақсатында  кәсіпорын мүлкінің жалпы сомасындағы меншікті капитал үлесін ұлғайту бойынша шаралар  жоспарын жасап шығару;
  2. ақша ағымдарын одан әрі нақтылап жоспарлау және дебиторлық берешектер көлемін реттеу, себебі нормативті аралық 0,2-0,7 болғанда абсолютті өтімділік коэффициенті 0,05 құрап тұр, бұл кәсіпорынның қысқа мерзімді кредиторлық берешекті  өз ақша құралдары есебінен өтеу қабілеттілігінің төмендігі туралы куәландырады;
  3. дебиторлық берешектерді басқаруды жақсарту мақсатында күмәнді талаптар бойынша резервтер құру мәнді болады. Ол қажеттілігі болғанда күмәнді талаптар бойынша зиян сомасына салық салынатын табыс көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.
  4. жабдықтаушылар мамандары жұмысын жақсарту керек, сұраныс пен ұсыныс бойынша маркетингтік талдау жүргізіп, оның негізінде тауарлық өнімнің ассортименті мен құрылымын қалыптастыру қажет.
  5. негізгі қызметі тауарлық өнімді өткізу болғандықтан,  онда сатудан түсетін пайдаға әсер етуші негізгі фактор өзіндік құн болып табылады. Осы көрсеткішті бөлшектеп талдау керек, оны экономдау үшін резервтерін іздестіру, қолда бар өндірістік қорларды рационалды қолдану мен сақтануға  бақылауды тереңдету. Бұл бағытта қойманың есеп  жұмысын автоматтандыруды ұсынамын.
  6. ХҚЕС-на көшу бойынша бағдарлама жасау және кәсіпорынның есеп саясатына кейбір өзгерістер енгізу, бұл «ӨзенМұнайГаз» ӨФ дамудың жаңа бағытына шығуға мүмкіндік береді. ХҚЕС-ке сәйкес ұсынылатын қаржылық нәтижелер есебі, сыртқы қолданушылар, яғни инвестициялау үшін тартымдылығын арттырады, ал бұл «ӨзенМұнайГаз» ӨФ-нің сыртқы экономикалық қызметінің маңызды факторының бірі болып саналады.

Қорыта айтқанда,  кәсіпорынның қаржылық нәтижелер  есебі мен пайданың бөлінуі,  қазіргі бухгалтерлік есептегі өте үлкен мәселе болып саналады. Көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің көзқарасы бойынша, табыстар мен шығыстарды есептеуді басқарудың сапасын көтеру үшін бухгалтерлік есепті жетілдіру керек, соның ішінде аналитикалық есептің сапасын көтеруіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ ЗАҢЫ.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
  3. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 20.11.06ж.
  4. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке өзге де міндетті төлемдер туралы» Кодексі  (01.01.2002 жылдан толықтырулар мен өзгертулерді қоса).
  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
  6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.
  7. Қазақстан  Республикасының «Әкімшілік   заң бұзушылықтар      туралы»   №2 Кодексі, 01.02.2006 ж.
  8. «Стандартизациялау мен сертификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  9. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы.// Мысль. 2000, №3.
  10. Стратегический план развития РК до 2010 года. Сб. законодательных актов Республики Казахстан по вопросам образования, под ред. Кузембаева М.М. Том 1. Алматы, 2003.
  11. Назарбаев Н.Ә. Казахстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1998.
  12. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдары.
  13. Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдары.
  14. ХҚЕС 4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп», 28.08.02ж. N390.
  15. ХҚЕС 1 «Қаржылық есептілікті ұсыну», 28.12.05 ж., №5.
  16. ХҚЕС 7 «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп», 24.01.05 ж., №1.
  17. Абдрасилов Е.Б. «Аудиторская проверка». Алматы, 2003.
  18. Барышева С.К. «Особенности формирования финансовых результатов по Казахстанским стандартам бухгалтерского учета». Алматы, 2002.
  19. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп».- Алматы, «ИздатМаркет», 2005.
  20. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы: Экономика, 2001.
  21. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп». Оқу құралы, Алматы:Экономика, 2001. 
  22. Кеулімжаев К.Қ., Әжібаева З.Н., Құдайбергенова Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері»: Оқу құралы. – Алматы: Экономик´С, 2003.
  23. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші объектілердегі бухгалтерлік есеп», Алматы-2005.
  24. Нурсеитов Э.О. «Бухгалтерский учет в организациях», Алматы-2007.
  25. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета». Алматы: Центраудит, 2000.
  26. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы-2003.
  27. Сарсенова Д.А. «Финансовый результат от продажи продукции (работ, услуг)». Алматы, 2001.
  28. Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». Москва-«Инфра-М», 2008.
  29. Толпаков Ж.С. «Бухгалтерский учет»: Учебник для вузов. – Караганда, ОАО «Карагандинская ПОЛИГРАФИЯ», 2004.
  30. Укашев Б.Е. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы-Ұлағат, 2002.
  31. Шаменова А.А. «Итоговый доход (убыток)». Алматы, 2001.
  32. Шеремет А.Д. «Кәсіпорын қаржысы». Москва, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні мен есебі