Қазақстандағы жекешелендіру процесі. 2
Қазақстандағы
жекешелендіру процесі
Қазақстан Республикасында
мемлекет иелігінен алу мен
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік меншік
реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі
– 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті
мемлекеттік орган –
1991 жылдан бастап
мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін қамтамасыз ету
Жоғарыда айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақ ССР Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама – 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.
Келесі кезеңде 1993
жылы наурызда қабылданған «1993-1995 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасында
мемлекет иелігінен алу мен
1996 жылы ақпанда
бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасында
1999-2000 жылдарға арналған
жекешелендіру және
Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.
2000 жылдан бастап
республикамызда жүргізіліп
2000 жылдан бастап
қазіргі күнге дейін Қазақстан
Республикасында мемлекеттік
Мемлекеттік мүлікті
басқару және жекешелендіру мәселелері
жөніндегі бағдарламалық, заң актілерін
қабылдау осы процестерді реттейтін
заңнамалық нормативтік құжаттардың
бірқатар комплексін әзірлеу арқылы
жүргізілді. Жоғарыда айтылғандар Қазақстан
Республикасында мемлекеттік мүлікті
басқару мен оны жекешелендіру мәселелері
ең басынан бастап уақыт шындықтары мен
елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын
ескере отырып республика дамуының стратегиялық
жоспарларына сәйкес тексерілген негізді,
кешенді концептуалды, бағдарламалық,
заңдық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз
етуі бар екендігіне сену үшін негіз береді.
Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке обьект және жеке ұжымдық (ұжымдық – топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымырластыра алады.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.
Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.
Өтпелі экономика
кезіндегі мемлекеттік
Экономикалық әдебиеттерде
мына екі терминді: «мемлекеттен алу»
мен «жекешелендіруді» бір-
Ал «жекешелендіру» мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендірудің мақсаты:
- өтпелілік мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;
- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық
құрылымдарға мемлекеттік бюджеттітолтыру үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
- «қатаң» вариантты
жекешелендіруді қарқынды
- «жұмсақ» вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу.
Жекешелендіру – мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропа және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ- та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономикаға түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.
Дамыған елдерде
жекешелендіру негізінен
АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.
Венгрияда кәсіпорындарды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылад.
Чехославакияда шағын кәсілорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірді. Сондай – ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатп алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.
Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты – мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль болды. Иегелері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600 – дей жекешелендіру қорының кез келген салуға мүмкіндік жасады.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехославакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын – үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді ) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120 – дай болды.
Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек қана оны инвестициялық қорына сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.
Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамда, акционерлік қоғам – шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 процентін мемлекетке жатты.
Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі акционерлік қоғамға қатысуы айтырлықтай нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде, « үшінші әлем» дамушы елдерінде «жұмсақ жекешелендіру» варианты қолданылды. Бұл вариант – Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Мексика, Туркия, сондай – ақ жаңа индустриалды екі елде – Оңтүстік Корея мен Тайванда қолданылды.
«Жұмсақ» жекешелендір ерекшелігі сол, бұл вариантта мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген. Бұл іс – шаралар мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы жүзеге асады.
Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік – акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.
Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті жекешелендіру мемлекеттік меншіктің монполиялық жағдайын бұзумен экономикаға нарықтық сыйпат беріп қоймай, сондай – ақ, экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жетіду көздейді:
- ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;
- мемлекеттік субсидияны
тарту есебінен мемлекеттік
- бәсекелестік нарықтық орта жасау.
Жекешелендіру дегеніміз – кең мағынасында алғанда, мемлекеттің экономикаға араласу процесін тұқырту, тікелей өнім өндірушіердің шаруашылық және технологияық бастамасына кең өріс ашу, жеке (мемлекеттік емес) секторларды дамыту саясатын жүргізу. Осы тұрғыдан түсіндіргенде жекешелендіру экономиканы мемлекет қарамағынан алу дегенге келіп саяды. Тар және кең ұғымды алатын болсақ, жекешелендіру мемлекеттік мүліктің қожайынының ауысуы, мемлекеттің қолындағы және шаруашылық мақсатқа пайдаланып жүрген мүліктерді жеке адамдарға немесе олардың бірлестіктеріне сату (кейде беру) деген ұғымды білдіреді.
Жекешелендірудің негізгі мақсаты – бір орталықтан жоспарланатын экономикадан нарықтық экономикаға көшуіне қажетті жағдайлар жасау болып табылаы. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мына төмендегі міндеттерді шешу қажет болады:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу, мемлекеттің меншігіндегі обьектілерді шағын және жаппай жекешелендіру арқылы бағытталған шаруашылық құрылымдарды рынокқа сәйкес қалыптастыруды жеделдету;
- шаруашылық жүргізуші субьект ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
- бәсекелестік ортаны құру және өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
- ірі және бірегей шаруашылық обьектілерін қайта құруды дербес жобалау арқылы іске асыру;
- жеке бизнестің
артықшылығын және шетелдік
- құнды қағаздар рыногы ретінде инвестициялық құрылымдар жүйелерін нығайту және дамыту.
Жекешелендіру процесі
мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен
тұратын күрделі жүйе болып табылады.
Оның құрамына шаруашылықты басқарудың
демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін
шектеу, жекеменшіккапиталын
Жекешелендіру жүргізген
кезде республика экономикасының ерекшеліктерін
ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің
шикізаттық қоры, ауырмашина өндірістің
сырттан әкелінетің шикізат пен
материалдарға байланысты әндірістік
қаражат инжрақұрылымдарының

- Қазақстандағы жекешелендіру процесі
- Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
- Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
- Қазақстандағы жұмыссыздық
- Қазақстандағы жұмыссыздық
- Қазақстандағы жұмыссыздық
- Қазақстандағы жұмыссыздық
- Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері
- Қазақстандағы жалпы экологиялық мәселелерді
- Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
- Қазақстандағы жаңа экономикалық модель
- Қазақстандағы жастар саясаты
- Қазақстандағы жауынгерлердің майдандагы ерлігі
- Қазақстандағы және БҚО деструктивті діни ағымдар