Ақша қаражатының есебі

Ақша қаражаттарының есебі

Кәсіпорын күнделікті ағымды шаруашылық іс-әрекетінде нақты ақша қаражаттары қажет болып тұрады. Кәсіпорынның ақша қаражатттары кәсіпорынның кассасында сақталып, керекті бағытта  жұмсалып отырады. Касса ақша қаражаттарының сақтығын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған орын. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің талаптарына сәйкес касса арнайы тәртіпке сәйкес жабдықталуы қажет, яғни ол бөлек бөлмеде орналасуы қажет, есігі темірленіп, терезелеріне темір тор салынуы тиіс. Кассалық операцияларды кассир жүргізеді. Кассирмен кәсіпорын материалдық жауапкершілік жөнінде арнайы келісім шартқа отырады. Кассир өз қарауындағы ақша қаражаттарының сақтығына жауапты тұлға болып табылады және жұмысқа қабылданған кезде кассирдің міндеттерін толтырады. Кәсіпорында кассалық операциялар дер кезінде алғашқы құжаттармен куәландырылып отырады. Кассаға ақша қаражаттар кіріс кассалық ордер негізінде кіріске алынады (приходно кассовый ордар ПКО). Бұл құжатты кассир толтырады. Бұл құжатта міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетіледі: кәсіпорынның аты, құжаттың аты, толтырылған күні, қабылданған ақша қаражатттарының соммасы, корреспонденцияланатын шоттар, кімнен және не үшін ақша қабылданды, қабылданған ақша қаражаттарының соммасы жазбаша түрде, кассирдің қолы.

Кіріс кассалық ордердің түбіртегі ақша қаражаттарын төленген тұлғаның қолына беріледі. Кассадан шығындалған ақша қаражаттар шығыс кассалық ордермен куәландырылады. Бұл құжатта міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетіледі: кәсіпорынның аталуы, құжаттың аты, құжаттың толтырылған күні, корреспонденцияланатын шоттар, кімге және қандай мақсатқа берілгені, берілген соманың саны мен кейін жазбаша түрдегі үлгісі, ақша қаражаттарды алған тұлғаның қолы, бас бухгалтер және кассирдің қолы.

Кіріс және шығыс кассалық ордерлер міндетті түрде кіріс және шығыс құжаттардың тіркеу ктіабында тіркеледі. Күнделікті кассир кассалық операцияларды кассалық кітапта жүргізеді. Күнделікті кассир кассалық кітаптың кіріс және шығыс графаларына жазуларды енгізіп отырады. Кассалық кітапта кассир келесі мәліметтерді көрсетіп отырады: кіріс және шығыс кассалық ордарі, ақша қаражаттар кімнен және кімге берілгені, корреспонденцияланатын шоты, кіріске алынатын және шығысқа алынатын сома. Әр күннің соңында кассир кіріс және шығыс графалары бойынша сомаларды есептеп, соңғы қалдықты анықтайды. Кассир әр 5-10 күн сайын бухгалтерияға есеп өткізеді. Кассирдің есеп беруі болып кассалық кітаптың екінші данасы және оған түптелген кіріс және шығыс ордерлері табылады. Кәсіпорын бухгалтериясында кассалық операциялардың есебіне номері 1010 синтетикалық шот арналған. Бұл шот активті, ақшалай шот болып табылады. Дебетінде ақша қаражаттарының ұлғаюы, кредитінде ақша қаражаттарының азаюы көрсетіледі. Кәсіпорынның кассасына ақша қаражаттар келіп түскенде келесі бухгалтериялық өткізбелер құрылады:

  1. Кассаға банктегі ағымдағы  шоттан ақша қаражаттары келіп түссе

Дт. 1010  Кт.1030

  1. Кәсіпорын кассасына сатып алушылардан төлемдер түссе

Дт. 1010  Кт.1210

  1. Кәсіпорын кассасына есеп беруші тұлғадан ақша қабылданды

Дт. 1010  Кт.1250

Кәсіпорынның  кассасынан ақша қаражаттары шығындалғанда  бухгалтерияда келесі бухгалтериялық өткізбелер құрылады:

  1. Кәсіпорын кассасынан банктегі ағымдағы шотқа ақша қаражаттары аударылса

Дт. 1030  Кт.1010

  1. Кассадан жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төленсе

Дт.3350  Кт.1010 (төлем тізімдеме)

  1. Кассадан жабдықтаушыларға төлемдер төленсе

Дт. 3310  Кт.1010

  1. Кассадан есеп беруші тұлғаға ақша берілсе

Дт. 1250  Кт.1010

Кассадағы ақша қаражаттарының нақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен жоспалы және кездейсоқ түгелдеу  жүргізіледі.Түгелдеу нәтижесінде кассадағы ақша қаражаттарының жетіспеушілігі анықталса келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады: 

Дт. 1250/2; 1280  Кт. 1010

  1. Кассир материалдық зиянның орнын толықтырса

Дт. 1010  Кт. 1250/2; 1280

  1. Материалдық зиян бойынша ұсталым кассирдің еңбек ақысына өтелетін болса

Дт. 3350  Кт. 1250/2; 1280

  1. Түгелдеу нәтижесінде кассада ақша қаражатының артық шыққаны анықталса
  2. Дт. 1010  Кт. 1250/2; 1280

Кәсіпорындар мен ұйымдар  өздерінің ақша қаражаттарын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерден ағымды шотты ашуы тиіс. Банк арқылы кәсіпорын өздерінің барлық есеп айырысуларын жүзеге асырады. Банкте ағымды шотты ашу үшін кәсіпорындар мен  ұйымдар банкке келесі құжаттарды өткізеді:

  1. Банкте ағымды есеп айырысу жөнінде өтініш;
  2. Кәсіпорынның бекітілген жарғылық капиталының көшірмесі (нотариалды түрде расталған);
  3. Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі. Саылқ органынан салық төлеуші ретінде тіркеу өткен анықтама;
  4. Зейнетақы қорынан анықтама;
  5. Кәсіпорынның басшысының, бас бухгалтерінің қолтаңбасы қойылған, сондай-ақ ксәпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка.

Банктегі ағымдағы шот  бойынша операциялар Ұлттық банк ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Әдетте төлемдердің барлығы қолма-қол  ақшасыз тәртібімен жүзеге асырылады. Қандайда болмасын заңды тұлғалар, яғни кәсіпорындар мен ұйымдар басқа  кәсіпорындармен банктегі ағымдағы есеп айырысу шоты арқылы алынған  тауарлар мен материалдық құндылықтар және көрсеткен қызметтері үшін төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Қандайда болмасын заңды тұлғалар, яғни кәсіпорындар мен ұйымдар басқа кәсіпорындармен банктегі ағымдағы есеп айырысу шоты арқылы алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және кқрсеткен қызметтері үшін төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Кәсіпорынның банктегі ағымдағы шот бойынша нақты ақшасыз есеп айырысу операциялары ҚР-ң ақша төлемімен аударылу туралы заңына сәйкес жүргізіледі. Аталған заң бойынша банк кәсіпорын ақша қаражаттарын ағымдағы шоттарда сақтайды. Сол шотқа келіп түскен ақшаны қабылдайды. Оларды аудару, беру және басқа да операциялар жүргізу жөнінде бұйрығын орындайды. Ксіпорындар банктегі ағымдағы шоттарда нақты ақшаның қабылдануы және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп ауырысуын банктердің өзі бекіткен құжаттар негізінде орындайды:

  1. Қолма-қол ақша салуға хабарлама;
  2. Төлем тапсырма;
  3. Төлем талап тапсырма;
  4. Чек.

Әр ай сайын банк кәсіпорынға  есеп айырысу шотының көшірмесін беріп отырады (выписка с текущего расчетного счета).

Кәсіпорын бухгалтериясында ағымды шоттағы ақша қаражаттарының есебіне активті 1030 шоты жүргізіледі. Ағымды шотқа ақша қаражаты келіп  түскенде келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

  1. Ағымдағы шотқа кәсіпорынның кассасынан ақша түскенде

Дт. 1030  Кт. 1010

  1. Ағымдағы шотқа үлес қосушылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде ақша қаражаттары қабылданса

Дт. 1030  Кт. 5110

  1. Ағымды шотқа сатып алушылардан ақша түскенде

Дт. 1030  Кт. 1210

  1. Ағымдағы шотқа банк несиелері кірістірілгенде

Дт. 1030  Кт. 3010

  1. Ағымды шотқа есептелінген проценттер, дивиденттер түскенде

Дт. 1030  Кт. 1270

  1. Ағымды шотқа желгерлік төлемдер қабылданса

Дт. 1030  Кт. 1260

  1. Ағымды шотқа еншілес серіктестіктен ақша қаражаттары қабылданса

Дт. 1030  Кт. 1220

Ағымды шоттан ақша қаражаттары  шығындалғанда келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

  1. Ағымды шоттан ақша қаражаттары кассаға аударылғанда

Дт. 1010  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке корпорациялық табыс салығы төленсе

Дт. 3110  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығы төленсе

Дт. 3130  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан жеке табыс салығы төленсе

Дт. 3120  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан бюджетке акциздер төленсе

Дт. 3140  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке әлеуметтік салық төленсе

Дт. 3150  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан жер салығы төленсе

Дт. 3160  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан мүлікке салық төленсе

Дт. 3180  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан көлік құралдарына салық төленсе

Дт. 3170  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан өзге де салықтар төленсе

Дт. 3190  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан әлеуметтік сақтандыруға міндеттемелер төленсе

Дт. 3210  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан зейнетақы қорына алымдар жасалынса

Дт. 3220  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан еншілес серіктестікке кредиторлық берешек төленсе

Дт. 3320  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан жалгерлік төлемдер төленсе

Дт. 3360  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан төленуге тиісті пайыздар өтелінсе

Дт. 3380  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан өзге де есептелінген шығындар өтелінсе

Дт. 3390  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан банк несиелері өтелінсе

Дт. 3010,4010  Кт. 1030

  1. Ағымды шоттан банк коммиссиясы төленсе

Дт. 7210  Кт. 1030

  1. Ағымды шотта ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне байланысты банкке шағым талап қойылса (соммалар қате шығысқа жатқызылса)

Дт. 1280  Кт. 1030

  1. Ағымды шотқа шағым талап бойынша төлемдер түскенде

Дт. 1030  Кт. 1280

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикамыздың нарықтық қатынастарының дамуына байланысты кәсіпорындар өзінің сыртқы экономикалық байланысын нығайтуы мүмкін. Валюталық  операциялар кәсіпорындар мен ұйымдар  ҚР-да валюталық реттеу заңына сәйкес жүргізеді. Банкте валюталық шот  ашу тәртібі ағымды шотты ашу  тәртібімен бірдей (ағымды шотты ашқан  кезде өткізілетін құжаттар өткізіледі). Калюталық шот бойынша операциялар  кіріс валюталық және шығыс валюталық  ордер, шетел валютасын аударуға өтініш және валюталық шоттың көшірмесі  негізінде жүргізіледі. Валюталық  шот бойынша операциялар есебі  активті 1030 (1031) шотта жүргізіледі. Бұл  шоттың дебетінде валюталық ақша қаражатының ұлғаюы, ал кредитінде азаюы. Валюталық шот бойынша  жүргізілетін операциялар кәсіпоырн  бухгалтериясында келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

  1. Валюталық шотқа ағымды есеп айырысу шотынан ақша аударылса

Дт. 1031  Кт. 1030

  1. Валюталық шотқа банк ниесиелері кірістірілсе

Дт. 1031  Кт. 3010,4010

  1. Валюталық шотқа сатып алушылардан төлемдер түссе

Дт. 1031  Кт. 1210

  1. Валюталық шотқа үлес қосушылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде ақша қаражаттары қабылданса

Дт. 1031  Кт. 5110

  1. Валюталық шотқа кәсіпорынның кассасынан ақша қабылданса

Дт. 1030/1  Кт. 1010

  1. Валюталық шоттан жабдықтаушылардың қарызы өтелсе

Дт. 3310  Кт. 1031

  1. Валюталық шоттан банк несиелері бойынша қарыздар өтелінсе

Дт. 3010,4010 Кт. 1031

  1. Валюталық шоттан ағымдағы есеп айырысу шотына ақша қаражаттары аударылса

Дт. 1030  Кт. 1030/1

Кәсіпорынның валюталық  шотындағы ақша қаражаттарының есебі  валютамен және операциясы орындалған уақытқа ҚР-ң Ұлттық банкі бектікен бағам бойынша ұлттық валютаға айналдырылып жүргізіледі. Бұл жағдайда шетелдік валютамен ұлттық валюта арасындағы бағамдық айырма туындауы мүмкін.

Бағамдық  айырма дегеніміз – шетелдік валютаның сомасы ұлттық валютаның сомасына қарай бағамының өзгеруі. Көбіне бағамдық айырмалар импорттық, экспорттық операцияларды жүзеге асыруды туындайды. Яғни дебиторлық және кредиторлық берешектерді өтеу кезеңінде болған өзгерістердің нәтижесінде пайда болады.

Бағамның жағымды дамыған  кезінде жағымды айырма және ол кәсіпорынға  кіріс әкеледі. Ал жағымсыз болғанда кәсіпорынға шығыс әкеледі.

1)Мысалы: 1  қаңтарда кәсіпорын шетелдік жабдықтаушылардын материалдар сатып алды. Келісім шарт құрған күніндегі доллардың бағамы 148 тг болған, ал жабдықтаушылармен есеп айырысу 5 ақпанда жүзеге асырылған, сол күндегі доллар бағамы 150тг болды.

Жабдықтаушылардан шикізаттар мен материалдар қабылданды

Дт. 1310  Кт. 3310 – 2000$ *148=296000

Банктегі ағымдағы шоттан жабдықтаушыларға қарыздар төленді 

Дт. 3310  Кт. 1030  – 2000$ *150=300000

Жағымсыз бағамды айырма есептелінді

Дт. 7430  Кт. 3310      - 4000

Жағымсыз бағам айырма қорытынды зиянға жойылды 

Дт. 5610  Кт. 7430

 

Егер операция керісінше  болған жағдайда

      Дт.        Кт.

    1310       3310  -2000*148=296000

     3310              1030  -2000$ *150=300000

    3310              6250  - 4000

2)Мысалы: 1 қаңтарда кәсіпорын  шетелдік сатып алушыларға 2500$ тауарларды өткізді (шот фактура жазылған күні) сол күндегі доллардың бағамы 149 тг. Сатып алушылардан төлемдер 10ақпанда түсті. Сол күндегі доллардың бағамы 151 тг болды.

      Дт.        Кт.

    1210       6010  -2500*149=3725000

   (сатып алушы)

     1030              1210  -2500$ *151=377500

    1210              6250  - 5000

    6250              5610  -5000

    5610              5510   -5000

  1. Дайын өнім сатып алушыға тиелді
  2. Банктегі ағымдағы шотқа сатып алушылардан төлемдер түсті
  3. Жағымды бағамды айырмадан кіріс есептелінді
  4. Жағымды бағамды айырма қорытынды пайда есептелінді

 

Керісінше болған жағдайда

   Дт.           Кт.

1210       6010  -2500*149=3725000

  1030         1210  -2500$ *151=377500

7430         1210  - 5000

5610          7430  -5000

5510             5610   -5000 қаржылық анықталды,  таза шығыс анықталды

Сонымен бағамдық айырмалар  кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етеді, яғни жағымсыз бағам айырма кәсіпорынның шығындарын ұлғайтады, ал жағымды бағам айырма кәсіпорын кірісін арттырады. Сонымен жағымды және жағымсыз бағам айырмалар кредиторлық және дебиторлық қарыздарды арттырып немесе азайтып отырады. Валюталық шотта сақталынып тұрған бағамдық айырмалар бойынша бағамдық айырманы есептеу қиындық туындатпайды, өйткені ондай айырмашылықтарды қызмет көрсетуші банктің өзі есептейді және шот иесіне валюталық шоттың көшірмесі арқылы хабарлайды.

Банктегі валюталық шотта  сақталынып тұрған ақшалай қаражаттар бойынша жағымды бағам айырма есептелінсе клесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

Дт. 1031  Кт. 6250

Банктегі валюталық шотта  сақталынып тұрған ақша қаражаттары  бойынша жағымсыз бағам айырмасы есептелінсе:

    Дт. 7430  Кт. 1031

 

Қолма-қол ақшасыз  есеп айырысудың нысандары 

ҚР-да заңды тұлға болып  құрылған кәсіпорындар мен ұйымдар  төлемдерді қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың келесі нысандары бар:

  1. Төлем тапсырмасы
  2. Төлем талап тапсырмасы
  3. Акредитив
  4. Чек
  5. Инкассалық үкім
  6. Вексель
  7. Төлем карточкалар

1. Төлем тапсырма. Бұл ақша жіберуші тұлғаның қызмет көрсететін банкке толтырған тапсырыста көрсетілген соманы бенефициардың шотына аудару туралы тапсырмасы. Төлем тапсырыспен әдетте жабдықтаушылармен алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар жүзеге асырылады, сонымен қатар басқа да тауарлы емес операциялар да жүргізіледі. Яғни бюджетке салықтар, зейнетақы қорына төлемдер, басқа да кредиторлық қарыздар. Төлем тапсырма төлемдерді жүзеге асыру бойынша негізгі құжат болып табылады және онда міндетті түрде келесі деректемелер көрсетілу керек:

1. Ақша жіберуші заңды тұлғаның  аталуы;

2. Салық төлеушінің тіркеу  нөмірі (СТН, РНН);

3. Ақша жіберуші тұлғаның  банкі;

4. Бенефициардың аталуы;

5. Бенефициардың СТН (РНН);

6. Бенефициарға қызмет көрсететін банктің аталуы;

7. Төлеуші мен бенефициардың ағымды шоттарының нөмірлері;

8. Алынған тауарлы материалдардың  құндылықтардың немесе көрсетілген  қызметтердің сомасы, қосылған құн  салығы;

9. Тауар алынған немес  қызмет көрсетілген мерзімі;

10. Келісім шарттың нөмірі;

11. Кәсіпорын басшыларының,  бас бухгалтердің қолы және  кәсіпорынның мөр таңбасы. 

2. Төлем талап тапсырмасы.  Есеп айырысуда банефициар алушы банкке тиелген дайын өнімдер, тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем (талабы) туралы ақша жіберушіге талабы бар көрсетілген талаптарды растайтын құжаттар ретінде ұсынылатын есептік құжат болып табылады. Бұл  есеп айырысудың нысаны тауарлы операцияларда қолданылады да төлеушінің акцептіне негізделеді. Акцепт – тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтер және істелінген жұмыстар үшін жабдықтаушыға төлем талап тапсырысты төлеушінің рұқсаты. Бенефициар бенефициардың банк ісіне төлем талап тапсырысын және төлем талап тізімін (реестрін) ұсынады. Ол бенефициардың барлық деректемелерінің толық толтырылғанын тексеріп оны ақша жіберуші банк ісіне жөнелтеді.

3. Жүйе акаредитив  – бұл ақшасыз есеп айырысудың 1 түрі, көбіне қала аралық есеп айырысуларды жүргізуге негізделген. Яғни басқа қалалық жабдықтаушылармен есеп айырысу. Аккредитив өтініштегі шарттарға байланысты тиелген тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер жүргізуге жабдықтаушы банк ісіне тапсырыс.

4. Чек – ақшалай чек арқылы сатып алушылар мен жабдықтаушылар арасында тауарлы операциялар бойынша төлемдер жүргізеді.

5. Инкассалық үкім – ақша өндіру туралы салық комитетінің үкімі немесе сот шешімдері және т.с.с. басқа да заңнамалық актілер негізінде төленетін төлемдер. Инкассалық үкім арқылы банк шот иесінің келісімінсіз тиісті сомаларды алушыларға төлемдерді жүзеге асырады. Яғни салықтарды мәжбүрлеп төлеу шараларын жүзеге асырады.

6. Вексель – бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қатаң нысанда берілетін төлемқұжат. Яғни вексель ұстаушы мен вексель алушы арасында тауарлы операциялар бойынша жүретін құжат. Вексель арқылы вексель ұстаушы мен вексель алушының арасында вексельді көрсетілген ақшалай міндеттердің , сонымен қатар пайыздардың мөлшерлемесі көрсетіледі. Вексель арқылы вексельдегі ақша сомасын вексель ұстаушыға төленетіні туралы вексель берушің кепілі расталады. Вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады. Вексель бойынша вексель беруші вексель алушыға алынған тауарлар  үшін негізгі төлемдермен қатар пайыздық мөлшерлемені де төлейді, яғни несиелеудің бір түрі де болып табылады. 

7. Төлем карточкалары- ақша қаражаттарына электронды терминал немесе басқа да қондырғылар арқалы қолжеткізу.

Ак-в және чек кітапша-ғы ақша қаражаттар 1061 активті «ак-в», 1062 «чек» кітап-ғы ақ. Қор. Шоттарында есепке алынады.

Шаруашылық операц.мазмұны

Дт

Кт

1

Ак-ке б.а. шоттан ақша қаражаттары  салынса яғни ак-в ашылса

1061

1030

2

Қойылған ак-в есебінен жаб-ң шоттары өтелінсе

3310

1061

3

Ак-в ағымды шотқа қайтарылса

1030

1061

4

Ағымды шоттан чек кітап-на ақша салынса

1062

1030

5

Чек кітапша арқылы жаб-ң  шоттары өтелінсе

3310

1062

6

Чек кітап-ғы пайдаланбай  қалған сомма ағымды шотқа қайтарылса

1030

1062


 

Есепберуші тұлғалармен  айрысудың есебі. Шаруашылық қызметтің  барысында кәс-н қызметкерлері  шару-қ мүддесімен іссапарға жіберілді.  Е.б.т-р шар-қ және әкімшілік мақсаттарда  кеңсе тауарлардан басқа да материалдық  активтерді нақты ақшаға сатып алуға  ақша қаражатын жұсмсап отырады. Мұндай шығындарды банк арқылы төлеу  мүмкін емес. Сондықтан, кәс-н қызметкерлерге нақты ақша беру арқылы айтылған шығындар б-ша төлем жасайды. Берілетін ақшаның  көлемін кә-н басшысы бекітеді.

Тек содан кейін ғана кассадан аванс беріледі.Қызмет-ге нақты ақша берілгн сәттен бастап ол кә-ға есеп беруші тұлға ретінде танысады. Іс-сапарға  баратын тұлғаға ақша барып келуіне, яғни жол журу билетінің құны, тәуліктік  тамағына, қонақ үйін жолдауына, сонымен  қатар мат-р мен басқа да заттың сатып алуына шығындалатын шығындар ретінде көлемінде де беріледі.

Тәуліктік тамақ ішуіне «Салық кодексінде» 6 АЕК мөлшерінде беріледі есеп беруші тұлға іс-сапардан қайтып келген сәтте 3 күн аралығында алынған  ақшасы үшін бух-я алдында есп  береді. Ол үшін шығындарды растайтын  құжаттар негізгінде аванстық есеп беру құжаты толтырылады. Оған қоса жол жүру билеттері қонақ үй квитанциясы  дүкеннің чектері, шот фактуралары  өткізіледі. Аванстық есеп беру құжатын  кә-н бух-сы тексеріп, құжаттар мен  расталған шығындарды ғана бекітеді.

Іс сапарға барған тұлғаның  жол жүру уақытын анықтау мақсатымен іс-сапарға шыққан күні, іс-сапардан қайтқан күндері жазылып, ІІ-і  кәсіпорын мөрлері басылады. Есеп беруші тұлғаға іс-сапар куәләгә  негізінде, кассадан шығыс-кассалық ордері негізінде ақша беріледі. Есеп беруші тұлғаға іс-сапарға кассадн ақша берілгенде, номер 7 журнал ордерінде  келесі бух-к өткізбе құрылады.

Шаруашылық операц.мазмұны

Дт

Кт

соммасы

1

Кассадан есеп беруші тұлғаға  ақша берілсе

1250

1010

10 000

2

Есеп беруші тұл-н матер-р  қабылданса

1310

1250

5 000

3

Құжат-н расталған іс-сапар  шығ-ы кәсіп. шығ. ж.

7210

1250

4 000

4

Толығымен шығындал-н сома кәсіп-н касса-на қайт.

101

1250

-

5

Егер есеп беруші тұлға  іс-сапарға бер-н соманы артық шығындап, оны құж-н растаса ол соманы есеп беруші тұлғаға толы-п беріл-ді.

1250

1010

-


 

Есеп беруші тұлға болып  кәсіп-ң қойма меңгерушісі,кассир және басқа да жауапкершілігі бар  тұлғалар саналады.Мұндай  тұлғамен кәсіпорын материалдық жауакершілік жөнінде арнайы келісімшаотқа отырады.

Ол шартта тұлға өз қарау-ғы құндылықтардың бәріне жауакершілігін моындатады.Есеп беруші тұлға-ң өз жауапкерсіздігінен құн-р жоғалатын болса,ол зиян-ңорнын өтеуіне міндеттеме алатынына келісімне  қол қояды.

Есеп беруші тұлға кінәсінен  болған материалдық жауапкершілік-ң  сомасына келесі бух-к өтк-бе құрылады.

    1. Есеп б.т-ң кінәсінен материалдық,тауарлардың.

Шаруашылық операц.мазмұны

Дт

Кт

соммасы

1

Кәсіпорын-ң шекен материалдық  зиянын есеп беруші тұлға нақты ақшамен  өтесе

1010

1250

-

2

Материалдық зиянды есеп б.т-ң  еңбек-н ұсталынса 

1250

1350

-


 

 

 

Несиелік қатынастар және банкнесиелерінің есебі.

Несиелер кәсіпорынның міндеттемесі болып табылады. Міндеттеме д/з- өткен  кезең  оқиғ-н пайда болған ,келешек  кезеде оның реттелуі экономикалық пайдасы  бар ресерстық ағымына әкеліп соғатын субъект-ң берешегі. Міндеттеме бір тұлғаны екінші тұлғаға алдын-ғы орынд-н жұмыстар,көрсет-н қызмет-р,мүліктерді сатып алғаны үшін,ақшалай  қаражат-ды қарызға алынғаны үшін төлеуге тиісті берешегі. Міндет-р 2-ге бөлінеді:1)ағымдық  /қысқа мерзімді/,2) ұзақ мерзімді/1 жылдан көп/

Міндеттемелердің тағы бір  түрі несие болып саналады. Несие  пайыз түрінде үстеме төлем төлеп,қайтару  шартымен қарызға берілген ақшалай  қаражаттар. Несиені  ресми мәртебесі  бар,төлем қабілет-гі бар кәсіп-ға,ұйымдарға  мерзімдік,төлемдік,қайтарымд-қ негізінде  беріледі.