Ақын философиясы
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
а) Ақын философиясы
б) Абай дүниетанымы
в) Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу
г)«Ғақлия» және «Ғақлият-тасдиқат» кітаптарының
философиялық маңыздылығы
д) Абай өлеңдерiндегi көркемдік мекеншақ сипаты
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
І Кіріспе
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (10.8.1845 - 6.7.1904) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Бұрынғы Қарқаралы дуанына (округ) қарасты Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ күзегінде туған. Руы – Арғын ішінде Тобықты.
Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы
1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы
«Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,
«Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта
оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
Абайдың поэзиясы түгелімен лирикалық өлеңдерден құралады. Ол - поэма жанрына беріле бой ұрмаған ақын. Бірақ Абай қысқа өлеңдерінде табиғаттың бейнесін, адам портретін жасауға, оның ішкі-сыртқы қылық, мінездерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай тақырыпқа жазған өлеңінде болса да, қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының бейнелері айқын елестеп тұрады. Мысалы, қысты ол: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды... Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды» деп, қазақтың қатал шалдарына ұқсатады. Сонымен қатар, қазақтың сол кездегі қыста да киіз үйде отырытын тұрмысын елестетіп, «Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанатақ ақ орда үй шайқалды» дейді. Мезгіл тақырыбына жазған өлеңдерінен табиғат көріністерінен басқа ауылдың әлеуметтік өмірі де, бай мен жарлының тұрмысындағы айырмашылық та, таптық теңсіздік те көрініс беріп отырады. «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қан сонарда», «Желсіз түнде жарық ай», «Шоқпардай кекілі бар...» сияқты өлеңдері ірі шеберлердің қолынан шыққан ғажап суреттердей өте көркем, өте ұғымды, сонымен бірге бұл – тек қазақ даласында кездесетін көріністер.
Абайша, ақындықтың құралы – тіл, «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі», яғни көркемөнердің басқа түрлерінің ешбір құралы тілдей өткір бола алмайды. Осындай ұғымдағы Абай көркем шығарма жазуға кірісерде: «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» дейді. Қазақ тілін көркемдіктің биігіне көтеру үшін оған араласып жүрген бөтен сөздерден өлеңді аршымақ болады.
Абайдың түсінігі бойынша, мектеп ашу, бала оқыту, ғылымды білу, халықты ағартып, оның мәдениетін көтеру – қазақ өмірін прогресшіл жолмен өзгертудің негізі болмақ. Қазақ елін экономикалық және мәдени даму жолына бағыттау үшін қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгерту қажеттігін Абай тарихи себептермен түсініп жеткен жоқ еді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында ағартушылықтың шеңберінде қалды. Себебі Абай дәуіріндегі қазақтың патриархты-феодалды қоғамында таптық күрес әлі шиеленісіп жетілмеген-ді. Еңбекші бұқара патриархты-рушылық әдет-ғұрыптардан қол үзіп, таптық революциялық күрес жолына түсуге әзірленіп жетпеген болатын.
Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің, басқа кемшіліктердің түп тамыры надандықта, оқымағандықта деп түсінеді де, халқының «көңіл көзін», яғни сана-сезімін жетілдіру үшін қазақ жастарын оқуға шақырады. /1.302б/
ІІ Негізгі бөлім:
а) Ақын философиясы
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді./2.77б/
Кемелдену, жетілу
– адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз
не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды
айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда
адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді./3.23-24б./
Абай Құнанбаев философиясы
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында “… адам мен адамгершілік,
ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын»
діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды./4.5б/
Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»,
«Көк тұман - алдыңдағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл «Сөздер» қазақ хапқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған.
Абайдың философиялық көзқарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүниетанымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді. Солай бола тұрса да ақын кұдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің өзі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді». Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, философиялық ойларының көпшілігін де адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17-19 ғасырлардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың өзі де, адамды абстрактылы түрде, жай ғана биологиялық тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегімен ғана түсіндіреді./5.3б/
Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі түжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтылатын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демеклік. Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», - дейді ойшыл-ақын.
Тереңге тамыр жайған Абай философиясы толық адам жайында ілімін «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дейтін атақты дүниетанымдық мазмұны терең өлеңімен бекітеді./6.112б/
б) Абай дүниетанымы
Ақынның дүниетанымы шынайы заттарды тануға және адамдар бақытын о дүниеден емес, жарық дүниеден іздеуі керектігіне бағытталды. Ойшыл-ақын, әсіресе, ғылыми ақиқатты жоғары бағалады: «... әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!» Ол діни қағидалардың мәнін аша келіп, Алланың «барлығының» өзіне, оның құдіретті күшіне деген сенімге күдік келтіреді: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола
ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Алла мен бүкіл басқа дүниенің арақатынасын бұлайша түсіндіру, құдіреттің ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп пайымдайтын Құран қағидасынан тікелей бас тарту болып табылады.
Абай дүниетанымы бұлжымайтын қағида мен нанымға негізделген тапжылмайтын дін сияқты емес, санаға сүйенеді. Ол өзінің бірқатар өлеңдеріңде молдаларды, мұсылмаңдық қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды. Абай мұрасында таным мен логика мәселелері ерекше орын алады. 19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстанның қоғамдық дамуына байланысты туған талаптар ойшыл-ақынды заңды түрде таным мәселелеріне көңіл бөлуге мәжбүр етіп, оған өзіндік көзқарасын айқындап берді. Қоғамдық өмірдегі ғылым мен білімнің маңызын жоғары бағалап, оларды әлеуметтік жаңалықтармен тығыз байланыстырған ақын таным қызметін қоғамның үздіксіз дамуындағы басты күш деп есептеді. Ол объективті әлемді тану мүмкіндігін және оның даму заңдылықтары мәселелерін дұрыс шешті. Оның ойынша қандай да болмасын білімнің, ақиқаттың қайнар көзі адам өзінің сезім мүшелері арқылы танитын объективті шындық. Біздің біліміміздің салыстырмалы шама екенін айта келіп,
Абай «... хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен көзге түседі. Ол көңілге түсіруші... бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемекке», - деп атап көрсетті. Ол таным мәселесін шешкенде ерікті адамның жеке басы мен оның белсенді күресіне деген сеніміне сүйенеді. Адамды дәрменсіз, әлсіз жан иесі деп қарайтын діни ілімдерге қарама-карсы ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы, жасампаздық қызмет атқара алатын қуатты күш деп санайды. Абай сананы, «өз рухын» адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып отыруы керек деп есептейді. Бір
жағынан «сана ерікпен бірігуі қажет», екінші жағынан - сана мен еңбек әрқашанда бір жерден көрінуі керек. Ары таза, еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады», - деп қарады./7.74-76б/
Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.
Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны
болады». Дегенмен, ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, келісті керімдігіне және қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып ықыласың және ақылың жетпейді».
Данышпан нұсқаған жолмен жүріп, оның өсиеттерін бұлжытпай орындаған адамның жан сарайы күннен-күнге тазарып, кемелденудің биік деңгейіне шыға алады.
Абай
дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді.
«Дүние-үлкенкөл,
Заман-соққанжел,
Алдындағытолқын-ағалар,
Артқытолқын-інілер,
Кезекпененөлінер,
Баяғыдайкөрінер...»/8. 93-95б/
в) Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу
Әділет – қиянаттың дұшпаны. Олардың арасында өтетін талас-тартыс күллі адамзат көшінің тағдырына, тарихы мен мәдениетіне сәулесін түсіреді және небір ғажайып шедевр, классикалық туындыны дүниеге әкеледі. Күллі көркем әдебиет классиктері шығармашылығының алтын өзегі - әділет пен қиянаттың мәңгі айқасы, бітіспес майданы. Көркем әдебиеттегі деймін-ау, күнделікті өмірдегі шындық өзегі де осы тартыс емес пе.
Сонымен, әділет - жан сақтау құралының бірі, қастерлі категория. Бірақ әділеттілік туралы басқадай не білеміз, ол жайлы біліміміз толық па?
Сірә да жоқ, қазақ философиясы тұра тұрсын, әлемдік философия тарапынан да әділеттілік туралы пайымдар бір ізге түскен емес, яғни өз алдына дербес жүйелі ілім боп қалыптасты деуге әлі күнге ертерек. Себеп - феномен ұғымның күрделі табиғатында және түп тегі - генезисінің тереңдігінде десек қате бола қоймас. Төменде осы күрделі тақырыпты сөз етпекпіз. Ондағы мақсатымыз - жаңағы олқылықтың орнын толтырған данышпан біздің қазақтың Абайы екенін дәйектеуге саяды.
Біреу біледі,
біреу білмейді, «Алланың өзі де рас,
сөзі де рас» деген өлеңі және 45-ші сөзі
хакім Абайдың сарқынды шығармалары. Алдыңғы
туындысында данышпан:
Махаббатпен
жаратқан адамзатты,
Сен де
сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың
бәрін сүй «бауырым» деп,
Және «Хақ жолы осы» деп әділетті, -
дейді. Ал, соңғыны: «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері... һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі» деп бастайды./9.39-41б/
Сөйтіп, Абайдың ақтық өсиет-толғаулары қос феномен сезім: махаббат пен әділетке бағытталғанына көз жеткіземіз. Маңызды ерекшелік - хакім Абай махаббат, ғаделетті қосақтап айтады. Мұның сыры неде?
Міне хакім Абай махаббат, ғаделетке осы тұрғыдан келіп, жаңа аталған 45-ші қарасөзінде мынадай даналық тұжырымын жасайды: «Бұлардың (махаббат пен әділеттің) керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан Тәңірінің ісі».
«Ол – жаратқан Тәңірінің ісі» деген бір-ақ ауыз тезис бүгінгі біздер үшін аса салмақты. Осылайша Абай бізге он сегіз мың ғаламның махаббат-әділет заңымен басқарылып, реттелетінін ашықтап беріп отыр. Бұл, сөз жоқ, тек әлем ойы алыбының ғана сыбағасы. /10.144-147б/
Махаббат - Жаратушының бір аспектісі екендігі, әрине, әлімсақтан мәлім. Барлық әлемдік діндер осыны діттейді, айталық, исламдық сопылық ағым «махаббат діні» делінеді. Ал, әділеттілік ше? Ол махаббатқа тете, теңдес ұғым ба? Ең бастысы, Абай екі ұғымды неге қосақтаған? Жаңағы тезис міне осының жауабын беруімен құнды.
Біле білсек, Абайдың: «Неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты деген» деп тұжыруы өз алдына жаңалық. Сахара ойшылы бұл арада хақиқат заңды күллі қасиетті кітаптардан сүзіп алғанын сездіртіп отыр. Абайдың жаңағы әділет, махаббат түсініктерін бөлмей-жармай қолдану сыры киелі кітаптар мазмұнында екенін көреміз.
Қорыта айтқанда, махаббат, ғадалет категорияларын, бір жағынан, «Тәңірінің ісі» (Тәңірінің хикметі, заңы деген мағынаны да білдіреді) деп ғаламдық деңгейде бағамдау, екіншіден, олардың түп генезисі мен ортақ трансценденттік мәнін ашып беру - Абайдың керемет жаңалықтары.
Бұл пайым артық айтқандық боп көрінбеуі үшін мысалдармен бекіте кетелік. Сөз басында әділет-жан тыныштығының кепілі, оны аңсау адам баласына Тәңіріден дарыған қасиет дегенбіз. Қазіргі орасан қаржылық дағдарысқа да әділеттілік заңының бұзылуы «кінәлі» екендігі шүбәсіз. Сол сияқты планета жұртшылығын алаң еткен Батыс және Шығыс делінетін осы заманғы орасан үлкен өркениеттілік қарым-қатынас пен өзара ұғысу проблемалары да әділеттілік заңына тіреледі. Ол ол ма, күллі материалдық әлем Ньютон ашқан заңдармен реттелетіні сияқты күллі ғаламның тыныс-тіршілігі Абай ашқан әділет-махаббат заңымен реттеледі./11.28-31б/
г) Ғақлия және Ғақлият-тасдиқат кітаптарының философиялық маңыздылығы
Ойшыл ақынның 1891 жылдан былайғы өмірінде басты шығармашылық жұмысы - екі проза кітабы болғаны, оларға күш-қуатын сарқа жұмсағаны анық: бірі - 40 ғақлиядан тұратын «Ғақлия» атты (1891-97 жылдар арасында жазылды) кітабы, бірі – «Ғақлиат-тасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз) атты кітабы. Алдыңғысы - туған халқына жөн-жоба сілтеген арнау өсиеттері, ал 1898-1902 жылдар аралығында жазылған екіншісінің - берісі мұсылман әрісі күллі адамзатқа арналған даналық трактат екені талассыз.
Төменде Абайдың әділдік ілімі қалыптасуының саты-сатысына осы қолжазба кітаптары бойынша ой жүгіртелік.
Кітап «Ғақлия»-ның үшінші сөзінде ойшыл қойған кесек мәселелерден қазақ өмірі қайтсе түзеледі немесе қоғам қайтсе әділетті болады деген сұрақ жазбай танылады. Айнала дүниенің қиянатшыл болуы - әділеттің жоқтығынан. Сондықтан Абай: «Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң менің ойыма келеді» дей отырып, бұзықты азайтып, әділді молайту хақында ой-пікірлерін ортаға салады.
Бесінші қарасөзінде: «Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен...» деп басталатын сөйлем бар. Бұл сөйлемді, әрине, «әділет үшін» деген тіркеске бола келтірдік.
90-шы жылдардың ортасы – Абайдың ақындық мектебі үшін ең жемісті кезең. Осы кездерде «Ұстаздық қылған жалықпас» деп өзі айтқандай, қасына талапты жастарды жиып, оларға өлең сөздерімен де, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен де үлгі-өнеге шашу сүйікті ісіне, дағдысына айналған болатын. Бұл туралы: «Абай ұстаз да, сөз ұғатын ынталы, талапты жастардың бәрі шәкірт» дейді Мұхаң.
1894-95 жылдар шамасында жазылған «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңінен осы кездің тынысы айқын сезіледі:
Қашқанға да қуғанға.
Әділет-шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа.
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?
Көріп отырмыз, Абай өлеңде жай ғана әділет демеген, «әділет-шапқат» («шапағатты әділет» деген мағынада) тіркесін пайдаланған. Сөйтіп, адам рухын, жалпы болмысты басқарушы күш Тәңірінің әділет-махаббат заңы екеніне Абай алғаш рет меңзейді.
Егерде жеке адам немесе бүкіл қоғам тек қайрат пен ақылдың тапқан жолына түсер болса - «алдың – жалын, артың - мұз». Ақынның «алдың-жалын» дегені ахирет - тозақ жалыны, ал «артың-мұз» дегені сүрген өмірің мағынасыз, баянсыз дән шықпайтын, дәнеңе өнбейтін тақыр деген мағынаны білдірсе керек-ті. Демек, адамға бақыт қонуының басты шарты, ойшылдың білуінше, әділет-шапқат иесі болу.
Абай осы түбегейлі идеясын бірде ғақлия сөзіне, бірде өлеңіне өзек етіп, дамыта береді. Тағы бірер мысал алайық.
«Ауруды жаратқан - Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе жоқ» (28-сөз) дейді Абай. Бұл жерде де әділет-шапқатқа меңзелгені сөзсіз. Осымен, данышпан Тәңірінің әділет заңын орындау я орындамау, яғни бақытқа жету-жетпеу әр пенденің өз ырқы екенін білдіреді.
Әділе
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде, -
дей келе:
Ғадәләт пен мархамат - көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек, -
(«Көк тұман-алдыңдағы келер заман» 1897 жыл).
деп түйін түйеді Абай. Келер
жылы тағы бір әйгілі өлеңінде:
Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? –
(«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» 1898 жыл).
деуінде не сыр
бар? Ақын жүрегі неліктен майдан
алаңы, махаббат сезімі
не үшін майдандасты? Әділет үшін. Мұны осы кездерде
жазылған «Жүрегім менің – қырық жамау» өлеңінде:
Жүрегім менің – қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден, -
деп ойшылдың өзі паш етеді («қиянатшыл» сөзі «әділетсіз» сөзіне синоним).
Сонымен, Абайдың поэзиясында, әсіресе, кітап «Ғақлия» атты мұрасында «қалың елі, қазағын», өзге халықтар қатарына қосу, яғни «ел қылу» идеясы бүкіл қоғамда әділдікті орнықтыру идеясымен қабыса табысқанына көз жеткіземіз. Бұл ерекшелікті ғұлама М.Әуезов бізге былайша білдіреді: «...Ылғи ғана таза адамшылық жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты – бауырмалды арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады».
Енді Абайдың екінші қолжазба кітабы - «Ғақлиат-тасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз) мазмұнына көшелік.
Алдыңғы кезеңде, яғни өлеңдері мен «Ғақлия» кітабында қадау-қадау көрінген әділет-мархамат концепциясы 1898 жылдан беріде жүйелі ілімге айналуы, жаңа сатыға көтерілуі заңдылық. Абайдың екінші кітабы - «Ғақлиат-тасдиқат» міне осының асқақ айғағы. Бұл даналық еңбек басты үш бөліктен тұрады: бірінші - Алланы тану (мұсылманша мағрифатулла), екінші - әділет, махаббат Тәңірінің ісі, хикметі екенін дәйектеу (Абайдың өз сөзімен айтқанда: «Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы?» екенін білу), үшінші - адамның кәмалатқа жету шарттары немесе «ғадалетті адам» идеалын сомдау.
Біз алдарыңыздағы мақалада қойылған міндетке орай, ойшылдың әділет-махаббат Тәңірінің заңы екенін дәйектеген ой-пайымдарын ғана шолып өтпекпіз.
«Адам баласынан махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында һәм ғаделет, һәм махаббат бар» дейді Абай трактаттың мағрифатулла бөлігін аяқтаған тұсында.
Осыдан соң, ғұлама Алла тағаланың адам баласының пайдасына жасаған несібе, нығметтерін түгелдей тізбелеп айтып: «Бұл хикметтерінің һәммасында мархамат һәм ғаделет заһир тұр екен» деп түйін түйеді. Он сегіз мың ғаламның бір тәртіпке бағынып, аса күрделі зор мәшина сияқты таңғажайып үйлесімділікпен жұмыс жасауы енді түсінікті: Құдай ісінің бәрі мархамат-ғаделеттің көрінісі екен. /12.70-73б/
Әрі қарай Абай ғаламдық көріністерден адам баласының іс-әрекеттері қалайша мархамат-ғаделетті болмақ деген мәселеге ауысады.
«Енді белгілі, иман құр инанышпенен болмайды, ғаделет уә рафғатпенен болады, - дейді данышпан. - Ғамалус-салих (жақсы істер) ғаделетті мархаматты болмақ. Күллі тәнмен қылған құлшылықтарың ешбір ғаделетті мархаматты бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не хәлетте екендіктерін, оған дәлел керек емес». Демек, иман шын болудың маңызды шарты –көпке пайдасы тиетін ізгілікті істер - ғамалус-салихтерді атқару, қысқасы, «мархамат-ғаделетті иманның шартынан хисап қылу».
«Алла тағаланың пендесіне салған жолы қайсы?» деген бүкіләлемдік сұраққа ұлы Абайдың берер жауабы міне осы.
Төрткүл дүниені төңкеріп өткен талай ұлы төңкерістерді білеміз. Олардың әділет сезімге сүйенбегені, оны желбіреген туына жазбағаны кәне. Бірақ бұл «әділет» пен Абайдың «ғаделеті» арасы жер мен көктей алшақ. Алдыңғысы бір қоғамды түбірімен қопарып тастап, келесісін орнатуға бағытталса, Абайдікі Тәңірінің ісі, заңы сапасында болғандықтан жұртшылықты тыныштыққа, береке-бірлікке ұйыстыруға қызмет етеді. Кемеңгердің жай ғана «әділет» демей, оған міндетті түрде шапағат, махаббат, мархамат ұғымдарын қосақтауының мәнісі осы арада, осылайша жаңа сападағы категорияны, кеңірек алғанда ілімді қалыптастырған деуге керек./13.87-88б/
д) Абай өлеңдерiндегi көркемдік мекеншақ сипаты
Көркем
әдебиет – уақыт пен
ІІІ Қорытынды
Абай - ұлы тұлға,оның қара сөздері қазіргі заманға да үлгі. Оның ілімі мен философиясы бүгінге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайды оқыған адам рухани тұрғыдан тазара түседі, әділ және қайырымды болады»,
Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке
шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер
шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы
кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін
махаббат өлеңдері болып келеді.
Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы»
деп те аталады.
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.
2 Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан. -77б
3 Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. – 23-24 б
4 Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз – 5б.
5 Бэйхай Су. Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 3 б.
6 Сонда (5) – 112б
7 Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 74-76б.
8 Сонда (7) – 93-95б
9 Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-41 б.
10 Сонда(5) 144-147б
11 Сонда(7) 28 - 31 б.
12 Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б.
13 Сонда(12) – 87-88б
14 .М.Мырзахметов //
Абайды оқы,таңырқа... Алматы 1993-
15 Сонда (9) 110б
16 Сонда(3) 28-30б
17 Сонда (14) 226б
18 Мекемтас Мырзахметұлы «Ғылым, білім, ілім» Жамбыл, №2, 2005, 242б
19 Қазақ әдебиеті газеті, №45, ЖҰМА, 9-15 қараша 2007ж. 2007-11-09-4-5б

- Ақырлы өрістерді құру
- Аладов Николай Ильич
- Алаиза Пашкевич
- Алакөл ауданы
- Алалия
- Алалия
- Алалия
- Ақыл – ой процестері
- Ақыл-ой тәрбиесі
- Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
- Ақыл-ойында ауытқуы бар балалардың эмоциялық көңіл-күйінің психологиялық ерекшеліктері
- Ақын-жыраулардың ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі ұлағатты ойлары
- Ақын–жыраулар мен билердiң шешендiк сөз өнерiндегi тәлiмдiк ойлар
- Ақын-жыраулар мұрасындағы ислам