Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық аурулар

Мазмұны

 

Абстракт                                                                                                                 3

 

 Кіріспе                    6

 

Негізгі бөлім                                                    7

 

1 Қазақстандағы радиациалық жағдайы               7

 

2 Радиациялық әсері                 10

 

3 Радиактивті қалдық заттардан қорғау              12 

4 Степногордегі ашық уран өндірісі              16

 

5 Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық           

 аурулар                   24

 

Қорытынды                  34

 

Қолданылған әдебиеттер                36

 

Қосымша тапсырмалар                 37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    Абстракт

            Зерттеу мақсаты:Уран өндірудің бірінші жолын таңдаған елімізде жыл сайын онкологиялық аурулар қауіпі жоғарлап келуде. Осы онкологиялық аурулар көптеп тараған аудандар,олар негізінен осы уран өндіретін радиaциясы жоғары аудандар.Жетекші орындардың бірінде осы Степногорск тұр.Қатерлі ісік ауруымен ауратын адамдар арасында қазір жас балаларда көптеп кездесіп жатыр. - Елімізде қатерлі ісікке жылына 30 000 жуық адам шалдығады екен.

Зерттеу жұмыстың өзектілігі: Адамзат биологиялық түр және әлеуметтік қоғам ретінде қоршаған ортада өтіп жатқан процестермен тікелей байланысты болады да, оны үнемі өсіп жатқан масштабтарда оның қорларын алып тұрады, қалдықтармен, тіршілік әректінің өнімдермен ластандырады. Мұның бәрі “тіршілік кеңістігінің” өте жұқа қабаты биосферада өтеді.

XXI ғасырда жағдай өзгерді  қоршаған орта параметірінің  мәндерінің қайтымсыз өзгерістері  дәлелденді, ол  жиірек экологиялық  күйзелістерге және локальді  деңгейдегі (фотохимиялық смог, қышқылды  жауын – шашындар, судың биогендермен  ластануы және глобальді масштабта  парниктік эффектілерінің түзілуі,  стротосферадағы озон қабатының  бұзылуына) катастрофаларға әкеп  соғады. Экологиялық дүниетанымның эволюциясы байқалады – антропоцентризімнен (адам – ғаламшардың орталығы, яғни «табиғат патшасы») бастап қоршаған ортаның табиғи биотикалық реттелу теориясына (адам белгілі бір экологиялық тіршілік ету орнын (ниша) алып жатты және оның іс- әрекеті биота тұрақтылығының бұзылуына әкеп соқпауы  тиіс және қоршаған ортаның биосфералық шарушылық сыйымдылығы шектерінде қалып адам өмірін қалпына келтіру үшін табиғат негізі бұзылмайтын, тұрақты дамуы бар қоғамға қарай бағытталу.

Зерттеу мәселелері: 1. Уран өндіруіндегі радиациялық улы заттардың атмосферада таралуы

2. Уран өндіру кезінде  қоршаған ортаның жыл сайын  ластанып, экологияның бұзылуы тікелей  әсер етуде

3. Атмосфераның ластануы  уран өндіру кезіндегі радиациялық  улы заттардан туындайтын онкологиялық  аурулардың статистикалық тұрғыдан  көрсету

Зерттеу объектісі:Қазіргі уақытта уран Степногорск қаласында ашық турде өндірілуде,бұл қоршаған ортаға,сол жердегі халыққа өте көп зияндарын тигізуде.

Зерттеу жаңашылдығы:Степногорск атты қаланың бар екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмеуi мүмкiн. Кезiнде жергiлiктi қазақтардың өзiне есiгi жабық болған бұл құпия қаланың карта бетiнде белгiленбегенi де шындық.

Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы: Сонау 1964 жылы Орталықтың ықпалы арқылы сахара даланың төсiнде стратегиялық мақсатпен пайда болған Степногорскiнiң тұрғындары да негiзiнен Ресей жерiнен арнайы көшiп келгендер едi. Осы жерде аз уақыттың iшiнде бой көтерген уран кенiн өңдейтiн, қаланың негiзiн құраушы болып есептелетiн тау-кен-химия комбинаты, құпия түрде биологиялық қарулар жасаумен айналысқан «Прогресс» зауыты секiлдi кәсiпорындарда еңбек еткен де солар едi. Ежелден Одаққа аты белгiлi «Ақсу», «Бестөбе», «Жолымбет» секiлдi атақты алтын кенiштерi де осы аймақта орналасқан. Арасы қашықтау болса да, Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы Шаңтөбе уран кенiшi де Степногорскiнiң иелiгiнде. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн бұл қала таза қазақыланып кетпесе де, осы уақытта тұрғындарының 20-25 пайызға жуығы жергiлiктi ұлт өкiлдерi. Мысалы, Еуропа подшипник корпорациясының құрамына кiретiн Степногорск подшипник зауыты акциясының бақылау пакетi ресейлiк компаниялардың иелiгiнде, қаланы жарықпен және жылумен жабдықтайтын, уран өңдейтiн кәсiпорындардың шын иелерi де шекараның ар жағында отырған көрiнедi.

Жетекші орындардың бірінде  осы Степногорск тұр.Қатерлі ісік ауруымен ауратын адамдар арасында қазір жас балаларда көптеп кездесіп жатыр. - Елімізде қатерлі ісікке жылына 30 000 жуық адам шалдығады екен. Соның 300-350-і - балалар. Яғни үлкендерге қарағанда балаларда қатерлі ісік салыстырмалы түрде сирек кездеседі деуге болады. 15 жасқа дейінгі балаларда қатерлі ісік саны қатерсіз ісіктерге қарағанда 10 есеге дейін аз.

Зерттеу нәтижесінің  қолданылу аясы:  Аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Ақмола облыстық (онкологиялық ауруханасы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

         Abstract

Purpose: In our country, which has chosen the first line of production of uranium, cancer is increasing annually. Areas in which the level of cancer, radiatsiiochen high. and all because of the production of uranium. The city has the highest rates of Stepnogorsk

The scientific relevance of the work: human-biological being and social community associated with the environment. in the 21st century environment is often subjected to the environmental crisis (photochemical smog, acid rain, water pollution, nutrient, corruption in the stratosphere, the ozone layer).

Research objectives: 1.in the development of uranium distribution in the atmosphere.

2. in the development of uranium contamination of Ecology and the Environment

3. in the development of uranium distribution in the atmosphere and the formation of cancer

The object of work: Stepnagorsk city in which to develop uranium is clear

Novelty of the work: some do not know a city like Stepnogorsk. In 1964 he had just started to be marked on the maps. before development of uranium held in a secret location in a closed form, but now everything has changed.

Results and conclusion: residents Stepnogorsk mostly migrants from Russia. in this city during this time plant emitting the uranium mining and fossil-plant chemicals produced in secret biological weapons. For example take the plants “Progress”, “Aksu”, “Jolymbet”, “Bestobe”. And the area is Sandyktau Shantobe and there is also uran.produce plants for many people there are different diseases, such as onolagicheskie disease. and in the first place city of Stepnogorsk, also occurs in both children and adults. in our country with a tumor in the year 30 000 people could get sick.

                                                Кіріспе

XXI ғасырда жағдай өзгерді  қоршаған орта параметірінің  мәндерінің қайтымсыз өзгерістері  дәлелденді, ол  жиірек экологиялық  күйзелістерге және локальді  деңгейдегі (фотохимиялық смог, қышқылды  жауын – шашындар, судың биогендермен  ластануы және глобальді масштабта  парниктік эффектілерінің түзілуі,  стротосферадағы озон қабатының  бұзылуына) катастрофаларға әкеп  соғады. Мұның бәрі, сондай – ақ, адамның генетикалық бағдарламаларының  ыдырауының білінуі, экологиялық  кризистің басқа білінулері әлемнің  көптеген елдерінде экологиялық  тұрғыдан жақсы болуын қамтамасыз  ету сұрақтары нақты инженерлік  – техникалық бағдарламалар мен  шешімдерді қабылдаудың шектерінің  сыртына әкеп соғады да одан  сайын әлеументтік- экологиялық  тұрғыдан шығады,   іс әрекеттің  жаңа стериотиптерін жасақтайды.

Сонау 1964 жылы Орталықтың ықпалы арқылы сахара даланың төсiнде стратегиялық мақсатпен пайда болғандығын таныстыру болып табылады. Уран өндірудің бірінші жолын таңдаған елімізде жыл сайын онкологиялық аурулар қауіпі жоғарлап келуде. Осы онкологиялық аурулар көптеп тараған аудандар,олар негізінен осы уран өндіретін радияциясы жоғары аудандар. Жетекші орындардың бірінде осы Степногорск тұр.

Қатерлі ісік ауруымен ауратын  адамдар арасында қазір жас балаларда  көптеп кездесіп жатыр. - Елімізде қатерлі ісікке жылына 30 000 жуық адам шалдығады екен.:

Дербес медико-биологиялық  пән ретінде онкология XX ғасырда  ғана қалыптасты, ал ісіктер адамзатқа  көне дәуірден бері белгілі. Онкология  аумағындағы зерттеулер қазіргі  заманғы өзекті және елеулі проблемалар  қатарына жатады. Бүгінгі күні әрбір  бесінші қазақстандықта алдағы өмір бойына ракпен ауыру қауіп-қатері бар. ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, тиімді тамақтану, белсенді өмір салты  және темекішегушіліктен бас тарту  арқасында онкологиялық дерттердің 40% алдын алуға болады. Темекішегушілік  онкологиялық аурулар дамуының басты  қайтарымды себебі болып табылады. Темекіні тұтыну онкологиялық аурулардан жыл сайын болатын 1,5 миллион өлім жағдайларының фф науқастарға ем-дом көрсететін дәрігерлердің білімін, біліктілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, ендігі жерде науқастардың көңілі қалаған дәрігер мен ең мықты деген онкологиялық емдеу мекемесін еркін таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінгі күнде  Қазақстан онкологиясының негізгі  бағытының бірі – сүт безі ісігінен болатын өлім көрсеткішін төмендету. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап бұл ауру бірінші орында келеді. Ал, тоқ ішектің қатерлі ісікке шалдығуы дүниежүзіндегі онкологиялық аурулар ішінде үшінші орынды иеленіп  отыр. Жыл сайын 1 234 000 науқас аталған  аурумен дәрігерлік тіркеуге алынады. Науқастардың 50 пайызы, яғни жылына 639 мың науқас қайтыс болады. Дүниежүзінде жыл сайын жатыр мойнының рагына шалдыққан жарты миллион адам анықталса, соның 240 мыңы көз жұмады екен. Бақылау тұрғысынан алсақ, күніне жаңадан 4 науқас анықталып, 2 адам өмірмен  қоштасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қазақстандағы радиациалық жағдайы

Қазақстан территориясында  қуатты ядролық сынақтардың ең көп  мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық  жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер  астында және 26-ы жер бетінде  жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының  біраз бөлігінің радиациялық  ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан  тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену  дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия  сақталып келді. Ресми емес көздердің  мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан  қайтыс болғандар саны ондаған мың  адамды құрайды.

Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр [3.,173б]. Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың  тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде.. [2.,5б]. Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін. [2.,3б] 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз [3.,175б]. Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. [1.,290б] Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа – (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда. Оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады. Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма – сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады. Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі.Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды.  [1.,290б].

2 Радиациялық әсері

Радиоактивті  заттектерден шығатын иондаушы сәулеленудің организмдерге әсері. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының  атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле  шығарып, ыдырайды. Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар: 1) көп электр зарядын  алып жүретін гелий ядросының  а – бөлшектер ағыны; 2) электрондар  мен позитрондардың в – бөлшектер  ағыны; 3) қысқа толқынды электромагниттік ү- сәулелері. а – бөлшектер ауада  не бары бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителий арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне киімі арқылы да, тері эпителий арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық  зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялық  патология орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелік ауру пайда  болуы мүмкін. а – бөлшіктерімен  салыстырғанда в – бөлшектердің неу қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1– 2 см тереңдікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер  теріні күйдіреді, пигментация немесе денеде жара пайда болады. Рентггендік  және ү – сәулелер иондану тығыздығы  ең төмен болғанымен ену қабілеті өте жоғары, оларды тек қалың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ осы үш сәуле  түрінің бірдей дозаларын қарастыратын болсақ ең қауіптісі а – сәулелер саналады, оның қауіптігі басқа сәулелерден 20еседей артық. Адамда және қоршаған табиғи ортаны сақтау мақсатында ең негізгі  назар аударатын обьектілер болп шекті рауалы деңгейден жоғары сәулелену  дозасын беретін радиациялық  көздер саналады. Оларға ядролық сынақтар, атом реакторлары (электрстансаларында  немесе теңіз кемелерінде қондырылған), кәсіпорындарда , мекемелерде, т.б. жерлерде қолданылатын радиоактивті материалдар, аспаптар жатады. Қоршаған табиғи ортаның  сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті әсердің шекті  рауалы деңгейі (ШРД). Бұл нормативті санитариялық – эпидемиологиялық

қадағалау қызметтері белгілегенде негізгі алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық  фондына қауіптілік тигізбеуі қажет. Радиация деңгейі мен адам организміне  тиетін әсер арасындағы байланыстар  сипаттайтын шамалар кестеде  келтірілген.

Радиациялық ахуал. Облыс аумағында тек «Степногорский горно – химический комбинат» ЖШС – ғы ғана радиоактивті қалдықтар шығарады. Есепті мерзім ішінде аудан мамандарымен бірігіп 2 тексеріс жүргізілді. Дозиметриялық бақылау жасалады.

6 ай  ішінде  радиактивті қалдықтар 171 мың  т. Құрап, 2008 жылдан 17,7 мың тонна  артыпты. Бұл кәсіпорынның өнім  өндіруінің өсуімен байланысты. Қалдықтардың белсенділігі  832,98 кюрм құрайды. (1 кесте)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Радиактивті қалдық заттардан қорғау

Радиоактивті  заттардан қорғаудың бірнеше  жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Физикалық  тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға  арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды  кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің  бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап  отыруы керек. Екер кішкентай бөлшектер  ішкі органдарға өтсе, олар тез арада  ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді  таратады. Радиоактивті стронцийдің  бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып  шығаруға болады. Тез еритің цезий  – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып  шығару үшін көп мөлшерде су ішу  керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы  мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің  ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап  ішуге болмайды. Олар радияцияның  әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін  шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда  қоштасқаның ол жіпке тізгендей  айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті  арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны. Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы  қолданатын препараттарды радиопротекторлар  деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің  бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом  ретінде пайдалануға болады. Дерттерге  диагностика қою үшін де таңбаланған  атомды пайдаланады. Сәуле тератиясы  мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек. Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ [3.,175б].

Семей ядролық  полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан  облысының Орталық бөлігіндегі  жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий  – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында зий 137 радиациялық  фоны 120-150 макр/сағ. құраған. [1.,290б] Бұрын  жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон  зонасында ғана емес, оған жақын  жатқан территорияда да қалыптасуынан  теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп  мөлшері Сарыөзек жылғасы мен  Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта – α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған. Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген. Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет. Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған.

Қазақстанда АЭС  құрлысын салу туралы әңгімен, сонау  Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында  қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан  облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің  бір бөлігі салынатын Қазақстанда  атом электр станциясының болуы қажет. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің  басқаша көдерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар  жалғыз түйін – қазақстан қазіргі  АЭС салуға дайын емес деген қортынды жасады. [1.,290б]

4 Степногордегі ашық уран өндірісі

Сарыарқаның бiр пұшпағында Степногорск атты қаланың бар  екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмеуi мүмкiн. Кезiнде жергiлiктi қазақтардың  өзiне есiгi жабық болған бұл құпия  қаланың карта бетiнде белгiленбегенi де шындық. Сонау 1964 жылы Орталықтың ықпалы арқылы сахара даланың төсiнде стратегиялық мақсатпен пайда болған Степногорскiнiң  тұрғындары да негiзiнен Ресей жерiнен  арнайы көшiп келгендер едi. Осы  жерде аз уақыттың iшiнде бой көтерген уран кенiн өңдейтiн, қаланың негiзiн  құраушы болып есептелетiн тау-кен-химия  комбинаты, құпия түрде биологиялық  қарулар жасаумен айналысқан «Прогресс» зауыты секiлдi кәсiпорындарда еңбек  еткен де солар едi. Ежелден Одаққа аты белгiлi «Ақсу», «Бестөбе», «Жолымбет» секiлдi атақты алтын кенiштерi де осы  аймақта орналасқан. Арасы қашықтау болса да, Ақмола облысының Сандықтау  ауданындағы Шаңтөбе уран кенiшi де Степногорскiнiң иелiгiнде. Тәуелсiздiк  алғаннан кейiн бұл қала таза қазақыланып  кетпесе де, осы уақытта тұрғындарының 20-25 пайызға жуығы жергiлiктi ұлт  өкiлдерi. Мысалы, Еуропа подшипник корпорациясының құрамына кiретiн Степногорск подшипник зауыты акциясының бақылау пакетi ресейлiк компаниялардың иелiгiнде, қаланы жарықпен және жылумен жабдықтайтын, уран өңдейтiн кәсiпорындардың шын иелерi де шекараның ар жағында отырған көрiнедi. Пайдасын көретiндер басқалар екенi айтпаса да түсiнiктi.Яғни осы елімізде өндірілетін уранның барлығы шекара асып Ресйге жөнелтілуде,ал сол уран өңделгеннен қалған қалдықтар осы қазақ жерінде қалып,экологиялық мәселелерді өршітуде.Қазіргі уақытта уран Степногорск қаласында ашық турде өндірілуде,бұл қоршаған ортаға,сол жердегі халыққа өте көп зияндарын тигізуде. Уран ол стратегиялық маңызы бар өте қымбат;жер қойнауында жатқан қазбалы байлықтардың бірі болып саналады.Өзі уран дегеніміз не? Уран - Д.И.Менделеевтiң химиялық элементтерiнiң топтық жүйесiндегi табиғатта кездесетiн 92-шi радиоактивтi элемент. (Қазiр бұл жүйеде химиялық элемент бар). (А қосымша)

Ол - орасан қуат көзi. Уран табиғатта  сирек кездесетiн және шашыранды  элементтер қатарына жатады. Бiрақ жер  қыртысындағы шашыраңқы орналасқан уранның үлесi алтыннан 1000 есе, күмiстен 30 есе көп. Табиғаттағы үлес салмағы  мырыш пен қорғасынмен бiрдей болса да, негiзгi массасы тау жыныстарында, топырақта, табиғи суларда шашырап  таралғасын, оны өндiру iс жүзiнде  тиiмсiз әрi мүмкiн де емес. Табиғатта  оның аз бөлiгi ғана кен орындарында Уран өндіретін өнеркәсіптің радиоактивтік қалдығы 220 млн, тоннаға жетіп, қауіптілігі арта түсуде. Осы қалдықтар да, ашық әдіспен өндірілетін уран кеніштерінің өзі де радиоактивті ластаудың зор көзіне айналып отыр. Олар ядролық сынақтардың және радиоактивті қалдықтың зардаптарымен қосылып, көптеген жерлерде радиацияны көбейтіп, халықтың денсаулығы мен айналадағы табиғи ортаның нашарлауына әсер етуде.Осындай қауіп төніп тұрған зоналарды,яғни уран өндіруден жетекші орында тұрған елдерді картада дәлірек көруге болады (Ә қосымша)

Өнеркәсіптің радиоактивті қалдықтарын жинаудың, тасымалдаудың, өңдеудің және көмудің орталықтандырылған жүйесінің жоқтығы да жағдайды қосымша  қиынадатуда. Ауаның тұтастай ластануы — техникалық артта қалушылықтың, табиғи ортаны қорғайтын тиімді жабдықтар  болмауының,  технологиялық  нашарлықтың салдары.шоғырланған. Ал мұндай кен орындары көптеген елдерде мүлдем жоқ. Бiздiң Қазақстан уран өндіруші орындар жетерліктей,біз осы өлкелерден тек Степногорск жағдайын алып қарастырып отырғанымызға төмендегі мәселелер себеп болды. Осы жерден 60-70 шақырым шамасында Сiлетi өзенi ағып өтедi. 1964 жылы қала iрге көтерген соң, оны ауызсумен жабдықтау мақсатында Сiлетi су қоймасы салынған болатын. Бұл — тек қала ғана емес, сол төңiректегi елдiмекендердi жабдықтайтын бiрден-бiр ауызсу көзi. Тiптi кейiнгi кездерi осы Сiлетi су қоймасы Астана қаласын сумен жабдықтауға қажеттi резерв болуы керек деген де әңгiме шығып жүр. Осыған қарап, жартылай шөлейттi деп есептелетiн Арқа даласы үшiн ауызсу көзiнiң қадiрi қашанда бөлек екенiн екенiн аңғару қиын емес.

Осыдан төрт жыл бұрын, дәлiрек айтсақ, 2006 жылдың 24 наурызында Сiлетi су қоймасының жоғарғы жағында  он шақты шақырым жерде, өзеннiң  тура жағасында орналасқан Қызылту  ауылының жанынан мыс концентраты  мен өндiрiстiк молибден кенiн өндiру үшiн «Қызылту» серiктестiгi құрылып, оған «Казатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының лицензисы берiледi. Бұл серiктестiктiң құрылтайшылары осы «Казатомөнеркәсiп» пен Степногорск тау-кен химия комбинаты. Бүгiнде ол жерде геологиялық барлау және жобалау, электр қуатымен жабдықтау жұмыстары аяқталып, 7 шақырымдық айналма темiр жолын салу қолға алынған. Болашақ серiктестiктiң өндiрiстiк қуаты 2013 жылға қарай 2 миллион тоннаға жетпек. Болашақ кәсiпорын сондай-ақ,өзiнiң  өнiмiн  Степногорск  қаласындағы гидрометаллургия зауытында өңдемек болған. Бұл, бiрiншiден, кәсiпорын жұмысын жандандырса, екiншiден, мыс-молибден өндiрiсiнен шыққан радиоактивсiз қалдықтарымен қаланың жанындағы кеңес уақытынан қалған уран қалдықтары қоймаларының (хвостохранилище) бетiн жабады деп есептелген болатын. 

Бiр айта кетерлiгi, қала маңында 40 жылдан берi тұрған бұл қойма уран қалдықтарын сақтайтын әлемдегi ең iрi 5 қойманың қатарынан орын алады  және Қазақстан бойынша уран қалдықтарының  жартысынан астамы осы жерде сақталған. Анықтап айтар болсақ, 1964-92 жылдар аралығында 45 миллион тонна уран қалдықтары (95 пайызы) төгiлген көрiнедi. Бұл қалдықтар ҚР «Жерасты байлығы және жерасты байлығын пайдалану» туралы заңы бойынша мемлекет меншiгi болып саналады.

Егер гидрометаллургия зауыты толық қуатымен жұмыс iстеп тұрса, қалдықтардың бетi сүзгiлеуге қарсы экрандар мен дренаждық жүйе арқылы сумен жабылып, қауiп тудырмайды екен. Ал кәсiпорын тоқтаса, қойма карталарының бетi ашық қалуы себебiнен радиоактивтi қалдықтар шаңға айналып ұшып, айналаға қауiп төндiредi. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары осы қоймалар қараусыз қалып, жаз айларында шаңы бұрқырап жататыны жөнiнде талай мәрте шу көтерiлгенi есiмiзде. БАҚ бiткен жарыса жазып, тiптi парламентте де сөз болып, үкiмет комиссиясы да келiп қараған.      Бiрақ еш нәтиже шықпаған. Ендi «Қызылтуға» қайта оралсақ, өкiнiшке қарай, алғашында ол игерiлген кендi Степногорскiдегi гидрометаллургия зауытында өңдеймiз, уран қалдығы қоймасын пайдаланамыз десе, уақыт өте келе бұл уәдесiнен айнып кеттi. Есепсiз пайда табуға құныққан кәсiпкерлер бүгiнде өздерiне тиiмдi болғанымен, айналаға үлкен экологиялық апат әкелетiн әдiстi таңдап отыр. Олар кен байыту фабрикасын сол жерге, тура кен карьерiнiң жанына салмақшы. Яғни, мыс пен молибден кенi сол жерде байытылып, оның улы қалдықтары да сол араға көмiлмекшi. Осыдан кейiн оның уланған суы Сiлетi өзенiне құйылатыны өзiнен-өзi белгiлi. Сөйтiп, ол әр степногорлықтың қазанына барып түседi деген сөз.

«Қызылту» ерiктестiгiнiң қызметкерлерінің дәлелiнше, бұл экономикалық дағдарысқа орай, әлемдiк рынокта мыс бағасының арзандап кетуiмен байланысты екен. Сондықтан кендi Степногорскiдегi гидрометаллургия зауытына тасығанша, сол қазылған жерiнде өңдеу тиiмдi дейдi. Ал жалпы карьердi пайдалану мерзiмiнде, арадағы 84 шақырым қашықтыққа кен тасымалы үшiн 150 миллион доллар шамасында шығын кететiн көрiнедi. Оның үстiне гидрометаллургия зауытының цехтарын реконструкциялау қажеттiгi бар. Ал кәсiпорынның өз еркiмен бұндай шығынға бармасы анық.

Ендi мамандардың пiкiрiне сүйенсек, болашақ кенiштен келетiн  екi қауiп бар екен. Оның бiрi –  мыс кенiнiң тотығуынан болатын  қатер. Экологтардың айтуынша, миллиондаған жылдар жер астында жатқан мыс  кенi тұрақты геохимиялық процестерден өткен. Ендi бетi ашылып, аса күштi тотықтырғыш  болып табылатын оттегiмен араласқан  соң, одан жылдам ерiгiш және қоршаған ортаға белсендi түрде бейiмделе бiлетiн улы зат бөлiнедi. Бұның адам ағзасымен араласуына толып жатқан қолайлы жағдайлар бар екенi айтпаса да түсiнiктi. Ал бұл жерден миллиондаған тонна мыс өндiрiлетiн болғаннан кейiн, болашақта қаншалықты экологиялық қатер туарын өзiңiз аңғара берiңiз!

Екiншi қауiп мынада: «Қызылту» серiктестiгiнiң жарғысында «уран-мыс-молибден кен орны» деп жазылады да, өндiрiс мәселесiне келгенде, уран «ұмытылып қалады». Осыдан талай жыл бұрын жасалған Тың тау-кен химия комбинатының геологиялық барлау қортындыларында: «Ондаған скважина қазылып, топырақта уран құрамының аса белсендiлiгi, 250-ден 700 микрорентгенге шейiн екенi анықталды» делiнiптi. Осыған қарап, бұл кенiште тек мыс пен молибден ғана емес, уран да бар екенiне көзiмiз жетедi. «Уран топырақтың үстiнгi қабатына таяу болады» дейдi мамандар. Яғни, ол үйiндiге төгiлсе, ертең-ақ жауын-шашын немесе қар суымен шайылып, өзенге құйылатыны ап-анық. Яғни, улы зат өзен суына бәрiбiр қосылады деген сөз.Осы мәселе жөнiнде былтырдан берi Степногор қалалық мәслихаты мен қоғамдық ұйымдар үздiксiз дабылдап, Президент аппаратына, Энергетика және минералды ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерiне хат жолдауда. Бiрақ бiздегi дағды бойынша, апат шындап басталмай, ешкiм елең ете қоймайтынын бiлемiз.Сонымен, қысқаша айтсақ, қазiр Степногорск қаласы мен сол аймаққа төнiп тұрған қауiп екеу: бiрi – қала жанындағы «Казатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының иелiгiндегi уран қалдықтарының қоймасы болса, екiншiсi – болашақта жұмысын бастамақшы болып отырған «Қызылту» серiктестiгi тарапынан туындап отыр. Бiр ғажабы, күнделiктi болып жатқан апаттардан ауыздары қанша күйсе де, жоғарыдағылар әлi де селт етер емес. Шекараның ар жағынан келiп, шекесi майланғандар қазақ жерiнiң «қызығы» таусылған соң, өз жөндерiне кетедi. Ал апатпен бетпе-бет қалатын бiздiң күнiмiз не болар екен?! Қазақстан уран қоры жөнiнен қазiр, әлем елдерiнiң арасында қазіргі уақытта бірінші  орында тұр. Тек ізін қуалап келуде. Уран өндiрiсi бойынша алғашқы үштiктiң қатарында. Елдiң уран кенiштерiнiң қожайыны «Қазатомпром» Ұлттық компаниясының (акциясының 100 пайызы Үкiметтiкi) ойлағаны көп. Басшысы Мұхтар Жәкiшевтiң айтуынша, «компания 2010 жылы уран өндiрiсi жөнiнен әлемдегi №1 компанияға айналды. Ол кезде «Қазатомпром» уран өндiрiсiн 17,8 мың тоннаға жеткiзді. Қазiргi күнi, компанияның жылына 20  мың тонна өндiрiп отырғанын ескерсек, өндiрiс көлемi 3 есеге артады деген сөз. Айтпақшы, кезiнде ядролық держава деген атымен дүниенi дiрiлдеткен Кеңестер Одағы жыл сайын бары 13 200 тонна уран өндiретiн едi. Негiзi, Кеңестер Одағы тараған тұста Қазақстан ядролық қаруының мықтылығы жөнiнен әлемдегi алғашқы үштiктiң құрамына кiретiн едi. Бiрақ, белгiлi себептермен кейiннен елдегi ядролық қаруға тоқтау салынған. Қазiргi күнi қазақ жерiнде 1 млн. 600 мың тоннадай уран қоры бар екен. Халықаралық МАГАТЭ ұйымы «Қазақстанда дүниежүзiлiк уран қорының 19 пайызы шоғырланған» деген баға берiп отыр. Жәкiшевтiң айтуынша, «алдағы төрт-бес жылда «Қазатомпром» трансұлттық компанияға айналмақ». Қазақстаннан әлi трансұлттық компаниялардың шыға қоймағанын, керiсiнше, минералды шикiзаттың шетелдiк трансұлттық компанияларға жем болып отырғанын ескерсек, «атомшылардың» бұл ұмтылыстары қолдауға тұрарлықтай. «Қазатомпромның» негiзгi қоры елдiң оңтүстiк аумағында, яғни, Оңтүстiк Қазақстан мен Қызылорда облыстарында орналасқан. Бүгiнде компанияда 2000-нан астам адам жұмыс iстейдi. «Қазатомпром» президентi Жәкiшевтiң оңтүстiктегi уран кенiштерiн жылына екi-үш мәрте аралайтыны бар екен. Ядролық қарудың «отынын» беретiн уран кенiштерi мен аса жабықтығымен, құпиялығымен ерекшеленiп келген компанияның атқарған жұмыстарын көруден бiз де бас тарта алмадық. Атомшылар полигон деп атайтын кенiштер Қаратаудың етегiндегi құм ортасында орналасқан. Жалпы, уран өндiру процесiнiң өзi қызық. Мәселен, құм ортасында жерге қадалған қара түстi кiшiгiрiм құрылғылар арқылы 450-460 метр тереңдiктен алынған уран трубалар арқылы, полигоннан екi-үш шақырым қашықтықтағы кешендерге тасымалданады. Сәл кеңiнен түсiндiрсек, трубаларға алдымен ерiтiндi (раствор)жiбередi. Ерiтiндi дегенiмiз су мен күкiрт қышқылының қоспасынан алынған техникалық су. Осы техникалық суды трубалар арқылы полигонға айдайды. Ерiтiндi 450-460 метр тереңдiкке барғанда уранды ерiтiп, жоғарыға құрамында ураны бар ерiтiндiнi (продуктивный раствор) шығарады. Жер қыртысынан алынған уран қосылған ерiтiндi арнайы жабдықталған кешенге жiберiледi. Ол жерде ертiндi арнайы ионитке, яғни, смолаға қосылады. Бұл реакция кезiнде смола уранды өзiне жабыстырып алады да, босаған ерiтiндi насостар арқылы қайтадан полигонға жiберiледi. Яғни, уран алынған жерге барып құйылады. Процесс алмасуы осылай жалғаса бередi. Ерiтiндi алдымен, уранды ерiтедi, ерiген уранды дiттеген жерiне апарады, ал онан кейiн қайтадан полигонға қайтады. Тағы бiр қызығы, бұл процесс арнайы кешенде компьютер арқылы басқарылады. Мұны бiлгенде, ашық-шашық шахталарда радиацияға уланып, түтiгiп кеткен, беттерi май-май, әбiржiген жұмысшыларды көремiз деген ойдың тас-талқаны шыққаны... Сөйтсек, уранды шахталарда өндiру әдiсiн кейбiр елдер әлi де пайдаланады екен. Ал «Қазатомпром» уранды заманауи технологиялар арқылы өндiру әдiсiн қалап алған. Бұл экологиялық ең қауiпсiз тәсiл болып есептелiнедi. Уранды бұл әдiспен өндiру жердiң геологиялық ахуалына пәлендей әсер етпейдi. Яғни, жердiң геологиялық жағдайын өзгертпейдi. ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кенiштер (оның iшiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады. Қазiргi кезде Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама мен Иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде бағдарлама әзiрлеудiң қажеттiлiгi тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға дейiн қоршаған ортаға олардың әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты бастау көзделген еді.Жаңа ластанулардың туындауына жол бермеу мақсатында олардың пайда болуын болдырмайтын құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi әзiрлеу және енгiзу қажет. Осы уран көптеген  елдердің жер қойнауында болса да олар уранды өндіруге шешім қабылдай алмай отыр,себебі уран өті қауіпті элемет,оны өндірсе елдің ертеңгі тағдыры не болары белгісіз,көптеген экологиялық проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін.Міне осындай қиыншылықтарға қарамастан біздің еліміз әлем бойынша қауіпті уранды өндіруден жетекші орын екені өкінішті. Тағыда бірнеше елде уран қарқынды түрде өндірілуде.Уран табиғатта  әртүрлі болып кездесуі мүмкін.Көбінесе уран тас немесе құм,саз арасында кездеседі.Оны мына фотосуреттерден көре аламыз: (Б қосымша (уранның тас күйінде кездесуі), В қосымша (уранның құм,саз құрамында кездесуі),Г қосымша (Степногорскідегі ашық уран өндіру кен орны.Шахта)

Атмосфералық ауаның радиациадан туындайтын онкологиялық аурулар