Ақшаның пайда болу тарихы. 2

                                                  Жоспар

Кіріспе ............................................................................................................... 3

I. Ақша жүйесі және  ақша айналымы

1.1.Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі......................................................4

1.2.Ақша түрлері.................................................................................................5

II. Ақша айналысы

2.1. Ақша айналысы мен заңы.........................................................................10

2.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы.................12

III. Қазақстан Республикасындағы  ақша жүйесі

3.1. Ақша жүйесі жөнінде  түсінік...................................................................13

3.2. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта...................................................................................................15

Қорытынды .............................................................................................................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ақша ертеден адамзат  пайда болуымен қатар өмір сүріп  келеді. Ғасырлар  бойы ақша өзгеріп  отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Экономикалық категория  ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.

Ал екінші бөлімде  қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша массасы мен ақша базасы туралы жазылған.

Ал ақырғы бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы тоқтай кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны «Ұлттық Банк» туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды. Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамның ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілгені туралы айтылған.                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Ақшаның мәні  және қызметтері

1.1. Ақшаның  пайда болуы

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір  шама жоғары дамуы нәтижесінде пайда  болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.

 Айырбас құн тауарлардың  өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың  құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып  отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек  қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін  жасайды. Нарықта бұл тауарды екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1 қап бидайға)ұғымы туындайды.

Айырбас құны – бұл  тауардың басқа да бір тауарға  белгілі сәйкестікте айырбасталу  қабілетін білдіреді.

Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес. Демек, айыпбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

Ақшаның экономикалық категория  ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:

  • жалпыға тікелей айырбасталу формасысы;

  • айырбас құнның дербес формасы;

  • еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.

Ақшаның жалпыға тікелей  айырбасталу формасы ретіндегі  қасиетті, ақшаның кез келген материалдық  бағалы затқа тікелей айырбасталатынын  сипаттайды Кеңес үкіметі кезеңінде  бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен.

Ақшаның айырбас құнның дербес формасы ретінде пайдалану  тауарларды сатумен тікелей байланысты емес. Бұл формасында ақша, несие беру, қарыз өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.

 Еңбектің сыртқы  заттық өлшемі тауар өндіруге  жұмсалатын еңбектің ақша көмегімен  өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның жартылай  демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

1.2.  Ақшаның  түрлері

Ақша өзінің дамуы  барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар – бұл номиналдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.

Мұндағы металл ақшалар  мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі  формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады.

Алғашқы монеталар VII ғасырда  б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста  алтын монеталармен қатар, күміс  монеталар қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.

        Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

     - алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

    - алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Сонымен, алтын айналдысы  бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін  ғана болып, соғысушы елдер өздерінің  шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып  келетін ақшаларды білдіреді.

Оған мыналар жатады:

  • құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

  • құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар – бұл  нағыз ақшалардың өкілдері болып  табылады. Тарихта олар айналыста  жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда  болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста  жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың  айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.

Металл ақшалардың қағаз  ақшаға ауысуының мынадай өзіндік  себептері болған:

металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

металл ақшалардың мемлекеттік  билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

бағалы металлдарды  өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі;

эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың  құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақщаларды шығаруы;

қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

     Алғашқы  қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан отары болған  солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда  және 1769 жылы.. Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.

Қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді. .

Несиелік ақшалар –  тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың  уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.

 Вексель – белгілі  бір соманы алдын ала келісілген  мерзімде және белгіленген жерде  төлейтіндігі туралы борышқордың  жазбаша қарыздық міндеттемесін  білдіреді.

Вексельдің екі түрі бар: жай  және аудармалы вексель.

Вексельдің түрлері  «ҚР-дағы вексель айналысы туралы»  ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:

 Жай вексель (соло) – вексельдің ұстаушыға вексельде  көрсетілген соманы белгілі бір  уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (эмитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша  төлеуге келісімін бергеннен  бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы  вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель  – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай  түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктік) вексель  – белгілі бір ақша сомасын  қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық вексель –  кейіннен банктен оларды есепке алу  мақсатында бір-біріне беріледі.

Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Вексельдің мынадай  өзіне тән қасиетттері бар:

дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;

дауыссыздық, яғни протест  туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;

айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған  заң қабылданғанға дейін және одан кейін де вексель айналысы дамып келеді.

Вексель айналысын бірінші  болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк тәжірибесін  атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «  Қазақстан темір жолы » ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы «домицилиант» - вексельде көрсетілген төлемді  жүзеге асыратын, Вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

Банкнота (ағыл. сөзінде  «bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктың айналысқа  шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз  ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның  вексельден мынадай айырмашылығы бар:

мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді  айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиетте  банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық  және жай.

Классикалық банкнота –  бұл банкнотаның алғашқы пайда  болған формасы ретінде алтынға  еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның  қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

жаратылысына қарай  – қағаз ақшалар ақшаның айналыс  құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

эммисиалық әдісі бойынша –  қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық  шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

қайтарылуына қарай – классикалық  банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;

ауыстырылуына қарай – классикалық  банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып  отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын  болған.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда  коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда  болды.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті  ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері бар:

ақшалай чек – банктен қолма-қол  ақша алуға арналған төлем құралы;

ордерлі чек – бір тұлғаның атына  толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырылысу чегі – заңды  тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек – банктің  чекте көрсетілген соманы төлеуге  кепілдендіруін сипаттайтын төлем  құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;

екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;

үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырылысу құралы.

Электрондық ақшалар – компьютер  торабының, ақпараттарды автоматты  түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка – оның эмитенті менкарточка иесі арасындағы келісімшартқа  сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық  және халықаралық түрлерін кеңінен  қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т. б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

Несиелік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.                   

II. АҚША АЙНАЛЫСЫ

2.1.Ақша айналысының сипаттамасы

Қайта кезеңіне дейін  “ақша айналымы” мен “ақша  айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар  айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.

Құн формасының өзгеріп  отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның  жаңа тауар сатып алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік  жасайды.

Бірақ ақша айналысы тауар  айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем  құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу  үшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы ақша айналысының  көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның тек  сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен  тауар айналысы, сондай-ақ  несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен  қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар  айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі. 

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қома-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.

   Дамыған елдерде  нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған бакнтік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар  айналысы – қолма-қолсыз ақшалар  айналымының ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақща мен  қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз  байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.

2.2. Ақшаның  металдық теориясы және металл  ақша айналысы

 Ақшаның металлдық  теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне  капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі меркантилистер жатады. Оларға қағамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металлдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фашистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.

Ресейде металлдық теорияның  өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген қөзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы – күміс деп санады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді.

Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын  Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып,  қасиетінің  жоғалуы т.б. пайда болды.

Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың N мөлшеріне  берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, Оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретіндегі қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі  формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін, адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде  қызмет етуінен барып одан бірте-бірте  монеталар пайда бола бастады.

Көпестер классының  бөлінуімен алғашқы монеталар пайда  болды. Олардың пайда болуы ақшаның  қалыптасуындағы соңғы кезеңді  сипаттайды.

Монета –  ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

Монета бет жағы –  аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі  – гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның номиналды  құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық  құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:

Биметаллизм – жалпыға  бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста  алтын және күміс монеталар пайдаланылады.

Ақшаның пайда болу тарихы. 2