Қазақстан Республикасының ұлттық саятсаты: мақсаты мен негізгі типтері.
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Жылуэнергетика
факультеті
Әлеуметтік
пәндер кафедрасы
Саясаттану пәнінен №2 семестрлік жұмыс
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасының ұлттық саятсаты:
мақсаты мен негізгі типтері.
Тексерген: ф.ғ.д., профессор Қабылова
А.С.
Алматы 2011
Мазмұны
I. Кіріспе.......................
| II. Негізгі
ережелер………………………………………………………… |
|
| III. Тарихи
кезең сабақтары…………………………………………………5
ІV. Ұлттық
саясаттың ұстанымдары……………………………………..... |
|
| V. Ұлттық
саясаттың мақсаты мен |
|
| VI. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары:……………..…………………….8 | |
| 1. Саяси
құқықтық салада…………………………………..………………... |
|
| 2. Сыртқы
саясат саласында…………………………………..……………. |
|
| 3. Әлеуметтік-экономикалық салада……………………………...………...10 | |
| 4. Тәрбие, білім беру және ғылым саласында………………………...…….12 | |
| 5. Ақпараттық салада…………………………………………………………12 | |
| 6. Тіл
саласында……………………………………………………… |
|
| 7. Дінаралық
салада…………………………………………………....… |
|
| VІI. Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері……………………………...…..15 |
VIII.
Қорытынды.....................
IX. Әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе.
Тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен кейін Қазақстан
халқы күрделі тарихи кезеңді
басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастардың
дамуы мемлекеттің саяси
Ұлт
болмысы күрделі, оны тамақтың тоқтығымен,
күйлілікпен ғана өлшесек, мәдени-рухани
өмір тасада қалады. Сонымен бірге,
оны мәдени мекемелердің, сарайлардың,
концерттердің санымен де өлшеуге
болмайды. Ұлт кедей, қайыршы күй
кешіп, біліксіз, кәсіби деңгейі төмен,
басқа этностық топтардың арасында
өзінің лайықты, сыйлауға тұрарлық орнын
алмаса, ұлт мәртебесі төмен болатыны
белгілі. Сондықтан этносаралық
қатынастарды жан-жақты ойластырған
байсалды ұстаным қажет екені
сөзсіз.
Ұлт саясаты, тек қазақ саясаты емес, қазақ
өз мүддесі үшін атасы басқаның арасынан
дау шықпауын, ауылы басқаның арасынан
жау шықпауын ойлайды. Сондықтан кешенді
жаңа ұлт саясатына мүдделі. Тек қазақтар
ғана емес, диаспоралар да қоғамдық келісімді,
ел бірлігін жоғары бағалайды. Бірақ бірлікті
нұсқаумен, тікелей, үзілді-кесілді түрде
қалыптастыруға болмайды. Ол елдің іргесін
нығайтатын нақты да айқын және өзара
іштей байланысты жүйелі идеяларды негізге
алу арқылы жүзеге асады.
Енді
осыған тақырыпты толықтай ашсақ. «Тәуелсіздікті
қорғау» халықтық қозғалысының ұйымдастыру
кеңесі 2010 жылдың 18-қаңтар күні Қазақстан
Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының
Жобасын қабылдады. Осы жобағы толықтай
назар аударайық.
Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы
«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» (бұдан әрі қарай - Тұжырымдама) - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.
Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.
Бұл
құжат Қазақстан
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.
Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік.
Тұжырымдама
мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық
және басқа да нормативтік құқықтық
актілерді дайындау үшін негіз болып
табылады.
I. Негізгі ережелер.
Қазақстан
Республикасы қазақ халқының сан
ғасырлық мемлекеттiгiнiң бiрден бiр
құқықтық-тарихи мұрагерi және саяси-мемлекеттiк
құрылымының жалғасы болып
Ұлттық,
демократиялық, құқықтық және әлеуметтiк
мемлекет орнықтыруды көздеген қазiргi
Қазақстан Республикасы - мемлекетқұрушы
қазақ ұлтының және әртүрлi тарихи
кезеңдерде келiп қоныстанған барша
диаспоралар мен этникалық
Қазақстан Республикасы өзiнiң бастапқы мемлекеттiк атауына - Қазақ Республикасы атауына қайтадан ие болады. Ешбiр негiзсiз, жалтақтықпен өзгертiлген қателiк түзетiледi де, Қазақ Республикасының Конституциясынан бастап, барлық заңдардағы, халықаралық құжаттардағы қазiргi атау бұрынғыша жаңартылады. Қазақ Республикасының азаматы болу - осы елдi мекендеген әрбiр ақниеттi адамның мақтаныш сезiмiн туғызады. Мемлекетiмiздiң төл атауын қалыпқа келтiру - халық талабы.
Халықаралық
тәжірибеде мемлекетқұрушы ұлттың саны
жалпы халық санының үштен
екi бөлiгiнен асса, ол моноұлтты мемлекет
деп қабылданады. Қазақ ұлтының
саны осы межеден асты. Демек,
Қазақ елi моноұлтты
мемлекет деп қабылдануы
тиiс.
ІІ. Тарихи кезең сабақтары.
Қазақ ұлты - кең байтақ Қазақ елiн ғасырлар бойы мекен еткен, оны түрлi тарихи зорлық-зобалаңнан, басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт. Әр кезеңдегi тарихи оқиғаларға байланысты қазiргi таңда Қазақ елiнде қазақ ұлтымен қатар өзге де этностық топтар мен диаспоралар мекен етедi.
Үш ғасырға жуық тоқтаусыз жүргiзiлген ұлтсыздандыру саясаты қазақ ұлтының тiлiне, дiнi мен дiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне, бiтiм-болмысына қатер төндiрiп, ұлтты тығырыққа тiредi.
Ресей империясы мен кеңестік кезеңнің ұлттық саясаты халықтар құқығының бұзылуы, тікелей геноцид, экологиялық апаттармен қатар жүргізілді. Билік ұлттық құндылықтарды жоя отырып, қолдан утопиялық Кеңес ұлтын құруға тырысты. «Бейбітшілік» пен «келісім», негізінен, зорлықпен және жасанды идеологиялық қысыммен орнатылды. Осының негізінде ұлттық проблемалар шиеленісе түсіп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне алып келді. Айналып келгенде Кеңес Одағының құрдымға кетуі - дәл осы ұлттық мәселелердің түбегейлі шешілмеуінің нәтижесі болды.
Тәуелсіздіктен кейін мемлекет пен саяси институттардың қызметі өзгеріске түсіп, экономикалық реформалар жүргізілгенмен этносаралық қатынастардың дамуы бұрынғы күйінде қала берді. Өкінішке орай, Егемендік Декларациясы мен Тәуелсіздік туралы заңның Ұлттық мемлекет құру туралы талаптары толық деңгейде жүзеге асырылған жоқ. Отарлық саясаттың зардаптарын жоюға бағытталған кешенді бағдарлама қабылданбады. Әлемдік үрдіске сай, отарсыздану саясаты жүргізілуі тиіс еді. Экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатының өсуі ғасырлар бойы жинақталған өзекті мәселелерді өзінен өзі шешеді деген ұғымның қате екендігін әлем елдерінің де, Қазақстанның да тәжірибесі анық дәлелдеп отыр.
Ұлттық
саясат әлі де этносаралық қарым-
Қазақстанда кеңестік заманда 70 жыл бойы, тәуелсіздік алғаннан кейін 20 жылға жуық мерзім ішінде орыс тілі іс жүзіндегі мемлекеттік тіл рөлін атқарып келеді. 1989 жылы қабылданған "Тілдер туралы" заң қазақ тілінің мүшкіл күйін жақсарта алмады.
Билік
қоғамдағы этносаралық
Жоғары
билiк тарапынан ұсынылған «
IIІ. Ұлттық саясаттың ұстанымдары.
Ұлттық
саясаттың басты ұстанымы - ұлттық
құндылықтар негiзiнде Қазақ
Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей ортақ территория, бір ғана азаматтық, жалпыға бірдей жоғары билік, жалпыға бірдей құқық жүйесі мен жалпыға бірдей бір ғана мемлекеттік тіл негізінде дамитын болады.
Қазақ
халқы қашанда қазақ жерінде
өмір сүріп жатқан орыс, украин, өзбек,
қырғыз, түрікмен, неміс, әзірбайжан, ұйғыр,
татар, тәжік, қарақалпақ, шешен және
басқа да этностық топтардың тіліне,
дініне, мәдениеті мен әдет-
Мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттің басты міндеті азаматтарға мемлекеттік тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре отырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуына қажеттілік тудыру.
Осы ұстанымдарды іске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет:
ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және білім беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешенді түрде жүзеге асыруды;
нәсіліне, этникалық тобына, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етуді;
ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге, біртұтас мемлекет пен қоғамды жікке бөлуге, этносаралық және діни алауыздықты, өшпенділік пен араздықты өршітуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл қоюды;
мемлекет пен қоғамның ақпараттық тәуелсіздігіне қол жеткізуді, еліміздің өзіндік ақпараттық-мәдени кеңістігін құруды, өзге елдердің еліміздегі қоғамдық пікірді қалыптастыруына жол бермеуді;
еліміздің басқа да түрік мемлекеттерімен бірдей болашақта латын әліпбиіне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргізіп, осыған қажетті дайындықтарды жасауды;
этностық немесе діни ерекшеліктерге негізделген саяси партиялардың ел тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және діни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды;
Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз әрi заңсыз өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi құжаттарды қабылдауды;
Қазақстан
Республикасы шет мемлекеттерде
тұратын қазақ диаспорасының
құқықтары мен мүдделерін қорғау,
қазақ тілін, мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін
сақтау мен дамытудағы істеріне қолдау
көрсетуді қолға алады.
IV. Ұлттық саясаттың мақсаты мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерінде құрылған ұлттық мемлекетті сақтау және нығайту.
Осы мақсатта: барша азаматтарды қазақ ұлтының маңына топтастыру, тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің баянды болуын қамтамасыз ету;
қазақ ұлтының тарихи жадын, тілін, ділін сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзіндік ұлттық-мәдени ерекшелігін қалыптастыру және әлемге паш ету;
елімізде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тілі мен мәдениетінің дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, оған деген сенімін арттыру қажет.
Бұл үшін мемлекет пен қоғам өздерінің ерік-жігерін төмендегі негізгі міндеттерді атқару үшін жұмылдыруы керек:
Қазақстан Республикасы қоғамының негізгі ұлттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту;
қазақ
тілін шын мәніндегі
этносаралық
және дінаралық саладағы мемлекеттік
органдар мен азаматтық қоғам
институттарының өзара тиімді және
пәрменді қарым-қатынастарын қамтамасыз
ететін жүйені қалыптастыру.
V. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары.
1. Саяси-құқықтық салада:
Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен ел ретінде саяси және құқықтық салаларда өзінің ұлттық саясатының мынадай негізгі бағыттарын жүзеге асырады:
еліміздің
барлық азаматтары мойындаған, негізінде
өздерінің ортақ қазақ
ел азаматтарының тарихи жадын және ұлттық, мемлекетшілдік санасын қалыптастыру үшін «тарихи ақтаңдақтарға», әсіресе Ресей отарлауы, 1920-1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргіндер мен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін зорлап депортациялау, ұлт-азаттық қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне саяси және заңдық баға беру, ортақ тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы мемлекеттік мұражайлар мен ескерткіштер ашу;
Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан, рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрменділікпен жүргізу;
мемлекетіміздің негізін қалаған, ұлтымыздың тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен тарихи тұлғалардың аттарын мәңгілік қалдыру бағытында ұлттық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткіштер мен атауларды өзгерту;
мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлт бірлігін қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен бүкілхалықтық күрес жүргізу;
елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет басшысына тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру;
елдегі этносаралық қатынастарды реттейтін заңнамаларды осы тұжырымдамаға сәйкестендіру;
елді мекендер мен жердің тарихи атауларын қайтару жұмысының тиянақты жүргізілуі үшін ономастика салаларында кешенді республикалық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, оны мемлекеттің ұлттық мүддесі тұрғысынан республикалық деңгейде шешу;
қоғамдағы
демократиялық институттарды
2. Сыртқы саясат саласында:
Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты міндеті - оның тәуелсіздігі мен егемендігін, қауіпсіздігі мен жерінің біртұтастығын нығайту.
Сыртқы саясат бойынша аймақтық әскери одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға кіру мәселесін тек барша халықтың ұйғарымымен жүзеге асыру көзделеді.
Халықаралық
интеграция саясаты еліміздің
Осы
Тұжырымдамада көрсетілген
Алдағы жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында төмендегі басымдықтарды:
АҚШ,
Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания
сияқты ядролық державалармен
Қазақстан Республикасында шетелдік әскери полигондардың орналасуына заң жүзінде тыйым салу;
Екі мемлекет арасындағы келісім-шарт мерзімі біткенде Ресейдің әскери базаларын шығару және олардың жұмысының нәтижесінен туындаған экологиялық, басқа зардаптарды өндіру мәселесін қою;
Орталық Азия, түрік және мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық, мәдени, экологиялық жақындасу, одақтасу саясатын белсенді жүргізу;
Еуроодақ
институттарымен жақындасу
Қазақстан
Республикасы азаматтығын берген кезде
үміткерлердің мемлекеттік
шетелде
тұрып жатқан қандастарымызды Отанына
қайтару саясатын белсенді түрде
жүргізіп, еліне қайтып жатқан қазақтарға
тез арада жеңілдетілген
қазақ
диаспорасы тұрып жатқан мемлекеттермен
тиімді қарым-қатынастар орнатып, қандастарымызға
құқықтық, қаржылық, ақпараттық, мәдени
көмек көрсету мәселесін
3. Экономикалық және әлеуметтік салада:
Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсіздігін сақтап, ұлттық жаңғырудың (модернизацияның) кепілі ретінде барша халықтың әлеуметтік жағдайының деңгейін жақсарту мен рухани өсуіне толық мүмкіндік жасап, жер мен жер қойнауының байлығын халқының мүддесін қорғайтын деңгейде пайдаланып, шет елдік инвесторлар мен трансұлттық корпорациялардың экспансиясына жол бермеу керек.
Бұл мақсатта:
ұлттың негізгі байлығы жер мен жер қойнауының қазынасы халықтың ортақ байлығы екенін бекітіп, мемлекет тек оны пайдалануды реттеп отыруға құқылы болуын жүзеге асыру;
экономиканың стратегиялық даму салаларын қатаң мемлекеттік бақылауда ұстау;
индустриялық даму бағыты жер қойнауының қазынасы мен табиғи басқа байлықтар ресурсын шикізат күйінде шетке шығаруды неғұрлым тежеп, отандық ғылым мен жаңа технологияны пайдаланып, ішкі және сыртқы сұранысқа сай сапасы жоғары, халықаралық деңгейдегі өндірістік өнім шығаруды жолға қою;
орта және шағын кәсіпті дамытуда, экономикалық тиімді, өнімдерінің өз құнын төмендетіп, сапасын көтеретін жаңа технологияны жедел өзгертуге бейімделген өнеркәсіп орындарын көптеп ашуға мемлекеттік қолдау жасау;
Қазақстан
Республикасының көші-қон
ішкі көші-қонның мәселелеріне арналған арнайы заң қабылдау және ішкі көші-қон толқынын реттеу мақсатында ауылдық жерлердің экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешу;
шетелдік инвесторлармен кезінде жасалған келісім-шарттардың құпия мазмұнын жариялау жөнінде келіссөздер жүргізу. Болашақта үкімет пен шетелдік компаниялар арасында жасалатын кез-келген келісім-шарттарды міндетті түрде жария түрде жасау;
Қазақстанға келген шетелдік инвесторлар өздерінің шикізат саласындағы жобаларын жүзеге асыру үшін міндетті түрде жергілікті мемлекеттік не болмаса жекеменшік компаниялармен бірлескен кәсіпорын ашуы керек. Бұндай кәсіпорындардағы қазақстандық компаниялардың үлесі 51 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;
экономикалық
тәуелсіздік пен қауіпсіздікті
сақтау үшін отандық салалар мен
кәсіпорындардың шетелдік компаниялар
сатып алатын барлық меншіктік үлес
мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі 49 пайыздан
аспайтындай, ал әрбір шет елдік
компанияның меншігіне бір
қазақ жерінде жұмыс жасап жатқан шетелдік компанияларды қазақстандық жұмысшылардың құқын сақтап, негізінен отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға міндеттейтін заңдар қабылдануы;
елдегі ұлттық компаниялардың негізгі акцияларын Қазақстан азаматтарының, бірінші кезекте ауыл тұрғындарының иеленуін қамтамасыз ету, сол арқылы оларды кәсіпкерлікке тарту;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық су құқығы. Басымдықтары мен мәселелері. Жетілдіру бағыттары
- Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010
- Қазақстан Республикасының шетел инвестициясы
- Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
- Қазақстан Республикасының экологиясы
- Қазақстан Республикасының экологиясы
- Қазақстан Республикасының экологиясы
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің маңызы, қызметі, функциялары
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің пайыздық саясаты
- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге
- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры