Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы

Жоспар 
 

Кіріспе

I.Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы 

1.1 Бюджет және бюджет құрамы 

1.2 Мемлекеттік  бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы 

1.3 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі 
 

Қорытынды 

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

    Экономикалық теория тұрғысынан, ел эконмикасынан, ел экономикасының  дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің  бел ортасында мемлекеттік бюджет  тұрады. Бюджеттің  жүйе  құрылымы,  оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі  механизмдер  арқылы  жасалады. Ол  сол елдің  ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық   құрылысын, мемлекеттік  құрылымын  білдіреді. Сонымен  қатар  бюджеттің құрылымы, жалпы  елдің  мемлекеттік  құрылымымен  тікелей байланысты болып, әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел  дамуының  қаржы  негізі  пайда  болады. Бюджеттің екі  түрі  бар:

    1.Республикалық (мемлекеттік) бюджет;

    2.Жергілікті бюджет.

    Унитарлық мемлекеттердің  бюджеттік   жүйесі  екі  дегейден – мемлекеттік және  жергілікті  бюджеттен тұрады. Федеративтік  мемлекеттерде, штаттардан (АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған  сәйкес  әкімшілік ұйымдары қызмет  етеді.

    Мемлекеттік бюджет – үкімет  қолындағы  ақша  ресурстарының   орталықтандырыған  қоры. Бұл  қаражат  мемлекеттік  аппараттарды, қарулы  күштерді  қаржыландыруға  және  әлеуметтік – экономикалық қызметтерді  атқаруға  жұмсалады. Қазіргі жағдайда  бюджет эконмиканы мемлекеттік  реттеудің, шаруашылық конъюктураға  ықпал етудің, дағдарысқа  қарсы  шараларды  жүзге асырудың  аса күшті құралы.Қазіргі мемлекеттік бюджет, оның сан түрлі қызметін көрсететін  күрделі де, көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте – мемлекеттің кірісі мен шығынының құрылымы  бейнеленеді. Шығында бюджеттік ассигнациялардың бағыттары мен қызметтері  көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан  бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады: әскери шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық шығындар.    Мемлекеттік шығындардың басты тармағына экономиканың  өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік  инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға  бөлінетін шығындардың да үлесі  айтарлықтай.

    Мемлекет бюджетінің  басты құрамды  бөлігі – жергілікті бюджеттер. Олар арқылы  ең алдымен коммуналдық меншік  объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын  дамыту және  тұрғын үй  құрылысы қаржыландырады. Жергілікті бюджетті  жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады.

     Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық  және  жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты  қорлардың төлемдерінен  құралады. Мұндай қорладың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I тарау.  Мемлекеттік  бюджеттің  теориялық  негіздері

1.1 Бюджет   және  бюджет  құрылысы

     Бюджет  жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген  бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік  кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан  Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.

     Бюджет  құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың  кағидаттары, оның буындарының өзара  байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік  құрылымымен анықталады. Мемлекеттің  федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

  Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дёр^ес болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).

    Қаржылық байланыстардың  орасан зор әр алуандығында жеке ортақ  ерекшеліктерімен  көзге  түсетін  оқшауланған  сфераларды  бөліп  көрсетуге  болады.  Мәселен, мемлекеттік  шаруашылық  жүргізуші  субъектілермен  және халықпен  қалыптасатын  қаржы  қатынастары  жалпы  қоғамдық өнімді  құндық бөлудің  ерекше  саласын құрайды  және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған  орталықтандырылған  ақша  қорын  қалыптастырумен  және  пайдаланумен  байланысты  болады. Қаржы  қатынастарының  бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет"  ұғымының  экономикалық  мазмұнын  құрайды.

    Экономикалық  қатынастардың   жиынтығы  ретінде  мемлекеттік  бюджеттің  объективті  сипаты  бар.  Бөлудің  дербес  сферасы   ретіндегі оның  өмір сүруінің  объективті  қажеттігі  ұлғаймалы   ұдайы  өндірістің  қажеттіліктерімен, мемлекеттің  табиғатымен   және  функциясымен  байланысты.Бұл  тиісті  орталықтандырылған  ресурстарды  қажет  етеді. Ақша қаражаттарын  орталықтандыру  бүкіл  ұлттық  шаруашылық  ауқымында  үздіксіз  ауыспалы  айналымды  ұйымдастыру  үшін, жалпы  экономиканың  жұмысістеуін  қамтамасыз ету  үшін  қажет.

    Экономика  дамуының  қазіргі   кезеңінде  орталықтандырылған  қаржы  ресурстары мемлекетке  қоғамдық  өндірістің  қажетті  қарқыны  мен  үйлесімін   қамтамасыз етуге,  оның  салалық  және  аумақтық  құрылымын  жетілдіруге  жетуге, экономиканың  салаларын  дамытудың бірінші  кезекті  бағдарламасы  үшін  қажетті көлемде  қаражаттарды  қалыптастыруға, ірі  әлеуметтік  өзгерістерді  жүргізуге мүмкіндік  береді.

        Қаржыны  орталықтандырудың  арқасында  ақша  қаражаттары, мемлекеттің  экономикалық  және  әлеуметтік  саясатын  табысты  іске асыру  үшін  жағдайларды  дайындай  отырып, экономикалық және  әлеуметтік  дамудың  шешуші  учаскелеріне  шоғырландырылады.

       Сөйтіп, объективті  бөлгіштік  қатынастардың  экономикалық  нысаны  бола  отырып, құндық бөліністің  ерекше  бөлігі  ретінде  мемлекеттік  бюджет айрықшалықты  қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға  қызмет етеді, экономикалық категория ретінде  көрінеді.

    Қаржы  қатынастарының  белгілі   бір жиынтығы  ретіндегі  мемлекеттік   бюджетке  ең алдымен  жалпы  қаржы  категориясынан   ажырататын  өзгеше   белгілер  тән: бюджет  қатынастарының  бөлгіштік  сипаты  бар, әрқашан  ақша  нысанында жүзеге  асырылады, мақсатты ақша  қорларын  қалыптастырумен және  пайдаланумен  қатар жүреді. Сонымен бірге, бюджет  қатынастарына белгілі бір өзгешелік тән, алайда  ол қаржымен ортақ өзгеше  белгілердің шеңберінен шықпайды.

    Құндық  бөліністің  айрықшалықты  сферасы  ретінде  мемлекеттік  бюджет  мына  өзгеше  белгілермен  сипатталады:

    1) мемлекеттен  жалпы  қоғамдық  өнімнің  бір  бөлігін   оқшауландырумен  және  оны   қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыруменжәне   оны  қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға    пайдаланумен  байланысты  бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық  нысаны  болып табылады;

    2) құнды  жасау  және  оны   тұтыну  процесін  шарттастыратын  материалдық  өндіріс  қаржысынан  және  құнды  тұтынуға  қызмет  ететін  өндірістік  емес  сфера  қаржысынан  мемлекеттік  бюджеттің  айырмашылығы  ол ұлттық шаруашылықтың  салалары , аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық  қызметтің  сфералары  арасында құнды  қайта бөлуге  арналған;

    3) қоғамдық өнімнің  оның  тауар  нысанындағы  қозғалысымен  тікелей  байланысты  емес  құндық  бөліністің   стадиясын  білдіреді  және  одан  белгілі  үзілісте  жүзеге  асырылады, ал  қаржы  қатынастары  материалдық  өндірісте де, өндірістік  емес  сферада  да  тауар-ақша  қатынастарымен  тығыз  тоқайласып жатады. 
 
 

1.2 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы

    Мемлекеттік орталықтандырылған  ақша қорын қалыптастырумен және  пайдаланымен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жаауы  ерекше экономикалық нысандар  – бюджеттің кірістері меншығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің  өзі сияқты объективті және олардың өзгеше  қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

    Кірістер мен шығыстардың құрамы  мен құрылымы әлеуметтік-экономикалық  және тарихи жағдайларда жүзеге  асырылатын мемлекеттік бюджет  және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет  белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

    Нарықтық қатынастарға көшкенге  дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорыдардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен  пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқлары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып  жүрген төлемдр жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпрындар қызметінің жеке –дара нәтижлеріне бағытталып отырды.

    Дағдыдағыдай, кірістердің көзі  салықтар немесе оларға барабар  төлемдер болып табылады.Қазақстан  Республикасының мемлекттік бюджеті кірістеріні құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің  қолданыстағы жүйесімен  және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

    Бюджет жүйесі туралы заңға  сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:

    1)түсімдерден:

    кірістерден;

    алынған ресми транферттерден (гранттардан);

    бұрын бюджеттен берілген кредиттер  бойынша негізгі брышты өтеуден;

    2)шығыстардан және кредит беруден:

    шығыстардан;

    кредит беруден;

    3)бюджет тапшылығынан (профицитінен);

    4)бюджет тапшылығын (профицитті  пайдаланудан) қаржыландырудан.

    өз кезегінде кірістер:

    салықтық түсімдер;

    салыққа жатпайтын түсімдер;

    капиталмен жасалатын операциялардан  алынатын кірістер болып бөлінеді.

    Бюджеттік түсімдердің бұл үш  категориясы алынған ресми трансферттер  бөлігімен  (және бір уақытта  санатымен) яғни тауарларды немесе  қызмет көрсетуді сатып алуға,  кредиттер беруге немесе өтелмеген  борышты төлеуге байланысты емес  тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.

    Бюджеттен берілген кредиттерді  өтеу санаты бюджеттік кредиттер  бойынша (қайтару негізінде берілген  – бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекттік  шаруашылық жүргізуші  субъектілер тарапынан  ақшалай  қаражаттардың  түсуі болып табылады.

    Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық  топтардың шығыстарын қаржыландыруға  жұмсалады.

    Мемлекеттік брышқа қызмет ету   жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет  ету" функциогалдық тобы бойынша  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар – қарыздар бойынша сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.

   Кейін бюджетке  өтеу түрінде   қайтаруға жататын, басқа экономикалық  бірліктерді насиелендіруге арналған  қаражаттар  тиісті бөлікте  - функционалдық  топ болып  табылатын несиелендіруде  көрсетіледі.

    Бюджет тапшылығы шығыстар мен  бюджеттен қайтарымды  негізде  бөліген кредиттер ауқымының   бюджетке түсетін түсімдердің  жалпы сомасынан асыцп түсуін  қамтып көрсетеді.Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық  валюта мен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің  тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке  түсетін кірістер мен ресми трансфеттер түсімдерінің және  бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің  көлемі де ұлттық валютамен немесе  жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.

    Мемлекеттік бюджеттің соңғы  бөлігі – бюджет тапшылығын (профицитті  пайдалану) қаржыландыру ішкі  және сыртқы мемлекеттік борышті  өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып  көрсетеді. Оның қос арналымы бар:

    1)тапшылық болған жағдайда –  ішкі көздерден (Ұлттық банктен,  коммерциялық банктерден, бағалы  қағаздар сатудан, есепке алу  бойыеша, шығыстарды жабуға бағыттталған  жыл басындағы бюджет қаражаттарының  қалдықтары) және сыртқы қарыздардан  қаражаттар тарту;

    2)профицит кезінде – жоспардан  тыс түсімдерді, бірінші кезекте  мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге  немесе бірінші кезектегі бюджеттік  бағдарламаларды қосымша  қаржыландыруға  пайдалану.

міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі  бюджеттік бағдарламаларды қосымша  қаржыландыруға пайдалану.

     
 
 

1.3 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі

    Бюджетаралық  қатынастар – бұл  тұрақты немесе ұзақ мерзімді  негізде елдің бюджеттік жүйесіне  түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктері шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен  немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізінде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің  әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртурлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойыншабюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай:

  • біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;
  • екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.

Бюджет  жүйесі – мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен  мүмкін  болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.

    Бюджетаралық қатынас – мемлекетті  басқарудың негізгі мәселелерінің  бірі. Саяси тұрақты қоғамды және  өнімді өспелі ұлттық экономиканы  құру аумақаралық айырмашылықтарды   теңестіру мәселелерін  шешпейіше  мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға  мыналар жатады:

  • жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату
  • бюджеттік жүйенің әрбір деңгейінебекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;
  • барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.

Қалыптасатын  бюджетаралық мәнін,олардың ұйымдстырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу  келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер  деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы  қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың  пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері  арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді  толық немесе бөлшектеп шектеу; бюджетаралық реттеу; бірігіп қаржыландыру шаралары  бойынша және өзара қатынастарды  жедел реттеу, мақсатты қолдау  бойынша бюджетаралық қатынастар.

     Республика үшін бюджетаралық  қатынастарды реттеу өте көкейтесті  және күрделі мәселеге айналып  отыр. Бюджеаралық қатынастардың   жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі  деңгейдегі  билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық  бюджетке  шоғырландыру, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында  қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттердің  меншікті кірістері деңгейінің төмендігі – осылардың барлығы жергілікті билік органдарының, халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешу  мүмкіндігінен айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды. 
 
 
 

Қорытынды

     Мемлекеттік  бюджет экономикалық  категория  ретінде жалпы  қаржы  категориясына  сай  келетін бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Бұл функциялардың  іс - қимылы,  мазмұны, мәні мен  маңызы  бюджет қатынастарының  қаралған  айрықшалығымен  айқындалады.Сонымен  бірге  мемлекет  қаржысының  негізгі  буыны  ретінде  мемлекеттік  бюджет  бөлгіштік  функция  шеңберінде  қосалқы  функцияларды, атап  айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі  өнімді  қайта бөлу; экономиканы  мемлекеттік  реттеу  және  ынталандыру; әлеуметтік  саясатты  қаржымен  қамтамасыз ету; ақша  қаражаттарының  орталықтандырылған  қорын  жасау  және  пайдалануға  бақылау  жасау сияқты  сипатты  функцияларды  орындайды. Қазіргі жағдайда  бюджет эконмиканы мемлекеттік  реттеудің, шаруашылық конъюктураға  ықпал етудің, дағдарысқа  қарсы  шараларды  жүзге асырудың  аса күшті құралы.Қазіргі мемлекеттік бюджет, оның сан түрлі қызметін көрсететін  күрделі де, көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте – мемлекеттің кірісі мен шығынының құрылымы  бейнеленеді. Шығында бюджеттік ассигнациялардың бағыттары мен қызметтері  көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан  бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады: әскери шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық шығындар. Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық  және  жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты  қорлардың төлемдерінен  құралады. Мұндай қорладың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.    
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. Орманбаев А. Есенгелдин.  "Бюджеттік жоспарлауды  жетілдірудің жолдары". Қаржы-қаражат - 1998 ж.
  2. "Республикалық бюджет жобасын және  төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережесі" (ҚР Президенті 2004 жылғы 7 шілдедегі 1401 жарлығымен бекітілген) Егемен Қазақстан.
  3. ҚР-ның заңы: "Бюджет жүйесі туралы" ҚР-ң заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2001ж.
  4. Досқалиев С. "Бюджет туралы білген жөн" Жас алаш 1998ж.
  5. Мыңбаев С. "Біздің мақсатымыз – экономикалық тұрақтылықты сақтау" (мемлекеттік бюджет  кірістерін  толықтыру мәселелері)  Қаржы-қаражат 1957 ж.
  6. Шелекбаев Ә. "Бюджет тапшылығы неден?" (бюджет туралы) Арай – 1995 ж.
  7. ҚР  Президенті (1990-2000 Н.Назарбаев) 1996 жылға арналған  Республикалық бюджет туралы"
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы