Атмосфералық ауаны қорғаудың қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-гигиеналық аспектілері
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік
Қазақстан Мемлекеттік
Гигиена – 2 кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Атмосфералық
ауаны қорғаудың қазіргі
Шымкент 2013 жыл
Жоспары:
I. Кіріспе
А) Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі-ауа.
II. Негізгі бөлім
А) Атмосфералық ауаның табиғи және антропогенді ластанулары
Б) Ауаны таза ұстаудың шаралары
В) Атмосфералық ауаны қорғау
бағдарламалары
және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі-ауа. Өйткені, барлық тірі организмдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге, ал ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 л ауа жұтады.
Оттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер бетінде бұдан 550-570 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл өсімдіктер құрлыққа тез тарап, фотосинтез процесі арқылы оттегі бөліп шығады. Жалпы хайуанаттар тыныс алғанда оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газін бөледі. Бір заттың маңызын жете көрсету үшін халық «Ауадай ете қажет» дейді. Ендеше тірі организмдердің тіршілігі ауасыз мүмкін емес. Жерді айнала қоршап тұған газды қабат-атмосфера деп аталады. Ол гректің «atmoc» ауа және «cpaira» - шар деген сөзінен шыққан. Атмосфераға адам, жануарлар және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаты да жатады. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді.
Ауа — әр түрлі газдардың қоспасы. Онын, құрамы, негізінен, азот пен оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында да бар. Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде ғана болады. Ауа планетаның сыртқы қабығы, ол тіршілік атаулының бәрін космостың ультракүлгін сәулелерінін, әсерінен сақтайтын өзіндік ерекшелігі бар қабат. Атмосфера төмендегідей негізгі қабаттардан тұрады. Ауаның негізгі бөлігі (шамамен 80%) жердің төменгі тропосфера қабатында шоғырланған. Бұл қабат жер белдеулеріне байланысты 8—17 километр биіктікке дейін барады. Жердің бетінен алыстағы тропосфера қабатының температурасы әр шақырымда 6°С-ға төмендеп отырады. Одан әрі 18—20 километрлік биіктікте температураның төмендеуі тоқтап 60—70°С келемінде болып тұрады. Атмосфераның бұл белігін тропопауза деп атайды.
Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.
Атмосфераның
табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына
(Жер шарында бірнеше мың жанартау бар,
олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының
үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына,
орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз
тұздарының желмен аспанға көтерілуі
мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының
құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі
процестеріне байланысты. Атмосфераны
табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар,
яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар,
саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің
тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары
жатады. Космос шаңы атмосферада жанған
метеориттер қалдықтарынан пайда болады.
Секундына атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен
(11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер
ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте
көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы
бойынша тәулігіне жер бетіне 1018
кішігірім метеориттер түседі.
Жыл сайын жерге
2-5 млн тонна космостық шаң түсіп отырады.
Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның
құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып
жүретін радиустары 10-16-10-5м
шамасындағы бөлшектерден тұрады. Атмосфераның
төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын
көздердің арасында шөлді дала мен басқа
да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.
Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен
қатар, күн
радиациясын тікелей сіңіреді және тірі
организмдерді күн сәулесінен қорғайды.
Заттардың биологиялық жолмен ыдырауы
көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың,
көмірсутектерінің, азот оксидтерінің,
көміртегі оксиді мен диоксидінің және
т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға
түсуіне апарады. Атмосфералық ластануға
табиғаттың алапат құбылыстарының қосатын
үлесі айтарлықтай. Мысалы, орта есеппен
жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына
атмосфераға 30 - 150 млн/т газ және 30 - 300 млн/т
ұсақ дисперсті күл тасталып отырады.
Тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған
кезде (1997 ж.) атмосфералық ауаға 20 млн
тонна күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар
атқылағанда атмосфераға бірқатар химиялық
ластағыштар - сынап, мышьяк, қорғасын,
селен түседі. Ірі орман өрттері салдарынан
да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады.
Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазіргі
кездегідей ауа райының ыстық болуы шамамен
55 млн жылдай бұрын да болған. Солтүстік
теңізде, қазіргі Норвегия аумағында геологиялық
авария болып, жанартау лавалары үлкен
мұнай қабаттарынын астына енген. Нәтижесінде
атмосфераға 2 млн тоннаға жуық буланған
мұнай өнімдері бөлінген. Сол кездегі
осы жағдай неге алып келгені, қанша уақытқа
созылғаны белгілі. Атмосфералық ауадағы
сол шаңды күлдер 200 ООО жылға созылған
еді. Қазіргі үрдіспен, алдағы 20 жыл ішінде
атмосфераға тағы да осындай мөлшерде
ластауыштар бөлінетін болады.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.
Ғалымдар, экологтар ғана емес, жұмысы мұнай кен орындарымен байланысты көптеген адамдар мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Үкімет теория жүзінде бұл бағыттың маңызды екенін көптен бері айтуда. Тіпті алғашқы жобалардың бірін бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын да айтты. Алауларда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан қағылып отыр. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа дейін республикада атмосфералық ауаны ең қатты ластайтын көздерге, әсіресе, күлі көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де жатқызып келді. Экономикалық дағдарыс кезінде қалада амалсыздан көнтеген өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Алайда қала атмосферасындағы көміртеті оксиді мен азот оксидінің мөлшерінің артуы саны күннен-күнге көбейе түскен автокөліктер есебінен болды.
Қазақстанның үлкен
Аэропорттарда ұшақтардың қонған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді. Мысалы, «Боинг» ұшағының ұшуы кезінде бөлінген зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған 6850 «Фольксваген» автокөлігінен шыққан зиянды заттар мөлшеріне тең.
Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20% жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе, 80% - автокөліктердің еншісінде.
Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.
Өнеркәсіптік ластану.
Қара металлургия. Шойын
балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде
де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді.
1 тонна шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң,
2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді.
Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде
мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары,
сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді.
Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен,
газбен ластау көзі болып табылады. Түсті
металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды
заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар
бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий
алу кезінде де электролиздік ванналардан
көптеген шаңды және газды фтор қосындылары
бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің
түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор
жұмсалып, оның 65% ауаға тарайды.
Қазақстан территориясында түсті металлургия
үш аймақта - Орталық, Шығыс және Оңтүстік
Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда
кен орындары Жоңғар Алатауы мен Қаратауда
кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп
орындарында Менделеев таблицасындағы
элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті
металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны
қажет етеді. Сондықтан Мұндай өндіріс
орындары электр энергиясының көзіне
жақын салынады.
Мұнай өндіру, өңдеу, Мұнай
химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға
көмірсутектер, күкіртті сутектер және
басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі.
Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға
- стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен
және т.б. бөлінеді. 90-шы жылдардың соңында
жасаған зерттеулер бойынша Қазақстанның
Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін
орындарынан жылыша атмосфераға 184 ООО
тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді.
Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен
орындарының саны да, өндіретін Мұнайдың
мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті.
АҚШ-та қоршаған ортаны ластағаны үшін
заңды тұлғалар мыңдаған доллар айып пұл
төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін
айып пұл мөлшері одан жүздеген есе аз.
Сондықтанда инвесторлар сүзгілерді орнату,
ауыстуру және қоршаған ортаға бөлінетін
ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда
айып пұл төлеуді жөн санайды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер - жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді.
Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді. Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған.
Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2-3 аптадан, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады. Атмосферадағы ылғалмен әрекеттесіп - каталитикалык, фотохимиялық еакциялардың әсерінен тотығып Һ,СО4 ерітіндісін түзеді. Сөйтіп Бұл қосылыстың қауіптілігі арта түседі- күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады. Олардың көшуі желдің жылдамдығы 10 м/сек жағдайда 750-1500 м биіктікте жүреді күкіртті газдардың таралуы 300-400 км қашықтыққа дейін жетеді.
Күкіртті қосылыстар адамдар
мен жануарлардың тыныс алу жолдарына
әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде
хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп
әтижесінде фотосинтез процесі нашар
жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің
сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының
өнімі азаяды. Атмосфералық ауа құрамында
күкірттің көп болуы металдардың таттануын
(коррозия) үдете түсіп, ғимараттардың,
ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының
сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті аудандарда,
ауылды жерлермен салыстырғанда темір
20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзылады.
Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының
- транспорттың, коммуналды және ауыл шаруашылығының
еңбек өнімділіғін арттыратын, халықтың
әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін
негізгі қозғаушы күш. Отын-энергетикалық
кешен - жанармайларды барлау және өндіру,
тасымалдау, тарату және пайдаланудан
тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына
отын өнеркәсібі (Мұнай, газ, көмір) және
халық шаруашылығындағы басқа салалармен
тығыз байланысты электроэнергетика кіреді.
Қазақстанның экономикасы
мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы
мол табиғи байлықтар себеп болып отыр.
Мысалы, Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің
қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай
облысындағы қоры бай темір рудалары және
Теміртау металлургия комбинатының салынуымен
Карағанды көмір бассейншің маңызы арта
түсті.
Сонымен қатар, энергетиканың
қоршаған ортаны отынның органикалық
түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды
қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен
ластауда да үлесі көп. Бүкіл пайдаланатын
энергоресурстардың 25% электр энергиясының
үлесіне тиеді. Қалған білігі (75%) өндірістік,
тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия,
химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл
сайын дүние жүзінде 25 млрд тоннадан аса
энергия пайдаланылады. Энергетиканың
қоршаған ортаға әсері отынның түріне
байланысты. Қатты отынды жақ қанда атмосфералық
ауаға толық Жанбаған отынның күлді бөлшектірімен
бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді,
фторлы қосылыстардың кейбір қоспалары
бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің
құрамында Мұнан да улы заттар қоспалары
кездеседі. Мысалы, Донецк антрацигтерінің
құрамында аз мөлшерінде мышьяк кездессе,
Екібастұз көмірі күлінде — бос кремний
диоксиді бар. Көмір - планетада ең көп
тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың
айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға
жетеді. Көмірдің Мұнайдан тағы бір артықшылығы,
ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған
және Мұнайға қарағанда арзан. Бұрынғы
КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер
елдің шығысында орналасты, мысалы Екібастұз,
Канск-Ачинск кең орындары. Ашық әдіспен
өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір
бөлігі Екібастұз кен орнының еншісіне
келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен
9 млрд тонна деп саналады. Алайда Бұл кең
орнынан алынатын көмірден күл көп шығады
(50% дейін).
Торф (шымтезек). Энергетикалық
тұрғыдан торфты (шымтезекті) кеңінен
пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін
жағымсыз жақтары көп. Біріншіден, су экожүйелерінің
режимі бұзылады, сол жердің топырақ жабыны
мен ландшафтының өзгеруіне алып келеді.
Жергілікті жердегі тұіцы су көздерінің
және ауа бассейнінің сапасын төмендетіп,
ол жерде тіршілік ететін жануарлардың
өміріне де қауіп төндіреді. Сондай-ақ
оны сақтау және тасымалдау кезінде де
экологиялық мәселелер туындайды.
Сұйық отындарды (мазут)
жақ қанда атмосфералық ауаға күкіртті
ангидрид, азот оксиді, толық жанып бітпеген
отын өнімдері, ванадий қосылыстары, натрий
тұздары бөлінеді. Сұйық отын көмірге
қарағанда біршама таза, қалдықтар ретінде
көп жерді алып жататын, жел тұрса желмен
бірге таралатын күл- қоқыстар бөлмейді.
Алайда сұйық отын экономикалық тұрғыдан
қымбат болғандықтан тиімсіз. Д.И.Менделеев
айтқандай, Мұнай жағу - пеште (ошақта)
ассигнацияларды өртеумен бірдей.
Табиғи газ. Көмірді табиғи газбен ауыстыру еңбек өнімділігін арттырып, шығын азайып өнімдердің (металл, құрылыс материалдары) сапасын көтереді. Ең негізгісі қаланын экологиялық ахуалын жақсартады. Сондықтан соңғы кезде көмір мен Мұнай өнімдерінің орнына табиғи газ көп пайдаланылуда. Егер көмір жақ қан кезде атмосфераның ластануын 1 бірлік деп есептесек, мазутты жаққанда - 0,6, табиғи газды пайдаланғанда - 0,2-ге тең. Табиғи газды пайдаланғанда атмосфералық ауаға зиянды Н203 (азот оксиді) бөлінеді, бірақ көмірмен салыстырғанда мөлшері 20%-ға төмен.
Электроэнергетиканың негізін жылу электр станциялары құрайды. Бұлардың үлесіне өндірілетін жалпы энергияның 70 % кедеді- Жылу станциялары жалпы өнеркәсіптен бөлінетін зиянды қалдықтардың 29%-ын бөледі. Олар өздері орналасқан жердің айналасына, биосфераға айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе, сапасы төмен отындармен жұмыс жасайтын электр станциялары аса қауіпті . Мысалы, 1 сағат ішінде 1060 тоннасы жағылған Донецкі көмірінен қазандықтардан 34,5 т қоқыс, газдарды 99%-ға тазалайтын электрсүзгіштердің бункерлерінен 193,5 т күл, ал [мұржалары арқылы атмосфераға 10 млн/м3 түтінді газдар бөлінеді. Жылу станцияларынан бөлінген ағынды судың және территориядағы жаңбыр суының құрамындағы ванадий, никель фтор, фенолдар және Мұнай өнімдері су айдынына қосылып судың сапасына, су организмдерінің тіршілігіне әсер етіп, жылулы ластануға алып келеді. Қандай да бір заттардың концентрацияларының көбеюі нәтижесінде судың химиялық құрамы өзгеріп, ол өз кезегінде бактериялар мен су организмдерінің түрлік құрамы мен санына және су айдындарының өздігінен тазару процестерінің бұзылуына, санитарлық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін.
Жылу электр станциялары қызған пармен қозғалысқа келетін турбиналардың көмегімен энергия береді. Турбиналарды үнемі сумен салқындатып отыру керек. Сондықтан жылу станцияларынан су айдынына, әдетте 8°С-12°С-қа жылынған су бөлінеді. Ал ірі жылу станциялары мен АЭС-тер судың үлкен мөлшерін қажет етеді. Олар 80-90 м3/сек жылы суларды бөліп шығарады. Су айдынында температураның көтерілуімен олардын табиғи гидротермиялық режимі бұзылып судың «гүлдеуіне» алып келеді. Суда газдардың еру қабілеті төмендейді, судың физикалық қасиеті өзгеріп ондағы барлық химиялық және биологиялық процестер жылдам жүреді. Судың тұнықтығы бұзылады, қышқылдығы өзгереді, жеңіл тотықсызданатын заттардың ыдырау жылдамдығы артады және фотосинтез процесінің жүруі төмендейді. Кең байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технолоғияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу Казанды қатарынан бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, Фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады.
Ауаны таза ұстаудың шаралары
Адамға табиғат берген байлықтың
бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи
байлықтармен бірге ауаның тазалығын
сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты
дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы
үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған
орай, республикада тындырылған іс аз
емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны
қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында
газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен
қондырғылар мен приборлар іске қосылды.
Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда,
басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын
бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла
бастады.
Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында
35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында
28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында
ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің
өзінде осы заводтарда жоғары температураға
шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып
ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда.
Шығыс машина жасау заводында мазут пешін
электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға
шыратын лас зиянды газдардың көлемін
1,5—2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол
сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі
шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын
құрылыстар салынды. Республикамыздың
ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан
жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден
құтылды. Мысалы, Алматыда 600 кішкентай
пеш жойылса, оның 155-і 1970—1973 ж. ж. келеді.
Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар
жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте — 7 пеш
газбен жағылуға көшті. Бір сөзбен айтқанда,
Алматы каласын қоспағанда республикамызда
1970—1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ
пен 65 пеш газға көшті.
Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақавтотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау жобаланды. Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.
Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар 54,2% корғасын —68,6% күкірт ангидриді—17,2% азайды. Балқаш кен-металлургия комбинатында—41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері — Юесе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлшері 1,8 есе қыс-қартылды. Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлык мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде. Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың қосоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр. Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе асып кеткен, ал азоттың қосоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық ендіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін темендеген. Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы, Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылған. Үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде барлығы 144 кәсіпорынның жұмысына «жақсы» деген баға берілді.
Республикада сағатына 19 миллион текше метр шаңды сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды. Ауаны ластауға себепші болып отырған Алматы қаласындағы 72 ұсақ пештер жабылып, олардың орнына электр энергиясымен және газбен жылытатын жүйелер орнатыл-ы. Ал, Жамбыл Шымкент қалаларында үйлерді табиғи газбен жылыту көптен бері жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі кезде тұрғындар денсаулығын сақтау және нығайту көп жағдайда қоршаған ортадағы нысандардың сапасына да байланысты екендігі мәлім. Адамның тіршілік ететін ортасының жағдайын жақсарту қазіргі уақытта дамыған қоғамның алдыңғы қатарлы міндеттерінің біріне жатады. Қоршаған ортаның ластануы ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуіне әкеп соғады, ал бұл өз кезегінде ағзада әртүрлі патологиялық жағдайлардың дамуына ықпал жасайды. Қазіргі уақытта өндіріс орындарына, энергетика және автокөліктерге таза, қалдықсыз технологияның енгізілгендігіне қарамастан, ластанған ауа әлемдегі барлық адамдардың денсаулығы үшін қатерлі болып табылады. Көптеген зерттеушілер атмосфералық ауа және оның құрамындағы ластағыштар урбанизацияланған аймақтарда тұратын тұрғындардың денсаулығына жоғары деңгейде қауіп-қатер туғызатын «бірінші дәрежелі фактор» деп бағалайды [Авалиани С.Л., 2002; Величковский Б.Т., 2002].
Қазіргі кезде кез-келген елді мекендердегі ауа бассейіні жүздеген химиялық заттардың түрімен ластанған, бұлардың деңгейі шекті деңгейден әлдеқайда жоғары, ал оның ағзаға тигізетін қосалқы әсерлері өте жоғары болып отыр. Барлық тұрғылықты мекендердегі атмосфералық ауаның ластануы ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Экологиялық мониторинг Департаментінің ресми мәліметтері бойынша алынған атмосфераның ластану индексі (АЛИ5) кешенінің көрсеткіштері бойынша бағаланады. Республиканың ластанған қалаларына (АЛИ5 ≥ 5) 12 қала кіреді, соның ішінде ауаның жоғары деңгейде ластанған қалаларына (АЛИ5 ≥ 7) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) кіреді (1-нші сурет).
Қазақстан Республикасы қалаларының ауа бассейінінің ластануына жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша ең жоғары ластану деңгейі Алматы қаласында байқалды (АЛИ5 – 11,7).
Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейі бойынша динамикасын талдау барысында мынадай нәтижені көрсетті; өткен 2009 жылға қарағанда 2010 жылы, Алматы, Ақтөбе, Өскемен қалаларында АЛИ5 (атмосфераның ластану индексі) төмендегендігі байқалса, ал Шымкент, Теміртау, Астана, Қызылорда қалаларында ол керісінше жоғарылады. Ал қалған Тараз, Қарағанды, Атырау, Риддер, Жезқазған, Петропавл, Қостанай, Семей, Ақтау, Павлодар, Глубокое ауылы, Балқаш, Екібастұз, Талдықорған, Көкшетау қалаларында өзгеру үрдісі байқалмады.
1-нші сурет. 2009-2010 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексін (АЛИ5) салыстыру
Көптеген қалаларда ауаның ластану индексінің құрамына ауадағы қалқыған шаң бөлшектерінің үлесі басқа да зерттелініп отырған бөлшектермен (Атырау қаласында 45%, ал Астана қаласында 65% дейін) салыстырғанда жоғары болды. Осыған байланысты, біз ҚР қалаларындағы қалқыған бөлшектердің жиынтық концентрацияларын бағалау қажет деп есептейміз.
Жалпы қалқыған заттар (шаң) жөніндегі мәліметтер «ҚР қоршаған орта жағдайы жөнінде», РГП «Қазгидромет» жыл сайынғы ақпараттық бюллетеньдерінен алынған. 2-нші суретте көрсетілгендей Тараз бен Павлодар қалаларынан басқа зерттелінген қалаларда қалқыған заттардың орта жылдық концентрациялары соңғы үш жылда шекті деңгейден асып кетті.
Осыған байланысты, көрсетілген тұрғылықты мекендер қалқыған шаң бөлшектерінің жиынтық концентрациясының жоғары әсеріне тәулік бойы ұшырап отырады. Қалқыған шаң бөлшектерінің жиынтық концентрациясының бұдан да жоғары деңгейі, шекті қалыптан 2 есе жоғары Алматы қаласында, (зерттелінген кезеңде ШРЕК асу еселігінің біртіндеп төмендеуі байқалды) сонымен қатар, Астана, Жезказған және Атырау қалаларында (2-нші сурет) байқалады.
2-нші сурет. 2008-2010 жж аралығындағы ҚР қалаларының атмосфералық ауасындағы қалқыған бөлшектердің (шаң) ШРЕК-нан асу еселігі.
Соңғы он жылдықта гигиенист пен эколог ғалымдардың ұсынысымен атмосфералық ауа сапасын бағалау кезінде алдыңғы қатарлы поллютанттарды бөлу қабылданды. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша ауадағы шаң, қалқыған бөлшектер, әсіресе, мөлшері 10 мкм (РМ10) болатын ұсақ бөлшектер тұрғындардың денсаулығына әсер ету деңгейі бойынша, атмосфералық ауаны ластайтын алдыңғы қатарлы ластаушы заттардың қатарына жатады.
Ғылыми әдебиеттерде қалқыған бөлшектердің екі фракцияларын – PM10 және РМ2,5 (РМ – аббревиатура ағылшын тілінен аударғанда particulate matter-яғни, қалқыған бөлшектер) ажыратады. Олардың жай қалыпты көзге көрінетін шаңдардан айырмашылығы атмосфералық ауаға кез-келген отынды жаққан кезде түседі. Сонымен бірге, мөлшері өте ұсақ және ауада ұзақ сақталатын қасиетке ие, осыған байланысты адамның төменгі тыныс алу жолдарына, яғни, бронх пен өкпе альвеолаларына енеді [2, 3].
Қазақстан Республикасының (ҚР) аймақтарында тұрғылықты мекендердің ауасында PM10 және РМ2,5 шаң фракцияларына бақылау жүргізілмейді. Сонымен бірге, ҚР заңдылық құжаттарында шаң фракцияларына байланысты нормативтер енгізілмегендіктен, атмосфералық ауаның сапасына гигиеналық бақылау жүргізілмеуі мәселені қиындатып отыр. Ал, Европалық Одақ пен АҚШ елдерінде шаң бөлшектерін нормалау тек дисперстілік фракциялары бойынша ғана жүргізіледі [3].
1-нші кесте. 2008-2010 жж аралығында ҚР қалаларындағы шаң фракциясының орта жылдық концентрациялары
ҚР қалалары |
Бақылау жылдары | |||||
2008 |
2009 |
2010 | ||||
РМ10, мг/м3 |
РМ2,5, мг/м3 |
РМ10, мг/м3 |
РМ2,5, мг/м3 |
РМ10, мг/м3 |
РМ2,5, мг/м3 | |
|
Алматы |
0,20 |
0,13 |
0,1 |
0,09 |
0,1 |
0,08 |
Астана |
0,35 |
0,23 |
0,2 |
0,16 |
0,3 |
0,19 |
Шымкент |
0,12 |
0,08 |
0,1 |
0,06 |
0,1 |
0,08 |
Жезқазған |
0,16 |
0,10 |
0,2 |
0,12 |
0,2 |
0,15 |
Тараз |
0,07 |
0,04 |
0,1 |
0,05 |
0,1 |
0,05 |
Павлодар |
0,08 |
0,05 |
0,1 |
0,05 |
0,1 |
0,05 |
Өскемен |
0,10 |
0,06 |
0,1 |
0,06 |
0,1 |
0,05 |
Семей |
0,11 |
0,08 |
0,1 |
0,05 |
0,1 |
0,04 |
Қызылорда |
0,09 |
0,06 |
0,1 |
0,04 |
0,02 |
0,01 |
Атырау |
0,18 |
0,12 |
0,3 |
0,23 |
0,2 |
0,12 |
Теміртау |
0,11 |
0,07 |
0,1 |
0,08 |
0,1 |
0,08 |
Ақтау |
0,15 |
0,10 |
0,1 |
0,08 |
0,1 |
0,08 |
ШРЕК РФ, мг/м3 |
0,04 |
0,025 |
0,04 |
0,025 |
0,04 |
0,025 |

- Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу
- Атмосфералық ауаның зиянды заттармен былғануы
- Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы
- Атмосфералық ауаның ластануы
- Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық аурулар
- Атмосфералық жауындармен туыгдайтын төтенше жағдайлар
- Атмосфералық жауын шашын
- Атмосфера ластануы
- Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары
- Атмосфералық ауа құрамы
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау