Ақшаның тауарлы табиғаты. Ақшаның мәні
Ақшаның тауарлы табиғаты. Ақшаның мәні
Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.
Жалпы мәліметтер
Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды - астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.
Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды.
Ақша (ағылш. money;
cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға
бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың
құнын көрсететін ерекше тауар.
Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар,
тұтынушылар арасындағы экономикалық
байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар
өндірісі мен тауар айырбасының тарихи
дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы
кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне
тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда
дамуының барысында құнның жай формасының
орнына құнның толық және жайылыңқы формасы
келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың
дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан
бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар
осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның
толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық
формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы
ақша формасындағы жалпыға бірдей балама
рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни
ерекше тауар түрі – ақша пайда болды.
Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар
арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы
сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын
тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір
халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар,
моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда
Тарихы
Біздің
заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша
орнына күміс пышақты пайдаланып келсе,
біздің заманымыздың 1 ғасырында салық
есебіне алтын, күміс құймаларды алып
тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви,
екінші бетіне эфталит (түркі-руни)
жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың
5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына
кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған
негізгі тайпалар)баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша
жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі
деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда
билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін
бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір
сүрген тайпалардың қола теңгелері,
6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта
қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің
рәмізі болған арыстан бейнеленген.
Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалалар
Біздің
заманымыздың 704 – 766 жылдары
Монғол жаугершілігінің
алғашқы кезінде (1220 – 1250) Қазақ жерінде
жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті.
Соның салдарынан ақша қатынасы да тоқтады.
Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы
үшін, халықтан купчур салық жинап, хан
қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешім
1271 ж. Масудбек реформасы
ақша айналымында жаңа кезең ашты.Бұл реформа бойынша
алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып,
салмағы 2 г, тазалығы 78 – 81% күміс ақшалар
айналымға кіргізілді. Бұл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында
шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың
басқы кезеңіне дейін айналымда болды. 1321 ж.
жүргізген Кебек
хан реформасының
да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет
атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді.
Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған.«Кебек
хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб
Өзбек
хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек хан, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу – Түркіс
16 ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Ясының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж. Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды.
Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:
- айналыс құралы ретінде – ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады
- құн өлшемі ретінде – ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді
- қорлану қоры қызметін атқарады – егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, андай ақша қазына құрау қызметін атқарады.
Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас — бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі үдерісіне (процесінде) жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әртүрлі болып, нәтижесінде одардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны — бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жанұясының қажетін қанағаттандырғаңдықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның, өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну кұны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның, мынадай нысандарының (формаларының) қалыптасуына себеп болған:
- Алғашқысы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ нысаны. Айырбастың бұл нысанында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бір мал бір қап бидайға айырбасталды.
- Екінші нысаны — бұл құнның толық немесе жалпы нысанымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың, айырбасында жүрген. Мысалға:
1 қап бидай = 1 қойға
= 1 балтаға
= 1 құмыраға және т.б.
- Үшінші нысаны — бұл құнның жалпылама нысаны. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін, кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), түз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
- Кұнның жалпыға балама нысанының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар — ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы метал-іттын және күміс атқарды.
Сонымен, ақша — бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға барша айырықша тауар.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының кұралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айырықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның, жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша — өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
- жалпыға тікелей айырбасталу нысаны;
- айырбас құнының дербес нысаны;
- еңбек өлшемінің заттай (материалдану) нысаны.
Жалпыға тікелей айырбасталу нысаны, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды
Ақшаның теориялары
Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:
Ақшаның металдық теориясы;
Ақшаның номиналистік теориясы;
Ақшаның сандық теориясы.
Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.
Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты — меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.
Ертедегі метализм теориясының қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне адам еңбегімен жасалатын материалдық игіліктер емес алтын мен күмістің жатқызылуы, екіншіден, айналыстағы қағаз ақшаларды металл ақшаларға алмастыру қажеттігін жоққа шығарғандығымен сипатталады.
Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.
XIX ғ. екінші жартысындағы ақшаның металдық теориясының қайта тууы 1871—1873 жылдардағы Германияда алтын монета стандартының енгізілуімен байланысты болды. Бұл — ақшаның металдық теориясының бірінші метаморфозасы. Неміс экономистері (К.Книс және т.б.) ақшаға бағалы металдармен қатар, орталық банктің банкноталарын да жатқызды. Сол уақыттары ақшаның металдықтеориясы инфляцияға қарсы бағытталған ақшалай реформаларды негіздеу үшін пайдаланылды.
Ақшаның металдық теориясының екінші метаморфозасы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Оның өкілдері алтын монета стандартын қалпына келтіру қажеттігін мойындай отырып, алтын монометализмінің жаңа қысқарған нышандарын: алтын құйма және алтын девиз стандартын енгізуге арналған өздерінің теорияларын жасады.
Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Француз экономистері А. Тулемон, Ж. Рюэфф және М. Дебре, сондай-ақ ағылшын экономисі Р. Харрод алтын монета стандартын халықаралық айналымда енгізу қажеттігін ұсынса, американ экономисі М.Хальперии және француз экономисі оның ішкі айналымда енгізілуі туралы ұсыныс жасады.
Ақшаның номиналистік теориясы
Ақшаның номиналистік теориясы құл иеленушілік құрылыс тұсында пайда болды. Бұл теория қазынаның табысын ұлғайту мақсатында монеталарды бұзылуын ақтау үшін, ақшаның ішкі құнының болуын теріске шығарды.
Бұл теория XVII-XVIII ғғ. ақша айналысына толық құнды емес металдардың шығуымен байланысты қалыптасты. Ақшаның номиналистік теориясының алғашқы өкілдері ағылшындар Дж.Беркли мен Дж.Стюарт болды. Олардың пікірінше біріншіден, ақшаны мемлекет шығаруға тиіс, екіншіден олардың құны номиналына байланысты анықталуға тиіс, үшіншіден ақшаның мәні бағаның масштабына қатысты болуға тиіс дейді. Мысалы, Дж. Стюарт ақшаны баға масштабы ретінде қарастырады. К. Маркс ондай ұсыныстарды сынға ала келіп, ол қант қызылшасын кірдің көмегімен өлшеуге болатынын, және кірдің де қандай да бірлікпен өлшенетін салмағының болатынын айтады. Сол сияқты ақшаның да өзінің құны болатындықтан ол өзге тауарлардың құнын өлшейді деген пікірге келеді.
Демек, номиналистер ақшаның табиғи құнын жоққа шығара отырып, оларды тек қана техникалық айырбас құралы ретінде таныды. XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында саяси экономияда бұл пікірлер өз орындарын алды. Ертедегі номинализмнен онын, айырмашылығы, ол мұнда айналыста толық құнды монеталар емес қағаз ақшалар (казынашылық билеттер) болуға тиіс деген пікірде болды.
Неміс экономисі Г. Кнаптың 1905 жылы жарық көрген «Ақшаның мемлекеттік теориясы» деген еңбегінде номинализм теориясы айқын көрініс тапқан. Оның негізгі пікірлері мынадай болған:
- ақша — бұл мемлекеттік биліктік өнімі;
- ақша — бұл мемлекетпен номиналдық құны белгіленген төлем құралы;
- ақшаның негізгі қызметі бұл төлем құралы.
Г. Кнаптың
ақшаның мемлекеттік
Австрияның экономисі Ф. Бендиксеннің «Ақшаның кұндылығы туралы» және «Ақша жалпыға балама алмастыру құралы туралы» еңбектерінде ақшаны коғамның мүшелеріне қызмет етуге куәгер ретінде, яғни өнімді алуға құқық беретін құрал деп бағалай отырып, ақшаның мемлекеттік теориясын экономикалық тұрғыдан негіздеуге тырысқан. Бірақ оның номинализмді экономикалық негіздеуінің жолы болмады, себебі, ол ақшаның мәнін бағалауда құнның теориясын мойынсынбады.
1929—1933 жылдары экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түсіп, алтын стандартынан бас тартуды ақтау үшін теориялық негіз болып қала берді. Дж. М. Кейнс 1930 ж. «Ақша туралы трактат» деген еңбегінде алтын ақшаларды арбаның бесінші доңғалағына теңеді. Нағыз ақшалар — олар қағаз ақшалар, яғни олар алтынға қарағанды біршама икемді және қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасайды. Қағаз ақшалардың айналыстан алтынды ығыстырып шығаруын ол алтынан кету және Кнап теориясының жеңісі деп қарастырды.
Кнап теориясының қателігі, оның металл ақшалар икемсіз, олардың икемділігіне тек қана банкноталарды шығару арқылы қол жеткізуге болады деген пікірінен байқалады. Кейнс номинализмінің түпкілікті мақсаты — алтын монета стандартын алып тастау, қағаз ақша айналысына өту және экономиканы инфляциялық үдерістерді басқару арқылы реттеуді көздеді.
Қазіргі кездің өзінде номинализм бұл ақша теорияларының ішінде үстемдік етуші теорияға жатады. Атақты американ экономисі П. Самуэльсон ақшаны шартты белгі ретінде қарастырады. Өзінің «Экономика» атты еңбегінде ол: «тауарлы ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі басты. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі құндарын айқындай түседі. Ақша бұл жасанды әлеуметтік шартты белгі» — дейді.
Сөйтіп, номинализмнің барлық түрлеріне бір ғана нәрсе тән: ол ақшаның тауарлы шығу тегін жоққа шығару, олардың негізгі қызметтерінен бас тарту, ақшаның баға масштабын білдіруі, сондай-ақ ақшаның нағыз есептік бірлік ретінде болуы.
Ақшаның сандық теориясы
Ақшаның сандық теориясының өкілдерінің, пікірінше тауарлар бағасы мен ақша құнының деңгейі олардың айналыстағы санымен анықталады дейді.
Мұндай пікірді алғаш рет XVI ғ. француз ғалымы Ж. Боден айтқан болатын. Ол Батыс Еуропадағы тауарлардың қымбат болуын бағалы металдардың көп келуімен түсіндірді. Бұл пікірді XVII ғ. Ш.Л.Монтеське, Д. Юм, Дж. Милль, сияқты ғалымдар қолдай отырып, олар айналыстағы ақша саны мен олардың құндарының арасындағы өзгерістердің, пропорционалдығы туралы айтқан болатын.
XVIII ғасырдағы
ақшаның сандық теориясының
XX ғасырдың
басына таман батыс
Трансакциондық нұсқасын (ағылш. transaction — мәміле), американ экономисі И. Фишер жасады. Оның нұсқасы мынадай «айырбас тендеумен» көрсетіледі:
мұндағы,
— айналыстағы ақшаның саны;
— ақшаның айналысы жылдамдығы;
— тауарлардың орташа бағасы;
— сатылған тауарлардың саны.
Ақшаның сандық теориясын жасауда И. Фишер аталған тендеуді пайдалану барысында бірқатар кемшіліктер жіберді. Ол Ү — ақшаның айналыс жылдамдығы мен Q — сатылған тауарлар көлемі қысқа мерзім ішінде өзгеріссіз қалады, немесе ақшаның айналыс жылдамдығы ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал өнідіріс көлемі де өспеуі мүмкін, себебі неоклассикалық көзқарас бойынша ресурстардың барлығы толық өндірісте қамтылады деген пікір білдірді.
Кейінен Ү мен Q талдаудан алып тастап, М — ақшаның санымен Р — тауардың бағасы арасындағы байланысты ғана ақшаның сандық теориясының негізіне жатқызады.
Ақшаның
сандық теориясының Кембриджік нұсқасы
А. Маршал, А. Пигу, Д. Робертсон сияқты
ағылшын экономистерінің
Кембриджік нұсқаның негізгі қағидаты формуламен бейнеленеді:
мұндағы,
—ақшаның саны;
— ақшаның айналысы жылдамдығы;
— баға деңгейі;
— ақырғы өнімге жататын тауарлардың заттай көлемі;
- ақша нысаны сақталатын жылдық табыстың бір бөлігі.
Кембридждік нұсқа өзінің мәні жағынан айырбас теңдеуіне ұқсас болып табылады. Себебі, k — шамасы ақшаның айналыс жылдамдығына кері шама (k = 1/Ү). Екі нұсқаның бір-бірінен айырмашылығы мынада, егер И.Фишер ақша айналысының жылдамдығының айналым факторларының өзгеріссіздігімен байланыстырса, ал ағылшын экономистері оны психологиямен, яғни айналымға қатысушылардың әдеттерімен байланыстырады. Бірақ екі нұсқаның қорытынды пікірлері бірдей, ақша санының өзгерісі бұл бағаның өзгерісінің салдары еместігін көрсетеді.
К. Маркс ақшаның сандық теориясы өкілдерінің мынадай кемшіліктерін атап көрсетті, олардың ойынша айналысқа тауарлар бағасыз, ал ақшалар болса құнсыз түседі де кейіннен осы үдерісте тауарлардың, бір бөлігі тиісінші ақшалардың бір бөлігіне айырбасталады дегендігін теріске шығарады.
20-30 жылдары
ақшаның сандық теориясының

- Ақшаның түрлері
- Ақшаның түрлері
- Ақшаның түрлері жəне эволюциясы
- Ақшаның шығу тарихы
- Ақшаның шығу тарихы
- Ақшаның шығу тегі. Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады
- Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
- Ақшаның пайда болуы
- Ақшаның пайда болуы
- Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі
- Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
- Ақшаның пайда болуы,мәні және қызыметтері
- Ақшаның пайда болуы мен мәні
- Ақшаның тарихи түрлері