Ақша-несие саяасатының теориялық негізі
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Ақша-несие саяасатының теориялық
негізі ..............................
2. Ақша-несие саясатының жүзеге асыру
бағыты........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі
ақша - несие саясатын үкіметтің
шамадан тыс үстеміне және дербес
индивидумдардың шаруашылық дербестігінің
азаюына тудырмайтын
Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың
Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:
- ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру;
- ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру;
- ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие саясатын талдау;
- қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі прблемаларды қарастыру;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру;
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеу процесінде шешуге қажетті мақсаттар мен міндеттер анықталған, жұмыстың құрылымдық мазмұны берілген.
Сонымен қатар заңдық, нормативтік базалар, оқу-әдістемелік құралдар, шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың монографиялары, периодикалық баспаның материалдары, интернет-сайтының материалдары пайдаланылды.
1. Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Өндірісі дамыған елдердің экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие саясаты өте белсенді қолданылады. Бұл ертеден келе жатқан экономиканы реттеудің алғашқы формаларының бірі екені белгілі. Ақша-несие саясаты әр-түрлі позициядан аса талғамды болып қарастырылады. Тарих позициясынан қарағанда, оның мүмкіндіктері 30-шы жылдарда дүниежүзілік экономикалық кризис кезінде шығып жүрген еді, сол кезде оның ролі қарастырылған еді. Теорияның көзқарасымен зерттегенде макроэкономикалық көрсеткіштер ақшаның ауыспалы мәндерінен тәуелді: яғни айналыстағы ақша көлемінің өзгерісі өндірісті, айырбасты, тұтынуды, жалпы сұранысты қозғауы мүмкін. Эмпирикалық позициядан қарағанда: екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция өте төмен пайыздық ставканың деңгейіндегі экспансиялық ақша-несие саясатымен арандатылған еді, ал рестрикциялық саясат оның дамуын тоқтататын белгілерін анықтап берді. Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясын және тактикасын анықтау алдымен теориялық принциптерін анықтауды және оның ішкі механизмдерін ашуды талап етеді. Өзіміз білетіндей, ақша-несие саясатында схемалық түрде екі ірі мектепті бөліп көрсетеді – кейнсиандық және монетарлық.
АҚШ-тың экономикалық ғылымында ең ірі танымал кейнсиандық лагерь болып табылады, әсіресе П. Самуэльсон, Ф. Модильяни және Дж. Тобин. Олардың жұмыстары экономиканың ресми танылған ілімінің негізін қалайды. Оларпдың «жалпы теориясының» негізгі мақсаты - әрбір макроэкономикалық теория міндетті түрде ақшалай болатынын дәләлдеу, бұдан ақшалай феноменнің макроэкономикалық анализде кездейсоқ түрде маңызды болып саналады. Сонымен қоса бұл ілім өзінің бойына соңғыкейнсиандық ақша нейтрализмінің өркендерін қамтыған еді.
Келесі концептуалдық бағыт 50-ші
жылдардың ортасында
Егер кейнсиандықтар ақша-несие саясатынның рөлін бюджет саясатының немесе табыстарды бақылау саясатының пайдасына шешсе, монетаристтер ақша-несие саясатының өзін таңдағанды қалайды. Олардың келіспеушілігі тек мына әдістемемен ғана пайда болған: біріншілері саясаттың тиімділігін әрбір жеке жағдайдың негізінде болатынын айтады, ал екіншілері барлық нәтижелер кешенінің негізінде болатынын айтады.
Фишер айналыста жүрген ақшаның көлемінің өзгеру эффекті экономикаға әсері тимейінше ақшаның сандық теориясы дұрыс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Бірақ ол сонымен қатар бұл теорияның нақты «өтпелі кезеңдерде» түзелетінін түсіндіреді, оның қадамында ақша санының өзгерісі олардың айналысының жылдамдығына, өндіріс және келісімдердің көлеміне, бағалардың жалпы деңгейіне әсер етеді. Басқаша айтқанда, оның әртүрлі анықталатын факторлармен ұзақ мерзімді экономикалық концепциясы, экономикалық циклдің ақшалы теориясымен қамтамасыз етіледі.
Алдымен кейнсиандықтардың
Кейнс макроэкономикалық анализ тек ақшалай болатынын нақты түрде айтқан. Ақшаның маңыздылығын көрсету үшін ол анализдің класикалық схемасын керісінше өзгертті, яғни жұмысшылардың толық жұмыспен қамтылуы автоматты түрде нақты жалақының өзгеруіне байланысты қамсыздандырылады. Кейнстің схемасы бойынша керісінше: жалпы сұраныс өндірісті анықтайды, оның деңгейі толық жұмыс бастылыққа жету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Ақша жалпы сұраныстың айқындалуына жағдай жасап стратегиялық маңызға ие: олардың жеткіліксіздігі жұмыссыздықтың немесе артықшылығы инфляцияның қайнар көзі болуы мүмкін.
Дегенменде, қарыз капиталына деген ұсыныс пен сұраныс пайыздық ставканы анықтайды. Кәсіпорын иелері капиталдың шекті тиімділігі (немесе қаржы салудың рентабельділік нормасы) пайыздық ставкаға тең болып тұрғанша қаржы салып отырады. Өз алдына жалпы табыстың өсімі қаржы салудың өсімінен шығып қысқа мерзімді болып табылады. Сондықтан, айналыстағы ақша массасын өзгерте отырып монетарлы өкімет табыс өсімінің бәсеңделуіне немесе тездетілуіне әсер етеді.
Бұл кезде депрессияның кейнсиандық схемасы келесі түрде бейнеленуі мүмкін. Белгілі бір себептермен нақты сұраныс төмендеді делік. Жалпы бұл төмендеуді кәсіпкерлер біле алмайды, олар өздерінің болжамдарында өткен кезге қарайды. Сөйтіп олардың болжамы қате болып, олар тауарды аз сатып қояды да қоймада өнім көбейіп қалады. Артық өнімді азайту үшін олар өндірісті қысқартады. Кәсіпкерлердің бұл іс-әрекеті өндірістің көлеміне бағытталып, сонан кейін бағаға да бағытталады, ал материал құндылығы нарығында тепе-теңдік бұзылып, бұрынғы бағалар тепе-теңдік жағдайының бағасы болып табылмайды.
Тепе-теңдіктің бұзылуы
Бірақта жалпы табыстың төмендеуі қарыз капиталына деген сұранысты төмендетіп, пайыздық ставканың төмендеуіне алып келеді. Ақша-несие өкіметтері экспансия саясатын ұстанып бұл тенденцияны күшейтіп жіберуі мүмкін. Егер де пайыздық ставканың төмендеуі кәсіпкерлерді үлкен инвестицияларды салуға итермелесе, онда жалпы сұраныс көбейеді де, ақша-несие өкіметтері ұсынысты көбейтуге ұмтылады, ал бұл өз алдына бағалардың өсуін тудырмас бұрын өндіріс пен жұмысбастылыққа қоздырғыш әсерін тигізеді. Бұл депрессияны түсіндіретін ой жүгіртулерге керісінше болып табылады.
Сөйтіп, теориялық жағынан алғанда
ақша-несие саясаты коньюнктура
Кейнсиандық анализдегі пайыздық ставка стратегиялық ақшалы айнымалысы болып табылады. Ол несиенің сұранысы мен ұсынысының қиылысуынан пайда болады.
Кейнстің айтуы бойынша, әрбір
депозит салушының пайыздық ставка
туралы өзінің бір қалыпты немесе
дұрыс ойы болады және оны биржада
практикаланатын нақты ставкаме
Монетаристтер, керісінше ақша массасын анықтайтын факторлардың кешенділігін талап етті, ол үшін олар экономикалық агенттердің кешенінің мінез құлығын біріңғайлайтын кең модельдер құрастырды. Бұл модельдерде ақша қорлары мен қысқа мерзімді пайыздық ставка бір уақытта ақша нарығында анықтылады. Онда ақшаның ұсынысы орталық банкінің іс-қылығына тәуелді (ашық нарығындағы операцияларды есепке алып отыру және осыдан шығатын ақша нарығындағы пайыздық ставканы есепке алу), сонымен қатар табысты макимум алуға тырысатын коммерциялық банкілердің реакциясынан және көпшіліктің кассалық қолма-қол ақшаға (несие билеттері, талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімдік депозиттер) беретін талғамына тәуелді. Мұндай пайыздық және жалпы табыс сияқты айнымалылардың ақшаның ұсынысына әсері банкілердің мінез-құлығын және клиенттерді талдауда білінеді.
Орталық банкінің ақша ұсынысын көбейтуге немесе азайтуға бағытталған әрбір іс-қимылы салдарынан, кейбір авторлардың айтуы бойынша пайыздық ставка өзгеруіне көпшіліктің ешбір реакциясы болмауы мүмкін. Дәл осылай Л.Э. Гремли мен С.Б. Чейз үшін бұл - бағалы қағаздарға қаржы салудың тиімділігінің нормасын көтеретін, экономикалық агенттердің мерзімдік депозиттерін бағалы қағаздарға ауыстыртқызатын ашық нарықтағы операцияларының әрбір саясаты. Бұл жағдайда банкілік талап еткенге дейінгі депозиттерінің үлесі мерзімдік депозиттеріне қарағанда өседі де, ал ақша массасы да өсіп кетеді.
Неокейнсиандық теорияға жауап ең алғашқы болып М. Фридменнің «Ақшаның сандық теориясын зерттеу» деген ұжымдық еңбегінде шыққан «Ақшаның сандық теориясы: жаңа үйлесім» мақала жарық көрді. Бұл мақала өз алдына фридмендік ілімінің манифесті болып табылады: онда автор ақшаға сұраныс пен ұсынысқа қатысты екі негізгі пікірге ие монетаристті бейнелейді:
- ақшаға сұраныс айнымылылардың шағын көлемінің тұрақты функциясы болып табылады;
- ақша ұсынысың функциясы ақшаға сұраныс функциясының аргументтерінен ішінара өзгеше аргументтерді қосады.
Фридмен бойынша, ақшаның сандық теориясы ақшаға сұраныс теориясы болып табылады. Нақты түрде келтірілген ақшаға деген сұраныс экономикалық агенттердің жиынтық капиталына және бұл капиталдың әр түрлі бөліктерінің тиімділігіне тәуелді. Салымшының «жалпы теорияда» иемденген таңдауы қолма-қол ақшамен және қаржылық талаптармен шектелген, сонымен қатар бұл құндылықтарды құрайтын кешенге тарайды. Бұдан айтатынымыз қолма-қол ақшалардың нақты автономды өсімі құн реакциясынан немесе олардың сұранысының өзгеруіне осы әр түрлі активтердің қайтарымына тәуелді барлық игілік қатынасындағы категорияларына сұраныстың өсуіне әкеліп соқтырады.
Проценттік
ставка талдаудан алынбайды,
Бұл жаңа функция ақша айналысы жылдамдығының циклдық өзгерісін оңай түсіндіруге мүмкіндік береді: яғни ақшаға деген сұраныстың шектеліп ұлғайюында немесе керісінше депрессия кезінде тұрақты табыстың өсуінің жылдамдық алуы. Бірақ ол инфляцияның ұзақ мерзімді болжамдарына тәуелді болатын және ақша-несие саясаты мен жалпы сұраныс өзгерісі арасында қозғалтқыш күш ролінде бола алмайтын кейбір пайыздық ставкаға қысқа мерзімдік икемсіздік әкеледі. Ақшаға деген сұраныстың монетаристтік анализінен ақша массасы мен игілікке сұраныс өзгерісі арасында тікелей байланыс шығады, ал пайыздық ставка ақшаға деген сұраныстың тұрақты факторларының бірі болып табылады. Кейнстің талдаған ақша-несие саясатының тиімсіздігі негізгі пайыздық ставка роліндегі – алыпсатарлық мотивтен шығатын несиеге сұраныстан пайда болып тұрды. Басқаша айтқанда ақшаға деген сұраныстағы пайыздық ставканы мәнін төмендете отырып, Фридмен бұл функцияның тұрақсыздық қауіпін және пайыздық ставка бойынша ақшаға деген сұраныстың шексіз икемділігі қауіпін жояды.
Алайда ақша санының өзгерісі тұрақты табыстың өзгеруін түсіндіретін негізгі фактор болуы үшін, ақша ұсынысының ақшаға деген сұраныс өзгерісіне автоматты түрде елеуін болдырмау керек.
Ақшаның ұсынысына әсер ететін және ақшаға деген сұранысқа әсер етпейтін маңызды факторлар бар. Кей жағдайларда ақшаның ұсынысына әсер ететін техникалық шарттар бар, басқа жағдайларда ақша-несие мекемелерінің және банкілік жүйенің мінез-құлығын анықтайтын саяси және психологиялық шарттар бар. Ақшаның шығарылуы қолма-қол ақшаларға деген сұранысының өзгеруіне елеуге ұмтылады днп есептейтін кейнсиандықтар, фридмендік теорияны «ақша ұсынысының экзогендік теориясы» деп белгіледі, ал өздерінің концепциясын «ақша ұсынысының эндогендік теориясы» деп белгіледі. Бұл сенімді айтылған сөздер айналыстағы ақша санының экономикалық дамудан тәуелсіз деп түсінеді, ал бұл дұрыс емес.
Айналыстағы ақша санын анықтайтын факторлардың бірі орталық банкінің шешуші іс-әрекеті болып табылады. Монетаристтердің анықтамасы бойынша айналыстағы ақша массасы үш фактордан тәуелді:
- орталық банкі шығарған ақшалардың саны (орталық банкінің банкноттары және «жоғары күші бар» ақшалар);
- банкілік резервтердің нормасы;
- қолма-қол ақшалардың банкілік депозиттерге қатынасы;
Банкілер мен жұртшылықтың мінез-құлығын бейнелейтін қатынастар салыстырмалы түрде тұрақты және баяу өзгереді деп есептеледі. Демек ақша массасы “жоғары тиімділігі бар” ақшаларға пропорционалды өзгереді, олардың өзгерісін орталық банк өзінің “ашық нарық саясатының” арқасында бақылап отырады.
Ақша ұсынысының фридмендік анализін басқа да экономисттер тереңдетіп дамытты. Алғашқы болып Ф. Кейген АҚШ-та ақша массасының үш анықтымасының тарихын зерттеді. Ол ақша массасының өзгерісі ұзақ мерзімде “жоғары тиімділігі бар” ақшалардың өзгерісімен басқарылатынын көрсетті. Дәл осылай экономикалық белсенділіктің күрделі тербелістері байқалатын циклдардың кезеңінде болады. Керісінше бұл тербелістер біртекті болғанда ақша массасының күрделі өзгерісі негізінен қоғамның кассалық қолма-қол ақшаларының өзгерісімен және банкілік резервтерінің мінез-құлығының өзгеруімен түсіндіріледі.
К. Бруннер және Х. Мелцер деген монетаристтер ақша шығару процесінде алдымен банкілердің, сонан кейін қоғамның мінез-құлығын жасауға тырысты сонан соң бұл үшін ақша ұсынысының нақты функциясын құрастырды. Бұл функциялар ақша ұсынысының кейнсиандық анализдерінен өзгеше, өйткені олар несие мультипликаторы концепциясына негізделген және орталық банкінің ақша өзгерісіндегі жетекші ролін дәлелдеуге ұмтылады.
Несиенің мультипликаторы ақша массасын орталық ақшаға (немесе орталық банкі шығарған қолма-қол ақшалар плюс орталық банкідегі шоттар) бөлгеннен шығатын бөліндісіне тең болады. Сонда ақша ұсынысы орталық банкінің “өнімдерінің” (ақша базасы) несие мультипликаторына көбейтудің туындысына тең болады, яғни М=к*МС немесе к= , мұндағы М – ақша массасы, Мс – орталық ақшалар немесе ақша базасы, к – несие мультипликаторы.
Ақша базасы орталық банкінің іс-қимылын бейнелесе, несие мультипиликаторы банкілік резервінің мінез-құлығын және қоғамның оның кассалық қолма-қол ақшаларының құрамына қатысты мінез-құлығын бейнелейді.
Мультипликатордың көптеген формулалары бар. Ең қарапайымы к= болып табылады, мұндағы а — банкілік резервтердің банкілік депозиттерге қатысты коэффициенті; b – қолма-қол ақшалардың ақша массасына қатысты коэффициенті.
Бұл дауды шешу үшін монетаристтік және кейнсиандық эконометриялық модельдердің теориялық қорытындылары жеткіліксіз. Әрине алғашқылары бюджеттік саясаттың жоғары тиімділігін көрсетіп, екіншілері ерісінше ең болмағанда алғашқы үш жылда жоғары тиімділігін көрсетеді. Біріақ кейнсиандық модельменен қорытындылар модельдің негізгі гипотезаларын көрсетеді. Монетаристтік модельдерге келетін болсақ, олар ақша-несие саясаты және бюджеттік саясатының тиімділігі мен басқа да экзогенді факторларының әсері арасындағы нақты қырын жасай алмайды.
Ақша-несие саясаты мен
Болашақ дискуссиялар үшін ең қолайлы жоспар құрайтын бұл әрекет екі қысқаша пікір тудыртады. Бұл авторлар өзінің анализін “монетаристтік” сияқты көрсетеді. Шынында да Дж. Тобин сияқты кейнсиандықтардың жұмыстарына өте жақын болып табылады, анализде кейбір келісімдікке қамтамасыз етеді. Бірақ ақша-несие саясатының және бюджеттік саясатының салыстырмалы тиімділігінің қорытындылары әлі екі түрлі болып табылады. Ақша массасы мен мемлекеттік қарыздың өзгерісінің экономикалық белсенділік пен бағалардың жалпы деңгейіне әсері ақшалардың, облигациялардың және құндылықтардың мінез-құлығының өзара ауыспалдылығына біршама тәуелді болады. Бұдан монетаристтер мен кейнсиандықтардың арасындағы дау теориялыққа қарағанда эмпирикалық болып табылады.
Кейнсиандықтар бюджеттік
Сөйтіп, даудың негізгі тақырыбы –
ақша-несие саясаты ман
Екі мектептің арасындағы күрес
айқындалмаған ақша-несие
2. Ақша-несие саясатының жүзеге асыру бағыты
Ақша-кредит саясатының құралдары. Ұлттық Банк инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгілері қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізді. Ақша базасының деңгейі жедел көрсеткіштердің бірі болып қалуда.
Ақша-несие саясатының құралдары туралы айтпас бұрын оның реттеу механизмдерін айта кеткен жөн. Орталық банкінің өзінің саясатында қолданатын құралдары тікелей және жанама деп бөліп көрсетуге болады. Тікелей дегеніміз орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін административті-нормативтік өкілеттігімен орындауы, ал жанама дегеніміз ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер ету болып табылады.
Ақша-несие реттеудің тікелей мен жанама құралдарының арасындағы айырмашылық екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.
Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерциялық банкілердің балансына қатысты қолданылады, ал жанама құралдар орталық банкі балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданылады.
Тікелей құралдар өтпелі кезеңде, ақша
нарығының әлсіз кезеңінде
Енді орталық банкінің
а) Резервтік талаптар саясаты.
Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң
депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы
көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында
ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн
пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк
талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi
сомасының процентi ретiнде есептейдi.
Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын
мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі
резервтiк талаптарды орындау шарттарын
және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ
ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн
Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн
өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен
бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.
Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi
бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жауаптылықта
болады.
Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының
төрағасы тағайындалған күннен бастап
банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген
қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.
Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар
– бұл барлық несие мекемелерінде болуы
қажет өте ликвидті активтер болып табылады,
әрине міндетті түрде олар банктердің
кассаларында қолма-қол ақша түрінде,
немесе орталық банкіде депозит түрінде,
немесе орталық банкі белгілейтін жоғары
ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік
талаптардың нормативі өз алдына заңдық
ретте минималды резервтер сомасының
пассивті (депозиттердің) немесе активті
(несиелік салымдардың) операциялардың
абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы
(өсімше) көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын
көрсетеді. Нормативтерді қолдану тоталды
(барлық міндеттемелер мен ссудалардың
сомасына белгілеу) және селективті (олардың
белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары
бар.
Минималды резервтер екі негізгі қызметті орындайды.
Біріншіден, олар ликвидті резервтер
ретінде коммерциялық банкілер клиенттерінің
депозиттері бойынша
Екіншіден, минималды резервтер орталық банкінің елдегі ақша массасының көлемін реттеу үшін қолданатын құралы болып табылады. Орталық банк резервтік қаражаттар нормативінің өзгеруі арқылы коммерциялық банкілердің активті операциялар мөлшерін (негізінен олардың беретін несие көлемін) ретейді, сол арқылы олардың депозиттік эмиссиясының жасалуын да реттейді. Несиелік институттар орталық банкіде өздерінің резервтік талаптары белгіленген нормативтен асатын болса ссудалық операцияларды кеңейте алады. Айналыстағы ақша массасы (қолма-қол және қолма-қолсыз) қажетті тұтынуды асып кететін болса, орталық банк ақша аудару нормативін көбейту жолымен несиелік рестрикция саясатын жүргізеді, яғни орталық банкіде қаражаттарды резервтеу пайызын көбейту. Сөйтіп ол банктердің активті операцияларының көлемін азайтуға мәжбүрлейді.

- Ақша-несие саясат
- Ақша – несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
- Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
- Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары
- Ақша нарығының мәні мен мағынасы
- Ақша несие
- Ақша несие жүйесі
- Ақша несие саласындағы қылмыстарды саралау.