Қазақстандағы терроризм проблемасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ ПРОБЛЕМАСЫ
Шетелдік басылым тәжік, қырғыз, өзбек проблемасын таратып келіп, Қазақстандағы терроризм мәселесіне арнайы тоқталады. Осы аралықта мұнайға бай батыс Қазақстанда терактілер басталып та кетті дейді автор. 2011 жылдың мамыр айында 25 жасар жігіт Ақтөбе қаласындағы ҰҚК-нің ғимаратының кіре берісінде өзін-өзі жарып жіберді. Ресми билік әуеліде оны «қылмыстық топтың мүшесі» деп айтқанымен, артынан оны «дәстүрлі емес Ислам» ағымының мүшесі деп мәлімдеуге мәжбүр болды. Қазақстандық басылымдар болса осы кезде ақтөбелік жанкештілердің Дағыстандағы террорлық топтарға қатысы барлығы туралы ақпараттарды таратып жатты.
Ақтөбедегі жарылыс жалғыз болған жоқ. 2011 жылдың 1 маусымында Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында екі полицейді әсіре діншілдер атып өлтірген. Оларды тоқтатауға барған арнайы «Арлан» жасағының бір сарбазы сол жерде оққа ұшып, үшеуі тағы жараланды. Оларға қосымша күш ретінде «Сұңқар» арнайы жасағы жұмылдырылды. Ақырғы атыста діншілдердің біреуін ғана тірідей тұтқындап, тоғызын атып өлтірді. Қазақстанның БАҚ-ы оларды «салафилер» деп атай бастады деп жазады мақала авторы.
Ақтөбедегі жарылыстан кейінгі көрініс. 17 мамыр 2011 жыл
Атыраудан бірнеше шақырым жердегі ауылда және бір терроршы атыс кезінде қаза болды. Оның үйін тінтігенде бомба жасайтын заттар мен қауіпті діни әдебиеттер табылды. Қыркүйек айында Атыраудың облыстық сотының баспасөз хатшысы өлген содырға қатысы бар тағы да 24 адамның тұтқындалғанын ресми түрде хабарлады. Бұл ұйымдасқан топ мүшелерінің БТА банкі арқылы Ауғанстан мен Пәкістаннан қаржылай көмек алып тұрғаны және олардың біреуінің ағасы Пәкістанда тұратыны хабарланды.
Қолдарына қару ұстаған, беттеріне
маска киген содырлар қыркүйек айында
өздерін Джунд әл-Халифат
Оның артынша Атырауда қыркүйектің 31-і әкімшілік ғимаратының жанында екі бомба тағы да жарылды. Бұл жарылысты да Джунд әл-Халифат ұйымы біз жасадық деп мойнына алды. Олар «Бұл әлі ескерту. Біз жаппай қан төгуді мақсат тұтқан жоқпыз. Егер талабымыз орындалмаса жалғаса береді» деп қорқытқан.
Бұл ұйымның жетекшілерінің өздері таратқан мәліметтері бойынша Джунд әл-Халифаттың 90 пайыз мүшелері – қазақстандықтар. Олардың көпшілігі Ауғанстанда дайындалып жатыр.
Тараздағы жанкештінің шабуылы кезінде қаза тапқан адамның мүрдесі. 12 қараша 2011 жыл
Мақаланың авторы соңғы кезде болған терактілердің ішінде Тараз оқиғасына ерекше тоқталған. Қарашаның 12-інде Мақсат Кариев есімді жас жігіт өзін аңдып жүрген екі қауіпсіздік қызметкерін атып өлтіріп, қаруларын алып кеткен. Сосын аңшылар дүкенін тонап, екі кісіні атып өлтіріп, РПГ-26 гранатометімен ҰҚК-нің ғимаратына оқ атқан. Одан бөлек тағы да екі полицейді атып өлтіріп, ақырында өзін-өзі жарып жіберді. Бұл атысты да Джунд әл-Халифат ұйымы өз мойнына алып, «Ислам дініне кедергі көбейе беретін болса, біз осылай жасай береміз» деген ескертуін тағы қайталады. Олардың негізгі талабы – Қазақстан парламенті жақында қабылдаған дін туралы заңды өзгерту.
Ресей болса Орталық Азиядағы террорлық актілерді жою үшін бірнеше мәрте жаттығулар өткізіп, көмек бермекші де болған. Кремль Орталық Азиядағы тыныштыққа кепіл болғысы келеді. Тәжікстан мен Қырғызстан өз жеріне Ресей әскерін кіргізбеуге тырысып-ақ жатыр. Алайда содырлар соққысы сырттан күшейе беретін болса, амал жоқ келісуге тура келеді деп пайымдайды мақала авторы.
Тіпті Ресей қолдағанның өзінде Орталық Азия елдеріне Ауғанстанмен шектесетін шекараларын қорғау үшін біраз күресуге тура келеді. Қалай болғанда да Орталық Азия елдерінің ішкі мәселелеріне Ресейдің араласуы содырлардың Кавказдағы жақтастарынан жәрдем іздеуіне апарып соғады. Онда олар Мәскеуге қарсы соғыстарын жалғастыра түсу үшін Ауғанстандағы мүдделестерін тез арада тауып алуы мүмкін деп болжайды басылым тілшісі.
Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде ретінде қабылданды.
Терроризм қауіп-қатеріне
қарсы бағытталған негізгі қадамдар
Дегенмен, аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда террористік және экстремистік іс-әркеттерді анықтау және оның жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерді жасау және жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 1999 жылғы шілдеде республикада терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншіктік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтын «Терроризмге қарсы күрес туралы» заң қабылданды.
2003 жылғы желтоқсанда
Президенттің жарлығымен
2006 жылғы қазанда ҚР Бас Прокурорының мәлімдемесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотымен келесі халықаралық ұйымдар террористік деп танылып, олардың Қазақстан территориясындағы қызметіне тыйым салынды:
1. «Әл-Каеда»;
2. «Шығыс Түркістан ислам партиясы»;
3. «Күрд халықтық конгресі»;
4. «Өзбекістан ислам қозғалысы»;
5. «Әсбат-әл-Ансар»;
6. «Мұсылман бауырлары»;
7. «Талибан» қозғалысы»;
8. «Боз Кұрт»;
9. «Орталық Азия моджахедтер жамағаты»;
10. «Лашқар-и-Тәйба»;
11. «Әлеуметтік реформалар қоғамы».
Кейін Астана қаласы сотының шешімімен сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир-әл-ислами», «Аум Синрике» және Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы ұйымдарының қызметіне тыйым салынды.
Көріп отырғанымыздай, аталмыш «қара тізімге» енгізілген барлық ұйымдар халықаралық террористік құрылымдар болып табылады, олардың қызметі көбінесе Қазақстанның айналасына, көрші елдерге қарсы бағытталған болатын. Бұл жағдай олардың бізден гөрі сыртқы елдерге төніп тұрған қауіп-қатер екенін растағандай болды.
Осы тұрғыда Қазақстан ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытты және дамытып келеді.
Бұлыңғыр елес пе әлде сұмдықтың сұлбасы ма?
Соңғы уақытқа дейін терроризм қоғамның күн тәртібінде алыстағы қауіп-қатердің бір бұлыңғыр елесі сияқты қабылданып келді.
Алайда өткен жылдың мынадай оқиғалары:
- 2010 жылғы маусымда болған
Маңғыстау облысында қатаң
- Солтүстік Кавказда террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысты күдікпен Қазақстан азаматтарының Ресей аумағында қолға түсуі.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың басындағы мынадай оқиғалар:
- биылғы жылғы сәуірде
өткізілген ІІМ «Сұңқар»
- Қазақстан азаматтарының РФ-ның Оңтүстік өңірі аумағындағы террористік іс-әрекеттерге қатысуының жаңа фактілері;
- 17 мамырдағы Ақтөбе облысы
бойынша ҰҚКД ғимаратында
- 24 мамырда Астана ҰҚКД уақытша ұстау изоляторы ғимаратының жанында автокөліктің жарылуы. Жарылыс затының іске қосылуына байланысты машинада болған екі адам сол жерде жан тапсырған.
Аталған оқиғалар қоғам ішінде алаңдаушылық туғызды және де бұл жағдай құзыретті органдар тарапынан дер кезіндегі толық және объективті ақпарат болмауынан ушыға түсті. Қоғам назарына бұрын іліге бермейтін «телефондық терроризм» оқиғаларының өзі де бұрынғыдай емес ерекше әсермен қабылданатын болды.
Осылайша, Ақтөбе мен Астанадағы
жарылыстардың қалайша
- Қазақстан азаматтарының
басқа елдердің жерінде
- Біздің еліміздің аумағында
да экстремистік және
Қазақстанда террористік қауіп-қатердің үдей түсу кезеңдері
Шын мәнісінде, терроризм көріністері Қазақстанда бұрын да орын алған болатын. Осы ретте кейбір зерттеушілер 1992 жылғы ақпанда Шымкент қаласының әуежайында кепілге адам алумен байланысты оқиғаларды қарастырады. Басқалар 2000 жылы Алматының орталығында қарулы экстремистік топтың мүшелерін жойып жіберу мысалын келтіреді. Бірақ бұлар терроризмнің жекелеген, жергілікті көріністері болатын және де бұл әрекеттер көбінесе криминалды сипатта еді.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда террористік қауіп-қатердің үдеу түсуінің шартты түрде үш кезеңін бөліп айтуға болады:
1. «Қашқын террористер»
(90-жылдардың соңы – 2000-жылдардың басы)
Он жыл бұрын Қазақстан үшін терроризм проблемасы көбінесе республика аумағында қашқын террористердің, яғни террористік іс-әрекеті және заңсыз әскери құрылымдарға қатысқаны үшін басқа мемлекеттің азаматтарының бізде елде жасырынуымен байланысты болды.
Мәселен, 2000-2004 жылдары Қазақстанның құқық қорғау органдары террористік іс-әрекеті үшін біздің еліміздің аумағына келіп жасырынған Өзбекстанның сегіз азаматын ұстап, өзбек жағына берді.
2004-2005 жылдары Қазақстанның
аумағында 11 адам ұсталып, Ресейге,
Өзбекстанға және бірқатар
2006 жылы Қазақстанда терроризмге
қатысы бар деген 13 адам ұсталды.
Қылмыскерлердің көпшілігі –
Ресей, Өзбекістан, Түркия және
Қытай азаматтары. (http://studies.agentura.ru/
2. «Сырттан келіп арбау кезеңі»
(2000-жылдардың басы мен ортасы)
Бұл кезеңде Қазақстан азаматтарының іргелес елдердің де, алыс шетелдердің де аумақтарындағы террористік іс-әрекетке тартылу оқиғаларының жиілеуі байқалады. Ең шулы оқиға – Өзбекстандағы 2004 жылы террористік акцияларды ұйымдастырған «Орталық Азия моджахедтер жамағаты» террористік тобының әшкереленуі. Аталған топқа Қазақстан азаматтары да кірген, олар өз пікірлері бойынша көбінесе «мұсылмандардың құқықтарын аяққа басқан Өзбекстанның билігіне қарсы» қылмыстық әрекет еткен.
Сондай-ақ Қазақстан азаматтары Ауғанстан және бірқатар басқа елдердің аумақтарында заңсыз әскери құрылымдардың іс-әрекетіне қатысқан сияқты деген ақпарат кеңінен тарады. Мәселен, Гуантанамо түрмесінің тұтқындарының бірі Қазақстан азаматы болып шықты. Сондықтан 2005 жылы белгілі американдық «Ұлттық барлау кеңесі» үкіметтік емес ұйымы «Болашақ жаһандық карта» деп аталатын талдамалы-болжамдық баяндамасын жария етіп, онда Қазақстан Ресеймен, Әзірбайжанмен және Түркменстанмен қатар радикалды топтар орын тепкен және арнаулы дайындықтан өткен әрі лаңкестік әрекеттер жасаудың тәжірибесі бар «джихадтың кәсіби жауынгерлері» тұратын өңірлерге жатқызылды. Басқаша айтқанда, терроризмнің қауіп-қатеріне аз ұшыраған ел деп саналатын біздің еліміз осы кезеңде әртүрлі сараптама мәліметтерінде атала бастады.
3. «Жергілікті немесе «өзіміздің террористер»
(2000 жылдардың аяғынан бастап)
Бұл кезең бір жағынан Қазақстан азаматтарының басқа елдердің аумағында террористік іс-әрекеттерге қатысу жағдайының жиі кездесуімен сипатталады.
Мысалы, 2009 жылдың шілде айында
Дағыстанда жүргізілген арнайы операция
кезінде сегіз террорист
2009 жылдың 19 шілдесінде қырғыз
қауіпсіздік қорғау қызметтері
Бішкекте және елдің
2010 жылдың 19 қыркүйегінде
тәжік қарулы күштері
2011 жылдың 19 қаңтарында Қазақстанның
Сыртқы істер министрлігі
2011 жылдың ақпанында Махачкалада
Қазақстанның азаматтары болып
табылатын – 1989 жылы туылған,
Альберт Әбдікәрімов және 1990 жылы
туылған Райынбек Ержанов
Және осы кезеңде, екінші жағынан, біздің еліміздің аумағында террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға талпыныстар көріне бастады. Бұл жөнінде мына кесте куәландырады.
Еліміздің аумағында террористік іс-әрекетке байланысты қылмыс жасағаны үшін тұтқындалған және сотталған адамдар саны
2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009*** 2010 2011І-тоқcан
Жауапкершілікке тартылған адамдар саны 116 220 66 333 114 222 224 331 7
* 2009 жылдан бастап –
Қазақстан Республикасы ҚК-ның
төмендегі баптары бойынша
168 бабы – билікті зорлықпен басып алу
233 бабы – Терроризм
233-1 бабы – Терроризмді
насихаттау және терроризм
233-2 бабы – Террористік топты құру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу
Сондықтан да Ақтөбе мен Астанадағы соңғы оқиғалардың террористік астары расталатыны немесе расталмайтынына қарамастан, елімізде терроризм қауіп-қатері күшейіп келе жатқанын мойындауға тура келеді. 2010 жылы қыркүйекте «??????.info» экстремистік сайттардың бірінде қазақстандық полиция қызметкерлеріне қарсы жиһад туралы аталмыш үндеу жарияланып, ол жай ғана «қарсыласуға» емес, топтық қарулы шабуылды ұйымдастыруға шақыру мазмұнында болды. Бұл сайтта құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы терактілер қалай ұйымдастырылуы керек екендігін экстремизмнің идеологтары толық және егжей-тегжейлі түсіндірген. Мүмкін қазақстандық құқық қорғау органдарында бұл материалдарға және сайттардың өздеріне айтарлықтай мән бермеген болар. Бұл сайттардың бірден жабылмағандығы біздің жорамалды растайтын сияқты. Тек Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардан бір ай өткеннен кейін барып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мазмұны терроризм мен экстремизмді насихаттау мен оны жақтауға тыйымды бұзған 15 шетелдік сайттардың анықталғанын жариялады. Олардың Қазақстан Республикасы аумағында таралуы сот жүзінде заңсыз деп табылып және қазақстандық тұтынушылардың материалдарға қол жетімділігін шектеу бойынша шаралар қолданды.
Кездейсоқ жарылыстар ма әлде қауіпсіздік қорғау құрылымдарына
қарсы мақсатты түрде шабуыл ма?
Көптеген сарапшылар Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың арнаулы қызмет ғимараттары – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болғандығына бірден назар аударды. Бірінші жағдайда жарылыс облыстық департамент ғимаратында, екіншісі – уақытша тергеу изоляторы кіре берісінің алдында болған. Әрине, тек екі фактіге негізделіп, қандай да бір байланыс пен заңдылық жөнінде кесіп айту қиын. Әзірге сарапшылар тек қосымша дәлелдерді келтіреді, соның ішінде, екі жарылыс арасындағы мерзімнің қысқалығы мен жарылыс болған объектілердің өзі. Одан өзге елдердегі осындай жағдайларға қарағанда Ақтөбе мен Астанада болған жарылыстардан кейін ешқандай да ұйым өзіне жауапкершілікті алмағандығын атап өту керек. Ал анонимді теракт – бұл нонсенс, өйткені кез-келген теракт әдетте әуел бастан-ақ кеңінен ақпараттық және қоғамдық резонанс тудыруға бағытталатынын атап өту қажет. Сондықтан да Ақтөбе мен Астанадағы оқиғаларды бір тізбекте немесе қандай да бір жоспарға сәйкес арнайы акциялардың сериясы ретінде қарастыру асығыстық болар еді.
Алайда құқық қорғау органдарына
қарсы мақсатты түрде шабуыл жасау
– террористік топтардың
Айталық, 2009 жылы Ингушетияда
4 теракт болса, оның 3-і құқық қорғау
ведомстволарына қарсы
Дағыстанда 2009 жылы 9 теракт орын алған, оның 8-і құқық қорғау органдарына қарсы. Ал 2010 жылдың қаңтар-қазанында 8 терактілер орын алды, олардың 5-і қарулы күштерге қатысты болған және барлығын – террорист-жанкештілер іске асырған (РИА Новости Ақпарат агенттігі, 24.10.10ж.,).
Бірақ осындай іс-әрекеттер тек Кавказға ғана тән емес, ұқсас тактика бірқатар Орталық Азия елдерінде де де байқалады.
Мәселен, 2010 жылдың 3 қазанында
Худжанд қаласында Тәжікстанның
ІІМ өңірлік басқарма ғимаратында
террорист-жанкешті өз-өзін жарып жіберді
(«Вести» порталы, 03.09.10ж., http://www.vesti.ru/doc.html?
2010 жылдың 30 қарашасында
Бішкекте былтырғы жылдың
2010 жылдың 25 желтоқсанында Бішкекте
қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында
30 қарашада жарылғанға ұқсас бомба залалсыздандырылды
(http://www.newsru.com, интернет-сайт, 25.10.10ж., http://www.newsru.com/world/
2011 жылғы 5 қаңтарда Бішкекте
төлқұжаттарды жоспарлы
Сондықтан сарапшылардың «қауіпсіздік қорғау органдарына» қарсы арнайы бағытталуы мүмкін бүгінгі террористік белсенділік тактикасына назар аударуы кездейсоқтық емес. Олардың пікірінше, мұндай іс-әрекеттер бірнеше мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, бұл қауіпсіздік қорғау ведомстволарының беделін түсіруге бағытталған, сөйтіп олар қоғамдық пікірде тіпті өздерінің объектілері мен қызметкерлерін қорғай алмайтындай болып қылып көрсету.
Екіншіден, жемқорлыққа қарсы белсенді күрес – жол және қаржы полициясы, кеден органдарының, прокуратура қызметкерлерінің біліксіздігі мен жемқорлығының көптеген оқиғаларының БАҚ-нда кеңінен жариялануын ескерсек, теракт объектілерін қауіпсіздік қорғау ведомстволары арасынан таңдау қоғам тарапынан жаппай айыптау тудырмай, тіпті кейбір адамдар тарапынан мұндай әрекет аяушылық пен құптау тудыруы да мүмкін.
Үшіншіден, Солтүстік Кавказ және басқа террористік іс-әрекет ошақтарының тәжірибесінен көретініміз, құқық қорғау органдарына арнайы қарсы әрекеттерді ұйымдастыру, нәтижесінде қауіпсіздік жүйесін ғана емес, жалпы билік жүйесін әлсіретуге ықпалын тигізу мүмкін.
Қарсы іс-әрекеттер
Егер бүгінгі террористік белсенділік жоспарлы сипатта болатындығы туралы сарапшылардың тұжырымы дұрыс болса, онда террористік қауіп-қатердің артуына жол бермеу мақсатында арнайы кешенді іс-шаралар қолдану қажет.
- террористік қауіп-қатерлердің алдын алу түрлері мен әдістерін жетілдіру қажет. Бұған дейін терроризм қаупі болуы ықтимал құбылыс ретінде қарастырылып келсе, ал бүгінде арнаулы қызметтерге шынайы жағдайда терроризммен күресте практикалық тәжірибесі мен дағдыларын шыңдау қажет.
- стратегиялық
инфрақұрылым объектілерін (мұнай-газ
құбырлары, су-жылумен қамту
- уақытылы және білікті түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жүйені ретке келтіруге ерекше назар аудару қажет. Себебі объективті, уақытылы және теңгерімді ақпарат беру түрлі деңгейдегі қауесеттердің орын алуына және басқа да арандатушылыққа жол бермеуге мүмкіндік береді.
Бірақ, ең бастысы терроризм
қаупі тек мемлекеттің
Алайда қандай-да бір басқа
құбылыс секілді терроризмнің де
пайда болуына себептердің
Біріншіден, әлеуметтік депрессия факторы, әлеуметтік мобильділік каналдарының және лифтілерінің жоқ болуы. Қоғамның маргиналдануы, сонымен қатар байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық шарықтау шегіне жеткенде әлеуметтік қарсылықтар туындайды, олардың бір түрі терактілер болуы мүмкін.
Екіншіден, идеологиялық саладағы мемлекеттік саясат тиімділігінің төмендігі, соның ішінде діни және этносаралық салада, тіл және дін саясатын жүргізудегі формализм. Діни істер бойынша арнайы агенттіктің де құрылуы осы салада жүйелі іс-әрекеттердің қажеттілігін биліктің де мойындап отырғанын көрсетке керек.
Үшіншіден, терроризм жағдайына
шекаралас мемлекеттердегі «
Ұлттық қауіпсіздік диллемасы
Жыл сайын терроризм индексін
жариялап отыратын, «Maple Croft» британ
компаниясының мәліметтері
Осындай жіктеу бойынша Қазақстан терроризм қаупі төмен елдер қатарына жатады және көптеген еуропалық елдермен бір деңгейде орналасқан. Ал Ұлыбритания, Франция, Испания және АҚШ секілді елдерде қауіп-қатер деңгейі айтарлықтай жоғары. Сондықтан, терроризм ортақ қауіп-қатер.
Сонымен бірге терроризм қаупін дұрыс бағаламай, оны елемей және жекелей алынған елде қауіптің өзін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ терроризмді асыра бағалауға да болмайды, қоғамда дүрбелең салып және үрей мен қорқыныш ұялатып, қоғамдық резонанс әсерін күшейту арқылы террористерге қолдау көрсетуге болмайды, себебі кез-келген теракт ең алдымен, кең ақпараттық әсерге есептелген. Осындай теңгерімді ұстап тұру қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірақ, ең бастысы – терроризм, экстремизм сияқты қауіп-қатерге төтеп беріп, тиімді қарсы тұрудың ең басты шарты – ол қоғам мен биліктің өзара келісімі, ұлттық бірлік. Осы зұлымдықпен ондаған жылдар бойы күресіп келе жатқан басқа елдердің тәжіриебесін зерттеп қарасақ, бірден байқайтынымыз – бірлігін шайқалтып, нешеме себептермен іштей бөлініп, жіктеліп отырған қоғам, ел, мемлекет ғана осы қауіптің құрбанына айналуы ықтимал. Сондықтан, осы да, басқа да қазіргі заманның сынақтары мен қатерлеріне қарсы тұру үшін – ең алдымен, қоғамның жіктелуіне, бөлінуіне жол бермеу керек.
Терроризм в Казахстане возник не на пустом месте
Тому есть несколько причин, и самая главная — в регионе уже складывается собственная террористическая инфраструктура.
В одной лодке
Все более или менее серьёзные разговоры о террористических угрозах для Казахстана невозможно вести в отрыве от текущей обстановки во всей Центральной Азии: ведь именно из соседних государств ещё в начале 1990-х на территорию нашей республики стали проникать эмиссары экстремистских организаций — таких, например, как «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» (ХУТ). То есть, хотим ты того или нет, но с точки зрения экстремистской и террористической опасности все страны регионы находятся в одной лодке. Более того, анализ существующих тенденций позволяет предположить, что в ближайшие несколько лет Центральная Азия может стать основной мишенью для террористического интернационала.
Тому есть несколько причин,
и самая главная — в регионе
уже складывается собственная террористическая
инфраструктура. Можно предположить,
что повышение террористических
рисков для региона в целом
и для Казахстана в частности
вполне реально после 2014 года, когда
(и если) США серьёзно сократят своё
военное присутствие в
При слабости центрального афганского руководства это приведёт к усилению Талибана, на стороне которого воюют и граждане стран Центральной Азии, чьё возвращение на родину может дестабилизировать ситуацию во всём регионе.
На неформальном саммите
ОДКБ в Астане в этом году казахстанская
сторона уже поднимала
Террористический интернационал
Сегодня в Центральной Азии действует немало иностранных и доморощенных экстремистских организаций. Это и «Братья-мусульмане», которые работают через сеть своих организаций — как, к примеру, «Общество социальных реформ», которое запрещено в России и чей филиал несколько лет назад случайно был обнаружен на юге Казахстана. Далее по списку: «Комитет мусульман Азии», «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» (ХУТ), «Джамаат Таблиги», «Адолат Уюшмаси», «Восточно-Туркестанская исламская партия», «Центр исламского развития», «Исламское движение Туркестана» (самая известная из всех центральноазиатских террористических организаций, созданная на базеИсламского движения Узбекистана — ИДУ), «Товба» и другие.

- Қазақстандағы туризмнің дамуы
- Қазақстандағы уран өндіріс орындары
- Қазақстандағы ұлт аралық қатынастар
- Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу ерекшеліктері
- Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер
- Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер
- Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер
- Қазақстандағы православие
- қазақстандағы сақтандыру компаниялары
- Қазақстандағы салық жүйесі
- Қазақстандағы саяси мәдениет
- Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы
- Қазақстандағы сот жүйесi
- Қазақстандағы табиғатты қорғау ұйымдары