Ақшаның шығу тарихы. 2
Ақшаның шығу тарихы
Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.
Біздің заманымыздың 704 – 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 – 8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған. Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.
Монғол жаугершілігінің
1271 ж. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78 – 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың басқы кезеңіне дейін айналымда болды. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді.
Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек хан, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу – Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында кеңінен белгілі болды.
16 ғасырда Отырардың мыс
Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:
айналыс құралы ретінде – ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады
құн өлшемі ретінде – ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді
қорлану қоры қызметін атқарады – егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, андай ақша қазына құрау қызметін атқарады.
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес.Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып,ақшаны –белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған.Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған.Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жатандығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын тусіндіру үшін,(тауар құны қатынасында қорытындылатын,құнның даму көрнісінде көз салып,оның қарапайым терең байқалатын бейнесін,көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады )
Тауардың айырбастау кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ ,ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болады. Бір тайпалар малмен айналысса,ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады.Мұндай айырбас алғашқыдыа кездейсоқ ,бірегей сипатқа ие болады: Т /Т экв. 1 қойға == 1қан астық ,экв.
Бұл мысалымызға бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарда ( 1 қап астық ) айырбасын көрсетсе , онда салыстырмалы құн түрінде болғаны,ал бір қап астық оның эквиваленті болып табылады,яғни эквиваленті түрде болғаны.
Ақшаны қалай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік (балама ) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.Ақша қандай қызметтер атқарады?
Ақшаның бірінші қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін,нақты ақшаны талап ету керек емес.Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін.Мондықтан тауар өз құнында да және сұраным мен ұсынымнын да тәуелді.
Тауар құны мен алтын
құнының тәуелділігі ерекше
муделікті байқатады.Сұраным
Егер тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын құнның тауар бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше – алтынның құны төмен болса,тауар бағасы жоғары болады.
Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционал ды және алтын (ақша ) құнына кері пропорционалды өзгереді.
Екінші қызметі – айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма –қол түрінде атқарады,себебі олар нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды.Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса.Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады.Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналмалы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік(сақтық ) қор ретінде қажет.
Үшінші қызметі – төлем құрады. Бұл қызметті тауарды – ақша несиеге (төлемді ұзарта отырып ) сатқан кезде , ақшаны қарызға бергенде, салықты,жер рентасын,жалақыны, диведендті,пәтер төлемін және т.б төлегенде атқарады.
Несие қатынастарының
дамуымен байланысты жаңа айналым
құралы - несие ақшалар пайда
болады: вексель,банкнот,төлем тапсырма
Ақшасыз есеп айырысу
тауар айналмалы тұтынысының
Төртінші қызметі –
қорлану немесе қазына жасау
құралы.Ақша айналысын
Ақшаның соңғы ,бесінші қызметі сол - әлемдік ақша түрінде болуы.
Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Әлемдік аренада ақшаның
айналым құралы емес, төлем құралының
ролі бірінші орында болады.
Тарих куәландырғандай , монетаның отаны ретінде Лидия мемлекеті болып есептелінеді.Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.д.д 7 –ші ғасырда ойып - өрнектелген түрінде шықты.Ал монета термині Юнон –Монета храмы атымен байланысты шыққан ,себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.
« Деньги »ұғымы түркілердің – күміс металды « теңге » деп атауынан шыққан.Ол 15 ғасырдың басында Әмір Темірдің ( хан ) басқару кезеңінде дайындалған.Ең алғашқы рет қағаз ақшалар 12 –ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал 13 –ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған.
Ақшаның металдық және номиналдық теориялары.
Ақшаның металдық теориясын «меркантилизм» мектебінің өкілі Томас Мэн (1571 -1641жж) жасаған.Осы теорияға сай – алтын мен күміс өзінің табиғатына қарай және олардың табиғи қасиетінің күш қуаты бойынша – ақша болып табылады. Ақшаның металдық теориясының дамуы тарихи тұрғыдан 16-17 –шы ғасырларда болған.Ол Америкадан Еуропа елдеріне алтын мен күмістің ағылуына байланысты жүзеге асқан.Тауар өндірісі мен құн нысаны түрінің даму тарихы көрсеткендей,ақша - бұл тауар өндірісі және құн түрі дамуының өнімі.Алтын мен күміс өз бетінше ақша емес ,олар қай уақытта да тауар өндірісіндегі адамдардың өндірістік қатынастарын көрсеткен уақыттан бастап ақша бола алады.Алтын мен күмістің ақша болуы олардың алтын және күміс болуында емес,бастысы – олардың қоғамдық еңбектің өнімі болуында .Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық .
Несие қатынастары және
ақшасыз есеп айыруға көшу ,несие
ақшасының пайда болуы ақшаға
деген номиналистік көзқарастың
кеңірек тарауына алып келеді.
Американ экономисі Пол Самуэльсонның ойынша : «Ақша – бұл әлеуметтік шарттылық».Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша ,бұл зомбылық,бағалылықты жасанды төлем құралы ,яғни алтынмен байланысы жоқ .
Бұрын айтқанымыздай,осындай қортындының негізіне несие ақшаның пайда болуын жатқызамыз,себебі несие ақшалар арнайы тауар болып табылады және олар айырбас құнына ие болады.Сондықтан да мемлекет ішіндегі түпкі төлемнің сауда саттығы кезінде алтын етілмейді.Әлемдік нарыққа қатысты айтар болсақ ,онда барлық төлем есептеулерінің құралы тек алтын ғана болып табылады.
Ең соңында тарихтың
пайдалы сабақтарын еске алуға
Ол кезде Индияда ,Цейлонда
,Африканың кейбір
Қазіргі әлемде мұндай
мысалдар көптеп кездеседі.
Ақша айналымының заңы .
Ақша тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары.
Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы,ақша айналымы экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Аа) сай болады және мынандай формуламен анықталады:
Мұндағы ∑ С – тауар бағасының сомасы;
А- бір есімдегі ақша бірлігі айналымының саны.
Рынок жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш фактордың стихиялы өзара іс -әрекетімен – айналатын тауардың массасымен, олардағы бағаның қозғалысымен,ақша айналымының жылдамдығымен- анықталады.
Алайда ақша айналым құралы ретінде ғана қызмет жасап қоймай ,төлем құралы қызметін де атқарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған айналым үшін қажетті ақша саны формуласы (Аа) , кәдімгідей өзгеріске ұшырап, төмендегідей түрге ие болады.
Мұндағы Аа – айналымда болатын ақша саны ;
С - өткерілуге жататын тауар бағасының сомасы;
Н - несиеге өткерілетін тауар бағасының сомасы;
Т - мерзімі келген төлемдер;
Е - өзара есеп айырсу;
А - бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.
Тауар массасы
мен айналымда болатын ақша
бірлігі санының арасындағы
Экономикалық тұрғыдан инфляция дегеніміз не?Инфляция (латынның inflatio-қампиған деген сөзі ) – қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік – экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі.
Инфляция - кешенді себептермен туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшалар шығарылады,мемлекеттін өндірістік емес шығындар (әсіресе әскери шығындар ) деңгейінің жоғарылығы тұтыну игіліктерін шығаруды арттырмайтын және еңбекгі шығынымен тікелей байланысты; тауар тапшылығы , оның сұранымдары ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осының негізінде – бағаның өсуі ;бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы,олардың өзінің өніміне тұтыну сапасын арттырмай –ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен жұзеге асырылуы;жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқада бірқатар себептер .Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша эмиссиясының (эмиссия –айналымға ақша мен бағалы қағазды шығару )құны пайда болуына көмектеседі.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідеі түрге бөлуге болады: а)баяу,ә)қарқынды б)ұшқыр .Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10 %- дан аздау )өседі.Инфляция 2-3 % болған жағдайда ,нарық үшін орынды құбылыс болып табылады.Мысалы,1992 жылы инфляция Францияда -2,7 % , Германия мен АҚШ- та – 3,8% болды.Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам,ырғи-ырғи (жылына 20- дан 200 % -ға дейін )өседі.Мұндай инфляцияға жол бермеу керек ,себебі ол өте ауыр әлеуметтік – экономикалық салдарға ұшындырады (тұрғындардың өмір деңгейі төмендейді,кәсіпорын күйзеліске ұшырайды).Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500-1000%)өседі.Қоғамның экономикалық тарихында ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалдары баршылық (инфляция Боливияда 1985 жылы – 3400% Аргентинада 1990 жылы -2000% болған.
Шетел ғалымдарының ойынша , « баяу инфляция » экономиканы «көңілдендіруге » әсерін тигізеді,және күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп,жұмыссыздар армиясын жоя бастайды.американ экономисі А .Манның айтуынша,бағаның қалыпты әрі ұзақ көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады және тұтыну қабілеттілігін арттырады.Шынында да инфляцияның бірінші кезеңде,қағаз ақша қарқынын қамтамасыз ету олардың эмиссия қарқынынан (сұлама инфляция айтамыз ) қалған кезінде ,арнайы инфляциялық коньюктура пайда болып,тауар бағасының өсуі уақытша өндірісті ұлғайтып ,тауар айналымын ынталандырады.Алайда ақшаның құнсыздануынның деңгейіне қарай инфляция өндіріс пен айналым процесін ұйымдастыруды тезірек бұзатын әсерлерге («қарқынды»инфляция ) тап болады.Сөйтіп ,несие – қаржы және валюта жуйесінің («гиперинфляция») толық бұзылуына алып барады.
Рыноктық инфляциялық
тепе –теңдігінің қандай түрді
Басылыңқы инфляция,оны
кейде жасырын инфляция деп
те айтады.Ол бағаны реттейтін
Басылыңқы инфляция
мемлекеттің тауарлық бағаны
сұраным мен ұсыным тепе-
Қазақстан Республикасында 1992 жылы дейін жасырын инфляция басым болып,ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды.Республикада 1993 жылы инфляция 2260 % құраса,1994 ж -1258,ал 1995 жылдың аяғында «теңге» тұрақтана бастап,инфляция төмендеді және 56-58 % - ға қысқарды.Инфляция 1996 шы жылы 30 % -дың маңында болса,1997 жылы – 20% құраса,ал 2000 жылдың аяғында 7 %-ға тұрақтады.
Шетел экономистері
сұраным мен ұсынымға
«Тауардың өте аз мөлшеріне өте көп ақша жұмсалмақ » .Сондай –ақ , сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстық монополизмнің бұзылуынан және әкімшілдік- әміршілдік басқарудың ұзақ билеуі кезінде болды.Олар бұл жағдайда өзінше ерекше түрді қабылдайды.Мысалы,біздің экономиканы алатын болсақ,ұзақ жылдар бойы табиғи емес ең төменгі жұмыссыздықты жүзеге асырып келеді.Бұған көптеген рентабелді емес кәсіпорындар мен артық жұмыс орнын сақтау ,еңбекті көп қажет ететін өндірісті консервациялау арқылы қол жеткізіліп,ол еңбек өнімділігіне теріс әсер етті.Қай кезде де жалақының бір бөлшегі еңбекпен келмесе,онда ол сұраным инфляциясына айналады және бағаны арттыруға итереді.
Валюта - бұл ақша бірлігі және оны тауар құны мөлшерін өлшеу үшін қолданылады.
«Валюта » ұғымы үш мағынада қолданылады: а) сол елдің ақша бірлігі (Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары ,Ресей рублі,Жапония иені,Ағылшын фунт стерлингі және т.б)және оның әртүрлі типтері – алтын,күміс,қағаз; ә) шетел мемлекеттің ақша белгісі,шетел ақша бірлігі түріндегі несие мен төлем құралдары және халықаралық есептеуге қолданылатын- шетел валютасы; б) халықаралық ақша есептеу бірлігі және төлем құралы .
Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді :а ) еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) және ол кез- келген шетел валютасына белгілі баламамен шексіз айырбасталады; ә)барлық валюталық операция бойынша ішінара қайтарымды конверсияланатын; конверсияланбайтын қайтпайтын тек бір елдің шеңберінде айналымда болатын және басқа шетел валютасына айырбасталмайды.Еркін конверсияланатын валютаға; АҚШ доллары,ГФР маркасы, Ағылшын фунт стерлингі,Швейция франкі және Жапон иені жатады.Жыл сайынғы валюта нарығындағы айналым Лондонда 187 млрд доллар,Нью-Йоркта -129,Токиода -115,Цюрихта- 57 млрд долларға жетеді.Көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасы тұйықталған болып келеді.Біздің ұлттық валютамыз теңгеге келетін болсақ ,ол әлемдегі бірден-бір конверсияланбайтын,тұйық валютаға жатады.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасынның ғалым – экономистері теңгенің конверсиялануына қол жеткізуді қарастыруда.Олар экономикалық дағдарыстан шығу менрефоманы тереңдету жолдарын іздестіруде.Шетел мамандарының ойынша,қазір теңгенің конверсияланбауы төмендегідей себептермен түсіндіріледі:а) валюталық курстың жоғарылығы; ә ) ішкі бағаның рационалды болмауы; б ) тауардың конверсияланбауы.Соңғысын тек қана тұтыну рыногын баланстандыру жолымен жоюға болады.
Рыногтық экономика жағдайында ұлттық валютаға теңге рыноктың қалыптасуына және онда бәсекенің болуына көмектеседі,ішкі бағаны нақтылайды, отандық өндірісті әлемдік деңгейде көтеруді қамтамасыз етеді, дәйекті сыртқы экономикалық мамандануды жүзеге асырады.Осы кезде капиталдың халықаралық ынтымақтасуының жаңа түрі жүзеге пайда болып,елдің халықаралық инвесторға айналуы басталады.
Ұлттық валюта теңгенің
енгізілуі Қазақстан
Барлық елдерде валютаны
конверсиялау жетістік ретінде
қарастырылады,прогрессивті
Валютаны конверсияландыру
дегеніміз алдыменен –
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы тұрақсыздануда және оның тезірек жөнделуі үшін жылдар керек,себебі оның ар жағында нақты тауар массасы жоқ .Тіпті кез келген әлем елдеріндегі алтын қорының болуы ұлттық валютаға абсолюттік кепілдік бере алмайды.Халықаралық валюталық қор,Бүкіләлемдік банк, Азиялық ,Еуропалық даму және қайта құру банктері біздің валютаны қолдайды.Алайда шетелден келген көмек ұлттық жетістігімізге оң салдар жасауы екіталай.Жаңа технологиялы ірі инвестиция бұл басқа шаруа,себебі ол өндірістің құлдырауын жоюға көмектеседі.Тауар өндірушілер үшін жұмсақ валютаның курстық арақатынасын анықтауды қалыптастыру әкімшілік емес нұсқауды ұлғайту немесе өнім өндіруді қарастыру керек.Кейінірек төлем одағының дамуымен толыққанды валютаны құру сауалы тууы әбден мүмкін,себебі соның негізінде елдер біріктіледі.Нәтижесінде қандайда болмасын килирингтік валюта болуы мумкін ,сонда біркелкі ұлттық банк құрылады.Бір жағынан - экономикалық саясаттың жалпы бағытталуы мемлекеттің қатаң әрі іргелі ақша – несие саясатын шектен жүргізілген болса,екінші жағынан – барлық шаруашылық субьектілері өзінің қаржы нәтижесі қызметіне жауапкершілікті күшейтеді.
Валюта қаржылық және
тауарлық конверсиялау
Сондай – ақ валютаны
конверсиялануы бойынша –
Сыртқы конверсиялану – бұл елдің ішінде ұлттық валютаны қолдануға шектеудің болмауы және оның шетел азаматтарынада (резиденттер) солай болуы.Әрине,бұл жағдайда ішкі нарықтық механизм ұлттық валютаның кез келген валютаға ,тауар,массасына,әр түрлі бағалы қағаздарға мемлекеттік және жеке конверсиялану кепілдіген береді.

- Ақшаның шығу тарихы
- Ақшаның шығу тегі. Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады
- Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
- Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, түрлері және атқаратын қызметі
- Ақша реформалары
- Ақша реформалары
- Ақша реформасы
- Ақшаның пайда болуы,мәні және қызыметтері
- Ақшаның пайда болуы мен мәні
- Ақшаның тарихи түрлері
- Ақшаның тауарлы табиғаты. Ақшаның мәні
- Ақшаның түрлері
- Ақшаның түрлері
- Ақшаның түрлері жəне эволюциясы