Ақша рыногында тұрақтылыққа, шетел валютасына сұраныстың тепе-теңділігіне жəне

Кіріспе 

          Ақша рыногында тұрақтылыққа, шетел валютасына сұраныстың тепе-теңділігіне жəне

инфляцияның бақыланатын  деңгейіне қол жеткізу валюталық  операцияларды жүргізу

кезінде жекелеген  шектеулерді алуға бағытталған  валюталық режимді ырықтандыруға

деген жаңа тəсілдерді шығару, уақыт жəне халықаралық тəжірибе талаптарына сəйкес

валюталық операцияларды  реттеудің өзге де əдістерін қолдану  қажеттілігін тудырды.

Осы Тұжырымдама  валюталық саясатты ырықтандыру  процесінің бастапқы сатысы

ретінде емес Қазақстанның 2030 дейінгі даму стратегиясы шеңберінде оның жалғасы

ретінде қарастыру  қажет, өйткені валюталық рыноктың бір ізді қалыптасуы жəне осы

салада жаңа қатысушылардың пайда болу барысында ырықтандырудың белігілі бір

сатысы өткен  болатын. Əлемдік экономиканың глобализациялануы  жəне халықаралық

қаржы операцияларының  өсуі жағдайында капитал қозғалысын ырықтандыру əлемдік

экономикаға белсенді интеграциялану артықшылығын барынша  пайдаланғысы келген

елдер үшін экономикалық дамудың бірден бір жəне қажетті  шарты болып табылады.

Қазақстандағы валюталық  режим

Ұлттық  валютаның айырбас  бағамының режимі. Ұлттық валютаны - теңгені енгізу

кезеңінде алтынвалюта  қорларының елеулі тапшылығы сақталды. Ұлттық валютаның

белгіленген айырбас  бағамының саясаты теңгенің ішкі тұрақтылығын қолдап тұру

мəселесін шеше алмас-еді  жəне белгіленген дəрежеде халықтың теңгеге деген

сенімсіздігінен туындатқан шетел валютасына күрт өсіп жатқан сұраныс жағдайында

оның құнсыздану қарқынын ұстап тұра алмас-еді.

Өтімді валюталық  рынокты қалыптастыру жəне теңгенің басқа шетел валюталарына

айналымдылығын  қолдау мақсатында 1994 жылдың қаңтарынан бастап барлық

кəсіпорындар  үшін тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан  түскен түсімнің 50%-ін міндетті

сату уақытша  енгізілген болатын. Мұндайда осы тəртіп шетел капиталының қатысуымен

жаңадан құрылған кəсіпорындарға қолданылмады. Осы норма 1995 жылдың 10

маусымынан бастап 30%-ке дейін төмендеді, ал 1995 жылдың 4 тамызынан бастап

жойылды. Бұған  себеп ретінде бір мезгілде теңгенің АҚШ долларына қатысты құлдырау

қарқынының төмендеуі, теңгеге сенімнің арта түсуі, сондай-ақ жаңа табыс түсіретін

қаржы құралдарын енгізу болды. Осы жағдайларда инфляция жəне құлдырау қарқынын

одан əрі төмендету  мақсатында өзгермелі айырбас бағамының  реттелетін режиміне көшу

туралы шешім  қабылданған болатын.

1998 жылы Ресейде  болған қаржы дағдарысының салдары  теңгенің құлдырау қарқынын

жылдамдатуға  жəне қолма-қол шетел валютасы рыногында  теңге бағамының кенет

құбылуына əкеліп соқты. Мұндайда Қазақстанның сауда  əріптестері - елдерінде, ең

алдымен Ресейде  ұлттық валюталарының едəуір құлдырауы  теңгенің нақты құлдырауына

себепші болды  жəне қазақстандық экспорттың бəсекелестік позицияларының төмендеуіне

жағдай жасады.

1999 жылдың сəуірінде  шетел валюталарына теңгенің  еркін өзгермелі айырбас бағамының

режимін енгізу қаржы  рыногының тепе-тең жағдайын қолдап тұру қажеттілігін тудырды,

сөйтіп Ұлттық Банк экспортерлер үшін тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан түскен

түсімнің 50%-ін міндетті сату жөніндегі міндеттемелерді  белгілеу тəжірибесін қайта

қолданды. Осымен бір мезгілде жеке тұлғалардың коммерциялық банктердегі теңгелік

салымдарын жəне зейнетақы қорларының теңгелік активтерін сақтау бойынша шаралар

қолданды.

Осының барлығы, нəтижесінде валюталық рынокта  шетел валютасы ұсынысының

ұлғаюына жəне дағдарыстан өтуге мүмкіндік  берді жəне əлемдік тауар рыноктарында

қолайлы жағдайлар  кезінде одан шығу жолы 1999 жылдың қарашасында  экспорттан

түскен валюта түсімінің бір бөлігін сату туралы талапты жоюға жол берді.

Валюталық реттеу жəне бақылау саласындағы заңдар бекіткен, шетел валютасын

пайдалануға байланысты операцияларға əкімшілік бақылаудың басқа да шаралары

қолдануда. 1993 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан

Республикасының Заңында шектеусіз жүзеге асырылатын ағымдағы валюталық

операциялардың  тізбесі белгіленген болатын. Қалған өзге операциялар капитал

қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылды жəне олар бойынша Ұлттық Банк

шектеу енгізуге құқылы еді.

Валюталық құндылықтарды пайдалануға  байланысты операцияларды  лицензиялау. 1996

жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан  Республикасының жаңа

Заңында капитал  қозғалысына байланысты жəне валюталық  құндылықтардың

резиденттерден  резидент еместерге көшуін (ауысуын) көздейтін валюталық операциялар

(олардың тізбесі  осы заңда белгіленген болатын)  Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкінде лицензияланатыны белгіленді. Мұндайда, Қазақстан Республикасының  валюта

заңдарында сыртқы экономикалық қызметтің барлық субъектілері үшін, олардың

ұйымдық-құқықтық нысанына жəне экономика саласына қарамастан, валюталық

операцияларды лицензиялау  тəртібіне бір ізге салынған амалы  көзделді.

2000 жылы "Лицензиялау  туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына валюталық

құндылықтарды пайдалануға  байланысты операциялардың лицензияланатын  түрлерінің

тізбесін айқындайтын  мынадай толықтырулар енгізілді:

1) бөлшек сауданы  жүзеге асыру жəне қолма-қол  шетел валютасына қызмет көрсету;

2) резиденттердің  шетелдік банктерде жəне олар  тіркелген мемлекеттің заңдары  бойынша

тиісті құқыққа  ие өзге де қаржы институттарында  есепшоттар (Қазақстан

Республикасының валютасындағы есепшоттарды қоса алғанда) ашу;

3) резиденттердің  шетелге инвестициялары (банктердің  брокер-дилерлік қызметін

қоспағанда);

4) резиденттердің  резидент еместердің пайдасына  жылжымайтын мүлікке мүліктік

құқықтарды төлеуге  аударымдар;

5) резиденттердің  резидент еместердің пайдасына  импорт мəмілелері бойынша 120 күннен

астам мерзімге тауарлар, жұмыс жəне қызмет үшін аванстық төлемді, сондай-ақ

тауарларды (жұмысты, қызметті) экспорттау күнінен бастап 120 күннен астам

резиденттердің  тауар (жұмыс, қызмет) экспортын төлеуге  валюталық түсімді алу мерзімін

асуды көздейтін  есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін аударымдар;

6) резиденттердің  резидент еместерге 120 күннен  астам мерзімге кредиттерді ұсыну;

7) резидент резидент  еместен кредит ретінде алатын  шетел валютасын үшінші

тұлғалардың есепшотына есепке алу.

Қаржы рыногының  дамуымен жəне оның жаңа қатысушыларының  пайда болуымен

капитал қозғалысына  байланысты операцияларды реттеуге жəне есепке алуға

қолданылған тəсілдер өзгерді жəне олардың тізбесі  валюта заңдарына енгізілген

өзгерістерге  сəйкес кеңейген болатын.

Лицензиялау қаржы  жəне сауда операцияларын жүзеге асырған кезде əкімшілік

тосқауылдың бірі болып табылатындықтан валюталық  реттеу тəжірибесінде валюталық

рынокқа ықпал  етудің өзге əдістері қолданылатын болған.

Сөйтіп, лицензиялау  қажеттілігі туралы талап капитал  қозғалысына байланысты

валюталық операциялардың мынадай түрлеріне қолданылмайды: зейнетақы активтерін

жинақтауға байланысты мəмілелер бойынша халықаралық  аударымдар; жинақтау

сипатындағы сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша  халықаралық

аударымдар. Бұл  осы бағыттағы пруденциалдық  реттеу рəсімін жетілдіруге байланысты.

Сонымен қатар, лицензияны алу үшін мемлекеттік органдардың  тізбесі қысқарды,

валюталық құндылықтарды  пайдалануға байланысты лицензияланатын  операциялардың

тізбесінен мыналар  алынып тасталды:

- экспорт-импорт  мəмілелері бойынша баламасы 5 мың  АҚШ долларынан аспайтын

мөлшерде капитал  қозғалысына байланысты операциялар;

- халықаралық  қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының  аумағында эмиссиялаған

бағалы қағаздарға резиденттердің инвестициялары;

- резидент еместен  кредит ретінде алынатын шетел  валютасын үшінші тұлғалардың

есепшоттарына: (1) мемлекеттік жəне мемлекет кепілдігін берген кредиттер; (2) есеп

айырысудың құжаттамалық нысанын пайдалануды көздейтін  шетелдік банктерден

тартылған мемлекет кепілдік бермеген кредиттер; (3) экспорт-импорт мəмілелерін

қаржыландыру  мақсатында тартылған, экспорт кредиттері бойынша шетелдік

агенттіктерде сақтандырылған (белгіленген тізбеге сəйкес) мемлекет кепілдік бермеген

кредиттер бойынша  есепке алуды көздейтін операциялар.

Бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында зейнетақы

активтерін басқару  жөніндегі компаниялар үшін валюталық  операцияларды

лицензиялаудың  жеңілдетілген тəртібі енгізілді, атап айтқанда осы заңды тұлғалар үшін

мұндай операцияларды  жүргізуге бас лицензияны алу  құқығы көзделді.

Қолма-қол  шетел валютасын  шетке шығару жəне шеттен əкелу. ҚР резиденттері - жеке

тұлғалар үшін жақын уақытқа дейін Қазақстан  Республикасынан тыс шетке шығарылатын

валютаның пайда  болғаны туралы құжаттарды растамастан  баламасы 3 мың АҚШ

доллары сомасында  қолма-қол шетел валютасын шетке  шығару нормасы белгіленген

болатын. ҚҰБ нормативтік  құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістерге сай осы норма 10

мың АҚШ долларына  дейін өсті.

1999 жылы енгізілген  қолма-қол шетел валютасының номиналдық  құнының 1%

мөлшерінде заңды  тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын  шеттен əкелуге салынатын

кеден баж салығы 2001 жылғы 23 мамырдан бастап алынып тасталды.

Ішкі  валюталық рынокта  шетел валютасын  сатып алу негіздемелері. Резидент - заңды

тұлғалар үшін ішкі валюталық рынокта шетел  валютасын сатып алу негіздемелерінің

тізбесі кеңейтілді. Резидент емес - заңды тұлғалар үшін ағымдағы валюталық

операцияларды жүргізу  нəтижесінде алынған қаражатқа  ҚР ішкі валюталық рыногында

шетел валютасын  тек теңгемен сатып алу бойынша  шектеу алынды.

Капитал қозғалысына байланысты операцияларды тіркеу. Резидент еместерден

республикаға  мүліктің (қаражаттың) түсуін көздейтін  капитал қозғалысына байланысты

валюталық операцияларды  тіркеу ережесіне сəйкес мынадай  операциялар бойынша тіркеу

жəне есепке алуды  ұйымдастыру тəртібі белгіленді: (і) қаржы лизингін қоса алғанда, 120

күннен астам  мерзімге резидент еместерден кредиттерді  алу; (іі) резидент еместердің 120

күннен астам  мерзімге резиденттердің экспорт-импорт операцияларын кредиттеу; (ііі)

резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей  жəне портфельдік

инвестициялары; (іv) резиденттердің интеллектуалдық  меншік объектілеріне ерекше

құқықты толық  тапсыруға резидент еместердің төлеуге  аударымдары; (v) резидент

еместердің жылжымайтын  мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге  аударымдары.

Тіркеу шектеу болып табылмайды, ол есепке алу  сипатында болады жəне сенімді əрі

уақтылы статистикалық  есепті жəне елдің төлем балансы  мен сыртқы борышының жай-

күйіне талдау жасау үшін жүргізіледі.

            Қазақстанда валюталық режимді одан əрі ырықтандыру мəселелері

Валюталық режимді  одан əрі ырықтандыруға арналған алғы шарттар

Соңғы жеті жыл  ішінде Қазақстанда мұнай мен  ыңғайлас газды шығару шамамен екі  есе

өсіп, 2001 жылы 40 млн. тонна болды. Сонымен қатар, кертартпа  болжамдар бойынша

шығарылатын мұнай  қорларының нақты көлемі 2010 жылға  жылына 100 млн. тоннаға

жетіп, екі жарым  есеге өсетіндігі болжанып отыр. 2001 жылы баға дүмпуінің сыртқы

əсерінен туындаған  ағымдағы есепшот балансының нашарлауына  қарамастан ағымдағы

есепшотты шегергенде ШТИ таза ағымы ІЖӨ-нің 5% деңгейінде оң сақталуда. Жаңа

кенорындарды  барлау жəне өнеркəсіптік пайдаланудың басталуы Қазақстанға ШТИ-дың

одан арғы ағымын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сыртқы қаржыландырудың өсу

қарқыны жалпы  алғанда жəне "Қателер мен жіберулер" есепшоты бойынша нетто-шетке

кетуінің бір  ізді төмендеуі қазіргі уақытта  капиталды республикадан тыс  жерлерге

əкеткеннен Қазақстанға  инвестициялау пайдалы болып  отырғанын айтуға болады. Осы

жағдайларда резиденттердің капиталды шетке шығаруға шектеуді сақтау экономикаға

капитал ағымының дисбалансын туындатады жəне мынадай  теріс зардаптарға соқтыруы

мүмкін:

а. Айырбас бағамының  еркін өзгермелі саясатын сақтаған кезде шетел валютасының

мүмкін болатын  артық ұсыныстары айырбас бағамына оның номиналдық жағына қысым

көрсетеді, яғни нақты қымбаттайды. Бұл, басқа да тең жағдайларда өңдеу өнеркəсібі

кəсіпорындарының  бəсекелестік қабілетіне теріс əсерін тигізеді.

б_______. Экономиканың шикізат емес секторының бəсекелестік қабілетінің нашарлауы

экономиканың  салалық шоғырлануының күшеюіне əкеліп соқтырады жəне нəтижесінде

Қазақстанның  экономикасын баға дүмпуінің сыртқы əсеріне одан бетер осал етеді  жəне

экономикалық  саясаттың ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жетуіне қосымша қиындықтар

туғызады.

в. Теңгенің тұрақты  нақты бағамын сақтаған кезде  Ұлттық Банктің ішкі валюталық

рынокта артық  шетел валютасын сатып алуы ақша массасының өсуіне əкеліп соқтырады.

5

Соның нəтижесінде, егер ақша ұсынысының ұлғаюы оларға нақты  сұраныстың өсуімен

орны толтырылмаса, инфляцияның төмен қарқынын ұстап  тұрумен қиындықтар туады; не

Ұлттық Банк айналыстағы  артық теңге массасын алып тастайтын  борыштық құралдарды

қолдану барысында  шығын көтереді.

Орташа алғандағы  болашақта төлем балансының тұрақтылығына  қол жету валюталық

реттеу саясатының акцентін капиталдың кері ағымына қатаң  бақылаудан мынадай

мəселелерді шешу арқылы қаржы құралдарын тартудың жəне пайдаланудың тиімділігін

арттыру мақсатына  жұмылдыруға рұқсат етеді:

1. Оптимальды  табыстылыққа қол жету мақсатында  инвестициялық портфельді

түрлендіру жəне инвесторлар тəуекелдерін түрлендіру үшін жағдайларды жасау

қаражатты оның ішінде шетел активтеріне салу үшін құралдар мен мүмкіндіктердің

тізбесін кеңейтуді  талап етеді.

2. Республиканың  экономикалық потенциалын шетелдік  коммерциялық кəсіпорындарға

тікелей инвестициялар  есебінен өндірістік-шаруашылық қызмет мақсатында кеңейту жəне

бұл отандық кəсіпорындардың  өндірістік базасын ұлғайтуға, жаңа перспективті

рыноктарға кіруге жəне транзакциялық шығындарды қысқартуға мүмкіндік туғызады.

3. Ішкі қор  рыногын дамыту жəне инвестициялудың  жаңа, күрделі құралдардың пайда

болуы резидент еместердің белсенді қатысуынсыз мүмкін емес.

4. Қаржы емес  секторының валюталық қаражатты  тартуы тек заем қаражатындағы

қажеттілікпен ғана емес, сондай-ақ кəсіпорынның сыртқы берешекке  уақтылы қызмет

көрсету мүмкіндігімен, яғни төлем қабілетімен негізделуі тиіс.

5. Қаржы емес  ұйымдары - валюталық рыноктың ірі  қатысушылары жəне резидент

еместердің тарапынан  алып-сатарлықты бақылау жəне ұстап  тұру механизмін құру жəне

кейін ішкі валюталық  рынокта шетел валютасын сатып  алуға қолданылатын шектеулерді

алу.

6. Резиденттердің  сыртқы сауда операцияларына  қатысты əкімшілік шектеулер  мен

талаптарды олардың  мінез құлқының шынайлылығына бақылаудың тиімділігін

арттырумен бір  мезгілде қысқарту.

Валюталық режимді  бір ізді ырықтандыру экономика  жағынан маңызды операцияларды

жүргізген кезде  транзакциялық шығындарды едəуір төмендетіп, мұндай операцияларды

резиденттердің  кең топтарымен жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.

Ырықтандырудың  ұзақ мерзімді мақсаты валюталық  режимнің қолданылып жүрген

шектеулерін біртіндеп  алу жолымен тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуден тұрады.

Валюталық режимді  ырықтандыруға байланысты тəуекелдер

Валюталық режимді  ырықтандыру процесі барысында  мынадай сыртқы жəне ішкі

тəуекелдерге - жүйелік  тəуекелдерге назар аудару қажет:

1. Əлемдік тауар  рыноктарының бағалары, атап айтқанда  мұнайдың бағасы əр түрлі

экономикалық  жəне саяси факторлардың əсеріне  едəуір дəрежеде ұшырайды. Сонымен

қатар құлдырау мен  өрлеу - бағаның сыртқы дүмпуі үлкен  амплитудамен жəне

ұзақтылықпен  сипатталады жəне ол елдің сыртқы өтімділігімен əрі төлем қабілеттілігімен

жағдайды елеулі тұрақсыздандыруы мүмкін. Төлем балансымен келісілмеген əрі тез

жағдайда валюталық  режимді ырықтандыру сыртқы сектордың  тұрақтылығы үшін жəне

жалпы экономика  үшін жағымсыз нəтижелерге əкеп соқтыруы мүмкін.

2. Капиталдық  жасалатын операцияларды ырықтандыру  ішкі жəне əлемдік проценттік

ставкалардың  жақындасуының жалғыз құралы болып  табыла алмайды, өйткені

Қазақстанның  жəне басқа елдердің валюталық əрі  елдер тəуекелінің айырмашылығы

проценттік ставкаларды  толық теңестіре алмайды. Шетелдік активтерге инвестицияларға

қатысты режимді  тез ырықтандыру жинақ ақшаның  шетелге кетуіне əкеліп соқтыруы

мүмкін жəне ол (і) елде инвестициялаудың барабар құралдарының пайда болуына жəне

ішкі қор рыногының  дамуына мүмкіндік бермейді, (іі) нақты сектор тарапынан ішкі

қаржы ресурстарына деген сұраныстың өсуі кезінде олардың  тапшылығына əкеліп

соқтырады.

3. Тəжірибе көрсетіп  отырғандай валюта бағамына спекулятивті  бас салу тəуекелі

экономикадағы фундаменталды  макроэкономикалық тұрақсыздықпен əр қашан да

айқындала бермейді. Капиталдың қозғалу дəрежесінің  артуы қысқа мерзімді операциялар

санының өсуіне əкеліп соқтыруы мүмкін жəне ол спекулятивті сипатқа ие болып, ішкі

жəне сыртқы конъюнктураға  сезімтал инвесторлардың күтулерінен  өте тəуелді болады.

4. Қаржылық емес  сектор кəсіпорындарының төлем  қабілетсіздігі тəуекелі айырбас

бағамының едəуір құбылуы жағдайында жəне ол берешектің жоғары деңгейімен əрі

олардың міндеттемелерінің  долларлану дəрежесімен негізделген.

5. "Регулятивті  арбитраж" тəуекелі, яғни валюталық  реттеу жəне бақылау жүйесі  сыртқы

экономикалық  операциялардың қатысушылары жекелеген  операцияларды жүргізуге

қойылған шектеулерді  жеңілдетілген операцияларға қатысты  валюталық реттеу талаптары

жеңілдетілген арналар  мен операциялар арқылы айналып  өтуі мүмкін.

Валюталық режимді  ырықтандыру принциптері.

Қазақстанда валюталық  реттеу режимін ырықтандыру мынадай  негізгі принциптерге

негізделеді:

1. Бірізділік принципі. Жеңілдік жасалатын операцияларға қойылатын талаптар алдымен

азайтылады да, содан кейін түгелдей алынып тасталынады. Лицензия тіркеу

шектеусіз жүргізу  тəртібі.

2. Экономикалық қажеттілік принципі. Жеңілдеті осымен байланысты тəуекелдің

ауыртпалығын  валюталық операция жүргізушіге  артады. Сондықтан жеңілдетуге жататын

операциялар тізімі жəне оларды іске асыру мерзімі, төлем  балансының жəне ішкі қаржы

валюта рыногының  жағдайына сəйкестендіріледі.

3. Басымдылық принципі. Елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін қысқа мерзімді

капиталдың кенеттен кетуіне кедергі келтіретін шектеулрді қою өте маңызды, өйткені

айырбас бағамына аса қысым жасау жəне қаржы  дағдарысының туындау мүмкіндігін

төмендетеді. Осыған сүйене отырып, ең алдымен ұзақ мерзімді, ал одан кейін қысқа

мерзімді сипаттағы (қысқа мерзімді кредиттер, ақша рыногының  құралдары, туынды

қаржы құралдары) капиталды операцияларға қатысты  талапар жұмсаруы тиіс.

4. Симметрия принципі. Қазіргі кезде шетелге инвестиция беру жағындағы рəсімдер,

шетелден валюта түсетін операцияларды реттеуден  қатаң. Кейінірек инвестицияны кім

жасайтынына қарамастан экономикалық маңызы бар жоғары (тікелей  инвестициялар)

немесе (төмен) мысалы, (қысқа мерзімді операциялар) жөнінде  бірыңғай талаптар

қойылатын болады.

5. Тең жағдайлар принципі. Ішкі рынокта резидент еместер мен резиденттер үшін

бірыңғай талаптар болуы керек. Мысалы, резидент емес заңды тұлғалар шетел валютасын

еркін сатып ала  алады, ал резиденттер тек валюталық  міндеттемелерін өтеу мақсатында

ғана алады.

6. Сəйкестілік принципі. Қаржы ұйымдары жүргізетін операцияларды жеңілдету, оларға

Ақша рыногында тұрақтылыққа, шетел валютасына сұраныстың тепе-теңділігіне жəне