Қазақстан Республикасында аралық соттың даму сатылары
Қазақстан Республикасында аралық соттың даму сатылары
1995 жылдың 30 тамыз күні Респуликалық Референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп атап көрсетілді [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары мен қағидаларын, ережелерін ескере отырып, қоғамдық даму мен мемлекеттік басқарудың, ақылға сиятындай парасатты және ғылыми-тәжірибеге негізделген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, заң шығаруды жетілдірудің жолдары мен тәсілдері терең ізденуді қажет ететін құбылыс.
Ата заңымыздың 3-бабы 4-тармағына сәйкес, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан мемлекет құрылысының жаңаша қалыптасу, даму кезеңінде, келісім жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттілігі туындайды.
Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бірі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, егеменді Қазақстан мемлекетіндегі әділ сот ісінің даму принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады.
Аралық сот – бұл мүліктік және басқа да дауларды шешу үшін тараптардың өздері таңдап алатын сот.
Бүгінгі әлемде коммерциялық арбитраж шартты және басқа да азаматтық-құқықтық қатынастардың басымдығынан пайда болатын дауларды, қайшылықтар мен келіспеушіліктерді шешудің негізгі тәсілдерінің бірі болып қалып отыр. Экономикалық даулардың көбі дәл осы аралық (арбитражды) сотпен қаралады.
Аралық сот – бұл тараптардың келісімі бойынша, тараптардың өздері таңдайтын мүліктік дауларды шешуге арналған сот. Қазақстан Республикасында аралық соттың екі түрі құрылуы мүмкін: тұрақты және нақты бір дауды шешуге арналған уақытша құрылған. «Аралық сот», «арбитраждық сот», және «арбитраж» бұлар синоним терминдер.
Кеңестер кезеңі тұсында және Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда, тіпті конституциялық заң күші бар 1995 жылы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы соттар туралы және соттардың мәртебесі туралы» ҚР Президентінің Жарлығы қабылданғанға дейін шаруашылық дауларды шешу жөніндегі мемлекеттік сот «арбитраж» деп аталды.
Жоғарыда аталған Жарлық күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік арбитраж өз жұмысын тоқтатты және оның қызметі жалпы юрисдикция (облыстар деңгейіне, республикалық маңызы бар қалаларда және ҚР Жоғарғы сотында шаруашылық істер жөніндегі коллегиялар құрылды) соттарына ауысты.
Мемлекеттік арбитраж (арбитраждық сот) біздің көзқарасымыз бойынша анықтамасы бойынша дұрыс емес Ресей Федерациясында әлі сақталған. Арбитраж – бұл тараптармен құрылған сот және ол мемлекеттік бола алмайды.
Аралық соттардың артықшылығы – олардың дауларды шешудегі шапшаңдығы мен әділдігінде. Бұл әсіресе жалпы юрисдикция соттарының (мемлекеттік соттар) дауларды бірнеше айлап, болмаса жылдап шешіп жатқан уақытта өте маңызды. Әдетте, мөлшері мемлекеттік баж салығынан екі-үш есе төмен болатын аздаған арбитраждық шығындар, бұл жерде талап сомасы үлкен болған сайын арбитраждық шығындар пайызы аз болады деген қағида әсер ететіндіктен әсіресе, ірі және орта бизнес үшін аралық сотқа жүгіну пайдалы болады.
Аралық сот дауларды отандық сияқты халықаралық құқық нормалары бойынша немесе шетелдік инвесторлар үшін маңызды болып табылатын кез-келген мемлекет құқығы бойынша қарай алады. Аралық соттар шешімі жалпы юрисдикция соттарының шешімімен тең күші бар және атқарылуға міндетті.
Қазақстан Республикасында аралық соттар 1990 жылдардың басынан кеңінен таныла бастады, бүгінгі күні бірнеше белгілі аралық соттар жұмыс жүргізіп отыр. Олардың қатарында үнемі іс жүзіндегі 1993 жылы елімізде алғашқылардың бірі болып құрылған Заң орталығының «IUS» Аралық соты.
Сот коммерциялық ұйымдар арасындағы дауларды және азаматтық дауларды қарайды. Оның құрамында 16 арбитр бар. Олардың қатарында Ю.Г. Басин, П.Я.Грешников, М.К. Сүлейменов, А.А. Гринкевич, А.Г. Диденко, И.У. Жанайдаров, Т.Е. Қаудыров, А.И. Худяков және тағы басқа белгілі құқықтанушы ғалымдар мен практик – заңгерлер бар[2].
Аралық сот құрылысы былай: ол тараптардың үстінен қарамайды, сол тараптардың өзі тудырушы бола тұра, солардың мүддесіне қызмет етеді. Тараптар өз кезегінде сот шешіміне шағымдану құқығынан бас тартып, тіпті ол шешім ұтылған тараптың көңілінен шықпаса да оны сөзсіз, ерікті түрде орындауға міндеттенеді.
Сот туралы түсінікте кез-келген жағдайда бір тарап «ұтылады», ал екіншісі «ұтатын» болғандықтан сотқа қатысқан тұлғалардың жартысы ол жаман деп, ал басқасы ол жақсы деп кез-келген сотқа азаматтар өз пікірлерін білдіреді.
Дауларды аралық іс жүргізуде қарудың табиғаты қағида бойынша әрбіреуінің ұстанған бағытының өз дәлелі болғандықтан, екі тарап та өз дәлелдерін қарсы тараптан кем емес деп санағандықтан, тараптар талабы арасында үнемі келісім орнатуға тырысады. Аралық соттың міндеті осы дәлелдерді естіп, оларды ұғынып екі тараптың да дәлелдері мен мүдделерін қиыстыруға тырысу.
Аралық сот шешімі ең алдымен тараптар мүдделерінен шығады. Тараптардың әрқайсысын өздерінің кесімді райларынан, талаптарынан қайтып, келесі тараптың алдынан шығып, тілегін қабылдауға көндіру өте маңызды. Сол себепті де аралық сот шешімі тек қана заң нормасына негізделмей, іскерлік айналымы тәжірибесінің қағидаларына немесе жалпы қабылданған нормаларға негізделген, сонымен қатар тараптардың өзара ымыралысуына негізделеді.
Қазақстандық халықаралық арбитраждық сотты құруға бастама көтергендер аталмыш сот жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа қадам деп санады. Алайда көп жылдар күткен заңның бұл салада әлі де жетілмегенін көрсетіп отыр.
Дауларды мемлекеттік соттарда қарау барысында тараптар дауды қараудың негізсіз созылуы, судьялардың біліктілігінің жетіспеушілігі сыбайластылығы сонымен қатар, қысым көрсету сияқты мәселелерге кез болып жатады. Осының барлығы сот шешіміне шағымдануға мәжбүр болып тұрған тараптардың одан әрі қарсы тұруына әкеледі.
Бүгінгі күні республиканың азаматтық соттарымен әділ соттың жаңа қағидаларын енгізуді қарастыратын альтернатива пайда болды.
Бір кездерде болған билер сотына ұқсастығы жөнінен «аралық соттар туралы» және «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» Заңдар қабылданғаннан кейін дауларды республикамызда жүретін заңдармен ғана емес, дауға қатысушылар таңдап алған шетелдік құқық нормалары бойынша қарайтын Қазақстандық халықаралық арбитраж (ҚХА) құрылды.
Қазақстандық халықаралық арбитраждық соттың құрылуы әсіресе кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Ереже бойынша шетелдіктер даулы жағдайларды азаматтық соттарда қарау сияқты тармақшаны өз шрттарында жазуды жақсы көрмейді, арбитражды қалайды. Сондықтан да қазақстандық бизнесмендер өздерінің ағымды мәселелерін алыс шетелде шешуге мәжбүр. Ал бұл өте қымбатқа түседі, әрі ұзаққа созылады. Мысалы, 2006 жылдары Стокгольмде жалпы сомасы 250 млн.доллардың ісі қаралды, олардың төртеуі Қазақстаннан болды[3].
Қазақстан мемлекет құрылысының жаңаша қалыптасу, даму кезеңінде, келісім жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңша оқып-үйрену, зерттеу қажеттілігі туындайды.
Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бірі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, егеменді Қазақстан мемлекетіндегі әділ сот ісінің даму принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады.
Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту жолында жасалып жатқан аса күрделі шаралардың ішінен, тәжірибелік әлеуметтік-құқықтық терең мазмұнды, ғылыми-теориялық тұжырымдамасы бар Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін атап кету қажет.
Елбасы өзінің еңбектерінде мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік негіздерін нығайтумен қатар, құқықтық мемлекет пен әділетті азаматтық қоғам құрудың бағдарламаларын көрсете білді.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында – «Алайда біздің бүгінгі қоғамдағы саяси реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек» - деп айта келе, еліміздегі саяси жүйені демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде бірінші кезекте сот жүйесінің теуелсіздігін нығайту, құқықтық реформаны жүргізуге басты назар аударды.
Жұмыстың басты мақсаты аралық (арбитраждық) сот туралы, оның шешімдерінің атқаоылуы туралы теориялық-құқықтық идеяларды, қағидаларды одан әрі дамыту, олардың тиімді жақтарын негіздеу, аталған құрылымдардың қолданылып жүрген Ата заңымыздағы, басқа да заңдардағы әлеуметтік-саяси мәртебелерін, орнын анықтау.
Қазақстанның соттық жүйесі аудандық (қалалық) және соған теңестіріл-ген соттармен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен көрінеді.
Соттардың ішінен аудан аралық экономикалық, аудан аралық әкімшілік, әскери сот сияқты арнаулы соттарды бөліп айтамыз.
Аудандық соттарға статусы бойынша арнаулы аудан аралық экономикалық соттар, аудан аралық әкімшілік соттар және әскери гарнизон соттары теңестірілген.
Қозғалған құқықтық қатынастар сипатына қарай соттар істі азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот өндірінде қарайды.
Іс мәніне қарай алғашқы инстанция соттарында қаралады. Жалпы ережеге сай алғашқы инстанция бойынша іс аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттарда қаралады.
Арнаулы аудан аралық экономикалық соттар мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істерді қарайды, ондағы тараптар заңдық тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын азаматтар болып табылады.
Сот жүйесін мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде зерттеудің бүгінгі деңгейі әлі де зерттеуді қажет етеді. Осыған орай аталған мәселеге байланысты оыс заманғы шетелдік тәжірибені де зерттеп, пайдалану ұсынылады. Тәжірибе жүзінде сыннан өткен, халықтың берік сеніміне ие болған сот қызметін сот төрелігі ісіне пайдалану соттық-тәрбиелік сипаттағы мәселелер де маңызды болып табылады.
Демократиялық қоғамда мемлекет ғана шын мәнінде азамат мен дамның заңды құқықтарын қорғайтын құрылым болып табылады, ол халықтың әр түрлі жіктері үшін заңдылықтың, құқық тәртібі мен сот төрелігі принциптерін жүзеге асырудың мейлінше оңтайлы тетіктерін жасауды қамтамасыз ету жөніндегі белсенді де байсалды қызметті жүзеге асырады.
Нарықтық қатынастардың дамуы мен тереңдеуі, Қазақстанның келешекте Бүкіләлемдік сауда ұйымының құрамына енуі отандық кәсіпкерлердің шет ел нарығына шығуына айтарлықтай мүмкіндіктер ашады. Осыған орай аралық соттың рөлі арта түседі.
Халықаралық тәжірибеде аралық соттың шектелген және тұрақты деген екі түрі жұмыс істейді. Шектелген аралық сот тараптардың келісімімен арнайы бір нақты дауды шешу үшін құрылады. Сондай-ақ, аралық соттың құрылу тәртібімен дауды қарау мәселесін қатысушылар өздері анықтайды. Шешім шыққан соң бұл сот өзінің жұмысын тоқтатады.
Шектелген аралық соттан тұрақты аралық соттың айырмашылығы сол, тұрақты сот әртүрлі ұйымдар, компаниялар, ассоциациялар, сауда-өнеркәсіп және сауда палаталары жанынан құрылады. Әрқайсысының өз ережесі (жарғы), сот өндіріс тәртібі, төрелерін іріктейтін жеке тұлғалар тізімі болады. Қазақстандық кәсіпкерлер мүліктік дауларды қарап, шешуді , Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы жанынан 1993 жылы құрылған тұрақты төрелік комиссияға беріп келеді. Бұл төрелік комиссия – мемлекеттік емес аралық соттың бір түрі.
Аралық соттың қызметін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында біздіңше, азаматтық және азаматтық іс жүргізу заң нормаларының біразының маңызы артып отыр. Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабының 1-тармағында, азаматтық құқық қорғауды соттар, төрелік немесе аралық соттар жүзеге асырады деп көрсетілген. Ал, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-бабына, 170-бабының 4-тармағына, 185 және192 – баптарына сәйкес жалпы сот юрисдикциясының аясындағы мүліктік дауды тараптардың өзара келісімі бойынша, құқықтық жүйесі түсіндіріле отырып аралық соттың қарауына беруге болады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бап 5-тармақшасына сай іс жалпы соттан аралық сотқа берілген жағдайда мұның өзі арыздың қаралмай қалуына негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы №356 қаулысымен экономикалық дауларды шешетін аралық сот туралы Типтік ереже бекітілген. Бірақ, бұл нормалар қағаз бетінде қалып отырды. Жоғарыда аталған құқықтық актілерде «аралық сот», «төрелік сот», «азаматтардың құқығын қорғау», «мүліктік дау», «экономикалық дау» деген түрлі заң терминдері қолданылады. Бірақ заң шығарушы осы заң терминдеріне ресми түрде түсінік бермеген. Бұл жағдай аралық сотта азаматтардың құқығын қорғау процесін қиындатады. Осы және басқа да олқылықтар, біздің ойымызша, аралық соттың шешімі шыққан соң да тараптардың дауы біте қоймауына немесе шешімнің орындалмауына әкеліп соғуда, мұның өзі біздің ұлттық құқықтық жүйенің бұл мәселеде халықаралық құқық нормаларымен жанаспай жатқандығын байқатады [4].
Аралық сот құрылған алғашқы жылдарда көбіне заңгерлік кеңес беру туралы ғана өтініштер болды, ал басқасы көп бола қойған жоқ. Бірақ, АБРК Аралық сотта дауларды қарау идеясын қалдырмады және банктер арасында осы жөнінде аралық соттың рөлі мен маңызын түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отырды. Осыған байланысты Аралық сот қызметінің белсенділігі арта түсті.
Бұдан басқа да Ассоциация Аралық сот туралы Ереже жасап, оны қабылдады, сонымен қатар Аралық сот қызметін реттеп отыратын қосымша құжаттар жасалып, қабылданды (Аралық сот регламенті, арбитраждық шығындар туралы ереже). Аралық соттың арбатраждық құрамы біршама кәсіптік жұмыс тәжірибесі бар банктердің заңи қызметкерлерімен, білікті заңгерлер қатарымен толықты.
АБРК барысында Аралық соттағы талап арыздарды қарау тәжірибесі Аралық сотқа дауласушы тараптың бірі банк болатын талап арыздар ғана емес, сонымен қатар тараптың бірі банк болмайтын талап арыздар да түскенін көрсетті. Осыдан барып, Аралық соттың маңызы қандай екенін көруге болады, нақтысында Аралық сот ақиқат пен әділдікті бейнелейді.
Жалпы алғанда 1999-2000 жылдар кезеңінде Аралық сотқа АБРК барысында жалпы 942 490 879 теңге және 5 281 686,5 АҚШ доллар сомасының 26 талап материалдары түсті.
Шешім шығарумен 22 талап арыз қаралды, оның ішінде:
18 – жалпы 525 135 469 теңге мен 1 601 174 АҚШ доллар сомасындағы талап арыз қанағаттандырылды.
2 – тараптар жалпы 9 486 961 теңге сомасына татулық келісімге келді.
1 – 50 млн.теңге сомасына талап арыздан бас тартылды.
1 – тоқтатылды [5].
Қазақстанда арбитраж туралы (аралық соттар) заң жасап оны қабылдау қажеттігі баяғыда пісіп жетілді. Бұған Қазақстан Республикасының Президентімен Конституциялық Кеңес бірнеше мәрте көңіл аударды.
Қазақстан арбитражға қатысты барлық негізгі халықаралық, оның ішінде аймақтық конвенциялар мен келісімдерге қосылды және оларды бекітті.
Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық жеке құқық, конвенциялар мен келісімдер тараптардың өз дауларын арбитражға беруге құқығын нығайтады және арбитраждық келісім болған жағдайда дауға мемлекеттік соттың араласпау қағидасын бекітеді.
Қазақстанда дауларды шешудің альтернативті тәсілдер жүйесі ҚР Президентінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы мен төрешілерінің, сонымен бірге көптеген заңгерлер мен еліміз кәсіпкерлері тарапынан қолдау тауып отырғанына қармастан, Қазақстан Республикасында аралық соттар қызметін реттейтін арнаулы заң жоқ,- дейді «Арбитраж мәселесі пісіп-жетілді» -деген 2002 жылы 2 қазанда Юридическая газетінде жарияланған мақаласында Петр Грешников.
2001 жылғы 5 қыркүйекте Юридическая газетінің кезекті санында Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мами және көптеген заңгерлер мен кәсіпкерлер «Аралық соттар болады!» деген пікір айтқан болатын.
Еліміздің басты сот органы басшысының позициясы №14 «Аралық сот шешімдерінің мәжбүрлі атқарылуы туралы арыздарды қараудың соттық тәжірибесі туралы» нормативті қаулысы қабылданған 2001 жылы 19 қазандағы ҚР Жоғарғы сотының пленарлы отырысында қолдау тапты. Аталмыш қаулыға сәйкес қазақстандық аралық сот шешімдері жалпы құқықтық құзыр (юрисдикция) сотының шешімдерімен тең дәрежеде атқарылады.
Бірақ, 2002 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Қазақстан Республикасының бас прокурорының наразылығы бойынша №15 нормативтік қаулысымен бұрын қабылданған 2001 жылғы 19 қазандағы №14 «Аралық сот шешімдерінің мәжбүрлі атқарылуы туралы арыздарды қараудың соттық тәжірибесі туралы» нормативті қаулысының әрекетін тоқтатты.
Аталмыш нормативтік қаулының әрекетін тоқтату және аралық сот қызметін реттейтін 1993 жылғы 4 мамырдағы ҚР өкіметінің қаулысын тоқтату аралық сот шешімдерін мәжбүрлі түрде атқару мәселесі төңірегінде екі жылға созылған күрестің себебіне әкеліп соқты. Бір жақтан басты әрекет етуші тұлға ҚР Жоғарғы соты және белгілі ғалым-цивилистер, ал екінші жақтан ҚР Бас прокуратурасы және биліктің атқарушы тармағының бірқатар чиновниктері шықты. Мемлекеттік сот төрешілері, құқықтанушы ғалымдар, заңгерлер ежелден келе жатқан аралық сот шешімдерінің мемлекеттік сот жүйесі арқылы мойындалу мен атқарылу процедурасын жақтайды, ал олардың оппоненттері бұған жол бермеуге тырысады. Мысалы, республиканың юстиция министрлігі мәселенің маңыздылығына қарамастан, бірнеше жылдар бойы қажетті көңіл бөлмегендігі былай тұрсын, тіпті аталған заңдардың заң жобасы жұмысын жоспарға енгізу шараларын да қарастырмайды.
Бұл қарсыласуда аралық сот институты және оның шешімінің мәжбүрлі түрде атқарылу процедурасы жоғарыда айтылған халықаралық құқықпен бекітілгендіктен, жеңімпаздар да жеңіліс табушылар да жоқ және болуы да мүмкін емес.
2002 жылғы 28 маусымдағы қаулысында Қр Жоғарғы соты төмен тұрған соттарға заңдық актілермен қаралған жағдайда, оның ішінде «Шетел инвестициялары туралы» Заңда арбитраждық сот шешімдері мемлекеттік сот шешімдері сияқты атқарылатынын көрсетіп берді. Қазақстан Республикасын-да шетелдік соттар мен арбитраж шешімдері ҚР АІЖК 425-бабында қарастырылған тәртіппен атқарылады.
Қазақстандық аралық соттар мен отандық кәсіпкерлердің мүддесіне қысым келтіретін ҚР мүддесіне қайшы келетін жағдайды ескере отырып, ҚР Жоғарғы соты Президентке Қазақстан Республикасында арбитраждық соттың құқықтық статусы туралы заңды жетілдіру жөнінде ұсыныс жасады.
Бұдан басқа 2002 жылы Қазақстан Республикасының соты «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы», «Аралық сот туралы» және «Халықаралық коммерциялық арбитраж қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы бірқатар заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР заң жобаларын жасау жөнінде жұмыс тобын құрды.
«Халықаралық коммерциялық арбитраж қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы бірқатар заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» жоба ҚР АІЖК, 1998 жылғы 30 маусымдағы «Соттық атқарылу статусы мен атқарылу өндірісі туралы» ҚР Заңына және кейбір басқа да нормативтік актілеріне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады.
ҚР АІЖК өзгерістер енгізу жобасы мемлекеттік сот пен аралық соттың міндетін неғұрлым шектей түседі.
Аралық соттың мемлекеттік сотқа аралық сотқа берілген талапты қамтамасыз етуге көмектесуіне және ҚР АІЖК 15 бөлімінде қарастырылған шараларды қолдануға өтініш білдіру құқығы маңызды жаңалық болып табылады.
ҚР АІЖК жіберілген қателіктің орнын толтыру және аралық арбитраждық сот шешімінің мәжбүрлі түрде атқарылуы туралы арнаулы норманы (236-1бапты) қосу ұсынылады. Жобада ҚР АІЖК 263-1 бабының аралық сот шешімдеріне атқарылу құжатын беретін мемлекеттік органдар, олардың берілу мерзімі мен тәртібі, сонымен қатар аралық сот шешімін мәжбүрлі түрде атқаруды орындау құжатын беруден бас тарту негізі нақты анықталған.
Аралық соттар шешімдерін мәжбүрлі түрде атқару туралы жобаның бап нормасы аралық сот өндірісі институтының өмір сүруі мен дамуында маңызды болып табылады.
1998 жылғы 30 маусымдағы ҚР «Атқарылу өндірісі және соттық атқарылу статусы туралы» Заңында атқарылу құжаттары тізбесін аралық сот шешімдеріне берілетін атқару парағы туралы нормамен (5-бап) толықтыру жоспарлануда.
Петр Грешников пен Игорь Грешников 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» және 1998 жылғы «Сот сараптамасы туралы» Қр Заңдарында өзгертулер енгізілуін ұсынды.
Сонымен қатар азаматтар мен заңды тұлғалардың заңдылық құқықтарын қорғау ісінде аралық соттар адвокаттық кеңселер мен адвокаттар бірлестігіне қарағанда маңызды рөл атқарады, сондықтан да аралық соттар салық төлеу мәселесі бойынша теңестіріліп, ҚР Салық кодексіне қажетті толықтырулар енгізілгені әділетті болар еді деген пікір айтады ғалымдар. [4]
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1-тармақ 13-бабы) әрбір адам қажетті қорғанысты қоса алғанда оның құқықтық субъектілігін мойындауға және өз құқығы мен еріктілігін заңға қайшы келмейтін тәсілдермен қорғауға құқылы.
Аралық сот азаматтар мен ұйымдардың мүліктік құқығын қорғау тәсілі, ол ҚР іс жүзіндегі заңдарымен қарастырылған және осы ретте Қазақстан Республикасы Конституциясымен мойындалған.
Өз құқығын қорғау үшін аралық сотқа немесе мемлекеттік сотқа арыздану тараптардың қалауы болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғаларға бұл таңдау құқығы Қазақстан Республикасы заңымен берілген. Осыған байланысты мыналарды айта кету керек:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары жеке мүліктік дауларды мемлекеттік сотқа бергені сияқты аралық сотқа беруге құқылы деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-бабында.
ҚР Азаматтық кодексінің 2-бабында жеке істерге қандай да біреудің, оның ішінде мемлекеттің араласпауы туралы айтылған. Өз еркімен аралық сотты таңдаған тұлға өз шешімін бір жақты өзгерте алмайды, ал мемлекеттік сот бұл жағдайда екі тараптың келісімінсіз істі қабылдай алмайды. Кез-келген көпшілік мүддесіне қатысы жоқ жеке дау мемлекеттік сотпен шешілгені сияқты жеке меншік (аралық) сотпен шешіледі, бұл жерде аталған сот шешімдерінің тең дәрежеде заңды құқығы бар және міндетті қажет болған жағдайда мәжбүрлі түрде атқарылады.
Екіншіден, егер істі дауды аралық (арбитраждық) сотқа сотқа беру туралы арбитраждық келісім болса, бір тараптың жалпы юрисдикция сотына арыздануы барысында соңғысы талап арызды қабылдаудан бас тартуға міндетті (АІЖК 153-бабы 1-тармақтың 1-тармақшасы) немесе іс бойынша өндірісті тоқтатуы керек (247-баптың 1-тармақшасы).
Сонымен қатар егер тараптар арасында дауды аралық соттың шешуіне беру туралы заңға сәйкес келісім бекітілсе және жауапкерден істі қарауды бастағанға дейін дауды мемлекеттік сотта шешуге қарсы мәндегі өтініш (249-баптың 5 тармақшасы) түссе жалпы юрисдикция соты талап арызды қарамай қалдыруы керек.
Мемлекеттік соттың өзі істі сотта қарауға дайындық барсында тараптарға дауды аралық сотпен шешу олардың құқығы екекін түсіндіретінін ескерту қажет (АІЖК 170-бабының 4-тармақшасы) осы туралы сот істі қарауды бастар алдында тағы да бір ескертіп кетуі керек (АІЖК 192-бабы) [6].
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1-тармақ 13-бабы) әрбір адам қажетті қорғанысты қоса алғанда оның құқықтық субъектілігін мойындауға және өз құқығы мен еріктілігін заңға қайшы келмейтін тәсілдермен қорғауға құқылы.
Аралық сот азаматтар мен ұйымдардың мүліктік құқығын қорғау тәсілі, ол ҚР іс жүзіндегі заңдарымен қарастырылған және осы ретте Қазақстан Республикасы Конституциясымен мойындалған.
Өз құқығын қорғау үшін аралық сотқа немесе мемлекеттік сотқа арыздану тараптардың қалауы болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғаларға бұл таңдау құқығы Қазақстан Республикасы заңымен берілген. Осыған байланысты мыналарды айта кету керек:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары жеке мүліктік дауларды мемлекеттік сотқа бергені сияқты аралық сотқа беруге құқылы деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-бабында.
ҚР Азаматтық кодексінің 2-бабында жеке істерге қандай да біреудің, оның ішінде мемлекеттің араласпауы туралы айтылған. Өз еркімен аралық сотты таңдаған тұлға өз шешімін бір жақты өзгерте алмайды, ал мемлекеттік сот бұл жағдайда екі тараптың келісімінсіз істі қабылдай алмайды. Кез-келген көпшілік мүддесіне қатысы жоқ жеке дау мемлекеттік сотпен шешілгені сияқты жеке меншік (аралық) сотпен шешіледі, бұл жерде аталған сот шешімдерінің тең дәрежеде заңды құқығы бар және міндетті қажет болған жағдайда мәжбүрлі түрде атқарылады.
Екіншіден, егер істі дауды аралық (арбитраждық) сотқа сотқа беру туралы арбитраждық келісім болса, бір тараптың жалпы юрисдикция сотына арыздануы барысында соңғысы талап арызды қабылдаудан бас тартуға міндетті (АІЖК 153-бабы 1-тармақтың 1-тармақшасы) немесе іс бойынша өндірісті тоқтатуы керек (247-баптың 1-тармақшасы).
Сонымен қатар егер тараптар арасында дауды аралық соттың шешуіне беру туралы заңға сәйкес келісім бекітілсе және жауапкерден істі қарауды бастағанға дейін дауды мемлекеттік сотта шешуге қарсы мәндегі өтініш (249-баптың 5 тармақшасы) түссе жалпы юрисдикция соты талап арызды қарамай қалдыруы керек.
Мемлекеттік соттың өзі істі сотта қарауға дайындық барсында тараптарға дауды аралық сотпен шешу олардың құқығы екекін түсіндіретінін ескерту қажет (АІЖК 170-бабының 4-тармақшасы) осы туралы сот істі қарауды бастар алдында тағы да бір ескертіп кетуі керек (АІЖК 192-бабы) [7].
Халықаралық жеке құқық, оның ішінде Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын келісімдер мен конвенциялар өз дауларын арбитраждық берудегі тараптар құқығын нығайтады және арбитраждық келісім болған жағдайда дауға мемлекеттік соттың араласпау қағидасын бекітеді.
Үшінші, аралық сот – бұл арбитражды, арбитраждық соттарды, халықаралық және шетелдік коммерциялық арбитраждарды қамтитын текті түсінік.
Осыған байланысты арбитраждық түсінік күші мен дауды аралық сотқа беру құқығы Қазақстан Республикасы қол қрйып, бекіткен халықаралық келісімдер мен конвенциялармен бекітілген.
Қазақстандық халықаралық арбитраждық сотты құруға бастама көтергендер аталмыш сот жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа қадам деп санады. Алайда көп жылдар күткен заңның бұл салада әлі де жетілмегенін көрсетіп отыр.

- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
- Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу
- Қазақстан Республикасында вирустық гепатит ауруы
- Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
- Қазақстан республикасындағы адам құқығы
- Қазақстан Республикасындағы банк қызметінің заңнамалық негіздері
- Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қатынастар
- Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары
- Қазақстан Республикасы мен Канададағы қаржылық есептілікті ұйымдастыру жүйесі
- Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы қатынастар
- Қазақстан Республикасында адам және азаматтың
- Қазақстан республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру
- Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары