Ақшаның түрлері жəне эволюциясы
Жоспар:
Кіріспе.......................
1. Толық құнды ақшалар
..............................
1.1.
Mеталл ақшалар.......................
2. Толық құнсыз
ақшалар ..............................
2.1.
Қағаз ақшалар.......................
2.2.
Несиелік ақшалар ..............................
2.2.1.
Вексель.......................
2.2.2.
Банкнота......................
2.2.3.
Чек...........................
3. Электрондық ақшалар.......................
4. Қорытынды.....................
5. Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Ақша дегеніміз – адамзаттың ойлап тапқан ең құнды жетістіктердің бірі. Себебі, қазіргі заманда ақша басты рөлдердің бірін атқарады. Әр адам ақшаны табуға тырысады. Бұл, яғни, адам өмірінің мәні мен мағынасы ақшада екенін білдіреді.
Адамдар
ақшалай табысқа жетудің
Ақшаны жарату арқылы біз оны пайдаланамыз. Керек игіліктерге қол жеткізу үшін біз ақшаны жаратамыз.
Ақшасы бар адамның көңіл-күйі де жақсы болады. Бұны ақшаның емдік қасиеті деп атауға болады.
Ақшасы
бар адамның мүмкіндіктері де
жоғары болады. Қазақтың мақалында: «Ақшаң
болса қалтаңда – талтаңда да талтаңда,
ақшаң жоқ болса қалтаңда – жалтаңда да
жалтаңда» деген сөз бекерге айтылмаған.
Өмірде бар, болашақта сақталатын, әлі
қажет болатын маңызды ресурс ол – ақша.
Ақша – айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кез келген тауар немесе символ.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
- толық құнды ақшалар;
- толық құнсыз ақшалар.
Толық
құнды ақшалар
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Оған металл ақшалар жатады.
Mеталл ақшалар
Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны – бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны – гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» – «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар б.з.б. VII ғ. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар күміс монеталар да қоса жүрді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.
Б.з.б.
640 ж. Лидияда жасалған тиын.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
- алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
- алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын
айналысы не бары І дүниежүзілік соғысқа
дейін болды және соғысушы елдер өздерінің
шығындарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде,
біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толыққұнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
- құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері, ол қағаз ақшалар және несиелік ақшалар болып екіге бөлінеді.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
- металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
- эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың, нақты құны арасыңдағы айырма) алу мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды шығаруы;
- бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз
ақшалар тек қана айналыс құралы
және төлем құралы қызметін атақарды.
Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің
қаржы жетпіспеушілігіне
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар:
- вексель;
- банкнота;
- чек.
Вексель (ағылш. bill note) — міндеттеме шоты) – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударуып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың кебеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі:
- Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
- Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
- Достық вексель – кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі-біріне беріледі.
- Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
- дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
- даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
- айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып келеді. Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиентеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн. теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, «домицилиант» – вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота (ағылш. Bank-note – банк билеті) орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
- мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал, банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
- кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған нысаны ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
- жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота – ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
- эмиссиялау әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны – Орталық банк шығарады;
- қайтарылуына қарай – классикалық банкноталар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
- ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.
Олар
металға алмастырылмайды, тек қана
Орталық банктің барлық активтерімен
қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі
айналыста жүрген орталық банктен
шығатын жай банкноталар
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
- ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
- ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
- мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
- есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
- жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
- кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
- Ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
- Ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
- Ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар – пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік
карточка – оның эмитеті мен карточка
иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес,
несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер
үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша
алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық және халықаралық түрлерін кеңінен қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
2011
жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша
20 банк және «Қазпочта» АҚ
Ақша
эволюциясы – ақшаның пайда болуымен
байланысты. Ал ақшаның пайда болуы мемлекеттердің
пайда болуымен байланысты. Алғашқы ақшаның
түрі металл монеталар б.з.б. VII ғ. Ертедегі
Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде
пайда болды. Міне, сол кезден бастап ақша
айналыс құралы, төлем құралы ретінде
қолданылып келеді.
Қорытынды
Ақша экономиканың дамуымен, қоғамның дамуымен байланысты әр түрлі кезеңдерден өтіп келеді. Оның құнына әсер ететін бірнеше факторлар бар. Орталық банк ақша санын бюджет тапшылығын өтеу үшін шығарады. Бірақ та сол шығарылатын ақшаның мөлшері шамадан тыс болса, ол ақшаның құнсыздануына әкеледі. Сол себепті қазіргі банкноталардың құнсыздану қаупі жоғары.
Ақша жалпы адамзат баласына өте қажетті ресурс. Бірақ та, ол ақшаны тиімді пайдалана алған жөн. Әсіресе, кәсіпорындағы, өндіріс орындарындағы жоспарланған мақсаттарға жету үшін ақша ресурсын дұрыс жұмсай алуды білу керек. Егер де қаржылық жүйеде белгілі бір қателіктер кетіп жатса, оның арты әр түрлі жағдайларға соқтыруы мүмкін. Сол себепті ақшамен байланысты қызметтерге өте ұқыпты қараған жөн.
Өмірдің
мағынасы мен мәні ақшада деп те
айтуға болмайды. Себебі, ақшаның рөлі
барлық жерлерде жүре бермеуі мүмкін.
Ақшадан да құнды игіліктер болады. Оған
мысалы, білім, ғылым, өнерді жатқызуға
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- http://kk.wikipedia.org/wiki/
- http://dengi.polnaya.info/
platezhnye_sistemy/evoluciya_ deneg/ - http://temakosan.net/load/
kursovye_na_kazakhskom/ ehkonomika_arzhy_banktik_is_ bukhgalterlik_is_saly/a_sha_a_ shany_t_rleri_men_yzmeti/74-1- 0-5040

- Ақшаның шығу тарихы
- Ақшаның шығу тарихы
- Ақшаның шығу тегі. Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады
- Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
- Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, түрлері және атқаратын қызметі
- Ақша реформалары
- Ақша реформалары
- Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
- Ақшаның пайда болуы,мәні және қызыметтері
- Ақшаның пайда болуы мен мәні
- Ақшаның тарихи түрлері
- Ақшаның тауарлы табиғаты. Ақшаның мәні
- Ақшаның түрлері
- Ақшаның түрлері