Қазақстандағы бактериологиялық қарулар өндірісі жəне оларды сынау
М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан Мемлекеттік
Құрылыс және көлік факультеті
«_________________________» кафедрасы
Тақырыбы: Қазақстандағы бактериологиялық қарулар өндірісі жəне оларды сынау
Орындаған: Елшібай Жансая
Тобы: СМ11-6к2
Қаблыдаған:______________
Алматы 2011 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
I. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУЛАР ОШАҒЫ – АРАЛ 3
1.1 «Возрождение» географиялық орналасуы 4
1.2 Бұл мәселе туралы тілшілер сөзінен 5
1.3 «Возрождение» аралы - ажал аймағы 6
1.4 «Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі 7
ҚОРЫТЫНДЫ 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 100
СІЛТЕМЕЛЕР 100
КІРІСПЕ
Табиғат адамзаттан өш алып жатқандай болып көрінеді. Жер бетінде табиғи апаттар жиілеп барады, топан су қаптауда. Күн санап жақындап келе жатқан қасіретті сезінгендейсің. Бір ғалымдар осындай алапат қауіп-қатерден қалай құтылуға болады деп дабыл қағып жатса, екінші біреулері зертханаларда қарулар ойлап табуда. Адамзат дамуының тарихында өркениеттің жетекші күштері тарих және алға ұмтылу. Ғылым жаңалықтары қоғам дамуының түрткісі болса, ал этикалық келтірулер ашылған жаңалықтарды жүзеге асыратын сілтемелер ретінде болып келген. Ғылымның арқасында адам өз иелігіне бу машинасын, ядролы реакторды, компьютер және пенициллинді алды. Кез-келген ғылыми жетістіктер екілі технологиялар, жақсылық пен жамандықты көздеуші құралдар ретінде бағаланулары мүмкін. Солардың бірі ретінде адамдардың биологиялық қаруды ойлап тауып, оларды пайдалануын айтсақ болады.
Адамзат дамуының қолданбалы
тұрақты модельдерін құрастыру
терииториялардың кеңейтілу мәселелерін,
ұдайы өсу ретімен байқалатын
ресурсты-демографиялық
Менің жұмысым ҚР аумағындағы бактериологиялық қаруларды жасау және сынақтан өткізу ошақтары жайлы болмақ. Бактериологиялық қарулардың әсері адамдарда, хайуанаттар мен өсімдіктерде жаппай ауру туғызуға қабілетті аурутудырғыш микроорганизмдерді пайдалануға негізделген.
ҚР аумағында 1945 жылдан бастап Арал өңірінде бактериологиялық қаруларды жасырын сынайтын полигоны болғаны белгілі болып отыр. Онда сарып, оба, шешек, тырысқақ және безгек ауруларының қоздырғыш бактериялары сыналған. Осы өңірде тіршілікке, адам өміріне қауіп туғызатын неше түрлі белгілі-белгісіз аурулар пайда болған. Соларды нақтырақ қарастыруға тырысып көрелік.
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУЛАР ОШАҒЫ
– АРАЛ
Бүгінгі таңда жер шарымыздағы табиғи экологиялық апаттар саны еселеніп өсіп отыр. Сондай үлкен апаттың біріне ұшырап отырған - Арал теңізі.
Қазіргі таңда Арал теңізінің апатты жағдайын түзету мақсатында экологиялық мәселе ретінде әлемдік қауымдастықта шараларды қарастырыуымыз қажет. Оның зиянды әсерін қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттер басынан кешіруде. Сол себептен Германия, АҚШ, Жапония және басқалары Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімін берді.
1992 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз
Қазақстан елінің Жоғарғы
Осындай ашық ауада жүргізілген
сынақ кезінде жұқпалы
Жануарларды қойып, бұл жерде адамға да сынақ жасалған деген қауесеттер аз емес. Балық аулауға теңізге шыққан балықшыларды ұстап алып, қайығын теңізге батырып жіберіп, өздерін сынақ жасайтын жерге әкеліп, ешкімге көрсетпей сынақ жасаған деседі. Соңғы демі бітер кезде, оны басқа жаққа апарып, терең шұңқыр қазып, өлі денені өртеп жіберіп отырған. Бірлі жарым өртенген адамның бас сүйектері табылып отыр. «Возрождение» аралында биологиялық қарулардың қалдықтары да темір табытқа салынып жерленген көрінеді. Қазір ол темір табыттары жер астында 1,5-2 метр тереңдікте жатыр. Мамандардың айтуына қарағанда, бұл жер әледегі ең бір қауіпті орын болып саналады. «Возрождение» сынақ аралы, аралдың Өзбекстанға қарайтын жағы Мойнақ қаласына өте жақын. Бүгінгі күні бұл арал қараусыз жатыр. Бұл өңірде соңғы жылдары оба, т.б. да бұрын сирек тараған транслеасивтік ауру түрлерінің табиғи ошағы жанданғанын көрсететін нақты факті аз емес.
Өзбекстан Аралдың тиісті жағынабақылау орнатқан. Ал Қазақстан жағы қалай болса солай, ашық күйінде жатыр.
«Возрождение» географиялық орналасуы
Кеңес Одағы дәуірінде ҚР аумағында бактериологиялық қарулар жасаумен шұғылданатын төрт негізгі нысан болыпты. Әлбетте, бұлардың арасындағы ең қуаттысы да, маңыздысы да «Возрождение» сынақ полигоны орналасқан Аральск-7 қалашығы екен. Айтулы нүкте өзінің географиялық орналасуы жағынан болсын, климаттық ерекшелігі жағынан болсын, қарудың биологиялық түрлерін жасап шығаруға өте қолайлы саналыпты.
1-сурет. «Возрождение» аралы
Арал теңізінің нақ ортасына орналасқан «Возрождение» аралындағы полигонда сынақтан өткен әртүрлі биологиялық элементтер КСРО Қорғаныс министрлігіне қарасты Степногорскідегі биопрепарат орталығында талданып, жасалып отырған. Қарудың мұндай патегендік түрлерімен бірге олардың тікелей әскери мақсат сипатындағысы да осы «Возрождениеде» жүзеге асқан. Мұндай сынақтар бактериялық аэрозалдан атмосфераға жайылу ауқымын зерттеу бағытында ара-тұра «Возрождениенің» үстіндегі ауа қабатына да жүргізіліп отырыпты.
2-сурет. Аралдың ғарыштан түсірілген бейнесі
Арал теңізі мен аудан елді мекендерінің төбесінде сегіз мәрте жарылыс болған көрінеді. Аса құпия бұл нысанды арнайы бөлімшелер күзеткен. Қауіпсіздігін МҚК қамтамасыз еткен. АҚШ-тың орталық барлау басқармасы көпке дейін мұнда биологиялық қарулардың сынақтан өтіп жатқанынанхабарсыз болып келген. Олар Кеңес Одағында сынақ жұмыстарының жүргізіліп жатқанын білгенімен, нақтылы қай жерде екенін дөп басып айта алмаған. Зеңгір көкте жасын ойнатқан бір жарылыс 1956 жылғы екінші ақпан күні тіркеліпті.
«Возрождение» аралының ашық аспанның астында жүзеге асырылған келесі ядролық биологиялық жарылысы 1961жылдың кұзіндегі қыркүйек-қараша айларына тұспа-тұс келеді. Әуелі қыркүйекте 50 шақырым биіктікте қуаты 11,40 тонналық екі атмосфералық жарылыс жоғары ауа қабатын қамтыған. Олар көк жүзіндегі 150-220 шақырым биіктікте жалын шашқан. Осындай жаттығулардың барлық залал-зардабын қарапайым бейбіт тұрғындар, жайылымда жүрген қойлар, құмды далалық алқаптағы сан мыңдаған киік бостан-босқа қырылып қалды. Теңіз түбіндегі балықтардың өлігі су бетіне қалқып шықты. 1965 жылы Қарақалпақстанда холера ауруы тарап, көп адам көз жұмды. Оларды жерге көмбей өртеп жатты. Кейбір ауру шыққан үйлерді бала-шағасымен өртеп жіберді.
«Возрождение» аралы әлемнің ешбір географиялық немесе саяси картасынан орын алмаған, Байқоңыр қаласынан небәрі 200 шақырым жердегі Арал теңізінің Оңтүстік-Шығысында орналасқан. 1949 жылы «Возрождение» аралында әскери-жүк ұшақтар еркін ұшып-қону алаңы салынып, одан бірнеше шақырым қашықтықта «Көнтүбек» деген картада жоқ құпия көп қабатты үйлері бар поселкі бой көтерген. Ондағы ғылыми қызметкерлермен химиялық әскери бөлімнің жеке құрамы орналасқан. Елді мекеннің ортасында әскери бөлімнің штабы орын тепкен. Ал поселкінің ең шеткі аймағында арнайы әскери автомобиль техникалық паркі орналасқан көрінеді. Бұл Ұлы Отан соғысынан кейінгі қуатты КСРО-ның химиялық және бактериологиялық қару жасауға кіріскен алғашқы қадамдары болатын.
Бұл мәселе туралы тілшілер сөзінен
Мәскеуде шығатын «Труд»
газетінің тілшісі Валерий
Аралды үзіліссіз әскери қайықтар күзеткен, ал жағалауда патрульдер жүрген. Лабораториялық корпус бірнеше тікенек сым темірмен қоршалған».
1992 жылдан бастап, бұл аралда тіршілік иесі қалмаған. Содан бері бұл жерге кім келіп, кім кетіп жатыр. Ол бақылаусыз қалған. Кеңес Одағы тараған соң «Возрождение» өмір сүруін тоқтатып, оның құпиясын ресейліктер өздерімен бірге ала кеткен.
Негізінен «Возрождение» аралының орналасуын шекара сызығы тұрғысынан қарастырсақ, оның басым бөлігі Өзбекстанның территориясына тиесілі. Сондықтан әскери бөлімдер кеткен соң бұл аралға өзбек ағайындар қожайындық етіп, оның барлық мұрасына бақылау жасап келді.
«Труд» газетінің тілшісі Валерий Бирюков былай дейді: «Адамдар үйлеріндегі барлық жиһаздарын тіпті теледидар, мұздатқыштарын да тастап кеткен. Екі автопарк қозғалыстан қалған. Мұнда су жаңа «ЗИЛ» жұк машиналары, «Кировск» тракторлары және басқа да тракторлармен бірге шеберханалар, қосалқы бөлшектер қоймасы да сол күйінде тұр екен.
Лабороториялық корпус пен
оған жақын орналасқан барактар да
құпия сақталған. ...Биология жөнінде
бай кітапхана және орасан зор
арнайы ыдыс-аяқ пен түрлі шыны
сыйымдылықтар қоймасы
Ол тағы да онда крематорий болғандығын хабарлайды. Одан бірнеше щақырым жердегі Үстіртте тағы бір полигонның орналасқанын жазады. 1992 жылы күзде ол әріптестерімен сол құпия нысандарда, яғни, ешкім тұрмайтын көп қабатты үйлерді көргенін айтады.
«Возрождение» аралы - ажал аймағы
«Возрождение» аралы - Кеңес
Одағының ең құпия әскери нысаны едi.
Ондағы әскери полигондарда 1980 жылдардың
аяғына дейiн бiрнеше кодты атаулары
бар биологиялық қару мен жабдықтар
сыналып келген. Әскери мамандардың
айтуынша, сынақтар «Аральск-7», «Бархан»
және «ПНИЛ-52» сынды ғылыми-
3-сурет. Құпия лаборатория қалдықтары
Қазiргi уақытта Арал аумағы биологиялық қарулардың ең көп көмiлген қоры саналады. АҚШ-тың «Нью-Йорк Таймс» газетiнiң деректерiне қарағанда, 1992 жылға дейiн АҚШ Кеңес Одағының Орталық Азияда iрi көлемде антракс жасап келгенiн бiлмеген.
Қазақ ғалымдары қазiргi таңда көңiлi қалаған адам «Возрождение» аралына барып, сiбiр жарасының штаммын оп-оңай алып кете алатындығын айтуда. Өйткенi бұл аймақ билiктiң бақылауынан тыс қалып отыр. Соңғы уақытта «Аралда көп көлемдi мұнай қоры бар деген әңгiменiң шетi шығып жүр. Сондықтан бiз сөз етiп отырған қатерлi аймаққа жақын күндерi адам табаны тиюi мүмкiн. Мiне, осы кезде сiбiр жарасымен қатар, жұқпалы дерттi тарататын бактериялардан бөлек, қу безгегi, оба, қара шешек, ботулизм, шиқан, түйнеме, сал, бөрiтпе сүзегi сияқты қатерлi аурулардың көмiлген нүктелерi ашылып, аймақтағы жағдай ушығуы мүмкiн. Ал қазақ жерiн айдаһардың апанына айналдырған Ресей 1992 жылы полигонды жауып, әскерлерiн әкеткеннен кейiн үнсiз жатыр. «Возрождение» аралы аймағына рекультивация жасауға қаражат қолбайлау болып тұр. Әзiрге бұл аймақта Мазғұт Әкiмбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зондық ғылыми орталығының директоры Бақыт Бахияұлы Атшабаров бастаған ғылыми топ зерттеп, қауiптi аймақтарды анықтап, белгiлегенi жайында естiген болатынбыз. Бiрақ ол жайында нақты ақпарат жоқ.
1997 жылы АҚШ-тан келген
зерттеушiлер осы аймақты
«Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі
Бүгінгі таңда биологиялық сынақ полигоны орналасқан «Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі айырықша маңызды проблема болып отыр. Теңіздің тартылу процесі ұлғайып бара жатуына байланысты онда сақталған патогендік құбылыстардың таралу қаупі де үрей туғызады. Аралдың эпидемиялық ахуалын және оны қоршаған ортаны қалыпқа келтіру жөніндегі жұмыстарды Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ мемлекеттері арасындағы үш жақты уағдаластық шеңберінде жүргізу шаралары қолға алынған. Өзбекстан және АҚШ арасында «Қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасы бойынша алты миллион доллар шамасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім бойынша аралдың Өзбекстан жағында орналасқан полигон нысандарында техникалық жұмыстар жүргізу шаралары көзделген,
Қазақстан мен АҚШ арасында
жоғарыдағы бағдарлама шеңберінде Степногордағы
«Биомедпрепарат» ААҚ нысанындағы
биологиялық қару-жарақ
Қазақстан басшылығы антракстың экстремистер қолына тұсуі мүмкін еместігін және американдықтардың күйдіргімен ауруына біздің еліміздің ешқандай қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.
АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанды бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды жобалау, өндіру және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияға біріктіру туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Келісім комиссиясының шешіміне сәйкес , "Қазақстан Республикасын бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды жобалау, өндіру және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияға біріктіру және оны бекіту туралы" деп аталады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Конвенция жаппай әрі толыққанды қарусыздану жолында тиімді ілгерілеушілікке қол жеткізу мақсатын көздейді. Онда халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған барлық қару түрлеріне тыйым салу және жою, бактериологиялық (биологиялық) және химиялық қару түрлерін жобалау, жасау және жинауға тыйым салу және оларды жою көзделген",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің қорытындысында.
"Еліміздің бұл конвенцияға
бірігуі микробиологиялық
"Конвенцияға бірігу -
халықты жаппай қырып-жоюға
Қазір 150 мемлекет біріккен бұл конвенцияға 1972-жылдың сәуір айында Мәскеу, Лондон және Вашингтон қалаларында қол қойылған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы жұмысты орындау барысында мен бактериологиялық қарулардың аса қауіпті екендігін түсіндім. Бұл мәселелер адамзатқа өзін қоршаған ортамен ортақтасып, табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жан-дүниеде болған әсерін сезіп байқап, мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын экономикаға келтірер зиянын, жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп, оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен іс екенін аңғартады. Табиғатты қорғау мемлекеттің басты міндеті, адамзаттың абзал ісі. Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.
Адам өміріне келетін ауруларды, қауіпті оқиғаларды азайту жолында зиянсыз жана технологияны енгізу ісінде, халықтың саяси-әлеуметтік өміріне жәрдемдесетін сынақтар өткізу әлбетте керек, әрі қолайлы. Ал қуатты мемлекеттердің өрескел үстемдігімен, қаражатының күшімен, шовинистік идеологиясымен, тек өз қамының төңірегіндегі тоғышарлықпен адам өмірінің жан-жануар, өсімдік дүниесінің өркендеуіне кедергі болатын сынақтар өткізу ешқандай адамгершілік сипатқа жатпаса керек.
Соншама уақыт
бойы жүргізілген аса қуатты ядролық
қару түрлерін сынау жұмыстары, бұл
өңірдегі қоршаған ортада, орнына қайтып
келмес процестер мен күрделі
экологиялық жағдайдың
Бұл өте қайғылы жайт. Қарапайым бейбіт халық мұндай масқара оқиғалар жайында беймәлім, сауатсыз болып келеді. Мемлекет қол қусырып отырмай бүгін-ертең осы мәселені назарға алып айналысар,сол кезеңдердің зардаптарын жойяр, апаттар азайып, ұрпақтарымыз тыныштық, амандық пен тазалықта өмір сүрер деп үміттенемін. Әлі де кеш емес деп сенемін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Дақпырт пен шындық: Арал теңізі// Заң газеті.-2002.-25.09 (№40)-8б.
- Аралдағы ажал сепкен темір табыттар// Қазақстан-Zaman.-2008.-10.01(№
2)-7б. - Зерде.-2005.-№4
- Жас Алаш.-2002ю-15.01(№6).-2б.
- Сахариев Е. Аралдағы табыттар мен молалар ертең ажал аждаһаларына айналады // Қазақстан - ZAMAN. - 2008. - 7 ақпан (№ 6). - 1,7 б.
- Мамашарипова Г.А. Арал теңізінің су-экологиялық мәселелері мен Семей аймағының экологиялық мәселелері және БҰҰ даму бағдарламасының рөлі // Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы. - Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. - 2008. - № 1. - 34-39 бб.
СІЛТЕМЕЛЕР
- http://dmk.kz/arhiv/?act=
readarticle&id=1054 - http://www.kt.kz/
- http://www.egemen.kz/
- http://meteocenter.net/photo/
island/

- Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары
- Қазақстандағы будда діні
- Қазақстандағы дәріханалық істің ұйымдастырушылары
- Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері
- Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері
- Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері
- Қазақстандағы жалпы экологиялық мәселелерді
- Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары
- Қазақстандағы әйелдердің жағдайы
- Қазақстандағы әлеуметтік нарықтық экономика жағдайы
- Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы
- Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
- Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
- Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі