«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігі

Семей геологиялық барлау колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

0701000 - «Геологиялық суретке түсіру, ПҚК іздеу мен барлау»

0702000 - «ПҚК барлаудың техникасы мен технологиясы»

1305000 - «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттық жүйелер»

1514000 - «Экология жер қойнауын пайдалану саласында табиғи ресурстарды тиімді қолдану»

0704000  –  «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтарына арналған

Қазақстан тарихы пәні бойынша

Базалық (тірек) конспектілері

 

Оқытушы Сарсембин А.М. жасаған

Әлеуметтік-экономикалық пәндеп ПЦК отырысында қаралды

№ 4 хаттама

2010ж. «15» желтоқсаны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қ.

Пәнге арналған сағаттардың  жалпы саны – 72 сағат

Соның ішінде:

I семестр - 0

II семестр - 0

III семестр – 72 сағат.

IV семестр - 0

V семестр - 0

VI семестр - 0

VII семестр - 0

VIII семестр - 0

Міндетті бақылау жұмыстарының саны I семестрде __2 (екі)

Қорытынды бақылау - МБЖ сынақ, емтихан 
МАЗМҰНЫ

№ р/с

Бөлімдер мен тақырыптардың  атауы

Бет

I

II

III

1

Жұмыс бағдарламасы

4

2

Оқу пәнінің мазмұны

6

 

3

4

I бөлім Көне замандағы Қазақстан.

  • Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс
  • Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
  • Тайпалық одақтар және көне мемлекеттік бірлестіктер

6

2

2

2

 

44

II бөлім Орта ғасырлардағы Қазақстан

14

  • Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
  • X – XIII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттер.
  • Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан
  • Қазақ хандығының құрылуы
  • XVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы.

4

4

2

2

2

\

55

III бөлім Ресей империясының құрамындағы Қазақстан

20

  • Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы
  • XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
  • Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.
  • XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақстан – ресей империясының отары.
  • ХХ ғасырлың басындағы Қазақстан

2

2

8

4

4

 

66

IV бөлім Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан

14

  • Азаматтық қарама-қарсылық жылдарындағы Қазақстан (1917 – 1921жж.)
  • Тоталитарлы жүйенінің кұшеюі кезеңіндегі Қазақстан
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941 – 1945жж.) және соғыстан кейінгі уақыт
  • 50-ші жылдардағы – 80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан
  • КСРО дағдарысы мен ыдырауы кезеңіндегі Қазақстан

2

6

2

2

2

7

77

V бөлім Тәуелсіз Қазақстан

8

  • Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу
  • Нарықтық экономика жолындағы Қазақстан
  • Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының қалыптасуы
  • Қорытынды жалпылау. Қазақстан және әлемдік қауымдастық

2

2

2

2

8

Бақылау сұрақтары

 

9

Курс бойынша әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің  жұмыс бағдарламасы

1. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша бұл оқу жұмыс бағдарламасы 0701000 - «Геологиялық суретке түсіру, ПҚК іздеу мен барлау», 0702000 - «ПҚК барлаудың техникасы мен технологиясы»,  0704000  – «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік стандартының негізінде, оны гуманитарлық білімнің негізгі және ортақ мақсатын – рухани-адамгершіл, еркін, өзін-өзі дамытатын тұлға ретінде адамның қалыптасуына, оның әлеуметтенуіне қолдауды жүзеге асыру үшін пайдалану мақсатында жасалды.

Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуді көздейді:

-көне заманнан бүгінгі күнге дейін Қазақстан тарихының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі кезеңдері туралы білімдердің сенімдірек жиынтығымен білім алушыларды қамтамасыз ету;

- білім алушылардың мамандануын есепке алып, оларды негізінен кең мағынадағы әлеуметтік саяси отандық тарихқа - әлеуметтік топтар мен қозғалыстардың сипаттамасынан тарихи қайраткерлердің бейнесіне дейін бағдарлау; күрделі тарихи үрдістің арқауын бақылап, ХХ ғасырдың елеулі оқиғаларына ерекше назар аудару;

- тарихтың көпқырлылығы мен қайшылығын диалектикалық түсіну, тарихшылдық тұрғысынан өткен мен қазіргі кезеңнің құбылыстарына деген көзқарасты білім алушыларда қалыптастыру;

- «Адам-қоғам-табиғат» жүйесінде көзқарастар мен құндылық бағдарларының қалыптасуына, гуманизмді, патриотизмді, бейбітшілік пен отандық ұлтаралық келісімге ұмтылысына қолдау көрсету.

Оқу жұмыс бағдарламасы білім алушыларда болашақ маманға қажетті базалық, кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді  қалыптастыруды көздейді.

2. Пәнаралық байланыстар: дүниежүзілік тарихпен, мәдениеттанумен, саясаттанумен, әлеуметтанумен, қоғамтанумен ықпалдастық.

Сабақтардың формаларын ұйымдастыру: сабақ-диалог, дәріс, семинар, аралас сабақ, «дөңгелеу үстел», сабақ-викторина және т.б.

ОТҚ: тақырыптық карталар, плакаттар, иллюстрациялар, бейнефильмдер, электронды оқулықтар, оқу және оқу-тарихи құралдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стандартта жоспарланған оқыту нәтижелері

Оқу жұмыс бағдарламасында  жоспарланған нәтижелер

Білімдер:

- көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен сатылары;

- негізгі тарихи фактілер, күндер, атаулар, елеулі оқиғалар, Қазақстанның тарихи және осы заманғы қайраткерлерінің аттары.

- оқиғалар дамуының тарихи арқауының мазмұнын оқи алуды, карталармен, шартты белгілермен жұмыс жасай алуды, жауаптың формасын таңдауды, тезистер мен жауаптардың конспектілерін құру дағдыларына ие болуды меңгеру керек;

- грамотной речью и  уметь вести диалоги, выделять  главное в тексте, выражать личное  отношение к изучаемому материалу.

Іскерліктер:

  • Тарихижәне осы заманғы дереккөздерді жан-жақты және сыншыл талдау;
  • Ұлттық мәдениет пен тарихқа қызығушылық пен құрметті дамыту.

 

- Қазақстан тарихының көпқырлылығын, күрделілігі мен қайшылығын, оның тарихи жолының сатыларын, сонымен қатар кеңестік кезең мен қазіргі кезеңде оны қабылдаудың көпмағынылылығын білу керек.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Бөлімдер мен  тақырыптардың атауы

Оқытудың күндізгі формасындағы оқу уақытының көлемі (сағат)

Орта буын маманы

   

0701000

0702000

1305000

1514000

0704000

   

Барлығы

Барлығы

Барлығы

Барлығы

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

1.1

Кіріспе. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

1 бөлім. Көне замандағы Қазақстан.

2

2

2

2

2

1.2

Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс

2

2

2

2

2

1.3

Қола дәуіріндегі Қазақстан  тайпалары

2

2

2

2

2

1.4

Тайпалық одақтар және көне мемлекеттік  бірлестіктер

2

2

4

2

2

 

Бөлім бойынша  барлығы

8

8

10

8

8

 

2 бөлім. Орта ғасырлардағы Қазақстан

         

2.1

Қазақстан территориясындағы ерте ортағысырлық мемлкеттер

4

4

4

4

4

2.2

X – XIII ғасырлардағы Қазақстан  территориясындағы мемлекеттер

4

4

4

4

4

2.3

Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі  Қазақстан

2

2

2

2

2

2.4

Қазақ хандығының құрылуы

2

2

2

2

2

2.5

XVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы.

2

2

2

2

2

 

Бөлім бойынша барлығы

14

14

14

14

14

 

3 бөлім. Қазақстан Ресей империясының құрамында

         

3.1

Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы

2

2

2

2

2

3.2

XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың ортасындағы  қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2

2

2

2

2

3.3

Отарлау саясатына қарсы қахақ  халқының ұлт-азаттық қозғалысы.

8

8

8

8

8

3.4

XIX ғасырдың екінші жартысындағы  әкімшілік реформалар. Қазақстан – ресей империясының отары.

4

4

4

4

4

3.5

XX ғасырдың басындағы Қазақстан

4

4

6

6

4

 

Бөлім бойынша  барлығы

18

18

32

32

18

 

4 бөлім. Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан

         

4.1

Азаматтық қарама-қарсылық жылдарындағы Қазақстан  (1917 – 1921гг.)

2

2

2

2

2

4.2

Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі  Қазақстан

6

6

8

6

6

4.3

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945жж.) Қазақстан және соғыстан кейінгі  уақыт

2

2

2

2

2

4.4

50-ші жылдардағы – 80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан

2

2

2

2

2

4.5

КСРО дағдарысы мен ыдырауы  кезеңіндегі Қазақстан

2

2

2

2

2

 

Бөлім бойынша барлығы

14

14

16

14

14

 

5 бөлім. Тәуелсіз Қазақстан

         

5.1

Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу

2

2

2

2

2

5.2

Нарықтық экономика жолындағы  Қазақстан

2

2

2

2

2

5.3

Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының  қалыптасуы

2

2

2

2

2

5.4

Қорытынды жалпылау. Қазақстан және дүнеижүзілік қауымдастық

2

2

2

2

2

 

Бәлім бойынша барлығы

8

8

8

8

8

 

Барлығы:

64

64

70

66

64


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе: Тақырып 1.1.: Қазақстан Республикасының Конституциясы

 

Оқу материалының мазмұны

Кіріспе. 1995 ж. 30 тамызы – ҚР жаңа Конституциясының қабылдануы. Коснтитуция құрылымы. Негізгі қағидалары.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім қорын толтыруға білім алушылардың мотивациясын қалыптастыру.

Кәсіптік:

- ҚР Конституциясының құрылымы, негізгі қағидалары.

Арнайы:

- ҚР Конституциясының бөлімдері мен баптарында еркін бағдарлана алу, басқа елдердің Конституцияларымен салыстырулар жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім  алушы

- 1995 жылғы ҚР Конституциясының тараулары мен баптарын;

- Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздерін;

- тарих ретроспективасын білу керек.

- 1993 және 1995 жылғы ҚР Конституциясын талдауды;

- тарих ретроспективасы бойынша дербес шешімдер жасауды меңгеру керек.

 

I бөлім  Көне замандағы Қазақстан

Тақырып 1.2.:  Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс

 

Оқу материалының мазмұны

Қазақстандағы көне тас ғасыры. Палеолит дәуірінің табиғаи жағдайлары мен  өмірдің сипаттамалары. Тас ғасырының  хронологиялық кезеңдері. Палеолит пен мезолиттегі шаруашылық, баспана  мен мәдениет.

Неолит. Тас индустриясының дамуы. Неолит дәуірінің тұрақтары, қоныстары мен археологиялық  ескерткіштері. Өндірістік шаруашылықтың  қалыптасуы: мал шаруашылығы мен  егін шаруашылығы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- берілген тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- тақырып бойынша білім деңгейін жүйелі арттыру.

Кәсіптік:

- Қазақстандағы палеолиттің шежірелік кезеңдері, палеолиттің, мезолиттің және неолиттің табиғи жағдайларының сипаттамасы, шаруашылығы мен мәдениеті.

Арнайы:

- Қазақстан территориясындағы орта тас ғасыры кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттау, неолиттің тас индустриясының ерекшеліктерін ажырату.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Қазақстандағы палеолиттің шежірелік кезеңдерін, палеолиттің, мезолиттің және неолиттің табиғи жағдайларының сипаттамасын, шаруашылығы мен мәдениетін білу керек;
  • Қазақстан территориясындағы орта тас ғасыры кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттауды, неолиттің тас индустриясының ерекшеліктерін ажыратуды меңгеру керек.

 

Тақырып 1.3.: Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары

 

Оқу материалының мазмұны

Қола дәуірінің археологиялық  ескерткіштері, қоныстары, ескі молалары, құрбандық шалу орындары. Андронов мәдениеті және оның кезеңденуі. Орталық  Қазақстанның Андронов және Қарасу мәдениеті. Метталургияның дамуы. Қыш-құмыра кәсіпшілігі, үй кәсіптері. Андроновтықтардың шаруашылығы мен тұрмысы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім қорын толтыруға білім алушылардың мотивациясын қалыптастыру.

Кәсіптік:

- Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің, Андронов, Қарасу және Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.

Арнайы:

- ерте және соңғы палеолит мәдениетін сипаттау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің, Андронов, Қарасу және Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін білу керек.
  • ертеу және соңғы қола мәдениетін сипаттауды меңгеру керек.

 

Тақырып 1.4.: Тайпалық одақтар және көне мемлекеттік бірлестіктер

 

Оқу материалының мазмұны

Сақ тайпаларының одағы. Сақтар туралы жазба көздері. Сақ тайпаларының қоныстану территориясы. Сақ тайпаларының көршілермен қарым-қатынасы. Шаруашылық, қоғамдық құрылым. Сақтардың өнері мен мифтері.

Үйсіндер мен қаңлылар. Шаруашылық және саяси өмір. Қоныстану  территориясы. Қоғамдық құрылыс. Үйсіндер мен қаңлылардың мүліктік теңсіздігі. Ғұн тайпалары. Ғұндардың этникалық сипаттамасы. Ғұндардың саяси және этникалық-әлеуметтік өмірі. Атилла. Дағдарыс және көне мемлекеттердің ыдырауы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім алушылардың қызығушылықтар аясын тұрақты кеңейту;

- міндеттерді қалыптастыру, ақпаратты тиімді бағалау;

- командада жұмыс жасау.

Кәсіптік:

- сақ тайпаларының одағы, сақтардың саяси тарихы, сақ шаруашылығы мен мәдениеті; үйсіндер мен қаңлылар қоныстануының территориясы, олардың шаруашылық және саяси өмірі; ғұн тайпалары, олардың саяси және этно-әлеуметтік өмірі.

Арнайы:

- картада бағдарлана алу, көне мемлекеттердің дағдарысы мен ыдырауы себептерін анықтау, тайпалық одақтар мен көне мемлекеттер арасында салыстырмалы талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • сақ тайпаларының одағын, сақтардың саяси тарихын, сақ шаруашылығы мен мәдениетін; үйсіндер мен қаңлылар қоныстануының территориясын, олардың шаруашылық және саяси өмірін; ғұн тайпаларын, олардың саяси және этно-әлеуметтік өмірін білу керек.
  • картада бағдарлана алуды, көне мемлекеттердің дағдарысы мен ыдырауы себептерін анықтауды, тайпалық одақтар мен көне мемлекеттер арасында салыстырмалы талдау жүргізуді меңгеру керек.

 

II бөлім Орта ғасырлардағы Қазақстан

Тақырып 2.1  Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

 

Оқу материалының мазмұны

Түрік қағанаты. Қағанаттың құрылуы. Саяси тарих. Қағанаттың ыдырауы. Батыс-Түрік  қағанаты. Түркеш қағанаты. Қарлұқ қағанаты. Қоныстану орындары. Этникалық құрамы. Саяси құрылыс пен шаруашылық. Сыртқы саяси өмір мен сауданың дамуы. «Ұлы жібек жолы».

Арабтардың Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу территориясын  жаулауы және арабтарға қарсы  көтерілістер. Исламның таралуы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- берілген тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау мен жүйелеу;

- тақырып бойынша білім деңгейін жүйелі арттыру.

Кәсіптік:

- Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттердің құрылуы мен саяси тарихы, олардың этникалық құрамы мен шаруашылық құрылысы; Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды арабтардың жаулау себептері, «Ұлы жібек жолының» қызмет етуі.

Арнайы:

- берілген кезеңдегі ортағасырлық мемлкеттердің әлеуметтік-экономикалық құрылысындағы айырмашылықтарды табу, картада жақсы бағдарлану.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттердің құрылуы мен саяси тарихын, олардың этникалық құрамы мен шаруашылық құрылысын; Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды арабтардың жаулау себептерін, «Ұлы жібек жолының» қызмет етуін білу керек.
  • берілген кезеңдегі ортағасырлық мемлкеттердің әлеуметтік-экономикалық құрылысындағы айырмашылықтарды табуды, картада жақсы бағдарлануды меңгеру керек.

 

Тақырып 2.1.:  Қазақстан территориясындағы ерте ортағысырлық мемлекеттер

 

Оқу материалының мазмұны

Оғыздар, қимақтар. Оғыз тайпаларының мекендеу аймақтары. Экономикалық, мәдени және сауда қатынастары. Мүліктік жіктелу. Мемлекеттік құрылыс. Ішкі сыртық жағдай. Шаруашылық..

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- мәдени-адамгершілік деңгейін жүйелі арттыру.

Кәсіптік:

- оғыздар мен қимақтар мемлкетінің құрылуы мен саяси тарихы, олардың этникалық құрамы мен шаруашылық жарлығы, мемлкеттердің күшеюі мен әлсізденуі, қазақ халқының этникалық құрамының қалыптасуындағы олардың ролі.

Арнайы:

- берілген кезеңдегі ортағысрлық мемлкеттердің әлеуметтік-экономикалық құрылысындағы айырмашылықтарды табу, картада жақсы бағдарлану.

Тақырып аяқталған соң  білім алушылар:

  • Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттердің құрылуы мен саяси тарихын, олардың этникалық құрамы мен шаруашылық құрылысын; Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды арабтардың жаулау себептерін, «Ұлы жібек жолының» қызмет етуін білу керек.
  • берілген кезеңдегі ортағасырлық мемлкеттердің әлеуметтік-экономикалық құрылысындағы айырмашылықтарды табуды, картада жақсы бағдарлануды меңгеру керек.

 

Тақырып 2.2.:  X – XIII ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер.

 

Оқу материалының мазмұны

Қарахан мемлекетінің құрылуы. Этникалық  құрамы. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мүліктік теңсіздіктің күшеюі.

Қыпшақ бірлестігі. Қыпшақтар  конфедерациясы. Саяси тарихы. Әлеуметтік және қоғамдық құрылыс. Қыпшақтардың Орта Азиямен, Русьпен, Кама Булгариясымен қарым-қатынастары. Қыпшақ мемлекеттерінің дағдарысы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім алушылардың қызығушылық аясын тұрақты кеңейту.

Кәсіптік:

- Қарахан, Дешті-Қыпшақ мемлекеттерінің саяси тарихы мен қызмет ету ерекшеліктері.

Арнайы:

- картада еркін бағдарлану, саяси құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын дәл анықтау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Қараханидтер, Қыпшақ мемлекеттерінің саяси тарихын және қызмет ету ерекшеліктерін;
  • түрік дәуірінің материалдық және рухани мәдениетін білу керек.
  • картада еркін бағдарлануды, саяси құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын нақты анықтауды меңгеру керек.

 

Тақырып 2.2.:   X– XIII ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

 

Оқу материалының мазмұны

Наймандар мен  керейлер мемлекеті. Түрік дәуірінің  материалды., рухани мәдениеті. Тіл  мен жазу.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша қызығушылықтар аясын тұрақты кеңейту;

- жұмыс уақытын жоспарлау.

Кәсіптік:

- наймандар мен керейлер мемлекеті, түрік дәуірінің материалды және рухани мәдениеті.

Арнайы:

- картада еркін бағдарлану, саяси құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын нақты анықтау.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • наймандар мен керейлер мемлекетінің саяси тарихын және қызмет ету ерекшеліктерін;
  • түрік дәуірінің материалдық және рухани мәдениетін білу керек.
  • картада еркін бағдарлануды, саяси құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын нақты анықтауды меңгеру керек.

 

Тақырып 2.3.:  Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан

 

Оқу материалының мазмұны

Моңғол мемлекетінің құрылуы мен Шыңғысханның Қазақстанға  және Орта Азияға жорығы. Ұлыстардың пайда  болуы. Қазақстан Алтын Орданың  құрамында. Ақ Орда. Ноғай Ордасы. Моғолстан. Абылхайыр хандығы. Саяси тарих. XIII ғасырдағы және XV ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысы мен қоғамдық қатынастар.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім алушылардың қызығушылықтар аясын тұрақты кеңейту;

- міндеттерді қалыптастыру, ақпаратты тиімді бағалау;

- командада жұмыс жасау.

Кәсіптік:

- Моңғол мемлекетінің пайда болу тарихы мен Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулау жорықтарының себептері; Қазақстан территориясындағы  XIII- XV ғасырларда постмоңғол мемлекеттерінің құрылымы, олардың саяси тарихы мен әлеуметтік-экономикалық құрылысы.

Арнайы:

- осы кезең бойынша тарихи және қазіргі кездегі көздерді жан-жақты және сындарлы талдау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Моңғол мемлекетінің пайда болу тарихын және Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанға жаулаушы жорықтарының себептерін;
  • Қазақстан территориясындағы XIII – XV ғасырлардағы постмоңғол мемлекеттерінің құрылымын, олардың саяси тарихын және әлеуметтік-экономикалық құрылысын білу керек.
  • берілген кезең бойынша тарихи және осы заманғы дереккөздерді жан-жақты және сыншлы талдауды меңгеру керек.

 

 

Тақырып 2.4.:  Қазақ хандығының құрылуы

 

Оқу материалының мазмұны

Қазақ хандығы құрылуының тарихи жағдайлары. Жәнібек пен Керей сұлтандар. Алғашқы қазақ хандарының сыртқы саясаты. Барлық қазақ жерлерін біріктіру үшін күрес және Қазақ хандығын нығайту.

Тарихи ғылымдағы қазақ  халқының пайда болу мәселесі. Қазақ  халқының пайда болуы мен қалыптасуының  тарихи алғышарттары. Этникалық құрамдас бөліктер. «Қазақ» терминінің пайда болуы туралы. Қазақ жүздерінің пайда болу уақыты мен себептері. Жүздердің тайпалық құрамы мен олардың қоныстану территориясы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- білім алушыларда тақырып бойынша білім қорын толтыру мотивациясын қалыптастыру.

Кәсіптік:

- Қазақ хандығының пайда болуының тарихи шарттары, алғашқы қазақ хандарының сыртқы саясаты; тарихи ғылымдағы қазақ халқының пайда болу мәселесі.

Арнайы:

- берілген кезең бойынша көздердің тәуелсіз сараптамасын жүргізу және зерттеу мәселесі бойынша дербес қорытындылар жасау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

    • Қазақ хандығы құрылуының тарихи шарттарын, алғашқы қазақ хандарының сыртқы саясатын;
    • тарихи ғылымда қазақ халқының құрылу мәселесін білу керек.
    • берілген кезең бойынша көздердің тәуелсіз сараптамасын жүргізуді және зерттеу мәселесі бойынша дербес қорытындылар жасауды меңгеру керек.

 

Тақырып 2.5.:  XVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

 

Оқу материалының мазмұны

Хақназар хан тұсында Қазақ  хандығы территориясының кеңеюі. Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалаларға иелік ету үшін шайбанидтермен күрес. Көрші мемлкеттермен дипломатиялық және экономикалық қатынастар орнату. Мамаш, Тахир,  Бұйдашы хандар тұсындағы өзара соғыстар.

XVII ғасырдағы Қазақ  хандығының саяси жағдайы. Өзара соғыстар. Есім хан мен Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Жеті  жарғы». Қазақтардың жоңғарлармен күресі. Орыс-қазақ қатынастары.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- берілген тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- тақырып бойынша білім деңгейін жүйелі арттыру.

Кәсіптік:

- осы кезеңдегі Қазақ хандығының саяси жағдайы, оқиғалар хронологиясы мен қазақ басшыларының тарихи аттары, олардың мемлекет дамуына қосқан үлестері.

Арнайы:

- қазақтардың өзара соғыстарының себеп-салдарлы байланыстарын және сыртқы саясаттағы бағдарын анықтау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

    • осы кезеңдегі Қазақ хандығының саяси жағдайын, құбылыстардың шежіресін және қазақ билеушілерінің тарихи аттарын, мемлекет дамуындағы олардың үлесін білу керек.
    • қазақтардың өзара соғыстарының себеп-салдарлы байланыстарын және сыртқы саясаттағы бағдарын анықтауды меңгеру керек.

 

 

 

 

 

3 бөлім Ресей империясының құрамындағы Қазақстан

 

Тақырып 3.1  Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы

 

Оқу материалының мазмұны

Қазақ-жоңғар соғыстары. «Ұлы жұт жылдары». Қазақтардың жоңғарларға қарсы  күресі. Қазақтың халық батырлары  Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай және олардың ерліктері. Жауға қарсылық көрсетудегі Абылхайыр ханның ролі. Аңырақай шайқасы және оның маңызы. Қазақтардың жоңғарлармен күрестегі елеулі жеңістері.

            Қазақстанның Ресейге қосылуының  алғышарттары мен басталуы. Қазақ  жүздеріне қатысты патшалық Ресейдің  саясаты. А.И.Тевкелев елшілігі. XVIII ғасырдың 40-шы жылдарын басындағы  Кіші және Орта жүздегі жағдай.

Абылай хандығы. Патшалық Ресей мен Цинь империясына қатысты  Абылай хан саясатының мәнісі. Абылай хан қазақ жерлерін біріктіру  үшін күресуші, мемлекеттік және саяси  қайраткер ретінде.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.

Кәсіптік:

- қазақ-жоңғар соғыстарының шежіресі мен «Ұлы жұт жылдары», қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі қазақ батырларының аттары мен әрекеттері, Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен басталуы, Қазақстан үшін осы үрдістің салдары; қазақ тарихындағы Абылай хан тұлғасы.

Арнайы:

- Қазақстанның Ресейге қосыла бастау салдарының тәуелсіз талдауын жүргізу; Абылай ханның саяси әрекетіне баға беру; тақырып бойынша дербес қорытынды жасау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

    • қазақ-жоңғар соғыстарының шежіресі мен «Ұлы жұт жылдары», қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі қазақ батырларының аттары мен әрекеттерін, Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен басталуын, Қазақстан үшін осы үрдістің салдарын; қазақ тарихындағы Абылай хан тұлғасын білу керек.
    • Қазақстанның Ресейге қосыла бастау салдарының тәуелсіз талдауын жүргізуді; Абылай ханның саяси әрекетіне баға беруді; тақырып бойынша дербес қорытынды жасауды меңгеру керек.

 

Тақырып 3.2 XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 

Оқу материалының мазмұны

XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының  шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуы. Экономиканың негізгі салалары. Қазақстандағы ішкі қайшылықтардың  ушығуы. Кіші жүзде Абылхайыр  ханның қазасы. Кіші жүздегі жер мәселесі. Аграралық мәследегі патшалықтың отарлау саясаты.

         1822ж. «Сібір  қырғыздары туралы жарлық». Орта  жүздегі хан билігін жою және  басқарудағы өзгерістер. 1824ж. «Орынбор  қырғыздары туралы жарлық».

Кіші жүзде хан билігін  жою. Реформа бойынша әкімшілік бөлініс. Сот реформасы. Патша отарлау саясатының күшеюі. Хан билігін жоюдың салдары.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- адамдардың басқа этникалық топтарының мәдениетін, тілін, дінін және дәстүрлерін құрметтеу мен оқып білу.

Кәсіптік:

- XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуы, аграрлық мәселедегі патша өкіметінің отарлау саясаты, 1822-24 жылдардағы отарлау реформаларының мәнісі.

Арнайы:

- қарастырылатын материалда бастыны ажырату, құжат көздерін талдау нәтижесінде дербес қорытындылар жасау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

    • XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуын, аграрлық мәселедегі патша өкіметінің отарлау саясатын, 1822-24 жылдардағы отарлау реформаларының мәнісін білу керек.
    • қарастырылатын материалда бастыны ажыратуды, құжат көздерін талдау нәтижесінде дербес қорытындылар жасауды меңгеру керек.

 

Тақырып 3.3  Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Кіші жүздегі 1783-1797жж. көтеріліс

 

Оқу материалының мазмұны

Ұлт-азаттық күрестің негізгі кезеңдері, мәселелері мен нәтижелері.

«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы