Қазақстан өнеркәсібінің қазіргіуақыттағы жағдайы

                           Жоспар: 

      Кіріспе. 

    1. Агроөнеркәсіп  экономикасының  ерекшеліктері.

    2. Ауылшаруашылық  өнімдерінің  нарығы.

    3. ҚР-дағы ауыл шаруашылығының жағдайы

    4. Мұнай-химия кешенін дамыту жағдайы 

 Қорытынды 

Қолданылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

                                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                   
 

                                               

                                                

                                                        

                                                  

                                                 Кіріспе 

      Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.

  Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.

  Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.

   Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр.

Мұны жақсы  нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк  алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды.

Аграрлық азық-түлiк  бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы  жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер  бар. АӨК-тi мемлекеттік қолдау көлемi едәуiр ұлғайды.

Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр.

Бұл алдыңғы  жылдың көрсеткішінен ширектен астам  артық.

Бөлiнген қаржы  шаруаларға өткен жылы лизинг арқылы 806 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 52,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ гербицидтер мен уытты заттар, мал егуге қажетті препараттар алуға мүмкіндік бердi.  
 
 
 
 
 
 
 
 

 

                      Агроөнеркәсіп  экономикасының  ерекшеліктері

 

  Адамзаттың  техникада  және  өндірісте  қолы  жеткен  прогресі қандай  айбынды  болғанымен , оның  барлық  өмірі табиғатқа байланысты  екенін  ұмытпауымыз  керек.  Ол  адамдарға өте  үлкен  және  алуан  түрлі  ресурстарды  пайдалануға  береді.

   Алдымен  керегі  бұл адамдардың  тамағы.  Ол болса табиғаттың  негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады.  Шындығында жерсіз   адам  сүре де  алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі  барлық  ауыл  шаруашылығы өндірісі  осы жерде орналасқан.

   Біріншіден , ол  табиғаттың , ауа-райының  жағдайына  толық  байланысты , бір  жыл  екінші  жылға  ұқсамауы   мүмкін.

  Екіншіден,  шаруашылықты  жүргізу  маусымды  және  бір  келкі  емес,  ал тұтыну болса  жыл   бойы  жүреді.

  Үшіншіден,  оның  басқалардың  өніміне  қарағанда  бір  жермен бір  орында  емес, шашыранды ,  оларды  бір  жерге  жинау  мүмкін  емес ,  тиімді  болмайды.

  Төртіншіден,  ауыл  шаруашылық  өндірісі, онда  жұмыс  істейтін  жұмыскерлердің  өмір  сүріп,  жұмыс  істеуіне  өз   белгісін  қалдырып  отырады. Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай  істеуін талап етеді.

   Бесіншіден ,  бұл сала  экономиканың  басқа  салаларымен  салыстырғанда   сұраным  оралымдылығы мен   икемділігі төмен,  ол  экономикаға  екі  жақты  зардап  алып  келуі  мүмкін: бірінші  ауыл  шаруашылығы  өнімдеріне  бағаның  өсуі , оның  оның  тұтынуын  азайтпай, керісінше  көбейтіп,  сонымен  бірге  шығындардағы инерцияның  күшеюіне , ал , өнеркәсіп өнімдері,  алдымен  ауыл  шаруашылығы өзі  пайдаланып отырған  өрімдердің  қымбаттауына (трактор , машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер т.б. ) әкеліп  соқтырады:  екіншіден , бағаны  төмендету, өнімдерді  өткізу көлемін және  фермерлердің  табысын  молайту да  өз  әсерін  тигізе  алмайды, себебі,  табыстан  артылып  қалған  қаржыны фермер  өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.

    Міне, осының  барлығы агроөнеркәсіп   шаруашылығының  жалпы экономикалық  прогресте  арнайы  орын  алатынын, әлеуметтік  шиеленушіліктің   пайда  болатынын  көрсетеді.

Дүние жүзілік  тәжірибе көрсеткендей  техниканың  қандай  болғанымен агроөнеркәсіп  шаруашылығында  өнімді көбейту- бұл  жанұялық  шаруа  қожалығы  болып  отыр.

    Шаруа  қожалығы дегеніміз   бір  жағынан ,  ауыл  шаруашылық  өндірісінің жаңа  түрі, екінші  жағынан ,  бұл  кеңшар  мен  ұжымшарлардан ескі  формалардың  бірі  болып  саналады. Агроөнеркәсіп  шаруашылық  экономикасында  шаруа  қожалықтары, кооперативтер  т.б.формалары  арға  ғасырдан екле  жатыр. 1917 жылғы  Қазан  төңкерісінен  “Ұлы  сталиндік  өзгеріске ” дейін  жұмыс  атқарып  халыққа өз  өнімін  беріп  келген. Орыстың  ұлы  ғалымы , ауыл  шаруашылық  экономисі Александр  Васильевич  Чаянов  атағандай  кеңшар мердігерлік  әдістер,  соның  ішінде жеке  және  отбасылық  мердігерлік,  кооперативті, шаруа қожалығы  т.б.  түрлері  өмір  сүріп ,  халыққа  қызмет  көрсете  алады. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын, қазіргі кезде әлемдік ауыл шаруашылық тәжірибесі дәлелдеп отыр.

    Мысалы,  ҚХР-дағы  тұрғындардың  80 пайызына дейін  ауылдарда   тұрады. Бір  ерекшілігі –ауыл  шаруашылық  мекемелерінде  емес,  ауыл  шаруашылығына жатпайтын  ұйымдарында (ұжымшарлар  мен кеңшарлар емес) барлық  айдалатын жердің  90  пайызы  отбасылық , жалгерлік,  кооперативтік әдіспен жұмыс істейді екен.  Жерді 50 жылға дейін  жалға   келісім  шартпен  алып  жұмыс  істеп,  әр  алуан  өнімдер  өндіреді. Осы  өндірген  өнімнен  жалгерлер   мемлекетке  жылдық  ақы  есебіне 3 пайыз,  кооператив ұйымдарына 7  пайыз  беріп , қалған  40  пайызын  мемлекетке  жоғары  бағамен  сатып  отырады.  Енді  қалған  өнімнің 50  пайызы   жалгерлік ұйым  мүшелері  өздері  бөледі ,не мемлекетке , немесе  басқаларға  нарықты еркін бағамен сатады.

   Шаруа  қожалықтары- бұл  фермерлерге  ұқсас сияқты.  Фермер  ауыл шаруашылығының еркін  тауар өндірушісі  есебінде  көрінсе, шаруа қожалығы  бұрыннан-ақ  бізде  болған , өнім өндіріп  келген  кішігірім  құрылымдар. Сонымен,  шаруа қожалығы- өз еңбегімен  жұмыс  атқарып ,өнім өндіріп,

өзін-өзі  қаржыландыратын ,заңды, дербес шаруашылық.

   Шаруа  қожалықтардың  ерекшеліктері:

  • Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы  жүргізеді;
  • Жер мемлекеттік  актімен  бекітіліп берілгеннен  кейін ,оның  заңды иесі бола алады және  жұмыс  істейді;
  • Барлық  жағынан  заңды  түрде  мәртебе  алып,  өзінің  атынан  жергілікті  органдарда өз  шешімдерімен бекітіп,  шарт  жасасып отырады,  өзінің  мөрі , банкде шоты, кіріс,  шығыс  баланстары болады. Шаруа  қожалығы  басқа да ұйымдармен  қарым-қатынас жасайтын  өндіріс орны да болып  табылады;
  • Өндірген өніміне және  құрал  жабдықтарына,  тапқан табысына заңды  түрде  ие болып қожалық  жасайды, сөйтіп  алған дүние мүлкі  аткімен бекітіледі;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                    Ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  нарығы 

    Қазақстан  Республикасының   экономикасын  тұрақтандыру  және  нарыққа көшу  бағдарламасы  бойынша, ауыл  шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін   мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына  экономикалық  жағынан дербес  тауар өндірушілер құрамын жасақтау ,  нарықтық  инфроқұрылымын  қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және  басқа  ұйымдармен  еріктілік  пен  өзара  тиімді  негіздегі  шарттық  қатынастарына көшу.

  Әкімшіл-әміршіл   басқару жүйесінің  қуатты  тұтқасы  болып келген  директивалық  мемлекеттік  тапсырыс индикативті  жоспарлауға  орын  беруі  тиіс. Бұл орайда  тапсырыс –ұсынысқа  және  шартқа  айналдырылуы  тиіс.

   Мемлекет  нарыққа  шыққанда  басқа да  сатып алушылармен   құқықтық  болуы  керек. Ол  тауар  өндірушілерге  сатып  алатын  өнім  көлемі мен   түр-түрі, сапасы, бағасы,  жеңілдіктері,  көтермелеу  шаралары  мен басқа да  шарттары  жайында алдын –ала  хабарлайды.

  Нарыққа   көшкенде  Қазақстанның агроөнеркәсіп   кешенінің  аса маңызды   өзіндік ерекшеліктері  болды.  Олар  мыналар: 

  -Еліміз  бойынша  әсіресе  пайдаланылатын   жер  көлемі жөнінен  орташа  кәсіпорындар  басым  болып  отырғанда   негізінен  ірі  ауыл  шаруашылық  кәсіпорындарының  болуы.  Бұл,  өз кезегінде ,  жер  реформасын  жүзеге  асыру  және  өндіріс  құрал –жабдықтарына   меншікті  иелікке беру  формаларына  әсер етеді;

- Қазақстан   агроөнеркәсіп  кешенінің шикізтқа  бағытталуы  негізінен  алғанда   өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу  кезеңдерін  қамтитын , оның  салалары  арасындағы  сақталып  келе  жатқан  тепе-теңсіздікке   байланысты.     Ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  негізгі  бөлегі ұқсатылмаған  күйінде  басқа  аймақтарға  жіберіліп ,  республикада  құралған  таза  табыстың  дені  соларда  қалып  қояды;

-  ауыл  шарушылығының  дәстүрлі  түрлері   бар, әлеуметтік  экономикалық  дамуы  жағынан  артта  қалған  көптеген  аудандардың  болуы.

    Ауыл  шаруашылығы  экономикасындағы күрделі  проблемалардың  тағы  бір  түрі- сататын  және  сатып  алатын  тауарларға  бағанын  тепе-теңдігін  жасау.

   Бағаның тепе-теңдігі- бұл  қаламен  ауыл  аралықтарындағы  екі жақты  айырбас  кезіндегі  ауыл  шаруашылығы  мен  өнеркәсіптің  өнімдері  құндарының  ара  қатынасы.

  Баға  қайшысы-  бағаның  тепе-теңдігі  бұзылу  дәрежесі, яғни  ауыл  шаруашылығы  өнімдері  мен  өнеркәсіп  өнімдерінің  бағаларының  өсу  қарқынының  айырмашылығы.

  Бағалар   тепе-теңдік  проблемаларын  нарықты   механизмдер  арқылы  шешу  өте  қиын,  сондықтан  көп  елдердің  үкіметтері  бұл тепе-теңдіктерді   шешу  үшін  фермерлердің  өндірген  өнімдеріне  кеткен  шығындардың   біразын  өз  мойындарына  алады.

Мысалы,  Еуропалық  экономикалық  бірлестік  дүние  жүзілік  нарықта  өз фермерлерінің  астығын  нақтылы  бағасынан 15  пайыз  төмен  бағаға  сатады. Ал, Америка  үкіметі   ферлердің  өндірген астығын 50 пайыз  бағамен  сатады, қалған 50 пайызын  үкімет өз  қалтасынан  төлейді, ол төлем  фермерлерге  жәрдем ақша  есебінде  болып, ауыртпалығы  салық  төлеушілерге  түседі.

   Жәрдем  ақша-  тауар өндірушілерге,  олардың  тауарларына  бағаны  тұрақтандыру, немесе  оларды  жұтатын  кететін  жағдайдан аман  сақтау  үшін  берілетін  мемлекеттік  қайтарылмайтын  жәрдем.

   Адамзаттың  тарихи  тәжірибесі   ауыл  шаруашылығын  өз  дәрежесінде  ұстау  үшін  ерекше  әдіс  ойлап  шығаруға  мәжбүр  болды- бұл таза  нарықты  тетіктер.  Оларға  алдымен  биржалық  сауда  жатады.

   Бірақ  биржалық  тетіктердің  саудасы  көпестер мен  тауарлар  келісімдеріне  де  бейімделген. Тауарлар  биржасында  тек  үлкен  көлемде және  кқп  уақыт  сақталатын  талапқа  сай  сапасы  бар  тауар  сатылады. Бұл  талаптарға  шикізат  жатады, ал ол  шикізаттар  ауыл  шаруашылығында  өндіріледі. Мысалы: астық,  ет,  мақта, табиғи  кауччук.

   Қазіргі  дамыған  елдерде  50-ден  артық  ірі тауар  биржалары  бар.  Оларда тауарлардың 160  түрі  сатылады. Бұл  көтерме  сауда арқылы  жылына  100 трлн.  доллардың саудасы жүреді,  яғни  бұл елдердің  өндірген  өнімдерінің төрттен бірі.  

   Көтерме сауда-  тауарларды  үлкен  партияларымен  сатудағы  келісім , мұнда  сатып  алушы  көтерме  сауда  фирмасы  болып табылады,  ол бөлшек  сауда  бағасымен  дүкендерді  немесе өндірістік  фирмаларды  тауарлармен  қамтамасыз етеді.

  Басқа  сөзбен айтқанда, биржалық сауда қоғамға пайдалы. Ол әкімшілік-әміршілік үстемдік ел экономикасындағы саудагерліктен мүлде бөлек. Мұндай елдерде ресурстарды тапшы тауарларға қолдары жететіндер саудагерлік жасап байитын. Олар жазасыз, қорқпай саудагерлік жасайды.

   Биржалардағы бағаның тұрақты түрде құбылып тұруы дәлелді, заңды себептерден болады. Сондықтан тауар биржалары дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді сезімтал экономикалық тетігі. Міне , бұл сезімталдығы қор биржасын тауарлы биржалармен жақындастырады.

   Әлем сатушылары мен алушыларын байланыстырып тауарлы биржалар нарықты өмірге әкеледі, бұл нарықта тауарларды әр уақытта белгіленген көлемде керекті түрін сатуға және сатып алуға болады. Свауда келісімі есебіне әлі өсірілмеген, жиналмаған өнімдер де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды келешекте уақыттылы жеткізіп тұруға келісім –шарт жасасады, бұл келісімді- фьючерлік келісім дейді.

   Фьючер – тауарды уақытысында  және келісім-шарт жасаған уақыттағы  бағамен жеткізуге және төлеуге  жасалған келісім.

   Фьючерлік сауда өткен ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та пайда болды, қазір биржалық келісімнің ол негізгі түріне айналды, қол бар тауарлар саудасын ығыстырып, орнын басып алды.

   Бұл келіісім бойынша фермер  өзінің келешекте алар өнімін  көктемде сатуы мүмкін, Бұл келісім фермер үшін пайдалы.      

                     ҚР-дағы ауыл шаруашылығының жағдайы 

  Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2001-2005 жылдары орташа 10,7%-ға, оның ішінде өсімдік шаурашылығында  - 13%-ға, мал шаруашылығында – 7%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің оңды динамикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігімен, мал басы мен мал өнімділігінің артуына және «Ауыл» мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыруға негізделген. 2003-2005 жылдары осы бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен  - 367,2 млн. теңге бөлінді және игерілді. Осы қаржылар есебінен фитосанитарлық және эпизоотикалық қолайлылық, тұқымдардың сапасын тексеру қамтамасыз етіліп, таңдаулы тұқымдардың, асыл тұқымды өнімдердің, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, суармалы су жеткізудің құны арзандатылды.

  2006 жылдан бастап Агроөнеркәсіптік  кешенді тұрақты дамыту концепциясын  іске асыру басталды, оның шеңберінде  ауыл шаруашылығы өндірісіне  мемлекеттік қолдау көрсету жалғасуда. Жыл басынан бері облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 7 млн. теңгедей қаржы бөлінді.           

    1-сурет.

     Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы  

   Өсімдік шаруашылығында 2005 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 273,4 мың тонна – дән, 20,5 мың тонна – картоп, 85,1 мың тонна – көкөніс, 37,7 мың тонна – бақша және 15 мың тонна – майлы дақылдар артық өндірілді. Мұны бәрі жер өңдеудің жаңа жағдайларға ауысуының, сондай-ақ отандық дән өндіру мектебін қайта жаңғыртудың нәтижелері болып табылады.

   Мал шаруашылығында 2001 жылмен салыстырғанда  сүт -66,9 мың тоннаға, ет –  20,3 мың тоннаға, жүн – 2,0 мың  тоннаға, жұмыртқа – 2,5 млн.  данаға артық өндірілді.

   Көрсеткіштердің тұрақты өсіміне асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен малдарды қолдан ұрықтандыру орталықтары санын арттыру есебінен малдардың гендік қорларын жақсарту сертігін тигізуде. Облыста 204 қолдан ұрықтандыру пункттері мен 59 асыл тұқымды мал шаруашылықтары жұмыс істейді.

Нарықтық  экономикаға тән жағдайлардың бірі – бұл инфляция құбылысы. Соған  байланысты 2007 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 4,3%-ға жоғарылады. Ағымдағы жылдың маусымында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің  бағасы 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,9%-ға , мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы – 1%-ға өсті. Бидай -7,6%-ға, жүгері- 5,8 %-ға, арпа- 5,1 %-ға, күріш – 4,8%-ға, сұлы -2,6%-ға, қарақұмық -1,8%-ға, тары бағасының  -1,3%ға өсуінен дәнді дақылдарға баға өсімі – 7,2% құрады.

   Жеміс-көкөністерден бағасының ең  жоғарғы өсімі қиярға – 31,2% және қызанаққа – 25,2%, қырыққабат  – 8,3%, қызылшаға – 5,1%, сәбізге  – 1,1% тіркелген. Картопқа баға  өсімі – 10%, жидекке – 1,3%, күнбағыс  тұқымдарына – 1,2 % құраған.

   Мал шаруашылығы өнімдерінен ағымдағы жылдың маусымында 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мал еті – 4,9%-ға , құс еті – 2,5%-ға қымбаттады. Жұмыртқа бағасы - 14%-ға, сүт бағасы – 1,6%ға арзандады. 
 
 

1-кесте.

   
       2007 ж маусымы
2007ж қаңтар-маусымы  2006ж қаңтар-маусымына
  2007ж мамыры         2006ж желтоқсанына  
Ауыл  шаруашылығы өнімдері 0,0 4,3 12,9
Өсімдік шаруашылығы өнімдері 0,9 6,9 15,5
Дәнді дақылдар 1,1 7,2 16,2
картоп 0,2 10,0 25,8
Көкөніс -0,2 5,9 7,7
Мал шаруашылығының өнімдері -1,2 1,0 9,5
Мал мен  құс 1,3 4,9 9,4
сүт -4,9 -1,6 9,5
жұмыртқа -8,7 -14,0 10,9

       Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының динамикасы 

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасының индексі отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өндірген және әртүрлі арналар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өзгеруін сипаттайды. Байқау барлық меншік нысандарының ауыл шаруашылығы құрылымының іріктеу шеңбері бойынша жүргізіледі.Өткізу бағасына өосымша құн салығының есебінсіз тасымалдау, жабдықтау, өнімдерді тиеу және түсіру бойынша шығыстар кіреді.

  

                             Мұнай-химия кешенін дамыту жағдайы 

Химия нарығында  зерттеу жұмыстарымен айналысатын  американдық «Chemical Market Associates Inc.» (CMAI) мәлімдері бойынша, полистиролдың  дүние жүзілік тұтыну көлемі жылына 14,4 млн тоннаға тең, соның ішінде, Батыс және Шығыс Европа тұтыну көлемі 3,5 млн тонна құрастырады. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің 30%-на жуық .

 Қазақстан,  Ресей және басқа ТМД елдерінде  қалыптасқан полистирол пластиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол құрайды – 51 %, акрилонитрилбутадиенстиролды сополимерлер үлесі – 20 %, көбіктенетін полистирол -18 %, жалпы қолданыстағы полистирол – 9 %, және сополимерлер үлесі 2 % құрайды. Бұл пластик нарығындағы қаптама материалдар мен жылу өткізбейтін материалдар қалыпты сұраныста екендігін байқатады. Сарапшылардың болжамы бойынша 2010 жылға дейін дүние жүзіндегі тағамдық қаптама нарығы 3,5 есе арта түсуі күтілуде.

Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері мұнай-химия өндірісін дамытуға Қазақстанда толық мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері, мұнай мен газ қорлары және дүниежүзі мен аймақтық нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел болмақ.

2005 жылдың 18 наурыз  күні Алматыда мұнай-химияны дамыту  тақырыбында өткен I конференциясында  қазақстандық ғалымдар тобы мен  қатысты мекемелердің өкілдері  осы саланы дамыту мәселелерін  терең талқылаған болатын. Ірі мұнай өндіруші елдердің қатарындағы Қазақстанның көмірсутегі шикізат өнімдерін әрмен қарай мұнай-химия өндірісінде өңдеуден өткізуге талпыну өте орынды. Қазақстан өкіметі құлдыраған кәсіпорындарды қалпына келтіріп, жаңадан өндіріс көздерін құруға үміт артып отыр. Бұл энергетика және минералды ресурстар дайындаған 2015 жылға дейінгі мұнай-химия және химия салаларын өркендету бағдарламасында қомақты орын алды.

Совет өкіметі  заманында мұнай-химия өнеркәсібі жалпы одақтық өндіріс шеңберінің бір бөлігі ретінде салынып, басым көпшілігі негізінде ресейлік шикізаттарды өңдеп, дайын өнімдері бүкіл Совет елінің сұраныс нарығына бағытталған болатын. Кейіннен, экономикалық және өндірістік қарым – қатынастардың үзілу салдарынан, қазақстандық мұнай-химия кәсіпорындары шикізат тапшылығы мәселесіне тіреліп, басым көпшілігінің 60 %-дан аса өндіріс қуаттары тозу – қажалуға жетіп, өндірісін тоқтатуға мәжбүр болды.

«Nexant Ltd» атты консалтингілік компаниясының бағалауынша, Қазақстанның мұнай-химия саласын  құрудың бас жоспарын 15 жылда іске асыру үшін 7 млрд доллар қаржы қажет. Осыншама ұзақ мерзімді және қомақты қаржының қажеттігі, елде жаңадан оншақты химия кешендерін салып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықтаумен қатар, совет заманынан қалған іске асатын зауыттарды қайта қалпына келтіру. «Nexant LTD» сарапшылары қосымша қаржылардың қажет болу мүмкіндігін болжап отыр.

Мұнай мен газды  терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалыптастыру мүмкін емес. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың басым бөлігі сырттан келетін импорт арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 500 млн доллардан асады, оның жартысынан көбі мұнай өнімдері.

Осы келеңсіз жағдайды түзету мақсатында, үкімет 2004-2010 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының мұнай-химия өндірісін дамыту бағдарламасын дайындады. 2005 жылы Ақтаудағы полистирол өндіретін «SAT Operating Aktau» зауытын қайта іске қосылуы бағдарламаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Кәсіпорынды «SAT&Company» және «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ иелігіндегі «ATOLL» АҚ басқарып отыр. «SAT Operating Aktau» - стиролды синтездеу мен өндіру бойынша ТМД кеңістігіндегі ірі кешендерінің бірі болып табылады. Шикізат- стиролмен қамтамасыз етіп отырған «Нижнекамскнефтехим» ресейлік компаниясы. Алайда, сырттан келетін шикізаттың бағасы, оның сапасы зауыт шығаратын полистиролдың құны мен нарықтағы бәсекелестік қабілетіне тікелей өсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты, 21 сәуірде «ҚазМұнайГаз» қарамағындағы Атыраудағы мұнай өндіру зауытында (АНПЗ) бензол шығаратын қондырғы жобасының жапондық «Марубени» компаниясы дайындаған техникалық-экономикалық негіздемесінің таныстыру рәсімі өтті. Бензол салада кең пайдалынылатын қасиеттерімен қатар, қазір аса қажетті стирол шығаратын шикізат, сондықтан жобаның тез арада іске асырылуы күтілуде. 

 
              
 
 
 
 
 

 

          

                                                
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                                               Қорытынды
 

    Қорытындылай келе, қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емес. Ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  нарығын  құру үшін   мемлекеттік  тапсырыстың  міндеттілігін  жою , оның орнына  экономикалық  жағынан  дербес  тауар  өндірушілер  құрамын  жасақтау ,  нарықтық  инфроқұрылымын  қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және  басқа  ұйымдармен  еріктілік  пен  өзара  тиімді  негіздегі  шарттық  қатынастарына көшу мәселелерін қозғалды.

Қазақстан өнеркәсібінің қазіргіуақыттағы жағдайы