Ақша айналысы және ақшаның даму кезеңдері

Жоспар

       

Кіріспе........................................................................................................3

  І. Ақшаның қызметі.............................................................................6

Ақша айналысын басқару.......................................................................10

ІІ. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері......................................18

Ақша айналысы заңы...............................................................................19

Банкноталар мен қағаз ақшалар айналымы жүйесі, оның сипаттамасы............................................................................................20   Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе

 

    Көптеген шетел  басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.

     Жоспарлы  – орталықтанған экономика жағдайында  ақша айналымының ерекшеліктері:

     Қолма –  қол ақша да, қолма – қол ақша да емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын–ала бөлуін қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдар ттехникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына ( жалақы, зейнетақы және т.с.с ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.

     Мемлекет  заңмен ақша айналымын: қолма  – қол ақша және қолма –  қол емес ақшаға бөліп, ақша  айналымының қай түрі қандай  бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.

     Ақша айналымы  мемлекеттік жоспарлау жүйесін  объектісі ретінде директивалық заңдармен реттеледі.

     Ақша айналымы  біртектес мемлекеттік меншік  формасына қызмет көрсетеді.

 

 

 

 

                                                    - 3 –

   Қолма – қол  ақша және қолма – қол ақша  емес белгілерін тек мембанк  монополды құқықпен шығарды.

     Мемлекеттік  жүйелер алдын ала өнімге баға  белгілеумен және көрсетілген  қызметтерге тарифтер бекітумен  де щұғылданады.

     Сонымен,  ақша айналымы деп қолма –  қол және қолма қол емес  түрінде үзіліссіз қозғалыста  жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.

     Ал метал  ақша жүйесінде әрі тауар, әрі  ақша айналымы ретінде олардың  құны айналымда жүрді. Себебі  металл монетаның ( алтын немесе  күміс ) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

     Қазіргі  ақша айналымын құн айналымы  деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнмен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.

     Айналыста  жүретін тек қолма – қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы дегеғн қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол ақша айналысы және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.

     Айналыста  тек қолма – қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер және ұсақ монеталар) айналыста жүркді.

 

- 4 -

Бұл кез келген мемлекеттің  ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алу және оны жұмсауға қызмет етеді.

     Қазақстан  Республикасында қолма – қол  ақшаны Ұлттық банк банкнота  түрінде эмиссиялайды ( ҚР – ның  ақша өлшемі – теңге), екінші  деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма – қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғаклар болса, ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке тұлға болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есепетеуіне жұмсалса өзара есептеу, негізінен, қолма – қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым коп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы дивидендтер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және т.с.с. түрінде беріледі.

     Қолма –  қол ақша негізінен халықтың  ақшалай табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін. салық, жарна, сақтандыру төлемі, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен жалгерлік ақы, айып пұл және т.с.с. төлеуге жұмсайды.

     Қолма –  қол емес ақша айналымы (төлем  айналымы) – ол банктегі шот  иесінің жазбаша бұйрығы бойынша  шоттағы ақша қалдығының өзгеруі  немесе ақшаның төлем құралы  ретіндегі қызметін атқару. Ол  бүкіл ақша айналымының басым  бөлігін ( 90 % - ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы өлшеулер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе оларды өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

 

 

- 5 -

       І. Ақшаның қызметі.

    • Құн өлшемі
    • Айналыс құралы
    • Төлем құралы
    • Жинақтау және қорлану құралы
    • Әлемдік ақша

     Экономикалық  категория ретіндегі ақшаның  мәні олардың қызметтерінде көрініс  табады, олар ішкі ақшаның негізін  және құрамын сипаттайды. Ақша  қызметінің әрқайсысы тауарлардың  айналымы процесінен шығатын  әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бірі жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтайды: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Марксв жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.

     Демек, олар  қазіргі кездегі және нарықтық  экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.

     Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық  еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады.

 

- 6 -

Ақшалар құн өлшемі қызиетінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгіілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

    Баға – тауарлар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады.  Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі кезінде  ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.

     Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т – А – Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналымы екі актіден тұрақты: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды саптып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Ол қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл  жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы

 

                                                              - 7 -

ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс  құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.

     Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге кредиттік қатынакстардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағжайжа Т – А – Т айналымы барысында Т – А және А – Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамдық жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы кредит берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналымы процесін бастамайды, оны анықтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар крелитке сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату – сатып алу  актін анықтамайды, кредитті жаба отырып, тек қана оны аяқталады.

     Нәтижесінде тауарларға  қатысты  ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.

