Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу

      КІРІСПЕ 

    Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда –  бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан  валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда  – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық  формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

    Валюталық  жүйелердің  дамуы  өз  кезегінде  валюта  нарықтарының  дамуына  септігін  тигізді.  Валюта  нарығы – FOREX  (Foreign Exchange  Operations – шетелдік  айырбас операциялары) деп аталады.  

    Қазіргі  уақытта  валюта  нарығы  ең   үлкен  қаржы  нарығы.  Қазақстан  Республикасына бүгінгі  таңда валюта  нарғына  маманданған  көптеген  дилингтік  компаниялар  келіп  жатыр. 

    Халықаралық валюталық қатынастар материалдық  өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас  және тұтыну салаларына  қатысты   халықаралық   экономикалық   қатынастарға   делдал  болады.

    Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына  тәуелді.

      Қазақстан  Республикасында  КASE  қор  нарығында  тек  акция, облигациялармен  ғана  емес,  сонымен  қатар  валюталармен де  операциялар    жасалады.  Ұлттық  валютамыз – теңге  1999  жылдан бастап  еркін  жүзу  бағамымен  келе  жатыр,  яғни оның  бағамы  сұраныс  пен  ұсыныс  арқылы  анықталатын  болды.  Еркін  жүзу  бағамы – ел  экономикасының  жаңа  дәрежеге  көтерілгенінің  белгісі.

    Валюта  нарығы  ел  экономикасын  қан  жүйесі  секілді.  Валюта  нарығын  реттеу  –  бүкіл  ел  экономикасын  реттеудің  алғы  шарты. 

    І ТАРАУ.  Валюта  нарығы  және  валюталық  реттеу  туралы  жалпы  түсінік 

    1. Валюта  нарығы

      Валюта  дегеніміз –  мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.

      Валюта  арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді  пайдалануға, туризм және мемлекетгің  жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға болады.

      Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.

      Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде  көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл  мемлекетгерде алуға тиісті белгілі-бір  валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың  бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.

      Валюталық бағам дегеніміз  – бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.

      Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты  және номиналды валюталық бағам  деген сөздер кездеседі. Екі елдің  тауарларының қатынасы негізінде (сол  елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға  болады. Мемлекеттің валюталық нарығында  көрсетілген валюталық  бағамды  – номиналды бағам деп атайды.

      Валюталық бағамның үш түрі бар:

    • белгіленген;
    • өзгермелі;
    • аралас;

      Белгіленген валюталық бағам деп – берілген мерзім ішінде өзгермей қалынған  бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.

      Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.

      Аралас  валюталық бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген валюталық бағам да  бар.

    Валюталық операциялар дегеніміз  – ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. Валюталық операциялар ағымдагы операциялар жане капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.

    Ағымдагы  операцияларға жататындар:

    • тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
    • 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу; 
    • салымдар   (депозиттер),   инвестициялар,    заем   және   өзге   операциялар   бойынша  девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу; 
    • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы,  жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;
    • капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де  валюталық операциялар.
 

    Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:

    • инвестицияларды жүзеге асыру;
    • интелектуалдық   меншік   объектілеріне   ерекше   құқықты   толық   беруді   көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;
    • жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
    • тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп  айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
    • 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу3;
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2.  Валюталық   нарығын   реттеудің мағынасы  мен қажеттілігі 

    Мемлекеттің әлем экономикасына кіруі валюталық  қатынастар жүйесінің дамуына әкеледі  және олар мемлекет нарығының қалыптасуына әсер етеді. Мемлекеттік реттеу елдің  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарын  кеңейтуге, экономиканың тез көтерілуіне  жәрдемдеседі. Мемлекетіміздің әлемнің  сауда-саттық бірлестігіне кіруіне  жағдайна бейімделген. 

      Валюталық бақылау мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:

    • экспорттық-импорттық валюта бақылауы;
    • қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді бақылау;
    • капитал қозғалысына байланысты операцияларды бақылау;
    • валюта нарығындағы субектілерге инспекция жүргізу.

    Валюталық реттеу дегеніміз  – уәкілетті мемлекеітік органдардың                    (валюталық реттеу органдарының) елдің төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығың, ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметі.

    Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монаполиядан валюталық құндылыққа өту кезенінде  Қазақстанда қайшылық пен үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге  дәлелсіз жеңілдіктер берілді, әсіресе  реформалаудың бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың дұрыс болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар  санының көбеюіне әкелді, ол экспорттық-импорттық  операциялар бойынша ереже мен  нормаларды сақтауына теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге  капиталдың кетуінің тұрақты тенденциясы  байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық контракт есебінен аванс  төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей ақшаны аудару сияқты жағдайлар  орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді  толық жойып, валюталық реттеуте белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық бақылау болды.

    Валюталық бақылау капиталдың ағуын сақтап қалуға багытталған, сонымен қатар ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі жасайды. Сондықтан қойылатын сауал экономикалық дамудың қай кезеңінде оны қолдану керек екендігінде. Өнеркәсібі дамыған елдер ДВҚ (дүниежүзілік валюталық қор) қағидаларына қарама-қайшы келетін әкімшілік әдістерін тіптен қолданбайтынына қарамастан, осы әдістерді қолдану тәжірибесі Қазақстан үшін, экономиканың дамуының әр кезеңінде, еңгізуден толық жоюға дейін, үлгі ретінде бола алады.

    Валюталық реттеу органдарының биылғы жылғы алдына қойған стратегиялық міндеттерінің бірі – мемлекетте экспорттық-импорттық валюталық бақылауының нығайту.

    Валюта  бақылауының мақсаты  валюта операцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместердің заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. 

1.3.   Валюта нарығын   бақылаудың негізгі  бағыттары 

    Валюта  бақылауының негізгі  бағыттары:

  • Жүргізілген валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетгі лицензиялар мен куәліктердің болуын анықтау;
  • шетел валютасындағы төлемдердің контракт шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан негізділігін тексеру;
  • валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығын және дұрыстығын тексеру;
  • валюта бақылауы органдары мен агенттері өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының резидентгері мен резидент еместері жүргізетін валюта операцияларының қолданылып жүрген заңға лицензиялардың немесе тіркеу куәліктерінің шарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті;
  • валюта бақылауы органдары өз құзыры шегінде нормативтік актілер шығарады, анықталған тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттері мен резидент еместері орындауға міндеггі болып табылатын  заңдарда козделген басқа шараларды қолданады.
  • валюта бақылауы агенттері құқық қорғау органдары  мен  Қазақстан  Ұлттық Банкіне олардың клиенттері валюта операцияларын  жүргізген кезде жіберген валюта заңдарын бұзудың өздеріне мәлім болған барлық фактілері туралы хабарлауға міндетті;
  • валюта бақылауы агенттері өз қызметін жүзеге асыру үшін алда берілген көзделген жағдайлардан басқа кезде өз клиенттерінен тек олар арқылы жүргізілетін валюта операциялары бойынша ақпарат сұрап алуға құқығы бар;
  • валюта бақылауы органдары өз қызметін жүзеге асыру үшін валюта бақылауы агентгерін тартуға және олардың міндетті түрде орындауы үшін жекелеген тапсырмалар беруге құқы бар. Валюта бақылауы агентгері валюта бақылауы органдарының мұндай тапсырмаларын орындауға және олардың орындалғаны туралы белгіленген мерзімде есеп беріп отыруға міндетті.
 
 

      ІІІ  ТАРАУ. Қазақстан Республикасында валюта

      нарығын  реттеу 

    3.1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге

    асыратын  резиденттер мен резидент еместердің  құқықтары  мен     

    міндеттері 

    Қазақстан Республикасында  валюта операцияларын  жүзеге асыратын резиденттер  мен резидент еместер:

    • валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерімен танысуға;
    • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен валюта бақылауы агенттері мен органдарының іс-әрекетіне шағым жасауға;
    • Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік қүқықтық актілерінде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы  бар.
 

    Қазақстан Республикасында  валюта операцияларын  жүзеге асыратын резиденттер  мен резидент еместер:

  • валюта  бақылауы  органдары  мен   агенттеріне  барлық  сүраған  қүжаттар  мен   валюта операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттарды беруге;
  • валюта бақылауы органдары мен агенттеріне өздері жүргізген тексеру барысында, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша түсініктеме беруге;
  • валюта  бақылауы  органдары  мен  агенттері  жүргізген  тексеру  актілерінде   баяндалған фактілермен келіспеген жағдайда, бұл актіге қол қоюдан бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беруге;
  • өздері жүргізетін валюта операциялары бойынша есеи жүргізіп және есеп беріп, олардың кемінде бес жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
  • валюта  бақылауы  органдарының  анықталған  тәртіп   бүзушылықтарды   жою   жөніндегі талаптарын (нүсқауын) орындауға;
  • Қазақстан Реслубликасының вапюта заңдарында белгіленген басқа талаптарды орындауға  міндетті.
 

3.2. Қазақстан  Республикасында   валюта  операцияларын   жүргізу

ережесі 

      Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды және қазіргі уақытта сол заңға көптеген толықтырулар мен өзгертулер еңгізілуде.

      ҚР-да валюта  операцияларын  жүргізу  ережесі  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі          № 115 қаулысымеп бекітілген.

      Осы Ереже "Валюталық  реттеу туралы" және "Қазақстан  Республи-касының  Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының  зандарына сәйкес жасалды, ол валюта операцияларын  жүргізу тәртібін айқындайды және валюталық  бақылауды жүзеге асырудың негізгі  принциптерін белгілейді. 

      1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      1.  Қазақстан Республикасының аумағында  резиденттер мен резидент еместер  жүргізетін валюта операциялары  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық  Банк) нормативтік құқықтық актілерінде  көз-делген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк  опе-рацияларының жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын уәкілстті ұйымдар  (бұдан әрі – уәкілетті банктер)  арқылы жүзеге асырылады. 

      2.  Резиденттер мен резидерент еместер  уәкілетті банктердегі банктік  есепшоттарды Ұлтгық Банктің  нормативтік құқықтық актілерінде  көзделген тәртіппен ашады, жүргізеді  және жабады.

      3. Резидент және/немесе резидент  емес валюта операцияларын жүзеге  асырған кезде  уәкілетті банкке  Қазақстан Республикасының валюталық  заңнамасына сәйкес ұсынылатын  талап етілген құжаттарды беруге  міндетті. Осы Ережеде және Ұлттық  Банктің  басқа да нормативтік  құқықтық актілерінде көзделген  жағдайларды қоспағанда, резидент  және резидеент емес мұндай  құжаттарды бермесе, уәкілетті  банк олардың төлемдерін немесе  ақша аударымын жүзеге асыруға  құқылы емес .

      4. Резидент Ұлттық Банктің лицензиясының  және/немесе тіркеу куәлігінің  болуы талап етілетін валюта  операциялары бойынша төлем жасаған  және/немесе ақша аударған кезде,  резидент уәкілетті банкке осындай  лицензияның және/немесе тіркеу  куәлігінің түпнұсқалары мен  нотариат куәландырған көшірмелерін  ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар  тексерілгеннен кейін, олардың  көшірмелері уәкілетті банкте  қалады, ал тұпнұсқалары резидентке  қайтарылады.

      Осы тармақта айтылған валюта операцияларын  жүргізу нәтижесінде алынған  ақша резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын  және/немесе тіркеу куәлігін ұсынбаса да уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттің  банктік  есеп-шотына аударуға құқылы, резидентке мұндай құжаттарды ұсыну  қажеттігі туралы алдын ала жазбаша  хабарлауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жүзеге асырылатын төлемдерді қоспағанда уәкілетті банкке талап етілген құжаттарды бергенге дейін резиденттің төлемдерді және/немесе ақша аударуды жүзеге асыру үшін мұндай ақшаны жұмсауға құқығы жоқ. Ре-зидент Ұлттық Банктің лицензиясын және/немесе тіркеу куәлігін бермеген жағдайда оның банктік есепшотына ақша аударылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн  өткеннен кейін уәкілетті банк мұндай фактілер туралы Ұлттық Банкке хабарлауға міндетті.

      5. Ұлттық Банк лицензиясының болуы  талап етілетін капитал қозғалысымен  байланысты операциялар бойынша  төлемдер мен ақша аударымдары  тиісті түрде валюталық бақылау  жасау міндеті жүктелетін бір  уәкілетті банк арқылы өткізілуге  тиіс. Уәкілетті банк өзгерген  жағдайда резидент мәмілені орындауға  және валюталық бақылауға қабылдаған  бұрынғы банкке бұл жөнінде  хабарлауға міндетті. Мәмілені орындауға  және валюталық бақылауға қабылдаған  бұрынғы уәкілетті банк мәмілені  ор-ындауды және валюталық бақылауды  басқа уәкілетті банкке бергені  туралы лицензияның түпнұсқасына  тиісті жазбалар жасауға, сонымен  бірге оның толық атауын көрсетуге міндетті. Мұндайда валюталық бақылауды басқа банкке берген уәкілетті банк  сонымен бір уақытта осы банкке бұрынғы жасалған барлық төлемдер мен ақша аударымдары және/немесе тауар жеткізу, жұмыс, қызмет көрсету (олар болған жағдайда) туралы мәліметтер жіберуге міндетті.

      6.   Резиденттер арасындағы операциялар  бойынша барлық төлемдер мен  ақша аударымдары осы Ережеде,  Ұлттық Банктің басқа да нормативтік  құқықгық актілерінде, салық және  кеден заңнамасында көзделген  жағдайлар-ды қоспағанда, Қазақстан  Республикасының ұлттық валютасымен  ғана жүргізілуге тиіс.

      Уәкілетті банктер резиденттердің және/немесе резидент еместердің валюталық операциялар  жүргізу жөнінде банктік қызметке ақыны тараптардың келісуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел валютасымен  алады.

      Резиденттер арасында жасалған шарттар бойынша, оның ішінде банктік қызмет көрсету  көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық  айыппұлдары (айыппұлдар, өсімпұлдар) ұлттық валютамен төленеді.

      7.  Уәкілетгі банктер валюталық  құндылықтарды резиденттерге және  резидент еместерге шетел валютасымен  және ұлттық валютамен кредиттер  беру үшін кепіл ретінде кабылдай  алады.

      8. Ұлттык Банк Қазақстан Республикасы  Үкіметінің ұсынысы бойынша шетелдік  инвестор және мемлекет уәкілеттік  берген заңды тұлға немесе  мемлекеттік орган құрған резиденттерге  – заңды тұлғаларға Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шешіміне  сәйкес аса маңызды инвестициялық   жобаларды жүзеге асыру үшін  баламасы 100 миллион АҚШ долларынан  кем болмайтын сомаға рұқсат  беруге, Қазақстан Респуб-ликасының  резиденттері мен операциялардың  жекелеген түрлерін шетел валютасымен  жүргізуге құқылы.

      9.  Төлем карточкаларын пайдалана  отырып валюта операцияларын  жүргізу тәртібі осындай қатынастарды  реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік  құкықтық актілерінде белгіленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ҚОРЫТЫНДЫ 

      Қазақстан  Республикасында  КASE  қор  нарығында  тек  акция , облигациялармен  ғана  емес,  сонымен  қатар  валюталық  операциялар   да жасалады.

      Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды және қазіргі уақытта сол заңға көптеген толықтырулар мен өзгертулер еңгізілуде.

      Валюталық   жүйенің   басты   элементі  –   валюталық бағам.   Валюталық   бағамның   қалыптасуына   ықпал   ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағам-дарының  әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген.

    Валюталық қатынастар – бүл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара  алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

      Валюталық   нарықтарды    валюталық   операцияларды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген   қызметтер   және   капиталдар   мен   несиелердің  халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық  нарықтар валютаға деген сұраныс  пен ұсыныс негізінде валюталарды  сатып алу-сату   операциялары   жүргізілетін   ресми   орталықты   біл-діреді. Валюталық операцяилардың көлеміне байланысты ва-люталық   нарықтар   халықаралық,    аймақтық   және   ұлттық болып  бөлінеді.

      Валюталық  нарықтардың  қатысушыларын  екі   басты топқа бөледі: пассивті –  валюталық операцияларды жүргізу  қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті  – баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар.

      Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында  ең бастысы  банктік  және   неиелік  айналыс  құралдары  –  телеграфтық және пошталық аударымдар,  чектер,  тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде калыптасатын оъективті кұндык катынастарына негізделеді.

      Валюталық бағам - басқа елдің ақша бірлігіне  қатыс-ты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталык паритет шеңберінде ауытқып  отырады.

      Валюталардың   баға   белгіленімі   айырбас   үшін  ұсы-нылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүм-кіндік  жасайды.   Валюталық  баға   белгілеу  түрі   валютаның  жағдайына, оның бағамының деңгейіне  әсер етпейді, өйткені валюта бағамының  мәні қалады, ал оның формасы өзгереді.

      Сауда-өнеркәсіптік   клиенттер   үшін   валюталар   баға белгілеу кросс-бағам негізінде  бекітіледі,  ол екі  валютаның  өзара   қатынасының   үшінші   валютаға   қатысты   анықталуын сипаттайды.

      Валюта  нарығы – қаржы  нарығындағы  ең  үлкен  нарық.  Валюта  нарығы  кез  келген  елдің  экономикасында  қан  айналымының  ролін  атқарады.  Валюта  нарығын  реттеу  –  ел  экономикасын  реттеудің  алғы  шарты. 
 
 

Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу