Қазақстан сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы мен даму келешегі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Қорқыт
– Ата атындағы Қызылорда
Реферат
Тақырыбы: «Қазақстан сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы мен даму келешегі»
Дайындаған: Қалиева Г
Қабылдаған: Бекешева.
Д
Қызылорда, 2011 жыл
Жоспары:
Кіріспе
- Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары
2. Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сақтандыру
2.2. Қазақстан сақтандыру ұйымдарының қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал – сақтандыру компаниясы. Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болды, жеке, топтық және ұжымдық қызығушылықтар туады.
Сақтандыру компаниясы – сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикағы өту, оның рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық құқылы субьектісіне айналады.
Сақтандыру компаниясы – коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметін лицензиялау негізінде сақтандыру келісімшарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық капиталының 50%-ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен кутпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тулғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Қазақстан
Республикасында сақтандыруды дамытудың
негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың
және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
мүддесін қорғаудың нақты құралы бола
алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін
ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын
функцялары
Сақтандыру бұл сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру нарығында белгіленген, сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының сақтандыру нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығын қамтиды.
Нарықтық экономикада сақтандыру ісіне мемлекеттің монополиясы бұзылған: мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана органның – Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтандыру нарығында бірнеше сақтандыру компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюталық бағамның өзгеруі, ереуілдер кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыру.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпарация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.
Сақтандыру
нарығы дегеніміз ақшалай
Сақтандыру нарығының ішкі ережелері:
1.
сақтандыру нарығы
2. ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
3.
сақтандыру нарығының
4.
құрылымдық бөлімшелер
5.
сақтандыру нарығының
Сақтандыру нарығындағы функциялар: бөлу, бақылау, реттеуші, коммерциялық, бағалық, сенімділік.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Реттеуші функция дегеніміз мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын реттеуді қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы операциялардың жүргізілуін ретке келтіріп, кемшіліктерін жояды.
Коммерциялық функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды мейілінше жоғары деңгейге көтеру.
Бағалық функция компанияның сақтандыру қызметінің бағасын қалыптастыруда көмек көрсетеді. Және ол тұтынушылардың сұранысына байланысты қалыптасады.
Сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз немесе басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді, яғни тұтынушылардың барлық шығындарын өзі өтейді.
Сақтандыру нарығының түрлері
Сақтандырудың мынадай түрлері бар:
- Салалық белгілері бойынша:
- Өмірді сақтандыру нарығы болып азаматтардың өмірі, деңсаулығы және енбекке жарамдылығы табылады.
- Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табылады.
- Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
- Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
- Ипотекелық сақтандыру, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
- Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру құқықтың түрлеріне байланысты:
- Мемлекеттік сақтандыру сақтанудың мемлекеттік ұйым болып табылатын сақтандырудың түрі. Осы жағдайда мемлекет өзінің экономикалық операцияларын сақтандыру арқылы, өзінің қаржы ресурстарына кепілдік бере алады.
- Акционерлік сақтандыру бұл сақтандыру ретінде акционерлік қоғамдар саналатын сақтандыру қызметінің түрі.
- Өзара сақтандыру, өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздікті сақтандыру түрі.
- Жүзеге асырулық түрлері бойынша:
- Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, соның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары шенберіндегі пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
- Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісім-шарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады.
- Сақтандыру обьектілері бойынша:
- Жеке басты сақтандыру – жеке тұлғаның мүддесін, оған қатысты оның өмірін, деңсаулығын және сақтанушының өзінің де және үшінші жеке адамдардың да басқа қасиеттерін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір оқиға болған кезде алдын ала келісілген ақша сомасын төлеу.
- Мүлікті сақтандырудың арналымы дүлей апаттардың және басқа кездейсоқ оқиғалардың әр түрлі мүлікке келтірген зиянын өтеуінде. Демек, сақтандырудың обьектісі әр түрлі материалдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болады.
Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сақтандыру
1992
жылы ҚР «Сақтандыру туралы»
Заңы қабылданғаннан кейін,
- сақтандыру ұйымдарына төмен деңгейлі талаптар қойылды;
- негізгі қызметтен тыс кәсіпкерліктің басқа түрлерімен де айналысуға рұқсат берілді;
- салықты реттеудегі кемшіліктер.
1994 жылдың 19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын дамыту және қалыптастыру бойынша ұйымдастырушылық – құқықтық шаралар туралы» Президент жарлығымен сақтандыру бизнесін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілген. Соған сәйкес сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізу құқығын алу үшін жарғылық капиталының көлемі 2 млн теңгеден кем болмауы керек. Бұдан басқа сақтандыру компанияларына қосымша қызметпен айналысуға тиым салынды. Осының нәтижесінде 1995 жылдың аяғында сақтандыру ұйымдарының саны 53-ке дейін кеміді.
2000 жылдың 1 қаңтарында 70 сақтандыру ұйымдарының өз қызметтерін жүргізуге лицензиялары болды. Бірақ 2000 жылдың аяғында тек 42 ұйым ғана сақтандыру келісімшартын жасады, оның ішінде, өмірін сақтандыру бойынша 1 сақтандыру ұйымы, 3 шетел инвестьорларының және мемлекеттің 100 %- дық қатысуымен 3 компания болды. Салыстыру үшін алғанды, Ұлыбританияда сақтандыру қызметімен 800- ден астам компания, Нидерландыда – 275 тен аса, Ресейде – 972 ұйым айналысады.
ҚР Ұлттық Банкінің сақтандару ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен капиталын көбейтуге бағытталған саясаты сақтандыру компанияларының азаюына алып келді. Бір жылдың ішінде 28 лицензия ерікті немесе мәжбүрлі түрде кейін қайтарлыды. Кейбір сақтандыру ұйымдыр біріктірлді. Жаңа заңға сәйкес сақтандыру ұйымдарының нарықтан кетуіне ҚР Ұлттық банкінің рұқсаты керек болды. Ұлттық банк олардың барлық міндеттемелерінің орындалуын, несие берушілермен толық есеп айырысуын қадағалауы тиіс. Сақтандыру ұйымдарының азаюы нарықтың монополизациялынуына және бәсекелестіктің жоқтығына жақын келді. Бірақ сақтандыру компанияларының капиталдарының артуы бір мезгілде олардың қаржылық тұрақтылығына және нарық капиталына әсерін тигізді.
Қазіргі
кезде Қазақстанда
Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам филиалдары , өкілеттіліктері және тармақталған сақтандыру агенттерінің жүйесі (олардың тізілімін сақтандару компаниясы дербес жүргізіледі және олардың саны бойынша толық мәліметтер жоқ) бар. Шығыс Қазақстан облысында ең көп – 46 филиал ашылды. Мұны «Қазцинк» акционрелік қоғамы, титан – магний комбинаты, Үлбі металлургиялық зауыты сияқты алыптардың қазмет етуімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, олардың Қарағандыда – 36 филиалы және Ақмола облысында – 35 филиалы бар. Қарағанды облысында көмір өндіруші шахталар және Испат Кармет комбинаты қызмет етеді. Осындай кәсіпорындардың бар болуы бизнестің жандануына мүмкіндік береді және осыған орай мүлікті, жауапкершілікті және тағы бақаларды сақтандыруға қажеттілік пайда болды.
Шетелдік сақтандару ұйымдарының қазметтеріне деген қатынас Қазақстандық сақтандыру нарығының дамуындағы маңызды жай болып табылады. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңында ҚР аумағындағы Қр резиденттік емес сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдарын, сонымен қатар резидент емес сақтандыру брокерлерінің өкілеттіліктері мен филиалдарын ашуға тиым салынған. Мұндай филиалдардың қызметін қабылдау өте қиын, өйткені олар дербес емес және шетелге ақща аудару көзі болуы мүмкін.
Сақтандыру
компаниялары қызметінің негізгі мәселелерінің
бірі – олардың көп бөлігінде қажетті
сападағы білікті мамандардың аз болуы.
Бүгінгі күні қаржы нарығында кәсіби сақтандыру
делделдарының рөлі көрнексіз және елеусіз
қалуда. Одан басқа сақтандыру нарығында
жаңа қатысушылар – актуарийлер пайда
болды. Осыған байланысты ҚР-да осы қызметте
сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары
қоғамдық бірлестіктері – бірінші кезекте
Сақтандырушылар одағының белсенді
қатысуымен сақтандыруға сәйкс мамандарды
оқыту жүйесін ұйымдастыру қажеттігі
пайда болды. Бұдан басқа сақтандыру нарығына
деген қызығушылықтың өсуімен байланысты
берілеген мамндықтар бойынша мамандандыруды
жүргізуде үлкен рөлді жеке институттар
атқарады.
Қазақстан сақтандыру нарығының қызметтері
Рыноктық экономикада сақтық ісіне мемлекеттің монополясы бұзылған: мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана органның – Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтық рыногында бірнеше сақтық компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялық, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларғы қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкендіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отындық инвесторлар мен экспортшыларды сыртқы қауіп қатерден қорғау саласында мамандырылған корпарацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінде мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының дамыту институттарының бір болып табылады, оның негізгі мақсаты – 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық- инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты- бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндары сақтық қорғауға қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы импортшы елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер; импортшы елі өкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғмдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық ұйымының міндеттемелерінің ең жоғарғы көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10 % - ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлеуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздіі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақты операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
Сақтық рыногы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі «ерекше тауар» - сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұысынм мен сұраным қалыптасады.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушыларыны мыналар болып табылады: сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы; сақтандырылушы; папйда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.
Сақтық қызметі сақтық ұйымы жұзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін: инвестициялық қызметті; «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтандыру келісімшартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді; сақтық ұйымдары үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағына сақтандыру келісім шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтық саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізді; сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды; консортциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға сақтық ұйымдары арасындағы не сақтық ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге заңи тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісім шарт негізінде жүзеге асарылатын ассистенсты; сақтық төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілерінде көзделген қыметті жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық қызметін жүзеге асурға мынадай жалпы талаптар қойылады.
Сақтық ұйымы сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық ұйымының ішкі ережелері:
- сақтық ұйымы бөлімшелерінің құрылымын міндеттерін, функциялары мен өкіліттіліктерін;
- ішкі аудит қызметін басқа тұрақыт жұмыс істейтін органдардың құрылымын мүшелерінің санын міндеттерін функциялары мен өкілеттіліктерін;
- сақтық ұйымының техникалық, инвестициялық кредиттік, операциялық, рыноктық және басқа тәуекелдерді басқару жүйесін;
- құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
- сақтық ұйымының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіліктерін айқындауға тиіс
Сақтандыру ережелерін және сақтық ұйымының ішкі ережелерін директорлар кеңесі бекітеді. Сақтық ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, Сақтық төлемақыларын кепілдендіру қоры құрылған. Мемлекет ҚР-ң Үкіметі арқылы ғана сақтық ұйымынң құрылтайшысы және акционері бола алады. Жарғылық капиталының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды. Мемлекет өзі құрылтайшысы немес акцинері болып табылатын сақтық ұйымының міндеттемелері бойынша егер ҚР Заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады. Сақтық ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады: директорлар кеңесі- басқару органы; басқарма-атқарушы орган; тексеру комиссиясы – бақылау органы; сақтық ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтық ұймының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.
Сақтандыру саласындағы мемлекттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру; сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау; сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету; міндетті сақтандыру түрлерін, халықаралық сақтандыру жүйелеріне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу; сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда лаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

- Қазақстан саяси жағдайы
- Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
- Қазақстан табиғат қорғау
- «Қазақстан табиғатын қорғау» жарлығы
- «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы
- Қазақстан таулары
- Қазақстан таулары
- Қазақстан Республикасы салық жүйесінің проблемалары және оны шешу жолдары
- Қазақстан Республикасы топырағы өсімдіктері жануарлары
- Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
- Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры
- Қазақстан Республкасының кіріс-шығыстары