Ауыл шаруашылығындағы нарық және нарықтық қатынастардың экономикалық мәні
Ауыл шаруашылығындағы нарық және нарықтық қатынастардың экономикалық мәні.
- Нарықтың жұмыс жасауының мәні, ролі және алғышарттары.
- Нарықтағы сұраныс, ұсыныс және баға икемділігі.
- Нарықтағы бәсекелестік: түсінігі, түрлері және экономикалық мәні.
- Нарықтың жіктелінуі.
- Ауыл шаруашылығына арналған өндіріс факторлары нарығы.
- Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың экономикалық реттелуі.
- Нарықтың жұмыс жасауының мәні, ролі және алғышарттары.
Нарық түсінігі.
Ауыл шаруашылығындағы тауарлық өндірістің дамуы нарықты орнатудың, оған сәйкес категориялары мен реттеу әдістерімен, обьективті қажеттілігін алдын-ала анықтайды.
Тәжірибеде өнімді өндіруші мен тұтынушы арсындағы байланыстың екі түрі бар. Бірінші- нарықтың көмегімен тауарлық өндіріс пен айнлыс заңына сәйкес іске асырылатын алмасу. Екінші-баланысты құрастыру мен қажеттілікті зерделеудің негізінде өндірілген өнімді жоспарлы түрде бөлу.
Бірінші жағдайда нарық тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас жүйесі ретінде көрінеді. Екінші жағдайда- байланыс мемлекеттік жоспарлау және бөлу органдарының делдалдары арқылы көрінеді. Мұнда негізгі рольді өндірісті өндіруші атқарады. Екі байланыс формасы да сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімділіктің нәтижесінен шығады.
Басында нарық тауарлық операцияларды жүзеге асыратын кеңістіктегі белгілі бір орын ретінде қарастырылды. Тауарлық өндірістің дамуы мен еңбекті бөлудің тереңдеуінің аясында нарық түсінігі қиын түсіндіріле бастады. Аайналыс саласы ретінде нарық түсінігі пайда болды. Нарықтың екі жағы бар: тұтынушының сұраныс төлемқабілеттілігін қанағаттандыру және өнімді өндіру мен нарыққа жеткізудің ақшалай өтеу.
Егер нырықты нарықтық айналыстың субьектісі ретінде алып қарайтын болсақ, онда бұл сатып алушы мен сатушылардың өзар іс-қимылы тауар алмасудың мүмкіндігне алып келетін жиынтық деген анықтама туады. Мұнда нарық экономикалық айналыс саласы ретінде қарастырылған. Бірақ мұнда өндіруші мен тауар делдалдары арасындағы айналыс бақыланбайды. Нарық айырбас саласы ретінде өнім тауар формасына ие болғанда ғана басталады. Нарық тауарлы-ақша формасында қоғамдық өнім айналысы іске асатын экономикалық айналыстардың жиынтығын білдіреді. Қысқы мағынада нарық сөзі- тікелей тауарлық айналымның, тауарға деген ақша алмасу саласы.
Нарықты экономикалық айналыстың жиынтығы ретінде анықтай отырып тауарлы-ақша қарым-қатынасы жүйесінде байланыстың ролі мен орнын орнату керек. Кең мағынада нарық пен тауарлы-ақша қарым-қатынасы қоғамдық-экономикалық байланыстың бір жүйесін білдіреді. Бірақ бұл екі экономикалық категорияны қатты ұқсастыруға да болмайды. Тауарлы-ақшалы қарым-қатынас өндіріс пен айналыс саласын қамтиды. Нарық тауарлы-ақшалық қатынастың тек бір ғана жағын ұсынады. Ол тауарлық және ақшалық айналыстың қатынасын көрсетеді және тауарлық өндіріспен үлесіп, оны толықтырып отырады. Сонымен қатар нарық тауарлы-ақшалық қатынастың нақты формасы болып табылады. Осыдан нарықтың экономикалық мәні көрінеді.
Осылай, нарық тауарөндірушілер мен кәсіпкерлер қызметінің соңғы нәтижесінің аясында экономиканың икемді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономикалық қатынастың жүйесін ұсынады. Нарықты әлеуметтік-экономикалық бағытта қарастыра отырып мұны өнімді тұтынушыға бағыттайтын механизм екенін айта кету керек. Нарықтың бар жұмысы тұтынушының қажеттілігін дамыту мен қанағаттандыруға бағытталған. Нарық бір жағынан өндіріс пен бөлініс арасындағы, екінші жағынан өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы звено ретінде көрінеді.
Экономикалық нарық заңдары.
Нарықтың
жұмыс істеуінің негізгі
Ресурстарды үнемдеу заңы тауарөндірушілерге өндірістің икемділігін ынталандыратын фактор ретінде баға қозғалысы арқылы әсер етеді. Ол өндірілетін тауар және қызметтің сапалы сипаттамасын әрдайым жақсартып тұруды және тұтынушылық құнның бірлігіне шығындарды азайтып тұруды топшылайды.
Тепе-теңдік
заңы сұраныс пен ұсыныстың
Осы заңдармен қатар нарыққа басқа да айрықша заңдар тән.
Нарықтың жұмыс істеуінің алғышарттары.
Теория мен тәжірибе нарықтың ақшалй жұмыс істеуіне бірнеше алғышарт қажет екенін білдіреді. Олардың негізгілері:
- Экономикалық бостандық. Кәсіпорын не және қалай өндіру керек, және өнімді қайда іске асыру керектігі туралы өзі біледі,яғни бостандыққа ие.
- Меншік құқығы. Жеке және заңды тұлғалар өздерінің меншіктерін иелену және қалай пайдалану туралы өздерінің құқықтарына ие.
- Бәсекелестік. Көптеген бәсекелес жеткізушілердің болуы.
- Құқықтық нарықтық институттар құру. Бақылау құқығы, акционерлік құқық, келісімшарт толтыру принциптері және экономикалық келісімдерді пайдалану.
- Қатаң бюджеттік шектеулер. Жеке тұлғалар мен ұйымдардың кірісі экономикаға салынған нақты салымға тәуелді.
- Алдын-ала болжалынған экономикалық саясат. Кәсіпорындар мен тұрғындар басқарушы саясаттан тәуелсіз өздерінің қаржылық-экономикалық жағдайларын алдын-ала болжауға мүмкіншіліктері болуы керек.
Нарықтық инфраструктура және оның элементтері.
Нарықтың жұмыс істеуі нарықтық механизмді анықтайтын негізгі элементтер арқылы іске асады. Олардың негізгілері болып мыналар табылады: сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік және баға жүйесі. Бұл элементтердің өзара қатынасы максимум кіріс алуға тырысқан өндірушілерді ресурсты қоғамға ең керек және қоғам мүшелері оған ақша төлеуге дайын өнімдер мен қызметерге бағыттауға итермелейді. Сұраныс пен ұсыныс сатылатын және сатып алынатын тауардың санын анықтап, және оларға баға жүйесін құрады. Бағалар, өз кезегінде, тұтынушыларға да, өндірушілерге де нарықтағы жағдай туралы ақпарат жеткізіп отыратын сигнал ретінде көрінеді.
Бағалар
арқылы бәсекелестік механизмі көптеген
жеке экономикалық шешімдер жинақталып,
теңгеріледі. Бәсекелестік өндірісті
тұтынушылық қажеттіліктерді жоғарылатуға
бағдарлайды. Ол өнім сапасының жоғарылауын,
оның ассортиментінің кеңеюін және бағаның
төмендеуін ынталандырады. Басқа жағынан
бәсекелестік ғылыми-техникалық прогресстің
жетістігін енгізуге және қоғамның шектеулі
ресурстарын тиімді падалануға негіз
болады.
- Нарықтағы баға икемділігі, сұраныс және ұсыныс.
Сұраныс факторлары және түсінігі. Нарық қашанда тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарама-қайшылық пен ішкі байланыстарды тұлғалайтын «сатушы-сатып алушы» қатынасын ұсынады. Бұл байланыстар сұраныс және ұсыныспен сипатталады.
Сұраныс- бұл сәйкес ақшалай құралдармен қамтамасыз етілген және нарықта ұсынылатын қажеттілік формасы. Басқаша айтқанда сұраныс-бұл төлемқабілетті қажеттілік.
Сұраныс заңы баға мен сұраныс мөлшері арасында кері байланысты ұсынады. Бағаның төмендеуі сұраныстың өсуіне алып келеді және керісінше , бағаның жоғарылауы сұраныстың төмендеуңне әсер етеді.
Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді.(10 схема).
10 схема-
ұсыныс пен сұранысқа әсер ететін
факторлар.
Ұсыныс мәні және факторлары.
Ұсыныс- нарыққа ұсынылған тауар көлемі. Яғни- осы өнімге деген нарық бағасының шектеулі деңгейінде өндірушілер шығаратын өнім көлемі. Ұсыныс заңы егер өнімге деген баға төмендесе онда нарыққа түскен осы өнімнің саны қысқаратынын жариялайды. Осылай, ұсыныс пен тауар бағасының арасында тікелей байланыс болады.
Ұсыныс пен сұраныстың икемділігі.
Кез-келеген тауарға деген сұраныстың негізінде тұтынушының өнімді пайдалану туралы шешімі жатады. Осымен бірге өнімнің бір түріне деген сатып алудың өзгеруі экономиканың басқа саласындағы тауарлар мен ресурстарға деген сұранысты тудыруы мүмкін. Тәжірибде нарықтың жұмыс істеуінде халық тұтына алатын тауардың саны мен бағалар өзгерісінің арасында анықталған тәуелділік бар. Бұл тәуелділік экономикалық әдебиетте сұраныстың бағалық икемділігі деген атқа ие болды. Ол тауар мен қызметке бағаның өзгеруіне сатып алушылардың әсерінің қарқындылығын білдіреді.
Сұраныстың бағалық икемділігі мына формуламен анықтлады:
Эс=
Мұндағы Пт- тауар сатып алуының өзгерісі
ЦТ- тауар бірлігіне бағаның өзгерісі.
Баға бойынша сұраныс икемділігі баға өзгерісіне жауап ретінде сұраныс санының өзгеру сатысын көрсетеді. Сұраныс саны- нарықта шетелген бағамен сұралатын өнім саны.
Икемді сұраныс нұсқалары.
Абсолютті икемсіз сұраныс. Ол тұтынушыға тауар бағасының өзгерісіне байланыссыз тауардың сол санының қажеттілігін білдіреді. Ол мына формуламен анықталады.
Икемсіз сұраныс иеленген тауар саны тауар бағасының төмендеуінің әр процентінің 1℅нен кем көбейгенде орын алады. Бұны бағаның өзгеруіне сатып алушылардың әлсіз әсерін білдіреді.
Икемсіз сұраныс тауар бағасының өзгерісіне сәйкесі аз екендігін білдіреді. Формула:
0 < Ис < 1.
Жеке дара икемділік баға 1℅ке төмендегенде алынған тауар саны 1℅ке өсетіндігін білдіреді:
Ис=1.
Жеке
даралық икемділікте сұраныс
саны тауар бағасының ауытқуымен анықталады.
Бірақ қызметтер мен тауарға сұраныс тек
бір ғана тауардың бағасына емес, сонымен
қатар басқа да тауарлардың бағасына тәуелді.
Мұндай тәуелділік тауарға жақсы икемді
сұранысымен сипатталады. Ол мына формулада
көрінеді:
Мұнда Рп- тауар сатып алуының өсімі, ℅
РЦ- тауар бағасының өсімі, ℅.
Икемді сұраныс сұраныс баға төмендеуінің әр процентінің 1℅нен өсіп кеткен жағдайда көрінеді. Бұл сатып алушылардың күшті әсерін білдіреді. Икемді сұраныста бағаның аздаған өзгерісі сұраныс санына біршама әсер етеді.
Абсолютті икемді сұраныс. Мұнда белгілі бір тауарға сұраныс бағаға мүлдем тәуелді емес, ал оның саны басқа факторлардың әсерінен қалыптасады.
Бағалық
икемділікпен бірге тұрғындардың кірістері
бойынша сұраныс икемділігі де орын алады.
Ол келесідей берілуі мүмкін:
Мұндағы Өт- тауар өнімінің өсімі, ℅
Өк- кіріс өсімі.
Ұсыныс икемділігінң мәні мен түрлері.
Сұраныс икемділігі тауар бағасының өзгерісіне сұраныс әсерінің сезімталдығын сипаттайды. Ұсыныс икемділігін мына формуламен көрсетуге болады:
Мұндағы Сұ – ұсынылған тауар санының өзгерісі, ℅
Бұ – ұсынылған тауар бағасының өзгерісі, ℅
Ұсыныс икемділігінің түрлері:
Абсолютті икемсіз ұсыныс. Ол тауарөндіруші тауар бағасының өзгерісіне тәуелсіз шектеулі тауар санын өндіруге дайын болған кезі:
Икемсіз ұсыныс. Ол тауар бағасының өзгерісіне әліз икемді ұсынысты көрсетеді. Бұл , ұсынылған тауар саны тауар бағасындағы өзгерістен аз деген сөз.
Ұсыныстың жеке дара икемділігі. Ол ұсыныс саны тек тауар бағасының ауытқуымен сипатталады және мына формула арқылы көрінеді:
Ұсыныс икемділігі. Бұл тауар бағасының болмашы өзгеруі ұсыныс санына елеулі әсерін тудырғанда болады. Ол мына формуламен көрінеді:
Абсолютті икемді ұсыныс. Онда нақты тауардың ұсынысы бағаға мүлдем тәуелсіз, ал ұсыныс саны басқа факторлардың әсеріне тәуелді:
Ұсыныс икемділігі фактор қатарларына тәуелді.олардың негізгісіне мыналар жатады:
Сақталу құны мен тауардың ұзақ мерзімді сақталу қабілеттілігі. Яғни, ұзақ сақталмайтын тауар төмен икемді ұсынысқа ие.
Өндірістік процесстің ерекшелігі.яғни, егер өндіруші бағаның өсуі жағдайында белгілі бір тауар өндірісін кеңейтсе немесе белгілі бір тауарға баға түскен жағдайда жаңа өнім шығаруға ауысып кетсе, онда осы туарға деген ұсыныс икемді.
Уақытша фактор. Тауар өндіруші ереже бойынша белгілі бір тауардың баға өзгерісіне тез әсер ете алмайды. Ол үшін өндірушіге банктен несие алуға, қосымша жұмысбелгілі бір уақыт керек күшін жалдауға, қажатті шикізаттар мен құралдар алуға белгілі бір уақыт керек.
Егер
тауарға деген ұсыныс икемсіз
болса, онда сұраныстың көбеюі ұсныстың
өсуне емес, бағаның инфляциясының өсуіне
әкеліп соғады.
- Нарықтағы бәсекелестік: түсінігі, түрлері және экономикалық мәні.
Нарықтағы бәсекелестік түсінігі.
Нарықтық жүйе адамдардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылудан тұрады. Өнімдер мен тауарлар алмасу саласындағы мүдделіліктерінің қақтығысуы нарықта бәсекелестікті тудырады. Нарық құрылымы өзара тек тауар түрлерімен ғана емес, өндірушілер мен тұтынушылар арсындағы бәсеклестіктің деңгейімен де анықталады. Нарықта бәсекелестік жеке кәсіпкердің өз өнімі арқылы бағаға әсер етуімен анықталады.
Бәсекелестік-бұл тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің көп мөлшерде табыс табу мақсатында өндірістің тиімді жағдайы мен өз өнімін іске асырудағы бәсекелестігі. Жеке тауарөндірушілер мен кәсіпорындар өздерінің өнімдерін іске асыратын нарыққа неғұрлым аз әсер етсе, соғұрлым нарық бәсекелесті болып саналады.
Бәсекелестіктің екі түрін көрсетуге болады: салаішілік және саларалық.
Салаішілік бәсекелестік әр саладағы кәсіпорындардың көптігімен сипатталады. Салаішілік бәсекелестікте нарықтық құн белгілі бір тауарлық өнімнің негізгі бөлігін өндіретін кәсіпорындардың жекелік құнына жақын келеді және қоғамдық қажетті еңбек ретінде анықталады.
Тауар мен қызметтің нарықтық
бағасы мен нарықтық құн
Салааралық бәсекелестік төмен табысты саладан жоңары табысты салаға капиталды қайта құюмен көрінеді.
Салааралық бәсекелестік- кәсіпкелер, монополиялық бірлестіктер, түрлі шаруашылық салаларының арасындағы өз капиталына неғұрлым жоғары табыс алудағы бәсеклестіктің бір түрі. Салааралық бәсекелестіктің посредствосы құралдарды бір саладан асқасына аударумен іске асады және қоғамдық капиталды жүзеге асырудың пропорциясы орнатылады. Төмен табысты саладан капиталды қайта бөлу келесі салдарларға алып келеді:
- өндірісті қысқарту;
- тауар ұсынысының төмендеуі;
- нарықтық бағалардың өсуі;
- табыстың өсуі.
- Нарықтың жіктелінуі.
Нарықтың жалпы жіктелінуі.
Барлық нарықтар келеідей жіктелінеді(12 схема):
12 схема. Нарықтың жіктелінуі.
Ауыл шаруашылығындағы нарық түрлері.
Қазіргі нарықтардың көптігі оларды мынадай түрлерге бөлуге рұқсат етеді: ауылшаруашылық нарығы, ауылшаруашылығына арналған материалды-техникалық ресурстар нарығы, қызмет саласы нарығы, маркетинг саласы нарығы.
Ауыл шаруашылығы еркін нарықтық бәсекелестікке сәйкес келетін нарықтық құрылым мен қатынастар жүйесі сақталатын ұлттық шаруашылықтың маңызды саласын ұсынады.
Еркін нарықтың негізгі белгілері болып мыналар табылады:
- нарықта тәуелсіз өндірушілер көп;
- әр жеке өндіруші бағаға әсер ете алмайды;
- өнімдер біртекті және стандартталған;
- кіріс тосқаылдары болмайды.
Ауыл шаруашылығына арналған материалдық-техникалық ресурстар нарығы. Бұл нарықтың негізін мынадай негізгі үш сала құрайды:
- ауылшаруашылық машина жасау;
- химиылық құралдар мен тыңайтқыштар өнімі;
- кормопроизводство
Бұл салалар тұрпатты олигополиялық құрылыммен сипатталады, яғни нарықта көптеген ірі фирмалардың үстем болуы. Олигополияға мына сипаттамалар тән:
- өндіріс көлемін анықтаудағы фирмалар арасындағы өзаракелісім;
- бағақалыптастыру мен бағаны бақылау саясатындағы өзаракелісім;
- технологиялық монополия;
- кіріс үстемелері.
Қызмет саласындағы нарық. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындар , шаруа қожалығы, фермерлер көрсететін қызметтер дилерлік, жөндеу-техникалық, агрохимиялық, мелиоративті жүйнені ұсынады.
Маркетинг саласындағы нарықтар. Фирманың бәсекелестік қабілетіне және өнімі сипаттамасына байланысты келесідей типтерге бөлінеді:
- азық-түліктік шикізаттық тауарлар нарығы. Оның сипатамасы: өнімнің біртектілігі, тауардың стандартталуы.
- Азық-түліктік тауарлардың жоғары деңгейде қайта жасалу нарығы.
Азық-түліктік қызмет нарығы көп деңгейге ие. Ол нан, сүт өнімдері үшін-жергілікті; ет, жеміс-жидек өнімдері үшін-аймақтық; импорттық азық-түлік пен консерві өнімдері үшін-ұлттық болып табылады.
5.
Ауыл шаруашылығына
арналған өндіріс факторлары
нарығы.
Өндіріс факторларының түсінігі мен оған сұраныс. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірістің барлық факторларынан құралған: жер, еңбек, капиталл. Олардың біреуі тұтынушылық құнның қалыптасуына, ал біреулері тауарлық құнның қалыптасуына әсер етеді. өндіріс процесінде факторлар икемділікті толығымен көтере отырып, бір-бірімен өзара байланысады және бір-біріннің орынын басады.
Өндіріс факторлар нарығы жер, табиғат, еңбек және капиталды-техникалық ресурстар сияқты тауарлық айналыс саласында шаруашылық қызмет ресурстарын көрсетеді. Өндіріс факторлар нарығын ресурстың маңызды түрлері бойынша топтауға болады: жер нарығы, еңбек нарығы, капиталл нарығы. Дамыған экономикалық нарықта өндірістік тауарлардың саны көп және олар ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен әрқашан өзгеріп және жаңарып отырады. Өндіріс факторлар нарығы бағалы қағаздар және ақша нарығымен өзара әрекеттеседі.
Өндіріс факторлар нарығы мемлекеттің экономикалық саясатымен реттеледі. Біріншіден жер және еңбек ресурстары айналысының заңдық реттелуі қажет. Мемлекет өндірістің дамуын ынталандырып, экономикалық және заңдық тұрғыдан өндіріс тауардың нарықтық айналысының жанама тенденциясын жұмсартуы қажет.
Өндіріс факторларына сұраныс экономикалық айрықшаларға ие. Ол адам қажеттіліктерін тауар мен қызметтер өндірісі арқылы жанама түрде қанағаттандыру ресурстарынан тұрады. Белгілі бір фактор түрлеріне сұраныс өндіріс факторлары арқылы қалыптасқан тұтынушылық тауарлар сұранысына байланысты өсіп немесе төмендеп отырады. Әр өндіріс факорларына икемділік мыналар арқылы өзгеріп отырады:
- өндірілген өнімге сұраныс пен кәсіпкерлер табысының деңгейі;
- қолданылатын экономикалық ресурстардың өзара орын басу мүмкіндіктері;
- өндіріс факторларының өзара орын алмасу нарығының болуы;
- тауар өндірушілердің жаңа технология мен инновациялар енгізуге және ғылыми техникалық прогрессті жетілдіруге тырысуы.
Өндіріс факторларының ұсынысы.
Өндіріс факторларының ұсынысы ол нарыққа бар бағалармен шығатын өндіріс факорларының саны. Ресурстар ұсынысы тауар өндірушілердің қажеттіліктерімен салыстырғанда шектеулі. Егер өндіріс факторлары тегін болса онда экономикалық ресурстар ұсынысы шектеулі болмас еді, және белгілі бір тауарлар нарығы қажет болмас еді.
Нарықта өндіріс факторларының ұсынысы әр түрлі икемділікке ие. Нарықта жерге деген ұсыныс икемсіз, себебі оның көлемі нақты анықталмаған және өзгермейді. Жерді алмастыратын экономикалық ресурс болмайды. Ауыл шаруашылығында жер ұдайы өндірілмейтін экономикалық ресурс болып табылады.
Нарықта шикізат ресурсының ұсынысы икемділеу болып келеді, себебі шикізат пен материалды алмастыратын ресурстар бар.
Еңбек
ресурстары қашан да шектеулі және
жай өзгермелі болып келеді. Жұмыс күші
ұсынысының икемділігі толық жұмысбасты
еңбек ресурстарының, жұмыссыздықтың
төмендеуінің, өндірістік процестің іске
асырылуының есебінен өсуі мүмкін.
Шектеулі өнім түсінігі.
Өндіріс факторының шектеулі өнімі қосымша өнім болып табылады. Нарықтық экономикада өндіріс факторлары мынадай топтарға бөлінеді:
- жер, табиғи ресурстар
- еңбек ресурсы
- капитал
- кәсіпкерлік қабілеттілік.
Бұл факторлардың әр түрі белгілі бір табыс алып келу қабілеттілігіне ие. Жер ресурсынан түсетін табысты рента деп атайды. Ол үш түрге ие: 1-ші дифференциалдық рента, 2-ші дифференциалдық рента, абсолюттік рента. Соңғысы ауылшаруашылық өнімге баға өсуінің механизмі арқылы іске асады. Абсолютті рента ауылшаруашылық өнімге өосымша болып табылмайды, оның құнының бір бөлігін ғана көрсетеді. Абсолютті рентаның көзі болып үстеме еібек арқылы қалыптасқан үстеме құн табылады.
Абсолюттік рентаның ерекшелігі- ол дифференциалдық рентаға қарағанда сапасына тәуелсіз жерден алынады. Дифференциалдық рента ауылшаруашылық өнімдерінің бағасына әсер етпейді, ал абсолюттік рента жер өнімдерінің бағасының жоғарылауына әсер етеді.
Жердің шектеулі өнімі болып басқа өндірістің шығындардың өзгеріссіз өлшемі арқылы өндіріс процесіне тағы бір жер учаскесін енгізу нәтижесінде жиынтық өнім көлемінің өсімі табылады.
Өндіріс
факторы ретінде еңбек

- Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- Ауылшаруашылығын химияландырудың қоршаған ортаға әсері
- Ауыл шаруашылығының шығу тарихы
- Ауыл шаруашылығы саласы тарапынан жануарлар организміне улы заттың түсу ықтималдығы.
- Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы қорлардың есебі мен бақылауының теориялық негіздері.
- Ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығы, даму
- Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларын
- Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы
- Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері