Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері
Мазмұны
Кіріспе.......................
Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері
2.1. Білім берудегі психологиялық қызметтің теориялық негіздемелері.............
2.2.Жас ерекшелігіне
байланысты мектеп педагог-
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ішінде шағын жинақталған мектептерге мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру желеуімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдыруы тиіс емес.
Адам бойындағы ұлттық мінез-құлық қасиеттерін, өз халқының рухани дүниесін қалыптастырып, ұлтымыздың зиялыларын даярлайтын, рухани дүние негізін құрайтын, рухани дүние негізін қалайтын ауыл мектебі болады.
Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің қала мектептерімен салыстырғанда айырмашылықтары бар екендігі сөзсіз. Атап айтсақ, олар ауыл мектептерінің көбіне тән шағын жинақталған сипаты, ауыл мектептерінің ірі мәдени, ғылыми орталықтардан алшақтығы, шалғай елді мекендерде орналасуы, ауылдық жерлерде мектепке дейінгі, мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жеткіліксіз болуы, мектепке қарасатын шағын аудандардың аумақтық жағынан шашыраңқылығы және т.б.
2006 жылы Республикадағы 779 мектептің 4-сыныптарында 33811 оқушыдан ашық 15 тапсырма бойынша тест тапсырмалары алынды. Орташа балл ретінде Республика бойынша 11, 44 балл көрсетілді. Бұдан ауыл мектептерінде оқушылардың білім сапасын жетілдіру көкейтесті мәселенің бірі болып отырғанын байқадық. Республика бойынша қалалық жалпы білім беретін орта мектептің саны – 2141, 6016 ауыл мектептері.
Кез келген мемлекетттiң өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң негiзi мектепте қаланып, мектепте қанат жаяды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: “Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi”,- деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу қажет екенiне баса мән бердi. Сол себепті де қазiргi нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының бiлiм беру ісін ұлттық құндылықтар мен әлемдiк педагогика жетiстiктерiн ұштастыру аясында дамытудың ғылыми-әдiснамалық негiздерiн жасау мақсатында жүйелi жұмыстар жүргiзудiң қажеттiгi заман талабынан туындап отыр.
Ауылдағы бiлiм мекемелерін реформалап, оны нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiнің құрылымдық жүйесiн жетілдіруді қоғамдық өмiр мен әлеуметтiк құбылыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, дамыту да өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр.
1. Білім берудегі психологиялық қызметтің теориялық негіздемелері.
Бұрынғы КСРО кезеніңдегі психологиялық қызметінің, адам психикасының әлеуметтік табиғаты және дамуы туралы, ягни оның филогенездік онтогенездік дамуындағы іргелі теориялық ережелер осы айтылғалы білім берудегі психологиялық қызметтің тұжырымдамасының негіздемесі бола алады.
Адам психикасы Л.И. Божович, Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, К.Леоньтев, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Элькони ғалымдардың айтуынша, дамудың нәтижесі, психикалық, жетілу адам дамуындағы жиналған тәжірибені әлеуметтік тәжірибені меңгеру үрдісінде болады. Айтылған теориялық болжамға сүйенер болсақ тұлға-сана әрекеттің қоғамдық турін меңгеру негізінде өмір бойы қалыптасатын, психологиялық құрылым. Тұлгалық қалыптасу өмірдің ең алғашқы минуттарынан басталып, баланың дамуымен бірге жүреді.
Психиканың дамуы Л.С. Рубинштейннің айтуынша тек қана өсу деп қарастырмай, сонымен қатар өзгеру үрдісі ретінде, ягни сандық өзгерістер сапалық, түбегейлі, маңыздыға ауысып, екпінді көріністі қайта құрылымдар болып көрінуі.
Баланың психикалық дамуының алғышарты және негізі оның өзінің іс- әрекеті. А. Н. Леонтьевтің айтуынша, баланың психикасының жетістіктерін меңгерту немесе үйрену болып табылады. Бұл үрдіс бала іс-әрекеттері адамзат жетістіктері қамтыған көрініс тапқан, қоршаған орта құбылыстары заттарға қатысты іске асады. Бала өзі белсенді пиғылмен еңбектенген кез-келген оның тұлға ретінде қалыптасуы жүреді. Қалыптасу жүреді, алдымен онтогенездік даму сатысында басты болып табылған ic-әрекет әсерімен баланың психологиялық тұлғалық ерекшелігімен психикалық үрдістерінде өзгерістерде шартты болған жағдайда жүреді. Басты ic-әрекетті ерекшелеудің мәні, өcin келе жатқан адамның психикалық дамуына оның тигізер әсерінің маңызы үлкен. Осыған байланысты білім беру мекемелерінде әлі де, оқыту тәрбиелеудің ауызша (сөздік) орын алып отыр. Әрине санаға әсер ете отырып тәрбиелеу - маңызды 6ipaқ да басқа әдістер жоқ емес. Тәрбиелеудің сөздік әдісіне көп көңіл бөлу, оқыту адамилық формализмге - білімді формалды меңгеруге әкеп соқтыратын және Рубинштейннің айтканындай, оның меңгеру ic-әрекетін ескермей, үлкен балаға адамилық нормаларды енгізіпп білдіруі, баланьың ақыл-ойының дамуы мен оның тұлғалық қасиеттері және сапасының түпкі негіздерін келтіреді.
Баланың кез келген іс-әрекетті меңгеруі, үлкендермен әрдайым қарым- қатынаста болып, араласып және олардың басшылығымен жүзеге асады. Сондықтан да, әрбір баланың тұлғалық және психикалық дамуына қажетті маңызды болған шарт- бұл үлкендермен қарым-қатынас. Үлкендермен қарым-қатынаста болу.
Үлкендермен қарым- қатынас жасау баланың тұлғалық
қалыптасуының әрбір сатысына тән ерекше қызмет атқарады.
Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы
Ғылыми тұрғысы - мектеп жасына дейінгі және мектеп балалардың психикалық қалыптасуының алғышарттарын және қалыптасу жағдайын, жас ерекшелігіне байланысты психикальық дамуы болатын заңдылықтардың дара көріністерін, сондай-ақ психологияның дамуындағы жаңа ғылыми-практикалық бағыттардың, әдіснама практикалық психология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүйелеуге кездейді.
Бұл жерде негізгі мәселе- қазіргі білім беру жағдайында психологиялық коррекциялау, психологиялық диагностикалау, психологиялық алдын-алу дамыту багдарламаларын құрып, психологиялық әдістемелер, әдіс тәсілдерді ғылыми негіздеу, ягни психологиялық кәсіби білімнің нақты байланысты қолданылуы.. Бұл зерттеулердің академиялық зерттеулерден айырмашылығы, ол тек қана қандай да бір психологиялық заңдылықтар мен механизмдерді зерттепқоймай, баланың тұтас тұлга болып қалыптасуындағы айтылған дұрыс дамуын қамтамасыз ететін жағдайды анықтайды. Зерттеу жұмыстарында ғылыми қызметкер практик психологтың анықтаған өзекті мәселелерін сөз етеді.
Тәжірибелік тұрғысы – психологиялық қызмет көрсетудің бұл тұрғысын білім беру мекемелерінің (бала-бақша, мектеп ж.т.б. мекемелер( педагог-психологтары жүзеге асырады. Олардың міндеті – топпен, жеке баламен, ата-анамен, тәрбиеші және мұғаліммен нақты мәселені шешуге арналған басты тұғырлардан айырмашылығы, бұл бағытта жұмыс істейтін психолог-педагогқа жаңа әдістемелерді жасау міндетті емес. Бірақ психология ғылымының бұл жаңалықтарын кәсіби сауатты қолдануға міндетті. Олар ғылыми-зерттеу орталықтарына жедел шешуді талап ететін көкейкесті, өзекті мәселелерді шеше алады.
Қолданбалы тұрғысы – білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің психологиялық білімді талап етеді. Бұл бағыт бойынша негізгі қалам көрсететіндер психологиялық білімді талап етеді. Олар психологтармен бірлесе отырып және немесе жеке психологиядағы соңғы жаңалалықтарды қолданып, оқыту-тәрбиелеу бағдарламасын құруға, әдістемелік материалдарды әзірлеп, оқыту бағдарламалары мен жоспарларын құруға, оқулықтар жазуда бірлесіп жұмыс істейді.
Ұйымдастыру тұрғысы – нақты жұмыс жасап жатқан, ұйымдастыру.
Білім берудегі психологиялық қызмет мақсаты:
Бала мәселелері бойынша, практикалық психологтардың кездесетін сәтсіздіктері, күмәндары, қиындықтары мен негізгі мәселелеріне талдау жасай отырып, оларды зерттеу әдебиеттер арқылы танысқаннан кейін, психологиялық қызмет көрсету саласының мақсаты балалардың психикалық және психологиялық саулығы, - деп айтуға болады.
Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары:
Психологиялық жұмыстың негізгі жұмыс қызметі болып табылады.
Психологиялық ағарту – педагогикалық ұжымның, оқушылардың және ата-аналардың психологиялық біліммен алғашқы танысуы. Жұмыстың негізгі мағынасы мынада:
а) мұғалімдерді және ата-аналарды жас ерекшелік, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерімен, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеудің негіздерімен таныстыру;
ә) жаңа психологиялық
зерттеулер қорытындыларын
б) психологиялық білімге деген қажеттілікті қалыптастыру, оларды баламен жұмыс жүргізуде немесе өзінің жеке дамуында қолдану.Мектеп педагог-психрологының бұл жұмыс түрінің негізгі нысандары – дәрістер, әңгімелесу, семинарлар, көрмелер, әдебиеттерді жинақтау ж.т.б. Осы жұмыстардың барлығы берілген мектептің, белгілі контингент оқушыларының нақты мәселелерін талқылауға бағытталады.
Психологиялық алдын-алу
– баланың психикалық және тұлғалық
дамыуындағы болуы мүмкін келеңсіздіктердің
алдын-алуға бағытталған
а) мектеп оқушының әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына қажетті психологиялық ахуалды сақтау жауапкершілігін қалыптастыру,
ә) баланың зерделік және тұлғалық дамуындағы белгілі қиындықтар мен ауытқулардың пайда болуына әкеліп соғатын ерекшеліктерін дер кезінде болжамдау;
б) оқушылардың келесі жас кезеңіне өтуіне байланысты туындайтын клеңсіздіктердің алдын-алу.
Психологиялық алдын-алу жұмысы білім беру үрдісіне қатысушыларының барлығымен жүргізіледі.
Психологиялық диагностика
– оқушыларды, тәрбиеленушілерді
терең психологиялық-
Психологиялық түзету – балалық шақтағы тұлғаның қалыптасу үрдісіне және оның жеке ерекшеліктерін сақтап қалуға педагог-психологтардың, дефектологтардың, логопедтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа да мамандардың біріккен іс-әрекеті негізінде белсенді әсер ету.
Психологиялық кеңес беру – оқу үрдісінде кездесетін дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне байланысты, педагогикалық қызметкерлерге, олардың ата-аналарына және басқа ада оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсету.
2. Жас ерекшелігіне байланысты мектеп педагог-психологының ауыл мектептеріндегі балалармен жүргізетін жұмыстары
Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атты әлеуметтік рөлді қабылдауы. Бұл кезеңнің (6-7-ден 10-11 жасқа дейін) өзіне тән негізгі белгілерін келесі жағдайдан байқауға болады: біріншіден бала мектеп оқушысына айналады, яғни бала өз бойындағы балалық шақтың белгілерін оқушылық ерекшеліктерімен ұштастырады. Мұндай белгілер оның мінез-құлқында, санасында қайшылықтар мен үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты, бұл шақ баланың көзі ашылмаған потенциалын дер кезінде байқап, дұрыс дамуына қолдау көрсетуімен маңызды. Бастауыш сыныпта адамның тума қасиеттеріне қоса, өсе қалыптасатын адам бойындағы психикалық қасиеттердің негізі қаланып, даму барысында әдетке айналуы анық. Сондықтан да ғалымдарды бастауыш сынып оқушыларының потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау мен дамытудың тиімді бағыттарын таңдау мәселесі толғандырады. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесін пайдалану, балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі, еңбек қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушылары дамуында анатомиялық-физиологиялық жетілу үрдісі жүріп, дененің барлық мүшелерінде, жасушаларында елеулі өзгерістер болады. Омыртқажддағы мойын, арқа, бел бүгілістері дамиды да, бірақ әлі қатаюы аяқталмайды, омыртқаның иілгіштігі мен ширақтығы дұрыс отыру тәрбиесімен қатар, спорттық жаттығумен шынығу нәтижесінде қалыптасады. Сондай-ақ дамудың ыңғайлы жағдайы болмаса, теріс зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысының денесі дұрыс дамып, тұлғасының сымбатты қалыптасуының маңызды шарты – баланың физиологиялық ерекшелігіне өлшемі ыңғайлы, жиһаздардың болуы (үстел, парта)баланың қабылдауына сай болуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Аяқ сүйектерінің қатаюы 9-11, ал білек сүйектерінің қатаюы 10-12 жасқа қарай аяқталады.Осы жәйтті ескерер болсақ, бастауыш сынып оқушысының жазбаша жұмыстарды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, шаршап, ұзақ жаза алмайды. Бастауыштың 1-2 сынып оқуышарына жазбаша тапсырмаларды аса көп берудің тиімсіз екендігі анықталады.
6-7 жасқа дейін баланың заттарды, дүниені, қоршаған ортаны қабылдау ерекшелігі репродуктивті бейнелі-елес күйінде болса, 7-8 жастағы баланың қабылдауы оқытудың нәтижесінде продуктивті бейнелі-елес түріндегі қабылдауға қарай өзгереді.
Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбәр кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйінде, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады.
Алты-жеті жасар бала мектеп табалдырығын аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап біртіндеп басымдылығын жоғалтьа бастайды.Бастауыш сынып оқушыларының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық түрткілерін (мотив түрлерін) елеулі өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытатын жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері. Көбінесе үш түрлі қиыншылық жиі байқалады.
Олардың біріншісі жаңа мектеп тәртібіне байланысты тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу т.б. сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп, балалардың жеке-дара ерекшелітерін есепке ала отырып, шаралар қолдануы қажет.
Бірінші сынып оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтарының екінші түрі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен де беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерінұсынып, оны анықтаудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.
Қиыншылықтардың үшінші
типін бірінші сыныптағы
Сонымен қатар тәрбие жұмысына ерекше назар аудару қажет. Тәрбие жұмысының осындай кезеңдерін басынан өткізген студенттер өздерінің болашақ мамандығына қызығушылығы мол,болашақта жұмыс тауып істеуге мүмкіндігі бар, ақпараттық мәдени деңгейі жоғары екендігіне сенімді болды және мамандықты меңгеру процесі оның қабілетіне лайықты болады. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды білім нәрімен сусындату, өз бетімен білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Маман тұлғасының ақпараттық мәдениетін
қалыптастырудың
Педагогикалық шеберлік дегеніміз болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің процесі. Шығармашылық шеберлік ізденіс процесі арқылы жүзеге асырылады.
Ал, кәсіби шеберлік –мамандығы және
өзін-өзі ұйымдастыру
Педагогикалық шеберліктің құрылымы: [7.23].
-гуманитарлық бағыттылығы:
-кәсіби білімдері;
-педагогикалық қабілет:
-педагогикалық техника: өзін-өзі бағдарлау.
Педагогикалық міндеттерді шешуде
қарым-қатынас жасай алу (дидактикалық
біліктілік, ұйымдастырушылық қабілет,
контактілі қарым-қатынас жасау
зор роль атқарады. Педагогикалық
қарым-қатынас педагогикалық
Кәсіби-педагогикалық
- аксиологиялық компонент
- адами құндылық қасиеттердің жиынтығы. Олар объективті
(тарихи тұрғыда қалыптасқан). Бірақ
адамның оларды игеру
- әлеуметтік кәсіби құндылықтар. (нормалардың, ережелнрдің
идеялардың жиынтығы).
- Жеке кәсіби мақсаттар, міндетте, маманның дүниетанымдық
көзқарасы.
- технологиялық компонент
- кәсіби іс-әрекеттің технологиясы. Кәсіби іс-әрекеттің түтас
жүйеде жүзеге асуы.
- Жеке шығармашылық компонент
- маманның психологиялық саланы меңгеруі. Бұнда тұлғаның
кәсіби түрде ойлау
Ауыл мектептеріндегі педагогикалық шеберлік, педагогикалық компетенттілік т.б. қасиеттер де қалыптасуы керек. В.М. Шепель компетенция шеңберіне адамның білім, ептілік, тәжірибе теориялық дайындығын кіргізеді. Педагогикалық психологияда “компетенттілік” педагогикалық әрекетті жүзеге асырудағы білімі, дағдысы, ептілігі деген пікір қалыптасқан деп өзіндік тұжырымдама жасайды.
Әлқожаева Н.С. “Ақпараттандыру
Жаңа технолдолгиялардың қарқынды
дамуы, адам мен қоғам арасындағы
қарым-қатынасты айтарлықтай
Олай болса ақпараттық технология жоғары оқу орындарында терең оқытылса, болашақ маманның ақпараттық мәдениеттінің қалыптасуына ықпал ете отырып, оның кәсіби шығармашылық қабілеттінің артуына үлкен септігін тигізген болар еді.
Бізде университетте болашақ
Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналуда. Қазақстан Републикасының қазіргі кездегі саясаты экономикалық өзгерістерге сай қоғамдық өмірдің барлық саласындағы демократиялық жағдайларға байланысты білім беру мәселелері маңызды орынға ие болуда.
Міне біз үшінші мыңжылдыққа аяқ басып жаңа дәуір табалдырығын аттаған шақта, екі ғасырдың тоғысуын бірдей көру қазақ халқы, қазақ жастары үшін мақтаныш. Ендеше, егеменді Қазақстан еліміздің болашағы, жастар тәрбиесі, ұлттық тәрбие мәселесі - деген сауалдар бізді мазалайды.
Аталмыш сауалдарға жауап іздеп көрерік. Қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, адами, кәсіби, танымдық, іскерлік, біліктілік т.б сапалы қасиеттерді қалыптастыруда ұлттық тәрбиені бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отырғанына көз жеткіздік.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі.
Ұлттық тәрбие арқылы болашақ маманның тұлғасының танымдық қасиеттер - оқушының тіл байлығының дамуынан, ойлау қызметінің артуынан байқалады. Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің артқанын байқаймыз. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады
Маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін – ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек. Өмірге көзқарасы, дүниетанымы кең болуы керек. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. Ұлттық тәрбие мәселесін айтпас бұрын, жалпы тәрбие мәселесіне тоталайық.
Тәрбие сөзінің мағынасы – дүниеге келген қорғауды қажет ететін, өмірге қалыптаспаған жас баланың алғашқы тамақтануынан, қадам басуынан басталады. Тәрбие- жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс.Аға ұрпақ өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Жас кезінде қалыптасқан әдет, дағды т.б. қасиеттер бала болашағының негізі.
Қорытынды
Ауыл тұрғындарының арасында өмір сүруге қажетті тұрақты әлеуметтік қатынас орнаған жағдайда әлеуметтік орта қалыптасады. Ол орта халықтың мәдени-тарихи өмірін қоғамдық сұраныстарға сай дамытуды көздейді, сөйтіп өздері қоныс тепкен мекендегі білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісіне тікелей қатысты болады. Мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтендіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретіндегі мұндай инфрақұрылым әуыл әлеуметін құрайды.Оның социумдық қызметі әлеуметтік-тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени бағыттарда дамып, жеке адамдардың өзара қатынасы мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыс ауыл өмірінің тұрмыстық және шаруашылық негіздерін қамтитын болады. Бұл мәселе әлеуметтік мүдделерді қанағаттандыруға, салауатты өмір салтын орнатуға қажетті саяси шешімдер сабақтастығында жүзеге асады. Дей тұрғанмен, қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы ауыл өмірінде көптеген қиыншылықтар да кездеседі.
Ауыл мектебінің жұмысын жақсарту мен жандандыру мектептің құрылымдық-мазмұндық жүйесін, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, өзіндік ой дербестігін дамытуды ойластырғанда ғана шешімін табады. Ауыл мектептеріндегі оқыту үрдісіне олардың материалдық-техникалық базасының, ақпараттық қорының толымсыздығы, мектеп үйлерінің жылумен қамтамасыз етілмеуі, педагог мамандардың тұрақтанбауы, мұғалімдерге әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың жасалмауы, шағын жинақталған мектептерде қызмет ететін арнайы мамандарды даярлаудың қолға алынбауы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тапшылығы, көрнекі құралдар, соның ішінде жаңа технологиялардың өріс алмауы, және ауыл әлеуметі мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың жоқтығы т.б. қоғамдық әрі тұрмыстық жағдайлар әсер етеді. Бұл қайшылықтар ауылдың экономикасының даму деңгейінің төмендігімен, атап айтқанда ауылдық жерлерде энергия, транспорт, және коммуникациялық желілердің деңгейіне сай еместігін көрсетеді. Әрине, мұндай кемшіліктер ауылдық жердің бәріне бірдей тән емес. Қазіргі кезде өз шама-шарқысына қарай тығырықтан шығудың әртүрлі жолдарын қарастырып жатқан ілгері басқан ауылдар да баршылық. Сол себепті де ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуді мектептен бастаған жөн. Ауыл мектебі өркениетті елдің сипатын танытатындай дәрежеге жеткенде ғана білім сапасы артатын болады.

- Ауыл тұрғындарына емдеу- профилактикалық көмекті ұйымдастыру
- Ауыл халқы мен қала халқы
- Ауыл шаруашлығы
- Ауыл шаруашылыгын сумен камтамасыз ету
- Ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығы, даму
- Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі
- Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі
- Ауыз әдебиеті
- Ауыз қуысына күтім жасау
- Ауызша аударма процесінде кездесетін қиыншылықтар
- Ауылдағы менеджмент
- Ауылдан аттанған алаугер