Қазақстан Республикасы жер ресурстарын мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті
«Экономика және Құқық» институты
«Құқықтану» кафедрасы
Реферат
Пәні: ҚР Жер құқығы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы жер ресурстарын мемлекеттік басқару
Ақтау 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
2003 жылғы 20-маусымда
қабылданған ҚР Жер кодексінде
жер туралы заңнаманың
Ресейлік «Жер құқығы» оқулығының авторы Б.В.Ерофеев өз еңбегінде «Жер қатынастарын басқару» түсінігінен бас тарта отырып, 7-тарауды «Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу» деп атап, былай дейді: «Жер қатынастарын мемлекеттік орталықтанған басқару қаншама артықшылықтарына қарамастан, тиімсіз болып шықты, оған дәлел ретінде шет мемлекеттердің көптеген тарихи мысалдары мен Ресейдің қайғылы социалистік тәжірибесін атауға болады». Бұдан кейін автор келесі қорытындыға келеді: «Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу жалпы мемлекеттік басқарудың бөлігі болып табылады».1 Алайда, бұл жерде «жалпы мемлекеттік басқару» түсінігіне анықтама берілмеген. Жер құқығы ғылымында Б.Е.Ерофеев жер қорын басқару институтын жоққа шығарушы жалғыз автор емес. Оған дейін Н.Т.Осипов жер қорын бірыңғай басқаруды жоққа шығарып, оның орнына жер учаскелерін беру және алып қою, жерге орналастыруды және т.б. реттейтін институтты қойған.2
1. Қазақстан Республикасы жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың түсінігі және жалпы мәселелері
Жер қорын басқару анықтамасын басқаларға қарағанда Ю.А.Вовк берген: «Біртұтас жер қорын басқару ретінде мемлекеттің елдегі жерлерді мейлінше ұтымды пайдалануды ұйымдастыруды және оларды қорғауды мақсат етіп тұтатын құқықтық қызметі түсініледі».3 Бұл анықтамада жер қорын мемлекеттік басқарудың басты өзіндік белгісі болып оның елдегі жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғаудағы ұйымдастырушылық рөлі табылады. Анықтамадағы екінші ерекшелік жер қатынастарын емес, біртұтас мемлекеттік жер қорын басқарудан көрініс табады.
Ю.А.Вовктың
жоғарыда аталған анықтамасы Н.Б.Мұхитдиновтың
«Біртұтас жер қорын
А.Х.Хаджиевтің пікірі бойынша жер қорын мемлекеттік басқару дегеніміз мемлекеттік басқару жүйесіндегі аса маңызды бағыт болып табылады, ол жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың тиімділігін қамтамасыз етудің қажетті ұйымдастырушылық шарты. Бұл дұрыс тұжырым, ал бұдан кейін автор жер қатынастарын мемлекеттік реттудің мазмұнын жер қорын мемлекеттік басқарудың мазмұнына теңестіреді, мемлекеттік басқару ұйымдастырушылық қызметті білдіретінін, ал жер қатынастарын мемлекеттік реттеу осыған ұқсас қызметтің мазмұнын құрайтынын атаған.5
Аталған автор жер қорын басқару тиісті мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық, атқарушы-билік жүргізуші қызметін білдіреді деп санай отырып, жер құқығының жер қатынастарын реттеу құқығына жататын институттарын жер ресурстарын басқару институтымен тіпті де шатастырып жібірген.
Бұл ретте ол
ҚР жер ресурстарын басқару
Жер ресурстарын басқару жер-іс жүргізушілік құқық саласындағы қызмет ретінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыретінде қарастырылған (ҚР ЖК 14-бабы).
Бұл орталық уәкілетті орган құзыретінің мазмұнынан көрініп тұрғандай, оның қызметі жерге меншік объектілеріне билік жүргізумен байланысты емес, ал жер ресурстарын басқару оның елдегі барлық жер ресурстарын, яғни, Қазақстан Республикасының жер қорына кіретін барлық жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты іс жүргізушілік, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін сипаттайды. Сол себепті, бұл органның құзыреті жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретіне және аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің құзыретіне қарағанда өзгеше.
Қазақстан Республикасы
Жер кодексінің екінші тарауы «Мемлекеттік
органдардың жер қатынастары
саласындағы құзыреті» деп
ҚР Жер кодексі жер қорын мемлекеттік басқару институтын қарастырмағандықтан, біз ҚР Үкіметінің, басқа да билік жүргізуші-атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық округтар (селолық округтар) әкімдерінің құзыретін жеке тарауда қарастырумен шектелеміз. Өйткені, олардың қызметі жер қатынастарын реттеудегі атқарушы-іс жүргізуші функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық орган мен оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыреті де қарастырылды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) Республиканың
жер қорын пайдалану мен
2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да iс-шаралардың кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу;
3) республикалық
маңызы бар ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды құру мен
кеңейтуге, халықаралық
4) жер учаскесiне
меншiк құқығына және жердi пайдалану
құқығына берiлетiн
5) облыстық өкiлдi
және атқарушы органдардың
6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру тәртiбiн, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту;
7) мемлекеттiк
жер кадастры мен жер
8) жердi пайдалану
мен қорғауды мемлекеттiк
9) облыстардың және астананың, республикалық маңызы бap қалалардың арасындағы жер қатынастарын реттеу;
10) оған Қазақстан
Республикасының
ҚР Үкіметі
облыстық (республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың) өкілдік және
атқарушы органдарының бірлескен ұсынысының
негізінде Қазақстан
Бұл жер қатынастарының
барлығы Қазақстан
3 Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдары мен әкімдердің құзыреті
а) Жергілікті өкілдік органдардың және өзін-өзі басқару органдарының құзыреті.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiту;
2) ауылдық (селолық) атқарушы
органдардың қарамағына
3) жергiлiктi бюджеттер құрамында жер ресурстарын қорғау және топырақ құнарлылығын арттыру жөнiндегi шығыстарды бекiту;
4) жергiлiктi атқарушы органдар
мен ұйымдар басшыларының жер
ресурстарының пайдаланылуы
5) Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленген
6) ҚР Жер кодексінде
және Қазақстан
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары жер қатынастарын реттеу
саласында Қазақстан
Жергілікті өкілдік органдар өз қызметінде жер ресурстарына билік жүргізу құқығына ие болмайды. Бұған мына жағдай жатпайды: ҚР Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес осы баптың 2-тармағында санамаланған, жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмдерiмен белгiленедi.
Өкілдік және атқарушы органдар өздерінің бірлескен ұсыныстарының негізінде ҚР Үкіметіне Қазақстан Республикасының азаматтарында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларында және оның аффилиирленген тұлғаларында жеке меншік құқығында белгілі бір әкімшілік ауданның (қаланың) шегінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілеуі туралы өтініш жасауы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ұтымды пайдалану мақсатында жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмдерiмен суармалы жерлердi пайдалану ерекшелiктерi ескерiле отырып, суармалы жерлердегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерi белгiленуi мүмкiн (ҚР ЖК 50-бабының 5-тармағы).
ә) Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органының құзыреті.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзiрлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын
пайдалану, магистральды
3) ауданаралық
маңызы бар уақытша
4) ҚР Жер кодексінің 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру;
5) мемлекеттiк
ғылыми-зерттеу, оқу және
6) ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың барлық
7) ҚР Жер кодексінiң
13-бабының 3-тармақшасында
8) ҚР Жер кодексінде
және Қазақстан
9) орман қоры
жерiн қоспағанда, ҚР Жер кодексінің
90-бабында көзделген
10) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды үйлестiру, оған басшылық ету және бақылау жасау;
11) ҚР Жер
кодексінде және Қазақстан
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының жер ресурстарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар да жатады:
1) ҚР Жер кодексінің
13-бабында көзделген
2) аталған Кодекстiң 13-бабында көзделген
жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қажеттiктер
үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде
сатып алу арқылы алып қою;
3) тиiстi өкiлдi органның бекiтуi үшiн оларға
әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағының
жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын
әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз
ету.
Атқарушы органның басшысы жер қатынастарын мемлекетті реттеу функциясын жердің меншік иесі — мемлекеттің атынан жүзеге асырады.
Жергілікті
мемлекеттік органдардың
Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың құзыретi.
Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi елдi мекендер жерiн қоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:
1) аталған Кодекстiң 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2) аталған Кодекстiң
13, 16 және 18-баптарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн
мемлекеттiк қажеттiктер үшiн
3) басқа да
табиғат қорғау шараларының
4) ауылдық (селолық)
атқарушы органдардың құзырына
берiлген ауыл шаруашылығы
5) аталған Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
6) арнайы жер қорын құру;
7) аталған Кодексте
және Қазақстан
Қалалық атқарушы органның құзыретi.
Облыстық маңызы
бар қаланың атқарушы органының
қала шекарасының (шегi) шебiнде және
оның әкiмшiлiк бағыныстылығына
1) ҚР Жер кодексінiң 13, 16 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2) аталған Кодекстiң
13 және 16-баптарында көзделген
3) басқа да
табиғат қорғау шаралары
4) тиiстi өкiлдi органның
бекiтуi үшiн өзiне әкiмшiлiк
5) аталған Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
6) арнайы жер қорын құру;
7) аталған Кодексте
және Қазақстан
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң құзыретi.
Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:
1) ҚР Жер кодексінiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2) жер учаскелерiн
мемлекеттiк қажеттiктер үшiн
3) аталған Кодексте
және Қазақстан
4. Жер ресурстарын
басқару жөніндегі орталық өкілетті
орган мен оның жергілікті
жерлердегі органдарының құқықтық
жағдайы
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретiне мыналар жатады:
1) жер ресурстарын
басқару мен жер қатынастарын
реттеу саласында бiртұтас
2) жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
3) мемлекеттiк
жер кадастры мен жер
4) жерге орналастыруды
республикалық деңгейде
5) жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау;
6) жердi аймақтарға бөлу негiзiнде оның пайдаланылуын жоспарлау мен болжамдауды ұйымдастыру, жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу;
7) жерге орналастыру
жұмыстарын жүргiзудi
8) мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн нақты жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау;
9) жер учаскесiне
құқықты куәландыратын
10) жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз ету;
11) жер учаскелерiнiң
бөлiнетiндiгi мен
12) пайдаланылмай жатқан жердi және Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жердi анықтау;
13) Қазақстан
Республикасының жер заңдарын
бұзушылықты жою жөнiнде
14) жердi пайдалану
мен қорғау мәселелерiне
15) егер құрылыс,
пайдалы қазбалар кен
16) Қазақстан
Республикасының жер заңдарын
анықталған бұзушылықтарды жою
жөнiнде орындалуы мiндеттi нұс
17) Қазақстан
Республикасының жер заңдары
саласындағы әкiмшiлiк құқық
18) ҚР Жер
кодексіндегі және Қазақстан
Республикасының заң
Уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жер ресурстарын
басқару жөніндегі орталық
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 23-қарашада қабылданған қолданыстағы № 1776 ережесіне7 ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, заңнамада көзделген жағдайларда арнайы атқарушы, рұқсат беруші және бақылау-қадағалау функцияларын, сонымен қатар жер ресурстарын мемлекеттік басқару, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы8 болып табылады.
Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар, олар заңды тұлғалар болып табылады.
Қорытынды
Жер ресурстарын басқару жер-іс жүргізушілік құқық саласындағы қызмет ретінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыретінде қарастырылған (ҚР ЖК 14-бабы).
Бұл орталық уәкілетті орган құзыретінің мазмұнынан көрініп тұрғандай, оның қызметі жерге меншік объектілеріне билік жүргізумен байланысты емес, ал жер ресурстарын басқару оның елдегі барлық жер ресурстарын, яғни, Қазақстан Республикасының жер қорына кіретін барлық жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты іс жүргізушілік, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін сипаттайды. Сол себепті, бұл органның құзыреті жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретіне және аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің құзыретіне қарағанда өзгеше.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің екінші тарауы «Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті» деп аталады. Соның ішінде, жер ресурстарын басқару жөніндегі органның құзыреті, жоғарыда атап өткеніміздей, жер қатынастарын реттеу саласындағы басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне қарағанда өзгеше.
ҚР Жер кодексі жер қорын мемлекеттік басқару институтын қарастырмағандықтан, біз ҚР Үкіметінің, басқа да билік жүргізуші-атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық округтар (селолық округтар) әкімдерінің құзыретін жеке тарауда қарастырумен шектелеміз. Өйткені, олардың қызметі жер қатынастарын реттеудегі атқарушы-іс жүргізуші функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық орган мен оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыреті де қарастырылды.
Әдебиеттер
Абдраимов Б.Ж.
Проблемы совершенствования
Абдраимов Б.Ж. Земельный процесс в Республике Казахстан. Учебно-методическое пособие. Алматы, 2001.
Архипов И. Г. Земельное право РК. Учебное пособие. Алматы, 1999.
Хаджиев А.Х. Земельное право. Общая часть. Алматы, 2001 г.
Ерофеев Б. В. Земельное право России. Учебник, 1998 г.
ҚР Жер кодексі. 2003 жыл 20-маусым.
1 Ерофеев Б.В. Земельное право. Учебник. Москва. Новый юрист, 1998, С . 254.
2 Осипов Н.Т. Теоретические проблемы советского земельного права. Л., 1972, С. 91
3 Вовк Ю.А. Управление единым государственным земельным фондом. В кн. Советское земельное право. Харьков, 1981, С. 70.
4 Мухитдинов Н.Б. Система советского земельного права. В кн. Предмет и система советского земельного права. Алматы, 1981. С. 84-85
.
5 Хаджиев А.Х. Земельное право республики Казахстан ( общая часть). Учебное пособие, Алматы, Данекер, 2001, С. 156— 157
.
1 Постановление Правительства РК от 22 октября 2003 г. № 1071 (см. // Казахстанская правда, 30 октября 2003 г.)
7 ҚР ПҮАЖ, 1999, № 52, 509 б
.
8 Қазіргі кезде ҚР Жер кодексінің 14-бабына сәйкес орталық уәкілетті орган.

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары
- Қазақстан Республикасы Конститутциясы құқығы пәні
- Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері
- Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері
- Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
- Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы
- Қазақстан Республикасы акционерлік қоғам
- Қазақстан республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
- Қазақстан Республикасыеың саяси жүйесі
- Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару