Ауыл шарушылыгы
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Мазмұны
Кіріспе .
1 Тарихы
2 Ауыл шаруашылығының маңызы
3 Аграрлық қатынастар
4 Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
5 Ауыл шаруашылығының
Қазақстан экономикасында
6 Ауыл шаруашылығы ауданы
6.1 Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау
7 Ауыл шаруашылығы географиясы
7.1 Ауыл шаруашылығы жерлері
8 Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе .
“ ... Қазақстанда тарихи , әсіресі әміршіл экономика дәуірінде , адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да , әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді . Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды .
... Мемлекеттің күллі қаржы – экономикалық саясаты , соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс “
Н. Ә. Назарбаев .
Президенттің Қазақстан
Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға
арналған стратегиялық бағытында ауыл
проблемалары басымдық болып айқындалды
. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан
бастап бұл бағытта кеңінен
- жергілікті әкімшілік
нарықтық қатынастарға
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын , күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу .
- банкроттық тетіктері
арқылы ауыл экономикасын
- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату .
- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының , басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту .
- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін , заңда тиым салынбаған кез – келген бизнеспен шұғылдануы үшін , өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге .
- тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту .
- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсету .
- сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын шешу .
- барлық министрліктер
мен қорлар желі бойынша ауыл
проблемаларын басымдықпен
Осы мәселелер қарастырылған . Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр . Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе , соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып 57,5 миллиард теңгені құрады .
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып , оған инвестициялық ағымдарының құйылуына оң жағдай туғызды . Өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 милиярд теңге құйды . Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып іріленген өндіріс құрылымдары қанат жаюда . Соңғй екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайданың мөлшері 20 миллиярд теңгеге артты . Ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де аса назар аударылуда . Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып , оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асты . Осы бағдарлама бойынша ауылдық әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51,3 милиярд теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып сарапталды .
Қазіргі ашық әлемдік
экономика жағдайында жұмыс
Оң жетістіктермен қатар , ауыл шаруашылығында әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар да бар . олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімділік пен тиімділікті арттыруға , соған сәйкес селодағы табыстардың өсуіне кедергілер келтіруде . Осы және басқада проблемаларды шешу қарастырылған .
Ауыл шаруашылығын
дамытудың зор әлеуеті бар
Қазақстан ауыл шаруашылығы
“ Ауылым – алтын бесігім “ деген сөз бәрімізге жарыса айтылытын қанатты сөзге айналғалы қашан . Шындығында ауыл – қазақ рухының , дәстүрлі шаруашылығының алтын бесігі . Ендеше ауылды түлетуді , ауыл шаруашылығын өркендетуді өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету деп түсінген жөн . Сол ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттеріне сәл де болса өзімнің зерттеу жұмысымда талдап , үлесімді қоссам деймін . Ауылдың өркендеуі – халқымыздың өркендеуі . Олай болса мен елімнің ертеңі үшін сенімен қараймын .
Тарихы
Комбайндар,
Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.
Ауыл шаруашылығының маңызы
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары
Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.
Аграрлық қатынастар
Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.
Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.
Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:
а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);
ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көпсалалы тауарлы егіншілік
пен мал шаруашылығы —
Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:
а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазакстан) аумақтары;
ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;
г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;
ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.
Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.
Сонымен қатар осы заманғы техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті. Сонымен бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсетті.
XX ғасырдың 80-жылдары басым
түрде дамыған елдер аясында
екінші "жасыл революция" немесе
биотехнологиялық революция (
Қазіргі ауыл шаруашылығына тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.
Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.[2]
Ауыл шаруашылығы ауданы
өндірістік мамандануының басты саласы ауыл шаруашылығы өндірісі болып табылатын интегралды экономикалық аудан;
ауыл шаруашылығы өнімінің белгілі бір түрін (түрлерін) өндіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үштесуі мен өндірістік өзара байланыстары бар салалық экономикалык аудан.
Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау
Елдің аумағын ауыл шаруашылығының сипаты немесе оны жүргізу жағдайлары бойынша салыстырмалы біртекті бөліктерге (аудандарға) бөлу; экономикалық аудандаудың бір түрі.
Ауыл шаруашылығы географиясы
Ауыл шаруашылығы өндірісі орналасуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтау мен талдауды коса ауыл шаруашылығы өндірісінің аумақтық саралануының зандылығы мен ерекшеліктерін зерттейтін географияның бөлімі; ауыл шаруашылығы өндірісін аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің баска салаларымен өзара байланыста қарастырады. Ауыл шаруашылығы географиясының ауыл шаруашьшығы өндірісінің орналасуы мен аумақтық ұйымдастырылуының жалпы теориясын, ауыл шаруашылығының жеке салаларының (егіншілік, мал шаруашылығы және тағы да басқалары) географиясын, әр түрлі аумақтарды аудандауды және типке бөлуді қамтиды.
Ауыл шаруашылығы жерлері
Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын жер телімдері; табиғи ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығына пайдаланылуы бойынша ерекшеленеді. Егістік, жайылымдық және шабындық деп бөледі. Қазақстанда 2005 ж. барлық Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі, шамамен, 215850,9 мың га, оның ішінде егістік жер 23230,4 мың га, пішендік 4816,0 мың га, жайылым 182358,1 мың га болды.
Мал мен құс саны | ||||||
жыл аяғына, мың бас | ||||||
Ірі қара мал |
Қой мен ешкі |
Шошқа |
Жылқы |
Түйе |
Құс, млн. бас | |
1990 |
9 757,2 |
35 660,5 |
3 223,8 |
1 626,3 |
143,0 |
59,9 |
1991 |
9 592,4 |
34 555,7 |
2 976,1 |
1 666,4 |
145,1 |
59,9 |
1992 |
9 576,3 |
34 419,8 |
2 591,0 |
1 703,5 |
148,8 |
52,7 |
1993 |
9 346,6 |
34 208,1 |
2 445,2 |
1 776,6 |
154,8 |
49,8 |
1994 |
8 072,9 |
25 132,1 |
1 982,7 |
1 636,0 |
141,2 |
32,7 |
1995 |
6 859,9 |
19 583,9 |
1 622,7 |
1 556,9 |
130,5 |
20,8 |
1996 |
5 424,6 |
13 679,4 |
1 036,5 |
1 310,0 |
111,2 |
15,4 |
1997 |
4 307,1 |
10 384,3 |
879,0 |
1 082,7 |
97,1 |
16,0 |
1998 |
3 957,9 |
9 526,5 |
891,8 |
986,3 |
95,8 |
17,0 |
1999 |
3 998,2 |
9 656,7 |
984,2 |
969,6 |
96,1 |
18,0 |
2000 |
4 106,6 |
9 981,1 |
1 076,0 |
976,0 |
98,2 |
19,7 |
2001 |
4 293,5 |
10 478,6 |
1 123,8 |
989,5 |
103,8 |
21,1 |
2002 |
4 559,5 |
11 273,0 |
1 229,8 |
1 019,3 |
107,5 |
23,8 |
2003 |
4 871,0 |
12 247,1 |
1 368,8 |
1 064,3 |
114,9 |
24,8 |
2004 |
5 203,9 |
13 409,1 |
1 292,1 |
1 120,4 |
125,7 |
25,6 |
2005 |
5 457,4 |
14 334,5 |
1 281,9 |
1 163,5 |
130,5 |
26,2 |
2006 |
5 660,4 |
15 350,3 |
1 304,9 |
1 235,6 |
138,6 |
28,2 |
2007 |
5 840,9 |
16 080,0 |
1 352,7 |
1 291,1 |
143,2 |
29,5 |
2008 |
5 991,6 |
16 770,4 |
1 347,3 |
1 370,5 |
148,3 |
30,1 |
2009 |
6 095,2 |
17 369,7 |
1 326,3 |
1 438,7 |
155,5 |
32,7 |
2010 |
6 175,3 |
17 988,1 |
1 344,0 |
1 528,3 |
169,6 |
32,8 |
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы жалпы
өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі
2011 жылғы
жедел деректер бойынша ауыл
шаруашылығының жалпы өнімінің (қызметінің)
нақты көлем индексі (НКИ) 126,7%
құрады. Өсім 2010 жылмен салыстырғанда
өсімдік шаруашылығы өнімі
2010 жылмен
салыстырғанда қалыптасқан
Серпіндегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ
2011 жылғы ауа-райының қолайлы жағдайлары майлы дақылдардың (2010 жылмен салыстырғанда 43,7%-ға ұлғайған), картоп (тиісінше 20,4%-ға), көкөністер мен бақшалық дақылдардын (11,7%-ға) түсімін жинау көлемдеріне де оң әсерін тигізді, бұл сондай-ақ сала өнімінің нақты көлем индексінің қалыптасуына оң ықпалын тигізген.
Мал шаруашылығы өнімінен НКИ 99,3%-ды құрады. Төмендеу 2010 жылмен салыстырғанда сиыр сүтін өндіру көлемі 3%-ға азаюымен түсіндіріледі. Ет және тауық жұмыртқасының өндірсі өткен жылдың деңгейіне сәйкес.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі (қызметі) көлемінің ұлғаюы республиканың көпшілік өңірлерінде, ең көбі – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында белгіленді.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ
2010 жылға пайызбен
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) НКИ | |||
барлығы |
өсімдік шаруашылығы |
мал шаруашылығы | |
Қазақстан Республикасы |
126,7 |
158,6 |
99,3 |
Ақмола |
175,8 |
2,6 есе |
82,2 |
Ақтөбе |
115,0 |
136,5 |
104,2 |
Алматы |
103,1 |
105,8 |
100,6 |
Атырау |
111,9 |
140,0 |
101,9 |
Батыс Қазақстан |
123,3 |
169,9 |
98,3 |
Жамбыл |
106,5 |
110,7 |
102,7 |
Қарағанды |
113,3 |
136,3 |
100,5 |
Қостанай |
159,2 |
2,3 есе |
98,4 |
Қызылорда |
97,6 |
96,2 |
100,9 |
Маңғыстау |
119,5 |
184,2 |
104,2 |
Оңтүстік Қазақстан |
110,4 |
115,9 |
104,5 |
Павлодар |
108,8 |
124,0 |
100,3 |
Солтүстік Қазақстан |
158,9 |
198,0 |
97,0 |
Шығыс Қазақстан |
102,0 |
103,3 |
101,4 |
Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жоғары нақты көлем индексі Ақмола облысында 2010 жылмен салыстырғанда өңірдің жалпы өнім көлеміндегі үлесі 62,1% құрайтын дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 3,1 есе ұлғаюы есебінен қалыптасқан. Сондай-ақ, НКИ-не картоптын 48,8%-ға және майлы дақылдардын 3,4 есе жалпы жинаудың ұлғаюы (тиісінше облыстың жалпы өнім көлеміндегі түрлердің үлес салмағы – 5,5% және 1,7%), ықпалын тигізді.
Өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдарды жалпы жинау 2,6 есе ұлғаюы Қостанай облысы бойынша НКИ негізгі ықпалын тигізді, өйткені осы өнім түрінің өңірдің өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 57,2%-ды құрады. Майлы дақылдарды жалпы жинау 2,7 есе (ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі үлесі – 1,2%), картоп – 26,6%-ға (тиісінше, 2,9%), көкөністер мен бақшалық дақылдардың – 16,1%-ға (1,1%) ұлғайды. Тауық жұмыртқасы 12,6%-ға (үлес салмағы – 1,6%) көп өндірілді.
Солтүстік Қазақстан облысында НКИ-не негізгі құраушысы өңірдің жалпы өнім құрылымындағы үлес салмағы 59,3% құраған – астықты жалпы жинаудың 2,1 есе ұлғаюы оң ықпалын тигізді. Картопты – 86%-ға (жалпы өнім құрылымындағы үлесі – 9,6%), майлы дақылдарды – 81,5%-ға (тиісінше, 3,1%), көкөністерді жалпы жинау – 35,1%-ға (2,7%) өсті.
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің ұлғаюы дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 4,6 есе (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы – 13,1%), картопты – 20,5%-ға (тиісінше, 4,5%) және көкөністер мен бақшалық дақылдарды – 23%-ға (4,3%) өсуіне негізделген. Тауық жұмыртқасын өндіруі 5%-ға (үлес салмағы – 2,2%) өсті.
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің азаюы 2010 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдарды жалпы жинаудың 8,3%-ға (өңірдің жалпы өнім көлеміндегі түрдің үлес салмағы – 22,2%), көкөністер мен бақшалық дақылдардың 5,4%-ға (15,8%) төмендеуімен түсіндіріледі.
Өңірлер бойынша республиканың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) құрылымы
Пайдаланылған әдебиеттер
География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9
Қазақ энциклопедиясы
Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

- Ауырмаудың жолын ізде
- Ауыр металдар
- Ауыр металдар
- Ауыр металдармен ластану
- Ауыр мұнай шикізатының висбрекингі
- Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде
- Ауырып ем ізденгенше
- Ауыл шаруашылық кәсіпорыдарының рентабелділігін анықтау әдістемесі
- Ауылшаруашылық құстары мен жабайы қанаттыларды өңдеу
- Ауыл шаруашылық құстарының гигиенасы
- Ауылшаруашылық өнімдерінен биогаз алу үрдістерін зерттеу
- Ауыл шаруашылық өнімдерін сертиифкаттау
- Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолданудың ілімдік-әдістемелік негіздері
- Ауыл шаруашылық экологиясы