Азаматтык кукык. 2
22
КІРІСПЕ
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.
Қазақстанның егемендігін алғаннан кейін және экономикада нарықтық өзгерістер жолын таңдағаннан кейін міндеттемелік құқықтың, сонымен бірге міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету әдістерінің рөлі өсе бастады. Қазіргі жағдайда экономика үшін өтпелі кезеңге сай кері әсерлер, атап айтқанда, инфляция, өндірістің дамуының төмендеуі, шығарылған тауарларға, көрсетілген қызметпен жасалған жұмыстарға мезгілінде ақы төлемеу, міндеттеменің атқаруын қамтамасыз етудің бұрыннан белгілі әдістерінің кеңімен қолдану, мысалы, тұрақсыздық, өз мәнін өтеу қаржысы болмаса, айып немесе өсім төлеу үшін ақша қаражатын қайдан алады.
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға / ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.
Міндеттеме қабылдаудың мақсаты - борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды. Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.
Пайда болу негіздері: заңда көрсетілген негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ оған қайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар, ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде; басқа адамға зиян келтіру салдары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болмаса да, адамның қаржысы есебінен мүлік иелену немесе жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір-біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.
Міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі. Мұнымен қоса, міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық нұқсан да өтелуі мүмкін.
Міндеттеме – азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: “Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті,” деп атап көрсетеді. Ал осы міндеттемені орындау деп боышқордың алған міндеттемесіне сәйкес белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруын айтамыз. Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады.
Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардын кұкығы аркылы, сондай-ақ міндеті арқылы айкындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.). Аза-маттық кодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асы-рудан да білінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сөйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланба-
Міндеттемені нақты түрінде орындау қағидасы Азаматтық кодекстің 354-бабында бекітілген. Ал оның орындалуын қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады.
Бұл жұмыста міндетемені орындауды қамтамасыз ету тақырыбының мәнін ашу барысында көптеген мысалдар, әдістерді қолданған. Яғни әрбір тақырыпты ашу үшін жан-жақты талдау жасалынды.
Жұмыс кіріске, негізгі бөлімдік екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда міндеттеме орындауды қамтамысыз етудің ұғымы зерттелінді.
Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылыр көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау өмірде орын алатыны шындық. Осыған байланыстызаң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді. Мысалы, олар айып төлеу, кепіл, кепілпұл т.б. болса, онда осы терминдерге түсінік беріп, мағынасын ашу екінші тарауда қаралады.
Қазіргі азаматтық құқық адам құқығын қорғауға ерекше мән береді, мұның өзі көптеген мемлекеттермен өзара және тұрақты байланыс орнатудың желісі деуге болады. Өз ерекшелігі бар нарықтық қатынас азаматтық құқыққа әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да қазіргі Азаматтық құқық міндеттеменің икемделігімен ерекшеленеді.
1. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Міндеттемені орындау
Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алган міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушіиің талап етуі құқыгына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата туруы.
Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.
Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК-тін 272 - 291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатъш алу-сату, жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.[2]
Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген прин-циптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда - дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.[2]
Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерде, міндеттеме алған жақтардың келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, пәнді, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз онын саны мен сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімі мен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.
Міндеттемені борышқор тап-тұйнақтай етіп орындауы үшін несие беруші немесе оған уәкілетті орган заңда немесе шартта көрсетілген мерзімді, орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс.
Жоғарыда аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені тиісті дәрежеде орындалды деп айтуға болмайды.
Міндеттеменің нақты түрінде дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көрсетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.
Міндеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін канағаттандырады.
Осы принципке сәйкес борышқор тап осындай әрекеттерге баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын нәрселерден бас тартады (мысалы, баскд мүлікті емес, берілуге тиісті мүлікті беру, немесе несие берушіге құнын төлей алмайды, басқа жұмысты емес, нақ тапсырылған жұмысты жасау және т.б.).
Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматтық кодекстің 354-бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған принципке анағұрлым өзгерістер енгізілген. Біріншіден, міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан босатпайды. Демек атал-ған принцип борышқор міндеттемені бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.[2]
Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетттемені заттай орындаудан босатады (АК-тің 354-бабының 2-тармағы).[2]
Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген акшалай соманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады (АК-тің 354-бабы).[2]
Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген.
Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақ та бұл принциптерді араластыруға болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға қарағанда кеңірек: мысалы, затты уақытты еткізіп барып беру арқылы нақты орындау мерзімнің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола алмайды.
1.2 Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету ұғымы
Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге келіп отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл, борышкердің мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.[2]
Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қаматамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді.
Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл).
Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие беруге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіріп алуды қамтиды.
Төртінші топқа біздің заңымызға бұрын-соңды тән болмаған әдіс – борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол – заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.[1]
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу – сату шарты негізгі міндетттеме болып табылады, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырылады. Айып төлеу туралы келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. Азаматтық кодекстің 292-бабының 3-тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал міндеттемені қамтамасыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды. Қамтамасыз ету (қосымша) міндеттемесі жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы, мәселен, айы төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады. [2]
2.1 Айып төлеу
Борышкер міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес.
Айып төлеу – кәсіпкелік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасымалдау, мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарда ол ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жалдау және т.б.) қолданылады.
Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған әрбір күн үшін соманың пайызымен ұсталады. Мәселен, өсім борышқордан тұрған үй, электр энергиясын пайдаланудағы және т.б. төлем төлеу уақытын өткізіп алғанына орай өндіріледі.
Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі бір мөлшерінде орындалмаған міндеттемеге қолданылады.
Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және шартты деп екіге бөледі. Заңды түрі міндеттемеге, қандай міндеттемені бұзған кезде қолданылатынын айқындайды. Заңды айып төлеу көлікпен жүк тасымалдау, өнімді жеткізу, құрылысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады. Заңды айып төлеу тараптардың міндетінде көзделген – көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріле береді. Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен
заңды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін.[4]
Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері анықтайды.
Міндеттеменің тиісінше орындалмауынан келкелтірілген залалдың көлеміне байланысты есепті, айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді.
Есепті айып төлеу кезінде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ, онымен залалдың бәрі жабыла қоймайды. Мәселен, міндеттемені орындамауға байланысты залалдар бес мың теңгені құрайтын болса, айып төлеу екі мың теңге болады делік, сонда несие беруші борышқордан екі мың теңгені айып төлеу деп, үш мың теңгені залал деп өндіріп алуына хақысы бар.
Әдетте айып төлеу есепті сипатқа ие. Айып төлеудің бұл түрі барлық жағдайларда, заңда немесе келісімдерде басқаша көзделгенненбасқа ретте, қолданыла береді.[5]
Айып төлеудің айыппұл түрі, заңмен шартта қаралған жағдайда ғана қолданылады. Оның мәні борышқор міндеттемені бұзғаны үшін айып төлеуді жүзеге асырып, келген залалдың орнын толық толтыруға міндетті. Аталған мысал бойынша борышқор екі мың теңге айып төлеуді жүзеге асырып және бес мың теңгені заладың орнына құяды.
Айырықша айып төлеу несие берушіні тек айып төлеуді жүзеге асырумен шектейді. Аталған мысал бойынша тек екі мың теңгені төлетеді де қояды. Айырықша айып төлеу көлік қатынастарында кеңінен тараған. Ол жүкті тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін, көлік құралдарының нормадан тыс тұрғаны үшін және т.б. өндіріледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастар, айталық, пәтер ақы, электр энергиясына төлеу тәрізді салаларға тап осындай айып төлеу түрі қолданылады.
Балама айып төлеу де несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген залалды өндірте ме әлде төлетуді жүзеге асыра ма, оған өзінің таңдауын айтуына мүмкіндік береді.
Қазіргі қолданылып жүрген заңдарда айып төлеудің аталған түрі бекітілмеген, ол тек шарт арқылы қаралуы мүмкін.
Айып төлеудің тиісті мөлшері, егер келген залал мөлшеріне қарағанда тым жоғары болатын болса, сотпен төмендетілуі мүмкін.
Сондай-ақ, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін айыппұл мөлшерін азайтуда ескереді. Айып төлеудің негізгі мақсаты борышқордың өз міндеттемесін орындамағаны және тиісінше орындамағаны салдарынан несие берушінің шеккен зиянының орнын толтыру болып табылады.
2.2. Кепіл
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады. [4]
Мүлік кепілмен міндеттемені орындауды қамтамасыз ету несие беруші үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, борышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады. Біріншіден, кепіл салынған мүлік несие беруші кепілді ұстаушы оны біржолата өзіне алғанға дейін ойдағыдай сақталады, екіншіден, кепілге салынған мүлік үшін несие беруші-кепіл ұстаушы өз талаптарын қанағаттандыруда артықшылық құқығына ие болады, үшіншіден, кепілге салынған мүлік борышқордың өзімен емес, үшінші жақ арқылы салынуы несие беруші үшін талабын қанағаттандыруда қосымша көз болып есептеледі, ал басқа несие берушілер мұндай құқықты пайдалана алмайды.
Кепіл құқығы заң немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді.
Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіне меншік құқығы немесе оның шаруашылық жүргізу құқығы болды. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз борышқордың өзі, сондай-қ оған үшінші жақтың да құқығы бар.
Кепіл ұстаушы дегеніміз негізге міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі шарт бойынша талаптардан бас тартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы.
Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар (талаптар) бар. Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және құжаттармен оларды басқаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар кепіл пәні бола алмайды.
Кепіл талаптың қойылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру,кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шығынын өтеу қосылады. Кепіл ұстаушы аталған сомалар бойынша шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз ету мөлшері туралы уағдаласқан жағдайда кепіл болашақта пайда болатын талаптарға қатысты да белгіленуі мүмкін.
Кепіл туралы шарттың нысаны мен мазмұны және ерекше талаптар хақында заңда белгіленген. Шартта кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс.
Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді.
Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен – бұл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер беруге жатпаса, кепіл туралышарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Кепіл туралы шарт тіркеуге жатқан жағдайда, ол тіркеуден өткен сәтінен бастап жасалған деп есептеледі.
Қазіргі қолданылып жүрген заңдар кепілге салынып үлгерген затты қайталап кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартта рұқсат етілген не тыйым салынған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мұндай мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады.
Кепілдің екі түрі болады:
а) ипотека;
ә) кепілзат.
Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіпорындар, жекелеген құрылыстар, ғимараттар, яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) басқа да объектілер, сондай-ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады. [6]
Ипотека сондай-ақ белгілі бір мүліктің кепілі заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады. Бұл орайда әңгіме кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың, пәтерлердің, жер учаскесіне құқықтың және басқа қозғалмайтын мүліктің (ипотека) кепілі Қазақстан Республикасының қозғалмайтын мүліктің ипотекасы туралы заңымен реттелетіндігі жөнінде болып отыр. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының заңында өзгеше ережелер белгіленбеген ретте ипотекаға Азаматтық кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер қолданылады.
Ипотека туралы шартта ипотеканың мәні, оның атауы, тұрған жері және бұл мәннің айтарлықтай идентификация үшін сипаттауы, сондай-ақ кепіл ұстаушының ипотека мәніне құқығы, осы несие берушінің құқығын тіркеген – осы мүлікке мемлекеттік органның тіркелуі көрсетілуі тиіс. Жер учаскесінің ипотекасы туралы шартқа жер ресурстары мен жерге орналастырудың тиісті комитеттері берген осы учаскесі шекарасының сызбасы қоса тіркелуі қажет. Шартта негізгі міндеттеме туралы – міндеттеменің ақшалай құны, туындау негіздері, орындау мерзімі және т.б. көрсетіледі.
Ипотека туралы шартты жасаған кепіл беруші кепіл ұстаушыны ипотеканың мәніне үшінші жақтың белгілі құқықтары жөнінде жазбаша ескертуге міндетті (кепіл құқықтары, жолға беру, сервитуттар және т.б.)
Ортақ меншіктегі мүлікке орай ипотеканың өзіндік ерекшелігі болады. Мәселен, көп пәтерлі үйдегі бір пәтер кепілге салынған күнде кепілге тек тұрғын жай ғана емес, осы үйдегі ортақ меншікте қолданылатын құқықтар да жатады. Ортақ үлестік меншікке қатысушы басқа меншік иелерінің келісімінсіз-ақ ортақ қозғалмайтын мүлікке өз үлесін қоса алады. Ортақ бірлескен меншіктегі мүліктерге, оның ішінде сол үйдегі пәтерлердің тұрғын жайы болып табылмайтын орындарын ипотека барлық меншік иелерінің жазбаша келісімі арқылы жүзеге асады.
Ипотека туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Ол қозғалмайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап жасалады деп есептеледі.
Кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының иелігіне беруі кепілзат деп аталады. Жақтардың келісімі бойынша кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда құлыпталып, мөр басылып немесе белгілі күту мен сақтау кепілге қатысты негізгі міндет болып табылады. Бұл міндетті кепілге салынған мүлік орналасқан жақ мойнына алады.
Сондай-ақ бұл тарап: кепілге салынған мүлікті сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды, оның ішінде оған үшінші жақтар тараптарынан қол сұғылып, талаптар қойылуынан қорғау үшін қажетті шаралар қолдануға; кепілге салынған мүліктің жоғалуы немесе бүлінуі қаупінің пайда болуы туралы екінші тарапқа дереу хабарлауға міндетті.
Кепіл беруші және кепіл ұстаушы басқа тарапта тұрған кепілге салынған мүліктің бар екендігіне, санына және сақталу жағдайына тексеру жүргізуге құқылы болады.
Аталған міндеттерді кепіл ұстаушының өрескел бұзуы кепіл берушіге кепілді мерзімінен бұрын тоқтатуды талап етуге құқық береді.
Кепіл беруші:
егер кепіл мәні соншалықты өзгеруіне байланысты өзінің мақсатына пайдалануға жарамай қалса, одан бас тартуға құқығы бар. Мұндай жағдайда кепіл беруші келген залалды қалпына келтіруді талап етуге хақылы;
кепіл беруші кепілге салынған мүліктің жоғалуына немесе бүлінуінен келген залалды кепіл ұстаушыдан есептеуді талап етуге, негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге де құқылы;
егер заңда өзгеше көзделмесе, ол кепіл ұстаушының келісімімен кепіл мәнін өзгертуге де хақылы. Егер кепіл мәні жойылып немесе бүлінсе немесе заңмен тағайындалған негізде меншік құқығы немесе шаруашылық жүргізу құқығы тоқтатылса, онда кепіл беруші кепіл мәнін қалпына келтіруді немесе оған тең келетін мүлікпен ауыстыруды талап ете алады, бұл орайда кепіл ұстаушының келісімі талап етілмейді.
Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті пайдалануды Азаматтық кодекстің 315-бабына сәйкес жүзеге асыра алады. Егер шартта өзгеше көзделмесе және кепіл мәнінен өзгеше туындамаса, кепіл беруші кепіл нысанын оның мақсатына сәйкес пайдалануға, соның ішінде одан жемістер мен табыстар табуға құқылы. Кепілге салынған мүлікті пайдалану үшін (бөтеге беру, жолға беру, басқа тұлғаның тегін пайдалануы және т.б.) кепілге беруші кепіл ұстаушының келісімін алуы тиіс. Бірақ та кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті өсиет етіп қалдыру құқығын шектейтін келісімі жарамсыз болады.[2]
Меншік иесі болып табылатын кепіл беруші, егер заңда өзгеше көзделмесе, кепілге салынатын мүліктің жоғалуымен кездейсоқ қирау немесе бүліну тәуекелін мойнына алады.
Кепіл ұстаушы кепіл мәнін шартта көрсетілген шекте ғана пайдалануға құқылы. Мұндай жағдайда ол өзіндегі кепілзаттың пайдалануы жөнінде кепіл берушіге есеп беріп тұрады. Тараптар шарт бойынша кепіл ұстаушыға кепілге салынған нәрсенің негізгі міндеттемені өтеу мақсаттарында немесе кепіл берушінің мүдделері үшін жемістер мен табыстар табу міндеті жүктелуі мүмкін.
Кепіл ұстаушы кепілге салынған мүліктің жоғалуы мен бүлінгені үшін оның нақты құны мөлшерінде (құны төмендеген сома) жауапты болады, бұл орайда мүліктің кепіл ұстаушыға берілген кездегі әр жақтан айқындаған құны есепке алынбайды. Егер кепіл ұстаушы бұл орайда кәсіпкерлікпен айналысатын тұлға болатын болса, онда ол кінәсіне қарамай жауап береді. Бірақ, мүліктің сақталмауы дүлей күштердің салдарынан болғандығын дәлелдей алса, жауапкершіліктен құтылады. Қолған жағдайларда құқық бұзушылықтары үшін жауап береді. Шарт арқылы кепіл ұстаушының келтірген залалын, яғни мүліктің жоғалуы мен бүлінуін айқындап, кепіл берушінің олардың орнын толтыруын талап етуге еркі бар.[4]

- Азаматтык кукык
- Азаматтык кукыктагы шарт
- Азаматтык құқық Объектілері
- Азаматтык құқық субьектілері
- Азаматтык неке
- Азаматтық ғимарат, конструктивті элементтері, қойылатын талаптар, ерекшеліктері
- Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері
- Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері
- Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері
- Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері
- Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары
- Азаматтык кукуы
- Азаматтык кукык
- Азаматтык кукык