Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ
1.Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
2.Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар
3.Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық
операциялары мен реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Әлемдік валюталық
жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi
сатып алу және сату айналымын
тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар
және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан
тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму
экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi
адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық
капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi
құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай
тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық
бағам, валюталық операциялар, валюталық
рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық
ұйымдар және мемлекетаралық валюталық
келiсiм шарттарды атауға болады.
Өз кезегінде валюталық операциялар осы
аталған валюталық қатынастардың негізі
болып табылатын валюталардың арасындағы
әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін,
төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы
өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты
мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға,
сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада
көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем
құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың
ауысуына байланысты резиденттер мен
резидент еместердің арасындағы валюталық
операциялар болып табылады. Сонымен қатар
валюталық операциялардың негізінен банктік
операция ретінде және Ұлттық банктен
лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды
жүзеге асыруға құқысы бар органдардың
ваюталық операцияларды жүргізуіне байланысты
валюталық операцияның көптеген түрлері
болады және олар валюталық мәмілелерде
әр түрлі сипатта және мақсаттарда қоладнылады.
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.Валюталық
операциялардың негізгі түрлері және
жіктелу барысы
Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.
Кассалық келісімдер немесе дереу оырндалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.
Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша валютаны сату, сатып алу және оны контрагент – банктердің келісім жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі «валюталандыру күні» деп аталады. Мұның өзін келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.
Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр.
Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:
- Форвардтық келісімдер рыногы;
- Фьючерстер рыногы;
- Опциондар рыногы.
Форвардтық
келісімдер мерзімдік контрактылардың
ең алғашқы қолданыла бастаған түріне
жатады және олар бағалардың едәуір шайқалуларына
қарсы жауап ретінде
Форвардтық келісім-шарт тек қана валюта төңірегінде емес, сондай-ақ басқа да активтермен, айталық, тауарлар акциялар, облигациялармен де жасала береді.
Валютаны сату, сатып алу жөніндегі форвардтық келісім мынадай ережелерге сүйенеді:
- Келісім-шарт жасаған мезеттегі валютаның курсы белгіленіп, бекітіледі;
- Валютаны екінші жаққа тапсыру тұрақты кезеңдер ішінде, ең көп тараған кезеңдерде 1,2,3,6 ай мерзімдері жатады. келісім шарт жасалған мезетте ешқандай ақша сомалары ешкімге де аударылмайды.
Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты – биржадағы құндылықтардың сатып алу –сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу. Келесі суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірімен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттармен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрінісіне тоқтап өтейік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде немесе ай ортасында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, жоғарыласа сатып алушы алады.
Биржаның валюталық операциялары
Фьючерстік келісімдердің негізінде нақты пайыздық ставка мен валюталық бағамдардан құралған қаржылық шаралар жатыр. Алғашқы қаржылық фьючерстер биржасы 1972 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында жұмыс істей бастады. Сондан бері қаржылық фьючертер саудасының өсу қарқыны тұрақты сипат алып келеді. Соңғы 10 жылдықтың өзінде келісімнен 276 млн фьючертік келісім-шартқа дейін артып олтыр. Аталған уақыт ішінде фьючерстік келісімдер арқылы саудаланылатын тауарлар түрлері едәуір өзгерістерге ұшырады. Егер бұдан 25-30 жыл бұрын сауда негізін ауыл шаруашылығы өнімдері құрап келген болса, қазіргі кезде көлемінің жартысынан артығы акциялардың, облигациялардың және шетелдік валюта үлесіне тиіп отыр.
Бүгінгі таңда саудаланатын 10 фьючерстік контрактының алтауы қаржылық тетіктердің саудасы екендігі осы операциялармен шұғылданылатын дилерлер мен брокерлерге мәлім.
Қазіргі кезде дүниежүзілік фьючерстік сауда көлемінің 30%-ға дейінгісі АҚШ үкіметінің қазынашылық облигацияларының үлесінде болып отыр. Сонымен , фьючерстік контракт дегеніміз көлемі мен базасы алдын ала келісілген, тауар жеткізу немесе алу жөніндегі заңдық негізі бар екі жақты келісім-шарт.
Опциондар мерзімдік келісім-шарттардың біріне саналады. Опцион дегеніміз белгілі активті оның анықталған бағамына және келісілге нуақытта сәйкес сатып алу, сату жөніндегі тараптарға берілетін құқықпен сатып алушыға жүктелетін міндеттеме (сатушыға) туралы екі жақты келісім шарт.
Валюталық опциондар рыногы үстіміздегі ғасырдың 70-ші жылдары көптеген елдерде белгіленген валюта бағамының орнына олардың қалықтау бағамын енгізгеннен кейін қанат жайып кеңінен дами бастады.
Валюталық опцион дегеніміз мәмілеге қатысушылардың біреуіне белгіленген баға бойынша біраз уақыт ішінде щетелдік валютаның белгілі санын сатуға немесе алуға құқық (міндеттеме емес) беретін келісім шарт. Екінші жақ келісілген уақыт ішінде әріпсінің құқығын ақшалай сыйақы ала отырып, қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
Своп - өте кең тараған қаржылық тетіктердің бірі. Оы банктер мен корпорациялар өздерінің активтері мен пассивтерін тиімді басқару үшін пайдаланылады.
Ағылшын тілінен аударғанда «swap» «айырбас» деген ұғымды білдіреді және өзінің осы мағынасында қызмет атқарады.
Своп дегеніміз (пайыздық және валюталық своп түрлеріне бірдей) бір сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағындарына өзгеруі.
Своп мәмілелері валюталық немесе пайыздық тәуелділікті болдырмау мақсатында сондай-ақ арбитраждық мақсаттарда жасалады.Своп операцияларының негізгі түрлеріне пайыздық своптар мен валюталық своптар жатады. Бұлар арбитраждық мәмілелермен тәуелділікті қамсыздандыру іс-тәжірибесінде қолданылады.
Пайыздық своп барлық валюталарда жүзеге асырылады, дегенмен ең көп тараған және мейлінше белсенді валюта, әрине американдық доллар. Әрине своптар кез келген мерзімге жасала береді. Своп мәмілелерінің ең төменгі сомасы 5 млн доллар, 5 млн. ағылшын фунты, 10 млн неміс маркасы.
Валюталық
своп дегеніміз спот және форвард
ережелеріне сәйкес валюталармен екі
конверсиялық мәмілелер комбинациясы.
Бұл жердегі конверсия ұғымы келісім
шарттарды өзгерту дегенді білдіреді.
Бір конверсия дереу жеткізуді білдірсе,
екінші алдын ала келісілген шарт бойынша
кейінірек жеткізуді ұйғарады.
2.Қазақстан
Республикасындағы валюталық операциялар
және олардың құқықтық қамтылуы
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды. Ол заң бүгінгі таңда дейін экономиканың дамуына және заман талаптарына сай өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады.
«Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес “валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген:
1)
меншiк құқығының және өзге
де құқықтардың валюталық
2)
валюталық құндылықтарды
3) ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операциялар.
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
- Шетел валютасы;
- Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдары;
- Тазартылған құйма алтын;
- Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Кейбiр экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.
Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi.
- Ағымдық операцияларға жататындар:
- тауарлар жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күнен аспайтын несиелер беру жәе алу;
- салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;
- осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
- интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;
- мүлiктiк құқыққа және өзге де жыложымайтын мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;
- тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен асатын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт- импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
- өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
- зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша халықаралық аударымдар,
- жинақтау сипатындағы сақтандыру жәе қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық
операцияларды бiздiң елiмiзде
шетел валютасымен банктiк
Банктрдiң жүзеге асыратын валюталық операциялардың өзiндiк белгiлерiне байланысты жiктеледi:
- Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:
- заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
- шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
- операция жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн беру;
- кез келген аралық уақытта шот архивтерiн рәсiмдеу;
- клиенттердiң тапсырмалары бойынша операияларды орындау (клиенттер есебiне шетел валютасын сатып ал және сату);
- экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты мен импортты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай:
- қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сату және сатып алу;
- шетел валютасын жәе шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
- шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып алу ( төлеу);
- ақшалай аккредитивтердi төлеу.
3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- НОСТРО шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумн байланысты операциялар;
- ЛОРО шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент- банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары.
4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
СПОТ мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.
ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi 2 банктiк жұмыс күнiндегi валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша белгiленген күнi бiр валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшiн жасалған контакт.
3.Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық
операциялары мен реттеу шаралары
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі» реттейді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәккілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және Ұлттық банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы емес.
Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін олардың көшірмелері уәкілетті банкке қалады.
Осы аталған валюта
операцияларын жүргізу
Валюталық реттеу
қызметін жүзеге асыратын
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
- өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
- мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
- туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
- қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чек жазып бередi және вексельдер бередi;
- егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:
- Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
- Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
- Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
- Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
- Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
- Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен жұмысты аяқтай келе келесідей қорытындыға келуге болады: валюталық операциялар валюталық қатынастардағы негізгі элементтің бір болып табылады. Экономикада валюталық операциялардың түрлері арқылы екі жақты келісуші тұлғалар арасында валюталық есеп айырысу мәмілелері, сыртқы займдардың немесе әр түрлі төлемдердің арасындағы операциялар, ұлттық валюта мен шетел валютлары арасындағы операциялар мен айырбастаулар, экспорт пен импорт мәмілелерінде және әр түрлі валюталық операциялар арқылы пайда табатын және қызметтер атқаратын тұлғалар мен қатысушылар әрекет жасайды.
Сондықтан
ұлттың дамуына тікелей әсер ететін
және шетелдермен қарым-қатынаста
басты құралдардың бірі болып
табылатын валюталық
Қорыта келгенде, валюталық операциялардың экономикадағы негізгі түрлеріне келесі операцияларды жатқызамыз: кассалық операциялар және мерзімдік операциялар. Валюталық операциялар қарыз тетіктерін туындататын ақша ағындарының сипаттамасын өзгертуге мүмкіндік береді, сөйтіп операцияны жүзеге асырушы жаққа оны тартымдырақ етеді.
Кассалық
келісімдер немесе дереу оырндалатын
келісімдер спот (spot) ережелеріне сай
жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы)
операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық
валютаның елден тысқары
Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр. Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:
- Форвардтық келісімдер рыногы;
- Фьючерстер рыногы;
- Опциондар рыногы.
Осы аталған және басқа да валюталық операцияның түрлеріне жұмыс барысында толық тоқталып өттім және олардың қызмет ету барысын талдадым.
Сондай-ақ валюталық операциялардың еліміздегі жай-күйі мен олардың құқықтық қамтамасыз етілуін, валюталық операциялармен қызмет ететін ұйымдар және қатысушылардың әрекеттері мен мақсаттары туралы тоқталып өттім.
Жалпы айтқанда Қазақстанның қаржы және банктік жүйелерінің дамуының күннен-күнге жаңа талаптарына өтуіне байланысты олар жүргізетін валюталық операциялардың да қазіргі әлемдік стандарттарға жақын формалыр мен түрлері пайда болып және олардың елімізде дамуына жол ашылып келе жатыр.
Сонымен
қатар елімізде валюталық операцияларды
және олармен мәмілелерді дамытудың
өзектілігі алдағы жылдары ұлттық банк
жүйеміздің әлемдік стандарттарға өтуіне
байланысты валюталық операциялардың
да әлемдік сатндарттарға өтуі орын алады.
Әрине ол үшін осы аталған валюталық операциялар
және банк секторын қазірден бастап халықаралық
талаптарға сай негізде іске асыруды қолға
алуымыз керек. Ол үшін жоғарғы мамандар
дайындау, шетелдермен тәжірибе алмастыру
және банктердің операцияларын дамыту
қажеттігі туындап отыр.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры
- Қазақстан Республкасының кіріс-шығыстары
- Қазақстан сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы мен даму келешегі
- Қазақстан саяси жағдайы
- Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
- Қазақстан табиғат қорғау
- «Қазақстан табиғатын қорғау» жарлығы
- Қазақстан Республикасы прокуратура туралы заң
- Қазақстан Республикасы салық жүйесі
- Қазақстан Республикасы салық жүйесі: қалыптасуы мен даму кезеңдері
- Қазақстан Республикасы салық жүйесінің проблемалары және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасы топырағы өсімдіктері жануарлары
- Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
- Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар