Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
1. Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері...................
1.1 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі......................
1.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы..................
1.3 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі........................
1.4 Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері...................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.
Сондай-ақ, оның азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтық істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: «Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды».
Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқықтық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтың сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматтық істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады.
1. Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері
1.1 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.
Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны — азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).
Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік заңгер, ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер - бұл құқықтың мазмұнын тереңінен ашады.
Принциптерде жалпы құқықтың, сондай-ақ, онық қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар. Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.
1.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.
Құқық принциптерінің мәнін дұрыс түсіну үшін олардың тек мазмұнын ғана емес, сондай-ақ, құрылымын да білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен тұрады: 1-құқықтық сана жөнінде нақты түсініктен, сонымен қатар, құқықтық ғылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан; 2-тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3-құқық принциптерінің нақты қоғамдық қатынастарда жүзеге асырылуы (біздің жағдайда, азаматтық істерді қарап және шешу барысында сот қызметінде).
ҚР АІЖК-де сот пен іске қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуге, сондай-ақ нақты азаматтық істі шешуге бағытталған азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс жүргізу құқығының жеке зерттеу құқықтық институты болып танылады.
Азаматтық іс жүргізудің құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау және қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні зор екенін байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы шарты ретінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін сақтау және оларға сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушыларымен жасау болып танылады.
Азаматтың сот ісін жүргізу принциптерінің мән мағынасы туралы дұрыс көрініс алу азаматтық; іс жүргізу құқықтық саласының дамуына және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру үшін қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері соттармен құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге және қолдануға септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан принциптер азаматтық іс жүргізу құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормалар әзірлеп қабылдауға және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға үлкен үлес қосады.Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзбай қолдану және олардың кеңінен таралуы оның демократиялық және құқықтық мемлекет болуына кепілдік беретіні даусыз.

- Азаматтық іс жүргізу
- Азаматтық іс жүргізу
- Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы
- Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы
- Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
- Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
- Азаматтық іс жүргізу және сарапшы мен маманның құқықтық жағдайы
- Азаматтык кукык
- Азаматтык кукык
- Азаматтык кукыктагы шарт
- Азаматтык құқық Объектілері
- Азаматтык құқық субьектілері
- Азаматтык неке
- Азаматтық ғимарат, конструктивті элементтері, қойылатын талаптар, ерекшеліктері