Ақшаның тарихи түрлері

Жоспар

Кіріспе

I Негізгі бөлім

1 Ақшаның мәні және қызметтері

2 Ақшаның қажеттігі мен экономикалық мәні

3 Ақшаның формалары мен түрлері

4Ақша жүйесі

II Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын жәнекүміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.

Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды.

Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте,Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.

        Қағаз ақшалартек  қана айналыс құралы және төлем  құралы ретінде қызметін атқарады.олардң  айналыста ұлғаюы мемлекеттің  қаржы жетіспеушілігіне байланысты  түсіндіріледі.Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және  құсыздану себептеріне:айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы,эминентке деген сенімнің төмендеуі  және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.

         Экономикалық  котегория ретінде ақшаның мәні  олардың қызметтерінде көрініс  табады,олар ішкі ақшаның негізін  және құрамын сипаттайды.Демек, ақшаның  құн өлшемі,айналыс құралы,төлем құралы,жинақтау және әлемдік ақша қызметтерін қарастырады.

 

1Ақшаның мәні және қызметтері

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қфызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.

Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.

2Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық  мәні

Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • жалпыға тікелей айырбасталу;

  • айырбас құнының дербес формасы;

  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Жалпыға тікелей айырбасталу[өңдеу]

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

Ақшаның айырбас құны[өңдеу]

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерінқарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі[өңдеу]

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындау толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулері. Ал, енді үшінші біреулері алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы[өңдеу]

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

  • құн өлшемі,
  • айналыс құралы,
  • төлем құралы,
  • қор және қазына жинау құралы,

дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде[өңдеу]

Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

Ақша айналыс құралы[өңдеу]

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

  • тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;

  • оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

  • ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Ақша төлем құралы

Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:

  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

  • еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

  • сақтандыру міндеттемелері;

  • әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;

Қорлану және қазына жинау құралы ретінде[өңдеу]

Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.

Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай      қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

  • банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Дүниежүзілік ақша қызметі[өңдеу]

Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге[өңдеу]

Ұлттық валюта теңге дайын болды. Оны айналымға жіберу жұмысымен қатар, алда өз тиынымызды шығару мақсаты тұрды. Біздің суретшілер теңгені шығарумен айналысқан кезде, біздер біраз мемлекеттерде болып, немістің «Гребнер» компаниясына тоқтаған болатынбыз. Бұл – тиын соғатын бүгінгі заманғы озық жабдықтармен жабдықталған фирма. Бұл шешімді Ерік Асанбаевпен келісе отырып, монета сарайы үшін орын іздедік. Өмір бойы түсті металлургия саласында жұмыс істеген академик Сауық Тәкежанов Өскемендегі күшті конструкторлық бюросы бар заводты еске салды. Бұл Кеңестер Одағының энергетиктері үшін ядролық отын шығаратын жалғыз әрі жабық өндіріс орны болып шықты. Бұл өңірде сонымен қатар, металлургия заводтары мен мырыш, мыс, күміс кен орындарыкөп. Ал тиын шығару үшін мұның бәрі қажет.мемлекет басшысы бұл таңдауды мақұлдап, Өскеменде монета сарайын құруға рұқсат берді.

Біздер Германиядан технология, жабдықтар әкелдік. Металлургтер қорытпа іздей бастады. Оның бірнеше үлгісі ұсынылды. Тиын миллиондаған қолдан өтеді, оның өзіндік құны жоғары болмауы, оны шығаруы рентабельді болуы тиіс, сондықтан, қорытпаның сапасына бірнеше талаптар қойылды. Конструкторлар мен металлургтердің алғашқы жасаған тиындары ол талаптарға бірден жауап бере қоймаса да, соңында металл қоспасы табылды.

Үлбіде тиын шығаратын желі дайын болғанымен, көпшілік ұлттық валютаны шығаруға дайындығымызды біліп қояды деп қауіптенгендіктен, оны шығара алмадық. Себебі, біз мұны ерте жария ете алмайтын едік. Сондықтан, қыркүйек айында Президент шешім қабылдаған кезде, теңгенің металлдан жасалған бөлігі дайын болмады.

20 теңгелік металл ақша алғаш  рет Германияда соғылып шығарылды. Тіпті алғашқысын, Ғ.Байназаров өзі соқты. Қазақстандық жұмыс тобының әрбір мүшесі станокта жұмыс істеп көрді. Сол кездеГрегорий Марченко тиынның соншалықты үлкен екендігін сұраған болатын. Ол кезде бұл өзіндік құны және басқа да көрсеткіштер жағынан өзін ақтап шыққан болатын. Ең бастысы біз прессті сынаудан өткіздік. Қазір 20 теңгелік тиын көлемі жағынан бұрынғыдан анағұрлым кіші, соған орай металл шығыны да азайды.

Ұлттық валютаға көшу механизмін жасау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Құжаттардың бір бөлігін комиссия, енді бір бөлігін ұлттық банк әзірледі. Қажетті нормативті құжаттардың барлығы он сегіз күннің ішінде дайын болды. Тек тек ақша айырбасын жария етіп, іске көшу қалды. Дегенмен, қайталап айтамын, металл түріндегі валюта дайын болмады. Суретшілер дизайнды дайындап, үш ауысымда жұмыс істеліп, бір ай ішінде қағаз тиындар әзір болды.

Ақша мен монета он күн ішінде, ақша айырбасына 2-3 күн қалғанда облыстарға жеткізілді. Сонымен, қарашаның ортасына қарай ұлттық теңгемізге көшідің барлық әзірлік жұмыстары аяқталды. Ақшаны жеткізу аяқталып біткен соң 1993 жылдың 13 қарашасында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теледидардың кешкі жаңалықтарында ұлттық валютаның енгізілетінін жария етті.

Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында ресми түрде өмірге жолдама алып, айналымға табыспен енгізілді. 1 АҚШ долларына шаққанда 4,75 есебінен теңгенің алғашқы бағамын белгіледі. 500 кеңестік сом 1 теңгеге айырбасталды. Ұлттық банк басқармасының мүшелері айырбас бағамын 1:1000 алуды ұсынған еді. Осы негізде алу қажет болатын. Бірақ, біздің дегеніміз болмады. Ал мемлекеттік комиссия қабылдаған бағам кейін ұлттық валютаның беделіне нұқсан келтіргені белгілі. Алғашқы екі жылда төмен құлдырады. Оқасы жоқ. Ең бастысы іс бітті. Теңге біздің экономикамыздың, мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралына осылайша айналды.

3Ақшаның формалары мен түрлері

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз — ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыздеп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша- номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін акша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың кұрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

Толыққұндыемес ақша- сатып алушылык құны ақша қаты-настарынын тасымалдаушысы ретіндегі тауар кұнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандаи сатыларды етті:

1)   Металдық;

2)   Қағаздық;

3)   Несиелік;

4)   Электрондық ақша.

Металл ақшалар- бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдык құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-IV ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.

Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.

Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді. Толыккұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардағы номиналдык құн құрамындағы металл қүнынан асып кетеді.

Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындык «еmssіо»сөзіненаударғанда «шығару» деген мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы — бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін оте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру — өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа терендігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек.

Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақ-шалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмас-тыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге қетқен еңбектің шынайы құныпан жоғары болады.

Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Қағаз ақшалар- нағыз ақшалардын өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар қөшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.

Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тен құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиыннан ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес қелмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияга әқеледі.

Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі қупюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын — доллар, Ресей — рубль, Қазақстан — теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды үрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.

Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен катар несиелік қағаздар пайда болды.

Қағаз ақшалар сатып алу жэне төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны жэне оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана аткарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

Қағаз — ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

Несиелік ақшалар— айналымдагы толыққұнды ақшаларды алмастыратын жэне несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі элементі болып банк жүйесі есептеледі.

Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының қажеттілігін қанағаттандырады.

Несиеліқ ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель, банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі — несиелік және пластикалық қарточка.

Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі карыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Ақшаның тарихи түрлері