Қазақстан Республикасы мен Канададағы қаржылық есептілікті ұйымдастыру жүйесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы мен Канададағы қаржылық есептілікті ұйымдастыру жүйесі» 
 

  
 
 
 
 
 
 
 

      Орындаған:.

ҒПМ, Есеп және аудит, 2 курс

    Тексерген:. 

Алматы 2011

    ЖОСПАР 

      Кіріспе 3
     
    1. Қаржылық  есеп беруді жасау
    4
     
    1. Қазақстан Республикасыда қаржылық есептілікті ұсыну
    5
     
    1. Канададағы қаржылық есептілік
    8
      Қорытынды 10
      Пайдаланылған әдебиеттер 11
 
 

  
 

 

      КІРІСПЕ

     Реферат тақырыбы «Қазақстан Республикасы мен Канададағы қаржылық есептілікті ұйымдастыру жүйесі».

     Есеп  беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық  көрсеткіштер жүйесі.

     Қаржылық  есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына  заңды тұлғаның қаржылық жағдайы  туралы сенімді, мәнді және пайдалы  ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.

     Қаржылық  есеп беру заңдар мен принциптер негізінде  жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының  Бухгалтерлік және қаржылық есептілік  заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы  Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қаржылық  есеп беруді жасау

     Қаржылық  есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеідегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен  қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық  ақпаратты пайдаланушылар екі топқа  бөлінеді:

    1. Ішкі;
    2. Сыртқы.
  • Сыртқы пайдаланушылар екі категорияға бөлінеді:
  • Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар:
  • Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
  • Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
  • Субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар:
  • Салық органдары;
  • Реттеуші органдар;
  • Статистикалық органдар;
  • Басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары)

Кәсiпорынның қызметтерi туралы қаржы мәлiметiнiң  әртүрлi қолданушыларына келесi мәлiметтер қажет:

 - Берілген  инвестиияларға байланысты тәуекеклді  көтеруші инвесторлар. Оларға акцияларды сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға жне субъектінің дивидент төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады;

 - Тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақтылы төлене ме деп білгісі келетін қарыз берушілер; 

 - Тиесілі  сома бола ма, төлене ме деп  анықтауға мүмкіндік беретін  ақпаратқа қызығушы жабдықтаушлар мн басқа сауда кредиторлары;

 - Сатып алушылар. Олар субъекттің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе олардың субъектіге ұзақ мерзімді келісімдері туралы ақпарат қажет;

 - Қызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылығы  мен тиімділігі туралы ақпаратқа,  жалдау жөніндегі бұдан кейінгі  жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін  бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделік танытады;

 - Ресуртарды  бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі  мемлекеттік органдар. Сонымен қатар оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін жне ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;

 - Көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті  экономикаға көптеген тәсілдермен  елеулі үлес қосады, бұған халықтың  еңбекпен қамтылуы мен жергілікті  жабдықтаушыларды қолдауы да  қатысты. Қаржылық есеп беру  көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады. 
 
 

     Қазақстан Республикасында  қаржылық есептіліктi ұсыну

     Қаржылық  есеп берудің Халықаралық стандарттары комитеті барлық жерде қабылданып, ұстану үшін 41 ҚЕХС жете зерттеп, жасап, жариялады және ұсынды.

ҚЕХСК-ның  басты мақсаты – егер мыналар  анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну:

  • Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;
  • Ақпараттық жүйе құру приниптері;
  • Осы ақпараттың салалық сипаттамалар;
  • Қаржылық есеп беру элементтері;

1997 жылдан  бастап ҚР-да ҚЕХС негізінде  жасалған бухгалтерлік есептің  стандарттары қолданыста жүр.

     Қаржылық  есептілікті жасауды ұйымдар  Қаржылық есептіліктің халықаралық  стандарттары комитеті Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.

     Қаржылық  есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

     Жылдық  қаржылық есептілікті жекелеген  қаржы ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес өздері дербес əзірлеген нысандар бойынша жасайды жəне оған мыналар кіреді:

     1) бухгалтерлік баланс;

     2) пайдалар мен зияндар туралы  есеп;

     3) ақша қаражатының қозғалысы туралы  есеп;

     4) капиталдағы өзгерістер туралы  есеп;

     5) түсіндірме жазба. [3]

     Қаржы есептілігінің негізгі сапалы сипаттамасы:

  • Түсініктілік – қаржы есептілігінде ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
  • Орындылық – шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпарат орынды және оларға оқиғаны бағалауға көмектесуі, олардың өткен бағалауларын растайтын немесе түзететін болуы тиіс.
  • Сенімділік – пайдаланушылар  ақпаратты  ақиқат  сияқты  қабылданғанда елеулі қателер мен бұрмалаулардың болмауы.[2]

     Ұлттық  Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды жəне қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, еншілес ұйымдары жоқ жекелеген қаржы ұйымдары уəкілетті органға аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сəуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.

     Ұлттық  Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, еншілес ұйымдары бар жекелеген қаржы ұйымдары уəкілетті органға шоғырландырылмаған жəне шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сəуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.

     Шоғырландырылмаған  жəне сол сияқты шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді ұсынатын жекелеген  қаржы ұйымдарына аудиторлық ұйымның  растауы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілік үшін ғана талап  етіледі.

     Еншілес ұйымдары жоқ, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар жəне қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар Ұлттық Банкке аудиторлық ұйымның растауы талап етілмейтін шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сəуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.

     Еншілес ұйымдары бар, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке шоғырландырылмаған жəне шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сəуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.

     Ұлттық  Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды  инкассациялау жөніндегі операцияларды  жүзеге асыратын, банк жəне (немесе) банктік  холдинг оларда ірі қатысушылар  болып табылатын ұйымдар Ұлттық Банкке аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

     Жекелеген қаржы ұйымдарының уəкілетті  органға ай сайынғы жəне тоқсан сайынғы  негізде ұсынылуға тиісті қаржылық есептілігіне мыналар кіреді:

      1) бухгалтерлік баланс – № 1 нысан (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша);

      2) пайда жəне зиян туралы есеп  – № 2 нысан (осы Нұсқаулыққа  2-қосымша).

     Пайда жəне зиян туралы есепті – № 2 нысанды  Ұлттық почта операторы осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада белгіленген нысан  бойынша ұсынады.

     Жекелеген қаржы ұйымдары (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) уəкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақытымен сағат 18-ден кешіктірмей № 1 нысан жəне № 2 нысан бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.

     Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды  жүзеге асыратын ұйымдар уəкілетті  органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақытымен сағат 18-ден кешіктірмей № 1 нысан жəне № 2 нысан бойынша ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.

     Бағалы  қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар уəкілетті  органға осы Нұсқаулықтың 2 жəне 3 тармақтарының талаптарына сəйкес тек жылдық қаржылық есептілікті ұсынады. [6]

     Банк  операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (Ұлттық почта  операторын, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды жəне қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) уəкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей № 1 нысан жəне № 2 нысан бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.

     Ұлттық  почта операторы уəкілетті органға  ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың  жиырма бесінен кешіктірмей № 1 нысан  жəне № 2 нысан бойынша ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.

     Ұлттық  Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды  инкассациялау жөніндегі операцияларды  жүзеге асыратын ұйымдар жəне қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен  айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар ай сайынғы жəне тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктерді ұсынбайды.

     Қаржылық  есептіліктегі деректер Қазақстан  Республикасының ұлттық валютасы –  Қазақстан теңгесімен көрсетіледі.

     Қаржылық  есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың Қазақстан теңгесімен белгіленеді. Бес жүз Қазақстан теңгесінен кем сома қаржылық есептілікте нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз Қазақстан теңгесіне тең жəне жоғары сома мың Қазақстан теңгесіне дейін дөңгелектенеді.

     Жекелеген қаржы ұйымдары ай сайынғы жəне тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктерін уəкілетті  органға ұсынылатын деректердің  конфиденциалдылығын жəне түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық  қорғаныш құралдары бар ақпаратты  кепілді жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауыштармен ұсынады.

     Жекелеген қаржы ұйымдары жылдық қаржылық есептілігін  уəкілетті органға қағаз жəне электрондық тасымалдауыштармен ұсынады.

     Ұлттық  Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар жəне қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептілігін қағаз тасымалдауышпен орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына, ал Алматы қаласында орналасқан ұйымдар Ұлттық Банктің орталық аппаратына ұсынады.

     Қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке  бірінші басшы немесе оның орнындағы  тұлға жəне бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куəландырылады жəне жекелеген қаржы ұйымында сақталады.[1] Уəкілетті органның талап етуі бойынша жекелеген қаржы ұйымы жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағазға басып шығарылған, түзетулері жəне өшірілгені жоқ қаржылық есептілікті ұсынады.

     Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есептілік қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке сəйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған деректердің қағазға басып шығарылған нұсқадағы деректермен бірдейлігін жекелеген қаржы ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.

     Жекелеген қаржы ұйымы ұсынған қаржылық есептілікте толық емес ақпарат  немесе қателер табылған жағдайда, сондай-ақ электрондық тасымалдауышпен  ұсынылған жылдық қаржылық есептілік оқылмаған жағдайда, уəкілетті орган немесе Ұлттық Банк бұл туралы жекелеген қаржы ұйымына хабарлайды. Жекелеген қаржы ұйымы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулер ескеріле отырып пысықталған қаржылық есептілікті ұсынады.

     Қаржылық  есептілікті уақтылы ұсынбау, ұсынбау  немесе қаржылық есептілікте шынайы емес мəліметтер ұсыну Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілерінде  белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады.[6] 

Канададағы  қаржылық есептілік

     Дүние жүзілік тәжiрибеде бухгалтерлiк есептіліктің көптеген үлгiлерi бар. Соның ішінен негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Англо-американдық. Бұл үлгiнiң негiзгi белгiсi – есептілікті кәсiпорындардың инвестиция салу және несие беруiне бағыттау, сондай-ақ бухгалтерлiк есептiң ерекше өздiгiнен басқарылуы. Мемлекетiнiң салық органдары арқылы ақпараттық қамтамасыз етуi қаржы есептілігі жүйесінің шеңберiнен шығарылған. Қаржылық есептілік жүйесі белгiлi есептiк қағидаларға негiзделедi. Бухгалтерлiк есеп және есеп берудiң ұлттық стандарттары кәсiби бухгалтерлiк ұйымдармен өнделедi. Осы үлгiні келесi елдер қолданады: Ұлыбритания, АҚШ, Голландия, Австралия, Багамдар, Венесуэла, Индия, Канада, Кипр, Жаңа Зеландия.
  2. Континентальды немесе Еуропалық модель. (Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия және т.б.)
  3. Оңтүстік Американдық модель. (Бразилия, Аргентина, Чили және т.б.). [5]

     ҚЕХС  бүгiнгi күнге әлемде өте игерiлген және таралған бухгалтерлiк стандарттар  болып табылады.

     2005 жылдан бастап (2002 жылдың маусымында  қабылданып, 2003 жылдың қаңтарында мақұлдалған ЕО Директивасына сәйкес) акциялары биржаларда бағаланатын Еуропалық Одақ елдерiнiң барлық компаниялары бірыңғай (консолидированная) қаржы есептілігін ҚЕХС-на сәйкес ұйымдастырулары қажет. Сонымен бiрге биржаларда тек қана мiндеттемелері (облигация) бағаланатын фирмалар 2007 жылдан бастап ҚЕХС-на өтті. ҚЕХС банк жүйелерінде де қолданылады.

     Көптеген мемлекеттерде, мысалы, Австралия, Германия және Ұлыбританияда, шетелдiк эмитенттер өз есептіліктерін бұл елдердiң ұлттық стандарттарымен сәйкес емес,  халықаралық стандарттармен ұсына алады.  Басқа мемлекеттерде, мысалы, Канада, Жапониялар және АҚШ-да бұндай есептілік рұқсат етiледi, дегенмен есептілік даярлайтын серiктестiктер, оған қосымша, бұл елдердiң ұлттық стандарттарымен сәйкес дайындалатын есептіліктен ҚЕХС бойынша дайындалған есептіліктің айырмашылықтарының  тiзiмін ұсыну керек. Канада GAAP – Generaly Accepted Accounting Principles (Бухгалтерлік Есептіліктің Танымал Қағидалары) қолданады.

     GAAP қағидалары:

    • Заңдылық (Principle of regularity)
    • Келісушілік (Principle of consistency)
    • Адалдық (Principle of sincerity)
    • Әдістердің тұрақтылығы (Principle of the permanence of methods)
    • Өтемсіздік (Principle of non-compensation)
    • Саналық  (Principle of prudence)
    • Үзіліссіздік (Principle of continuity)
    • Мерзімділік (Principle of periodicity)
    • Толық ашып көрсету/ заттылық (Principle of Full Disclosure/Materiality)
    • Шектi адалдық (Principle of Utmost Good Faith)

                        GAAP-тың ҚЕХС-нан айырмашылығы, GAAP-та не бiр практикалық жағдайлардың есептілік реті толық жүйеленеді.

                        Бағалы қағаздарға және биржалар бойынша Комиссиясы 2008 жылдың тамызында GAAP-тан бас тартып ҚЕХС-на көшу туралы алдын ала жоспар ұсынды. Осы жоспарға сәйкес, 2010 жылдан бастап америкалық трансұлттық компаниялар міндетті түрде есептілікті ҚЕХС-на сәйкес ұсынулары керек. 2014 жылдан бастап ҚЕХС бойынша есептілікті ұйымдастыру барлық америкалық компаниялар үшін міндетті болады деп болжануда. [7]

     Осылайша, ҚЕХС-рын толық қолдану, бағалы қағазбен халықаралық саудалауда,  қаржы есептіліктің бiркелкілік, ақиқаттық, мөлдiрлiк және салыстырмалылығын қамтамасыз етiп, тосқауылдарды жоюға мүмкiндiк бередi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қаржылық  есеп – бұл шаруашылық қызметтің  нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің  тәртіпке келтірілген жүйесі, ол ағымдағы бухгалтерлік есеп ақпаратына негізделген.

     Қаржылық  есептің мақсаты – тұтынушыларды  қандай да бір құрылымдағы қажетті  ақпараттармен қамтамасыз ететін қаржылық жағдайдың шынайы көрінісін бейнелеу.

     ҚР-нда  енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.

     ҚР-ның  заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.

     ҚЕХС  бүгiнгi күнге әлемде өте игерiлген және таралған бухгалтерлiк стандарттар  болып табылады.

     1997 жылдан бастап ҚР-да ҚЕХС негізінде  жасалған бухгалтерлік есептің  стандарттары қолданыста жүр.

     Қаржылық  есептілікті жасауды ұйымдар  Қаржылық есептіліктің халықаралық  стандарттары комитеті Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан  Республикасында жариялауға жазбаша  рұқсаты бар ұйым мемлекеттік  тілде немесе орыс тілінде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.

     Қаржылық  есептілік Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады. Ұйымдар жылдық қаржылық есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен  кешіктірмей ұсынады.

     Канадада  шетелдiк эмитенттер өз есептіліктерін бұл елдердiң ұлттық стандарттарымен сәйкес емес,  халықаралық стандарттармен ұсына алады, бірақ есептілік даярлайтын серiктестiктер, оған қосымша, бұл елдердiң ұлттық стандарттарымен сәйкес дайындалатын есептіліктен ҚЕХС бойынша дайындалған есептіліктің айырмашылықтарының  тiзiмін ұсыну керек. 2014 жылдан бастап ҚЕХС бойынша есептілікті ұйымдастыру барлық америкалық компаниялар үшін міндетті болады деп болжануда. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңы  (30.06.2010)
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Есеп саясатын бекіту туралы бұйрығы (2010 жыл, 7 қыркүйек,  №444, Астана қаласы)
  3. Кеулимжаев К.К. Финансовый учет на предприятии: Учебник / Под ред. Р.М.Рахимбековой / - Алматы, Экономика, 2005
  4. Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттары
  5. www.lib.rus.ec
  6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БАСҚАРМАСЫНЫҢ Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары жəне ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты ҚАУЛЫСЫ  (2009 жылғы 25 мамыр № 49, Алматы қ.)
  7. Михаил Оверченко. Прощай, GAAP // Ведомости, № 162 (2184), 29 августа 2008
 
 

 

  
 

Қазақстан Республикасы мен Канададағы қаржылық есептілікті ұйымдастыру жүйесі