Ашық сабақ. Суреттермен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Суреттермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: WORD - ТЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, фигуралық мәтін кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелігі :Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылығы:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, орыс тілі,ағылшын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу;
- түгендеу;
- сабаққа
даярлықтарын тексеру,
- сабақты бастау;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
- “Ұяшықтарды ашу” арқылы сұрау
- Компьютерде практикалық жұмыс орындау арқылы сұрау.
Практикалық жұмыс аты
“Сыныптар тізімін құру”
- “Ұяшықтарды ашу”
- Кесте құру үшін қандай командалар тізбегін орындаймыз?
- Кесте дегеніміз не?
- Кесте құру кезінде ұяшықтарды біріктіру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
- Кесте құру кезінде ұяшықтарды қосу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
- Кестені пішімдеудің жолдарын ата
- Кестеге екі бағана және екі қатар қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындаймыз? Берілген жауап үлгілерін өз ретімен қой.
- Бағаналар енін өзгерту үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
- Кестеде бірінші қатардың және соңғы екі бағанның ұяшықтарын біріктіру үшін орындалатын әрекеттер.Тізбекті ретімен қой.
- Кестеден екі бағанды және екі қатарды өшіру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
- Компьютерде практикалық жұмыс. «Сыныптар тізімін құру»
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Microsoft Word құжаттарына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады. Ол осы объектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез-келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
- Сөйлемді толықтыр:
Microsoft Word мәтіндік редакторына сурет кірістіру үшін .............. әрекеттерін орындаймыз.
- Сызбаны толтыр:
3. Графиктік объектілерді қою. Мерекелік құттықтау /Компьютерде орындауға арналған тапсырма/
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға электрондық тест беріледі. Оқушы алдындағы компьютерде тестті белгілеп, қорытынды бағаларын алады.
Электрондық тестке кіру жолдары:
Рабочий стол → Интернет әлемінде(архивта) → Test,exe
V І. Үйге тапсырма беру. Практикум: 9.36,9.39,9.41 тапсырмалар
V ІІ. Оқушыларды бағалау.
V ІІІ. Қорытындылау.

- Ашық сұйықты манометр
- Ашық тәрбие сағаты
- Ашық тәрбие сағаты
- Ашық тұқымды өсімдіктер
- Ашық тұқымды өсімдіктер
- Ашық тұқымды өсімдіктер
- Ашық тұқымды өсімдіктердің биологиялық маңызы және практикалық маңызы,сипаттамасы
- А. Швейцер: гуманность как основа культуры
- А. Шопенгауэр жизнь философа и философия жизни
- А. Шопенгауэр и европейский иррационализм
- А. Шопенгауэр и современная западная философия
- Ашығу және оның түрлері, маңызы
- Ашык тукымдылар
- Ашық және қысаң дауыстылар