     Егер ақшаның айналыс  құралы ретіндегі қызметі кезінде  ақша мен тауардың қарама – қарсы бір уақыттағы қозғалысы орын алса, ал ақшаның төлем құралы қызметінде бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы тауарды несиеге сатып алып сатушыға қарыз міндеттемесін береді, ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттады: «Бір тауар иесі қолма – қол тауарды сатады, ал екінші ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы кредит беруші болса, сатып алушы – қарыз алушы болады».

- 8 -

     Жинақтау және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады.

     Бірінші  актіде тауар сатылады да ақшаға  айналады, бұл  жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақшалар жинақтау құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі аұша және т.б түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды. Өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

     Әлемдік ақшалар. Әлемдік ақшалар ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы қаша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған: «Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлем құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айрбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрнеді. Халықаралық төлем құралы ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интерноционалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.

- 9 -

     1.1. Ақша айналысын басқару.

 

     Ұлттық  банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссияға шығаруы арқылы және банктерге сатып, қолма – қолсыз балама алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

     Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма – қол ақшаның инкассициялау тәртібін орнатады.

     Валютаны  өзгертуге тек қана Қазақстан  Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

     Ұлттық  банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

     Қолма – қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

     Қазақстан  Республикасында өз күштерін  енгізумен байланысты ақша банкноталарын  өндіру және коммерциялық банктерге  инкассациялауға лицензия беру бойынша, қолма – қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлдем өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегіде қолма – қол ақша түрінде толықтыру алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

     Эмиссия – бұл мемлекеттің банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қол түрінде де немесе қолма – қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

   

- 10 -

     Қолма – қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

     Қазақстандағы теңгенің  көп мқлшерде эмиссиялануының  негізгі себептерінің бірі кәсіпорындар  арасындағы дәстүрлі қолма қолсыз  есеп айырысулардың біртіндеп  қолма – қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

     Бірақ 1995 жылдан бастап жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.

     Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі дипозиттер сомасы кредит ақшаны құру үшін қажет потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырылған кезде кредит ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндей дипозит үшін міндетті резерв 15 аұша бірлігін құрайды, қалған 85 аұша бірлігі банк арқылы қарызға берілуі мүмкін.

     Депозиттік банктердің  эмиссиясын реттеу Ұлттық банктің ақша бағасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.

     Ақша бағасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта кредит корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк дипозиттерінің бөлігі ( бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер мен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады). Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетизация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетизация деңгейі жоғарылайды.

- 11 -

     ІІ. Ақша  жүйесі және оның даму кезеңдері.

     Әрбір мемлекеттің  өзіне тән ұлттық ақша жүйесі  болады.Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

     Ақша жүйесінің  типі: ақша – ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің типтері кездеседі:

  • Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
  • Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

     Әрбір мемлекетте  жалпыға ортақ құн эквиваленті  қабылданған металға байланысты  металл ақша жүйесі: биметаллизм  және монометаллизм болып бөлінеді.

     Алғашқы  капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

     Биметаллизмнің  үш түрі болған:

  1. Қатар жүретін валюта жүйесі-онда   алтын  мен  күміс  монеталардың

- 12 -

арақатынасы стихиялы түрде  металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

  1. Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
  2. “Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.

     Биметаллизм  жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.

     Биметаллизм  жүйесі өскелең капиталистік  шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған  қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңына айтылған “жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі.

 

- 13 -

     Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.

     Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.

     Патшалық  Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген  ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.

     Алғашқыда  алтын монометаллизм ақша жүйесі  ретінде ХYІІІ ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж., Австрияда – 1892 және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та 1900ж. енгізілді.

     Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмнің үш түрі болады.

   

                                                    - 14 -

     Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:

  • Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық қызметтерін тақарады;
  • Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
  • Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;
  • Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

     Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.

     Бірінші  дүниежүзілік соғыс бюджеттің  тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

     Алтын құймалы  стандарт – оның алтын монеталы  стандарттан айырмашылығы бұнда  алтын монета айналымы құймайды  және оны еркін соғу жойылды.  Алтын құймалы стандартта банкнотаның  белгілі бір сомасы алтын массасының  белгілі бір салмағына айырбасталды.

 

 

- 15 -

     Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.

     1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 16 -

     2.2. Ақша айналысы заңы

     Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы  көрінісі. Ол - тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ақшан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар байланысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға біріншіден, бір кезеңде, болуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

                             

     Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысы бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.

     Ақша тек  айналыс құралы ғана емес, сонымен  бірге төлем құралы қызметін  де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизігеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:

    

     Онда:

    А мөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша     мөлшері;

- 17 -

     Стб – сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;

     Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағатының сомасы;

     Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

Ақша айналысы және ақшаның даму кезеңдері