Аурухана ішілік гигиеналық талаптар

           «Астана медицина университеті» АҚ


 

                     

 

 

 

 

     СӨЖ

 

 

Тақырыбы: Аурахана ішілік гигеналық талаптар

 

 

 

 

 

 

 

     Орындағандар: Наурызбекова Б.

       

Тексерген:Мырзагалиева А.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

 

 

 

                           ЖОСПАР

       Кіріспе

Негізгі бөлім

 

  • Елді-мекендерде ауруханаларды орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
  • Ауруханаларды салу жүйелері.
  • Аурухана ғимаратына және оның учаскесін жоспарлауға қойылатын талаптар.
  • Ауруханалар бөлімшелерінің ішкі жоспарлануына және ішкі жасақталуына қойылатын гигиеналық талаптар. Санитарлық-техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар.

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

                                  Кіріспе

 

 

Аурухана гигиенасына ерекше көңіл аударудың себебі халықты емдік-диагностикалық көмекпен қамтуда ескі проблемалардың күрделенуі мен жаңа мәселелердің пайда болуымен, сонымен қатар, ауруханаларға спецификалық экологиялық жүйе, ерекше әлеуметтік орта ретіндегі қөзқарастарға байланысты. Атап айтқанда:

  1. Науқастың физикалық және психикалық жағдайы, сау адамдарға қарағанда орта факторларына жоғары талаптар қояды.
  2. Емдеу-профилактикалық мекемелері құрамында гигиеналық реттеуді, бақылауды талап ететін арнайы бөлімшелері (палаталар, операциялық бөлме, лаборатория, диагностикалық және емдеу кабинеттері) болады.
  3. Ауруханалық ортада аурухана ішілік инфекцияның дамуына ықпал ететін көптеген арнайы физикалық, биологиялық, химиялық факторлар кездеседі.
  4. ЕПМ-дегі медицина қызметкерінің еңбегінің өзі арнайы гигиеналық ұсыныстарды талап етеді.

Сонымен, аурухана гигиенасының маңызды міндеті науқасты емдеуде  медицина қызметкерінің табысты  еңбегін қамтамасыз ететін нормативтер  мен талаптар жүйесін әзірлеу, науқастың  стационарда болуын барынша оңтайландыру.

                

ЕПМ гигиенасының даму тарихы

  Ауруханалардың даму  тарихы ежелгі уақыттан басталады.  Египет храмында емдеу орындарының  болғаны, ежелгі Грецияда емші - асклепийлердің болғаны белгілі.  Кейінгі кезеңдерде аурухана  қызметін қажылар мен жиһанкездерге арналған қонақ үйлер, мүгедектер мен емі жазылмайтын науқастарға арналған үйлер (Францияда «құдай үйлері» деп аталған орындар, Италияда-Әулие Лазарь баспанасы, алапестерге арналған-лепрозориилер) атқарады.

     Ежелгі  Русьта Х1 ғасырдың өзінде –ақ Киев-Печорск лаврасы жанында, Троиц-Сергиевск лаврасында және басқаларда ауруханалар болған. Науқастарға шіркеу жанынан көмек беру ХV11 ғасырға дейін сақталды.

Батыс үлгісі бойынша  госпитальды сипаттағы құрылымдар Петр 1 уақытында Мәскеуде, Петерборда және басқа қалаларда салына бастады. Ауруханалардың бірінші үлгісі казармалы түрдегі 60-100 койкаға арналған үлкен залды анфиладты жүйе бойынша салынды. Ол уақытта науқастарды аурухана ішілік оқшаулау қажеттілігі ескерілген жоқ, зал арқылы қоқыстарды шығару қолайсыздық тудырды. Олардың орнына дәліздік-казармалық түрдегі ауруханалар келді. Бұл ауруханаларда науқастардың кейбір түрлерін оқшаулауға тырысты, бірақ бұндай ауруханалардағы жағдайы өте нашар болды. Казармалық түрдегі ауруханаларды Н.А.Пирогов былай сипаттады: «Бұл 60-100 койкалық қараңғы, дымқыл, желдетілмейтін, науқастардың сырқаты түрлері ескерілмеген палаталар, сондықтан ауруханаларда аурухана ішілік аурулар мен жұқпалы аурулар кеңінен етек алған.»

            Х1Х ғасырда павильонды түрдегі ауруханалар пайда болды. Бұл аурухана ішілік инфекцияның алдын алу бойынша бірден бір қадам болды. Павильондар-бұл бір қабатта 20-40 койкалы бір-екі палатадан тұратын және қосымша бөлмелер мен ас үйі екі, көбінесе үш этажды ғимараттар.

     Аурухана ғимараттарының неғұрлым ыңғайлы жүйесін іздеуде Х1Х ғасырда ең қарапайым құрылыс-барактарға тоқталды. Бұндай барактар Қырым соғысында, АҚШ-тағы азамат соғысында жақсы қолданылды. Баракты түрдегі ауруханалар – бұл төбесі жоқ бір қабатты ағаш үйлер. Ауаны жақсы жеткізу мақсатында барактарды бір бірінен белгілі бір қашықтықта орналастырды. Әрбір баракта 20-40 адамдық үлкен бөлмелер – палаталар болды.

      Х1Х ғасырдың  аяғы мен ХХ ғасырдың басында  нозологиялық құрылымы мен жас  белгісі бойынша аурухана бөлімшелері мен ауруханалардың өзін дифференциялау басталды. Балалар ауруханалары пайда болды. Инфекция түрінде байланысты науқастарды оқшаулау принципі балалар үшін жеткіліксіз болды, соның нәтижесінде балаларды боксқа жеке оқшаулау мәселесі пайда болды. Боксталған палаталардың отаны Франция болып табылады, бірақ бұл идея өзінің жалғасын Россиядан тапты(Мельцер боксы) Санитарлық тәртіпті қатал сақтау жағдайында әрбір инфекциялы науқасты қатал түрде оқшаулау жүйесі бір ауруханада әр түрлі инфекциялы науқастарды орналастыруға мүмкіндік берді.

Ауруханалардың  орналасуына қойылатын талаптар

 

       Елді  мекенде ауруханаларды орналастыру  мәселесі оның саласы мен қызмет  көрсетілетін халықтың контингентіне  байланысты шешіледі. Бұл мәселені  шешудің әр түрлі жолы бар:  ауруханалардың бір түрін халыққа барынша жақындатып, қаланың ішінде салуға болады, ауруханалардың енді бірін алыс, табиғи емдеу факторларын қолдану үшін жасыл желекті аудандарда орналастыруға болады. Дегенмен, ауруханаларды қаладан алыс жерге орналастыру құрылыс құны мен ауруханаларды пайдаланудың шығынын арттырады, сондықтан, аурухана құрылысының неғұрлым тиімді шешу жолы оларды қаланың шетінде, орманды-саябақты аймақтарға жақын жерлерге орналастыру болып табылады. Қаладан тыс жерге а) туберкулез б) психоневрологиялық және в) тері – венерологиялық диспансерлерді орналастыру ұсынылады.

  Емханаларымен біріктірілген  аурухана құрылысы 10 000 тұрғынға 112 койка есебінде және жылына бір адамға 10 емханалық байқау есебімен бекітілген нормативтер бойынша іске асырылады.

 

 

 

           Жер телімін таңдауда келесі  гигиеналық принциптерді басшылыққа  алады.

  1. Территория «сау» , жел тәртібі бойынша, рельефі мен топырағының сипаты бойынша қолайлы болуға тиіс. Бұл тезиске келесі қойылатын талаптар жауап береді: а) территория батпақталмаған б) тапталмаған в) қоқысталмаған г) бұрын мола үшін, мал мәйіті үшін пайдаланылмаған болу керек. д) жер асты суларының деңгейі төмен (1,5м кем емес) , тегіс, бірақ жауын-шашын сулар мен еріген суларды ағызу мақсатында кішкене келбеу, ғимараттардың бағыты дұрыс, жақсы инсоляцияланатын және желдетіленетін болу керек.
  2. Территория емдеу-профилактикалық мекемелері бөлмелерінің ластану көзі болмауға тиіс. Бұны іске асыру үшін:

-қоршаған ортаның  ластану көзінен жеткілікті қашықтығын  сақату (санитарлық қорғау аймағы);

-жел раушаны есебімен  территорияны аймақтарға дұрыс  бөлу;

-ЕМП-нің жер бөлігінде  онымен қызметі байланыспайтын  басқа мекемелер мен ғимараттарды  орналастырмау;

3. Территория емдеу-сауықтыру  тәртібін сақтау үшін қолайлы  жағдай жасауға тиіс. Берілген қағида қолайлы микроклиматты құрайтын табиғи немесе жасанды жасыл массивке, өзінің демалыс аймағын қамтамасыз ететін жеткілікті территория көлеміне жақын жерге, ЕПМ-нің су құбырына, канализацияға, жылу, газ және электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосу мүмкін болатындай участокты бөлу жолымен шешіледі. Берілген қағида сонымен қатар қатты және сұйық қалдықтарды жинау мен жаю мәселелерін дұрыс шешумен іске асырылады.

Біздің елімізде аурухана мекемелерін жобалау бірнеше  кезеңнен тұрады. 1952 жылға дейін аурухананы жобалау мен оның құрылысында павильонды орталықтандырылмаған құрылыс жүйесі басым болды (жеке ғимараттар –белгілі бір интервалда бір біріне параллель орналасқан павильондар).

    Оның орнына  стационар мен емхана бір ғимаратта  орналасқан аралас құрылыс жүйесі. Бұның павильонды жүйеге қарағанда артықшылығы территорияны үнемдеу және құрылыстың бағанасының төмендеуі. Дегенмен, стоционардың емханамен бір корпуста орналасуын емдеу мекемесінің тәртібі нашарлап, стационардағы санитарлық-гигиеналық жағдацы төмендеуі және емдеу диагностикалық процесс қиындауы мүмкін.

   1957 жылдан бастап  аралас құрылыс жүйесіенгізіле  бастады. Бұл жүйеде емхана  жеке ғимаратта орналасады. Басты  корпуспен емханаға да, стоционарға  да қызмет ететін емдеу -қосымша  бөлімше блогімен жалғасады. Кейіннен құрылыстың бұл түрі модернизацияланып орталықтандырған (блогті) құрылыс жүйесі деген атқа ие болды.

   Құрылыстың блогті (орталықтандырылған) жүйесінде барлық  бөлімшелер көп қабатты бір  блогта орналасады (5-тен 12 қабатқа  дейін) және өзара өткелдермен (переход) байланысады. Жеке ғимараттарда емханалар, инфекциялық, радиологиялық, патологоанатомиялық және басқа бөлімшелер мен қосымша қызметтер орналасады. Функциональдық біріңғай бөлімшелер мен қызметтерді (лаборатория, физиотерапиялық, рентген кабинеттер, стерилизация, дезинфекция бөлмелері) бір блогта орналастыру болады. Құрылыстың бұл жүйесі бойынша бүгінде 120-240-480-600 жэне 1000 койкаға арналған аурухананың типтікжобалары қызмет етеді.

    Орталықтандырылған  құрылыс жүйесінде емдеу-диагностикалық бөлімшелерді бірікгеннен, стерилді материалдармен орталықты қамтамасыз етуден, орталықты медициналық-техникалық қамтамасыз етуден, транспорттық байланыстың қысқаруынан құрал-жабдықтар мен медицина қызметкерлерінің еңбегін ұтымды пайдаланудың мол жағдайы жасалады. Дегенмен, орталықтандырылған жүйенің кемшіліктері де бар: 1. Емдеу-қорғау және санитарлық тәртіпті сақтау қиындығы. 2.Орталықтандырылған ауруханалардың көп қабатты ғимараттары бөлмелердің жоғары желдетілумен ерекшеленеді.3.Аурухананың қабатының өсуінен сауықтыру мақсатында усадбалық бөлікті пайдалану мүмкіндігі азаяды. 2-3 қабатты ауруханаларда олармен 90-100% науқас пайдаланса, 4-5 қабаттыда 20-30% көп емес науқас пайдаланады. 4. Орташа коридорларда, сатыларды, транспорттық құралдарды интинсивті пайдаланудан 10-15% шу көбйеді. 5.Қабаттың жоғарлауы микроклимат пен аурухана бөлмелерінде тазалық сақтауда қиындық туғызады.

          Бөлімді жобалау мен ЛПУ ғимаратына  қойылатын талаптар.

   ЕПМ бөлімін  ұтымды жоспарлау негізіне қозғалыстың қолайлы және қысқаша графигін және жақсы гигиеналық жағдайды қамтамасыз ететін территориясын аймаққа бөлудің гигиеналық қағидасын сақтау жатады. СНИП      69-78 «Емдеу-профилактикалық мекемелеріне» сәйкес        стоционарлары бар аурухана, босану үйі, диспансерлердің жер бөлігінде келесі аймақтар бөліну тиіс:

-жұқпалы емес ауруларға  арналған емдеу корпусы ;

-жұқпалы ауруларға  арналған емдеу корпусы;

-емдеу –қосымша корпустары (лаборатория, радиологиялық кабинет  т.б.):

-бақша сая жай аймағы:

-емхана аймағы:

-шаруашылық аймағы:

-ас блогі аймағы:

-презекториясы бар морк аймағы.

    Аймақтар арасында ені  15м кем емес жасыл желек  жолағы қарастырылады. Үлкен ауруханалар  үшін өз бетінше квартал бөлген  жөн, бөлімнің параметрі бойынша  ағаштар мен бұтақтардан ені 15м кем емес жасыл қорғаныш аймағын белгілеп, забормен қоршау керек. Бөлімнің сыртқы шекарасы мен территорияға шығатын басты жолға жақын емхананы, әкімшілік корпусын, босану үйін орналастыру керек. Бөлімнің екінші жағына шаруашылық корпусын (кір жуатын жер, гараж, ас үй, қойма) және моргі бар патологоанатомиялық корпусты орналастырады.

       Жер бөлігі  құрлысының тығыздығы 12-15% аспауы  керек, ал жасыл желектер мен  газондарға жер бөлігі ауданының  60-70% бөліну керек (1 койкаға 25кв.м) 

    Аурухана, емхана, диспансер мен босану үйіне басты кіретін жер алдында ауданы 50.кв.м кем емес келушілерге арналған алаңқай, ал бөлімге шығар алдында жеке автокөлік тұруға арналған алаңқай орналасады. Ғимараттар қабырғалары мен палата терезелері арасындағы қашықтық қарама қарсы тұрған ғимараттың биіктігінен 2,5 кем болмауға тиіс, бірақ 25м кем емес; емдеу корпустары, ас үй және патологоанатомиялық қызмет арасындағы қашықтық 30м кем болмау керек, радиологиялық корпус мен басқа ғимараттар арасы 25м кем емес; аурухана ғимараты мен қоршаған тұрғын үйлер арасы 30м кем емес.

       Аурухана бөлімі  территориясы ыңғайлы (благоустроенно) және таза болуға тиіс. Негізгі  жолдар тозаңның түзілуіне кедергі  жасайтын аллеялар түрінде жасалады. Науқастар серуендейтін және  демалатын жерлерде гүл түптерін, орындықтар мен беседкалар орнату қажет. Территорияны жинау науқастардың серуенге шығатын уақытына сай келмеуі керек.

    Қабылдау бөлімі  а) Науқастарды қабылдайтын және  шығаратын бөлме, балалар, акушерлік,  инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезді және психиатриялық бөлімшелер үшін бөлек болуға тиіс. б) Соматикалық бөлімшелер үшін қабылдау бөлімі бірге болуға тиіс.Инфекциялық бөлімшелерде кіретін жер, саты клеткасы және лифт қабылданатын науқастармен емделіп шыққан науқастарға бөлек болуы керек және қабылдау-байқау боксы, ал босану үйінде-босану боксі қарастырылыды.

     Қуаттылығы 100 койкадан артық клиникалар мен арнайланған клиникаларда науқастар уақытша болатын палаталары бар (1-ден 4 тәулікке дейін) алғашқы диагностикаға арналған қабылдау бөлімдері жабдықталады.

          Қабылдау бөлімінің құрамына  кіреді: әжетханасы бар вестибюль, санитарлық өткізуші, байқау бөлмесі, процедуралық, таңу бөлмесі, рентгендиагностикалық кабинет және түскен науқастарға қызмет көрсетумен байланысты қосымша бөлмелер. Бөлменің жоспарлану олардың қолданылуының функционалдық ретін қамтамасыз етуге тиіс.

    Қабылдау бөлімінің барлық бөлмелері науқасты ауруханадан жақсы әсер қалу үшін кең, жарық, жақсы жабдықталған болуға тиіс.

 Өте қатты науқастар  қабылдау бөліміне соқпай реанимациялық  бөлімшеге түсуі мүмкін. Егер  реанимациялық бөлімше болмаса,  онда қабылдау бөлімінде интинсивті терапия палаталары құрылады.

      Аурухана  бөлімшелері.Бүгінде ТМД елдерінде  негізінен бір немесе екі жақты  құрылысты бір коридорлы емдеу  бөлімшелері қабылданған. Оның  артықшылығы палаталар бағынының  қолайлылығы, науқастардың қозғалыс графигінің кеңдігі. Кемшілігі бұндай жағдайда емдеу бөлімшелері өтпелі болып, санитарлық тәртіптің бұзылуына әкеледі.

   Шет елдік аурухана  құрылысында Т-тәрізді формалы,  гребень тәрізді, U-тәрізді, доға  тәрізді, Н-тәрізді, крест тәрізді,  дөңгелек, төртбұрышты, екі коридорлы ғимараттар жоспары қолданылады. Отандық аурухана құрылысында палаталар бағыты оңтүстік, оңтүстік шығысқа бағытталған, тек 10% ғана бір орындық палаталарды солтүстікке қаратып орналастыруға рұқсат етіледі.

            Жоспарлану жүйесіне байланыссыз ауруханалар бөлімшелері келесі талаптарға жауап беруге тиіс:

1)бөлімше бөлмелері  құрамы ауру түрі мен науқастың  жасын ескеру қажет;           

2)     Қызметкерлер  мен науқастардың қоагғалу жолын  барынша қысқару сақталуы және  емдеу, қосымша қызметтердің науқас төсегіне жақындату қажет;   

3)      науқастар   болатын жерлерде комфортты микроклимат,  жақсы желдетілу, жеткілікті жарық  жағдайы жасалып, аурухананың  қолайлы территориясымен байланыс  ыңғайлы болу керек.  

    4)  бөлімшелердің  жоспарлануы ауруханаішілік инфекцияның даму мүмкіндігін азайтуға жағдай туғызуы қажет.

  Аурухананың негізгі  структуралық бірлігі- 30койкаға  арналған палаталық секция. Бірдей  мамандықтыекі секция аурухана  бөлімшесін құрайды. Бөлімше құрамына  кіреді: кезекші медбике посты, дәрігер кабинеті, процедуралық бөлме, хирургиялық бөлімше болса таңу бөлмесі, ас үйі бар буфет, іш киім мен төсек жабдықтары сақталатын бөлме, санитарлық бөлме. Жалпы бөлімшеде1 науқасқа палатадан 7 кв.м. аудан, 1 науқасқа көлемі 25-30 ауалық кубты қамтамасыз ету үшін палата биіктігі 3-3,3 м болуы керек.

      Палата  қабырғасы ақшыл түсті майлы  бояумен боялып, тазалау мен дезинфекцияға  ыңғайлы болған жөн. Қабырғалар  мен төбенің беті тегіс болуы  керек. Еден паркетті немесе  линолиум төсеуге болады. Бөлменің жиһазы әдемі және орнынан қозғаған кезде, палатаны жинаған кезде ыңғайлы болған жөн. Кереуеттер металды, арқалығы бар эмальды бояудың ақшыл түсімен боялған, пружиналы болуға тиіс. Кереуеттердің қойылуы терезе жақ сыртқы қабырғаға параллель, одан 0,9 см қашықтықта тұру керек. Кереуеттер арасы 80 см кем емес болуы тиіс. Ауыр науқастарды дененің ыңғайлы жағдайын туғызатын конфигурациясын өзгертетін «функционалды кереуеттермен» жабдықтау қажет. Палатада кереуеттен басқа әрбір кереует жанында орындық, тумбочка және жалпы стол болуы керек.

          Палаталар өзара ені 2,4м кем  емес жарық, таза, жақсы желдетілетін  коридормен байланысады. Бұл талаптарға  бір жақты коридорлар жауап  береді. Коридорда уақытша болса  да кереуетті орналастыру рұқсат  етілмейді.

    Табиғи жарық  палаталарда жарық коэффицентін 5\1 немесе 6\1 жэне ТЖК 1% кем болатындай  қамтамасыз ету керек. Палаталар  тереңдігі бір жақты жарықтандыруда 6м аспауы керек. 

     Жасанды  жарық үшін люминесцентті лампалар  немесе қызу шамдарын пайдаланады. Люминецетті лампаларда жарықтандыру 100лк кем емес, ал қызу шамдарында 50лк кем болмау керек. Палаталар түнгі жарықтандыру есік жанында орналасқан арнайы свительниктермен беріледі.

     Палаталарда  ауа температурасы ересек соматикалық  науқастар үшін 20 град. С кем емес, операциядан кейінгі, реанимациялық босану, күйік және кейбір басқада науқастар үшін 22град. С болуы керек. Жылыту үшін радиоторларды орталық сумен жылыту қолданылады. Салыстырмалы ылғалдылық палатада 30-50% .

    Палаталардың  желдетілуі форточкалармен фрамугалар арқылы табиғи ауа алмасу есебімен және жасанды енгізу-шығару желдетулері арқылы іске асырылады. Палатаға таза ауаны беру нормативі бір науқасқа сағатына 80 куб.м.

       Операциялық  блок-хирургиялық стоционардың маңызды  структуралық бірлігі. Бұл блок палаталардан бөлек ғимараттың жеке қанатында орналасады. Операциялық блокты жоғарғы қабатта орналастырған жөн, өйткені бұлай орналастыру бөлменің биіктігін 4-4,5 м-ге дейін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

       Операциялық  блоктар 1 операциялық столға, ал операциялық стол саны 30-40 хирургиялық саладағы койкаға 1 стол есебімен есептелінеді. Аурухананың хирургиялық бөлімшесінің қуаттылығына байланысты операциялық блоктар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болуы мүмкін. 1) Орталықтандырылған жүйеде аурухананың хирургиялық блогінің барлық бөлімшелеріне арналған операциялық бөлме бір бөлмеде болады; жалғыз операциялық блок горизанталь бойынша орналасады. 2) Орталықтандырылмаған жүйеде операциялық блок хирургиялық саланың әрбір бөлімшесінде болады: операциялық блоктар вертикаль бойынша орналасады.

           Аурухананың саласы мен категориясына  байланысты, операциялық блок бөлмелерінің  жинағы мен олардың көлемі  өзгеруі мүмкін. Бірақ, қандай  жағдайда болса да екі операциялық  бөлме орнатылады (таза және іріңді үшін) Әрбір операциялық бөлмеде операцияға кірер бөлме, стерилизация бөлмесі, наркоз беретін бөлме болу керек. Операциялық бөлмені солтүстікке бағыттап салады. Ең аз деген жарық коэффиценті 1 : 2-1 : 3 шамасында болуы керек. Операциялық бөлмеде , реанимацияда, әйелдер босанатын палаталарда люменецентті жарықты қолданғанда 200лк –тен кем болмау керек.

       Операциялық  бөлмеде қалыпты, тұрақты температуралық-ылғалдылық  тәртіпті жасау мен операциядан  кейінгі іріңді асқынулардың  профилактикасымен химиялық ластануларды жою үшін ауа тазалығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Операциялық бөлменің ауасы мен қабырғасын залалсыздандыру үшін бактерицидті лампалар қолданылады. Ауаның тазалығы 10-20 еселік алмасуды қамтамасыз ететін жасанды енгізу (сору) –шығару желдетумен іске асырылады, бұнда ауның енуі оның шығарылуынан басым болуға тиіс. Бұл аурухана бөлмелерінің ауасының операциялық бөлмеге түсуін азайтады. Бөлмеге кіретін ауа фильтрде тазалануға тиіс, ауаның рециркуляциясы рұқсат етілмейді. Ауаның температурасы 22град. С қабылданған. Кондиционерлерді пайдаланған дұрыс.

         Операциялық бөлменің ішкі өңделуі  оны тазалауға ыңғайлы болуы  керек. Қабырғаларын сұр-жасыл  немесе жасыл-көгілдір түсті кафельмен  қапталынады. Төбені ақ майлы  бояумен бояйды. Операциялық блоктың барлық бөлмелерінің еденіне метлахск плиткаларын төселінеді. Су және канализация құбырларын қабырға ішіне орнатады. Жылыту жүйесі сәулелік-панельді.

         Жұқпалы аурулар ауруханасын  (бөлімшелерін) жоспарлаудың өзіндік  ерекшеліктері бар: қабырғалардың есіктер мен байқау терезелерінің құрылысы инфекция қоздырғыштарының коридорға және бір палатадан екіншісіне түсуін болдырмауға тиіс. Бұған инфекцияларының түрі бір науқастарға арналған бокстар мен жартылай бокстарды орнату арқылы қол жеткізуге болады. Бокста(жартылай бокста) екі койкадан артық болмау керек, бір орындық бокстың ауданы 22кв.м.-ді, екі орындық бокс-27кв.м құрау керек. Боксталған және жартылай боксталған палаталар бір қабатты инфекциялық аурухананың әр түрлі инфекциялы науқастарды госпитализациялауға арналған қабылдау-оқшаулау корпусында (павильондарда) госпиталданады.

        Мельцер боксы- науқасты толығымен  оқшаулайтын бөлмелер жинағынан  тұрады. Оның құрамына кіреді: бір  немесе екі орындық палата, жеке  санузел, жуатын жер, боксты бөлімшенің жалпы коридормен байланыстыратын тамбур және көшеге өздігінен шығатын қосарлы тамбур. Жартылай бокс санузел мен жуатын жерді екі біріккен палатаның науқастарына бірге қолдануына есептелген.

     Әр түрлі  саладағы емдеу-профилактикалық мекемелерінде ағымды санитарлық бақылауды ұйымдастыру.

   Ауруханалық тәртіп-бұл  табысты емдеу мен науқастарға,  медицина қызметкерлеріне және  ауруханаға жақын тұратын халыққа  қоршаған ортаның мүмкін болатын  зиянды әсерінің алдын алуға  бағытталған ұйымдастыру және санитарлық шаралар жиынтығы. Стоционарда гигиеналық тәртіп ішкі тәртіп ережелерімен іске асырылады, бұл: науқастардың күн тәртібі, сергектену уақыты, ұйықтау, тамақ ішу, емдеу процедуралары, таза ауада болу, науқастардың мінез құлқы төсек орын мен ішкі киімдерді ауыстырып монша процедурасын қабылдау және т.б.

    Аурухана тәртібінде  аурухана ішілік инфекцияны ескерту  бойынша шаралардың маңызы зор.  Алғашқы профилактикалық шара  тускен науқастарды мұқият дәрігерлік  байқау мен оларды санитарлық  тазалаудан өткізу болып табылады. Аурухана ішілік инфекцияның арнайы емес профилактикасы:

    -архитектуралық- жоспарлау шаралары. Бұл шаралар  емдеу корпусында палаталық секцияның,  емдеу-диагностикалық бөлімшенің  өзара дұрыс орналасуын және  қосымша бөлмелердің, инфекцияның көзі болуы мүмкін немесе, керісінше инфекциядан қорғауды талап ететін (анестезиология мен реаниматология бөлімшелері, операциялық бөлме, босану залы және т.б.) арнайыланған бөлімшелердің палаталарын барынша оқшаулауды іске асырады.

       -санитарлық-техникалық шаралар ауа ағымының жеке онымен бірге бір палаталық секциядан екіншісіне, коридордан палатаға және палатадан коридорға ауруханаға аурухана ішілік инфекцияның ету мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін палаталар мен операциялық бөлмеде сору-шығару желдетілуін орнатады.

        -санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар  қызметкер мен науқастардың санитарлық  деңгейін көтеруге, «лас» және  «таза» материалдарды білуге, бөлімшелердің  санитарлық жағдайын бақылауға,  науқастар мен қызметкерлер арасында бактерия тасымалдаушыларды білу мен санациялауға бағытталған.

        -дезинфекциялық-стерилизациялау шаралары  аурухана ішілік инфекцияның  мүмкін қозғыштарын жою үшін  химиялық және физикалық әдістерді  қолдануды қарастырады.

  Аурухана ішілік  инфекцияның арнайы профилактикасы науқастар мен қызметкерлерді жоспарлы және шұғыл, белсенді немесе пассивті имунизациялауғада қарастырады.

    Аурухананың  барлық бөлмелері, ақна мен  ас үй ыдыстары өте таза  күйде болуға тиісті. Инфекциялық  және туберкулез бөлімшелерінен шығатын іркінді суларды канализацияға ағызар алдында залалсыздандыруға аса көңіл бөледі. Қажет жағдайда қақырықты, таза емес заттарды залалсыздандыруды тікелей науқас төсегінде жүргізеді.

      Аурухананың  көптеген қалдықтары, соның ішінде  тану материалдары, кесілген дене бөліктері, дәрі қалдықтары және т.б. залалсыздандырылып уақытында жойылуға тиіс. Бұл үшін аурухананың шаруашылық аймағында орналасқан қоқыс жағатын пештер қолданылады.                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, аурухана гигиенасының маңызды міндеті науқасты емдеуде  медицина қызметкерінің табысты  еңбегін қамтамасыз ететін нормативтер  мен талаптар жүйесін әзірлеу, науқастың  стационарда болуын барынша оңтайландыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Әдебиеттер

  • Румянцев Г.И. Гигиена.- М., Медицина, 2001
  • Большаков А.М., Новикова И.М. Общая гигиена. – М., Медицина, 2002.
  • Минх А.А. Гигиена.-М.:Медицина,1997
  • Неменко Б., У.Н. Кенесариев.  Коммунальная гигиена. – Алматы, Fылым, 2003,
  • СНиП II-69-78 "Лечебно-профилактические мероприятия"
  • Сборник санитарных правил и норм по коммунальной гигиене / гос. система санитарно- эпидемиологического нормирования РК. – Алматы, 1998. – 318с.
  • Харитонов А.Н., Салимов И.Ф. Ртутные загрязнения в лечебно-профилактических учреждениях //Гиг. и сан.-N 6.-1999.-С.25
  • МГСН 4.12.97 "Лечебно-профилактические учреждения";
  • Санитарные  правила устройства,  оборудования,  эксплуатации   амбулаторно-поликлинических учреждений стоматологического профиля,   охраны труда и личной гигиены персонала N 2956а-83 от 28.12.83;

 

 


Аурухана ішілік гигиеналық талаптар