Ақша және оның мәні



                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ..........................................................................................3-бет

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I  Ақшаның пайда болуы және түрлері.

1.1 Ақшаның пайда болуы және оның мәні.............................4-бет

1.2 Ақшаның формалары мен түрлері...................................5-7-бет

II  Ақшаның қызметі, теориялары және олардың дамуы

2.1 Ақшаның қызметі..............................................................8-11-бет

2.2 Ақша теорияларының дамуы....................................... 12-13-бет

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................14-бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................15-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

        Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны-белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны-мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

    Ақшанаң пайда болуын түсіндіру үшін «тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».

Ақша – бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.Осы қызметті атқаратын ақшалар. Сөйтіп, бұл жұмыстың негізгі мақсаты, ақшаға өткен, бүгінгі  және болашақ позициясынан қарап, оның адам өмірі мен экономикада алатын рөліне тоқталу. Қоғамның бірте-бірте дамуы ақшаны қалыптастырды. Жалпы ақша дегеніміз ерекше тауар және  ол  байлық пен құнның бірігуі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I  АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1.1 АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

 

      Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А.Смит, Д.Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.

       Ақшаның пайда болуы,жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.

      Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алуышылық құны.

     Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады.Ал бұл ақшаның туындауы үшін обьективті алғышарттарды  қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны  және  құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады.Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

    Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:

      Құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи қасиеттеріне (біртектілігі, бөлінбеуі, өз қасиеттерін сақтау қабілеті, жоғары құны және т.б.) байланысты бөлу жүзеге асты. 1унция – 1фунт стерлинг. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан  алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен  анықталады, соның нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.

Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.

Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен  өрнектеледі:

     Ақшаның жалпы тікелей  айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде  әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;

          Ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда  салыстырады;

           Ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары  арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.

 

 

1.2 АҚШАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

 

      Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни  ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша  алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы  дегеніміз – ақшаның  белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

      Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрге бөлуге болады.

      Толыққұнды ақша – номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

     Толыққұнды емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға  билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

                              Ақша өзінің даму эволюциясында мынадай сатылардан өтті:

       Металдық;

       Қағаздық;

       Несиелік;

       Электрондық ақша.

Металл ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, алтын, күміс) әр түрлі флормада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монете түрінде шығарылды.

Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс, монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі III-II ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар  біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279 жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.

Ақшаның  рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті табиғи қасиет болып саналмайды.        К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама  рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін  тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады.

      Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

      Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

     Алтынды өндіру – өте қиын әрі капитал сыйымды жүмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек.

Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

        Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының  өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасызете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болды.Оларға ұсақ монеталар, қағаз  және несиелік ақшалар жатады.

      Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған  күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде  әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен  бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың обьективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни  олар мемлекет тарапынен мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.

      Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға  сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны  шығару шығындарына  тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана болуы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияға әкеледі.

      Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын – доллар, Ресей – рубль, Қазақстан – теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды  ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.

       Қағаз ақшалар сатып алу және тқлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны  (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы  айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және  төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін әшәнара жинақтау қызметін атқара алады.

        Қағаз – ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

      Несиелік ақшалар – айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

     Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының қажеттелігін қанағаттандырады.

Несиелік ақшалар өз дамуында мынадай сатылардан өтті: вексель, банкнота, чек, электронды ақшалар эәне олардың соңғы түрі – несиелік және пластикалық карточка.

Вексель – вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

       Аудармалы вексель (тратта) – вексель беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельде және аллонжда «аваль ретінде есептеу» деген жазумен рәсімделеді.

Вексель несие және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет етеді. Ол несиеге қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді.

Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды.

Банкнота – бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден,мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің  Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.

     Қазақстандағы  банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк  саналады, олар Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыздандырылмағын, бірақ банкноттардың несиелік негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне  сәйкес айналымға шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.

Банкноттық айналым кеңістіктегі ақшалардың әрекет етуін кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін атқаруын қамтамасыз етті.

Несиелік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.

Чек – бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға (ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.

    Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.

   Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолданылады.

    Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компьютерін компьютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

       Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды  «Интернет» желісі арқылы  сату-сатып алу кең өріс жайды.

 

 

 

 

II  АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ

2.1 АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

 

        Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі негізді, ақшаның құрамын өрнектейді. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы поцесінен шығатын  әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақша қызметінің  өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтады: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған екі қызметімен қатар барлығы 5 қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.

       Демек, олар қазіргі кездегі нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.

Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып құндардың барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қаматамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар алтын болып есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын  қоғамдық  еңбек шығындалады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы қызмет етеді. Бұл мынаны түсіндіреді, құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу  сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға  деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына  сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды қанша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.

Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады, бағалар масштабы – металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлщемімен құн ретіндегі тауарлар және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі  көлемі өлшенеді.

Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетін атқарудан қалды, яғни ол ақша  қызметін, соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын несиелік ақшалармен алмастырылды.

      Әрбір мемлекет өз құн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде теңге, Ресейде - рубль, АҚШ-та - доллар, Еуропалық Одақта - евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы – бұл құнның бір өлшемімен басқасына өту, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.

Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының  T-A-T 1 классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни  ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы  тиіс, яғни бұл қызметті  шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа өажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан  бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам.

     Несиелік ақшалар. Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарды сатып алу және сату актілері арасында  алшақтық пайда болады, дербес  болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының обьективті мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп, нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады. Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде, ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орындады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.

     Тауарлық айналымның ары қарай дамуы ақшаның осы қызметінің бір-бірінен бөлектенуіне әкелді, құн өлшемі қызметін толыққұнсыз ақшалар орындады, ал айналыс өлшемі қызметін - олардың белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарды.

Құн өлшемі ретіндегі ақша гиперинфляция кезеңінде  айналыс құралы қызметін атқармайды. Қазақстанда 1994-1997 жылдары тауар бағалары американдық долларда, немесе екі бағада: долларда және теңгеде белгіленді. Негізінен теңгедегі бағалар күн сайын долларға қатысты айырбас курсы негізінде қайта есептеліп отырды. Бұл мезетте теңгемен өрнектелген бағалар жедел өсті, доллардағы бағалар өзгеріссіз қалды. Бұл мына себепке байланысты болды, яғни айналыстағы ақша массасы тауар массасына қарағанда едәуір өсті, ол ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға әкелді.

      Айналыс құралы – тауарлар мен қызметтерді стаып алу үшін, сонымен бірге қарыздарды төлеу үшін қолданылатын ақшалар. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі  қызметінің айрықша белгілерінің бірі – бұл тауардың және де ақшаның қарама-қарсы қозғалысын белгілеу; оны қолма-қол ақшалар атқарады; өйткені бұл қызметте ақшалар тауарлар айырбасы кезіндегі ұшқыр делдал ретінде әрекет етеді; онда оны толыққұнды ақшалар емес,  оның орынбасарлары  - қағаз және несиелік ақшалар орындайды.

Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге несиелік қатынастардың  дамуы  нәтижесінде  ақшаның төлем құралы  деген тағы бір қызметі туындады.  Бұл жағдайда  T-A-T1  айналымы  барысында  T-A   және  A-T1 деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды, оны аяқтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар несиеге сатылады екен. Төлем  міндеттемені (неисені) өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату, сатып алу актін анықтамайды, неисені жаба отырып, тек қана оны аяқтайды.

Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес, сонымен бірге қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде, банктік қарыздарды  қорландыру төлемдерін, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде.

        Ақшаның төлем құралы  ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс шығындары қысқарады, төлемдер жеңілдетіледі және қолма –қол ақшалар айналыстан шығарылады. Сонымен қатар несиелік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар мен сатып алушыларды өзара байланыстырады, олардыі әрқайсысы тауарды несиеге сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері (жеткізушінің шоты бойынша) бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін (қарыз бойынша мерзімінен асып кеткен борыш, бюджетке төлем бойынша, еңбекақы бойынша және т.б.) жүргізеді. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экономикамызға аса зор материалды, моральдық шығын әкелді, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.

    Қазіргі кездегі қоғамда несиелік, электрондық ақшаның дамуы кезінде  есеп айырысудың басым формасы ретінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз есеп айырысу қолданылады, яғни төлем құралы ақша айналыс құралы қызметімен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді. Сонымен қатар төлем құралы қызметін қолма-қол ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішігірім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі қолма-қол ақшаларды қолданады: еңбекақаны төлеу, сыйақа беру, жәрдемақы, зейнетақы, стипендия төлеу, облигация, лотореялық билет бойынша ұтыстарды төлеу, тұтынушылық қажеттіліктерге және  ипотекаға несие беру, сонымен бірге халықтың коммуналдық қызметтер үшін төлемі және т.б.

       Жинақтау және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақ құралы ретінде әрекет етуін туындатады. Ақшаны жинақтаудың қажеттілігі қайтадан T-A-T1  айналымының екі құндық актіге T-A   және  A-T1  бөлінуімен байланысқан.

Бірінші актіде тауар сатылады және ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақша жинақ құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша және т.б. түрде сақтай алады. Бірақ ақша көбінесе осы қызметті орындайды, өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ол төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

Ақша және оның мәні