Ақша реформасы

 

  1. 1922 – 1924 ж.ж. ақша реформасы
  2. 1961 жылғы ақша реформасы
  3. 1993 жылғы ақша реформасы
  4. 1947 жылғы ақша реформасы

 

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді. "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы " бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықгардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлык банк;

- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);

- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қаыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние-жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;

- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

- елдегі несиелік ресурстарды  және ақша айналысын басқару;

- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойында ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативттік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;

- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;

- банк ісін бақылау және қадағалау;

- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;

- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және

Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденток шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Депозитив: банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.

Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол акшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қар-жылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденток шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденток шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Oл ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл - айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда) орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.

Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағы-мен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.

Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.

Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда 68,5%, Германияда - 64,5%, Ұлыбританияда - 89,1%, АҚШ-та -77,5%, Жапонияда - 116,7%) болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз.

АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ

Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап түру мүдделігін ескереді.

Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты - теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған бо-лашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға - шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.

Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің өзгеру динамикасы - 1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз айларында 300% құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 280%-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 1994 жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы - 52,5%, 1996 жылдың қыркүйегінде - 30%, 1997 жылы - 24% құрады.

Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің денгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін. пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.

Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарык пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.

Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

Резервтік талаптар. Банктерге берілетін  несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген "Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы" Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктер дің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.

Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде - 3,1 есеге жетті. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың I қазанында ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейін сақталынды.

Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденток шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға, 1996 жылы -15%-ға дейін төмендейді.

Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденток шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын). Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыз-дық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал жыл аяғында - 48,4 %.

1995 жылы банктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл (түрінде) санкциялары қолданылды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚІІІ-та және Германияда қолданылады.

АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің Федералды Резерв жүйесінің (ФРЖ) Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерцияылқ банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты (яғни экономичный тұрақтылығы) резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді (Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л.Брю).

Несие операциялары Ұлттық банкі пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы каңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.

1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері мен өзара талаптарын республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсіздік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 % -ға, ал көкек айында - 56,4% -ға өсті.

Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды - бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг аяу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғұрлым несие эммиссиясының ықтималдылығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп Үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.

1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздарын қайта құру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені 1993-1995 жж. берілген қарыздары бойынша айып-пұлдар мен пайыздың өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айрысу тәртібіне ықпал етті.

1947 жылғы ақша реформасы

Ұлы Отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, ол 20 миллион адам өмірін қыйды, елдің ұлттық байлығының 30%-ін жойды. Мемлекеттің тек тікелей әскери шығындары 551,1 млрд сомға, ал материалдық зияны 679 млрд сомға бағаланды (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Соғыс жылдарындағы еліміздің жалпы материалдық шығындары 1 триллион 240 млрд сомнан астам болды.

Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, ал халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа, әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды. Халық арасында мемлекеттік заемдарға өз еркімен жазылу және әскери техника жасауға ерікті жарна төлеу сияқты науқандар жүрді. Соғыс жылдарында халықтан барлығы 270 млрд сом немесе мемлекеттік кірістің 26,4%-і түсті. Бұл сома тікелей әскери шығындардын жартысын жабуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік бюджеттің кемшілігі негізінен ақша эмиссиясымен толтырылды, бұл айналыстағы ақша массасын өсірді. Тұтыну тауарларын өндіру мен оны сауда орындарына түсіру қысқарды. Сондықтан жалпы тауар айналымындағы колхоз базарындағы сауданың үлесі 1940 жылғы 19%-тен 1945 жылы 46%-ке өсті. Сөйтіп колхоз базарындағы тауарлар бағасы көп мөлшерде өсті. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін оларды бөлудің карточкалық жүйесі енгізіліп, белгілі бір норма бойынша соғысқа дейінгі тұрақты бағамен, ал нормадан артығы нарықтық бағамен сатылды. Оған қоса мемлекет меншігіндегі тауар ресурстарының аздығы нарықтық бағаның көтеріліп, ақшаның көптеген мөлшерінің саудагерлердің қолында шоғырлануы, ақшаның сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Аталған кемшіліктерді жою үшін:

• біріншіден, біруақытта артық ақшаны айналымнан шығару;

• екіншіден, мемлекеттік тауар  ресурстарының белгілі бір мөлшерін қалыптастыру;

• үшіншіден, бюджеттің негізі - қаржы жүйесін нығайту қажет болды.

1947 жылдын соңғы кезінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі ұлғайып, тауар айналымының өсуіне берік негіз қалады. 1947 ж. бөлшек сауда айналымы 1945 жылмен салыстырғанда 52%-ке артты. Бұның бәрі ақша реформасын жүргізуге материалдық және қаржылық мүмкіндік туғызды.

Ақша реформасы 1947 жылдың 16 желтоқсанында басталып:

• біріншіден, 1947 ж. 16 желтоқсанда айналымға 1947 жылғы үлгідегі жаңа сом шығарылды;

• екіншіден, ескі қолма-қол ақша жана үлгідегі ақшаға 10-нын 1-ге арақатынасымен айырбасталды, ал майда тиындар айырбасталмай, бұрынғы көрсетілген құнымен айналымда қалды;

• үшіншіден, ақшаны айырбастауды Мемлекеттік банк бір апта мерзімде, ал кейбір алыс аудандарда екі аптада өткізді;

• төртіншіден, қолма-қол акшаны айырбастаумен бір уақытта жинақ кассалары мен Мемлекеттік банктін шоттарындағы халықтың ақшасын айырбастау мына жағдайда өтті:

а) үш мың сомға дейінгі жинақ өзгеріссіз 1:1 арақатынасы мен;

ә) үш мың сомнан он мың сомға дейінгі жинақ: 3 ескі сом 2 жаңа сомға;

б) он мың сомнан жоғары жинақ: 2 ескі сом 1 жаңа сомға алмастырылды. Ұсақ ақша салымдарын бұндай женілдікпен айырбастау халықтың ақшасын жинақ кассаларында және Мембанкте сақтауына қызығушылығын арттырып және де халықтың алдында несие мекемелерінің беделін көтерді;

в) кооператив мекемелері мен колхоздардың есеп айырысу және ағымдағы шоттарындағы ақшаның қалдығы 5:4 арақатынасымен (яғни 5 ескі сом 4 жаңа сомға) айырбасталды. Осылай кооператив мекемелері мен колхоздардың банктік шоттарындағы ақшасын

бірсыпыра азайтудың себебі олардың соғыс кезінде өз өнімдерінің біраз бөлігін жоғары бағамен нарықта сатып, қосымша қор жинауы еді;

г) мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің

шоттарындағы ақша қайтадан бағаланбай, тек жаңа ақшамен қайта есептелді.

• бесіншіден, бұрынғы шығарылған мемлекеттік облигацияларды конверсиялау (яғни бұрынғы облигациялардың алғашқы жағдайларын: мерзімін, төленетін процент мөлшерін өзгертіп, жаңасына алмастыру). Нәтижесінде бұрынғы облигациялар (1947 ж. облигацияларынан басқалары) 1948 ж. 2%-тік облигацияларға 3 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды. Ал 1938 жылғы облигациялар 5 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды.

Қорыта айтқанда, ақша реформасының нәтижесінде: халық жалақысын және басқа да табыстарын бұрынғы мөлшерде тек жаңа ақшамен алды; халықты карточкамен жабдықтау жүйесі жойылды; мемлекеттік бөлшек сауда ашық шектелмей, бұрынғы екі бағаның - төменгі-карточкалық және жоғары-коммерциялық бағаның - орнына біртектес бағамен жүргізілді; нанның және кейбір азык-түліктің бағасы карточкалық бағамен салыстырғанда 10-12%-ке арзандатылды. Колхоз базарындағы азық-түліктін де бағасы төмендеді. Бағаның төмендеуі нәтижесінде халық жылына 86 млрд. сом үнемдеді. 1948 жылдыңд I токсанында 1947 жылдың дәл сол уақытымен салыстырғанда жаңа ақшаның сатып алу күші 41%-ке өсті. Қоғамдық еңбектің өндіргіш күші 1948 жылы 15%-ке артты.

Жүргізілген маңызды шаралардың қорытындысында Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудін бірінші бесжылдык, жоспары артығымен орындалып, ақша реформасынан кейінгі жылдарда көптеген тауарлар бағасын қайыра төмендетуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1950 ж. 1947 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда тауарлар бағасының деңгейі 57%-ке төмендеп, халық 400 млрд. сом табыс алды.

Жаңа сомның сатып алу мүмкіндігі көтеріліп, керісінше, инфляцияның салдарынан шетелдік валюталардың құнының төмендеуі кеңестік рубльдің алтын негізін көтеруге мүмкіндік берді. Сондықтан 1950 жылдың 1 наурызында 1 рубль 0,222168 г таза алтынға тең деп бекітілді. Осыған қарап жаңа рубльдің шетелдік валютаға шаққандағы курсы (бағамы) де анықталды. Рубльдің жаңа бағамы: 4 рубль 1 АҚШ долларына теңгеріліп есептелді (ол кезде 1 доллар 0,888671 г алтынға тең еді).

Ақша реформасы екінші дүниежүзілік соғысқа қатыскан басқа бірсыпыра елдерде де өткізілді. Бірақ дүниежүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден-бір валюта тек рубль ғана болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубль-мен бағаланып, несиелер рубльмен өлшенді. 


Ақша реформасы