Ауылшаруашылығы инновацияны енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Баға құрудың негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
Кәсіпорын баға саясатының барлық кезеңдерін қалыптастыра отырып, шығарылатын өнімнің бағасын белгілеуде соңғы шешім қабылдау үшін бірнеше факторларды ескереді: нарықтың типін, кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен міндеттерін, маркетингтік шаралар жүргізу мүмкіндіктерін, нарықтағы бәсекелестік күрес деңгейін және т.б.
Дұрыс қалыптасқан баға саясаты - нарықта
өнім мен кәсіпорынның бәсекелестікке
қабілеттілік деңгейін артыруға бағытталған
қарқынды процесс.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның
баға саясатын қалыптастыру бәсекелестікке
қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің
бірі болып табылады. Осыған байланысты
кәсіпорын басшылары баға саясатын қолдануға
және оны жасау процесіне көбірек көңіл
аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда
нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң
бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне,
табыс деңгейінің, рентабельдіктің азаюына,
нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке
қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның
әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру 1-ші кестеде ұсынылған кезеңдер тізбегіне негізделген:
1 кесте. Ұйымның (кәсіпорынның) баға саясатының кезеңдері
№ п/п |
Кезең атаулары |
Жүзеге асыру нұсқалары |
1 |
Баға саясатының мақсаттарын анықтау |
|
2 |
Баға құрайтын факторларды талдау |
|
3 |
Баға құрайтын тәсілді таңдау |
|
4 |
Баға стратегиясын таңдау, соңғы бағаны бекіту |
|
Кәсіпорынның баға саясатының мәнін барынша толығырақ қарастырайық.
1-кезең. Баға саясатының мақсаттарын анықтау
Ұйым (кәсіпорын) мақсаттарының бірнеше деңгейде жүзеге асырылатын құрамдас бөліктері:
- Стратегиялық мақсаттар —ғаламдық мәселе қоюға бағытталады және ұзақ мерзімге бейімделеді;
- Тактикалық мақсаттар — орта мерзімдік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, шешімдер көлемі стратегиялық мақсаттарға сәйкес шектеулі болады;
- Операциялық мақсаттар — жергілікті сипатқа ие, қысқа мерзімді шешімдерді жүзеге асыруға бағытталған (тактикалық және стратегиялық мақсаттарға сай болуы тиіс).
Мәселен, кәсіпорын баға саясаты аясында – нарықта жаңалықтар енгізуден көшбасшы болу туралы стратегиялық мақсаттар қойса, бұл мақсат тактикалық мақсатпен алмастырылады: нарыққа барынша жаңа бұйымдар келіп түседі, тауардың жаңа болуына байланысты баға диверсификацияға ұшырайды (жаңа бұйымдар қымбатқа, ескілері арзанға сатылады). Бұл мақсаттар өз кезегінде шұғыл мақсаттар туғызады: мысалы, жаңа бұйымдар сатып алушылардың жеке тапсырысы бойынша, нарықта ең жоғары X бағасымен, сериялық өндіріспен шыққан жаңа тауарлар — мейілінше төмен Y бағасымен, ал нарықта бірнеше жылдан бері келе жатқан тауарлар, ең төменгі жеңілдетілген Z бағасымен сатылады.
1.1. Нарықта аман қалу стратегиясы
тауарлар шамадан тыс көбейіп
кеткенде, яғни шығарылатын өнімге
сұраныстан ұсыныс артып
1.2. Табысты максимизациялау шарттарының орындалуы коммерциялық ұйымның (кәсіпорынның) нарықтағы «генетикалық» ерекшеліктеріне негізделген, яғни өнімді сатудан барынша көп табыс алуға. Бұл жағдайда кәсіпорын төлем қабілеттілігін, әлеуеттік сұранысты, нарықтық бағалардың түрлі құрылымына байланысты шығындар деңгейін талдайды. Одан кейін ол өнімді шығаруға немесе қызметтерге кететін шығындардың көп бөлігін жабатын ағымдағы табыстың оңтайлы нұсқасын таңдайды.
1.3. Нарықтағы үлес көрсеткіштері
бойынша көшбасшылықты жеңіп
алу немесе нарық үлесін
1.4. Нарықта баға белгілеуде көшбасшылықты жеңіп алуды мақсат еткен кәсіпорын, көбіне, олигополия нарығында қызмет ететін ірі корпорация болып саналады. Барынша бәсекелестікке қабілетті ұйымға тиесілі бұл құқық, құпия келісімге келмей-ақ, белгілі бір нарықта жалпы баға деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
1.5. Нарыққа жаңалықтар енгізу
көшбасшылығы ең жаңа жоғары
сапалы тауарларға ҒЗТКЖ-ын
2-кезең. Бағаны құрайтын факторларды талдау.
Мұндай талдау кәсіпорынның баға саясатында сатып алушылардың, жеткізушілердің, өндіріс пен бәсекелестер факторларының бағаның өзгеруіне қатысты пікірлерін ескеріп отыруын мүмкіндік береді.
2.1. Шығарылатын өнімге сұраныстың бағалық және бағалық емес құрамдарын бағалау баға өзгерген кезде тұтыну көлемінің өзгеру заңдылықтарын: бағаны, тұтынушының табысын, бір-бірін толықтыратын және бір-бірін алмастыратын тауарлар бағасын, сатып алушылардың санын, талғамын және сұранысын, ұлттық ерекшеліктерін, тұтынушылардың күткенін анықтауға мүмкіндік береді.
2.2. Сұраныс икемділігін талдау
кәсіпорынға маңыздылығына
2.3. Ұсыныстың бағалық және
2.5. Өнімді сатудан түскен
2.6. Бәсекелестердің бағалары мен
өнімдерін талдау келесі
3-кезең. Бағаны құрау
Бұл кезеңде ұйым(кәсіпорын) тауарға баға белгілеу тәсілін таңдау арқылы баға саясатын қалыптастыру мәселесін шешеді. Бәсекелестік ортада қолданылатын кең тараған тәсілдердің арасынан - өнімнің өзіндік құнына үстеме бағаны, шығынсыздық қағидатын, төлем қабілеттілігі сұранысына бейімделуді, нарықтық баға қарқынын және бәсекелестердің бағалық ұсыныстарын атап өтуге болады.
3.1. Өзіндік құнға үстеме баға тәсілі есептеудің қарапайымдылығы арқасында нарықтық экономикада мейілінше жиі қолданылады. Үстеме баға өлшемдері кең ауқымды қамтиды, бұл тауардың түрлеріне, нарықтың аумақтық ерекшеліктеріне, мемлекеттік реттеу органдарының қатынастарына және т.б. байланысты. Бағаны құраудың бұл тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар:
- өндіруші-сатушыларға сұраныс пен оған әсер ететін факторларды талдау жөнінен маркетингтік шаралар кешенін орындаудан гөрі, өндіріс шығындары деңгейін талдау, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын анықтау жеңілірек;
- нарықтағы бәсекелестердің көбі баға белгілеудің дәл сондай саясатын ұстанған жағдайда, іс жүзінде бағалық бәсекелестік пен шығын мүмкіндігі жойылады, соның нәтижесінде пайданың айтарлықтай үлесі де;
- өзіндік құнға үстеме баға, әдетте, ақылға сыйымды өлшемде (50%-дан көп емес) болады, бұл өндіруші-сатушыға тұтынушылардың мүддесіне зиян келтірмей, олардың артық қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Алайда нарықтағы сұраныстың төлем қабілеттілігі қарқынын қадағалай алмау және кәсіпорынның баға тактикасын дер кезінде өзгерте алмау қаупі бар. Бұл кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестігінің төмендеуіне және шығындар тәуекелдігі деңгейінің артуына соқтыруы мүмкін.
3.2. Шығынсыздық қағидаты
3.3. Сұраныстың төлем
3.4. Нарықтық бағалар қарқынына
бейімделу нарықтағы ағымдық
баға деңгейін есептеуден және
оның қысқа мерзімдік кезеңде
бағаның өндіріс факторларына
байланысты немесе тұтынушылық
сұраныс үрдістеріне
3.5. Бәсекелестердің күткен баға ұсыныстарына бейімделу тәсілі, көбіне, олигополия нарығында, баға бойынша көшбасшылық жағдайында, көшбасшы-кәсіпорын бірінші болып бағасын бекітіп, нарықтың өзге қатысушылары берілген баға деңгейін ұстанған жағдайда қолданылады. Кәсіпорын, сонымен қатар, бәсекелестердің күткенін бағаның орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік өзгеруіне қатысты бағалай алады. Нәтижесінде кәсіпорын «бағаны ұстану» немесе «баға бәсекелестігігіне» орай, баға саясатын жүргізеді.
4-кезең. Баға саясатын таңдау, соңғы бағаны белгілеу
Кәсіпорын бұл кезеңде бағаны құрау тәсілін таңдап, баға белгілеу туралы шешімін жүзеге асыруға кіріседі. Бұл орайда бағаны құраудың бірқатар нарықтық факторларын ескеру қажет: психологиялық сипаттағы факторлар (тұтынушыларға қатысты), тілекке сәйкес баға образы, бағаларды диверсификациялау мүмкіндігі. Бұл факторлардың қай-қайсының да маңыздылығы өз кезегінде кәсіпорынның өмірлік кезеңдеріне айтарлықтай әсерін тигізетін таңдалған баға стратегиясына байланысты.
Кәсіпорынның нарықта пайда болуы кезеңінде, оның алдында тұратын басты мақсат — қатаң бәсекелестік күрес жағдайында аман қалу. Бұл жағдайда барынша қолайлысы – жаңа нарыққа ену стратегиясы (жоғарыда 4.1 кестесіндегі стратегия), оны жүзеге асыру үшін бағаны құраудың психологиялық факторларының маңызы зор.
- Кәсіпорын көп жағдайда баға белгілеуде «бірінші цифр» тактикасын қолданады. Оның мәні баға дөңгелектелмеген формада белгіленеді, мысалы, 399,99 руб. Бір қарағанда сатып алушының көзі 3 цифрына түседі және тауар 300 руб. тұратындай әсер қалыптастырады.
- Түтынушы психологиясын естерудің тағы бір нұсқасы — бағаның сапа ретіндегі көрінісі — баға неғұрлым жоғары болса, сапа соғұрлым жоғары болады деген пікір қалыптасқан. Баға белгілеудің бұл нұсқасы әдетте Ресейдің кеңінен қолданылатын тауарлар, мысалы, киімдер мен аяқ киімдер нарығына тән.
- Үшінші нұсқа — баға тауар мерейінің көрінісі ретінде — тұтынушылардың сән туралы түсінігін, белгілі бір әлеуметтік және кәсіби топтардың пікірлерін қамтиды. Нәтижесінде, тауардың бағасы жоғары болған сайын, тұтынушылар көзқарасы тұрғысынан мерейі жоғары (мысалы, шаштараздық қызметтер ұсыну салондары).
Кәсіпорынның даму кезеңінде пайданы максимизациялау және кәсіпорынды жедел дамыту мақсаттары қойылады. Бұл орайда, көбіне, нарықты немесе оның сегментацияларын дамыту стратегиясы (4.3) қолданылады. Тұтынушылардың артық қаражатын тарту үшін бәсекелестермен күрес жүргізу кәсіпорынның баға саясатының аса маңызды элементіне айналады. Өнімге соңғы бағаларды белгілеу туралы шешімнің ерекшелігі – оларды диверсификациялау.
Тұрақтылық кезеңінде кәсіпорын нарықтағы өз позиицияларын нығайтады, жеткілікті түрде бәсекелестікке қабілетті. Сондықтан оның мақсаты – нарық үлесінің өсуі немесе бағаларда көшбасшылыққа қол жеткізу. Мұндай мақсатқа тілекке сәйкес баға образын құруды қарастыратын нарықтағы позициялар тұрақтылығы стратегиясы (4.2) сай келеді. Көбіне, жеңілдіктер жүйесі және нарықтағы ең төменгі баға жарнамасы жиі қолданылады.
Уақыт өте келе, нарықта ҒТП-тен қалыспай келе жатқан жаңа бәсекелестер пайда болады. Нәтижесінде нарықта бұрыннан келе жатқан бәсекелестер көнере бастайды. Олар үшін нарықтағы позицияларын сақтап қалу негізгі мақсатқа айналады. Бұл жағдайда нарықтағы позицияларын тұрақтандыру стратегиясы (4.2) қолданылады, бірақ кәсіпорын баға образын құруға емес (осының алдындағы кезеңдегідей), оны сақтауға басты назар аударады. Бұл орайда басшылық кәсіпорынды жаңарту туралы ойластыра бастайды.
Қайта жаңару кезеңінде кәсіпорын өз қызметін жаңартуға және дамытуға бағытталған шаралар жүргізеді, олардың бірі жаңа баға саясатын қалыптастыру болып табылады. Ол үшін бұрыннан белгілі жаңа нарыққа ену (4.1) және нарықты немесе оның сегментацияларын дамыту (4.3) стратегиялары қолданылады. Өнімге соңғы бағаны белгілеу туралы шешім таңдалған стратегияларға сәйкес қабылданады.
Осылайша, баға саясатын қалыптастырудың барлық кезеңдерінен өткен кәсіпорын шығарылатын өнімге баға бекіту туралы соңғы шешімді көптеген факторларды ескеріп қабылдайды: өнім сатылатын нарықтың типі, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері; маркетингтік шаралар жүргізу мүмкіндіктері, нарықтағы бәсекелестік күрес деңгейі және т.б. Дұрыс қалыптасқан баға саясаты өнімнің және кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін көтеруге бағытталған қарқынды процесс болып табылады.
Қорытындылар
- Ұйымның(кәсіпорынның) баға саясаты көбіне оның өз қызметін жүзеге асыратын нарықтың типіне байланысты (жетілген бәсекелестік, монополиялық бәсекелестік, олигополия және таза монополия нарығы).
- Жетілген бәсекелестік нарығында баға өндірістің шектеулі шығындарына тең болуы, тұтынушылық сұраныспен сәйкес келген жағдайда шектеулі табыс орташа шығындардың ең төменгі мәніне тең болуы негізінде белгіленеді.
- Монополиялық бәсекелестік, олигополия және таза монополия нарығында бағаны құрау мүмкіндігінше түрлі топтағы тұтынушылардың артық қаражатын жаулап алуды көздейді.
- Баға саясатын қалыптастыру процесі бірқатар кезеңдерден өтеді: мақсаттарды айқындау; бағаны құрайтын факторларды талдау; бағаны құрау тәсілдерін таңдау; баға стратегиясын таңдау және соңғы бағаны белгілеу.
- Баға саясаты нұсқасын таңдауға, атап айтқанда, баға саясатына кәсіпорынның өмірлік кезеңдері әсерін тигізеді: кәсіпорынның нарықта пайда болуы, кәсіпорынның дамуы, қызметінің тұрақтылығы, ескіруі, жаңаруы.
- Баға саясаты құрамындағы баға стратегиясы бағаны белгілеудің кейбір факторларына сүйенеді: жаңа нарыққа ену стратегиясы психологиялық факторларды ескереді; нарықты немесе оның сегментацияларын дамыту стратегиясы бағалар диверсификациясын көздейді; нарықта позиицияларды тұрақтандыру стратегиясы тілекке сәйкес баға образын құруға бейімделеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық
теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред
Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский
құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен
қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда
біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды.
Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді,
ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және
ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған
сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік,
сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал
жасайды. Баға – тауар құнының ақшалай
өлшемінің модификациясы.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу
саясатының бір бағыты болып табылады.
Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы
маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша
– несие саясаты - нарықтық экономиканың
тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында
ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі
ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін
анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар
ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе
оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай
білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі
туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде
банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік
қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы
біліктілігіне негізделеді.
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде
қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің
өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді
өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер
етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға,
өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен
етене байланысты.
Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным
мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің
өзгеруі кезінде байқалады.
Бағаның бұл қызметі нарықтың,
тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті
теңгергенде байқалады.
Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан
тауар ұсынымы туралы белгі береді және
олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін
баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып
алушылардың төлем қабілеттігін немесе
өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік
қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар
бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық
дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов
пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды
жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы
төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық
төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп
айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет
етеді.

- Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларын
- Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы
- Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
- Ауыл шаруашылығындағы нарық және нарықтық қатынастардың экономикалық мәні
- Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- Ауыл тұрғындарына емдеу- профилактикалық көмекті ұйымдастыру
- Ауыл халқы мен қала халқы
- Ауыл шаруашлығы
- Ауыл шаруашылыгын сумен камтамасыз ету
- Ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығы, даму