Ауыл шаруашылық өнімдерін сертиифкаттау

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Келесі нормативтік  құжаттарға сілтемелер қолданылды:

ҚР СТ 3.1-2001 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік сертификаттау  жүйесі. Сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар.

ҚР СТ 3.4-2003 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Өнімге сәйкестікті растау жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар.

     ҚР СТ 3.27-2002 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылық өндірісі өнімдерін сәйкестендіру.

ҚР СТ 3.34-2003 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сәйкестігін растау кезінде тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық өндірісі өнімдерін сәйкестендіру. Жалпы талаптар.

ГОСТ 13586.3-83 Дән. Қабылдау ережелері  мен сынамаларды іріктеу әдістері.

      ГОСТ 26312.1-84 Жарма. Қабылдау ережелері мен сынамаларды іріктеу әдістері.

      ГОСТ 27688-88 Ұн және кебектер. Қабылдау ережелері мен сынамаларды іріктеу әдістері.

      ҚР Е 50.3.14-96 Сертификаттау ережесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін сертификаттау жүйесі.

      ҚР Е 50.3.32-96 Сертификаттау ережесі. ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндіріс өнімдерін сертификаттау жүйесі. Астық және оның өңделген өнімдерін сертификаттау тәртібі.1.03.97.

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

      Сәйкестікті растау – объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру.

      Сәйкестік растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға.

      Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

      Өтінім беруші – сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті, процесті ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке өтініш берген заңды тұлғалар.

      Агротехникалық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі ғылыми негізделген тәсілдер жиынтығы;

Агрохимиялық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау мен ұдайы молықтыру және қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатында агрохимикаттар мен пестицидтерді қолданудың ғылыми негізделген тәсілдерінің жиынтығы;

  Астық айналымы - әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, астықты өткізу (сату немесе жеткізу) процестері;

Астық қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асырылу ықтималдығының және оның салдарларының ауыртпалық дәрежесінің үйлесімділігін ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына зиян келтіруге және тұтынушылар мүдделерінің бұзылуына байланысты жол берілмейтін тәуекелдің астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында болмауы;

        Астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехнологиялық іс-шаралар кешені;

        Астық партиясы - сапасы бойынша біртекті, бір уақытта қабылдауға, тиеп жөнелтуге немесе сақтауға арналған, сапасы мен қауіпсіздігі туралы бір құжатпен ресімделген астық мөлшері;

        Астық сынамасы - сапасы мен қауіпсіздігін анықтау үшін партиядан іріктелген астықтың белгілі бір мөлшері;

        Астықты белсенді желдету - салқындату немесе кептіру мақсатында астықаралық кеңістіктің ауасын көп мәрте ауыстыру үшін астықты атмосфералық ауамен еріксіз үрлеу;

        Астықты жою - тағамдық мақсаттар үшін пайдаланылуын және оған адам мен жануарлардың болуын болдырмайтын, тұтынуға және (немесе) одан әрі қайта өңдеуге жарамсыз астыққа ықпал ету;

        Астықты залалсыздандыру - карантиндік объектілерді қоса алғанда, зиянкестерді, микроорганизмдерді жою үшін астыққа химиялық, радиациялық немесе физикалық әсер ету;

      Астықты кәдеге жарату - сапасыз және қауіпті астықты өз мақсатынан тыс пайдалану;

        Астықты кептіру - қыздырылған немесе қыздырылмаған ауамен (кептіру агентімен) өңдеу жолымен астықтың ылғалдылығын төмендету;

        Астықты сараптау - кәдеге жарату немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында астықтың қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау;

        Астықты өткізу - сатып алу-сату, алмасу шарттарын ресімдеу жолымен меншік иесінің өзгеруі;

        Астықты сәйкестендіру - астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында астықты айырмашылық белгілері бойынша тануды қамтамасыз ететін рәсім;

        Астықты тазалау - сақтау кезінде астықтың төзімділігін қамтамасыз ету мақсатында арамшөпті және дәнді қоспаларды алып тастау, астықтың залалдануын жою;

        Астықты тасымалдау - өткізу немесе кәдеге жарату кезінде астық партиясының механикаландырылған жолмен орын ауыстыруы;

        Астықтың бөтен иісі - иісі шығатын бөгде заттарды астықтың сіңіруі нәтижесінде пайда болатын, сондай-ақ дұрыс сақтамау нәтижесінде пайда болатын иіс;

Астықтың зиянкестермен залалдануы - астықаралық кеңістікте немесе жекелеген дәндер ішінде олардың кез келген даму сатысында тірі зиянкестердің болуы;

        Астықтың қауіпті қасиеттері - астықты пайдаланған кезде адам мен жануарлар өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін астықтың биологиялық, химиялық, радиациялық жай-күйі;

        Астықтың өздігінен қызуы - массасында қоршаған орта температурасының көтерілуіне байланысты емес, ішкі процестер салдарынан температураның көтерілуі болатын астықтың жай-күйі;

        Астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, сату, жою және кәдеге жарату процестері;

        Астықтың ылғалдылығы - астықтағы пайызбен көрсетілген ылғалдың болуы;

        Дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындар үй-жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін, жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені;

        Зиянды қоспа - адам мен жануарлар денсаулығы үшін қауіпті өсімдік және саңырауқұлақ текті қоспа;

        Қаракүйелі астық - қаракүйе спораларымен толық немесе ішінара (шашағы немесе бет бөлігі) ластанған астық;

        Қоқысты қоспа - астықты мақсатты арналуы бойынша пайдалану кезінде алып тастауға жататын органикалық және органикалық емес текті қоспа;

        Қызғылт түске боялған астық - ұрық саласында артықшылығы бар қабықтары қызғылт дақты астық; 

        Фузариозды астық - пісіп-жетілу кезінде фузариум тұқымдас саңырауқұлақтармен залалданған, ағарыңқы, кейде қызғылт сары түсті дақтары болатын астық.

 

ҚЫСҚЫРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

      ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;

      СРО – сәйкестік растау органдары;

      СО сарапшысы – сәйкестік органының сарапшысы;

      МЕМСТ – мемлекеттік стандарт;

      ТН ВЭД коды - тауарлық номенклатура бойынша астықтың коды;

      Ауылшармині – ауыл шаруашылығы министрлігі;

      СанЕжН – санитарлық ережелер және нормалар.

ХЭК/ МЭК –  Халықаралық электротехникалық  комиссия;

ИСО – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым;

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

      Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде түрде сертификаттау бекітілген. 

      Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды.

      Тәртіп, өнім, сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды.

      Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.

      Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты мына нышандарға қарай таңдап алынады:

          - өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі /белгілі-бір өндіріс партиясына жатады/;

      -    тапсырылған өнімнің техникалық құжатына сәйкестігі;

      -  алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы;

      -   заң актілеріне сәйкес міндетті сертификаттауда басқа талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау.

      Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. Астықты және оны өңдеу өнімдерін міндетті растау кезінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, стандарттармен және адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты белгіленген көрсеткіштер расталады. Ал ерікті сәйкестікті растау жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім және қызмет тізбесіне енгізілмеген астық және өңдеу өнімдеріне тапсырушының ынтасы бойынша жүргізіледі. Сәйкестік мағлұмдамасымен тіркелген сәйкестік сертификаттарының мемлекеттік тізілімі және есеп беру сәйкестікті растау органдарымен жүргізіледі.

      1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

      1.1 Астық және астық өнімдерінің сапа көрсеткіші

      Астықтарға бидай, жүгері, арпа т.б. жатады. Бидай – адам баласы ежелден пайдаланып келе жатқан ең негізгі дақыл. Қазіргі барлық егіліп жүрген ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде бірінші орын алады. Қатты бидай – макарон өнімдерін шығару үшін ең жақсы шикізат. Жер шарында бидайдың көптеген түрлері бар. Соның ішінде екі түрлі көп тараған. Олар жұмсақ және қара бидай түрлері.

      Бидай сапасы ҚР СТ 1046-2001 техникалық шарт талабымен шектеледі.

      СанЕжН 2.3.2.560-96 «Азық-түліктік шикізаттарға және тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне тазалық талаптарында» бидай сапасын анықтауға арналған қауіпсіздік көрсеткіштері берілген.

      Күздік қара бидай жаздық бидайдан кейінгі маңызды астық дақылы болып саналады. Ұндық – нандық сапасы бойынша ол тек бидай астығына жол береді. Қара бидай сапасына МЕМСТ 16990-88, МЕМСТ 1690-71 талаптары бекітілген. Стандарт негізінен 4 бөлімнен құралған. 1 – техникалық талаптар, 2 – қабылдау, 3- сапаны анықтау тәсілдері, 4- тасымалдау және сақтау.

      Жүгері – астықтық, мал азықтық және техникалық өсімдік болып үшке бөлінеді. Жүгері сапасы МЕМСТ 13634-81 және МЕМСТ 13634-90 талаптары бойынша шектеледі.

      Арпа – астықтық өсімдіктің бір түрі. Тағам және жем үшін астық дайындау МЕМ СТ 16470-84, МЕМСТ 2867-90, МЕМ СТ 2534-82 талаптары бойынша жүргізіледі.

      Азық-түлік, жемге дайындайтын және қоюға арналған бұршақ МЕМ СТ 23843-79, МЕМ СТ 238843-90 талабымен шектеледі. МЕМ СТ 28674-90 сәйкес қажеттілігіне, дәнінің түсіне байланысты типтер мен тип тармағына бөлінді.

      Ұн – дәнді дақылдары жаншып жармалау арқылы алынған ұнтақ тәріздес өнім. Бидай ұны МЕМСТ 26574-85 және ҚР СТ 1023-2000 «Наубайханалық», «Қазақстандық» бидай ұны, ҚР СТ 1842-2005 талаптарына сай шектеледі.

      Бидай ұны және нан, нан өнімдері органолептикалық, физикалық-химиялық, қауіпсіздік, тағамдық және биологиялық құндылығы секілді көрсеткіштермен бағаланады.

 

      1.2 Сәйкестікке растау жүргізу тәртібі

      Отандық және шетелдік астық және одан өңделген өнімдер сәйкестігін растау жүргізу жұмыстардың келесі тізбектілігі ескереді:

      - СРО өтінім беру және қарау;

      - өтінім қарау нәтижелерін растау , сәйкестікті растау сұлбасын таңдау және өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өтінішкер мен СРО арасындағы шартты рәсімдеу;

      - өтінілген өнім сынамаларын сәйкестендіру және іріктеу, оларды тіркелген сынау зертханаларына (орталықтарына) ұсыну;

      - кәсіпорынға сынау жүргізу (егер бұл сәйкестікті растау сұлбасымен ескерілсе);

      - өтінілген өнім үлгісінің сертификаттау сынауларын және сәйкестікті растау жүзеге асырылған сұлбасымен ескерілген басқа жұмыстарды жүргізу;

      - алынған нәтижелерді таңдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкіндігін туралы шешім қабылдау;

      - мемлекеттік тізілімде сәйкестік сертификатын тіркеу және сәйкестік белгісімен өнімді таңбалау құқығымен оны өтінішкерге беру;

      - өнім сипаттамасының тұрақтылығына және сапа менеджементі жүйесінің қызметіне инспекциялық тексеру жүргізу;

      - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға өнімнің сәйкестігін растау нәтижелері туралы есеп беруді ұсыну.

      Астықты және одан өңделген өнімдердің сәйкестігін растау жүргізу үшін өтінішкер СРО-ға өтінім жібереді. СРО ҚР СТ 3.4 белгіленген мерзімде өтінімді қарап шешім қабылдайды да, өтінішкермен бірге сәйкестікке растау жүргізген сұлбаны таңдайды, онымен шарт жасайды, қажетті құжаттаманы ұсынады: тауармен қоса жіберілетін құжаттарды, инвойстарды, сапа сертификатын, гигиеналық тұжырымдарды (сертификаттарды), шығарылған жері  туралы сертификаттарды және т.б.

      Астық және одан өңделген өнімдер сәйкестігі расталуы 1,2,3,4,5,7,9 және 10 сұлба бойынша жүзег асырылатын кепілдік сақтау мерзімі 60 тәуліктен көп өнімдерге жатады.

      Сұлбаларды келесі жағдайларда қабылдау ұсынылады:

- 1 сұлба – шектелген, сату көлемінде алдын ала келісілген астық және оны өңдеу өнімдерінің отандық өндірушілері үшін;

- 2 сұлба – сату саласында іріктелген үлгілерге сынау жүргізіп, инспекциялық тексеруді орындаумен тұрақты ұзақ мерзімді жеткізілімдегі отандық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;

- 3 сұлба – дайындаушыда іріктелген үлгілерде сынау жүргізіп, инспекциялық тексеруді орындаумен отандық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;

  - 4 сұлба – олардың сипаттамаларының тұрақтылығына жан-жақты бақылау қажет болса отандық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;

- 5 сұлба – сипаттамалардың тұрақтылығына  қойылатын жоғары талаптарды белгілеу кезінде астықты және оны өңдеу өнімдерін сертификаттаудағы отанық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;

- 7 сұлба – топтамамен жеткізу кезінде отандық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;

- 8 сұлба – өтінішкерде қауіпсіздігін растайтын қажетті құжаттары бар жағдай (шағын немесе оратша кәсіпкердің немесе жеке кәсіпкердің субъектісі) топтамаменн жеткізу кезіндегі шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;

- 10 сұлба – өтінішкер (шағын кәсіпкерлік субъектісі) шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда, шығарудың аздаған көлемінде үнемсіз шығарған кездегі немесе ұзақ өндірістегі астық және одан өңделген өнімдер үшін.

      Даулы мәселелерді шешу жағдайларында немесе сәйкестік сертификатының күшінің мерзімі ұзартылған кезде оны сәйкестендіру қажеттілігі мақсатымен сақтау үшін СРО сәйкестікті растау кезінде сынауға іріктелген іріктемеден іріктелген өнімнің бақылау сынамасына бөледі. Буып-түйілген сынамаларды іріктеу кезінде өнімнің таңбалануы, орама бүтіндігі және сақтау шарттары тексеріледі. Майлы дақылдар тұқымдарының топтамасында жөнелтуші ұйым атауы, дақылдар атауы, сұрпы, астық жылы, ресімделген күні, сақтау мерзімі және шарттары тексеріледі.

      Сынау зертханалары сынау әдістеріне нормативтік құжаттармен белгіленген және СРО келісілген мерзімде өтінілген өнімнің үлгілеріне сынау жүргізеді. Егер сынау жүргізу кезінде, ең болмаса, қауіпсіздіктің реттемеленетін көрсеткіштерінің бірі рауалы концентрация шегі нормативтерінен асса сәйкестікті растау мақсатымен сынаулар тоқтатылады және сынаулар нәтижелері шешім қабылдау үшін СРО-ға жіберіледі.

      Астықтың нормативті құжаттардың талаптарына сәйкестігін бірдейлендіруге қажет көрсеткіштер тізімі 1-кестеде келтірілген.

      1-кесте – Астықтың сертификаттау мақсатында бірдейлендіру кезінде анықталатын көрсеткіштер

Өнімнің атауы

Анықталатын көрсеткіш  атауы

Ескерту

Астық және оның өнімдері

1)өнімнің класстылығын  растайтын көрсеткіштер (дән үшін);

2)органолептикалық  көрсеткіштер: сырт көрінісі, түсі, иісі, дәмі, қыртылдағы

3)физикалық-химиялық  көрсеткіштері 

Қажет болған жағдайда физикалық-химиялық сынаулар арқылы:

- астық және  дәнді бұршақ  дақылдардың тегі, натурасы, ақуыз саны мен сапасы,майдың қышқылдық саны;

- ұн мен жарманың  ақтығы, ірілігі,  сапалы дәні, қоспалары,  ақуыз саны мен сапасы, қышқылдығы  анықталады.


 

1,2,3,4,5,10 сұлбалар бойынша өндіріс жағдайына талдау жүргізіледі. Өндіріс жағдайын талдау сертификатталған өнімнің ерекшелігін және оның өндіріс жағдайын есепке алып, сәйкестігін растау органдарымен әзірленген бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

      Өтінілген өнімнің сәйкестігін растау қабылданған сұлбасымен ескерілген орындалған жұмыстарын жағымды нәтижелерінде СРО сәйкестік сертификатын ресімдейді, оны  ҚР СТ 3.11 сәйкес тізілімде тіркейді, оның көшірмесінің қажетті мөлшерін ресімдейді және оны өтінішкерге береді.Сәйкестік сертификатының күшінің мерзімі сақтау шарттарын сақтау кезінде кондитерлік өнімдердің кепілдік сақтау мерзімінің сәйкестікті растаудың қабылданған сұлбасын есепке алып СРО белгілейді.

      1.3 Астық және астық өнімдерінің сапасын сертификаттау

      Астық сапасын сертификаттау тәртібі:

      1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде (бұдан әрі - Ауылшармині) тіркелген, өз құрамында астық сапасы жөніндегі облыстық, аудандық зертханалары (орталықтары) бар органдар астық сертификаттауды сапа сертификатын берумен жүргізеді;

      2.Мемлекеттік астық ресурстарын сертификаттауды тендерді жеңген сертификаттау жөніндегі тіркелген орган жүргізеді. Тендер шарттарын және оны өткізу тәртібін Ауылшармині белгілейді;

      3.Сапа сертификаты бір алушыға ішкі рынокта немесе экспортқа сатуға арналған астықтың әрбір бір текті (автомобиль, вагон, пароход және өзге де) партиясына беріледі;

     4.Сертификаттау жөніндегі органның астық сапасы жөніндегі тіркелген облыстық зертханасының өз құрылымында тіркелген аудандық зертханалары болуы тиіс;

      5.Астық сапасы жөніндегі тіркелген облыстық зертханада астық сапасының сертификаттау сынақтарын жүргізіледі.

      6.Астық сапасы жөніндегі тіркелген аудандық зертхана өзінің орналасқан жері бойынша, тиісті облыс ауданының шекараларында көлемнің ең кемінде 75 пайызы көлеміндегі сертификаттау сынақтарын өткізуді қамтамасыз етуі тиіс;

      7.Астық сапасының сертификаттары қатаң есеп беру бланкілері болып табылады, олар белгіленген тәртіппен берілуге және есептелуге жатады;

      8.Астық сертификаттау жөніндегі жұмыстар өтініш иесінің өтініші негізінде жүзеге асырылады және жасалған келісімге сәйкес төленеді;

      9.Астық сертификаттау жөніндегі орган астық сертификаттау жөнінде жұмыстар өткізуге екі дана келісім ресімдейді;

      10.Өтініш иесі жұмыс өткізу шарттарымен келіскенде, келісімге қол қояды және ақысын төлейді;

      11.Сарапшы (бұдан әрі - СО сарапшысы) сынамаларды іріктегенде көлік құралдарының астық тасымалдауға жарамдылығын анықтау үшін оларды мұқият тексереді;

      12.Көлік құралдары техникалық жарамды, таза және астыққа сіңіп кететін бөтен иіссіз болуға тиіс. Көлік құралдары жарамсыз болған жағдайда, СО сарапшысы көлік құралдары жарамсыздығының себебін көрсетіп, ақаулы деп тану актісін жасайды;

      13.Ақаулы деп тану актісіне СО сарапшысы, жүк жіберушінің және көлік ұйымының өкілдері қол қояды;

      14.СО сарапшысы астықты тиеу және түсіру процесінде қолданылып жүрген мемлекеттік стандартқа (бұдан әрі - МЕСТ) сәйкес сынамаларды іріктейді және іріктеу актісін комиссиямен ресімдейді;

      15.СО сарапшысы мемлекеттік астық ресурстарының сынамаларын іріктеуді Ауылшармині аумақтық басқармасы мемлекеттік астық инспекторының қатысуымен өткізеді;

      16.Астық сапасының сертификаттау сынақтары келісім шарттарына, астық сапасы жөніндегі тіркелген аудандық зертхананың қолданылып жүрген стандартына сәйкес өткізіледі.

17.Сынақ хаттамасында:

      - астықтың сапасы жөніндегі тіркелген зертхананың атауы;

      - тіркелгені туралы куәліктің нөмірі;

      - тіркелу нөмірі, кім, қашан бергені туралы жазылуы тиіс.

18.Сынақ хаттамасында МЕСТ, мемлекетаралық стандарттар талаптарының сапалық көрсеткіштерінің шарттың талаптарына сәйкестігі туралы тұжырым жазылуы тиіс;

      19.Сынақ хаттамасына зертхана маманы қол қояды және ол мөрмен расталады. Хаттамада сынақ нәтижелері түзетілмеуі тиіс;

      20.Астық сапасы жөніндегі тіркелген аудандық зертхананың саласына енгізілмеген астық сапасын анықтау үшін СО сарапшысы астық сапасы жөніндегі тиісті облыстық зертханаға астық сынамаларын жібереді;

      21.Сертификаттау сынақтарының нәтижелері оң болғанда, СО сарапшысы сынақ хаттамасының негізінде астық сапасының сертификатын береді;

      22.Астық сапасы сертификатының іс-әрекет жасау мерзімі ішкі рынокта бір ай, экспорттағанда ең кемінде үш ай болады;

      23.Астық сапасы сертификатының түпнұсқасы жүк құжатпен қоса астық алушыға жіберіледі;

      24.Көшірме нұсқасы жіберушіге беріледі, көшірмесі астық сертификаттау жөніндегі органның іс қағаздарында қалады, астық қабылдайтын кәсіпорынға сынақ хаттамасының бір данасы беріледі.

      Астық сапасының сертификатында:

      - құжаттың берілген күні, айы, жылы;

      - құжаттың іс-әрекет жасау мерзімі;

      - астықтың атауы, тұрпаты, тұрпат тармақшасы, класы;

      - ТН ВЭД коды - тауарлық номенклатура бойынша астықтың коды;

      - МЕСТ, шарттың нөмірі немесе нормативтік құжаттар;

      - сапа көрсеткіштерінің атауы және нақты мәні;

      - ресурстардың түрлері (коммерциялық, мемлекеттік және т.б.);

      - жіберушінің атауы;

      - жіберу бағыты;

      - автокөліктің, вагонның, кеменің нөмірі;

      - көлік жүкқұжатының нөмірі;

      - партияның салмағы килограммен, ыдысқа салынған немесе үйілген бос жүктер үшін орындар саны;

      - түсім жылы;

      - тағайындалған мекені;

      - алушының атауы;

      - астық запасы зиянкестерінің атауы, залалдану дәрежесі немесе 1 кг. астыққа тиесілі даналар саны;

      - газдау және газдан тазарту күні, фумигант атауы (егер, астық фумигатталса);

      - егер астық құрғатылса - "құрғатылған" деп;

      - металды магнитті қоспаның астықтың 1 кг. 1 мг. дейінгі дәл салмағы (астықта табылғанда);

      - 0,1 пайызға дейінгі дәлдікпен алынған қандала-тасбақамен зақымдалған астықтың саны (зақымдалғанда);

1.4 Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Азық-түліктік астықта:

        1)әлеуетті қауіпті химиялық қосылыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінің және пестицидтердің қалдық мөлшерінің;

        2)қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;

        3)зиянкестермен залалдануының;

        4)бөтен иістердің;

5)өздігінен қызуы, микроорганизмдердің дамуы мен микотоскиндердің пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар туғызатын жоғары ылғалдылықтың болуы адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті факторлар болып табылады.

Мыналардың:

        1)қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;

        2)жоғары ылғалдылықтың;

        3)карантиндік арамшөптердің, зиянкестер мен аурулардың;

        4)улы арамшөптер тұқымының;

        5)зиянкестермен залалдануының болуы тұқымдық астықтың қауіпті факторлары болып табылады.

 Импортталатын  астықты жеткізуге арналған шарттарда астықтың түрін, астықтың арналымын, елдің және өндіруші-кәсіпорынның (орындаушының) атауын, сақтау мерзімін әрі сақтау шарттарын қамтитын, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат астықпен ілесіп жүруі көзделуі тиіс. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында, астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астық қауіпсіздігі мен сапасы көрсеткіштері туралы толық әрі дұрыс ақпарат ұсынады.

Астық өндіру экологиялық  және фитосанитарлық қауіпсіздікті, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің  экологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздігін, құнарлылығын сақтауды және ұдайы молықтыруды  қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуді болдырмайтын немесе шектейтін ғылыми негізделген және ұсынылған тәсілдермен жүзеге асырылады.

Астықты өндіру кезінде:

1)қолданыстағы нормалар, нормативтер, агротехникалық, агрохимиялық, мелиоративтік, фитосанитарлық және эрозияға қарсы іс-шараларды жүргізу ережелері сақталуы;

        2)зиянкестер, өсімдік ауруларын қоздырғыштар және карантиндік маңызы бар арамшөптер болмайтын тұқымдар пайдаланылуы;

       3)Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтер (улы химикаттар) қолданылуы тиіс.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сертиифкаттау