Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу ерекшеліктері
Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу ерекшеліктері
Манап А., э.ғ.к., (Алматы, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ)
Франчайзинг — ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге — табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады [1].
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен пре-ференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы.
Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚПІ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы — Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр [2].
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Франчайзингтің шетелдік және отандык ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде болуге болады:
— бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;
— ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;
— кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;
— жеңілдікті кәсіпкерлік.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралык нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: "Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны".
Франчайзинг — көптеген франчайзилер желілері және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес [3]. Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық қүрылымды сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады, осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары тұрғысынан қарастырамыз (1-сурет).
1-суретте корсетілгендей, франчайзингтік
келісім-шарттың тараптары
1) Франчайзер — франшиза беруші,
лицензиар, бас кәсіпорын,
франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.
2) Франчайзи — франчайзиат,
франшиза алушы, лицензиат,
3) Франчайзинг компоненттерінің
бірі — франшиза — белгілі
бір шарттарға және
Франшиза — франчайзинг
— Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна — франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері;
— Роялти — франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдері мөлшері, немесе, франчайзердің авторлы құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлем (лицензиялық төлем, роялти);
— Жарнамалық қорға төленетін төлемде] бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын; франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуы қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзині келісімде франчайзер оның мөлшерін алдын-ала белгілейді.
Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесі бес кезеңнен тұрады:
1) Франчайзинг тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тараптардьи анық және олардың міндеттерін тағайындау;
2) Франчайзингтік келісімді
әзірлеу кезеңі жүйеге
3) Франчайзинг жөнінде әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу;
4) Франчайзинг бағдарламасын
әзірі кезеңінде жүйені
5) Бағдарламаны жүзеге асыру және бақылау; Қазақстандағы франчайзингтің дамуын негізгі
сипаттамалары бойынша талдай отырып, он келесі кезеңдерін бөліп көрсеттік {1-кесте).
Франчайзингтік қатынастардың
дамуындағы бірінші кезең жекелеген
кәсіпкерлердің отандық экономикада
жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық
экономикада франчайзингтік қатынастар
жүйесін пайдаланудағы
кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400-ге жуық оператор-фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, ҚФҚ-на біріктірілген, 40 - 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдык тамақтандыру салаларында қызмет етуімен сипатталады.
Франчайзингтің отандық
1- кесте
Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезендері
Кезең-дері |
Компания атауы |
Құрылу жылы |
Негізгі сипаттамалары |
Бірінші кезеңі 1994-1999 ж.ж. |
«Соса Соlа» |
1994 |
1. Франчайзингті 2. Нарықта бәсекелестіктің жоқтың қасы. 3. Жекелеген шетелдік компаниялар іс-әркет аумағын кеңейту мақсатында Қазақстандық нарыққа шықты. 4. Өндірістік және сервистік фран-чайзинг қалыптаса бастады. |
| «Рахат Палас» |
| |
| «Аdidasк» |
1995 |
|
| «Сеймар» |
1996 |
|
| «Коdак» |
1997 |
|
| «Дока» |
1999 |
|
| «Анкара» |
| |
| «Рамстор» |
| |
Екінші кезеңі 2000 - 2004 ж.ж. |
«1С» |
2000 |
1. Франчайзинг туралы Заң қабылданды. 2. Шетелдік
ірі фирмалардың
франчайзилерінің нарыққа
шығуына байланысты 3. Қазақстан Франчайзинг қауымдас-тығы құрылды. 4. USAID кэсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытында франчайзинг |
| «Баскин ЗІ Роббинс» |
| |
| Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы |
2002 |
|
| Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы |
| |
| «II Раtіо», «Планета Суши» |
| |
| «World Class» |
| |
«Business Consult», «Sсоt Ноllаnd Еstates» |
|||
| «Пятерочка» |
2004 |
|
| «МахМага», «8е1а» |
| |
| «Три Толстяка» |
| |
Үшінші кезең 2005 жылдан басталып осы |
«Еnglish First» |
2005 |
1. Санаткерлік 2. Франчайзинг көрмесі ұйымдас-тырылды. 3. Шағын кәсіпкерлікті
дамыту қоры франчайзингті 4. Бәсекелестік өсіңкі түрде дамыды. 5. Медиа және әлеуметтік франчайзинг пайда болды. |
| «Алма - ТV» |
| |
| «Тіffапу Магblе» |
| |
| «Ромат» |
2006 |
|
| «Umех Realtу» |
| |
| «Сбарро» |
| |
| «Ғіпп Ғlаге» |
2007 |
|
| «Аpguatoria of Luxury Life» |
2008 |
|
Ескертпе -автор құрастырған. | |||
негізінде өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материалдық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеретін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда. Қазақстаңдағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде "Пятерочка" бөлшек сауда дүкендерінің желісі, "Se1а" киімдер дүкені, "DIXIS", "Евросеть" байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері "Магіоttи", "Интерконтиненталь" қонақүйлері, "Соса-Соlа" сусындар өндірісі, "Мапgо" киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, "Рос Интер Алматы", "Епglish Ғігst" компаниялары және т.б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқ-ындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүгізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы "Қазақтелеком" компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, "Қазақстан темір жолы" франчайзинг негізіңде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда.
Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар компаниялар нарықта белсеңділік танытуда. Қазақстан франчайзинг қауымдастығы мәліметтерін жинақтап, оларды зерттеу барысында еліміздегі франчайзингтік жүйелердің қызмет ету салалары бойынша даму қарқыны мен үлесі 2-кестеде сипатталады.
2-кестеде көрсетілгендей, франчайзингтік компаниялардың ең дамыған салалары — қоғамдық тамақтандыру және бөлшек сауда саласы. Франчайзингтік фирмалар жылдам тамақтандыру кәсіпорындарының санындағы үлесі 2007 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 3,9 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге өсіп — 4,3%-ды, ал фирмалық бөлшек сауда үлесі сәйкесінше 8,6 және 3 есеге ұлғайып - 8,2%-ды, азық-түлік өнімдерінің ерекше түрлерін сату — 2,4%-ды және денсаулық сақтау және фитнес 2,4 есеге артып - 3,3 %-ды құрады. Бұл мәліметтер жоғарыда қарастырылған еліміздегі франчайзинггің ерекшеліктерінің негізгі сипаттамаларын растайды.
Осы көрсеткіштерге сәйкес еліміздегі франчайзингтік бизнестің келешекте қарқынды даму бағыттарын айқындауға болады, олар: туристтік кластерді дамыту бағдарламасына сәйкес қоғамдық тамақтандыру, қонақүй шаруашылығы, тұрмыстық қызметтер және бөлшек сауда, сонымен қатар бизнесті ұйымдастыру мен
2-кеапе
Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік кәсіпорындарыныц үлесі
(сәйкес салалар бойынша)
Сала |
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша фран-айингтік кәсіпорындардың үлесі, % |
2007
жылды алдыңғы жылдар-мен | |||
| 2001 ж |
2004 ж. |
2007 ж. |
2001 ж. |
2004 ж. |
Жылдам тамақтандыру кэсіпорындары |
1,1 |
2,3 |
4,3 |
3,9 |
1,9 |
Мейрамханалар |
0,31 |
1,2 |
2,8 |
9,0 |
2,3 |
Фирмалық бөлшек сауда |
0,95 |
2,7 |
8,2 |
8,6 |
3,0 |
Азық-түлік өнімдері бөлшек саудасы |
- |
1,6 |
3,8 |
- |
2,4 |
Денсаулық сақтау және фитнес |
1,0 |
1,4 |
3,3 |
3,3 |
2,4 |
Консалтингтік және аудиторлық компаниялар |
0,87 |
1,8 |
3,2 |
3,7 |
1,8 |
Телекоммуникациялар және байланыс құралдары |
0,35 |
0,3 |
1,0 |
2,9 |
3,3 |
Ескертпе- ҚФҚ мәліметтері [5]. | |||||
жүргізуге қатысты кеңес беру, автокөлік және оны жөндеу, құрылыс-жөндеу қызметтері.
Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму жағдайын зерттей келе, нарықтағы бірқатар отандық кәсіпорындар өзін әлеуетті франчайзер ретінде жариялағаны айқындалды (3-кесте).
3-кестеде көрсетілген қазақстандық әлеуетті франчайзерлер қызметтерінің көрсеткіштерін талдай келе, саудалық франчайзинг саласындағы франчайзерлердің роялти мөлшері жалпы табыстың 3 %-ын, ал қызмет көрсету саласында 3-4%-ды құрайды. Отандық нарықтағы франчайзингтік негізде қызмет атқарушы кәсіпорындардың қызметін жан-жақты сараптау барысында олардың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші тұрақты пайда алу екені анықталды.
