АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
№ 2
семестрлік жұмыс
«Қазақстан Республикасының
саяси жүйесі»
ЖОСПАР
Кіріспе................................................................................................3
- Қазақстан
мемлекетілігінің түп-тамырлары.........................4
- Қазақстан
мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы............5
- ҚР-дағы саяси
жүйенің құрылымы мен ерекшеліктері.......9
Қорытынды......................................................................................13
Әдебиеттер тізімі.............................................................................14
КІРІСПЕ
1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық Заң қабылдады.
Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші
бабында Қазақстан Республикасы
тәуелсіз демократиялық және
құқықтық мемлекет, ол өз өкімет
билігін толық иеленеді, өзінің
ішкі және сыртқы саясатын
дербес белгілеп жүргізеді деп
айтылғандай, осы күннен бастап
Республика тарихында жаңа кезең
басталды. Бірақ біреулер ойлағандай
ел тәуелсіздігі құжатқа қол
қою рәсімі арқылы қол жеткендей
оңай келген жоқ. Сонау «Ақтабан
шұбырынды» жылдардан басталған,
ел басына қауіп төнген ауыр
кезеңнен бастап, орыс отаршылдығына
қарсы жүргізілген ұлт-азаттық
көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы
ұлт зиялыларының тәуелсіздікке
деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық
жүйенің нығаю тұсындағы наразылықтар
мен көтерілістер, қазақ жастарының
Желтоқсан оқиғасы кезіндегі
саяси серпілісі және 90-жылдардың
басындағы қызыл империяның тұяқ
серпер алдындағы жанталасына
қарсы ұлт республикаларының
саяси күресі, осылардың бәрі
ғасырларға созылған отаршылдықтан
тәуелсіздікке жеткен баспалдақтар
еді.
Қазір
мәлім болғандай, КСРО мемлекетінің
ұзаққа бармайтындығы туралы батыс
саясаткерлерінің 80-жылдардың бас
кезіндегі болжамдары расқа шықты.
Өйткені, 80-жылдардың басына таман
КСРО-дағы барлық республикаларда сас
ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар
қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының
елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі
қайта құру деп аталған бағыты
да еллдегі жағдайды тұрақтандыра алмады.
Аталған қайта құру бағыты терең
терең ойластырылған ғылыми концепциясыз,
айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді.
Дегенмен,
кеңес саяси жүйесіндегі реформалар
ұлт республикаларында әртүрлі
бұқаралық ұйымдардың құрылуына
жол ашты. 1989 жылдың көктемінде «Невада–Семей»
қозғалысы дүниеге келсе, 1990-1991 жылдары
«Азат» азаматтық қозғалысы, «Желтоқсан»
партиясы, Қазақстан социал-демократиялық
партиялары құрылды. Бұл партиялар
мен қозғалыстар да Қазақстанның
егемендігі үшін күресті. Сөйтіп, Қазақстан
1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Қазақстан
мемлекетілігінің түп-тамырлары
Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы
дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз
егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын
ұғыну керек. Қандай болмасын ұлттың
мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан
белгілі.
Демократияның негізгі бір принципіне
де мемлекеттік құрылымның ұлттық сипатын
сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты
жатады. Бұл принцип жүзеге аспаған жағдайда
ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе.
Бұл - бір. Екіншіден, қазақ
халқының ұлттық-саяси дамуының
тамыры кешегі кеңес дәуірінен
де әрі тереңде жатқанын ұғынуы
қажетті. 400 жылдан астам шексіз
шығын қасірет, құрбандықтармен
өткен саяси күресте дүниеге
келген алғашқы тәуелсіз қазақ
мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші
жартысында Қазақстанның Россияғға
қосылуы аяқталған соң мүлде
жоғалып, оның орнына отаршылық
саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі
орнады.1917 жылы ақпан революциясынан
кейін, Қазан революциясы кезінде
ескі саяси жүйенің ыдырауына
байланысты бүкіл Россия көлемінде
етек алған бұқаралық-халықтық
қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс
заңды түрде қазақтың ұлттық
автономиясын, тәуелсіз мемлекетін
құру идеясын тудырды. Осы кезеңде
Алаш партиясы құрылып, оның
басшылары « Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Конститутциялық Заң қабылданды.
Осы заң бойынша Қазақстан
Республикасының өз территориясында
өкімет билігін толық иеленетіндігі,
өзінің ішкі және сыртқы саясатын
дербес жүргізетіндігі белгіленді.
Аталған заң республиканың жаңа
Конституциясын әзірлеуге негіз
болды.
Қазақстан
мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы
1990 жылғы желтоқсанда
Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан
республикаларының жетекшілері
өзара төрт жақты шарт жасау
жөніндегі келісімге қол қойды.
Бұл келісім бойынша олар өздерінің
Одақтық шартқа қарсы қоятын
талаптарының бар екендігін ашып
айтты. Республикалар бұрынғы
федерацияның орнына, енді конфедерация
түріндегі одаққа бірігу жөнінде
талап қойды. Ол бойынша Орталықтың
шешуіне сыртқы саясат, халықаралық
мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік
банк және финанс, елдегі қорғаныс
мәселелерін шешуді қалдырып
қалған мәселелердің барлығын
жергілікті жерлерде шешу дұрыс
деп есептелінді.
1990
жылы 25 қазанда республика Жоғарғы
Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік
егемендігі туралы Декларация
қабылдағаны жоғарыда айтылды.
Осы кезде Қазақ Мемлекеттігі
шеңберінде Республикадағы Жоғары
атқарушы және билік жүргізуші
өкімет басшысы ретінде Қазақ
КСР-нің Президентіне жеткілікті
өкілеттік беру қажеттілігі пісіп
жетілді. Мұндай өкілеттіктер
республика парламентінің 1991 жылы
20 қарашада қабылдаған «Қазақ
КСР-да мемлекеттік өкімет билігі
мен басқару құрылымын жетілдіру
және Қазақ КСР Конституциясына
өзгерістер мен қосымшалар енгізу
туралы» Заңы бойынша берілді.
Заң негізінде Республиканың
мемлекеттік басқару органдарында
өзгерістер жасалды. Прокуратура,
Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі
істер, Әділет, Сот органдары қайта
құрылды. Қазақстанның мемлекеттік
Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып
қызметіне кірісті.
1991
жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында
тұңғыш рет республикада жалпы
халықтың қатысуымен Президент
сайлауы өткізілді. Дауыс беру
қорытындысы бойынша Н.Назарбаев
Президент болып сайланды. Осы
кезде Президенттің жарлығымен
бұрын одаққа бағынған кәсіпорындар
мен ұыймдарды республика үкіметінің
қармағына беру, мемлекеттің сыртқы
экономикалық қызметінің дербестігін
қамтамасыз ету, елімізде алтын
қорын жасау туралы және т.б.
заңдар шығарылды. Сол жылы 10 желтоқсанда
Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының атауы
Қазақстан Республикасы болып
өзгертілді.
1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында
парламент депутаттары «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Заң қабылдады. Заңның
бірінші бабында Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына
жоғары иелік ету құқы бар,
тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын
жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен
халықаралық құқықтық принциптері негізінде
өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы
барлық ұлттардың өкілдері жергілікті
қазақтармен тең құқықты азаматы
деп саналды. Олар республикадағы мемлекеттік
өкіметтің қайнар көзі және егемендікті
бірден-бір қорғаушы болып табылады.
Республика азаматтарының құқықтарына
қол сұғушылар заң бойынша
қылмысқа тартылуы тиіс делінген.
Заңда
Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі
құқы, республика азаматтарының әскери
міндетін өтеу, оның тәртіптері мен
талаптары жөнінде айтылған. Оған
сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды
қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және
шекаралық әскерлердің істері мен
қауіпсіздік органдары Президентке
бағынады деп жазылған. Республиканың
мемлекеттік тілі – қазақ тілі,
ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі
болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы
16 желтоқсан республика тәуелсіз күні
ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан
кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен
мемлекеттік даму процесі басталды.
Еліміздің жаңа конституциясының жобасы
дайындалды. Облыстардың, қалалардың және
аудандардың басқару органдарына
реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер
лауазымы енгізіліп, олардың алдына
Президент пен Үкімет шешімдерін
орындау, жергілікті жерлерде экономикалық,
мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу
міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау,
оларды қызметінен босатуды Қазақстан
Президенті мен жоғарғы әкімшілік
органдары жүргізетін болып белгіленді.
Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау,
депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты
комиссиялардың қызметіне басшылық
ету, әр түрлі қоғамдық ұйымдарымен
байланыс жасау Кеңестердің қарауына
берілді.
Республикамыз
тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен
мемлекет ретінде халықаралық аренаға
шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан
біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық
валюта қорының, Халықаралық реконструкция
және даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің,
Халықаралық даму қауымдастығының,
Инвестицияға кепілдік беретін көп
жақты агенттіктің, Инвестициялық
таластарды шешу жөніндегі халықаралық
орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мүшесі болды және
басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді.
Өзінің
тәуелсіздігін алған Қазақстан
Республикасын дүниежүзінің ондаған
елі таныды. Біздің елді алғашқылардың
бірі болып Түркия, сол сияқты
АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания
және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады.
Қазақстан шет елдерде дипломатиялық
және консулдық өкілдіктер ашуға
кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік
пен миссия, халықаралық және ұлттық
ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей
бастады. Республиканың егемендікке
қол жеткен алғашқы кезінен бастап
мемлекет аралық және үкімет аралық келісім-шарттарға
қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз
Қазақстан Республиканың алдына
үлкен келелі міндеттер қойылды.
Олар елдің ішкі жағдайында Егемен
Қазақстан мемлекетінің тұтастығын
нығайтып, нарықтық экономикаға көшу,
жоспарлады іске асыру, елдің ішінде
көп ұтты халықтардың бірлігін сақтауда
барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның
сыртқы саясатындағы басты міндеттер
–оның бүкіл дүниежүзі елдерімен
байланыстарын одан әрі дамытып,
алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің
қатарына қосылу, елдің қәуіпсіздігін
қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай
отырып, ядролық соғысты болғызбау.
Халықтың ерік жігері тек осындай
сас маңызды міндеттерді іске
асыруға бағытталды. 1992 жылы қаңтарда
Қазақстан өзінің тұңғыш сом алтынын
шығарып, мемлекеттің алтын қорын
жинауды бастады.
Республиканың
мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз
ету мақсатымен 1992 жылы қаңтарда Ішкі
істер әскері құрылды. Армия қатарына
шақырылған жастар Қазақстан аумағында
әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие
болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық»
қағида бойынша әскерге шақырылғандар
туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда
қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы
тамызда Республика Президенті әскери
қызметшілер үшін әскери анттың жаңа
мәтінін бекітті.
Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы
кезек күттірмейтін міндет ретінде
оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды
талап етті.
1992
жылы маусымда Жоғарғы Кеңестің
сессиясы республиканың жаңа
мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын
бекітті. Сол жылғы желтоқсанда
Республиканың Гимнінің (әнұран) жаңа
мәтіні қабылданды.
1936
жылы бекітілген Қазақ КСР-інің
мемлекеттік туы мен елтаңбасында
Кеңес елінің идеологиялық бағытын
(тап күресі, «кеңес» халқының
бірлігі, коммунизм идеясын дүние
жүзіне тарату) бейнелеген және
республиканың этникалық-мәдени
ерекшелігін ескермеген рәміздер
енгізілген еді. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы – мемлекеттік
негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында
арайлы күн, күннің астында қалықтаған
қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір
матаның ағаш сабына бекітілген тұсында
ұлттық оюлармен кестеленгентік жолақ
өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына
тең. Бірыңғай көк-көгілдір төбедегі бұлтсыз
ашық аспанның биік күмбезін елестетеді
және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ
жолына адалдығын аңғартады. Күн – уақыт,
заман бейнесі.Ұлан-байтақ кеңістікте
қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының
еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының
жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының
негізі –шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.
Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі
–отбасының бейнесі. Шаңырақ –күн
шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы
суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің
күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің,
ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар
– дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі.
Ол жеңіске деген жасымас жігердің,
қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке
ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты
тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.
Ол – өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты
жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Қазақстан
Республикасының елтаңбасының авторлары
– Ж. Мәлібеков пен Ш. Уалиханов.
Мемлекеттік
Ту мен Елтаңба жөніндегі арнайы
заңда Қазақстан Республикасының
азаматтары ту мен елтаңбаны құрметтеуге
міндетті екендігі атап көрсетілді. 1992
жылғы маусымда «Қазақстан Республикасы
Әнұранының музыкалық редакциясы туралы»
Заң, кейіннен -- Әнұран мәтіні қабылданды.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
– Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерінің бірі. Әнұран
салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік
органдар өткізетін өзге де шараларға
байланысты орындалады.
Ел
рәміздерін қабылдау – аса маңызды
тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы
Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы
саясатын анықтау мүмкіндігінен
айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді
қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің,
жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның
шығуын білдірді.
ҚР-дағы
саяси жүйенің құрылымы мен ерекшеліктері
Жас
егеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси
құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші
жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған
Конституция бойынша мемлекеттік өкімет
билік заңдық, атқару және сот билігі болып
бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас
жүйесін басқаратын мемлекет басшысы
ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан
Республикасы-демократиялық, зиялы және
біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын
алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік
республика құру бағытында дамуы басты
стратегиялық мақсатқа айналды.
Президенттік билікке көшу объективтік
заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі
ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан,
парламенттен және барлық билік
институттарынан жоғары тұрып,
олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап
отырады. Қоғам өмірінің өткелең,
төтенше кезеңдерінде ол конституцияның
бірден-бір кепіліне және мемлекеттік
егемендіктің нақты көрінісіне
айналды.
Дүние жүзіндегі көптеген демоктариялы
елдердің тарихи тәжірбиесі көрсеткендей
бұл ел басқару түрінің бірден-бір
пәрменді түр екендігі Қазақстанның
қоғамдық-саяси өмірінде ерекше
дәлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың
басында кешегі Одақтың көптеген
аймақтарында саяси тұрақтылық
бұзылып, азаматтық және ұлттық
тартыс-қақтығыстар бел алған
тұста Қазақстан экономикалық
құз шатқалға құлап кетудің
аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті
осы апттан жедел алып шығу
президенттік биліктің басты
мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық
реформаны саяси тұрғыдан қорғау,
ел ішінде саяси тұрақтылықты
сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс
және қауіпсіздік жүйесін құру,
Қазақстанның геосаяси жағдайына
сәйкес дербес сыртқы саясат
жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге
айналды. Осымен қатар Қазақстанды
дүние жүзіне танытып, әлемдік
қоғамдастық құрметтейтін дәрежеге
көтеру, ядролық қарусыздану процесінде
тарихи мәселелерді жедел шешу
керек болды .
Президенттік билік институтын
еңгізу арқылы республикада ең
бір қиын өткелең жағдайда
өкімет билігі орнықты ұсталып,
қоғамдық-саяси жүйе жедел түрде
дамыды. Мысалы, бір ғана 1992 жылдың
өзінде мемлекеттің төл күш-құрылымдары-әскери
күштер, Республикалық ұлан, ішкі
және шекара әскерлері құрылды.
1993 жылдың сәуір айында тарихта
тұңғыш рет Қазақстанның Теңіз
күштерін құру істері басталды.
Осылай жас мемлекеттің қорғаныс және
қауіпсіздік жүйесін құру ісі қысқа мерзімде
аяқталды. Осы жылдары сыртқы істер министрлігі
шын мәніндегі сыртқы саясат мекемесіне
айналды. Шет елдермен және халықаралық
ұйымдармен барлығы 800-ден астам құжат
жасалды.
Тоқсаныншы жылдардың бірінші
жартысындағы Қазақстанның қоғамдық,мемлекеттік-саяси
өмірлік барлық жағынан да
күрделі өзгерістерге толы.
Қазақстанның тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев 1990 жылғы 24 сәуірде
ҚазССР Жоғарғы Советінің сессиясында
жасырын дауыс берудің нәтижесінде
сайланып, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында
бүкілхалықтық сайлау арқылы
билікке келген болатын. Бұл
Қазақстанда саяси бір жүйеден
екінші жүйеге көшудің алғашқы
жылдары еді. Қоғам өмірінде, елді
басқару саласында президенттік
билік комунистік партия және
кеңестер билігімен қатар өмір
сүруі.
1991 жылғы қыркүйекте Қазақстан
Компартиясы мүшелері Социалистік
партияға айналу туралы шешім
қабылдады да бүкіл қызметінің
мән-мағынасын түбегейлі жаңартуға
тиісті болды. Социалистік партия
мемлекет басындағы билеуші партияның
сипатынан айрылып, сол кезеңнен
бастап, халық арасында өз күшімен
бедел жинауға тиіс болды. Социалистік
партия съезінің шешімімен келіспейтіндер
өз партияларын құрып, ресми
тіркеуден өткізуге мүмкіндік
алды.
1992 жылы «Қазақстан Халық Конгресі»
партиясы құрылды. 1993 жылдың басында
«Қазақстанның Халық бірлігі»
одағы құрылып, бұл кейін партияға
айналды.1994 жылы наурызда Әділет
Министрлігі Қазақстан коммунистік
партиясын тіркеді. 1995 жылы Қазақстанның
демократиялық партиясы дүниеге
келді. Саяси партиялар мен
қозғалыстардың саны жылдан-жылға
көбейе бастады, солардың қатарында
1997 жылы Қазақстан либералдық
қозғалысы қосылды.
Ең бір қиын күндерде шын
мәніндегі халық өкілеттілігінің,
ұлттық демократияның органы
ретінде «Қазақстан халықтары
Ассамблеясы» дүниеге келді.
Бұндай ерекше маңызды, күшті
қоғамдық ұйым ТМД елдерінің
ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын
барлық ұлттардың, ұлттық топтардың
азаматтарын саяси, экономикалық
және әлеуметтік салалардың жаңаруына
жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ
органы- Қазақстан халықтары Ассамблеясын
құру туралы шешім 1992 жылғы
желтоқсанда өткен қазақстан
халықтары құрылтайында қабылданды.
Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағыконсультативті-кеңесші
орган дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына
байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен
бірге, халық арасында күнбе-күн нақты
жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 1995 жылдан
бастап жоғарғы оқу орындарында Ассамблея
квотасы бойынша түскен аз ұлттардың өкілдері
оқи бастады.
Егеменді Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясы қабылданды.
Бұл негізгі Заңның жобасын
талқылауға үш миллионнан астам
азаматтар қатысты. Олар 1993 жылғы
Конституцияға 30 мыңнан астам
ұсыныстар мен ескертпелер енгізді.
Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген
респуебликалық референдумда қабылданды.
Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық зиялы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтыратындығы, оның ең қымбат
қазынасы-адам және адамның өмірі,
құқықтары мен босьандықтары
болатынын заңдандырды. Осымен
қатар Қазақстан Республикасы
президенттік басқару нысанындағы
біртұтас мемлекет ретінде заңдандырылды.
Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ
тілі болып бекітілді. Конституцияның
кіріспесінде Қазақстанныың егемендігімен
оның болашақ ұлттық өркениетке
бағытталған саяси стратегиясы
айқын көрсетілген. Онда: « Біз,
ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ
жерінде мемлекеттік құрастырып,
өзімізді еркіндік, теңдік және
татулық мұраттарына берілген
бейбітшіл азаматтық қоғам деп
ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа
лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі
және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жаупкершілігімізді сезіне
отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз»-деліінген.
Осы Ата Заң қабылданар алдында,
1995 жылдың 29-сәуірінде Қазақстан
Республикасы Президентінің өкілеттілігін
ұзарту туралы референдумда өткізілді.
Мұнда қатысушылар тізіміне іліккен
8.309637-сі немесе 91,21 пайызы дауыс
беріп, олардың 95,46 пайызы президент
өкілеттілігін ұзартуды жақтады.
Бұл ақиқат, біріншіден, Конституцияның
президенттік басқару нысаны
туралы қағидасының заңдылығын,
өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден,
Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың
орныққандығын көрсетеді. Үшіншіден,
қазақстандықтар Президенттің ішкі,
сыртқы саясатын толығынан қолдайтынын
танытты.
Жаңа Конституцмяны қабылдау
мен Президенттің
өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық
референдум арқылы демократиялық
егеменді мемлекеттіктіңнегізі
қаланды. Жаңа президенттік билік
түрімен ескі кеңестік жүйе арасындағы
үйлеспестік, қайшылық жойылды. « Президент
мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі
және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және халықаралық
қатынастарда қазақстан атынан өкілдік
ететін ең жоғары лауазымды тұлға» болды.
Президентті сайлау жүйесі нақтылы белгіленді.
Оның мемлекеттік міндеттері мен құқықтары,
импичмент туралы ереже-бәрі де Негізгі
Заңда түйінделеді. Тұрақты жұмыс істейтін
екі Палатадан тұратын Парламент заң шығару
қызметін атқаратын, республиканың ең
жоғарғы өкілді органына айналды. Заңнын
52-бабы бойынша Парламент депутаттары
қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты
емес болды.
Республиканың атқарушы билігін
жүзеге асыратын атқарушы органдар
жүйесін басқаратын Үкімет президент
алдында жауап беруге және
Республика Парламентінде есеп
беруге міндеттелді. Қазақстан
Республикасында сот төрелігін
тек сот қана жүзеге асыратын
жаңа түрде сот билігі заңдастырылды.
Осы жүйеде дүниеге келген
Конституциялық кеңес мемлекеттік
биліктердің арасында дау туған
жағдайда Республика Президентінің,
Парламент депутаттарының сайлауын
өткізудің дұрыстығын және референдум
өткізу туралы, басқа да осы
сияқты саяси мәселелерді шешетін
болды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Міне
осылайша Қазақ халқы сан ғасырлар
армандаған еркіндігіне, тәуелсіздігіне
қол жеткізді. Енді еліміз аз
ғана тәуелсіз жылдарында дамығыан
елдер қатарына қосылуға бар
күш жігерін салуда. Бұл әрине
елбасымыздың көреген саясатының
жемісі, еліміздің зайырлы, өркениетке
ұмтылуы деп түсінеміз. Ендігі
болашақ халқына адал елін, жерін,
туған тілін сүйетін жастардын
қолында!!!
«Ұлт
өзінің мемлекеттігінсіз
ұлт болып өмір
сүре алмақ емес…Біздің
мемлекетімізде тұрғылықты
ұлттың-қазақтардың
мүдделері жекелеген
мәселелерде ерекше
атап айтылатыны әбден
орынды, мұның өзі
мемлекеттердің бірқатарында
тап, осылай етіледі
де», деп атап көрсетті
Н.Ә.Назарбаев.
Әдебиеттер
тізімі
- Н.Назарбаев.
Жаңа әлемдегі Қазақстан. Астана,2007.
- Декларация
о государственном суверинетете Казахской
Советской Социалистической республики.-25.10.1990г.//
Казахстанская правда.-1990г
- Г. Асылханова.
О процессах политического развития Казахстана.
Саясат- Полис, 2005г.
- Конституция
Республики Казахстан.- Алматы,1995г.
- Google, Яндекс
беттері