Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы
Жоспар
Кіріспе
1. Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы
1.1. «Энергетика және ҚР коммуналдық шаруашылығы»: Б.Юсупов сұхбаты «Электр қуаты нарығында бәсекелестік болуы керек»
1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1.3. Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы (ҚЭҚ) — 1999 жылы 7 қаңтарда үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған заңды тұлғалардың бірлестігі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Электр энергиясы нарығындағы
ойындардың түсінікті және болжауға
болатын ережелерін әзірлеу керек.
Инвестор өзінің келешегін 10-15 жыл
бұрын білуге тиіс. Бұл біріншіден,
энергетикалық жобалардың өтелімділігінің
үлкен мерзімдерімен
Қазақстанда энергетика қалай
дамымақшы? Бірінші кезекте қандай
мәселелерді қарастыру керек? Осынау
маңызы зор сауалдардың шешімі табылуымен
іс жүзінде ғана емес, теория жүзінде
де жұмыс жасалуда. Елдің қазіргі
заманғы экономика жағдайын талдайтын
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы шілдедегі
қаулысына сәйкес құрылған «Қазақстан
индустриялық даму институты» Акционерлік
Қоғамы (КИРИ) болып табылады. КИРИ –
бұл ҚР индустриальды-жаңғырту саясаты
саласында сапалы қызмет көрсететін
тиімді және кәсіби ғылыми-зерттеу
және консалтинг ұйымы. Оның негізгі
қызметтері: елдің индустриальды-жаңғырту
дамуына ғылыми-әдістемелік жолмен
және ақпараттық-талдаумен
1. Қазақстан Республиканың электро энергетика саласы
1.1. «Энергетика және ҚР коммуналдық шаруашылығы»: Б.Юсупов сұхбаты «Электр қуаты нарығында бәсекелестік болуы керек»
Электр қуаты нарығында бәсекелестік болуы керек»
Кеңестер Одағы ыдырағаннан соң Қазақстан экономикалық құлдилау кезеңінен өтті, мұның артынан жедел экономикалық өсу кезеңі ұласты. Бұл үрдістер энергетикалық салада да көрініс тапты. Экономика дамыған сайын энергия қорларын өндіру және тұтыну өскені байқалады. Алайда бұл салаға инвестиция түсімі шектеулі қалпында қалып отыр, әсіресе энергетика нысандарын жаңғырту және техникалық қызмет көрсету бөлімдерінде анық білінеді. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету энергетика саласының анағұрлым маңызды мәселесі болып қалуда, өйткені бұл өзі маңызды әлеуметтік мәселе болып та табылады. Қазақстанда энергетика қалай дамымақшы? Бірінші кезекте қандай мәселелерді қарастыру керек? Осынау маңызы зор сауалдардың шешімі табылуымен іс жүзінде ғана емес, теория жүзінде де жұмыс жасалуда. Елдің қазіргі заманғы экономика жағдайын талдайтын ҚР Үкіметінің 2010 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес құрылған «Қазақстан индустриялық даму институты» Акционерлік Қоғамы (КИРИ) болып табылады. КИРИ – бұл ҚР индустриальды-жаңғырту саясаты саласында сапалы қызмет көрсететін тиімді және кәсіби ғылыми-зерттеу және консалтинг ұйымы. Оның негізгі қызметтері: елдің индустриальды-жаңғырту дамуына ғылыми-әдістемелік жолмен және ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету арқылы жәрдем беру; өнеркәсіп саясатының мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін тәжірибелік кепілдемелерді өндіру болып табылады.Институттың мамандары жобалардың, нормативтік-құқықтық актілердің, бағдарламалық құжаттардың, инвестициялық жобалардың сараптамалық бағасын береді. Олардың қазіргі негізгі міндеті – ГПФИИР жүзеге асуының бағасы мен монинторингі, ҚР МИНТ салалық бағдарламалары және аймақтардың даму бағдарламаларының сараптамасы. Бізбен әңгімелескен «Қазақстан индустриялық даму институты» Акционерлік Қоғамы (КИРИ) вице-министрі Бақытжан Юсупов.
– Бақытжан Қадыржанұлы, КИРИ мамандары қазір қандай жұмыстармен шұғылдануда?
– Біздің институт қазіргі сәтте аяғынан қаз тұру, жасақталу сатысында. Құрылған күннен бері бар болғаны жарты жыл өтіпті, бұл аз мерзім. Институттың қасынан электр энергетикасы дамуының Орталығы құрылды.
Бүгінгі күні Орталықтың мамандары электр энергетикасының былайша айтқанда «ғаламдық мәселелерін» талқылайды: Қазақстандағы электр энергиясы нарығының дамуын; ҚР электр энергиясы мен көрші мемлекеттердің нарықтарының кірігуі; қуатты үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру; жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту; басқа да көптеген мәселелер бар. Біз индустрия және жаңа технологиялар Министрлігіне келетін жобалардың сараптамаларында көмек көрсетеміз, заң жобаларына ұсыныстар енгізеді, күрделі сәттерде сарапшы ретінде кіріседі, мысалы, электр энергиясы нарығының қызмет атқару мәселелері бойынша. Және біздің пікірімізге энергетика әлеуметі құлақ салады деп айта аламын.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған электр энергиясы дамуы саласындағы Салалық Бағдарламалар жобалары бойынша ҚР Заңдарының «Энергияның жаңғыртылатын көздерін қолдау туралы», «Энергияны үнемдеу мен энергияның тиімділігін арттыру туралы» және басқа құжаттарға біз ұсыныс жасағанбыз.
ВЭС бойыша Шелек дәлізі мен Қарағанды қаласындағы 4-ТЭЦ Балқаш ТЭС құрылысының жобалық қаржыландыруы бойынша сарапшылық қортындылары дайындалды. Электр энергиясының баланс, теңгерімдегі нарығы жұмыс істеуінің Ережесіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар, сондай-ақ, International BV «Электр энергиясын өндірісінің қазақстандық бәсекелестік нарығын дамытудың стратегиялық жоспары» КЕМА есебіне тұжырым берілді.
Қазір, менің білуімше, біздің энергияның жаңғыртылатын көздерінің нарығына кіруге инвесторлар – қаражат салушылар белсенді тілек білдіруде. Бір нәрсе, олар жаңғыртылатын энергия көздері туралы жаңа Заңның шығуын, қазақстандық нарықта энергетикалық «ойындардың» ережелері түсінікті болуын тосып отыр.
Біздің институт жетекші халықаралық ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтастықта екенін атап өткім келеді. Атап айтқанда, біздің әріптестеріміз болып Еуропалық Қайта Құру мен Даму банкі, Азия Даму Банкі, ПРООН, Бүкіләлемдік экономикалық форум, Экономиканың зерттеу институты, Экономика, сауда және индустрияның зерттеу институты (RIETI, Жапония), Халықаралық инвестиция бойынша жапон институты (JOI), Энергетикалық зерттеулердің корей институты (KIER) болып табылады.
Қазақстандағы қазіргі заманғы электр энергиясы нарығындағы жағдайды Сіз қалай бағалайсыз?
– Республикадағы
электр энергиясы нарығындағы
ахуалды толығымен бәсекелі
Сол кезеңде бұл жалғыз
дұрыс шешім болғаны рас, себебі
энергия өндірушілер
Шекті тарифтер енгізілгенде
өндірушілер өздерінің
Ел энергетикасына үлкен инвестициялар тарту үшін не істеу керек?
Электр энергиясы нарығындағы
ойындардың түсінікті және болжауға
болатын ережелерін әзірлеу керек.
Инвестор өзінің келешегін 10-15 жыл
бұрын білуге тиіс. Бұл біріншіден,
энергетикалық жобалардың өтелімділігінің
үлкен мерзімдерімен
Бұл саланы өркендету үшін үлкен қаржылық құюлар керек, тек қана шекті тарифтердің есебінен мұны шешуге болмайды. Бізде соңғы 30 жылда энергетикаға көлемді қаржы салу болған жоқ. Бар болғаны ескі тесіктерін жамады да, өмілік маңызы зор саланы қолдауға тырысты. Сол сәтте бізде қуаттардың резерві мен электр энергиясында кемістік болғанын посткеңестік елдердегідей бастан өткерген жоқпыз. Ал енді Қазақстанның экономикасы қарыштап дамып кеткенде, ескі қорлар тозығы жеткенде, біз болашақта электр қуаты жетіспеушілігін байқайтын боламыз. Сондықтан да осы қазірден бастан энергетиканы ары қарай қалай жаңғыртуды ойлауымыз керек.
Қазір көптеген өндірушілер негізгі қорлар орташа есеппен 80%, тораптар 70% тозған деседі. Бұл толығымен алғанда энергетикаға таңбасын салады. Мұндай жабдық қаншалық ұзаққа шыдас береді, мұны ешкім білмейді, тіпті, жаңаның өзі істен шығуы ғажап емес, ал бізде түгелдей ескірген. Сонымен қатар, энергетикада жабдықтың жұмыс істеуіне көп жайт әсер етеді – күн райы, жыл мен тәулік мерзімі, адам факторы, айта берсе, аз емес.
Әлбетте, энергетикада бәрі нашар деп айтуға болмайды, түк бітпей жатыр деп ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Энергия өндірушілер соңғы бір, бір жарым жылда шекті тарифтердің есебінен өздерінің қорларын қалпына келтіруге жұмыс жасап жатыр. Кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламалары әзірленді, олар бірінші кезекте анағұрлым тиімді нәтеже беретін іс-шараларды көздейді. KEGOC, сондай-ақ, аймақтық электр тораптық компаниялар жабдықтарды ауыстыру мен жаңғырту бойынша қал-қадірінше жұмыстар жасап жатыр. Бізде ондаған мың шақырым тораптар, және жыл сайын оның бірнеше мыңы жөнделеді. Жабдық қазіргі заманғы жаңасына өзгертіледі. Мұны көріп жатқан ешкім жоқ, бірақ жұмыс істеліп жатыр. Бұлай жасалмаса, біз қараңғыны қармалап отырар едік. Және апатты жағдайлардың саны жыл сайын азайып барады.
Бүгінде күллі әлемде «жасыл энергетиканы» дамытуда. Қазақстанда энергияның жаңғыртылатын көздері туралы Заңға түзетулер әзірлену үстінде. ВИЭ бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруда КИРИ мамандары қаншалық қатысады?
– Біздің сарапшылар ВИЭ бойынша Заң әзірлеуде жұмысшы тобына кіреді, өз ұсыныстарын енгізеді. Мысалға, ескі Заңда тариф ТЭО әзірлеу қортындылары бойынша анықталды. Нәтежесінде әзірлеушілер ТЭО – дағы электр қуатына негізсіз түпкілікті бағаны көтере бастады, бұл үшін түпкілікті тұтынушы төлеуі керек, демек, мына сіз бен біз. Біз «жасыл энергетиканы» дамытуды қалаймыз, бірақ бәрі ақылға қонымды шекте болуы керек. Сондықтан жаңағы жүйені жасадық. Ықтимал қаржы салатындарды тартарлықтай жүйе. Ол сонда өзінің келешегін де, пайдасын да есептей алмақ. Сонымен қатар, біз ВИЭ-нің шегерме ақысын өңірлер бойынша ұсындық, себебі біздің ел үлкен әрі әр облыстың ауа райының жағдайы әр қилы. Енді әрбір өндіруші қандай ауданда қандай тариф қоярын білетін болады.
Заңның жаңа жобасында
энергиямен жабдықтаушы ұйымдар
ВИЭ өндірушілерінен күллі
Меніңше, Қазақстанда ең келешекке арналған және арзан ВИЭ, жел, шағын ГЭС-тер (су электр станциялары), әрі бізде күн көзі және басқада жылу көздері баршылық. Заңға түзетулерді есептесек, жоспар бойынша, «жасыл энергетиканы» дамытсақ, негізінде, 2014 жылы ВИЭ-нің үлесін бір пайызға шейін жеткізу соншалық қиын міндет емес. Болашақта, бұл сан 10 пайызға шейін жетуі мүмкін. Әрине, кейбір елдердегідей бола қоймас, оларда жалпы өндірілген энергия қуатының көлемінде 20 және 40 пайыз жаңғыртылған энергия көздері қатысады. ВИЭ-нің дамуына бізде қазір барған сайын зейін қойылып жатыр, Қазақстан Киот хаттамасына қол қойғанын және «жасыл энергетиканы» дамытуға міндеттенгенін ескерсек, соның бәрі энергетикада шағын үлесін алады деп ойлаймын. Өйткені бұл тұрақты энергетика болмаса да, демеу, жәрдем ретінде – тәуір көмектеседі, сеп болады.
Біздің елдегі жел қуатының келешегі туралы айтсақ, ПРООН үміт күттіретін шамамен 12 жерді зерттей келе, Қазақстанның жел атласын әзірледі. Бұл бағытта қызықты жобалар бар, олардың кейбіреуі биылдың өзінде енгізілгелі отыр.
Қазір нақ ВИЭ-ге қаржы салғысы келетіндер көп. Себебі Қазақстанда негізгі электр тораптарынан алшақ елді мекендер жеткілікті, мысалы шалғайдағы мал шаруашылықтары, оларға электр беретін құрылғылар салу мүлдем мағынасыз, пайдасыз. Демек, «жасыл қуатты» дамыту керек. Әзірше оның тиімсіз жағы – оның құны қымбаттығында тұр, бірақ бұл уақыты келгенде реттелетін шаруа.
Сіз көптеген инвесторларды Қазақстан нарығы тартады деп айттыңыз. Бірақ, әйтсе де таласып жатқандар әзірге жоқ. Ықтимал қаржы салушыларды шешуші қадамдардан бөгеп тұрған не деп ойлайсыз?
– Қаржы салатындарды ақша табуға болатын кез келген нарық қызықтырады. Бұл орайда Қазақстан үмітсіз емес. Бір жағынан алғанда, Қазақстандағы негізгі энергетикалық қорлардың «ескіруімен» және экономиканың дамуымен елде болашақта электр қуатына зәрулік пайда болуы мүмкін. Электр қуатының сондай тапшылығын тауар ретінде бір сәтте жабу мүмкін емес, бұл үшін жылдар керек. Бұлай болмау үшін ықтимал қаржы салушылар үшін тезірек қолайлы инвестициялық климат жасау керек. Ал оларды тарту үшін баршаға ортақ жалпы және анық ережелер әзірлеу қажет.
Біздің институт қазіргі уақытта электр қуатының бәсеке нарығына тиімді және қиналмай өтуіне болатын ұсыныстарды әзірлеумен айналысуда. Әлемде бірнеше өмірге икем нарық үлгілері бар. Міне сондықтан да Қазақстан жағдайында олардың қайсысы оңтайлы келетінін тану керек. Бәлкім, солардың негізінде өзіндік, бізге тән үлгісін жасау керек болар? Мұндай нұсқасын да мамандар ұсынып жатыр. Ол қазір энергетиктер ортасында қызу талқылануда. Бұл үрдіс шапшаң бола алмайды, себебі нарықтың барлық қатысушылары келісімге келуі керек, ал бұған қол жеткізу оңай емес. Іс жүзінде күллі электр қуаты «қазақстандық биржада» сатылуы тиісті. Демек, өндірушілер өзінің электр қуатын сауда-саттықта сатуы керек, өзара бәсекелестік қажет, нәтежесінде бұл электр қуатының арзандауына алып келеді.
Тегінде энергетикада екі орнықты жай-күй бар. Біріншісі – Кеңестер Одағында болғандай сатылас-кіріктірілген жүйе, мұнда энергетиканың күллі субъекттерінің қатары бір орталыққа бағынады. Екінші жай-күй – нарық заңдары рөл атқарып, ұсынысты сұраныс тудырады. Өкінішке орай, біз бірінші жүйеден алшақтап кеттік, ал екіншісіне әлі келген жоқпыз. Сондықтан бұл ауысуды тезірек бітіруіміз керек. Бұл орнықты жай-күйге өтпейінше, әртүрлі күрделі жайттар туындай беретін болады.
Энергетикадағы нарықтық қатынастардың қарсыластары көп жағдайда, бұл сауалдың әлеуметтік жағына сүйенеді, себебі электр қуатына тарифтер баршаға қатысты. Олар егер энергетикада бәсекелі нарық енгізсе, баға үздіксіз өсе беретін болады деп шағымданады. Бүгінгі сәтте бағалар жылдан жылға өсіп барады, бірақ мұның үстіне энергетика жаңғырып дамып жатқан жоқ, ал инвестор, бұл салаға қаржы салушы көрінбейді. Бәсекелі нарықта тұрақсыз жағдай тек бастапқы кезеңде мүмкін, ал ол қалыптасып алғанда ахуал тұрақтандырылып, бағалық ауытқулар болуы мүмкін емес.
Осы жылдың қаңтарында
Қазақстанда оның Бірыңғай Орталық-Азия
энергетикалық жүйесінен
– Әрине, Қазақстанның Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесінен шығуға ниеті жоқ. Өйткені жүйелер өзара көбірек байланысты болса, соғұрлым оның сенімділігі жоғары. Өзбекстан Қазақстаннан бөлінгісі келген әрекеті болды, бірақ ондағылар жылдам арада мұнан еш жақсылық жоғын түсіне қойды. Керісінше, бірігу керек: бірінші кезекте, мұндай кірігулер энергия қуатының сапасын және энергия жүйелерінің сенімділігін береді. Мысалы, Ресейдің ірі станциясы Саян-Шушенск су электр станциясында болған апатты еске алайық. Мұндай ірі қуат көзі істен шыққанда – бұл күллі жүйеде білінеді. Сол сәтте Қазақстан Ресейге қолдау көрсетті, біз көршілердің энергия тапшылығын жабу үшін қуатты молырақ өндіре бастадық. Мұндай жағдайда қатысушылар әйтеуір пайдаға кенеледі, сондықтан да бөлінуде мән жоқ.
Әртүрлі елдердің біріккен энергетикалық жүйелері бір үлкен организм тәрізді жұмыс істейді. Қазақстанның Ресеймен нақ осы электр тораптары бойынша көптеген байланыстары бар және бұл біз үшін өте пайдалы. Ресей Федерациясымен бізде белгілі теңгерім бар, мұны әрдайым қолдаймыз. Басқа да мемлекетаралық келісім-шарттар бар. Қазақстаннан энергия қуаты басқа елдерге кетіп, бұл біздің тұтынушыға нұқсан келтірерліктей болған емес. Бізде энергияның молдығынан артылып қалуы болса, онда біз біздің тұтынушыларға батпайтындай етіп көрші елдерге сата аламыз. Әзірге біздің сыртқы саудамыз пайыздық мөлшермен алғанда шамалы ғана, әрі тұтынушылардың есебінен емес. Бізде Одақтың кезінен қалған транзит жолдары бар, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, бұл бір орталық пен желілердің ортақ жүйесі болған кезден бері солай. Сол бізге жетпейтін сәттері болады, сонда көршілерден алуға тура келеді. Қазір энергия зәрулігін бәрінен бұрын республиканың оңтүстік өңірлері сезінуде. Бұл мәселені шешу үшін энергия берудің «Солтүстік – Оңтүстік» желісі салынды, және ондағы жағдай қазір әжептәуір жеңілденді.
Қазақстанның біртұтас энергетика жүйесі дамып жатыр, жоспар көп. Біздің КЭГОК жүйелік операторы өздерінің тораптарының қайта құруын, жаңғыртуын өткізуде, өңірлік жүйелер қалпына келтірілуде, бұлар қиын-қыстау уақыттарда қирап қалып еді. Электр сымын кәдімгідей ұрлап, сату мақсатында кесіп алып кететін уақыт болды. Бүгінде олардың қайта қалпына келтірілуіне көп қаржы құйылуда, бірақ соның өзі жеткілікті дәрежеде болмай тұр. Энергетикада сандардың тәртібі өте зор. Дегенмен жағдай бәрібір жақсарып келеді.
Бүгінгі күні біздің
өмірімізді электр қуатынсыз елестету
қиын. Тұтынушылар саланың
– Қатардағы тұтынушы электрді жеткізушілер мен электр қуатына ұқыпты қарым-қатынас, үнемшілік қажет екенін түсіну үшін ұдайы түсініктемелік жұмыстар жүргізіп отыру керек, мұның үстіне қарапайым және көпшілік түрде, олардың «энергетикалық мәдениетін» арттыру керек. Біз әлі күнге бір шыны шай ішу үшін бүтіндей шәугімді қайнатудың қажеті жоқ екенін немесе қырыну, яки тіс ысу үшін суды сарылдатып ашып қою теріс екенін ойлана бермейміз. Судың да сұрауы бар дейді халық даналығы. Ал осы тектес ысырапшылдық мысалдары толып жатыр, электр қуаты ғана емес, жылу да, газ немесе су да текке рәсуа болатыны рас. Тұтынушыларға мұны ұдайы және санасына әсер етерлік дәрежеде, қол жетерлік түрде ұғындыра беру қажет. Мәселен, Еуропаға қарағанда бізде электр қуаты 5-6 есе арзан, ал сапасы жағынан ол сондай және Еуропадан еш кемдігі жоқ. Мүмкін біздегі немқұрайдылықтың сыры осында жатуы ғажап емес: арзан болса – оны үнемдеп сақтаудың, мұқият қараудың керегі жоқ. Энергияның шынайы құнын білетіндер сирек. Ал бұл өзі сондай бір тауар, мұны алдын-ала дайындап қоюға болмайды, қор жинауға келмейді, сосын оны көтере сата алмайсың. Оны қаншалық тұтынса, сонша қылып өндіреді. Энергетикаға аса күрделі тетіктер тән, жиі болатын нәрсе, әсіресе түнгі мерзімде, энергетиктер электр қуатын өндіріп, ақша таба алады, бірақ бұл уақытта сұраныстың жоқтығынан қарап тұруға мәжбүр болады.
Жалпы, бұл сала айқын әрі белгілі жолмен іс-қимыл жасауы керек: жазда күрделі жөндеулер жүргізу керек, күзге тақау – жылу берілетін кезеңге отын қорын жасау керек. Яғни, бәрі де анық кесте бойынша жүруі керек, әрбір пунктке баламалық құралдар бөлінуі қажет. Сонан кейін энергетикалық кәсіпорындардың басшылары мамандар болуға тиіс, кездейсоқ адамдар мұнда болмауы керек. Энергетикада салдыр-салақтық, немкеттілік, бетімен жіберушілік, апатты жабдықтарды пайдалану болмауы тиіс, мұнда «бір нәрсенің сәті түсіп қалар» деген болмайды. Мыңдаған адамдардың өмірлері мен мүдделерін қозғайды. Ал әлдебір станцияда апат болған жағдайда көмекті тек жақын көршілері ғана емес, қалғандары тегіс көрсетулері керек.
Есіңізде шығар, 15 жыл бұрын елден көптеген мамандар көшіп кеткенде, бұл салада кадрлардың жетіспеушілігі өткір білінді.
Қазір мұндай жағдай атымен жоқ. Егер бұрын ТЭЦ-ке ешкім жұмысқа тұрғысы келмесе, ендеше бүгінде оған жұмысқа тұру қиын. Энергетика әрқашан керек, жалақы мұнда әрдайым тұрақты беріледі. Оның төмен екені – бұл енді басқа мәселе. Қазір энергия өндірушілер мен басқа да ұйымдар өздігінен жалақыны көтере алмайды, мысалға, монополияға қарсы мекемелердің рұқсатынсыз, себебі ақырында бәрі де түпкілікті бағада көрінеді. Дамыған елдерде энергетиктер ең бір жоғары жалақы төленетін мамандар болып саналады, мен оларда осы саланың адамдары ереуілге шықты дегенді естімеппін.
Кадрлар даярлауға келсек, бұл мәселеде де оң үрдіс байқалады. Қазір жастар елімізге қаптаған заңгерлер мен банкирлер қажет емесін түсіне бастады да, техникалық мамандықтарға бет бұрды. Кеңестер Одағында бар жоғы үш энергетикалық институт болды, соның бірі – Алматыда болатын. Бүгінде Алматы энергетика және байланыс институты қиын кезеңдерден өтіп, аяғын нық басып тұр, және мықты жас мамандарды даярлауын тоқтатқан жоқ әрі оған оқуға түсу енді оңай болмайды.
Біз біртіндеп бәсеке нарығын құру қажеттігін түсіне бастаймыз, онда қаржы салатындарға арналған шарттар айқын болуы және қатардағы тұтынушы сол сәтіндегі электр қуатының құны қалай шығатынын дәл білулері керек. Кереғар жайт: доллардың бағамы күн сайын өзгеріп жатқанына ешкім ренжімейді, ал 1 килловатт қуатты бір тиынға өсірсең бітті, жұртшылық ерен ашуланады. Энергетиканың жаңа нысандары салынуы үшін әрі оған деген тапшылық болмауы үшін бұл істе мемлекеттің де, күллі ел халқының да қатысуы қажет. Ал электр қуатына шығынды аз төлеу үшін, энергетиканы жақсылап дамыту керек, тұтынушылар оны үнемдеуді үйренсін. Осыған энергетиктерден үйренуге болады. Бізді бөлмеден шыққанда, жарықты сөндіруге тәрбиелеген болатын...
1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің миссиясы - бәсекелестік қабілеттің жоғары деңгейі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; экономиканың энергия ресурстарына өсіп отырған қажеттігін қамтамасыз ету, минералдық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, энергетика секторында өңірлік және халықаралық интеграция мақсатында экономиканың минералдық-шикізат және отын-энергетика секторларын дамыту.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің пайымдауы:
Пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтауға бағытталған геологиялық зерттеу жүйесін жетілдіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету.
Мұнай-газ өнеркәсібін мұнай-химия өнімдерін базалық және қосылған жоғары құнымен өндірудің, өңдеудің және шығарудың аяқталған технологиялық циклімен одан әрі дамыту.
Халықаралық энергетика нарықтарының ықпалды және жауапты қатысушысы ретінде мемлекеттің ұстанымын күшейту.
Елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ішкі және сыртқы нарықтардың көмір өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету.
Энергия ресурстарын тасымалдау жүйелерін одан әрі дамыту.
Ядролық-энергетика саласын құру.
Отын энергетика кешені (ОЭК) салаларына энергия үнемдейтін технологияларды енгізу.
Ағымдағы жағдайды талдау
Геология. 2008 жылы жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мемлекеттік геологиялық зерттеу, мониторинг, қолданбалы 2 ғылыми зерттеулер, мұнай және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жүргізілді.
Алаңдарды геологиялық жете зерттеу (ГЖЗ-200) қазіргі геологиялық негізді алуға және қатты пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлерінің кенорындарын анықтау үшін перспективалы 104 объектіні анықтауға мүмкіндік берді, енді олардың қорларын бекітумен жұмысты жалғастыру қажет.
Геологиялық барлау жұмыстарын орындау нәтижесінде пайдалы қазбалардың кейбір негізгі түрлері бойынша қорлардың өсуі: алтын 50 тоннаны; мыс - 840 мың тоннаны; никель - 407 мың тоннаны; марганец кені - 6 млн.тоннаны; темір рудасы - 82 млн. тоннаны; мұнай - 61 млн. тоннаны; газ - 4 млрд. текше метрді құрады.
Минералдық ресурстар Қазақстан экономикасының негізін құрайтын және қаланың негізін салушы болып табылатын тау-кен-металлургия кешені кәсіпорындарының тұрақты дамуын қамтамасыз өтетіндіктен мұнан былайғы геологиялық зерттеулерді жандандыру қажет.
Геологиялық ақпаратты қалыптастыру мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Цифрлық геологиялық ақпарат жинау және өңдеу мақсатында ақпараттық жүйе құру, геологиялық материалдарды цифрлау бойынша жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Мемлекеттік компьютерлік дерекқор құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
509 елді мекен ауыз су қорымен қамтамасыз етілді.
Каспий теңізінің су басу аймағында 8 авариялық мұнай ұңғымасы мен өздігінен төгілетін 130 ұңғыма жойылды.
Перспективада елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес саладағы жоспарлы жұмысты жалғастыру қажет.
Жер қойнауын пайдалану. 2008 жылы минералдық-шикізат кешеніне салынған инвестицияның көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 25,3 %-ға өсті және 22,3 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 334 млн. АҚШ доллары әлеуметтік сала мен жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, 135,4 млн. АҚШ доллары қазақстандық персоналды оқытуға жұмсалды. Жалпы көлемнің 73 %-ы көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану объектілеріне инвестицияланды.

- Қазақстан республикасы азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы
- Қазақстан Республикасы акционерлік қоғам
- Қазақстан республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
- Қазақстан Республикасыеың саяси жүйесі
- Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
- Қазақстан Репспубликасынын нарықтық тауарлар өндірісінің қалыптасу жағдайлары
- Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде
- Қазақстан Респубдикасының бюджет жүйесі
- Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы
- Қазақстан Респубикасының қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттың теориялық негіздер
- Қазақстан республикаксының инвестициялық тармымдылығы және оның перспективасы