Ақша нарығы және валюталық биржалар
Ақша нарығы және валюталық биржалар
Задайте
вопрос по этому товару
Мазмұны
Кіріспе.......................
І АҚША НАРЫҒЫ ЖӘНЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАРДЫҢ
1.1 Ақшаның мәні
және қызметтері....................
1.2 Валюталы жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............18
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
2.1. ҚР-ның валюта нарығында
сұраныс пен ұсынысты
2.2 Валюталық қорлар........................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс
кезінде бір тауардың басқа бір
тауарға кездейсоқ
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде
ақшаның делдалдық етуімен
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндіруідіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Ақшаның түрлері
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
- толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);
- толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).
Мазмұны[жасыр]
|
[өңдеу] Толық құнды ақшалар
Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
[өңдеу] Mеталл ақшалар
640 Б.д.б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген.
Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар
VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және
Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда
болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың
пайда болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы
кездері айналыста алтын
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
- алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
- алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
[өңдеу] Толық құнсыз ақшалар
Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
- құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.
[өңдеу] Қағаз ақшалар
1896
Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
- металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
- эмиссиондықтабыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың, нақты құны арасыңдағы айырма) алу мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды шығаруы;
- бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек
қана айналыс құралы және төлем құралы
қызметін атақарды. Олардың айналыста
ұлғаюы мемлекеттің қаржы
[өңдеу] Несиелік ақшалар
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар:
- вексель;
- банкнота;
- чек.
[өңдеу] Вексель
Вексель (ағылш. bill note) — міндеттеме шоты) — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:
- Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
- Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударуып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың кебеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель — коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі:
- қаржылық;
- қазыналық;
- достық;
- бронзалық.
- Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
- Қазыналық вексель — бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
- Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі-біріне беріледі.
- Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
- дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
- даусыздық, яғни протесттуралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
- айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып келеді. Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиентеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн. теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, «домицилиант» — вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
[өңдеу] Банкнота
Банкнота (ағылш. Bank-note - банк билеті) орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
- мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3—6 айлық), ал, банкнота — мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
- кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиттерде
Классикалық банкнота — бұл банкнотаның алғашқы пайда болған нысаны ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
- жаратылысына қарай — қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота — ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
- эмиссиялау әдісі бойынша — қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны — Орталық банк шығарады;
- қайтарылуына қарай — классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
- ауыстырылуына қарай — классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың
алтынға ауыстырылуы
Жай банкнота — бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.
Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының зандылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:
- Шаруашылықты несиелеу жолымен;
- Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздыктың нәтижесінде 1993-1998 жылдары мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995—1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық Банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине, бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның орын алуы.
- ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамсыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
[өңдеу] Чек
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
- ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
- ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
- мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
- есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;
- жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
- кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
- біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
- екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
- үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
[өңдеу] Электрондық ақшалар
Электрондық ақшалар — компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар — пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка — оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық және халықаралық түрлерін кеңінен қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
2011 жылдың 1 ақпанындағы
жағдай бойынша 20 банк және
«Қазпочта» АҚ нақтылы түрде
төлем карточкаларын шығаруды
жүзеге асыруда. Екінші
Мысалға Темірбанкі АҚ-ның шығаратын және қызмет көрсететін төлем карточаларының түрлері 2- қосыша бетте берілген.[1]
[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ……………3
І бөлім. АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.2 Ақшаның пайда болу тарихы…………..5
1.2 Ақшаның түрлері…………..9
1.3 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы……….15
ІІ бөлім. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
2.1 Ақша айналысының сипаттамасы……….19
2.2 Ақшаның металдық тнориясы және метал ақша айналысы………22
2.3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы…….23
ІІІ бөлім АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ
3.1 Ақша жүйесі ұғымы және оның түрлері……..26
3.2 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы……….28
Қорытынды………33
Қолданылған әдебиеттер………35
Қосымшалар……..36
КІРІСПЕ
“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы қурстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша — ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
- ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
- онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
- тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі — мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, оның түрлері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы туралы айта кетемін.
Екінші бөлімде – ақша айналысы туралы,толығырық айтқанда ақша айналысының сипаттама,ақшаның металдық және номиналистік теориясы, қағаз және метал ақша айналысына тоқталамын.
Үшінші бөлімінде- ақша жүйесі және Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасына тоқталамын.
Курстық жұмыстың мақсаты :
-ақшаның пайда болуы,
мәні және қызметтері
Курстық жұмыстың міндеті:
- ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
- Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден,мазмұннан,үш бөлімнен,қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

- Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
- Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
- Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары
- Ақша нарығының мәні мен мағынасы
- Ақша несие
- Ақша несие жүйесі
- Ақша несие саласындағы қылмыстарды саралау.
- Ақша қаражаты,құндық қағаздары
- Ақша қаражатының есебі
- Ақша қызметі
- Ақша қызметтері
- Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы
- Ақша нарығы
- Ақша нарығы, ақшаға сұраныс және ұсыныс