Ақшаның, несие, банктер



 

Мазмұны:

Кіріспе..........................................................................................................................3

І. Ақшаның экономикалық мәні және маңызы.

1.1. Ақшаның пайда болу  тарихы..............................................................................5

1.2. Ақша теориялары................................................................................................12

ІІ. Ақшаның атқаратын  қызметтері және олардың ерекшеліктері.

2.1. Ақшаның қызметтері..........................................................................................17

2.2. Қазіргі заманғы ақша түрлері............................................................................27

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы  ақша жүйесінің мәселелері және оларды шешу жолдары...........................................................................................................30

Қорытынды.................................................................................................................35

Қолданылған әдебиет................................................................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Бұл қурстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.

Менің ойымша, ақшаның  экономикалық мәнін бағалау өте  қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған  ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін  болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол  тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны  ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені  ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.   

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем  құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.

Мен, курстық  жұмыстың бірінші бөлімінде –  ақшаның экономикалық мәні мен маңызын, сондай-ақ ақшаның пайда болу тарихын, ақша теориялары  туралы айта кетемін.

Екінші бөлім – ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктерін туралы. Толығырақ айтқанда,  қазіргі заманғы ақша түрлері мен экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі.

Үшінші бөлім - Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ақшаны реттеу саясатының     мәселелерін қарастырып өттім.

Нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін  айқын түсіну өте маңызды. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы тегін емес.

 

 

 

 

 

 

I. Ақшаның экономикалық мәні және маңызы.

1.1. Ақшаның пайда болу тарихы.

 

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып  табылады. Тауар – бұл сату және айырбастау үшін жасалған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса және қоғам тарапынан мойындамаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол-ақша.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде  тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек  қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар мен ақшалар бір немесе осы тауар формасының нақты қарама-қарсы  жақтары бола отырып, айырбас процесінде бірін-бірі тауып отырады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде  бір тауардың басқа бір тауарға  кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ  формалары қолданылады. Тауар өндірісінің  дамуы барысында кездейсоқ  айырбас жиіленеді. Тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын  тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы: бидайды етке, майға, жүнге және тағы басқа заттарға айырбастауға мүкіндік болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарларды бір-бірімен өзара айырбастау құралы бола бастады. Осыдан келіп құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нақты бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының  тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе рәсімделінбеген ақша формасы, әртүрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бұл халықтың өзінде әртүрлі уақыттарды және әртүрлі халықтарды бір мезгілде әртүрлі эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әртүрлі уақыттарды және әртүрлі халықтарды бір мезгілде әртүрлі эквиваленттер болады. Сонымен бірінші, еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болады. Шалғынды аудандарда жылқы, сиыр және қой; ол шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлі қолжазбаларда; қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.

Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалған ақшаларда «өгіз» деген  атау ойып өрнектеліп жазылып жүрді. Латынның сөзі «лекуния» (ақша) «пекус» (мал) сөзінен шыққан. Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша метелл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болады. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген: «Біздің жинаған малдарымыз ерлерден 4 күн старосталардан 10 гривен және бояулардан 18 гривеннен тұрады».

Капитал сөзінің  шығуыда малмен байланысты, өйткені  ескі герман тілінде бұл сөз мал  басы, санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары  ең бірінші тауар ретінде айырбас  үшін жүнді пайдаланады. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әртүрлі тауарлар сатып алыну барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланады. Құс  жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылады. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте, Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың Арабтармен, Казарлармен, Византиямен сауда-саттық жалауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды.

Жылы теңіздердің  жағасын мекендеген тайпалар айналыс  құралы ретінде бақалшақ ақшалардың келесі атаулары сақталды: чангас, цинбес, бангес, хайкева және тағы басқа  көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Карл көптеп таралды. Безенді рулар түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Африканың Шығыс жағалауында, Цейпанда және Филлипин аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың кескін-келбетін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Каралин және Саламан аралдарында лағашқы айырбас құралы ретінде пайдаланды. XX ғасырдың 70-ші жылдарының басында Саламан аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың 3 түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (салия), аса қымбат – қызыл түсті (ранго) пайдаланылады. Әлемде әртүрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Ява аралында осы күнге дейін ақша айналымында қызмет етеді.

Өнер мен жер  игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе, какао тағы басқа. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытыйда жыне Ежелгі Римде мыс ақша ретінде қолданылды. XVII ғасырда Солтүстік Америкада (Массачусетс) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданды.

Металл ақшалардың артықшылығы – олар біркелкі, төзімді, ұсақталды және тағы басқа. Кейін келе металдардың арасында басты рөль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар аса қажетті сапаға ие. Бірақ біздің эрамызға дейін XVIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт, ливр, марка салмақ бірліктері атауымен аталды. Алғашқыдағы белгілі массасы бар металл ақшаға айналды. Ақша - бұл тауарлық ресурстардың құндылықтарын көрсету үшін керек. Тауарлық ресурс деп - біз шаруашылық өмірде сатып алу, сату арқылы жүретін әрбір экономикалық ресурсты айтамыз. Яғни, «тауар» - бұл міндетті түрде затты өнім емес. Тауар болып жер, еңбек, капитал және тағы басқа ресурстар болуы мүмкін. Ақша - бұл тауарлық өндірістің ажырамайтын элементі және жетілудің әрбір стадиясына сол өндірістің қажеттілігі мен сипатына сәйкес түрлерге ие болып, бірге дамиды. Ақшаның эволюция мен тарихының негізгі құралы болып табылады. Айырбас бұрынғы тарихи кезеңдерде натуралдық шаруашылық бөлінгенде пайда болды. Алғашқыда айырбасқа ұсынылатын әрбір өнім соған байланысты тауар болып қалыптасады, айырбасталатын басқа тауарға эквивалент қызметін атқарады. Одан кейін біртекті - тауарлардан өзінің қасиетіне қарай эквивалент рөліне сәйкес келетін бір тауарға бөледі. Оның өзінің құндылығы эквиваленттіліктің айырбас кепілдігі ретінде қызмет атқарады. Ал ақшаның ерекше қасиеттері айырбас операцияның толық жетілуінің мүмкіншіліктерін ашады. Ақшаның бұл класын натуралды ақша деп атаймыз. Экономикалық қатынастардың дамуының келесі кезеңі – сауда. Бұл кезенде эквивалент ретінде өзінің құндылығы бар ақша қолданылады. Осы талапқа алтын мен күміс сәйкес, бірақ сауда жүйелі болып қалыптасқандықтан, бағалы металдардың қатысуының қажеттілігі болған жоқ. Мемлекет билігінің күшіне сүйеніп алтын мен күмістің құндылықтарын қағаз белгілермен айырбастау мүмкіншілігі туды.

Саудаға сай капиталистік өндіріс пайда болып, тауар ақша қатынастарын сауда әрі дамытты. Тауар болып өнімдер ғана емес барлық ресурстар: жер, капитал еңбек  қалыптасады. Капитализм өзіне тән  ақшаны туғызды, яғни кредит ақшалардың пайда болуын әкелді.

Уақыт өткен сайын  тауарлар айналымының көп бөлігін  қамтамасыз етіп кредит ақшалар алтын  ақша негізінде жұмыс істейді. Акционерлік  капиталдың пайда болуы бұл тауар  ақша қатынасының жетілуінің жоғарғы  деңгейі болып табылады. Кәсіпкердің тауарға айналуы жаңа кезеңнің мінезін анықтайтын оқиға болды. Бизнес пен жұмыс тауарға айналды.

Бизнес тауарға  айналғанда тауар - ақша қатынасының жаңа кезеңге өтуі аяқталды. Енді тауарға өнімдер мен өндіріс факторлары ғана емес, шаруашылық структуралары да айналды. Бұл кезеңде кредит ақшаларға қаржы ақшалар, әртүрлі бағалы қағаздар қосылды.

Бизнес тауарға айналғанда тауар – ақша қатынасының жаңа кезеңге өтуі аяқталды. Енді тауарға  өнімдер мен өндіріс факторлары ғана емес, шаруашылық структуралары да айналды. Бұл кезеңде кредит ақшаларға қаржы ақшалар әртүрлі бағалы қағаздар қосылды.

Бұл кезеңде алтынның ақша ретінде рөлі толық жойылды. Оның орнын айналымды кредит пен қарысы ақшалар басады:

1. Капитализмге дейінгі кезеңде, яғни XVII- XVIII ғасырларда натуралды ақшалар айналымда болып қызмет жасады.

2. Еркін бәсекенің капитализм кезеңі XVII ғасырда еуропалық елдерде, ең алдымен Ұлыбританияда, Нидерланды кейін Францияда қалыптасты.

3. XVIII ғасырдың басы мен XX ғасырдың басын қамтиды.

4. XIX ғасыр мен XX ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде несие ақшаларға қаржы ақшалар қосылды, яғни бағалы қағаздардың нарығы пайда болды.

Сонымен, ақша - бұл тауарлық өндіріске тән тарихи категория. Оның ежелгі түріне азық-түлік, әшәкей, еңбек құралдары жатады. Кейін ақшаның рөлі металдарға өте бастсды, ол біздің заманымызға дейін VII ғасырда нақышталған монета түріне капитализмге дейін ақшаның рөлін мыс, қола, күміс, алтын атқарып келген.

Ең бірінші  алтын монеталар біздің заманымызға дейін VII ғасырда Лидияның патшасы Гилестің бұйрығымен басылды. Бұл бағалы металдың «монета» атауы біздің заманымызға дейін 279 жылы Римде Юнона әйел құдайдың титулы ретінде пайда болды. Александр Макендонский ең бірінші рет өзінің профилін монетада бейнеледі.

Қағаз ақшаның пайда I ғасырға жатады және былғары ақшалармен тығыз байланысты. Бұл кезде Қытайда - ақ бұғының терісінен жасалған ақшалар пайда болуы Шыңғыс ханның немересі Хубилай ханның есімімен байланысты.

Ал қазір ақша өз құнын, мәнін жойған жоқ. Біздің елде өзіміздің ұлттық теңгеміз бар. Тәуелсіз мемлекет болған соң 5 белгісі болуы керек. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттермен бірге «рубль аумағында» қала берді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмыспен тоқтатқан КСРО мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейінен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.

1993 жылы 23 шілдесінде Ресейдің Орталық  Банкі 1961- 1991 жылдары Кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5000 және 10000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын салалар жатты.

Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 2 күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

1992 жылы бірінші  жартысында-ақ Қазақстан Республикасының  жетекшілері ендігі жерде рубльден  күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшын «Хариссон» фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы, 15 қарашада сағат 8-ден бастап Ұлттық валюта – теңге енгізілді. КСРО Мемлекеттік банкінің және 1992-1993 жылдары Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың рубльдік шоттардың, салымдары мен  міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағалы бойынша жүргізілді. Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас 1 рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Мемлекеттен асқан қаражаттардың шығу тегінің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімінен босатылды.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі  аралықта толық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды. Теңгеде – шексіз 1961 – 1993 жылдарда 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 жылы шідедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын салада 1,3 коэффицентке түзетілген шамада қабылдады.

Кәсіпорындардың баланстарындағы  рубльмен берілген активтер мен пассивтер  екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтер қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің валюталық бағанын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс, никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты 4 алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 грамм құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың теңгелік алтын монеталар кірді, ал жиынтық 816 $ тұрды.

Сонымен, Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталар қатарына кіреді.

Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті  енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді  талап етеді.

Нарықтық экономикада ақшаның  маңызы зор. Себебі әртүрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілеті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.

Сонымен қатар қазіргі кезде  кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  де, мемлекеттік бюджеттің кірісін  қалыптастыру да, әртүрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық Банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және тағы басқа жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.

 

1.2. Ақша теориялары.

 

Әр түрлі кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу ақша-несиелік механизмі және экономиканың қаржы құралы ретінде жетілдіру тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының дамуы іргелі тарихи кезеңдерді зерттеуі қажет.

Ақша теориясында үш негізгі  бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның  металдық теориясы, номиналистік және сандық.

Ақшаның металл теориясы XV-XVII ғасырларда ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда – У. Стэнфорд, Т. Мэн, Д. Норе, Францияда – А. Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық – табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп есептеді.

Аталған теорияны ұстанушылар қоғам  байлығының қайнар көзі сыртқы сауда  болып табылады – деп пайымдайды. Қазіргі авторлар ерте металлизм  теориясының қателігі – біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымда олардың орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.

Ақшаның номиналистік теориясы. XVII-XVIII ғасырларда ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смитт болып табылады. Бұл теория ақша айналымда құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады деп есептеген.

Ақшаның номиналистік теорияның негізгі  идеялары төменде келтірілген:

- ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады,

- бірдей бөліктері бар тамаша  масштаб болып табылатын аталған  бірлікте ешқандай ішкі құн  болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайда XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қол жеткізді. Бірақ оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы – оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.

Қазіргі таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем  теориялардың бірі. Әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығармасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді… Ақша – жасанды әлеуметтік шарт» - деп жазды.

Сонымен, номинализм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас  тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте онды сан бірлігі болып  табылады.

Ақшаның сандық теориясы XVI ғасырда  пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп түсіндіріледі. Бұл жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты. Оны пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы металдың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен тауардың бағасы да өсті.

Кейінірек мұндай паймдауды ақшаның  сандық теориясының басқа өкілдері Д. Рикардо, Ш. Монтескье, Д. Юм, Дж Миль тағы басқалары қолдады.

ХХ ғасырдың  басында ақшаның  сандық теориясы батыс экономикалық ілімінде классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстемдік алды. Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды. Бұл теория 1960-1980 жылдары саяси экономикадағы жаңа ағым формасында – монетаризмде – көрініс таба бастады.

Осы заманғы монетаризм. ХХ ғасырдың ортасында экономика қаржы саласы мен ақша шаруашылығы мекемелеріне ерекше назар аударылуын талап етті. Осы кезеңде Чикаго экономикалық ғылым орталығы пайда болды, оның өкілдері Чикаго университетінің профессорлары Ф.Найт, Дж. Стиглер, Дж. Вайнер, Г. Саймоне және М.Фридмен болды.

Бұл жерде біз Нобель сыйлығының лауреаты М.Фридменнің монетаристік теорияға арналған шығармаларына тоқталамыз. М. Фридмен монетаристік теория негізіне ақшаның сандық теориясының әдістемелік негізі ретінде Кембридж мектебінің ғалымдары А. Маршалл, А. Пигу, И. Фишердің ілімдері жатқызылады.

Оның еңбектерінде ақша шаруашылығының анализі мен қазіргі ақша теориясы маңызды орын алады. Ғалымның пайымдауынша, жоғарыда аталған жағдайлар сауатты монетарлық саясатта экономиканың тұрақтылығына даңғыл жол ашады.

М. Фридмен зерттеулерінің нәтижесі және жалпы қазіргі монетаристік теорияның негізгі мазмұндары төмендегідей түрде қорытындыланады:

- еркін, шексіз бәсекелестігі бар, өзіндік жолмен, өзіндік реттелу негізінде, тұрақтылыққа әкелетін нарықтық жүйелі экономика тиімді болып табылады.

- ауыртпалықтар мен кризистер экономикаға сырттан келеді, экзоген сипаты болады, бұл факторлардың себепкері - өзін-өзі реттейтін күштер әрекетін жоятын мемлекеттік кірісуі болып табылады.

- мемлекеттік реттеу шеңберін тарылту қажет, өйткені «бірде бір өкімет нарықтан асып, ақылды бола алмайды», ал «мемлекеттің шарасыз түрде туындайтын қатерлерінің құрбандығына біздің ақшамыз шалынады».

- экономика саласындағы зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың салмақ орталығына ақша-несие қатынастарын салу керек.

- қолданбалы психология жетістіктерін  пайдаланып, шаруашылық субъектілердің  қызмет себептерін белсендіру  шараларын күшейту керек.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 1994-1995 жылдары жүргізілген экономикалық саясытында гиперинфляциямен күресу және макроэкономиканы тұрақтандыру үшін монеталық теорияның негізгі қағидаларын, оның ішінде ақшалы және тауарлы массаларды және MV=PQ формуласын ұстанды.

Басқаша айтқанда, ол айналымдағы ақша массасын барынша көп қысу жолымен, тауарлар мен қызметтер массаларына сәйкестендірді. Ақша массасын қысу айналымдағы жоғары несиелік мөлшерлемені, банктің міндетті қорларын және тағы басқа қолдану арқылы ақша эмиссиясын қатаң бақылауға алу әдісімен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері.

2.1. Ақшаның қызметтері.

 

Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі негізді, ақшаның құрамын өрнектейді. Ақша қызметінің әрқайсысы тауардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің  саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті  үш түрін анықтайды: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақта басқаларға қарағанда оларды Карл Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған екі қызметімен қатар барлығы 5 қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.

Демек, олар қазіргі  кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз:

  1. Құн өлшемі қызметі.

Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып құндардың, барлық тауарлар  құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауардың балама айырбасын  қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауарлар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін  біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар  құн өлшемі қызметінде  өте жақсы әрекет етеді. Бұл мынаны түсіндіреді, құнның тауарлық формасын ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған  жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Баға – тауар  құнының ақшалай көрінісі болып  табылады. Ол тауарды өндіру мен  өткізуге кететін қоғамдық қажетті  еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына  сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі  тауарладың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.

Метал айналысы кезінде  бағалардың масштабы ақшалай  металдың салмақтық көлемі деп аталады, ол берілген елде  ақша бірлігі ретінде және  басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның  фунтқа және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардың аты ақшалай металл (алтын, күміс) ақшаның  салмақтық құрамымен сәйкес  келді, ал салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады. Күмістің фунты фунт стерлинг деген атауды туындатты.

Ақшаның, несие, банктер