Қазақстан және Түркия қатынастары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ   МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ ШҚМУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       РЕФЕРАТ 
 
 
 
 
 

Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ ҚАТЫНАСТАРЫ» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   
 
 
 
 
 

                                                                               Орындаған: Кисанова Д.К.

                                                                               Тексерген: Жаманбаева Л.К. 
 

                                             

                                                 Өскемен қ.,2012ж.

                                                                  ЖОСПАР 

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Түркия және тәуелсіз Қазақстанның саяси және дипломатиялық қарым-қатынасы...............................................................................................................4

2.Экономикалық қарым-қатынасы.....................................................................5

3.Қазақстан-Түркия арасындағы туристік байланыстар..................................8

4.Мәдени қарым-қатынасы...............................................................................10

 
ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

       Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар 1991 жылдан бастап дамып келеді. Екі ел халқының тарихи және мәдени мұраларының ұқсастығы, өзара сыйластық пен сенімділік ахуалы негізінде тұрақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты тығыз ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен ерекшеленеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы мамырда Түркияға жасаған ресми сапары барысында Астана мен Анкара арасындағы қатынастардың стратегиялық әріптестік деңгейге жеткені мәлімденсе, 2004 жылғы маусымдағы Стамбұлдағы НАТО Саммиті және 2005 жылғы 25 мамырда Бакуде «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырының әзербайжандық учаскесінің іске қосылу рәсімі шеңберінде ҚР Президенті мен ТР Президенті А.Н.Сезердің кездесулерінде бұл үрдістің жалғасып келе жатқаны тағы да қуатталды. Түркияның қазіргі саяси басшылығы сыртқы саясатты дамыту үрдiсiнде сабақтастық сипатын жалғастыратынын және Қазақстан Анкара үшін Орталық Азиядағы ең сенімді саяси және экономикалық әріптес болып табылатынын ашық түрде мәлімдеп келеді. 2005 жылғы 26-27 мамырда ТР Премьер-министрі Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға ресми сапары маңызды болды. Сапар нәтижесінде бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісімшарттарға қол қойылды. ТР Премьер-министрі ҚР Парламент Сенатының төрағасы Н.Әбіқаевтың қабылдауында болып, ҚР Премьер-министрі Д.Ахметовпен кең құрамды келіссөз өтті және екі ел үкімет басшыларының қатысуымен Түркияның Астанадағы Елшілігінің ірге тасын қалау рәсімі болды. Сапардың 2-ші күні Алматы қаласында Р.Т.Ердоған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болып, «Жібек жолы» көрме пойызының салтанатты қарсы алу рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, екі ел басшылары екі жақты, әсіресе экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға күш жұмсау керектігіне назар аударуда. Бұл бағыттағы мүмкіндіктерді әлі де толығымен пайдалануға қадамдар жасау керектігіне келісіп отыр.

    Саяси, сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық мәселелерінде тараптар Азиядағы өзара ісқимыл және сенім шаралар Кеңесі (АӨІСШК), Экономикалық ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз ынтымақтастық үрдісін жалғастыру туралы келісе отырып, Ауғанстан мәселесін, Ирақ және басқа да халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық және аймақтық ұйымдардың, ең алдымен БҰҰ шеңберiнде ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдіруде.  

1. Түркия және тәуелсіз Қазақстанның саяси және дипломатиялық қарым-қатынасы.

Түркия  Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, екі елдің Еуропа, Еуроатлантикалық және басқа да ұйымдарда ортақ іс-қимылдары үлкен маңызға ие. Қазақстан 2004 жылғы маусым айында Стамбұлда өткізілген ИКҰ сыртқы істер министрлер жиынында ИКҰ Бас хатшысы болып Түркия өкілінің сайлануына, өз кезегінде түрік тарапы ЭЫҰ-ның төрағалығына Қазақстан өкілінің сайлануына қолдау көрсетті. Түрік тарапы Қазақстанның Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2009 жылғы төрағалық және БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі үміткерлігіне, ал қазақ тарапы Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2009-2010 жж. тұрақты емес мүшелігі үшін өзара қолдау білдіруде. Түркияның саяси және қоғамдық орталары Қазақстан басшылығының елдегі ішкі саяси және экономикалық іс-шаралары мен сыртқы бастамаларын мұқият және қызығушылықпен қадағалауда. Осы ретте, ҚР Президентінің Орталық Азия Одағын құру туралы ұсынысы жан-жақты талқыланып, үлкен резонанс тудырды. Түрік тарапының пікірінше, идеяның іске асуы тек қана ОА мемлекеттеріне ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі тілдес елдеріне айтарлықтай әсері болары сөзсіз.

      Түркияның жоғары басшылығы және жалпы түрік саяси қоғамы Қазақстанда 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен президенттік сайлауларға оңды көзқарас білдірді. Түркияның Қазақстанға деген жіті көзқарасын президенттік сайлауға 39 кісіден тұратын бақылаушыларды жіберуінен көруге болады (АҚШ-тан кейінгі ең ауқымды 2-ші делегация). ТР Президенті А.Н.Сезер, Премьер-министр Р.Т.Ердоған және ТР 9-шы президенті С.Демирель сайлаудың жеңімпазы Президент Н.Ә.Назарбаевты алғашқылардың бірі болып құттықтады. Сонымен қатар, көптеген іскер ұйымдар мен саяси қоғамдық топтардың басшылары атынан құттықтаулар келіп түсті. Анкараның бағамы бойынша, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жетекшілігіндегі Қазақстан тәуелсіздік жылдарынан бері жүргізіліп келе жатқан саяси, экономикалық және демократиялық реформалар тұрғысынан маңызды белестерден өтті. Қазақстан жалпы Еуразия аймағында, оның ішінде Орталық Азияда саяси тұрақтылықтың үлгісі. Қазақстан экономикалық және саяси тұрақтылықтың кепілі бола отырып, демократиялық бағытта табанды әрі жоспарлы реформалар жасауда.

     Екі жақты қатынастарда парламентаралық, парламенттердегі депутаттық достық топтары арасындағы байланыстарды одан әрі жандандыруға көңіл бөлінуде. 2005 жылғы 31 қаңтар - 3 ақпан аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының басқаруындағы ҚР Мәжілісі делегациясының Анкараға ресми сапармен келіп, кездесулер барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың жалпы ахуалы бойынша пікір бөлісумен қатар, бауырлас екі елдің парламентаралық байлынастарын одан әрі дамыту көкжиектері талқылады. Халықаралық құрылымдар шеңберінде ортақ іс-қимыл шараларының маңыздылығына тоқталды.

     Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты қатынастарының маңызды бағыттарының бірі әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық болып табылады. 2005 жылғы 13-15 маусымда ТР Бас штабының бастығы Х.Өзкөктің Қазақстанға ресми сапары өтсе, 2006 жылғы 28-29 маусым аралығыда ҚР Қорғаныс министрі М.Алтынбаевтың Түркияға ресми сапары болды. Олардың барысында тараптар әскери саладағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен қатар, қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлесе отырып іс-қимыл жасау жөнінде уағдаласты.

   ТР ҚК БШ мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін Түркия әскери жоғары оқу орындарында ҚР ҚК үшін 96 офицер дайындалып, ҚР ҚК 2 офицері ТР ҚК құрылық әскери Академиясында білімдерін жетілдірді. Қазіргі кезде қазақстандық 38 курсант ТР әскери оқу орындарында білім алуын жалғастыруда.  

2. Экономикалық қарым-қатынасы

         Қазақстан Республикасының экономикалық саясатында Түркиямен экономикалық қатынастарды дамыту айрықша орын алып отыр. ТР Сыртқы сауда агенттігі (ССА) мамандарының мәлімдеуінше, Орталық Азия мемлекеттерінде, әсіресе Қазақстанда, алдымыздағы жылдары экономиканың өсуіне байланысты жалпы тұтыну деңгейі едәуір артады. Түрік өндірушілерінің экспортқа шығаратын тауарлар номенклатурасының кеңеюі және өнеркәсіп өндірісінің өсуі Түркияны шет елдерден шикізат материалдары импортын көбейтуге мәжбүр етті. Бұл үрдіс Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда тепе-теңдігінің өзгеруіне себеп болды. Атап айтқанда, егер 2001 жылы екі жақты сауда айналымында Түркияның басымдылығы болса, 2002 жылдан бастап бұл көрсеткіш Қазақстанның пайдасына шешіле бастады. Түрік агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Түркия мен Қазақстан арасындағы екі жақты сауда айналымы төмендегідей болып отыр  
        Көрсетілген статистикалық ақпаратқа орай, екі жақты сауда айналымында Қазақстанның пайдасы болғанымен, қазақстандық экспортта негізінен шикізат тауарларының басымдылығы көрінеді (бидай, мұнай, газ, көмір, темір және темір бұйымдары, т.б.). Ал түрік экспортындағы тауарлардың көпшілігі екінші және үшінші өңдеуден өткен заттар (металл және пластик бұйымдары, электр машиналары мен олардың қосалқы бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп және химия тауарлары, текстиль, жиһаз және үй шаруасы заттары, т.б.). Дегенмен, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2006 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында екі жақты сауда айналымы 478,8 млн. АҚШ долл. (экспорт – 136,6 млн., импорт – 342,2 млн.) құраған. 2005 жылы – 556,9 млн. долл. (экспорт - 157 млн., импорт – 399,9 млн.), 2004 жылы – 489,5 млн. долл. (экспорт – 147,1 млн., импорт – 342,4 млн.) болған.

    Екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі кеңейту мен тереңдетудің маңызды механизмі ретінде Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясын (ҮЭК) айтуға болады. ҮЭК 3-ші отырысы 2004 жылғы 2-5 мамыр аралығында Анкарада болып өтті. ҮЭК -нің кезекті 4-ші отырысы Астанада 2006 жылғы 24 - 26 тамызда өтті.  
2005 жылы Анкарада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне байланысты жүргізілген екі жақты бірнеше келіссөздердің нәтижесінде, Түркия тарапы алғашқы болып Қазақстанға бұл үрдісте толық қолдау көрсетті және 2005 жылдың 15 тамызында Анкарада екі жақты Хаттамаға қол қойды.

     Екі жақты сауда айналымының динамикасында маңызды факторлардың бірі – тауарларды тасымалдау мәселесі. Бүгінгі таңда екі ел арасында тауарлардың басым көпшілігінің тасымалдануы автомобиль көлігімен іске асырылуда. 2005 жылы екі ел арасында көлік сферасында бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Атап айтқанда, түрік жүк тасымалдаушыларына бонустық жүйені енгізе отырып, ұзақ жылдар бойын қордаланып келген екі жақты автокөлік жүк тасымалы мәселесі ойдағыдай шешілді (2005 жылғы 6 маусымда Анкара қаласында өткен Автокөлік тасымалы жөніндегі бірлескен шағын комиссияның отырысы шеңберінде). Осы орайда, түрік тарапының Қазақстан басшылығының халықаралық әуе рейстерін елорда Астанаға көшіру бойынша бірінші болып қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. 2005 жылғы қазан айынан бастап «Түрік әуе жолдары» компаниясы «Стамбұл-Астана-Стамбұл» бағытында аптасына екі рет тұрақты рейстерін бастады. 2005 жылғы сәуір-мамыр айларында түрік тарапының бастамасымен Стамбұл-Алматы бағыты бойынша «Жібек жолы» көрме пойызы жобасының жүзеге асуы маңызды болды. Алматыдағы пойызды қарсы алу салтанатты рәсіміне ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ТР Премьер-министрі Р.Т.Ердоған қатысты. Тараптар екі ел арасында тікелей теміржол байланысын құруға аса мән-мағына беріп отыр.

      ТР ССА мәліметтеріне сәйкес, 1993 жылдан бүгінге дейін Қазақстанға 130-ға жуық түрік капиталы бар компаниялар тарапынан тартылған тікелей инвестицияларының жалпы мөлшері шамамен 1,3 млрд. АҚШ долларын құраса, ал, Түркия Құрылысшылар қауымдастығының бағалауынша, түрік құрылыс компанияларының Қазақстанда іске асырған келісім-шарттарының жалпы құны бүгінгі күні шамамен 3,5 млрд. АҚШ доллары болып отыр.

      Екі жақты қатынастарда қазақстандық мұнайдың Түркия арқылы әлемдік нарыққа тасымалдануына стратегиялық маңыз берілуде. Қазақстан 1999 жылы өзінің көмір-сутегі шикізатының бір бөлігін «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбыры арқылы экспорттауға дайындығын білдірді. 2006 жылдың маусым айында Қазақстан мен Әзірбайжан арасында қазақстандық мұнайдың БТЖ мұнай құбыры арқылы одан әрі тасымалдануы бойынша Ақтау портынан Бакуге жеткізілуі бойынша келісімге қол қойылады деп күтілуде.

     Екі жақты қатынастарда – мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелері маңызды бағыттардың бірі. Өткен мерзімде Түркияда өткізілген түрлі мәдени іс-шараларға Қазақстанның мемлекеттік құрылым және қоғамдық ұйымдары өкілдері мен белгілі өнерпаздары және өнер топтары, сондай-ақ Түркияның саяси, қоғамдық, іскер топтары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысқанын, осы сияқты Қазақстанда өткізілген шараларға түркиялық өкілдерінің де барғанын айтуға болады.

      Қазіргі кезде түрік тарапының қатысуымен белгілі қазақ авторларының таңдаулы шығармаларын түрік тіліне аудару жобасы өз жалғасын табуда. Бүгінге дейін түрік тіліне 35-тен астам қазақ авторларының шығармалары, оның ішінде Президент Н.А.Назарбаевтың еңбектері, Абай, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Әуезов, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбайұлы, М.Шахановтың және т.б. авторлардың шығармалары аударылды. Қазіргі кезде И.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының аударылу жұмыстары аяқталу үстінде. Осы ретте, Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабының түрік тіліндегі баспасы шықты. Екі тараптың Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ басқарма (ТҮРКСОЙ) ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастығы жалғасуда.

       Білім саласында Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) дамуына байланысты жоба ойдағыдай іске асырылуда. Бүгінгі таңда Қазақстан және 28 шет мемлекет пен автономиялық республикадан 11 факультетте 107 мамандық бойынша 25000-ға жуық студент пен аспирант білім алуда. Олардың ішінде 836 студент пен аспирант шетелдік азаматтардың 269-ы Түркиядан. 2005-2006 оқу жылында шамамен 250 түрік студенті келді. Университеттің мыңнан астам оқытушы-профессорлық құрамында 63 оқытушы Түркия мамандары.

     Түркия Жоғары білім кеңесінің мәліметтеріне сәйкес, 1992 жылдан бастап бүгінге дейін қазақстандық 3150 жас Түркия жоғары оқу орындарында риясыз негізде оқуға жіберіліп, жоба шеңберінде 1388 қазақстандық жас оқуларын толығымен бітірсе, 658-і білім алуды жалғастыруда (олардың ішінде 529-ы дайындық, жоғары кәсіптік мектеп және бакалавриатта оқып, 89 магистрант және 40 аспирант білімдерін жетілдіруде, 2005 жылы 150 қазақстандық жас келді).

       Екі жақты қатынастардың әлеуеті мол бағыттарының бірі – екі елдің қалалары мен аймақтары арасында бауырластық қатынастарды одан әрі жандандыру болып табылады. Қазіргі таңда 7 қала және облыс арасында бауырластық қатынастар орнату жөніндегі хаттамаға қол қойылды (Астана-Анкара, Алматы-Стамбұл, Жамбыл облысы-Қараман провинциясы, Алматы облысы-Анталья провинциясы, Батыс Қазақстан облысы-Ескішехир провинциясы, Оңтүстік Қазақстан облысы-Измир провинциясы, Түркістан-Сивас). Үстіміздегі жылы Ақмола облысы мен Елазығ провинциясы арасында, Түркістан мен Кайсери қалалары арасында бауырластық қатынастар орнату көзделуде.

     Түркиядағы қазақ диаспорасы екі ел арасындағы байланыстардың одан әрі нығаюына өзіндік үлес қосып отыр. Бүгінгі таңда Түркиядағы қандастарымыздың мақсаттарының бірі – Қазақстан мәдениет орталығын ашу.

3. Қазақстан-Түркия арасындағы туристік байланыстар

      Қазіргі уақытта туристік жолмен дүниежүзінің бірқатар мемлекеттері жақсы дамып, мемлекеттік бюджетке көптеген кіріс кіргізуде. Олардың қатарында туристік жолмен көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан Түркия мемлекеті де бар.  Бұл мемлекетте туризм  мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономикалық саласы болып табылады.   Түркия шоп-турларымен белгілі. Сондай-ақ мемлекет отельдері дүние жүзінде комфортты отельдердің бірі болып келеді. Бірақ ең бастысы тарих және архитектура ескерткіштері көп шоғырланған мемлекет болып табылады.

           Түркияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани, сонымен қатар діни құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып табылады.

  Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Түркия аса танымал.

  Түркия дүние жүзінде туристерді ең көп тартатын мемлекеттердің бірі. Туристерді ең көп қабылдайдын елдер арасында Түркия үшінші орынды алады. Жыл сайын бұл мемлекетке әлем туристердің 46% келеді.

  Түрік Республикасы Кіші Азия мен Шығыс Фракия жерінде Еуропа мен Азия аралығында Дарданелла, Мәрмәр теңізінің және Босфор сулары екі құрлықты бөлетін жерде орналасқан мемлекет. Елдің мәдениеті уникалды, ал тарихы ежелгі Византия тарихы сияқты бай мемлекет. Түркия жағалаулары Клеопатра, Ескендір Зұлқарнайын сияқты ұлы тұлғалар есімдерімен байланысты. Түркия дегенде Апостол Павел мен оның «Ефесеняндарға жолдауы», Гай Юлий Цезарьдің «Veni. Vedi. Vici.» сөздері, яғни «Келдің. Көрдің. Жеңдің» деген сөздері Зела деген жерде  Анкараның қасында пайда болған сөздері еске түседі.

   Түркия шоп-турларымен белгілі. Сондай-ақ мемлекет отельдері дүние жүзінде комфортты отельдердің бірі болып келеді. Бірақ ең бастысы тарих және архитектура ескерткіштері көп шоғырланған мемлекет болып табылады.

   Түркия – мозайкалы ел. Ол құрлықтық және аралдық бөліктерден тұрады. Ауылдары мен жағалаулары бір-бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие. Бір-біріне жақын орналасқан тарихи қалалардың өздері де айырымашылықтарға толы: біреуі шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен саты-көшелер арқылы көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме-клубына айналған.

   Қазіргі таңда, Түркиядағы туризмнің   дамығаны соншалықты, тiптi қалталы туристерден бастап қалтасы жұтаңдау қонақтардың көңiлiнен шығудың амалдары барынша жақсы жолға қойылған. Жалпылама туризм жайлы айтсақ, бiр туристiк турдың пакетi 1000 долларға шамалас. Бiрақ жыл сайын ел бюджетiне түсетiн пайданың өзi 20 миллиард долларға дейiн жетiп қалады. Бұл Түркияның туризм министрлiгi туристердiң жас ерекшелiктерiмен де санасып, қызмет көрсетудiң түр-түрiн ұсынады. Мұстафа Мұтлының айтуынша, егде жастағы адамдар көбiне Стамбұл мен Кониядағы тарихи сарайлар мен ескерткiштердi көруге ұмтылса, жастар мәдени ескерткiштерден гөрi теңiз суының бойында шомылып, қайықта жүзудi ұнатады екен. Өз кезегiнде елдiң туризм саласы шетелдiктерге барлық демалыс түрлерiн ұсынады: қысқы туризм – шаңғы тебу, жазғы туризм – теңiз бойында шомылу, мәдени-архитектуралық туризм – тарихи сарайларға серуен жасау, тағысын тағылары… Мұның бәрi де туристiң жақсы демалып, келесi жылы елге қайта келуi үшiн жасалынған сияқты.Осыған байланысты, бұл жұмыста Түркияның турістік жағдайын және оның халыққа маңыздылығы ашып көрсетіледі.

4.Мәдени  қарым-қатынастары

    Еліміздің Түркия Республикасындағы Елшілігінде Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанының 20 жылдығына орай мерейтойлық конференция және салтанатты қабылдау болып өтті.

     Іс-шарада түрік саяси олимпінің «дуайені» - Түркияның 9-шы президенті Сүлеймен Демирел, ТР Парламентінің бұрынғы төрағасы Көксал Топтан, ТР Президенті әкімшілігінің басшысы Мұстафа Исен, биліктегі Әділет және даму партиясы (ӘДП) төрағасының орынбасары Хусейн Челик, ӘДП Бас хатшысы, Қазақстан-Түрік парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипек, ТР Мәдениет және туризм министрінің бірінші орынбасары, ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Түркияның мемлекеттік «ТРТ» телерадиокомпаниясының және мемлекеттік «Анадолы Ажансы» ақпараттық агенттігінің бас директорлары, сондай-ақ Түркияның іскер, мәдени, академиялық топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Тарихи айтулы күнге орай Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаев сөз сөйлеп, Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығының негізгі кезеңдеріне, екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегіне, екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық, ғылыми-мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайту мүмкіндіктеріне назар аударды.

     Өз сөзінде Түркияның 9-шы президенті С.Демирел екі бауырлас ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толғанын мерекелеудің маңызын атап өтті және осы кезең ішінде біздің еліміздің саяси және экономикалық жетістіктерін жоғары бағалады. «Қазақстан әлемдік аренадағы саяси салмағы мен беделі жылдан-жылға өсіп келе жатқан ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Менің бауырым және досым, құрметті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы үлесі осы», - деп атап көрсетті Түркияның бұрынғы президенті.

      Ол қазақстандықтарға табыс тіледі және Қазақстан-Түрік ынтымақтастығының одан әрі нығаюына сенім білдірді.

Түбір бір тектес екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстардың көпіріне айналған ақпараттық саяси кеңістік те осынау байланыстардың өзіндей жыл санап мығым тартып, сапалы да салиқалы ақпарат алаңы қалыптасып келеді.

ХХІ ғасыр  басы – екі ел арасындағы саяси  және экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік қарым-қатынастардың жаңа кезеңі басталғанының куәсі. Оған дәлел, Түркия Н.Назарбаевтың түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясын құру жөніндегі бастамасын қолдайды. Бүгінде екіжақты ынтымақтастық саясат, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда дамуда. Парламенттік байланыстарды дамыту, ТҮРКІСОЙ аясындағы өзара қарым-қатынастар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері келіссөздердің маңызды тақырыбы болып отыр.

Бүгінде Қазақстан және Түркия елдері арасындағы ақпараттық қарым-қатынастың қалыптасып, дамуында ең жетекші орында бұқаралық  ақпарат құралдары тұратыны сөзсіз. Қазақстанда алғаш болып екі ел арасындағы ақпараттық кеңістікке жол салған республикалық деңгейде басылымдардың бірі – «Қазақстан Zaman» халықаралық газеті және «DA Қазақстан» халықаралық мәдени-интеллектуалды журналы. Аталған халықаралық басылымдардың Қазақстан ақпараттық кеңістігіндегі түркі мәдениеті мен өркениеті да«Келешек үшін бәріміз жауаптымыз!». Бұл «Қазақстан Zaman» халықаралық саяси-қоғамдық газетінің ұстанымын айқындаушы ұраны. Түркі әлеміне ортақ рухани және мәдени құндылықтармен қатар, еліміздің тәуелсіздігі мен дамуын шынайы тілектес дос ниетімен қолдап-қуаттайтын, бағамдап-бағдарлап баға беретін басылым беттерінде салиқалы да сындарлы материалдар легі үзілген емес. Басылым тәуелсіздік алған жылдары, яғни 1992 жылы 17 қаңтарынан бастап қазақстандық баспасөз нарығында жарық көрген бірден бір халықаралық газет ретінде танымал.

Қазақ және түрік тілдерінде жарық көретін  «Қазақстан Zaman» газетінің беттерінде түрік жұртына ортақ ақпараттық және рухани дүниелердің алаңы  қалыптасып келеді. Басылымның «Ақпарат», «Саясат», «Қоғам», «Жер жаһан», «Білім және ғылым», «Түркі дүниесі» , «Аймақтар айнасы», «Қамшыбасар», «Жанайқай»,  «Ұлттық мүдде», «намысың қайда, қазағым», «Тіл», «Отбасы», «Алаша әлемі», «Тарих», «Таным» т.б. айдарлары қазақ және түрік қоғамындағы жылдам ақпараттар, елеулі оқиғалар мен рухани жаңалықтардың жаршысына айналып отыр.

Бүгінде апталық газет Қазақстан  мен Түркия арасындағы ақпараттық кеңістіктің ұлғайып, халықаралық сипат алуына ықпал етуде. Мәселен,  «Түркі дүниесінде» «Түркі әлемі  өркениниеттер диалогында», «Түркі жұртының жаһан көшінде бірігуі» сияқты мақалалар циклі Алматыда өткен түркі елдері ғалымдарының халықаралық жиынынан, сондай-ақ Қарағандыда өткен Түркия Республикасының апталығы күндерінен жарияланған материалдар ақпараттық үндестіктің бастауы болмақ. 

«DA Қазақстан» халықаралық мәдени-интеллектуалды журналы Еуропа және Орталық Азияның  түркі тектес елдерінің ақпараттық рухани алаңына айналып отыр. Басылымның  қамтып отырған аумағы да өзінің көтеретін жүгіндей. Өйткені «DA» Диалог Еуразия Платформасы үндестіктің, жалғастықтың, сабақтастықтың ортақ  ақпараттық алаңына айналып отыр. Бүгінде Албания, Македония, Румыния, Босния, Герцеговина, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Молдова,  Моңғолия, Нахчеван, Ресей Федерациясы, Дағыстан, Татарстан, Тува, Новосібір, Тәжікстан, Түркменстан, Украина сияқты елдердің масс-медиа нарығына таралып отырған «DA» басылымы түркі өркениетінің жалпыадамзаттық рухани құндылықтарының насихатшысы, жаршысы.

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Түркия - Қазақстанның тәуелсізідігін алғашқы болып таныған ел. Бүгінгі күні екі ел арасындағы түрлі саладағы қарым-қатынас жақсы дамып келеді. Қазақстанда түрік фирмалары құрылыс салуда ерекше белсенділік танытып отыр, ал мәдени салада түріктер Қазақстандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ерекше көңіл бөліп, оны жөндеу жұмыстарына қаржы бөлген еді.

     Сондай-ақ, екі мемлекет арасында саяси, экономикалық, білім және ғылым саласындағы әріптестік, мәдени байланыстар жалғасын табуда. Бүгінде Түркияда қазақ тілінде білім беретін арнайы мектептер ашылған,  ал біздің елімізде ер балаларға арналған «Қазақ-түрік» лицейлері жұмыс атқаруда. Осылайша бауырлас мемлекеттер арасында білім және ғылым саласындағы байланыстар қарқынды жалғасуда.

     Түркиядағы қазақ диаспорасы екі ел арасындағы байланыстардың одан әрі нығаюына өзіндік үлес қосып отыр. Бүгінгі таңда Түркиядағы қандастарымыздың мақсаттарының бірі – Қазақстан мәдениет орталығын ашу.

    Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жақсы дамып келеді, болашақта бұл бұдан да жақсы дами түседі деген сенім бар. 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.Батырша-ұлы Сайлау.Дипломатиялық қызмет және Халықаралық қатынастар. - Астана, 2011 ж. 

2.Тоқаев Қ.К. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. - Алматы, 2000ж.

3.СІМ-нін  сайты.


Қазақстан және Түркия қатынастары