Ақша – несие саясаты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылыМ министрлігі
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті
Қаржы және есеп кафедрасы
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Ақша – несие саясаты
Орындаған: қаржы 310 топ студенті Машуова.А
Тексерген: аға оқытушы Ескалиева.А
Атырау - 2013 ж
Мазмұны
Кіріспе
І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем айналымы түсінігі
1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу
1.3
ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері
2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер
2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Қазақстанда ақшалардың
төлемдері және аударымдары негізінен
банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен
бірге бұл қатынастар Қазақстан
Республикасының банктік
І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем айналымы түсінігі
Қазақстанда ТМД елдері
Банк функциясының ішкі нысаны
– төлем айналымы бойынша
әсері – банктердің
1) ағымдағы
операциялар: сауда, табыс
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы
тармақта қорларды қайта
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Халықаралық банк құқығында
- валюталық тәуекелдердің сақтандырылу нысаны;
- халықаралық қаржы есеп айырысу нысандары;
- банктік кепілдік етудің типтері.
Есеп айырысу
нысаны дегеніміз төлемнің тәртібі, қолданылатын
Қазақстанда ақшалардың
Қазақстанда төлемдер мен
1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу
Банктің негізгі функцияларының бірі (қызметтің негізгі бағыттары) төлем айналымы бойынша әрекет ету функциясы болып табылады. Банктің функциялары қаражаттарды құраудан, несие беруден, төлем айналымына әсер етуден, өзге де функциялардан тұрады. Бұл функциялардың әр қайсысы жоғарыда аталған топтарға бөлінуге орай белгілі бір операциялардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем айналымы әсер ету жөніндегі операцияларға банк әр түрлі төлем операцияларын олар бойынша орындауды міндетіне алады: чектерді төлеу, аударымдар жасау, вексельдер және өзге де құжаттар бойынша төлемдер қабылдау және т.б. Осы операциялар арқасында банктер жалпыға ортақ кассирлерге айналады.
Қазіргі кезде әлемде, оның ішінде Қазақстанда банктердің функциясы – төлем айналымына әсер етуі – елеулі, сапалы өзгерістерге ұшырауда, бұл компьютерлік және телекоммуникациялық байланыстардың дамуының салдары деуге болады, мұның өзі төлемдер мен ақша аударылымдарының өтуін тездетеді. КСРО тараған кезде және оның үйіндісінде тәуелсіз мемлекеттер құрылған кезеңде ақшалардың төлемдері мен аударылымдары айға тіпті жылға созылды.
Қазақстанның қазіргі банк жүйесінде аударымдардың жасалуы әлемдік талаптарға сәйкес келеді, мысалы «Қазақстанның халық жинақтау банкі» заңды тұлғалар арасындағы есеп айырылысуды «күніне күн» есеп айырылысуға мүмкіндік береді. Аталған функцияның маңызын өсіре бағалау қиын,өйткені ол ақшалар мен – «кез келген елдің экономикасының өзегімен» байланысты. Бұл орайда аталған функцияның рөлі Қазақстанның әлемдік экономикаға енуі нәтижесінде ақшалардың төлемдер мен аударымдарын өткізуге тездету және жетілдіру міндетін алға қояды және қолма қолсыз түрде есеп айырысудың жүзеге асуы өскен кезде ерекше маңызды.
Төлем айналымына байланысты операциялардың дамуына неғұрлым күшті фактор Қазақстанның саяси жағынан да, экономикалық жағынан да егемендік алуы болып табылады,себебі нағыз мемлекеттік егемендік елдің төлем жүйесінің сенімді де берік болуына мүмкіндік беретін әлемдік стандарттар мен талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруды ұсынады. Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша қойылымдарды көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады. Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция олардың мамандануымен сәйкес келеді. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жекелеген түрлерімен ерекше дамиды. Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы қажет. Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарлауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды.
Қазіргі кезде көптеген банктер өз стратегияларын өзгертті. Кәсіпкерліктің барлық салаларына белсенді түрде жүре отырып және шағын бизнесті қамти отырып, олар жаппай клиентураға, яғни халықтың әл ауқаты нашар топтарға бағытталады. Ол қазіргі кездегі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді [5].
Біз дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің қазіргі кездегі несие жүйесін сипаттаушы маңызды мәселелеріне тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолда қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады,өйткені нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республикамыз үшін шетел тәжірибесін толығымен меңгерген тиімді болады, өйткені экономикалық нарыққа өтудің ең басында тұр. Ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде [8].
3.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады [3].
ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.
Ұлттық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі тиімділігіне қажетті жағдай.
Дегенмен Ұлттық банктің Үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес. Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі элементі - ақша-несие және қаржы саясатын мүлтіксіз орындау Ұлттық банк қызметінің түйіні. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық бағыты Ұлттық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген Ұлттық банкте әрі банктің, әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысады.
Кез келген Ұлттық банктің міндеті - ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін Ұлттық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:
- Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
- ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
- сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
- банктердің банкісі болу;
- үкімет банкісі болу.
Осы аталған қызметтер Ұлттық банктің балансында көрініс табады [12].
Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін Ұлттық банктің заңды бекітілген құралдары мен операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу.
ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері
Бағалардың ұтымды жүйесін қалыптастыру қатаң ақша –несие және икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамассыз ету үшін және инфляцияға қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға міндетті. Бұл шаралар мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді шұғыл қысқартудың өзар байланысты қадамдары көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік бюджеттен онда да ақша басатын станоктың жұмысы есебінен қаржы алуға және беруге арқа сүйеу әлде қайда жеңіл сияқты.Ал дербес өзіндік шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін толық жауап беретін бола тұра өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін материалдық жағынан ынталандыруға қажет ақша табу айтарлықтай қиын. Алайда біз алғашқы жолмен жүрсек онда «жұмыс істемейтін» ақша тасқыны ұлғаятыны сөзсіз.
Осы жағдайда тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның бақылаусыз өсуі орын алады да еркін баға белгілеу сияқты өзін өзі реттеу механизміне қол жеткізе алмаймыз. Бізде бағаларды үнемі өсіріп отыратын мехенизм қалыптасатын жіне әрекет ететін болады.
Жоғарыда көрсетілген шараларды бір мезгілде және кешенді жүзеге асыру ділгерлікті жеңу еркін, нарықтық бағалар жүйесін өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл жылдам іске аса қоймайтын үрдіс екендігі белгілі. Нарыққа өтпелі кезеңнің өне бойында бірқатар өнім түрлерінің бағасын әкімшәләк жолмен реттеу әлі де сақталады.
Экономиканың
2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер
Қазақстан Республикасының
осы заманғы әлеуметтік-экономи
Еліміздің ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.
Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:
- Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
- Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.
- Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық), қаржы секторының ақуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).
- Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады [26].
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде.[2]
2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы
Әлемде нарық экономикасында несие жүйесі екі дәрежеде қызмет атқарады, олар «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді. Осыған сәйкес экономикалық талдау да макроанализ және микроанализ деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Еңбекке тарту, процент пен ақшаның жалпы теориясы » деген еңбегінде батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан.
Микроэкономикада - жеке буын немесе негізгі экономикалық буынның қызмет ету саласы. Микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты табыс табу [17].
Макроэкономикада - бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық фирмалардың жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Әлемдік экономикадағы құрылымдыұ қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері қайта жаңғыртылуда. ҒТР-дің даму әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануы мен орталықтануын талап етті. Сәйкесінше банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономикадағы дамуының өзгермелі жағдайына бейімделуі жүзеге асады: банк жүйесінің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады. Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан несиелерді беру, құнды қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша мүліктерді басқару және басқа көптеген банктік және банк маңындағы қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің көпжақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді [15].
Қорытынды
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің даму жолында шетелдермен төлем балансы және оның ақша-несие және валюталық саясатын, олардың өзара байланысы мен даму ерекшеліктерін қалыптастыру мен нарық талаптарына түсіру міндеттерін жоспарға алып, бұл мәселенің кезек күттірмей шешілу еліміздің экономикасы мен ертеңі үшін ауадай қажет екендігін айқындады.
Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Ақша ұсынысының көлемін реттей отырып, Ұлттық Банк экономика дамуына белсенді түрде ықпал ете алады. Макроэкономикалық тепе теңдіктің кейнсиан үлгісі бойынша ақша ұсынысының ЖҰӨ дамуына ықпалы ең ақырында пайыздық мөлшер арқылы жүзеге асады, оның нақты көлемі ақша-несие саясатымен анықталады.Ең бірінші кезекте инвестициялық шығындарға ықпал ете отырып, пайыздық мөлшер жиынтық сұраныс көлемін, содан кейін ЖҰӨ-нің тепе теңдік көлемін өзгертеді.
Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бұрын бір жылға анықталып келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға анықтау тәжірибесіне көшті, және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған өзгертулер енгізіледі. Ақша-несие саясаты ғана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар,ақша-несие саясатына деген нарықтың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының әрі төлем балансын әске асыруда, олардың тұрақтылығын сақтауда, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың өсуіне жағдай жасауға, сондай жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. Қазақстандық ақша-несие саясатының төлем балансын жүзеге асырылуында айқындалатын екі артықшылығы бар:
- Бірінші артықшылығы - Ұлттық банк ақша-несие саясаты стратегиясын таңдау мүмкіндігіне ие. Ал ресми долларизациялануды немесе валюталық басқаруға көшкендерде мұндай мүмкіндік жоқ.
- Екінші артықшылығы - сеньораждан табыс алу мүмкіндігі. Бұдан туындайтын кез келген төтенше жағдайда экономикада Ұлттық банк ақша шығарып, мемлекеттің бюджет тапшылығын жаба алады. Ұлттық банк соңғы кредиторлық саты есебінде банктің қаржы саласының тұрақтылығын ұстап тұра алады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер
1. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең экономикалық теориясы», «Дәнекер», Алматы -2004ж. [99-119 беттер].
2. Н.Н.Хамитов «Банк ісі» «Экономика», Алматы -2006ж. [49-55 беттер].
3. «Егемен Қазақстан» 6.ХІІ.2006. №235 [3 бет].
4. А.А.Ильясов «Денежно-
5. «Экономика и право Казахстана»
6. П.А.Самуэльсон «Основания
экономического анализа» «
7. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана -2006 ж.
8. «Банки Казахстана» 2006 г. №3 [11-12стр.], 2006 г.
№49 [7-11 стр.], 2006 г. №6 [4 стр.], 2007 г. №2 [29-32 стр.], 2007 г. №3 [7-10 стр].
9. Финансово-экономический
10. УМК «Финансы и кредиты» Алматы -2006 г. [58-65 стр.].
11. Д.С.Моисеев «Денежно-
12. Б.Н.Жаналинов «Инфляция и
антиинфляционная политика в
Казахстане» «Экономика»,
13. С.Б.Мақыш «Коммерциялық
14. ІІ Халықаралық ғылыми
15. «Основы экономики» 2006 г. № 2(8) [30-31стр.].
16. «ҚР валюталық реттеу және
бақылау туралы» Заңы №57-1;13.
17. С.С.Сахариев «Әлем
18. Мәуленова, Бекмолдин «
19. М.К.Бункина «Монетаризм» «
20. «Аль-Пари» 2007 г. №2 [15-18стр.].
21. Т.Қ.Қожаниязов, Ж.Т.Қожаниязова «Қазіргі экономика» Тараз -2006 ж. [155-156 беттер].
22. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие,
23. «Финансы и кредиты» 2006 г. №9 [10-11 стр.].
24. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» «Маркет», Алматы -2004 ж.
25. В.Д.Мельников, В.Д.Ли «

- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша несие саясаты
- Ақша- несие саясаты
- Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары
- Ақша нарығының мәні мен мағынасы
- Ақша несие
- Ақша несие жүйесі
- Ақша несие саласындағы қылмыстарды саралау.
- Ақша-несие саяасатының теориялық негізі
- Ақша-несие саясат