Бизнестің франчайзингтік үлгілерін
жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру
саласында франчайзинг
Зерттей келе, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы франчайзингтік кәсіпорындардың қызметіне маркетингтік талдау барысында олардың іс әрекетіне кедергі болатын факторлар анықталып, оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды. Бұл шаралар франчайзингтің Қазақстандағы қалыптасуы мен даму-ының келешегін белгілеуге мүмкіндік береді. Франчайзинг жүйесіне қатысты мемлекеттің саясатын ұйымдастырудың маңызды бағыттары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:
- Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарық субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР "Инновациялық қызмет туралы заңы", "ҚР патент туралы заңы", "ҚР Инвестиция туралы заңы", "ҚР Лицензиялау туралы заңы". Бірақ бұл заң актілері әлі де болса франчайзингтің мазмұнын толық ашпайды және бірқатар түзетулерді талап етеді. Сонымен қатар "Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Заң нақты "Франчайзинг туралы" Заң ретінде қайта қарастырылып, мазмұны жоғарыда аталған заңдармен сәйкестендіріліп, жаңаланып, бір жүйеге келтірілуі қажет. Франчайзинг саласы мен монополияға қарсы заңнамада мемлекеттің
3- кесте
Отандық нарықта қызмет атқарушы франчайзерлердін сипаттамасы
Компания атауы |
Қызметінің сипаты |
Франчайзинг түрі |
Роялти мөлшері |
«Сеймар» (жалпы табыстан, %) |
Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру, сату |
өндірістік |
5 |
«Транссистема» (жалпы табыстан, %) |
Автокөлік кәсіпорыны |
мастер-франчайзи |
3 |
«Ромат» (жалпы табыстан, %) |
Дәріханалар желісі |
саудалық |
3 |
«Алма - ТV» (жалпы табыстан, %) |
Кабельді телеарна |
мастер-франчайзи |
3 |
«Көтерме сауда клубы» (жалпы табыстан, %) |
Азық-түлік дүкендері желісі |
саудалық |
3 |
«Медведь» (жалпы табыстан, %) |
Мейрамхана |
сервистік |
4 |
«Мебельдер» (жалпы табыстан, %) |
Жиһаз өндірісі |
саудалық |
4 |
«Umex Realty» (таза пайдадан, %) |
Жылжымайтын мүлік компаниясы |
мастер-франчайзи |
4 |
«Nails Club (таза пайдадан, %) |
Сұлулық салондар желісі |
мастер-франчайзи |
3 |
«Ғоlding Spaсе» |
Жиһаз саудасы |
саудалық |
айына 5000 теңге |
Ескертпе - ҚФҚ-ң мэліметтері негізінде автор құрастырған. | |||
шектен тыс реттеуге бағытталған
заңдары мен нормативтік
- Франчайзингтік іс-әрекетті
жүзеге асыру барысында
- Франчайзинг субъектілерінің
несиелік және қаржылық
- Франчайзиге салық салу жүйесін жеңілдету мәселесін қарастыратын болсақ, отандық франчайзерлердің жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын роялтидің мөлшеріне төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керек.
- Франчайзинг туралы бірыңғай
мәліметтер базасын әзірлеу
- Халықаралық тәжірибеге
айқындай білуі, в) отандық франчайзер компания франчайзиының оңтайлы және табысты қызметін қамтамасыз ету мақсатында әдістеме мен бағдарламаларды әзірлеуі қажет, г) франшиза пакетін, оның өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеудің тиімді саясатын бекіту, ғ) франчайзер жүйені кеңейту мақсатында табысты стратегияны өзірлеп, франчайзиді таңдау мен олардың қызметін дұрыс жүргізуін бақылауы қажет.
Қарастырған ой-пікірлерімізді қорытындылай
келе, еліміздегі франчайзингтік негізде
қызмет етуші фирмалар, бизнестің
басқа үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен
салыстырғанда белгілі бір
— франчайзингтік келісім-шартты заң жүзіңде тіркеу негізінде - жұмыс орындарын арттырады;
— кластерлік бағдарламалардың жүзеге
асырылуын қамтамасыз ететін экономиканың
басымды секторларындағы
— бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттік холдингтердің рөлі мен орнын белгілеу арқылы олардың франчайзинг негізінде даму бағыттын айқындайды;
— нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделгіш франчайзингтік компаниялар тұтынушылардың сұранысын инновациялық тауарларды ұсыну арқылы қанағаттандырады;
— Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 Жолдауына сәйкес отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы шегінде жергілікті және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық франчайзерлер санының артуына ықпал етеді.
Әдебиет
1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" Қазақстан халқына Жоддауы // Егеменді Қазақстан.- 2008. 8 ақпан.
2. Кисиков Б. Франчайзинг в Казахстане. — Алматы.: ВоокіпЕазІ, 2007. — 256 с.
3. Рыкова И.В. Франчайзинг: новые технологии, методология, договоры. — М.: Современная экономика и право, 2000. 224 с.
4. ҚР "Кешенді көсіпкерлік
лицензия (франчай-зинг) туралы" Заңы
// Егеменді Қазақстан — 04.07.
5. Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығының меліметтері.

- Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер
- Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер
- Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер
- Қазақстандағы экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы
- Қазақстандағы сот жүйесi
- Қазақстандағы табиғатты қорғау ұйымдары
- Қазақстандағы терроризм проблемасы
- Қазақстандағы туризмнің дамуы
- Қазақстандағы уран өндіріс орындары
- Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар